15 дәріс. Қазақстанның Ресей империясының отарына айналуы

Батыс-Сібір отарлық әкімшілігі билігінің әкімшілік-қуқықтық шаралары.
1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін 1821 жылы сайланған оның ұлы Ғұбайдолла отаршыл билігімен танылмаған. Оған қоса, Орта жүздегі саяси дағдарыс және сұлтандардың жартысымен Ресей билігін ашық қолдауы, 20-ші жылдардың басында Қазақстанның Солтүстік-Шығыс және Орталық аумағында хандық билікті жоюға әрекет жасауға дейін жеткізді. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті,
"Сібір қазақтарының жарғысы"
Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдың бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған "Сібір қазақтарының жарғысы" елеулі рөл атқарды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында болып еткен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының кетерілісі Қазақстанның хандық билеу жүйесінің әлсірей бастағанын көрсетті.
Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанскийдің, кейін декабрист болған Г.С. Батеньковтың мәлімет-кеңестіріне сүйене отырып дайындалған осындай "Жарғының" басты мақсаты - Қазақстанның солтүстік-шығыс еңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету еді. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобольск, Томск және Омбы облыстарымен бірге "Сібір иазақтарының облысы" да кірді. "Жарғы" бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу езеніне дейін созылған "Сібір қазақтарының округі" сыртқы және ішкі округтерге белінді. Бұлар Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ 1833), Аманқарағай (1834), кейінгі 40-50-жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Бұлардың халық саны жыл сайын езгеріп отырды. XIX ғасырдың 40-жылдарында Қарқаралы округінде 60 000-ға жуық, Аягез (кейіннен Сергиополь) округінде 40 000-нан астам івөшпелі қазақтар болды.
Басқару жүйесі
Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сез жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына кешсе де, патша екіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйенің енгізуі оның релін әлсіретіп, бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан ейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтандарды сайлауда хан сайлағандай ескі әдет сақталынды: сайланған аға сұлтанды да хан сияқты ақ киізге салып көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғатын құралға айналды. Өз екілдерін -сұлтандарды аға сұлтандыққа еткізуге тырысқан ақсүйек шонжарлар арасында өзара қақтығыс, рлдау, сатып алу үйреншікті құбылысқа айналып кетті.
Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сұлтандарын сайлау мерзімі емірлік болды. Облыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыстық сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын иісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы алатын еді. Болыстық сұлтандар Ресейдегі дәрежесі бойынша 12-класқа жататын чиновниктерге теңелді.
Ауыл старшындары да аға сұлтандар секілді үш жыл сайын сайланып отырды. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыс-тық старшындар хұқылары жөнінен Ресейдегі ауылдық старосталармен тең болды.
Басқару органдарының функциялары
Аға сұлтан және округтік приказ кең міндеттер аясын орындаған. Соның ішінде:
салық жиналуын және қоғамдық міндеттерді орындалуын қадағалау;
халық саны, жайылым мен егістік жер, малдың саны және бағынышты жерлердегі сауданың жағдайы туралы мәлімеі іьрді жинау,
жоғары сатыда тұрғанға округ басқару туралы есеп беруге дайындалу;
Ресей билігін мойындамайтын ауылдарға қарсы жазалау экспедицияларды жабдықтау:
округ көлемінде тәртіпті қорғау. Болыс билеушілері округтік приказдың бүкіл ұйғарымын орындауға міндетті еді және болыста
тәртіпті және тыныштықты сақтау үшін бүкіл күшін салған. Дәл осындай міндеттер ауыл старшындарына берілген.
Сот және сот ісін жүргізу
"Жарғы" бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Билердің өкілеті және әдет-ғұрып құқығының жүрісі шектелген. Қазақтардың құқықтық жағдайы ресейлік қол астындағыларымен теңелді, оларға "Көшпелі бұратаналар туралы" Уставтың ережелері де таралған.
Қазақ қоғамының құқықтық жүйесіне зор өзгерістер енгізілген. Қылмыстық және азаматтық құқық бұзушылық айрылған. Қылмыстық істерге: мемлекеттік опасыздық, адам өлтіру, тонаушылық, барымта, өкіметке бағындау, қызмет бабындағы қылмыстар, жалған кредиттік қағаздарды және ақшаны жасау, өртеу, қылмыстық істерді қарағанда жалған ант беру жатқан. Тергеуді округтік приказ жүргізген жіне ол жалпы-империялық заңдарының негізіндё қылмыстық істер бойынша сот инстанциясы болды. Облыстық сот, қылмыстық істер бойынша қадағалау инстанциясы болды.
Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер, соның ішінде ұрлық жергілікті ескі заң бойынша билер сотымен шешілген. Округтік приказ - 2 мың рублей сомасына дейін, Шекаралық басқармасы - 5 мың рублейге дейін, Үкімет Сенаты - 5 мың рублейден жоғары таластар бойынша шешімдерді бекіткен. Билер сотының шешіміне наразылығын көрсеткендер округтік және облыстық билеушілеріне талап жасауға мүмкіндігі болған, олар әдет-ғұрып қүқығының негізінде таласты шешкен.
Сонымен, 1822 жылғы "Жарғы" бойынша әкімшілік және сот шаралары қазақ жерінің отарлы жағдайын бекітті және империялық заңдарды қазақтарға таратып қоғамның ақсүйектерін ресейлік чиновниктеріне аиналдырды. Бұл процес XIX ғасырдың 30-50 жылдары бойы ұзаққа созылған.
ХІХғасырдың 30-50 жылдарындағы әкімшілік жәнесот реформалары
1838 жылы "Сібір қырғыздарымен ерекше басқару туралы Ереже" қабылданды, бұл құжат бойынша Шекаралық бастығымен және төрағасы оның төрт кеңесшілерімен, соның ішінде бір қазақ чиновнигімен басқарылған Шекаралық басқарма құрылды. Шекаралық бастығын және Шекаралық басқармасының төрағасын патша тағайындаған, кеңесшілерді, арнайы тапсырма бойынша чиновникті және хатшыны Батыс Сібір генерал-губернаторы тағайындаған. Шекаралық бастығының өкілеті мол еді, ол генерал-губернатор келісімі бойынша шетелдермен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz