Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Табиғи климаттық жағдайы____________________________ ____________
2. Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны_____________________________
3. Дақылдардың суару режимі_____________________________ ___________
4. Ауыспалы егістегі есепке алынған суғарылу режимі (гидромодуль графигі)
5. Ауыспалы егіске су берудің күнтізбелік жоспары_____________________
6. Суармалы жердің су шаруашылық тепе-теңдігін есептеу_______________
7. Кәріз жүйесін жобалау____________________________ ________________
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адамзат өмірінде жердің атқаратын қызметі өте көп. Сондықтан оны шаруашылық бағытта дұрыс пайдалана білген жөн. Ол үшін қоршаған ортаның гидрогеологиясының, ауа- райының және топырақтың белгілі бір қолайлы жағдайлары болуы керек. Оның кейбірін табиғаттың өзі берсе, кейбіреуін адам қолдан өзі жасау керек. Шөлейт жерлерде су жетіспейді, ауасы өте ыстық, жауын-шашын өте аз. Мұндай жағдайда меиорацияны жүргізу арқылы қалыпқа келтіреді. Мелиорация (лат. melioration-жақсарту) - жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық - ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықа мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап- ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды , бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына , аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени- техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі.Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мысалы, Шу өзенінің оң жағасындағы Георгиевка, Тасөткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28 миллиярд куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250 мың гектарға дейін жер суғарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс-Қарағанды каналы облыс өндірісін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал-Көшім суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға жуық жер суландырылған және 730 мың гектар көлтабан суару жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су қорлары, орман, т.б.) адам қажетіне жаратуға көп мүмкіндік береді; атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту арқылы адам өмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.



1. Табиғи климаттық жағдайы
Жамбыл облысы -- Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы БетпақдаладанТянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы -- 144,2 мың км².
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы -- Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.
Климаты.Климаты тым континенттік: солтүстік бөлігінің қысы суық боранды, оңтүстігінің қысы қысқа, жұмсақ, жаз маусымы облыстың барлық бөлігінде ыстық, құрғақ және аңызақ келеді. Ауаның орташа температурасы қаңтарда солтүстік бөлігінде - 10 - 12ºС, оңтүстігінде - 5 - 8ºС, шілдеде солтүстікте 25 - 26ºС, оңтүстігіндегі таулы аудандарда 20 - 22ºС. Ауаның жылдық орташа температурасы -1,2-3,5 ̊С.Жылдық жауын-шашын мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке тау етегіне қарай 100 мм-ден 500 мм-ге дейін, биік таулы аймақта 800 - 900 мм-ге дейін артады.
Топырағы. Облыс аумағында шөлдік белдемге тән топырақ жамылғысы қалыптасқан. Сұр, сұр қоңыр, сор, сортаң топырақ, тау етегінде шалғынды сортаң, таулық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысы таралған; жусан, сораң, құмда сексеуіл, ши, Шу, Талас өзендері аңғарында жиде, жыңғыл, шеңгел, тал, тау етегінде бетегелі жусанды дала, таулы өңірде бұта, жеміс ағаштары, арша, ырғай, т.б. өседі.
Табиғаты. Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.
Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.
27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Гидрогеографиясы. Жер беті ағыны облыс аумағы
бойынша біркелкі таралмаған, көпшілігі ортаңғы және
оңтүстік бөлігімен ағады. Ең үлкен өзен - Шу, ол облыстың шығыс бөлігінен батысқа қарай ағып өтеді. Талас өзенінің суы тау бөктеріндегі жазыққа шыққан тұсында егін суғаруға пайдаланылады. Үшінші ірі өзені - Асы суы мол жылдары Таласқа қосылады. Көптеген орта және кішігірім өзендер (Шабақты, Бүркітті, Ырғайты, Құрағаты, т.б.) Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларының және Қаратаудың беткейлерінен басталады. Өзендер мұздық (Шу, Талас), қар және грунт суларымен толығады. Көлдердің көбі жазда құрғап, сорға айналады. Ірілері - Ақжар, Ащыкөл, Ақкөл, Билікөл, Үлкен Қамқалы, Кіші Қамқалы, т.б. Шу өзенінде Тасөткел бөгені, Асы бойында Терісащыбұлақ бөгені салынған. Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігі Жамбыл облысына жатады.
Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), қыратты (орт.), солтүстікке қарай жазық келеді. Аудан жерімен Талас, Аса өзендері ағып өтеді; Бөгеткөл, Сұлукөл, Сеңгірбай, Көкіш көлдері бар. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, т.б. өседі. Ақ бөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, т.б. мекендейді.
Жер қойнауынан құрылыс материалдары (гипс, әктас, т.б.) өндіріледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 412 мың га, оның ішінде жыртылған жері 156,4 мың га, шабындығы 7,2 мың га, жайылымы 325,5 мың га. Аудан жерімен Шымкент - Тараз, Тараз - Қаратау - Жаңатас т. ж., Шымкент - Тараз, Тараз - Ақкөл - Саудакент автомобиль жолдары өтеді.

2. Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны
1-кесте
Дақылдар
Танап саны
Суғару саны
Суғару норм.m,м3га
Суғармалау норм. М,м3га
Суғару кезеңі

Басы
Аяғы
Ұзақтығы
Жоңышқа
305 га
4
1
2
3
4
5
6
7
8
9
700
700
800
800
800
800
700
700
700

6700
20.IV
11.V
30.V
15.VI
30.VI
14.VII
30.VII
14.VIII
2.IX
10.V
29.V
14.VI
29.VI
13.VII
29.VII
13.VIII
1.IX
22.IX

20
18
15
14
14
15
14
18
20
Дәндік жүгері
152 га
2
1
2
3
4
5
6
7
800
800
800
800
800
800
800

5600
11.V
29.V
13.VI
27.VI
10.VII
23.VII
5.VIII
28.V
12.VI
26.VI
9.VII
22.VII
4.VIII
18.VIII
17
14
13
12
12
12
13
Астық
153 га
2
1
2
3
700
800
700

2200
21.IV
11.V
1.VI
10.V
31.V
20.VI
19
20
19

Дақылдың нақты су өтімін есептеу
2- кесте
Дақыл
М, м3га
F, га Алқап ауданы
Q нетто, м3га
Qбрутто, м3га
Жоңышқа
6700
305
2043,5
2724,6
Дәндік жүгері
5600
152
851,2
1150,2
Астық
2200
153
336,6
454,8
Барлығы
14500
610
2231,3
4329,6

Q нетто= F∙ М , м3га Qбрутто =Q неттоη (ПӘК), м3га
Дақылдарды танапқа отырғызу (Жамбыл облысы)
3- кесте
Дақылдар
Танап саны
Танап
F, га
α
Жоңышқа
4
1,2,3,4
305
0,5
Дәндік жүгері
2
5,6
152
0,24
Астық
2
7,8
153
0,25
Барлығы
8

610

α - дақылдардың ауыспалы егістегі алып жатқан орны
F- суару алқабының ауданы, га
α = F*100%F
α = 305*100%610=0,5
α = 152*100%610=0,24
α = 153*100%610=0,25

3. Дақылдардың суару режимі
Суару режимі- әр дақылдың қай уақытта ,неше рет және қанша мөлшерде су ішетінін айтады.
Суару режимінің 3 түрі бар:
1. Жобаланған
2. Есептелген
3. Пайдаланылған суару режимі

Есептелген суару режимі қазіргі кезде 2 жолмен анықталып жүр.Бұлар:

1)Академик Костяковтың тәсілі Су тепе- теңдік әдісі
2)Альпатев тәсілі Биоклиматтық

Біз осы курстық жұмысты суару режимін академик Костяковтың тәсілі бойынша есептеп, анықтаймыз.

I .Жалпы су пайдалану жиынтығы- өсімдіктердің еккен күннен жинап алғанға дейінгі қажетті су мөлшері. Оны мына теңдеумен анықтаймыз:
Е=ξ * У, м3га
Мұндағы: Е-жалпы су пайдалану жиынтығы, м3га
ξ - су пайдалану жиынтығының коэффициенті, яғни 1 тонна өнім алу үшін қажетті су, м3т
У - жобаланған өнім, тга
II . Суғармалау нормасы
М=Е-(Р+W+W1)
Мұндағы: Р- топыраққа сіңген жауын-шашын. Оның мәнін былай анықтаймыз: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Ауыспалы егісті жобалау
Топырақ туралы мәлміет
Ауыспалы егіс және қайталап егу және ауыспалы егістерді құрудың принциптері
Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары
Егістік жерлерді орналастыру
Қазақстандық шығыс арал өңірінде экологиялық жағдайға байланысты суармалы топырақ құнары қалыптасуының ғылыми негізі
Ауыспалы егіс
Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі
Пәндер