Дисперсті жүйелер.Эмульсиялар



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Алматы Университеті
ЖББПжЭ кафедрасы

Білім беру бағдарламасы - Бакалавриат
Мамандық-5В072600-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы (ЖӨБТ ж К)
Оқу түрі - күндізгі

СОӨЖ

Тақырыбы: Дисперсті жүйелер.Эмульсиялар.

Қабылдаған: Дюсембекова А.А.
Орындаған: Болатбаева Н.Д.
Тобы:ЖӨБТжК-17-1

Алматы 2017
Мазмұны
1.Кіріспе 3
2.Коллоидтық химияның пайда болуы мен дамуы. 4
3.Эмульсиялар 5
4.Эмульсиялардың бұзылуы мен айналуы 8
5.Қорытынды 9
6.Пайдаланған әдебиеттер 10

1.Кіріспе
Дисперсті жүйелер дегеніміз бір фазасында бөлшектерінің өлшемдері 1нм-10мкм аралығында болатын гетерогенді жүйе. Дисперсті жүйелер табиғатта кең таралған және өндірісте кеңінен қолданылады. Дисперсті жүйелердің бірнеше мысалдарын келтірейік:
Эмульсиялар - бір сұйықтықтың тамшылары екінші сұйықтықта таралған.
Аэрозольдер - ауада (немесе кез келген газда)таралған қатты бөлшектер не тамшылар.
Коллоидтық ерітінділер -сұйық ортада тарлаған қатты бөлшектер.
Өлшемдері 1нм-ден 10мкм аралығанда жататын бөлшектерді коллоидтық дисперстік бөлшектер деп атайды. Агрегеттық күйі бойынша дисперстік бөлшектер қатты, сұйық не газ тәрізді болуы мүмкін. сонымен қатар олардың құрылымы да күрделі бола алады.
Дисперстік бөлшектер дисперстік фазаны құрайды. Дисперстік бөлшектер біркелкі фазада таралады, ол-дисперсиялық орта. Дисперсиялық орталар да қатты , сұйық, газ тәрізді болуы мүмкін.

2.Коллоидтық химияның пайда болуы мен дамуы.
Коллоидтық химияның пайда болуы мерзімін XIX ғасырдың 60 жылдарымен белгілеп, оның негізін құраушы ағылшын ғалымы Т.Грэм деп атайды. Бірақ коллоидтық химияның бірсыпыра бағыттары одан да бұрын дамыған.
1861 жылы Т.Грэм кейбір заттардың ( мысалы, аллюминий оксиді, кремний, титан, қалайы қышқылдары , желатина, агар-агар) судағы ерітінділерін кептіргенде, олар кристалданбай гель тәрізді күйге айналатынын байқады. Сонымен қатар олардың диффузиясы электролиттерге қарағанда баяу жүретінін және осы заттардың кейбіреуінің желімдік қасиеті бар екенін көрсетті. Кристалданбайтын және баяу диффузияланатын заттарды Т.Грэм "коллоидтар" (грек тілінен -желім)деп атады. Осындай заттарды зертейтін ғылым "коллоидтық химия" деп аталатын болды.
XX ғасырдың басында коллоидтық химия қарқынды дамуын бастады. Коллоидтық жүйелердің химия мен физиканың, молекулалар әлемі мен макроскопиялық денелердің шекарасында тұратындығы ірі ғалымдардың қызуғышылығын туғызды.

3.Эмульсиялар
Эмульсиялар- бір-біріне мүлде ерімейтін екі сұйықтықтан тұратын микрогетерогенді жүйелер. Бір біріне тамшылар түрінде таралған, өзара ерімейтін сұйықтықтардан құралған микрогетерогендік жүйелерді эмульсиялар деп атайды.
Эмульсия(лат. emulgere - сауу және франц. emulsіon - сүт), медицинада - сұйық түріндегі дәрілік қалыптар. Эмульсияда суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т.б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді. Эмульсияның құрамындағы ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дәмін шығармайды. Эмульсиялар ұзақ сақтауға келмейтін дәрілік зат болғандықтан, оларды 3 - 4 күн ішінде пайдалану керек. Эмульсиялар шыны ыдысқа құйылады, оған міндетті түрде: "Ішердің алдында шайқаңыз" және "Салқын жерде сақтаңыз" деген ескерту жазылады. Эмульсия -- екі сұйықтың бір-бірінде еріген микрогетерогенді системасы. Эмульсиядағы дисперсті фаза да, дисперстік орта да бірдей агрегаттық күйде, атап айтқанда сұйық коллоидты система екен. Егер мұндай системаларды бірі екінші-сінде ерімейтін сұйықтар қүрайтын болса, онда ұзақ уақыт сақталады. Эмульсиялардағы дисперсті фазаны құрайтын шар тәрізді бөлшектердің өлшемі әр түрлі болады: кәдімгі көзге көрінетін бөлшектен бастап коллоидтық дәрежедегі дисперстілікке дейін эмульсиядағы дисперстік фазаның бөлшектері көбінесе 0,1 -- 10,0 мкм аралығында болады. Сондықтан да оларды кәдімгі жай оптикалық микроскоп арқылы байқауға болады. Эмульсиялар да суспензиялар тәрізді табиғат пен өндірісте кең таралған. Мысалы, сүт, жұ-мыртқаның сарыуызы, құрамында дисперстелген суы бар мұнай, каучук өсімдіктерінің шырыны, салқын күйдегі металды өңдеуге қолданатын техникалық эмульсиялар және басқалар. Полимер өндірісінде эмульсиялық полимерлеу әдісі қолданылады. Егер полимерлеу тек мономер басқа сұйықта еритін катализатормен тікелей түйіскенде ғана жүретін болса, онда осы шартқа сәйкес жағдай жасалады. Мұндайда өзінде катализаторы бар сұйықпен түйісетін мономердің беткі қабаты біраз артады да, оған орай болатын полимерлеу реакциясының жылдамдығы сонша есе артады. Дисперстік ортанын рөлін су атқарып, дисперстік фаза ретінде -- майлар, минералды майлар, бензол, толуол және басқалар қолданылатын эмульсиялар жиі кездеседі. Суда ерімейтін сұйықтардың бәрін "май" деп атап, оларды М әрпімен, ал суды В әрпі-мен таңбалайды. Дисперстік фазаның аталуын бөлшектің алымына, ал дисперстік ортаны бөліміне жазады. Судың мұнайдағы және судың сары майдағы эмульсиялары ВМ деп көрсетіледі.
Эмульсиялардың тұрақтылығы. Эмульсиялардың тұрақтылығы жайлы көптеген ғылыми-зерттеулер жүргізілген. Сүт тағамдарын сақтағанда, түрлі салқындатқыш сусындар мен балмұздақты даярлағанда эмульсиялардың тұрақтылығы ескеріледі. Кейбір жағдайларда эмульсия тұрақтылығы нашарлап, құрамындағы сұйық фа-заларды жеке бөліп алуға тура келеді. Мысалы, мұнайды өңдеуден бұрын, оның құрамындағы эмульсиялық бөлшек ретінде таралған суды немесе табиғи каучукті, шырын құрамындағы суды бөлу қажет. Сол сиякты май мен судан тұратын сүттен сары майды, каймақты бөліп алу үшін, әрине эмульсияны бұзады. Эмульсиялардың кинетикалық тұрақтылығы ондағы бөлшектердің өлшемімен сипатталады. Эмульсиялардағы бөлшектердің өлшемі мен массалары коллоидты ерітіндідегіден едәуір артық. Сондықтан да эмульсиялардың кинетикалық тұрактылығын сипат-тайтын бөлшек санының (концентрациясының) биіктікке қатынасы коллоидты ерітіндідегіден үлкен. Көптеген эмульсиялардағы дисперсті фазаның тығыздығы дисперстік ортаның тығыздығынан аз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дисперсті жүйелердің табиғаты және жіктелуі
Микрогетерогенді жүйелер және олардың практикалық маңызы
Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері
Дисперсті жүйелердің классификациясы мен табиғаты
Араластыру фазасы
Мұнай және мұнай өнімдерін тұзсыздандыру
Беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер пәннің оқу объектілері
Коллоидты химия. Дисперсті жүйе
Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері.
Ерітінді туралы түсінік
Пәндер