ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ

Дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-7

1 ЭТНОСАРАЛЫҚ қарым-қатынас әлемдік тәртіп контексінде және қазақстандық тәжірибеде . . . 8-31

  1. Ұлтаралық қарым - қатынастың әлемдік даму тарихы, ғылыми зерттелуі

және Қазақстандағы полиэтникалық қауымдастықтың қалыптасу ерекшелігі . . . 8-20

  1. ҚР -ның этноұлттық саясаттың дамуы және қалыптасу кезеңі және қоғамдық келісімнің Қазақстандық моделін ғылыми түрде алыс және жақын шетелдерге электронды БАҚ арқылы тарату . . . 20-31

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ . . . 31-49

2. 1 Интернет - БАҚ және татулық пен келісім мәселелері . . . 31-39

2. 2 Ұлттық БАҚ порталындағы мәселенің таралу деңгейі . . . …… . . . 39-49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50-52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53-55

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы : Егеменді елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне игі әсерін тигізіп, соның нәтижесінде Қазақстанның ертеңгі тізгінін ұстауға қабілетті, жан-жақты, парасатты, ақылды, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу көзделіп отыр. Тәуелсіз Қазақстан жерінде өсіп өнген қоғам жастары туған жерін, елін, Отанын құрметтей білуге міндетті. Ұрпақ тәрбиесі-Қазақстанда жүріп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық дамудың алғы шарттарының бірі. Сонтықтан да Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің Қазақстандық моделі қоғамда қалыптасқан төзімділікпен қоғамдық келісімнің дамуын жетілдіре отырып қарастыруды көздейді. Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол - елдің тыныштығы, бірлігінің нығаюы сол халықтың бейнесін танытады. Сол бейнені қалыптастырудың бастауы - елдік сана мен мемлекеттік сапаны қалыптастыру, барды баянды ету.

Тақырыптың өзектілігі : Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы - біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әралуан мәдениеттің, дін мен дәстүрлерді ұстанған көптеген халықтардың тағдыры тоғысты. Нәтижесінде 140 этнос пен 40 конфессия өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бейбіт өмір сүретіндей айрықша жағдай қалыптасты. Сонымен қатар, түрлі этностардың ұзақ уақыт қатар өмір сүруі қоғамда төзімділіктің орнықты дәстүрлерін қалыптастырды. Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күннен бастап қазақстандық қоғамды ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық саясатының іргелі бағыттарына айналды. Өтпелі кезеңнің күрделі жағдайында мемлекеттің мақсатты және дәйекті саясатының арқасында Қазақстанда этносаралық негіздегі қақтығыс, тұрақсыздық пен қоғамдағы жіктелу бола қойған жоқ. Этностық емес, азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау келісім мен тұрақтылықтың іргетасы болып қаланды. Этностық ерекшелігіне қарамастан елдегі барлық азаматтардың мүдделерін тоғыстыру ең дұрыс жол екендігін уақыт көрсетіп берді.
Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға ие болған этносаралық келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасты. Бұдан тақырыптың өзектілігі туындары хақ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін этносаралық қарым-қатынас, тарихи тамырлары мен қалыптасуы, қазақстандық үлгісі туралы бірқатар ғалымдар зерттеулерінде, қоғамдық-саяси шаралар туралы публицистикалық, ғылыми мақалаларда сөз болады. Алайда айтар ойы мен арнасы кең - ұлтаралық қатынас табиғатын толық ашу үшін бұл жеткіліксіз. Сондықтан, ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім мен негізгі идеясы жүйелі түрде жан-жақты әрі терең қарастырылуы қажет. Журналистика саласында арнайы зерттеудің нысанасына айналдыру міндеті осыдан туындайды.

Біз өз жұмысымызда негізгі бағыттарда ізденіс жасауға, зерттеу жүргізуге тырыстық.

Жұмыстың мақсат-міндеттері : Осы жайттарды айқындау үшін біздің алдымыздағы басты мақсат - зерттеу еңбектерді, мақалаларды оқып қана еліміздегі этносаралық татулық пен Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің баспасөздегі көрінісін, оның жайын айқындау болмақ. Әрине, бұл жағдайда қазақ халқы талай нәубет жылдары ұлты мен тегіне қарамастан барлық ұлтқа құшағын айқара ашты. Оның пайдасы мен зияны таяқтың екі ұшындай болды. Осы негізде мынадай міндеттерді алға тартамыз:

  • Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алу;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім жайлы баспаөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашу;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім жайлы баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аудару;
  • Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын таныту.

Аталған мақсат-міндеттерді тиісті деңгейінде орындау қазақ халқының тарихи тамырлары мен шығу тегі, қазақ сөзінің этнонимі, қазақ халқы жайлы жазылған мақалалар, олардың көтерген тақырыптары мен идеялық ұстанымы талданады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім мәселесі әлеуметтік негізде жүйелі түрде зерделенді. Қазақ халқының өзіндік даму эволюциясы, идеясы, ұнамсыз қылықтарды мінеп-сынаудағы астарлап айту принципі, ерекшелігі талданды. Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім мәселесінің толыққанды зерттеу нысанасына айналуы жұмыстың басты ғылыми жаңалығы болып табылады. Әрі жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселелердің өзектілігімен айқындалады. Мысалы:

  • Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алынды;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім жайлы баспаөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
  • Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.

Жұмыс нысаны мен пәні : Жұмыстың басты нысаны - қазақ халқы, Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім мәселелері негізінде ғылыми-әлеуметтік сұрақтарды қарастыруға көңіл қойдық.

Сонымен қатар, тақырыпқа қатыст әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген публицистикалық мақалалар алынды.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В. Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н. Я. Марр да ерекше мән берді.

Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В. Фон Гумбольдт, И. Гердер, Г. Пауль, В. Вундт, Г. Штейнталь, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня т. б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.

Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Зерттеу әдісі: Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісін, қоғамда алар орнын, жалпы қоғамдық мәнін зерттеуде әлеуметтік-теориялық негіздеме арқылы хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, сондай ақ, мектепте тіл курстарын оқытуда, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде, арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:

  • Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алынды;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісім жайлы баспаөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
  • Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
  • Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ӘЛЕМДІК ТӘРТІП КОНТЕКСІНДЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ

1. 1 Ұлтаралық қарым - қатынастың әлемдік даму тарихы,

ғылыми зерттелуі және Қазақстандағы полиэтникалық қауымдастықтың қалыптасу ерекшелігі

Бұл мәселеде жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар - сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық, Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.

Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т. б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады [1, 11] .

Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т. б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т. б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы - мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазына-сын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қаңдай артта калған ел болмасын қазір ха-лықтардьщ сана-сезімі өскен, ез басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күңде де қолына тусіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады. Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі, және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Буған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басымдылықка зор сенім артылды. Глобальды (латынның "глобус" - Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамти-тын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе" деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.

Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқгалып өтейік.

Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.

Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. адаңды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.

Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүние-жүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында "ядролық қыс" тууы мүмкін. Оған себеп - ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады. Жер тез суи бастайды. Климат жағдайлары күрт озгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады. Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі.

Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақгығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайдақай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.

Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т. б. адамдарға әте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.

Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе - планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т. т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т. б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-і сапасыз судың салдарынан пайда болатын керінеді [2, 251] .

Терроризмнің кең таралуына, оның өте-мөте Азия құрлығында көбірек етек алуына байланысты бұл құбылыстың табиғаты жөнінде әр түрлі пайымдаулар пайда болуда. Кейбір саясаттанушылар тіпті әлде бір террористік өркениеттің пайда болғаны, қазіргі заманғы әлемді батыстық үлгіде жаңғыртуға, яғни, жаһандастыруға өзіндік жауап ретінде деген сәуегейлікті де айтады. Белгілі зерттеуші С. Хантингтонның пікірінше, терроризмнің тамырлары «батыс имперализмі» саясатында және оның жиырмасыншы ғасырдың басым көпшілігі бойына мұсылман әлемінде үстемдік жүргізуінде жатыр. Сонымен қатар, «бұл мұсылман халықтарының өз мемлекеттері ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа, үкіметтердің тиімсіз жұмысы, олардың қуғын-сүргін әрекеттеріне және өздері осы режимді қолдайды деп білетін батыс елдеріне қарсы жауабы».

Жаһандастыру жағдайында - әлемдегі экономикалық, мәдени және қаржылық байланыстардың бір біріне тартылысуы және бірігуі кең көлем алып, күшеюде - біз көбіне «орын кеңістігінде» емес, «ағымдар кеңістігінде» өмір сүреміз. Бұл кеңістік «қысқарып» келеді, уақыт «жоғалып келеді», біз «қысылып бара жатырмыз» және сондықтан да бәріміз бірігіп те келе жатқандаймыз.

Алайда адамзат қауымы өзінің даму барысындағы ең бір күрделі кезеңді басынан өткеруде, әлем бір жағынан ұйымдасқан, екінші жағынан хаосқа кірген, бір жағынан жаһандасуда, екінші жағынан локалдықты жақтайды, бір жағынан бірігеді, екінші жағынан бөлінеді.

Саясаттанушылар ескертеді: әлемде үлкен соғыс жүріп жатыр, бірақ ол атыссыз, оқсыз, соғыс тіршілік үшін соғыс. Бұл соғыстың жаңа түрі - әлемді билеу үшін психологиялық және экономикалық соғыс. Бәсекелестік әлемде әмбебап кредоға, идеологияға айналған. Трансұлттық компаниялар планетаны тұтас бір жаһанды базар деп есептейді. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады - осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.

Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ мәдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан - Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін оқып-үйренуіне негіз болып отырғанын тілге тиек ете кетуіміз керек. Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі радиохабарлар тарайтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар.

Қазақстан тәуелсіздік алған алғаш жылдары қабылданған, мемлекет қызметінің негізін қалайтын құжат болып табылатын Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін дамыту Стратегиясында ҚР Президенті Н. Назарбаев мемлекет дамуының жеті ұзақ мерзімді басымдықтарын атап өткендігі белгілі. Аталған құжатта аса маңызды басымдықтардың ішінде ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды бірігіп нығайту міндеттері көрсетілген; олар орындалған кезде осы және алдағы онжылдықтар ішінде ұлттық стратегия жүзеге асырылатындығы туралы да айтылған.

Бүгінгі күні Қазақстандағы төзімділік, бейбітшілік пен амандықтың көзі болып табылатын, қазіргі заманның нақтылығына айналған басты құндылықтардың бірі, бүкіл қазақстандықтардың ауызбірлігінің негізі және ел басшылығының ішкі саяси бағыттағы саясатының негізгі құрамдас бөлігі. Сонымен қатар, еліміздегі төзімділік - Қазақстан Республикасының халықаралық кеңістіктегі оң имиджінің негізгі құрамдас бөлігі. Халықаралық қауымдастықта біздің елімізді мемлекеттегі ішкі саяси ахуалы аса қолайлы мемлекет деп біледі. Сонымен қатар, елімізде этносаралық және конфессияаралық жанжалдардың жоқ болуы, ішкі саяси тұрақтылықтың нық орнағандығы елімізді 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуші мемлекетті әрі аталған беделді ұйым Саммитінің өткізілу орнын таңдау барысындағы айқын алғышарттарына айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Электронды бақ және мәдени хабарлар
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
БАҚ ғылым жайында
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz