Республикалық телеарналар және олардағы авторлық телебағдарламалар әлеуеті


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Республикалық телеарналар және олардағы а вторлық телебағдарламалар әлеуеті

Дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-6

І. Республикалық телеарналар және олардағы а вторлық телебағдарламалар әлеуеті . . . 7-28

  1. Республикалық телеарналар мен телебағдарламалар және олардың даму эволюциясы . . . 7-14
  2. Телебағдарламалардың мазмұндық және жанрлық сипаттары . . . 14-23
  3. Қазақстандық және шетелдік телеарналардағы рейтингі жоғары авторлық бағдарламалар: ұқсастықтары мен айырмашылықтары . . . 23-28

ІІ. Отандық авторлық бағдарламалардың ақпараттық кеңістігі . . . 28-58

2. 1 Авторлық телебағдарламаларды тарату және Қазақстандағы ақпарат нарығы . . . 28-39

2. 2 Авторлық телебағдарламаларды дайындау процесі (тақырып таңдау, сценарий дайындау, жүргізуші рөлі) . . . 40-48

2. 3 Телеарнадағы авторлық бағдарламалардың берілу тәсілі, обьективтілігі

көтеретін жүгі . . . 48-58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59-62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63-64

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы - студенттің ізденуі арқылы жүзеге асатын дүние. Диплом жұмысына арқау болған тақырыбымның жан-жақты зерттелу аясын теория мен тәжірибенің ұштастырылуы арқылы ашуды жөн санадым. Бұл зерделеніп отырған тақырыпты жіті түсінуге мүмкіндік береді.

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде жаһанды ақпарат нарығы билеп отыр. «Кім ақпараттан құлағдар, сол әлемнің қожасы» деген сөздің түп-төркінінің қайдан шыққаны белгілі. Қоғамды жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз етіп отырған Бұқаралық ақпарат құралдарының жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы, оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Осы тұрғыдан алғанда «Авторлық телебағдарламалардың жасалу технологиясы» атты зерттеу жұмысымның тақырыбы өзекті екені сөзсіз. Себебі, телевизия басқа Бұқаралық ақпарат құралдарының арасында қоғамның ерекше назарындағы ақпарат саласы. Телеарнаның негізгі қызметі - идеологиялық ықпалында жатыр десек, зерттеу жұмысымыздың «Авторлық телебағдарламалардың жасалу технологиясы» деп аталуы бекер емес. Қазіргі кезде көрермен сұранысының өсуі, телеарналар санының артуы, техниканың жаңашылдығы жоғарылаған сайын телебағдарламалардың да жасалу технологиясы мен берілу формасы да өзгеріп, даму үстінде. Журналистика саласын сөз еткенде аталмыш тақырыпты аттап өту мүмкін емес.

Зерттеу жұмысының нысаны. Әр кезеңнің өз талабы болатынын ескерсек, телевидение саласындағы авторлық телебағдарламалар өзінің тура мағынасындағы уақыт үні іспетті. Ел өмірінің елеулі кезеңіндегі толып жатқан өзгерістер аумағында көрермен талабы мен талғамы да айтарлықтай өзгерді. Соның нәтижесінде арналардағы телебағдарламалардың жұмыс процесі, оны жүзеге асырудың кәсіби принциптері де жаңаша сипат алып, өзгеше мән-мазмұнға ие болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «БАҚ халықтың үні ретінде сөйлейтін болсын, халыққа жақ, санаға сақ болсын» деген тұжырымы журналистиканың жаңаша жұмыс тәсіліндегі негізгі қағидаға ұласты [1] .

Жылдар бойы қатып-семіп қалған енжар ережелерді бүгінгі күннің тыныс-тіршілігіндегі батыл шешімдер алмастырды. Зерттеу жұмысымның нысаны - авторлық телебағдарламалардың жасалу технологиясы. Авторлық телебағдарламалардағы бастапқы этаптар (авторлық телебағдарламалардың қалыптасуы, отандық және шетелдік арналардағы авторлық телебағдарламалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сараптама, сценарийдің жазылуы, тележурналистика жанрларының авторлық телебағдарламаларда көрінісі табуы және автор әрі жүргізушінің шеберлігі мен рөлі) турасындағы зерттеулер жұмысыма арқау болады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Телевидение саласындағы авторлық телебағдарламалардың орны мен рөлі ерекше. Отандық телеарналарда авторлық телебағдарламаларға деген сұраныстың артуы осының айғағы. Журналистиканың басты қызметіне халықты ақпаратпен қамтамасыз ету әрі қоғамдық пікір туғызуын жатқызамыз. Ал біздің зерттеу жұмысымыздың басты өзегіне айналған «авторлық телебағдарламалар» аталған екі функцияны қатар атқарады. Көгілдір экрандағы белгілі бір тұлғаның немесе топтың авторлығымен шыққан авторлық бағдарламалар дегеніміз не? Аталмыш бағдарлама қалай жасалады? Оның қоғамдағы рөлі қандай? деген сауалдарды зерттеу жұмысыма негіз ете отырып, зерттеудің басты мақсатын айқындау. Ал міндеттері төмендегідей:

• Еліміздегі авторлық телебағдарламалардың даму эволюциясын анықтау;

• Авторлық телебағдарламалардың жанрлық ерекшеліктерін пайымдау;

• Телеарналардағы авторлық бағдарламаларға анализ жасау;

• Авторлық телебағдарлама авторының алғашқы қадамы мен жүргізушінің шеберлігін анықтау;

• Студенттің жеке шығармашылығындағы авторлық телетуындыға сипаттама беру;

Жұмыстың жаңашылдығы. Барлық ақпарат тарату құралдары ішіндегі кенжесі деп есептелінетін телевидение саласында зерттелмеген тың тақырыптар көп. Зерртеу жұмысы барысында біз авторлық телебағдарламалардың жасалу технологиясын осы салада әбден төселген сценарий авторлары мен жүргізушілердің кеңестерін назарға ала отырып, авторлық бағдарламаны қалай сәтті шығаруға болады деген сауалға жауап іздедік. Көрермен көзіне көп іліге бермейтін кадр сыртындағы бағдарлама алды дайындықтар дәлірек айтқанда, бағдарламаның жасалу жолдары мен еліміз бен шетелдегі авторлық туындылар қалай жүзеге асады деген мәселелердің шешімін табамыз. Ал жұмыстың жаңашылдығы телевизия саласында көп зерттеле қоймаған тың тақырыптың алынуы.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Эфирдегі хабарларды зерттеу барысында біз теория мен практикалық жұмысты бір арнаға тоғыстырдық. Қандай да бір хабарды зерттеу үшін оның телевизиялық нұсқасын көру керек. Ал көру үшін оның тарихы мен шығармашылық және техникалық топ атқаратын жұмысын бес саусақтай білу керек.

Практика жүзінде көрген-білгенімізді зерттеушілер еңбегімен, мұрағат материалдарымен толықтыра отырып, теория жүзінде пайдаландық. Теорияны тәжірибемен ұштастырмай ешқандай биік нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес.

Зерттеу барысында көз жеткізгендей, авторлық телебағдарламалардың бастауы автордың ұсынған идеясының өзектілігінен бері қарай, түсірілген дүниені өңдейтін қызметкерге дейінгі аралықты қамтитын үлкен ұжымдық еңбектің арқасында ғана сәтті туынды пайда болатынын ұғындық. Авторлық телешоуымен аты әлемге танылған Опра Уинфридің, бірнеше тілді меңгеріп авторлық бағдарламасына әлемдік деңгейдегі тұлғаларды басты кейіпкері болатын Владимир Познерді де алатын болсақ, екеуіде алғаш телевизия саласының бірнеше сатысынан өтіп, яғни үлкен тәжірибе қорын жинап қана аталған авторлық телебағдарламаларын жүзеге асырғандығын көреміз. Бұл біздің жоғары да келтірген теория тәжірибемен ұштаспай, өзінің нәтижесін бермейді деген сөзімізге дәлел болады.

Зерттеудің нәтижелері төмендегідей. Кеңестік қызыл империяның күйреуі, саяси-экономикалық сілкіністер, қоғамдық-экономикалық қатынастардың өзгеруі, хабарлардың идеясын өзгертіп, мазмұнын жаңартса да, түрі, мақсаты өзгермек емес, ол - ел қамы, азаттық туының абыройы әрі ұлттық мүдде. «Біздің халық құрғақ, нақты сөзден гөрі көркем сөзді нақтырақ түсінеді, тез қабылдайды. Бұл ақылгөйшілік емес, қазақ журналистері өз азаматтық позициясын, өз төрелігін айта алады. Ол одан қоғамдық тұлғаны тәрбиелеп шығарады» деген еді еліміздегі тұңғыш БАҚ мәселелерін зерттейтін Журналистика институтының директоры Намазалы Омашев. Сондықтан да, өз ойы, пікірі, азаматтық ұстанымы бар еліміздің телеарналарында жас буын қалыптасып, авторлық телетуындыларын көрермен назарына ұсынатыны сөзсіз. Әрі авторлық телебағдарламалардың халыққа жол тартуы, шетелден келіп жатқан «көшірмелердің» азаюына үлкен серпін бермек деген нәтижеге келіп отырмыз.

Дипломның құрылымы және көлемі. Зерттеу жұмысы екі негізгі бөлімнен тұрады. «Авторлық телебағдарламалардың қалыптасуы мен дамуы» тақырыбындағы бірінші бөлім үш бөлімшеге бөлінген. Ал, «Авторлық телебағдарламаларды тарату жүйесі және жасау жолдары» атты екінші бөлім екі бөлімше бойынша қарастырылып, сараптама жасалған. Соңында диплом жұмысына қорытынды баға мен арнайы қосымша беті беріледі.

І. Республикалық телеарналар және олардағы авторлық телебағдарламалар әлеуеті

  1. Республикалық телеарналар мен телебағдарламалар және олардың даму эволюциясы

Авторлық телебағдарламаларға кезек бермес бұрын алдымен тележурналистика аурасына енген дұрыс секілді. Дарыны мен бар білігін телевизия сферасының қалыптасып, дамуына сарп еткендер әр кезеңде де баршылық. Пайда болғанына бір ғасырдан асқан бұл сала осы уақыт аралығында жер жүзіндегі барша халықтың сенімді серігіне айналып үлгерді. Телевизия адамзаттың күнделікті тіршілігінен бастап басқа да орын алып жатқан оқиғалармен қамтылған. Телевизия бүгінде әлем бойынша мыңдаған каналдар арқылы таратылатын жаһандық сфера.

Қоғам өмірінде соңғы жылдары орын алған бетбұрыстар өткен тарихымыз бен жылдар көрігінде сомдалған рухани мұраларымызды бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерделеп, ой елегінен откізу талабын алға тартып отыр. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан бері қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалык саяси өмірінде жасалған бетбұрыстар мен бірге, ақпарат тарату жүйесінде де елеулі өзгерістер болды.

Бүгінгі күнде еліміз еліміз әлемдік ақпараттық кеңістікке еніп, әлемнің әр түкпірінен жедел хабар алу мүмкіндігіне ие болумен қатар, қоғам өмірінде күнделікті өтіп жатқан әр оқиғаның бір сәттің ішінде жер шарына таралу шапшаңдығына қол жеткізді. Ғылым мен тәжірибеде ақпараттың еркін тасқыны ( свободный поток информации) деген ұғым қалыптасып, орнықты.
Ақпарат көздерінің көп болуы жұртшылықтың кез келген оқиға барысымен тез әрі жан-жақты хабардар болуына ықпал етеді десек те, шет елдің ақпарат агенттіктері болсын, арналары болсын Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына бәсекелестік туғызатынын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар еліміздің хабар тарату жүйелеріне жан-жақтан құйылып жатқан ақпарат тасқынының қалтарысынды жат пиғылдағы идеологиялардың бұғып жүргенін де естен шығармауымыз керек.

Осынау әлемдік бұқаралық ақпарат кеңістігінде жұтылып кетпей, өз үндерін жоғалтпай, уақытпен үндесе жұмыс істеу еліміздің ақпарат құралдарының бірінші кезектегі міндеті . Ол үшін халықтың көкейінде жүрген сұрауларды, оларды толғандырған мәселелерді таныр қырағы көз бен жеткізе білер өткір тіл, тыңдай білер құлақ керек дер едік. Бұл, әрине, еліміздің ақпарат тарату жүйесінде қуатты құралдардың бірі қазақ телеарналарына да қатысты мәселе.

Қандай да бір мемлекеттің өзіндік ұлттық болмысын, мәдениетін, тыныс-тіршілігін сырт елдерге танытатын өзіндік үні болады. Сол өзіндік үнді танытып, барша жұртшылыққа паш етер негізгі құрал - ұлттық телеарналар десек, артық айтқандық емес.

Ұлттық телеарналар тарихи, танымдық, ағартушылық бағыттағы әдеби хабарларды ұйымдастыра отырып, көрермен қауымның ой-өресінің кеңеюіне, рухани толысыуына жол ашады. Сонымен қатар мәдениетіміз бен рухани өміріміздің сұранысын қанағаттандырып, өзіндік жаңа серпіліс беретін негізгі күш - осы телеарналар екендігі жасырын емес. Ендеше, телеарна - көрермен қауымның рухани сұранысын қанағаттандыратын тәрбиенің бірден бір қайнар бұлағы, күрделі психологиялық құрал.

Ал, бүгінгі ұлттық телеарналар осынау абыройлы да аса жауапты міндетті өз дәрежесінде сезініп, орындап жүр ме? Міне, біздің қолға алып отырған курстық жұмысымыздың мақсаты да осы.

Алла Тағала берген есептеулі күнін әркім әртүрлі өйтіп-бүйтіп өткізіп жатқан мына заман - «аузы қисық болса да» телевизия сөйлейтін заман. Қазір ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермей, айтқаны болып тұрған ең бір құдіреті күшті құрал да - теледидар.

Кез келген мемлекеттің телехабары қандай ауанда, қандай бағытта, қай тілде сөйлесе, сол мемлекеттің халқының бүкіл психологиясы, бүкіл жан дүниясы, тіпті мына фәниге, бүкіл қоғамға көзқарасы солай қалыптасады. Кез келген мемлекеттің телеарналары негізінен қай тілде сөйлесе, ол мемлекеттің халқы түп-түгел сол тілде сөйлеуге көшіп кеткенін өздері де байқамай қалады. Ақиқатын айтқанның айыбы жоқ: Қазақстанның Алланың пәрменімен әлмисақтан бекітілген иесі де, киесі де қазақ халқы десек, бүгінде сол қазақтың негізгі ұлттық басты ерекшеліктеріне телеарналар арқылы адам айтқысыз кесір-қиянат келіп отыр. Ақыры, қайырын берсін дейік, бірақ Қазақстандағы телеарналар дәл мына бағытымен кете берсе, қазекемнің тілі де, ділі де, діні де қандай күйге түсерін кім біліпті?! Сірә, біздің күн санап, жыл санап осындай күйге түсіп бара жатқанымызды байқаған болуы керек, Елбасымыздың өзі өткен жылы бір сөзінде «кім бүйтіп өзінің эфирлік кеңістігін басқаларға беріп қояды» деп реніш білдіргені бар.

Иә, Қазақстанда адам шошырлық жын-жыбырды, қантөгісті, адамды азаптап өлтірудің, жезөкшеліктің, салдақылықтың, жиренішті жыныстық қатынастың неше алуан түрін көрсетіп, жарық дүнияға көзін жаңа ашқан сәбилерімізді қаласа ата-анасын да өлтіре салатын сезімсіз бір мақұлыққа айналдыру үшін, ана тілін, дінін ұмыттыру үшін күндіз-түні жүзге жуық телеарналар жұмыс істеп жатыр. Оларға енді тоқтау салуға біздің үкіметтің де күші келмейтін шығар деген де ойға кетесің. Ресейдің мұндай телеарналарына эфирлік кеңістігімізді беріп, сол Ресейдің газет-журналдарын ауылдарымыз бен қалаларымызға қардай боратуға рұқсат етіп қоюымызды қалай түсінеміз? Өйткені Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түрікменстан сияқты бізбен тілі, діні бір бауырлас республикалардың бәрінде Ресей ақпарат құралдарын емін-еркін таратуға қатаң тыйым салынған. Өйткені олар бұл телеарналар мен газет-журналдар қайда жүрсе де тек Ресейдің сая­сатын жүргізіп, орыстың ғана ойлағанын, солардың көздеген мақсатын, орыстың тілін насихаттайтынын жақсы біледі. Ал қазақ атқамінерлері соны не білмейді, не біле тұра Ресейдің ақпараттық көрпесінің астына кіруді қалайды. Ресейден азаттық алдық деген сөзді айтуға да қорқып, «егемен ел болғалы» «тәуелсіздік алғаннан бері», «тәуелсіз болдық» деген бас-аяғы жоқ сөздерді қазақтың құлағына құйып тастағандар да - солар.

Иә, қазақтан басқалардың бәрі «азаттығын», «бостандығы мен муста­қиллиғын» алған бойда бүкіл телеарналарын ана тіліне көшіріп алды. Бұл олардың үлкен саяси көрегендігі болды. Ал Қазақстан ше? Алла кешірсін, кейде Қазақстандағы әлгі құжынаған орысша телеарналарды айтпағанда, мемлекеттік болып саналатын «Қазақстан», «Хабар», «Ел арналар» қай елдің арналары деген де ойға кететін болдық. Ащы да болса шындықты айтайық, бұл үш арна Ресейден азаттық алған Қазақстан деген елдікі деуге ауызы құрғыр жуыспайды. Неге дейсіз ғой? Егер Қазақстанда осы елдің Алладан кейінгі иесі болуға тиісті қазақ ұлтының саны 67 пайызға жуық болса және мұнда қазақша емін-еркін сөйлеп, емін-еркін қазақша жазатын өзбек, ұйғыр, татар, түріктердің өзі бір қауым ел болса, бұл телеарналар неге негізінен орыс тілінде сампылдайды. Бұл әуелі қазақты, қала берді, әлгі мұсылман қауымын кемсіту емес пе? Бұның бәрі қастігерлікпен, яғни қаскөйлікпен жасалып отырған жоқ па? Бұған енді тоқтау салатын кез жетті! Олай дейтініміз, сонау 90-шы жылдардың бірінші жартысында-ақ ішімізде журналист, филология ғылымдарының кандидаты, марқұм Батырхан Дәрімбетов, белгілі тележурналист Жұмаш Кенебай бар бірнеше адам телеарналардағы осы сұмдықтарды, қазақ тіліндегі хабарлардың 50 пайызға да жетпейтінін айтып, талай телеарналармен соттасқан кездеріміз де, ашық пікірталасқа шыққан кездеріміз де болды. Бірақ соның бірде-бірінде сол кездегі үкімет басшылары тарапынан еш қолдау көрмей, қайта сот орындары бізді сол орысша телеарна басшыларының аяғына жығып берді. Ақыры, шаршап қойдық. Біздің қолында билігі барлардың ішінде әлі де солардан асып кете қоймағанын көзіміз көріп те жүр.

Біз теледидарды әп деп азаттық алғаннан бастап ұлтымыздың бет-бейнесін, яғни ұлттық тілімізді, ұлттық дәстүрімізді, ұлттық тәрбиемізді көрсетудің басты құралы етіп пайдалануды ойлаған жоқпыз. Бұл сол кезде қателігіміз болды ма, әлде өз ұлтына жаны ашымайтын кейбір жоғарыдағылардың қаскөйлігі болды ма - ол жағы әлі күнге беймағлұм. Ал көршілес Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, анау Армения, Грузия, Эстония, Латвия, Литвалар Ресейден бостан болысымен-ақ бүкіл ақпарат құралдарын өз тіліне көшіріп алды. Қазір осы елдердің қай-қайсысында да телеарналар тәулігіне әрі кеткенде жарты не бір сағаттан артық орысша сөйлемейді. Сонау жылдары 50х50 деген талап қойылды. Сол кезде біз «оу, қазақты былай қойғанда, бұл елде өзбегі, ұйғыры, татары, әзірбайжаны бар көпшілігі қазақша біледі ғой, неге қазақ тіліне 50-ақ пайыз беріледі?» деп өкпелеп жүрсек, сол 50 пайыз қазақшаның өзі түн ортасы ауа, тауық бір-екі шақырғаннан кейін барып берілетін болды. Сол кезде жоғарыдағылар «бірден қазақшаға көшуге болмайды, ол үшін 4-5 жыл керек» деген гәп таратты. Тәуелсіздік алған жылы туған сәбилер қазір 20-ға келіп, көпшілігі орысша ғана сөйлейтін болды. Ал 25 жылда ұрпақ ауысады. Ендеше, біз тілімізді көркейтудің басты құралы теледидарымыз бұлайша «жұмыс істеп» жатқанда енді бес жылдан соң тұтас бір ұрпағымыз түгел орысша сөйлеуге көшіп болады. Сосын оларды қазақшаға үйрету үшін тағы 25 жыл керек болады. Бірақ ол кезде не қазақша үйрететін кадр­лар жетіспеушілігіне ұшыраймыз, не ұрпағымыз өз тілін қажет етпейтін ұрпаққа айналуы мүмкін. Оның айтпауға болмайтын тағы бір себебі бар.

Ол бүгінгі қазақ тілінің шұбарлануына және теледидардағы қазақ
тілі - орысшаның аудармасы болып кеткеніне тікелей байланысты. Бұған телеарна басшылығындағылардың жауапсыздығы тікелей себеп болуда. Әне бір жылдары тап осы мәселені көтергенімізде белгілі журналист Қайнар Олжай «Хабар» арнасына қосымша стилист редакторлар шақырып, біраз жұмыс істеген-ді. Кейін ол да қалды.

Енді «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоғын» көрген журналистер таза қазақша сөз саптауға «бас қатырып» жатпай, баяғы «таз қалпына» қайта түсті. Әйтпесе, осы күнгі телеарналардағыдай «ол пәленбай метр биіктікті бағындырды», пәленбай «теңгені құрады», пәленбай «өрт оқиғасы тіркелді», «көліктен шығу алдыңғы есік арқылы, кіру артқы есік арқылы жүргізіледі» «қар жауады деп күтілуде» деген «аударма сандырақ» тіл қайдан шығып жатыр. Бұның бәрі орыстың «составляет столько-то тенге», «зарегистрирован… случаев пожара», «вход производится через переднюю дверь», «ожидается снег»-інің аудармасы ғой.

Спорт жөнінде… «қателікке бой алдырды», «допты тартып ала алды», «аспандаған доптың жерге түсетіні анық» деген сияқты сөз білмейтін комментаторлар қаптап кетті. Есі дұрыс қазақ солай сөйлей ме? Демек, бұл біздің тіліміздің шырайынан, шұрайлылығынан, сөз саптау ерекшелігінен, ақпа-төкпе шешендігінен, бейнелілігінен жұрдай болуы ең әуелі телеарналардан бастау деген сөз.

Иә, бізде бүгінде құжат толтыру, заң-зәкүндер мен әртүрлі қаулы-қарарларды Парламентте отырған «қалаулылар» орыс тілінде қабылдап, ол сосын қазақшаға тәржімеленеді. Ол қазақшаны түсіну үшін орысша білуің керек. Оны айта-айта көбіміз көбікауыз атанғалы қаш-ш-ан! Дүнияда, ең сорақысы, әсіресе, тележурналистердің өзі қазақша сөз саптаудан қалып, ана тілімізді орысшаның аудармасына айналдырғаны жүректі жүдетіп бітті ғой. Бұл әңгімеге тағы бірде ораламыз. Айтайық дегеніміз, Қазақстан теледидары қашанда қазақтың бет-бейнесі екенін, бұл елдің иесі қазақ екенін көрсетіп тұруы керек. Шебер тележурналист мемлекет басшылығы жүргізіп отырған сыртқы, ішкі саясатты дәріптей отырып-ақ қазақтың ұлттық ерекшеліктерін (тілін, дінін, дәстүрін, тәрбиесін), адамгершілік қасиеттерін өзге ұлттарға, әсіресе, орыстарға өнегелеп оты­руы керек. Ұлттығымызға жат, жиренішті нәрселерді неге көрсетесіңдер дегенімізде кейбір тележурналист қазақтар «онда тұрған ешнәрсе жоқ, әркім қажетін өзі таңдап алады» дегенін де естідік. Бұл не деген надандық! Әркім теледидардан ойына келгенін істеп, аузына келгенін айта берсе, оны көрген ұрпақ не болады?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазір ақпарат ғасыры
Бірінші Қарағанды телеарнасы
Авторлық телебaғдaрлaмaлaрдың жaсaлу технологиясы
Тіл халықтың жаны
Сөз бостандығы және баспасөз
Теледидар бағдарламасын дайындау процесіне авторды араластыру редактор жұмысының маңызды ерекшелігі
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Отандық телевизияның әлемдік телевизия бағытымен салыстырмал
Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау психологиясы
ХХІ ғасырдағы телевизиялық мүмкіндіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz