Электр энергиясын түрлендіру және тарату



Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Соңғы жылдары кіші және орта кәсіпорындардың саны және электр
жүктемесі өсіуіне байланысты, электрмен жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптардың деңгейі өсті. Осыған байланысты, қазіргі уақытта трансформаторлық қосалқы станциялардың көбісі қажетті электр қуатын өткізе алмайды және олардың беріп жатқан электр энергиясының сапасы заманның талабына сай емес.
Энергожүйенің проектін жасаудағы есебі болып, энергияны аз мөлшерде жұмсап, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін электр станцияларында және электр тораптарында керек жабдықтарды технико-экономикалық жағынан тиімді таңдап алу болып табылады.
Электр станциясында өндірілген электр энергиясы тұтынушыларға әуе желісі арқылы және қосалқы станциялар арқылы беріледі, олар станция генераторын және тұтынушыларды біртұтас біріктіріп, электр торабын түзетін-электрлік жүйені көрсетеді.
Электр станция деп - электр энергиясын өндіруге арналған кәсіпорын немесе қондырғы болып табылады. Сонымен қатар электр энергияны түрлендіруде және таратуда басты рольді электр тораптары мен жүйелері атқарады.
Курстық жобада қосалқы станциясының электр жүктемесінің есебіне, кернеудің ауытқуын табуға, трансформатордың типін таңдауға, қысқа тұйықталу тогының есебін шығаруға, электр қондырғыларын таңдауға және сұлбаларды құрастыруға арналған.
Курстық жобаның міндетті бөлігі болып табылатын - арнаулы мәселе және экономикалық есептер жасалған, еңбекті, азаматтық қорғау және электр жабдығьш эксплуатациялаудың қауіпсіздіқ жолдары көрсетілген.
Курстық жобаның соңында қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілге

1. ТРАНСФОРМАТОРЛЫ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ ЖӘНЕ ТАРАТУ ПУНКТТЕРІНІҢ ЖАБДЫҚТАРЫ
1.1. Трансформаторлы қосалқы станция және тарату пункттерінің жабдықтары жайлы мағұлмат.

Электр қосалқы станциясы - бұл электр энергиясының өндірілуі және таратылуы үшін арналған электрқондырғы.
Трансформаторлық қосалқы станция трансформаторлардың көмегімен бір кернеудегі электр энергиясын басқа кернеудегі электр энергиясына түрлендіру үшін арналған.
Электр тарату құрылғылары (ТҚ) (ЖТҚ - жабық ТҚ, АТҚ- ашық ТҚ) - қабылдау үшін және электр энергиясын тарату үшін қызмет етеді, сондай ақ құрама және жалғағыш шиналардан, қосалқы құрылымдардан (аккумуляторлы), және де өлшеуш аспаптар мен автоматиканың қорғау құрылымдарынан тұратын коммутацилық аппараттарға ие.
Электр таратушы пункт (ТП) - бұл таратушы құрылғы қосалқы станцияның құрамына кірмейді.
Түрлендіргіш қосалқы станция токтың пайда болуының немесе оның жиілігінің түрлендіруі үшін (инвертордың көмегімен) арналған.
Комплектті трансформаторлық қосалқы станция(КТҚС).
КТҚ (комплектті тарату құрылғылары) - ішкі қондырғы;
КСТҚ (комплектті сырқы тарату құрылғылары) - сыртқы қондырғы;
Қосалқы станцияларды басқару тәсілдері:
* Күтуші адамдары жоқ, толық автоматтандырылған;
* Кезекші адамдары бар, автоматтандырылған қосалқы станциялар;
* Тұрақты күтуші адамдары бар, автоматтандырылған қосалқы станциялар
Коммутацилық аппаратпен, жабдықпен, қорғау құрылғысы мен автоматикадан, толық дайындалған немесе жинақталған түрде құралған шкафтан немесе блоктан құралады.
Қосалқы станцияда реактивті қуаттың өндірілуі және желіге берілуі үшін, синхронды қарымталауыш (басқа электр энергия қабылдағышын қуат коэффициентін көтермей пайдаланылуы үшін) орнатылуы мүмкін.
Электр тораптарында электр энергиясын қабылдауға және таратуға тарату пункттері мен трансформаторлы қосалқы станцияларын кеңінен қолданады. Олардың негізгі электржабдықтары - күш трансформаторлары (қосалқы станцияда орнатылады) , майлы сөндіргіштер, жоғары вольтті сақтандырғыштар, реакторлар, айырғыштар, жүктеме сөндіргіштер, сөндіргіштер мен айырғыш жетектері, релелік қорғау аппаратурасы мен басқа да коммутациялық аппараттар. Трансформаторларды, жоғары вольтті сақтандырғыштарды, айырғыштарды және басқа да аппараттарды қондыруды, электр желілерін, станция мен қосалқы станция жабдықтардың пайдалануын және монтаждауын игерген жоғары білікті электр монтері орындайды.Қосалқы станцияларда трансформаторларды бір кернеуді келесі түріне түрлендіру үшін қондырады. Күш трансформаторының қуаты - бірден бірнеше жүз мыңдаған кВА.
Майлы сөндіргіштер кернеуі 1кВ жоғары жұмыс режимінде, жүктеме және қысқа тұйықталу кезінде электр тізбектерін қосып, ажырататын коммутациялық аппарат ретінде қызмет атқарады. Майлы сөндіргіштер қорғау және басқару аппаратының әсерінен қолдан және автоматты түрде қосылып, сөндіріледі.
Жүктеме сөндіргіштер кернеуі 6-10 кВ электр қондырғыларында қуаты Iмол=200-400 А жүктемеде электр тізбегін қосып, ажыратуға арналған немесе жоғары вольтті сақтандырғышты жинақтағы жүктеме сөндіргіш тізбектегі токтың қысқа тұйықталуын қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай сақтандырғыштар секундтың мыңдаған үлгісіндей жұмыс жасай отырып, тізбектегі токтың қысқа тұйықталуы кезінде тез ажыратады да, электр жабдықтарының жұмысына қолайлы жағдай жасайды. Демек, бұл сақтандырғыштар қорғау қызметімен бірге ток шектеуіш құрал болып табылады.
Үш полюсті айырғыштар - ажыратылған аймақтарда алдын алу және жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жоғары вольтті тарату құрылғыларында қолданылатын электр тізбектерін қосуға және ажыратуға арналған электр аппараты. Қосу және ажырату жүктемесі жоқ кезде орындалуы мүмкін.
Сонымен қатар, жоғары кернеулі трансформаторлы қосалқы станциялардың жақтауларына разрядтауыштарды орнатады.Олар қосалқы станция жабдықтарының оқшауламаларын асқын найзағайдан, кернеулерден қорғайды, қауіпті асқын жүктеме пайда болған кезде ток өткізгіш бөліктерді жермен автоматты түрде қосады. Разрядтауыштарды қосалқы станцияның әуе кірмелерінде орнатады және сенімді түрде жерлендіреді.Қосалқы станциялардағы төмен кернеулі құрылғыларға төмен кернеулі коммутациялық қорғау, өлшеу аппараттары және шина өткізгіштер жиынтығы жатады.Құрылымына қарай ашық (ғимраттан тыс), жабық (панажайда) және қозғалмалы трансформатолы қосалқы станциялар болып бөлінеді.
Қазігі уақытта ашық және жабық жинақты трансформаторлы қосалқы станциялар кеңінен қолданылады. Олар жоғары кернеулі электр аппараттары, сонымен қатар, өлшеу, қорғау автоматика, белгі беру және басқару аппараттарымен қамтылған (жабдықталған) зауыттарда құрастырылған металл қаңқа және жәшік түрде шығарылады. Жинақталған трансформаторлы қосалқы станциялар элекртмонтаждау жұмыстарын жетілдіреді, электр қондырғыларын құру мерзімдерін қысқартады және олардың жұмыс өнімділігін арттырады. Сондықтан көне үлгідегі трансформаторлық қосалқы станциялар орнына жинақталған трансформаторлық қосалқы станциялар қолданылады.

1.2. Қосалқы станцияның классификациясы.

Жоғары жағынан қосалқы станцияны схемасының құрылымына қарай үш топқа бөлуге болады:
1) жоғары кернеулі ажыратқышы жоқ қосалқы станциялар (оңайлатылған схемалар) қысқа тұйықтауыштар мен айырғыштарды қолдануды үнемдеу үшін;
2) жоғары кернеулі, құрамасыз шиналардан қоректенетін, айырғыштар саны аз қосалқы станциялар;
3) бір немесе бірнеше жүйелі құрама шиналы қосалқы станциялар.
Тағайындалуы бойынша қосалқы станциялар былай бөлінеді:
-жүйелі;
-тұтынушы.
Жүйелі қосалқы станцияларлар электросистема құрамына кіреді және үлкен энергетикалық аудандардан қоректенетін электр желілілерін ұйымдастыру үшін арналған.
Тұтынушы қосалқы станцияларлар бөлек территориядан энергиямен қоректенетін өнеркәсіп аудандары немесе басқа кәсіпорындарға арналған.
Тұтынушы қосалқы станцияларлар 4 түрге бөлінеді:
1. Аудандық қосалқы станциялар энергосистеманың құрамына кіреді және аудандарды қоректендіруге арналған.
2. Негізгі төмендеткіш қосалқы станциялар (НТҚС) - аудандық қосалқы станциялардан U=110, 220, 330 кВ кернеуімен қоректенеді. Тұтынушыларды U=6, 10, 35 кВ кернеуімен қамсыздандырады.
3. Цехтық трансформаторлық қосалқы станциясында - кернеуді 6 кВ-тан 0,4 кВ-қа түрлендіру жүріп жатады;
4. Терең енгізуші қосалқы станциясы (ТЕҚС). Терең енгізу деп - қоректеу жүйесін, қуатты жоғалтудың төмендеуі мен трансформациялау сатысының кемуін, тұтынушыға энергияны барынша жақындатуын айтамыз. ТЕҚС (Терең енгізуші қосалқы станциясы) айналу білдігін қоректендіру үшін қолданылады.
Келесі белгілеріне байланысты бөлінеді:
1. Қосалқы станцияның құралымының басты сұлбасының күрделілігі жоғарғы кернеу жағында. Қосалқы станцияның электр құралымының басты сұлбасы негізгі электр жабдығының, трансформаторлардың, желілердің, құрама шиналардың, жалғау олардың арасында орындалған коммутацилық аппараттар құрамын ұсынады. Мұндай сұлбалар бір желідегі орындалудың барлық элементтерінің сөндіру жағдайында орындалады.
2. Толық сұлба асқын кернеуден қорғау құралы, жоғарғы кернеудің жағында басты сұлбаларын, төменгі кернеудің тарату құрылғысының сұлбаларын құрайды (вентильді разрядтауыштар, асқын кернеуден қорғау ток шектеуіші, кернеу мен ток өлшеуіш трансформаторлар, статикалық конденсаторлардың батареялары, меншікті қажеттілік трансформаторлары (МҚТ), таратушы шиналар 6x0,4 кВ).
Қосу түріне қарай қосалқы станцияларлар келесі түрлерге бөлінеді:
Радиалды желіден қоректенетін тұйық қосалқы станцияларлар.

1- Сұлба Тармақты қосалқы станцияларлар (отпаечные подстанций)

2- Сұлба Өтпелі қосалқы станцияларлар, берілу желісіне қосылады немесе екі желілі бір жақты немесе екі жақты қоректеуге қосылады.

3- Сұлба Түйінді қосалқы станциялар, электр беріліске екі немесе одан да көп сәйкес келеді. Мұндай қосалқы станциялар жүйелі қосалқы станцияларға қарайды және аудандық қосалқы станциялардың рөлін атқарады.

Трансформатор санына қарай қосалқы станциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
- бір трансформаторлы;
- екі трансформаторлы.
Түйінді қосалқы станцияларға үш немесе төрт трансформаторлы қосалқы станциялар қолданылуы мүмкін.

1.3 Техникалық сипаттамалары бойынша таңдау.

Электр жабдықтарын таңдауда ескерілетін негізгі техникалық сипаттамаларға: климаттық орындалу мен орналастыру деңгейі, бөгде заттар мен судың (ерітінділардің) тиюінен сақталу деңгейі, қалыпты параметрлері (кернеу, ток, қуат, айналу жиілігі және т.б. ), қосымша сипаттамалары оталау қасиеттері, артық жүктелу қабілеті, қорғаныс сипаттары және т.б.
Климаттық орындалу мен орналастыру деңгейіне қарай таңдау - өндірістен шығарылатын электр жабдықтары арнайы бір климаттық аудандарға және белгілі бір орындарда орналастыруға ынғайланып жасалады.
Құрғақта, өзенде, көлде эксплуатациялауға арналған бұйымдар микорклиматтық аудандардың жағдайына қарай: У - бірқалыпты климатқа, ХЛ - суық климатқа, ТВ - тропикалық ылғалды климатқа, ТС - тропикалық құрғақ климатқа, Т - тропикалық құрғақ және ылғалды климатқа, О - барлық климат жағдайларына лайықталып жасалады.
Электр жабдықтарының аса қиын жағдайларда сенімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық (С) және химтұрақты (Х) түрлерін шығарады.
Электр жабдықтарының орналасу категориясын мынадай сандармен белгілейді: 1 - ашық ауада істеу үшін; 2 - ауаның температурасы мен ылғалдылығының ауытқуы ашық ауадағыдан аса айырмашылығы жоқ, жабық орында (палатада, машинаның қорабында (борт), тіркемеде, жылу оқшаулағышы жоқ, темірден жасалған бөлмелерде, сондай-ақ 1 - категориялы құрылым топтарында немесе жаппаның астында (бұйымға күн сәулесі, жауын-шашын тікелей әсер етпейтін) 3 - температура мен ауа ылғалдылығының ауытқуы, құм мен тозаңның әсері ашық ауадағыдан аз, климат жағдайлары қолдан реттелмейтін, табиғи желдетілетін, жабық орындарда істеу үшін, 4 - климат жағдайлары қолдан реттелетін жабық орындарда істеу үшін, 5 - ылғалдылығы жоғары орындарда жұмыс істеу үшін. ГОСТ 19348-74-ке сай, ауыл шаруашылығына арналған электр жабдықтары, климаттық орындауларында У жасалуы тиіс.
Қорғалым деңгейіне қарай таңдау - қызмет көрсететін адамдардың ток откізетін немесе электр бұйымдары тұрқының ішінде орналасқан, қозғалмалы бөліктерге жанасуын, тұрықтың астына бөгде қатты заттардың түсіп кетуі мен су өтіп кетуінен сақтау деңгейі ГОСТ 14254-69-та шартты түрде IP әрпімен және 2 санымен таңбаланады ( мысалы, IP 23, IP 54 және т.б.) , бұл таңбалар, бұйымның тұрқысына басылады немесе құжат мағлұматтарымен бірге кестелерде көрсетіледі.
IP-дан кейінгі бірінші сан, қызметкерлерді ток өтетін бөліктер мен қозғалып тұратын бөліктерге жанасудан, тұрықтың ішінде бөгде заттардың түсуінен қорғау деңгейін көрсетеді.

Бұл таңбалар былай таңбаланады:
0 - қызметшінің ток жүретін және қозғалып тұрған бөліктерге жанасу мүмкіндігінен және тұрықтың астына бөгде қатты заттың түсуінен қорғаныс жоқ.
1 - ток өткізетін немесе қозғалып тұрған бөлшекке дененің үлкен бөлігінің кездейсоқ жанасуынан қорғайды.
Бұл бөліктерге әдейі жанасудан қорғаныш жоқ. Тұрыққа диаметрі 52,5м-ден ірі зат түспеуі қорғалған.
2 - ток өткізетін және тұрықтың ішінде қозғалып тұрған бөліктеріне адам саусақтары кездейсоқ тиіп кетуінен қорғалады. Диаметрі кемінде 12,5мм бөгде қатты заттың жабдыққа тиюінен қорғайды.
3 - ток өткізетін немесе қозғалып тұрған бөліктерге сымтемірдің және соған ұқсас жуандығы 2,5мм заттардың жанасуынан қорғалған. Диаметрі кемінде 12,5мм бөгде қатты заттың жабдыққа тиюінен қорғайды.
4 - аспаптарға сымтемір және қалыңдығы 1мм асатын басқа бөгде заттардың тиюінен қорғайды.
5 - қызметші ток өткізетін немесе тұрықтың ішінде қозғалып тұратын бөліктерге жанасудан толық қорғайды. Жабдықтар зиянды шөгінділер мен тозаңдардан қорғалады.
6 - қызметшілер ток өтркізгіштерге немесе тұрықтың ішіндегі қозғалатын бөліктерге жанасудан және жабдықтар тозаңнан толық қорғалған.
Екінші сан жабдықтың тұрқының ішіне су өтуден қорғау дәрежесін көрсетеді және былай таңбаланады:
0 - жабық тұрықтың ішіне су кіруден қорғалмаған;
1 - жиналған су тамшыларынан қорғалған. Тұрыққа тігінен түсіп, жиналған су жабдыққа зиянды әсер етпеуі керек.
2 - су тамшыларынан қорғалған. Тұрыққа 15° көлбеулікпен түсетін су тамшылары, жабдыққа зиянды әсерін тигізбеуі керек.
3 - жаңбырдан қорғалған. Тұрыққа, көлбеулігі 60℃-ге дейін бұрышпен тиетін жаңбыр, жабдыққа зиянды әсер етпеуі керек.
4 - шашырайтын судан қорғалуы. Тұрыққа қай жағынан болса да, шашыраған су жабдыққа кері әсерін тигізбеуі керек.
5 - су ағынынан қорғалған. Жабдыққа ұштықтан қай бағыттан болса да, атқылаған су жабдықтардың стандартта көрсетілген жағдайдағы жеке түрлеріне зиянды әсер етпеуі керек.
6 - кеме палубасына тән әсерлерден қорғалған. Стандартта көрсетілген жағдайдағы, жабдықтың жеке түрлеріне, теңіз толқыны жауып кеткенде, тұрыққа су тимеуі тиіс.
7 - суға батырғанда қорғалған. Электр жабдықтарының стандартта көрсетілген кейбір түрлеріне қысым түскенде және уақыттың түсуіне қарай, тұрыққа су кірмеуі керек.
8 - электр жабдықтарының стандартта көрсетілген кейбір түрлерін суға ұзақ уақыт батырғанда стандартта көрсетілген қысым мөлшерінде қорғалған, су тұрықтың ішіне өтпеуі тиіс.
Кернеуі бойынша таңдау. Барлық ток тұтынушылардың ішінен кернеулері бірдейлері таңдалады ( қалыпты және желідегі). Кейбір жағдайда, электр қозғалтқыштарының іске қосылуын жеңілдету үшін орамды жұлдызша қосудан үшбұрыштап қосуға ауыстырады және осы мақсат үшін қалыпты кернеуі 660380В моторларды таңдайды.
Қуаты мен тогы бойынша таңдау. Электр моторларын олардың қалыпты қуатының Рн.д теңдігі және тұтынатын тогы немесе машинаның жұмысшы тетіктері Рм бойынша таңдайды. Мұнда электр жетегінің жүктелім диаграммасының сипаты маңызды болады. Ұзақ мерзім өзгеріссіз жүктелетін жағдайда, электр моторын таңдап алатын белгі физикалық қуаты болып табылады. Жүктелу уақытында қуаты аз өзгерсе, өзгеру еселігі 20%-дан аз болса, орташа қуаты бойынша таңдайды.Есептелген, баламалы қуаты бойынша жүктелу айнымалы болса, демек іс жүзінде, мотордың қызуына қарай, айнымалы жүктемеге пара-пар қуаты барын алады (бұл шартты орташа квадраттық қуат қанағаттандырады).
Машинаның есептелетін қуатын (іс жүзінде орташа, орташа квадрат) білгенде, каталогтан, электр мотордың стандарты бойынша ең жақын, қуаты артығын таңдайды.
Жалпы таңдау жағдайын былай өрнектейді:
Рнд=Рэм
Таңдап алған моторды артық жүктелу қабілеті, іске қосылу мүмкіндігі, қосу әрекеттерінің жиілігі бойынша тексереді.
Электр аппараттарын ( ажыратқыш, автоматты ажыратқыш пен магнитті қосқыш) бас түйіспелердегі ток жағдайы бойынша таңдайды:
Jні Jжұм
мұндағы Jні - аппараттың қалыпты тогы; Jжұм - жалғанған желінің жұмысшы тогы.
Сонымен қатар, аппараттарды қорғаныш құрылысының тогына қарай мына шарт бойынша таңдайды.
Jн.з.і.KіJжұм
мұндағы Kі - балқымалы қорғаныштың ( предохранитель) немесе қорғаныш қондырғының қалыпты тогының, қорғанылатын желінің жұмысшы тогына қатынасы.
Электр қыздырғыш қондырғыларды қуатына қарай таңдайды. Қажетті қуатты жылу баланстарының теңдеуі ( өрнегі ) немесе технологиялық процестері бойынша анықтайды.

1.4 Экономикалық белгілері бойынша таңдау.

Электр техникалық өнеркәсіп орындары сан алуан түрлі электр жабдықтарын шығарады. Оларды техникалық сипаттамасы бойынша таңдап, бұйымдардың бастапқы мағлұматтары бірдей бірнеше нұсқаларын табуға болады. Техникалық сипаттары бойынша таңдап алудың бірнеше шешімдері бар. Техникалық мүмкіншілігі бірдей электр жабдықтарының ішінен ең үйлесімді нұсқасын табу үшін экономикалық белгісін алады.
Таңдаудың оң немесе теріс салдары таңдалған электр жабдығының жұмыс қабілеті мен экономикалық көрсеткіштеріне ғана емес, нысанның электр тұтыну жүйесі мен технологиясының онымен байланысты элементтеріне де әсер етеді. Сондықтан экономикалық белгілері бойынша таңдағанда, І-Э-Т-Эқ жүйесінде қарастырылған элементтерді еске алу керек.
Жүйе элементтерін сипаттайтын бастапқы мағлұматтарды 4 топқа бөледі:
1 - электрмен жабдықтау жағдайы (электр тұтыну қосалқы станцияларының қуаттылығы, төменгі кернеу желілерінің электр өткізгіштерінің ұзындығы мен маркасы және т.б.);
2 - пайдалану жағдайлары жетектің арналымы, эквиваленттік қуаттылығы және машинаның жұмысшы тетігінің айналу жиілігі, тәулік және жыл ішіндегі жұмысбастылығы, бұзылу салдарынан бос тұру ұзақтығы, технологиялық зиян мөлшері және т.б.);
3 - тұрақсыздандыратын әсерлер (климат жағдайлары, қоршаған ортаның сипаты, апат жағдайларының жиілігі мен құрылымы және т.б.);
4 - техникалық эксплуатация көрсеткіштері (қызмет шығындары, бұзылу қарқыны, бұзылуды жөндеу ұзақтығы және т.б.).
Қорғау түрін экономикалық белгі бойынша таңдап алу.
Электр қондырғыларды апатты жағдайдан қорғау үшін әр түрлі құрылғыны пайдалануға болады. Мысалы, моторды артық жүктелімнен қорғау үшін жылулық қорғауышты, жапсарлас орнатылған температуралық қорғауышты, фаза сезгіш құрылғыны және басқа да аппараттарды пайдалану. Олардың қызмет мүмкіншіліігі мен құны әр түрлі. Экономикалық белгі бойынша таңдау құрылғыға шыққан қосымша шығын қорғалатын электр жабдықтардың күрделі жөндеу шығындары мен технологиялық зияндардың азаюы есебінен өтелуін көздейді.электр жабдықтарын пайдалануына қарай таңдап алғандағыдай, қорғаудың екі нұсқасы бойынша келтірілген шығын теңдеулерін жазамыз:
З1=ЕК1 +l1Кр1+У*+Зпр
З2=ЕК2+l2Кр1+У*+Зпр
Мұндағы Е - аударылған сомалардың жалпы еселігі, Е - 0,25...0,28; К1 ,К2 - қорғалу нұсқалары әр түрлі электр қондырғылардың құны, Х1 ,Х2 - салыстырып отырған қорғауларды пайдаланған кездегі бұзылу қарқыны, Кр - бір бұзылуды қалпына келтіруге кеткен шығын, У* - технологиялық шығынның салыстырмалы шамасы, Зпр - эксплуатациялаудың басқа шығындары.
Осы теңдеулерді моторды орнатылуы бойынша таңдап алғандағы әдіспен зеттеп, қорғау құрылғысын экономикалық белгі бойынша таңдау шартын табамыз.
К3Кд=(λ1-λ2)(1+У*)Е
Мұндағы К3, Кд- қорғау құрылғысы мен электр мотордың құны.
Сонымен, экономикалық тұрғыдан нақтылы салыстырмалы құны, шарттағыдай мүмкін шамадан аспайтын құрылғыны қолдану тиімді.
Талдау көрсеткендей, аса жауапты емес, электр моторының қуаттылығы 1кВт және одан жоғары электр жетектерінде (У*0,5) құны мүмкін шектен аспайтын қондырғыларды пайдалану экономикалық жағынан өзін ақтайды.

1.5. Қосылқы станцияның электр жабдықтарына қойылатын талаптар.

Осы Ережелердiң талаптарын ашық және жабық тарату қондырғылары мен кернеуi 750 кВ дейiнгi қосалқы станцияларын жинақтау кезiнде орындаған жөн. КРУ, КТП шкафтары, құрама камералар және ұяшықтар және герметикалық элегаз айырғыштары үшiн МСТ 12.2.007.4 ЕҚСЖ. Жинақты тарату қондырғылары және жинақты трансформаторлық қондырғылар, камералар. Бiржақты қызмет көрсету жинақтары, герметикалық элегаз тарату қондырғыларының ұялары. Қауiпсiздiк талаптары Тарату қондырғылары мен трансформаторларды МСТ тиiстi техникалық талаптарына сай жинақтау бұйымдарының көмегiмен орындаған жөн.
Тарату құрылғысы мен қосалқы станциялардың электр қондырғыны жинақтамас бұрын тапсырыс берушi:
- май құятын қондырғыны толтырып трансформатор, технологиялық қажеттiлiктердi ескере отырып, қосымша май алатындай болып;
- майды уақытша сақтай тұратын таза герметикалық ыдыстар;
- май құятын және өңдейтiн қондырғылар мен құралдар;
- әзiрлеушi кәсiпорынның техникалық құжатымен бiрге келетiн тексеру мен реттеуге арналған арнайы құрал мен тетiктер (жинақтау кезiнде) берiледi.
Жинақты тарату құрылғыларын жинақтау аяқталғаннан кейiн 1000 В дейiнгi кернеуi жағында қондырғылар мен шиналауды Төмен вольттi жинақты тарату және басқару құрылғылары. Толық және iшiнара сынақтан өткен құрылғыларға қойылатын талаптар МСТ 28668 сәйкес сынақтан өткiзу.
Электр аппараттарының түйіспелі өткiзгiштерiнiң бетi шиналарды, кабель ұштарын және т.б. жалғар алдында ерiткiш арқылы тазартылуы тиiс. Алюминий өткiзгiштiң түйіспелік бетiне тазаланғаннан кейiн жұқалап техникалық вазелин жағылады. Кабельдер мен сымдардың талшықтары түйіпелік өткiзгiштерге еркiн, керiлмей жалғануы тиiс.
Осы Ережелерде арнайы талаптары жоқ электр қондырғыларды жинақтау (электр сүзгілер немесе айырғыш-сақтандырғыштар) ЭҚЕ сәйкес жүргiзiледi.
Ашық және жабық тарату құрылғыларын шиналау
Тiкбұрышты қималы шина иiлiсiнiң iшкi радиусы:
- жазықтықтағы иiлуi - шинаның екi қалыңдығынан кем емес,
- қабырғыдағы иiлуi - оның енiнен кем емес.
Шинаның штопормен ию ұзындығы олардың енiнен екi есе кем болуы тиiс.
Қабырғасын иiу орнына шиналарды дәнекерлеу арқылы бiрiктiруге болады.
Шиналардың қосылған жерлердегi иiлуi түйіспелі бетiнiң шетiнен 10 мм аралықта басталу керек.
Құрастырмалы шиналардың бұрандалық қосылыстық түйістері оқшаулағыштардың бастарынан және тармақтану орындарынан 50 мм кем емес қашықтықта тұруы тиіс.
Аралық аппараттардың жалғануы бiр шинаның кесiндiсi арқылы (кесiлмеген) орындалуы тиiс.
Түтiкшелi шиналардың діріл мен ұзындық температурасының өзгерiстерiнiң орнын толтыратын құрылғысы болу керек. Аппараттарға жалғау учаскелерiнде шиналар горизонталь орналасуы тиiс.
Жұмсақ сымдардың жалғанған жерлерi мен тармақтары дәнекерлеу немесе баспақтау арқылы орындалуы тиiс.
Аралықтағы тармақтарды жалғау аралықтағы сымдарды үзбей жүргiзiлуi тиiс. Болт арқылы жалғау тек аппараттардың қысқыштары мен разрядтауыштарға, байланыс конденсаторларына және кернеу трансформаторларына, сондай-ақ алып-салмалы жалғанулар қолдану шиналарды қайта жинақтау үшiн көп жұмыс көлемiн қажет ететiн уақытша құрылғыларға апаратын тармақтарда рұқсат етiледi. Жұмсақ шиналар мен сымдарды электр қондырғыларына қосуды олардың ұзындықтарының температурасының өзгерiстерiн есепке ала отырып орындау керек.
Кедергiсi 1000 В ажыратқыштар, ажыратқыш-сақтандырғыштар, бөлгiштер және айқас тұйықтағыштар
Ажыратқыштар, ажыратқыш-сақтандырғыштар, бөлгiштер және айқас тұйықтағыштарды орнатып, жинап және реттеудi құрастырушы кәсiпорын-жасаушының нұсқауларына сәйкес жүргiзген жөн.
Ажыратқыштар, ажыратқыш-сақтандырғыштар, бөлгiштер және айқас тұйықтағыштарды жинап жинақтаған кезде:
- тіреу рамаларының горизонталь орналасуы,
- тiреу оқшаулағыштарының колонкаларының биiктiгi бойынша вертикальдығы және теңдiгi,
- түйіспелі пышақтарының бiлiктiлiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
Тiреу рамасының оқшаулағыштардың жиналған қалпақшаларының горизонталь осiнен ауытқуы, сондай-ақ түйіспелі пышақтарының горизонталь және вертикаль жазықтықтарда осьтерiнен жылжуы және түйіспелі пышақтарының шетжақтарының арасындағы жарық дайындаушы кәсiпорынның нұсқауларында көрсетiлген нормалардан аспауы керек.
Колонкаларды металл төсенiштердiң көмегiмен түзеуге болады.
Иінтіректі тартпаның штурвалы немесе тұтқасы 9-кестеде көрсетiлген қозғалыс бағытында болу керек (қосып айырған кезде.)
Тұтқаның бос жүрiсi 5 ° аспауы тиiс.
Аппарат пышақтары соққысыз және қисаймай кiрiп, қосқан кезде тiрелгенше 3-5 мм жетпей қозғалмайтын түйіспелі тура келуi тиiс (тура ортасына).
Жерге жалғау пышағының Қосылған Айырылған деген жағдайларында тарту күші мен иінтірек Өлi нүкте жағдайында болып, пышақтың бекітілуін төтенше жағдайларда қамтамасыз етедi.
кесте
Операциялар
Қозғалыс бағыты

штурвалдың
тұтқаның
Қосу
Айыру
Сағат тiлi бойынша
Сағат тiлiне қарсы
Жоғары немесе қарсы
Төмен немесе солға

Айырғыштың тартпасының түйіспелі блоктары блок түйіспелерін басқару механизмi әрбiр операцияның соңында жүрiстiң аяғына дейiн 4-10° қалғанда iстеп кететiндей болып орнатылуы тиiс.
Айырғыштары бар ажыратқыштардың, сонай-ақ жерге жалғау пышақтары бар ажыратқыштардың негiзгi пышақтарының блоктауы қосқыштың қосылып тұрған жағдайында және жерге жалғау пышақтарының қосылып тұрған жағдайында негiзгi пышақтардың ажыратқыштың тартпасымен операция жүргiзуге болмайды.
Шамадан тыс кернеудiң өспеуiне арналған разрядтауыштар мен шектеуiштер
Жинақтауға дейiн разрядтауыштардың барлық элементтерiн жарықтар мен фарфордың ұшқан ұшпағанын тексерiп, цемент жiктерде қаяулар мен жарықтардың жоқ екенiн тексеру қажет. Әзiрлеушi кәсiпорынның нұсқауларының талаптарына сәйкес токтың бөлініп кетуi және разрядтауыштардың жұмыс элементтерiнiң кедергiсi өлшенуге тиiс.
Разрядтауыштарды жалпы рамада жинаған кезде оқшаулағыштардың бiлiктiлiгi және вертикальдылығы сақталуы тиiс.
Жинақтау аяқталғаннан кейiн бағаналардағы сақиналық ойықтар тегiстелiп, боялуы тиiс.
Кернеу шамадан тыс көп болғанда қойылатын шектегiштердiң жинақтауы әзiрлеушi кәсiпорынның талаптары мен нұсқауларына сәйкес жүргiзiледi. Кернеу шамадан тыс көп болғанда қойылатын шектегiштердi электр тiзбектерiне жалғауға арналған бұрандамалар мен бұрмасұқпалардың тоттануға қарсы тұратын қасиетi болуы тиiс. Түйіспелердің мүмкiн болатын әлсiреуiне қарсы шаралар қолданылуы тиiс. Кернеудiң шамадан тыс өсуiн шектегiш жерге жалғау контурына ең қысқа жолмен қосылады.
Кернеудiң шамадан тыс өсуiн шектегiштердi пайдалануға беру және пайдалану процесiнде өткiзу тогiн өлшеу әзiрлеушi кәсiпорынның әдiстемесiне сәйкес жүргiзiледi.
Трансформаторлар
Барлық трансформаторларды оларды пайдаланудың белсендi бөлiгiн тексермей трансформаторларды тасымалдау мен пайдалану шарттарын бекiтiлген МСТ 11677 Күш беретiн қосалқы станциялар. Жалпы техникалық шарттарына сәйкес қосуға болады.
Трансформаторды белсендi бөлiгiне тексеру жасамай және қоңырауды көтермей жинақтау туралы мәселенi әзiрлеушi кәсiпорынның басжинақтау өкiлi, ал егер басжинақтаушы туралы келiсiмшарт болмаған жағдайда жинақтаушы ұйым 3.7.10.1 және келесi актiлер мен хаттамаларда көрсетiлген құжаттардың талаптары негiзiнде шешедi:
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр станциялары жайлы
Қосалқы станция электр жабдықтарына сипаттама
Қосалқы станция туралы түсінік
Электр монтаждау жұмыстары
Жылу энергиясы
Трансформаторлардың жұмыс істеу принципі
Бөлшектеу бөлімшесі
Электр энергияның тауар секілді ерекшеліктері және өндірілуімен байланысты мәселелері
Компанияда қолданылатын техникалық жабдықтар
Орал қаласының механикалық зауытының механикалық цехын электрмен жабдықтау
Пәндер