Сәкен Жүнісов Жапандағы жалғыз үй романынының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері


Курстық жұмыс
Тақырыбы:Сәкен Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй» романынының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі . . . 5-11
1. 1. Соматикалық фразеологизмдер . . . 12-17
1. 2. Зооморфтық фразеологизмдер . . . 18-19
1. 3. Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер . . . 20-21
1. 4. Түр -түстік және сындық фразеологизмдер . . . 22-25
1. 5. Шығарма тіліндегі антоним, синоним, омоним сөздердің қолданыс ерекшелігі . . . 26-52
ІІ. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдердің қолданысы
2. 1. Теңеу . . . 53-60
2. 2. Эпитет . . . 61-65
2. 3. Портрет . . . 66-68
2. 4. Мақал-мәтел, кірме сөздер, көнерген сөздердің қолданысы . . . 69-89
2. 5. Метафора, метонимия, синекдоха . . . 90-97
Қорытынды . . . 98
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 99-100
Кіріспе
Лексикология - сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Тілімізде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығы лексика немесе сөздік құрам делінеді. Лексикология тілдің сөздік құрамын тексеретін ғылым болып табылады.
Лексикологияның зерттейтін обьектісі-сөз. Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың қимыл, түр-түстің және тағы да басқа ұғымның атауын сөз дейміз. Сөз белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың барлығына бірдей ортақ түсінікті болып табылады. Адам өзі түсінген, таныған заттарына, ұғымдарына, атау тағады, оны күнделікті тұрмыста қарым-қатына жасау, пікір алысу үшін қолданады.
Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді.
Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Р. Сыздық, Т. Жанұзақов, Ғ. Қалиев, Б. Хасанов, К. Хұсайын, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.
Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан қарастыра отырып, әр халықтың өткен тарихымен де байланыстырады. Нақтылып айтқанда, тіл құбылыстарын диахронды және синхронды тұрғыдан зерттейді. Лексикология тіл білімінің фонетика, грамматика, сияқты салаларымен тығыз байланысты.
Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады.
Курстық жұмыс тақырыбы - Сәкен Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты - Сәкен Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй» романы тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, синоним, омоним, антонимдердің қолданылуын және көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, метафора, кейіптеу, метонимия, синекдоханың шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері :
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;
2) Шығармадан синоним, антонимдерді, омоним сөздердің стильдік ерекшеліктерін табу;
3) Шығармадан эпитет, теңеу, синекдоха, метафора, метонимия тағы басқа көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып талдау, ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың нысаны - Сәкен Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй» романы
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
- Шығармада теңеу, фразеологизм, мақал -мәтелдердің көп қолданылуы.
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің зерттелу жайы
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы дегенді, екіншісі- бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімінің фразеология саласы зерттейді.
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990ж шыққан «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» фразеологизмге мынадай анықтама берілген: «Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және мағыналық байланыста қолданылады»
Фразеологизмдер сөйлеу және жазба тілде бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарласу, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына әсер ету мүмкіндігіне ие болатын бірліктер ретінде танылады.
Фразеологизмдердің мұндай ерекше қасиетіне қазақ тіл білімінде І. Кеңесбаев назар аударған. Ғалым І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің « Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы » атты бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологимдердің теориялық мәселелерін жан- жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан. Фразеологизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы бірінен ап- айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады. Зерттеушілер бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара қатынасына қарай жіктеп бөлсе екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Орыс тілі білімінде академик, В. В. Виноградовтың классификациясын негізге алып бөледі.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық . Бұл топқа фразеологизм құрамындағы сөздер бір -бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымымен беретін мағынасына ой жіберсек, оларды құрастырушы сөздердің бірде-бірінің лексика-семантикалық мән мағынасына ешбір қатысы болмай, мүлде басқаша мағынаны білдіреді. Құрамындағы сөздердің мағыналық жігін ажыратуға болмайды.
Фразеологиялық бірлік. Мұнда да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыспалы мағынадан қолданудан шығады. Кейде фразеологиялық тұтастық пен бірліктің арасында айырмашылық байқалмай тұратын фразеологизмдер бар. Фразеологиялық т ұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тізбектерден өздерінің семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгешеленеді.
Фразеологиялық тізбек . Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шыққан. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылғанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Фразеологиялық тізбектердің құрамындағы сөздердің образды мағынада жұмсалуы олардың теңеу, салыстыру сияқты көркемдік мағынада айтылуына байланысты. Алайда ауыспалы мағынада аталған тұрақты сөз тіркестерінің бәрін бірдей фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды.
І. Кеңесбаев фразалық тұлғалардың басты үш белгісіне сүйене отырып, қазақ тілінің құрамындағы фразеологизмдерді үлкен екі топқа: фразеологиялық түйдектер, фразеологиялық тіркестер деп бөледі. Және дәстүрлі термин атауларына сай фразеологиялық түйдекке идиом сипатындағы фразеологизмдерді жатқызады. Ал фразеологиялық тіркестердің өзін екіге бөліп:
- түйдек тіркеске-оған әуел бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада ұолданудан туған, әрі о бастағы мағынасы жоғалмаса да көмескіленген деп айтады.
- түйін тіркескеәуел бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада қолданылатын, бірақ ФТ сыңарларының бастапқы мағынасы көмескіленбей әнтек солғын айтылады деп, мынадай мысалдарды келтіреді.
[Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» 99, 104-бет] .
Қазақ фразеологиясының теориялық мәселелеріне арналған зерттеулерде көрініс тапқан фразеолгизмдерді сөз табына топтастыру туралы пікірлерде негізінен бірізділік байқалады.
Ә. Қайдар, Р. Жайсақовалар фразеологизмдерді сөз табына қатысына қарай 5 топқа бөледі.
- Есімді фразеологизмдер
- Етістікті фразеологизмдер
- Одағай түріндегі фразеологизмдер
- Адвербиальді түрдегі фразеологимздер
- Сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер
Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаевтар қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан
- Етістік мағыналы фразеологизмдер
- Сындық мағыналы фразеологизмдер
- Заттық мағыналы фразеологизмдер
- Үстеу мағынасындағы фразеологизмдер деп бөледі.
Зерттеуші-ғалым С. Е. Қалиева лингвист ғалымдар пікірлерін саралай отырып проза тілі фразеологизмдерін төмендегідей стильдік қабаттарға бөлген:
- жалпыхалықтық тіл фразеологиясы;
- әдеби (нормаланған) тіл фразеологиясы. Осы екі үлкен топқа бөлінген фразеологизмдердің арасына қатаң шекара қоюға болмайды. Себебі, көркем әдебиет тілінде кейіпкер бейнесін ашуда екі топтағы фразеологизмдер де тең қолданылады
Фразеология лексикологияның аясында қарастырылып, оқытылып келе жатқандықтан, көп жағдайда бұл пәннің фразеологиялық бірлік деген терминінің аты аты өз затына сай түсіндірілмей келеді. Бұл ретте лексикалық бірлік қандай тілдік теориялық зерттеуге лайық және қажет болса, фразеологиялық бірлік те сондай ғылыми зерттеуге лайық және тұлғалық, мағыналық ерекшеліктеріне қарай тың тұжырымдарға сұранып тұрады.
Профессор Ф. Ш. Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында фразеологизмдерге анықтама беріп өтеді. Фразеологизмдер- тіл иесі халықтың күллі дүние-ғалым жайлы ұғым- түсініктерінің, өзін қоршаған шындық болмысты тұтастай қабылдауының, мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тіл- тілде өзгеше өрілетін ғаламның тілдік бейнесін, яғни дүниенің тілдік суретін жасауға қатысатын әсем де әсерлі сөз өрнектері, тілдік метафоралық композициялар. Ғаламның тілдік бейнесі, дүниенің тілдік суреті- белгілі бір халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық-мәдени тәжірибесінің, әлем жайлы білімінің сол халық сөйлейтін тілде көрініс табуы, бейнеленуі, шегенделіп бекітілуі.
Академик Ә. Т. Қайдар лексикалық немесе фразеологиялық бірліктердің ішкі формасы, яғни «екінші деңгейдегі» мағыналарын этнолингвистикалық мағыналар деп атаған.
Қазақ тілінің лексикология саласының мамандары Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы фразеологияның шығу арналарын бөліп қарап, олардың негізгелері деп төмендегі құбылыс, ұғым, түсініктерді атап көрсетеді. «Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі болған. Мысалы, Жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты ) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп, арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты шыққанмен, қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, қайта жасалынып, адамға байланысты айтылады . . . Сол сияқты т. б. фразеологизмдердің жасалуына да, сөз жоқ, адам ойында қорытылған. Құбылыстардың нақтылы себеп болғандығын танып білуге болады »
Фразеологизмдерді топтау мәселесі І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Ә. Т. Қайдаров, Р. Жайсақовалар қазақ фразеологизмдерінің құрамдық сипатын ашып, семантикалық-тақырыптық аясын белгілеп, топтастыру принциптерін айқындайды.
Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алады.
Бірінші бағыт - қазақ фразеолгизмдерін таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зертеу. Бұл бағытта қазақ тіл білімінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әсіресе фразеологизмдерді лексикографиялық өңдеуден өткізудегі І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Ә. Қайдаровтың «Мың әсерлі де бейнелі орамдар» сияқты еңбектерде көптеген фразеологизмдер этимологиялық тұрғыдан талданып, олардың құрамындағы мағынасы күңгірттенген, тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сөздердің мән-мағынасы ашылды.
Қазақ фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт - қазақ фразеологиясында қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін болмыс, бітімі, құрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдердің салғастыра зерттеу ісі. М. Х. Абилғалиева, М. А. Сыздықова, М. А. Жақсыбаева, М. Р. Есімжанова, т. б зерттеулерінде тіларалық фразеологиялық сәйкестіктерді айқындау, интернаионалдық фразеологиялық қорды анықтау, салғастырылушы тілдер фразеологиясындағы ұқсас тұстар мен өзіндік ерекшеліктерді сралау және ұқсастықты тудырушы факторларды айқындау мәселелері көрініс тапты. Бұл бағыт- Ғ. Сағидолланың еңбегінен басталады.
Қазақ фразеологиясындағы үшінші бағыт - фразеологиялық бірліктерді когнитивтік, этнолингвистикалық, лингвомәдениттанымдық, психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Академик Ә. Т. Қайдар, Ж. Манкеева, С. Сәтенова, Б. Ақбердиева, Ш. Сейітова сияқты тілші мамандардың зерттеулері белгілері бір этногенетикалық қауымдастықтың ақиқат турасындағы таным- түсінігін, ментальді әлемін, ғасырлар бойы үзіліссіз жалғасқан ұжымдық тәжірибесін, рухани және материалдық мәдениетін тілі арқылы танып білуде аса маңызды.
Ғалым Мамаева Мәкен Қасымбайқызының 2004 «Фразеологизмді сөз тіркесі» атты диссертацияның авторефератында «Фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылды». Қазақ тіліндегі қос тағанды фраеологизмдердің тілдік табиғатын зерттеген пров. С. Сәтенова мұндай фразеологизмнің синтаксистік сипатына арнайы тоқталып, сөз тіркесі құрылымды ҚТФТ, сөйлем түріндегі ҚТФТ деп бөліп қарастырады. Проф. І. Кеңесбаев «Фразеологизмді сырт сиқына қарап, яғни белгілі бір қосымшаларды бойына дарыту қалпына қарап, синтаксистік қызметі мен фраеологизмнің мағынасынан бойды аулақ сала талдасақ, формаль тұрғыдан еркін тіркесте болатын барлық белгілерді табуға болады», - деп айтқанымен синтаксистік жағынан қарастырмайды. Бұл айтылған пікір негізінен фразеологизмнің ішкі құрылымына қатысты түсініліп, фравеологизм жайлы зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардығ көбі осы негізде оның ішкі байланысу тәсілін сөз етеді. Фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылды.
Х . Қожахметова тұрақты тіркес сөйлемнің барлық мүшесі бола алатынын мысалдармен дәлелдесе, Н. Қошанова бұл мәселе бойынша арнайы еңбек жазып, тұрақты тіркестің сөйлем мүшесі болуы-сөйлем аясының кеңеюінің бір жолы деген тұжырымдама жасады. Ғалым атаулық және фразеологиялық тіркестердің грамматикалық байланысу жолдарында да өзгешеліктер бар екенін атап көрсетеді: «Фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздер қазіргі синтаксистік байланыс тәсілдерінің қай-қайсысы арқылы болса да байланысып, өз ішінде сөйлемнің барлық мүшесі бола алады. Ал атаулық тіркестерде ондай универсалдық, жан-жақтылық жоқ. Ғалым тұрақты тіркестің өзін екі топқа бөледі: фразеологиялық тұрақты тіркестер және атаулық тұрақты тіркестер деп бөледі. »
Ғалым Оспанова Фарида Амирбекқызының 2006 ж «Фраеологизмдер уәждемесінің лингвомәдени аспектісі» атты диссертациясының авторефераты. Фразеологизмдердің зерттелу тарихы тым әріден басталғанымен ішкі мазмұнын анықтауда уәж, уәжділік, уәжділік арақатынасы, байланысы төңірегіндегі мәселелер әлі де теориялық тұрғыдан кешенді зерттеуді қажет етеді. Фразеологимздер құрамындағы компоненттердің бірнеше мағыналарының ішіндегі негізгісі деп танылған білгісі халықтың өмірінен, қалыптасуына уәж болады. Фраезологизмдердің қалыптасуына қарай да бірнеше топқа бөлінеді: әдет-ғұрып, наным-сенімге орай; тарихи кезеңдер мен тарихи тұлғаларға байланысты; жан-жануарларға байланысты; түр-түске қатысты; адамның дене мүшелеріне қатысты; теріңдік өлшемдеріне қатысты; уақытқа байланысты т. б. Фразеологизмдердің мағыналық құрылымын терең зерделеу, уәжділік тұрғысынан қарастырып, оларды құрастырушы сыңарлардың қаншылықты дәрежеде уәжділіктің қатысы бар деген мәселелер арнайы зерттелмеген.
Ғалым Қалиева Самал Ерболқызының 2007«Көркем прозадағы фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері» атты авторефератында фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктеріне тоқталады.
«Фразеологизмдердің кейіпкер бейнесін берудегі тілдік-бейнелілік қызметі» атты тараушада қаламгердің қуатты сөз өрнегін кейіпкер бейнесін ашуда қалай қолданылатыны туралы айтылады. Тіліміздегі фразеологизмдер бояуының ерекшелігімен, ұлттық колоритімен кейіпкер бейнесін жан-жақты көрсетуге зор мүмкіндік береді. Бұл орайда фразеологизмдерді шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.
- фразеологиздердің кейіпкерге мінездеме беруде қолданылуы;
- фразеологизмдердің кейіпкердің ішкі психологиялық жағдайын беруде қолданылуы;
- фразеологизмдердің кейіпкер портретін беруде қолданылуы;
- фразеологизмдердің кейіпкердің нақтылы қимыл-әрекетін беруде қолданылуы.
Ержанова Зохре «Қазақ қолөнеріне байланысты фразеологизмдердің этномәдени аспектісі» 2010 атты авторефератының «Қазақ қолөнерімен байланысты қалыптасқан фразеологиздердің этномәдени негіздері» деп аталатын бірінші тарауында қазақ тіліндегі фразеологизмдердің зерттелу жайы мен қазіргі бағыттары, фразеологизмдерге ұйытқы болған атаулардың бірнеше ғалымдар тоғысында зерттелуі, кәсіби фразеологизмдердің қалыптасу арналары сөз болады. Ғалым фразеологизмдерді
- Тас өңдеу өнерімен байланысты қалыптасқан кәсіби фразеологизмдер
- Ағаш өңдеу өнерімен байланысты қалыптасқан кәсіби фразеологимздер
- Үйге қатысты фразеологизмдер
- Киіз үйдің құрамдас бөліктеріне қатысты фразеологизмдер
Ғалым Кәріпжанова Айнұр Оралқызының 2010 жылы жазылған «Фразеологиялық коннотация прагмастилистикасы» атты кандидатық диссертацияның авторефератында «Фразеологизмдердің негізгі және орныққан, жүйеге енген қасиеттері -бейнелілік болуы немесе стилистикалық коннотация құрауы прагмастилистикалық мақсатқа сай үйлеутіруінде. Фразеологиялық тіркестер автордың ойын мәнерлі түрде жеткізу үшін жұмсалатын әсерлі, бейнелі сөздер жиынтығы. Фразеологизмдердің шығарма тілінде өзгеріске ұшырауы автордың өзіне тән стилі әрі көркем тілдің аясының емін-еркін екендігін көрсетеді. фразеологизмдер көркем әдебиетте эмоционалды- экспрессивті әрі прагматикалық қызмет атқарады. Профессор Г. Қосымова: «Поэтикалық тіркестерде адамның түр-тұрпатын, ішкі дүниесін, затты, құбылысты ерекше түрлендіріп, жұтындырып, құлпыртып бейнелейтін бөлекше қуат-нәр болады», -дей отырып, поэтикалық фразеологизмдер эпитеттерден, метафоралық тіркестерден, теңеулерден жасалатынын айтады және мұндай фразеологизмдер көріктеуші бейнелі тәсіл, көркемдік нәр беру, эмоциялық уыттылық таныту үшін алынатыны, олардың әрқайсысының астарында жасырын қосымша мағына және прагматикалық бағдар жататынын тұжырымдайды» деп жазады.
Ғалым Қалыбаева Қаламқас Сейдуллақызының 2010 «Салыстырмалы түркі фразеологиясы» атты докторлық диссертацияның авторефератында «Жалпы тілдегі фразеологизмдерді мағыналық тақырыптық жағынан топтастыруда қатып қалған белгілі жүйе жоқ. Олай болуы заңды да. Бұл арада біз зерттеуші Г. Смағұлованың «Фразеологизмдер сөздер сияқты тіршіліктің барлық саласын қамти алмайды, ол тек өз өрісінде өз жағдайында құбылыстар мен заттар, адамның көңіл күйін эмоционалдық экспрессивтік бағалауда образды елестетумен, туынды номинация жасаумен шектеледі»деген пікіріне қосыламыз»-деп жазады.
Ғалым Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызының 2010 «Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер» атты докторлық диссертацияның авторефератында «Қазақ тіл білімінде араб, парсы тілдерінен енген кірме фразеологизмдерге арналған арнайы зерттеулер болмағанымен, кірме бірліктерді лексикалық деңгейде қарастыру түркологтер мен қазақ тілі мамандарының үнемі назарында болды. І. Кеңесбаев калька тәсілмен жасалған фразеологизмдердің зерттелмегенін айта келіп, фразеологизмді әрі синхронды, әрі диахронды тұрғыдан қарстыру міндетін қойған болатын. Сонымен бірге ғалым бірқатар фразалардағы араб, парсы сөздерін түсіндіру арқылы, рухани, мәдени байланыс нәтижесінде тілге енген кірем сөздерді, мағынасы ескіре бастаған фразалардың сыңарларын таратып талдап берудің тіл мәденитеі үшін аса қажет екенін ескерткен еді.
Жазушы С. Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін фразеологизмдер:
1. 1. Соматикалық фразеологизмдер:
1. Жаңа ғана күліп, бипаздап сөйлеген Қарасай да Райханды көргенде тілі күрмеліп , тап алдынан аяқ-қолына жан біткен тірі аруақ шыға келгендей әп-сәтте өңі өзгеріп кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 10 бет) .
Тілі байланды, тілден қалды, тіл-жағы байланды, тілі күрмелді
Қорыққаннан, науқастан, еріксіздіктен, т. б. сөйлей алмай қалды [ҚТФС, 718 бет] .
Сөлей алмай қалды мағынасындағы « тілі күрмелу » тұрақты тіркесі бұл сөйлемде, таңырқай қарап тілінің байланып сөз таппай қалу мағынасында қолданылып тұр. Мұндағы тілі күрмелу фразеологизмі сөйлемнің мағынасын ашуда жазушы тарапынан ұтымды берілген.
2. Хат танитын ғана шала сауатты болғанымен, көкірегінде саңылауы бар, әр нәрседен хабардар Оспан көп ұзамай-ақ оны игеріп кеткен(«Жапандағы жалғыз үй», 19 бет) .
3. Қонақтар көп қинап, қолқа салмай-ақ өзінің күндегі айтып жүретін өлеңдерін мұрнынан тізіп ағыта жөнелді(«Жапандағы жалғыз үй», 21 бет) .
Мұрнынан тізді кекесін. Ештеңені қалдырмай қамтыды, тізбектеді [ҚТФС, 521 бет] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz