Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтау жүйесі



Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтау жүйесін жобалап жасау
және санын, олардың сақтандырғыштарын, кернеуді реттеу тәсілдерін және
реактивтік қуатын қалпына келтіру жүйесін таңдау қажет.
Мұнай өнеркәсібінің даму да энергетика саласының дамуына тікелей
байланысты. Мұнай өндіру, жер астына су айдау, ұңғылар арасында мұнай
айдау, мұнайды магистральді трубалармен тасымалдау барлығы қазір электрмен
жабдықталған.
Жер астымен мұнайды электр сораптарымен өндіру, сораптау өнімділігін
реттеу, автоматтандыру қазіргі таңда үлкен бағыттардың бірі болып табылады.
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіпшілігі - өнеркәсіптер ішіндегі ең маңызды
салалардың бірі болып табылады. Оның қарқынды дамуына біздің елімізде үлкен
көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай мен газ
кенорындарын пайдалану жеделдету қамтамасыз етілуде.
Бұл ұсынылып жатқан диплом жобасы кен орнындағы пайдалану шарттарына
сай , кенорындағы пайдалану әдістерінің бірі – бұрандалы сорап
қондырғыларын енгізудегі техника-экономикалық тиімділігін талдаумен
қорғауға арналған.
1. Кенорнындағы бұрандалы сорап қондырғыларының тарихы
30- жылдардан бері Франция және АҚШ- та жасалынып келе жатқан
Myano cораптары (Moyno) белгілі.
Moyno cораптары әртүрлі қолдануда жоғарғы өнімділік береді: бұранданың
уникальды принципі кең гаммалы сұйықтыққа Moyno cораптарының қажеттілігін
қамтамасыз етеді.Сораптың конструкциясы мұнайдың ауыр түрлерін берудегі
штангтағы үзілістерді төмендетуге мүмкіндік береді. Moyno cораптары еркін
фонтандаушы газды ұңғыларды сусыздандыруға ыңғайлы.
Сораптың қарапайым конструкциясы ішкі үйкелістердің төмен деңгейін
қамтамасыз етеді,ол өз кезегінде К.П.Д. ны қамтамасыз етеді.К.П.Д. ны
тереңдік штангалы сораптарға қарағанда 50% жоғарыда қамтамасыз етуі
мүмкін.Ұңғы ішіндегі және жерүстіндегі компоненттердің жинақтылығының
арқасында Moyno cораптарын қолдану ұңғы жабдықтарының шығынын қысқартуға
мүмкіндік береді.
Бірбұрандалы сорап (Moyno cорабы) екі винтті тісті винтті беретін
детальдан тұрады. Ротор – металды,шеңберлі көлденең профильді бір кірісті
бұранда түрінде. Статор – болат құбыр,ішінде резеңке обкладкасы бар
екікірісті көлденең кескінді беткі дөңгелек пішінді бұранда түрінде.
Клапанның жоқтығы машина сипатын кез – келген сұйықты жоғарғы мөлшерде
айдауға болатынын қамтамасыз етеді. Moyno cораптары қарапайым және жоғары
тұтқырлы сұйықты және ертінділерді үлкен қолданым табатын өнеркәсіптік
заттарды қотаруда қолданылады:олар тамақтан мұнай өндіруге дейін. ВНИИБТ-
ның Пермь филиалында батырылған штангалы бұрандалы сораптар үшін көпкірісті
негізінде біркірісті жұмыстылы органды сорапты секциялар жасалды,онда
металды ротор 1 ден 5 бұрандалы тістен тұрады.
Мультифазалы ертінді үшін бұрандалы сораптар жоғары тұтқырлы орта үшін
арналған. Айдалған ерітінділер 1 мм мөлшерлі абразиялық кірікпелерден тұруы
мүмкін. Берілген сорапты секциялар ағымды сызықтарды және химия
өнеркәсібінде дозатор ретінде қолданылуы мүмкін,мұнда араласатын
сұйықтардыңкөлемін нақты бақылау керек.

1. БҰРАНДАЛЫ СОРАПТАРҒА СИПАТТАМА

Бұрандалы сораптың жетек басы сораптық штангілердің ауырлатылған тізбек
жүктемесімен және өнімділігі жоғары бұрандалық сорап қондырғыларына
қойылатын талаптарға сәйкес керекті қуатпен жұмыс істеуге жобаланған. Ол
6800 кг (15 000 фунт) тіректі жүктемесіне, 750 айнмин жилікке және куаты
75 кВт (100 а.к) қозғалтқышка сай келеді.
Ол майланатын беріктілігі жоғары подшипниктермен жабдықталған. Кері
айналымды бақылау автономды автоматты гидро-жетекті дискілік тежегішпен
жүргізіледі.
Бос денелі жетекші білік варианты алты жақты жетек білігін қолданады,
ол тегістелген штоктың 1-14 немесе 1-12 диаметріне жалғанады. Алты жақты
жетек білігіне айналдыру моменті бос денелі жетек белгінің расточный алты
жағы арқылы беріледі. Жетек білігі жетек басының үстінен тікелей
орнатылады, сондықтан штангілер тізбегінің салмағы жетек басына қыстырма
арқылы беріледі. Жетекке қыстырма тірегін орнатуды реттеуге болады, ол БСҚ-
ын (бұрандалы сорап қондырғылары) дәл орнатуға керек. Сондай-ақ бұл реттеу
сальниктік қораптағы тегістелген штоктың ұзындығы бойынша бір қалыпты
тозуына мүмкіндік береді. Қуыс жетек білігі штангілерді жетек басы арқылы
көтеруге мүмкіндік береді, сонда ұңғы сальниктік қораптың нығыздамасын
бұзбай айналымдар жасай алады. БСҚ-ның статорынан роторды алған кезде
ұңғыны жаппауға мүмкіндік бар.
Үлкен ашылатын бронза төлке сальниктік қораптан төмен орнатылған, бұл
тегістелген штоктың тұрақтануына көмектеседі және нығыздаманың қызмет
мерзімін ұзартады. Ашылатын төлкені тегістелген штокты алмай-ақ ауыстыруға
болады.
Подшипник тұрқының сыртында орналасқан гидро- жетекті сорап жоғарғы
подшипникке жағымның берілуін және дискілі тежегіштің жұмысына қажет
қысымды қажет етеді. Төменгі екі подшипник май ваннасына батырылған.
Жағылатын май оңай алынатын стаканда сүзгіленеді. Қосымша ретінде
конденсатты ұстап қалатын су кетіретін сүзгі қолданылуы мүмкін. Майдың
толтырылу нүктесі және дренаждық тығыны алдыңғы бөлікте орналасқан. Үлкен
анық белгіленген сұйықты деңгей өлшегіш жетек басы жұмыс істегенде сұйықтың
деңгейін көрсетеді. Үлкен май ыдысы жағымның суытылуын және қызмет
мерзімінің ұзаруын қамтамасыз етеді.
Тізбек басының жиегі сальниктік қорапқа күтім көрсетуді оңайлатады.
Ілмек нығыздаманы ауыстырған кезде сальниктік қораптың қақпағын ұстап
тұруға арналған.
қораптар өзара ауыстырылатын сальниктік 1-14 және 1-12 тегістелген
штоктар сай келеді.
Жеті пішінделген манжеталардың жинағы аrаmid РТFЕ және графит
фибралармен бірге қолданылады, бұл абразивтермен, құммен ластанған
сұйықтарды манжеталардың тиімді жұмыс істеу мерзімін береді. Манжеталардың
үстінде орнатылған берік темір сақина тегістелген штоктың тұрақтануына
мүмкіндік береді.
Сальниктік қорап қақпағында дренаждық шлангке ¾ конустік құбыр каналы
арқылы сұйықтың тура өтуіне арналған монжета бар. Бұл ағындыларды жинау
үшін оператор сәйкесінше контейнерді орнатуы керек.
Дискілі үлкен сораптарды және сораптық штангалық жетектерін жоғары
куатпен басқару кезінде керек етілетін тежеу күшін қамтамасыз етеді. Үлкен
дискілік тежеу роторы ұзақ тежеуден пайда болатын жылуды барабандық немесе
сұйықты тежегіштерге қарағанда тезірек таратады.
Тежегіштер жетек басына орнатылады. Тежегіш колодкалары кен орнында
жеңіл ауыстырылады.
Тежегіштер жүктелу тоқтағанда автоматтты түрде қосылады. Тежегіштің
айналу моменті және кері айналу жылдамдығы жағдайларға байланысты оңай
реттеледі. Интегралдық үлгі блогында көптеген гидравликалық құраушылар бар,
сондықтан сыртқы сызықтар мен құраушылардың өлшемдері өте кішірейтілген.
Шаблондауға арналған екі шығыс майлау және тежеу үлгілерін тез тексеру үшін
жылдам ашылады.
Қозғалтқыш тұрқы қуаты 75 кВт (100 а.к) жиілігі 1160 айнмин электрлік
қозғалтқышқа жобаланған.
Тұтас білік тура гидравликалық жетек үшін қолданылуы мүмкін. Мұндай
қондырғыларда жетек сальниктік қораптан ажыратылуы мүмкін, сондықтан жетек
және тегістелген шток айналым үшін көтерілуі мүмкін.
Жетек үш жүк көтергіштігі жоғары подшипниктермен ұсталып тұрады
Төменгі екі подшипник маймен, ал жоғарғысы иілгіш жағыммен майланады. Тыныс
алу (толтыру) клапаны алдыңғы бөлікте ыңғайлы орналасқан. Визуалды деңгей
өлшегіш жетек айналған уақытта майдың дәл деңгейін көрсетеді.
Үш үлкен роликті подшипник тірек және радиал жүктеулерді қабылдайды
(тізбек салмағы және жетек белдіктерінің тартылуы). Барлық подшипниктер
майланады. Нығыздама монтаждары ауыстырылатын сақиналарда түсіріледі.
Тозатын сақиналар майдың жоғары сапасын сақтау үшін фосфатталған.
Жетек басының әрбір жағында тізбектің барлық салмағын ұстап тұруға
мүмкіндік беретін көтергіш серіппелер бар. Сальниктік қораптың сыртындағы
екі ойық сальниктік қорапқа күтім көрсетуге жақсы жағдай жасайды. Бұрандасы
2 78" немесе 3 12" жетек басы (үшы сыртқа шығарылған, ПАПА) фонтандық
арматураның үштігіне жеңіл орнатылады.
Қозғалтқыштың тұрқы тізбек басының фланеціне бекітіледі, бұл фонтандық
арматура үштігіне үлкен иілу күшін түсірмей Козғалтқыш салмағын ұстап
тұруға керек. Қозғалтқыш тұрқы тізбе басының бір жағындағы барлық
бұрандаларды қолданбай-ақ орнатылуы мүмкін.
Берік жабылған фитингті сырықтар қозғалтқыштың тірек плитасын босап
калудан сақтандырады, ол шкивтердің осінің ауытқуына әкелуі мүмкін,
қозғалтқышты орталықтандыру және белдіктерді тарту үшін бұрандалы келтіруді
оңай қолдануға болады. Белдіктерді реттеу және тартудың үлкен аралығы
белдіктердің бірнеше өлшемдерін қолдануға мүмкіндік береді.
Қозғалтқыш тұрқын қосымша тіректерді қолданбай-ақ көлбеу ұңғыларға
орнатуға болады. Реактивті айналдыру моменті тізбек басына беріледі,
соңдықтан жетек үштіктен бұралып шығып кетпейді, ал бұл басқа дизайндарда
шешуі қиын мәселе болып табылады.
Диаметрі 31.5 дейінгі жетек шкивіне қоршауды қолдануға болады.
Белдіктерді және шкивтерді шешпей-ақ қоршауға болады. Панельдің желдету
ұштығы белдіктерді суыту және олардың қызмет мерзімін ұзарту үшін ауаның
айналым жасауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, белдіктерді тез арада
визуалды қарап шығуға болады.
Қоршаулар цинктелген металл бетінен дайындалған және ұзақ мерзімді
эпоксидті праймермен және финишті эмаль жабындымен сырланған.

1 кесте -Бұрандалы сораптың техникалық сертификациялары

Көрсеткіштер Мөлшері
Тіректік (штангалар салмағы) күш, кг 6800 (І500 фунт)
Ең үлкен айналу жылдамдығы, айнмин 750
Тіректік подшипниктің жұмыс мерзімі, сағ 100000 (6200 кг, 500
айнмин бол)
Радиалдық подшипниктер (6800, 500 айнмин болғанда, жетек белдіктерінің
сәйкесінше тартылуында 73000-10000) сағ артық жұмыс істейді
Қоршаған орта температурасы -40о; +40о
Май ыдысының көлемі, л 5
Сүзгілеу қабілеті 10 микронға дейін
Тежеу күші, мкг (фут)фунд 150 (1100)
Қозғалтқыштың тірек NEMA стандартына сай келеді 284 ÷ 444 рам

1. Бұрандалы сорапты пайдалану алдындағы дайындық жұмыстары

Жетек басын және оның қоршауларын қабылдағанда барлық керекті бөлшектер
орнында екенін және бүлінбегенін білу үшін тексеріп шығыңыз. Соның ішінде
келесіні тексеріңіз:
• Салниктік қораптың дренаждық шлангасын.
• Тыныс алу қақпағын.
• Кронштейндерді және қоршау қондырғыларының бекітілуін.
• Алтыжақты білікті және ершікті.
• Гидро жүйенің және қоршауының бүлінуін.
Орнату. Пайдалану бойынша жалпы сипаттаманы қабылдап орнату жүргізуге
тырысыңыз. Бұрандалы сораптың жетек басын орнату үшін тек арнайы үрдістік
материалдарды қолданыңыз.
Орнату кезіндегі жалпы кезектілік мынадай: алдымен жетек басының
құрастырылуы жүргізіледі, одан кейін қозғалтқыш тұрқы және қозғалтқыштың
өзі құрастырылады, соңында шкивтер, белдіктер және қоршаулар құрастырылады.
Жетек басын тегістелген штокке кигізбес бұрын сальниктік қорап ішкі
диаметрі бойымен жақсьшап майланғанын және манжета майланғанын тексеріңіз.
Жетек басы. Тегістелген шток түзу болуы керек және тоттануы болмауы
керек. Кілттердің жырып кетуі және басқа бүлінулер сальниктік қораптың
істен шығуына алып келеді.
Жақсы өтуді қамтамасыз ету үшін тегістелген штоктың ұшына конустық
орнату құралын қойыңыз. Бұдан бас тарту манжетаның бүлінуіне жиі алып
келеді. Жетек басын көтеру екі ілмектің көмегімен жүргізіледі және
тегістелген шток арқылы түсіріледі. Жетек басы тендестірілген болуы керек.
Егер ол көтеру ілмектері алқасының орташа деңгейіне көтерілген болса, онда
ол тік жағдайда болады да тегістелген шток арқылы оңай түседі.
Фонтандық арматураның үштігіне бұрамас бұрын бұрандаларды майлаңыз.
Сальниктік қораптың қақпағын қолмен тартып қайтадан майлаңыз. Май кіретін
нүктеден тығынды алып тыныс алу клапанын орнатыңыз.
Қозғалтқыш тұрқы. Қозғалтқыш тұрқы тізбек басы фланецінде штифтпен
орнатылады. Бұл штифтердің ұзындығы бұранда гайканың астында да үстінде де
көзге көрінетіндей мөлшерде болуы керек.
Төрт штифті бұралатын орынға алып келіңіз. Тізбек басы фланецінің бетін
кедір-бұдыр ластану болмайтындай етіп тазалаңыз.
Мүмкін сіз электрлік қозғалтқышты тұрқына оны орнату алдына
байланыстырғыңыз келетін шығар, себебі үш нүктелі сорап көтеру үшін
қозғалтқыштың ілгегіне және тұрқының көтеру нүктесіне жалғануы мүмкін, бұл
құрастырманы тік ілуге мүмкіңдік береді.
Тұрықты (жақтауды) жетек басының артқы бөлігіне дейін көтеріңіз. Тізбек
басына орнату орнын ластанудан тазартыңыз. Тұрықты тізбек басының фланеціне
орнатып төрт кілттегі гайкаларды шамалы тартыңыз. Жетек басына тұрықтың
төбесін бекіту үшін төрт басы бар болтты (38" үзындығы ХЗ" ), гайкаларды
және жайпақ шайбаларды қолданыңыз. Жетек басының шамалы айналуы бөлшектерді
сұрыптауды кажет етуі мүмкін.
Тұрықтың төменгі бөлігінің және тізбек басы фланецінің дұрыс қойылғанын
тексеріңіз. Егер екі жақ толық байланыспаса гайкалар мен бағандарды тарту
алдында төсемдерді қойыңыз.
Шкивтер, белдіктер және белдіктердің қоршауы. Мүмкіндігінше жетекші
шкивті козғалтқышқа жақынырақ орнатыңыз. Сұраныс болса бұрандалы сорапқа
кері айналымды тежегіш орнатуға болады, ол арнайы құрылғымен моторға
қойылады.
Қозғалтқыштың орнатылу түріне байланысты жетекші шкивтің қойылуы
төмендегідей болады:
Тізбек басына орнатылатын қозғалтқыш тұрқы үшін жетекші шкив жетек
білігінде мүмкіндігінше төмен орнатылуы керек.
Жетекші шкивті жетекші білікте тендестіру үшін қозғалтқыш плитасының
табанында орналасқан екі ұзын болтты қолданыңыз. Дұрыстағаннан кейін
қозғалтқыш плитаға орнықты бекітілуі керек.
Шкивтердің дәл орнатылуын қамтамасыз ету үшін дұрыс жақты тік бұрышты
қолдану керек.
Белдіктер жинағын біліктерге орнатып дайындаушылардың нұсқауына сәйкес
тартыңыз.
Егер белдіктердің кейбіреуінде саңылау болмаса, онда төмен ойықты
белдіктер қолданыңыз. Тартылудың дұрыстығын, шкивтің айқасып кетпегенін
тексеріңіз. Шкив қондырғысын қайта тексеріңіз, егер ол қанағаттандырса
қозғалтқышты тарту бұрандалармен немесе кұлыпты гайкалармен немесе сырғу
беті бар ершіктермен жабыңыз.
Тізбек басына орнатылған қозғалтқыш тұрқы үшін белдік қоршауы.
Қоршаудың алдыңғы кронштейнін қозғалтқыш қондырғысының кронштейніне, сол
жақ және оң жақ кронштейндерді жақтаудың тік аяқтарына алып келіңіз.
Шкивтер арқылы артқы жағынан қоршауды жылжытып қоршаудың кронштейндерін
бекітіңіз. Кронштейндердің биіктігін қоршау бірдей ұсталатындай және
шкивтер айналасында бірдей саңылау болатындай етіп алыңыз. Қоршаудың
алдыңғы бетін кигізіп барлық бекітілуді тексеріңіз.

2. Бұрандалы сораптың жетек басын қосу

Майлау жүйесін және тежегіштерді өз деңгейінде тексеру үшін келесі
аспаптар жинағын алған жөн:
• Жылдам басылатын байланысы бар шкаласы 0-100 рsі (0-7 ат) манометр
"МАМА"
• Манометр 0-2000 рsі (0-141 ат) "БРС МАМА"
• Түсіру клапаны және шланг "БРС МАМА"
Манометрді (0-100 рsі) майлаудың тексеру тармағына G, ал 0-200 рsi
манометрді тежегіштің тексеру тармағына G2 орнатыңыз. Тежегіштердің қысымды
реттеу бұрандасы толық ашылуы керек. Қозғалтқышты қосыңыз-GІ нүктесіндегі
қысым өсуі керек, шамамен 40+-10 рsі (3+-0.8 атм). Бұл сорап сүзгіге және
майлау тізбегіне май бергенін көрсетеді. Тексеру үшін ВG тармағындағы
тізбектік фитингті ажыратыңыз-сұйықтың қалыпты ағысын көресіз. Егер
тасымалдау кезінде ағынды болса онда сүзгіні қайта толтырыңыз. Егер май
болмайтын болса, онда қозғалтқышты тоқтатып алғашқы қимылдарды қайталаңыз.
Майдың ағысын тексергеннен кейін манометрді G1 нүктесінен ажыратып төгу
клапанын орнатыңыз. Блоктан сұйықты баяу төге босатыңыз, сұйық ауасыз
шыққанда тоқтатыңыз. Клапанды жауып оны тармақтан алыңыз (сұйықты майдың
тыныс алу сапунына төгіңіз).
Жетек басын тоқтатып тежегіштердің жүргіштік сапасын тексеріңіз. Әдетте
тежегіштердің толық жұмыс істеуіне дейін 3-5 секунд өтеді.
Кері айналу жылдамдығы 100-200 айнмин болуы керек. Егер тексергіңіз
келсе жылдамдықты тахометрмен өлшеңіз. Ең үлкен және тұрақты тежегіш
қысымдарын жазып қойыңыз.
Тежегіш қимылын реттейтін клапан тежегіштер әлі реттелмеген алғашқы
кезде таңдалған аралықта кері айналу жылдамдығын ұстап тұру үшін орнатылуы
керек. Реттегішті бұрау тежегіш қысымын өсіреді және кері айналу
жылдамдығын азайтады немесе керісінше. Кері айналу жылдамдығын азайту
тежегіштің кызмет мерзімін көбейтеді.
Кері айналу жылдамдығы жетек тоқтағанша азая береді. Егер күтім жасау
жұмыстары күту мерзімін азайту үшін реттеу клапанын арнайы қолданған
жағдайда орындалса қол жұмысы керек емес.
Тежегіштің реттеу клапанына барлық керекті реттеулерді жүргізгеннен
кейін тежеу жүйесі орнықсыз жұмыс істесе, онда тежегіштерді және тежеу
тізбегін қайта жіберу керек.
Жетек басын қайта қосып, шамалы жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Сальниктік қорап жақсы майланғанын және қақпағы қатты тартылмағанын
тексеріңіз. Сұйықтың сальник қорабынан аздап ағып тұруына мүмкіндік
беріңіз. Ол сальниктерді майлап тұрады және қызып кетуден сактандырады.
Алғашқы үйкеліс кезінде сальниктік қорап айтарлықтай қызуы мүмкін.
Дренаждық шлангты байланыстырып сұйықты шелекке құйып алыңыз.
Жетек жұмысының орнықтылығын және подшипник корпусының температурасын
тексеріңіз. Гидравликалық тізбекте және фитингте ағындының бар-жоғын
тексеріңіз.
Қозғалтқышты қосыңыз. Егер уақыт болса кері айналым кезінде G2
тармағына төгу клапанын қойыңыз және бар ауаны қайта жіберіңіз, ол блоктың
жоғарғы бөлігінде ұсталып қалады.

3. Бұрандалы сораптарды пайдалану

Жетек басын пайдалану өндіру талаптарымен және скважиналық
сораптың сипаттамаларымен анықталады. Төмендегілерді күнде тексеріп тұру
ұсынылады:
- майдың деңгейін;
- сальниктік қораптан шектен тыс ағуы;
- белгісіз шулар мен катты қызуды;
Жетекті тазалықта ұстаса кез-келген ағындыны жеңіл табуға болады.
Ең алдымен сальникті қорапты майлап тұру керек (ондағы жаңа сальниктер
үйкелуі тоқтағанша). Одан кейін екі-үш күнде бір майлап тұруға болады.
Сальникті кораптың қақпағын қатты тартпаңыз. Егер өндірілетін сұйықтың аз
ғана мөлшері шығып тұрса бүл тегістелген майлануына көмектеседі және
сальниктік қораптың кызып кетуін болдырмайды.
Тұтқырлығы жоғары өндірілетін сұйық дренаждық шлангты бітеп қалуы
мүмкін. Дренаждық шлангты қысқа етіп кесу оны таза ұстауға көмектеседі.
Уақыт өткен сайын дискілік тежегіш қалыптарының тозуын тексеріңіз.
Қалыптардың жұмыс істеу ұзақтығы тежегіш циклдерінің жиілігінен және
санынан тәуелді болады. Тізбек басының лақтыру тізбегінде кері жіберу
клапаны қойылғаны жөн, кері жағдайда сұйық кері ұңғыға ағып кетуі мүмкін.
Өндірілетін сұйықтың тереңдік сорап арқылы кері ағуы жетек басының кері
айналуын туғызады.

4. Бұрандалы сорапты тоқтату және қайта жіберу

Жетек басын тоқтатқан кезде одан қауіпсіз қашықтықта тұрыңыз және
сораптық штангілер бұралуының нәтижесі ретіндегі алғашқы кері айналымның
тежелуін бақылаңыз. Сораптық штангілердің қалдық моменті тежегіштер іске
қосылғанға дейін жылдам үдеуді туғызады. Айналу жылдамдығы өндірілетін
сұйықтың кері тереңдік сорап арқылы қозғалуы есебінен сақталуы мүмкін.
Мұның ұзақтығы бірнеше фактордан тәуелді: сорап үстіндегі сұйық бағанынан,
сұйықтың тұтқырлығынан және сұйықтың газдануынан. Толық тоқтау алдында
жетек бірнеше рет тоқтауы және қайта бұралуы мүмкін.
Жетек басына күтім жасау жұмыстарына кіріспес бұрын кері айналымның
потенциалдық энергиясы жойылуы керек. Бұл ағымды реттеу клапанымен
жүргізіледі. Ол толық бұралуға керекті уақытты азайтуға көмектеседі. Кері
айналым жылдамдығы 200 айн мин мәнінен ұзақ уақытқа артық болуын
қадағалаңыз, себебі тежегіштер қызып кетеді де тиімділік төмендейді.
Реттеу клапанын қалыпты жағдайға қойыңыз және кері айналым біткеннен
кейін оны жуып қойыңыз.
Егер белдіктің қоршауы алынып тасталса тежегіш қалыптары роторды қысып
тұрмағанын тексеріңіз. Айналымға қарсы бағытта жетекші шкивті аз ғана
итеріңіз. Күтім жұмыстарына кірісу алдында жетек кері айналуға бейімі жоқ
екенін тексеріңіз.
Қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күштік электр жүктемесін есептеу
Кәсіпорынның энергетикалық балансына шығындарды жіктеу
КҮШТІК ЭЛЕКТР ҚАБЫЛДАҒЫШТАРДАН ЭЛЕКТР ЖҮКТЕМЕЛЕРІН АНЫҚТАУ
Жылыту және желдету
«Ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік жүйелері»
Аммиак - тоңазытқыш цехы
Электрмен жабдықтаудың аралас схемасы
Өндірістік практиканың басты міндеттері
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУДИТ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ
Энергияның индукциялық қабылдағыштары немесе реактивті қуатты тұтынушылар
Пәндер