Жазушы Бауыржан Момышұлының ‟Ұшқан ұя повесі тілінің лексика - фразеологиялық ерекшелігі


Курстық жұмыс
Жазушы Бауыржан Момышұлының ‟Ұшқан ұя” повесі тілінің лексика - фразеологиялық ерекшелігі”
Мазмұны:
КІРІСПЕ . . . 3-4бет I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1. 1. Антоним, омоним сөздердің қолданысы . . . 4-14бет
1. 2. Фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 15-21бет
1. 3. Эмоционалды-экспрессивті сөздердің қолданысы . . . 20-25бет
ІІ. Шығарма тіліндегі көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің ерекшілігі
2. 1. Теңеу . . . 26-29бет
2. 2. Эпитет . . . 30-32бет
IIІ. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі
3. 1. Шығармадағы мақал-мәтелдер . . . 33-34бет
3. 2. Авторлық афоризмдер . . . 35-36бет
3. 3. Портреттің шығарма тіліндегі көрінісі . . . 37-40бет
3. 4. Пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі . . . 41бет
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 43-44бет
Кіріспе
Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму шеңберi бiрде кеңейiп, бiрде тарылып отырады. Бұл заңды өзгерiстер тiлдiң барлық категорияларын өз iшiне алады. Бiрақ қандай өзгерiс болмасын, тiл қалай дамымасын, ол өзiнiң адамдар арасындағы қатынас құралы ретiндегi қызметiн өз дәрежесiнде атқара береді. Әсiресе, егемендiк алған көптеген халықтардың әдеби тiлдерiнiң бүгiнгi кемелденген кезiнде тiлдiң атқаратын қызметi орасан зор, себебi тiл неғұрлым кемелденген болса, тiл мәдениетi, сол тiлдi дүниеге келтiрген халық менталитетi де соғұрлым жоғары болмақшы.
Тіл - адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол - адамзат арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал.
Лексикология - (гр. leksikos - сөз туралы, logos - ілім) сөздерінен құралған тіл білімінің сөздік құрамын, тілдің лексикасын зерттейтін сала. Сөздік құрамға байланысты лексикологияны қарастыратын тілдің негізгі бірлігі ретінде көрінетін сөз мәселесі. Қазақ тілінің лексикологиясы қазақ тілінің сөздік құрамын тексеретін ғылым. Лексикологияны жете түсіну үшін оның нысаны болып табылатын сөздік құрам тұтас бір бүтін жүйе ретінде қаралуға тиіс. Лексикология тілдегі сөз қорының мынадай жақтарын зерттейді: сөзге қатысты мәселелер; лексикалық бірліктердің түрлері; сөз қорының құрылысы; лексикалық бірліктің қызметі; сөз қорының дамуы мен толықтырылуы; Лексикология сөздердің ірі топтарын да өрісті зерттейді деп ғалым Болғанбаев көрсетіп кеткен болатын [1, 3бет] .
Курстық жұмыс тақырыбы - Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты - Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, мақал-мәтелдердің қолданылу ерекшелігін, синоним, омоним, антонимдердің қолданылуын, көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, метонимия, синекдоханың шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері :
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;
2) Шығармадан мақал-мәтелдердің қолданыстарын анықтау;
3) Шығармадан синоним, антонимдерді стильдік ерекшеліктерін табу;
4) Шығармадан эпитет, теңеу, синекдоха тағы басқа көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып, талдау, ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың нысаны - Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
- Шығармада мақал-мәтелдердің аз қолданылуы.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1. 1. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы
Антонимдер
Ғалым К. Аханов антоним туралы былай деген : «Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Антонимия құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, өрісі тар болады» [2. 174б] .
Лексиколог ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев былай дейді: «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады» [1. 117б] .
Зерттеуші ғалым К. Қ. Есіркепова өзінің ‟1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде) ” атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. Белгілі сөз зергері Ғ. Мүсірепов ‟Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Біріне бірі жарығын түсіріп тұратын сөздерден құралған сөйлем айтайын деп тұрған ойыңды оқушыға дәл жеткізеді. Бұл арада ерекше ескертетін бір нәрсе - әр сөздің ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы, ең алдымен арман осында” деп айтқан болатын.
‟Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын - жазушылар өзара қарама - қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама - қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.
‟Жан - жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр түрлі мақсат - мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануға болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты кедей емес екендігін байқаймыз”. Антонимдердің әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежелері әр басқа. Жеке тұрғанда барлық стильдік аяларды қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдану - барлық стильде бірдей дәрежеде емес. Антонимдерді поэзия тілінде қолданудың маңызы ерекше. ‟ Өйткені, тіліміздегі осы қарсы мәнді сөздерді ақын, жазушылар өзара қатар алып, шығарма тілінің көркемдігіне жұмсайды” [3, 26 - 27 бет] .
Ғалым К. Аханов ‟Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама - қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір - бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық - айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді” деген [3. 29 - 30 бет] .
Шығармадағы антонимдер қолданысы:
Шығармадағы зат есімге тән антонимдер:
- Ағайын-туған арасындағыалыс-беріс, көрші-қон мәселесі, ас-той, дау-дамай - бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген [«Ұшқан ұя», 9- бет] .
Алыс-беріс . Ауыс-түйіс, алым-берім [ҚТТС; 44 б. ] .
Сын есімге тән антонимдер:
- Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы, шынайы сезімменазаматтық тұрғысындағы жан баурайтын аңыздарды айтқан; неніңжақсы, нежаманекенін, нені сүйіп, неден аулақ жүру керектігін үйреткен [«Ұшқан ұя», 26- бет] .
Жақсы . Жаман емес, оңды, тәуір [ҚТТС; 252 б. ] .
Жаман . Сапасы төмен, жақсы емес, әсіре нашар [ҚТТС; 261 б. ] .
- Бұл ендіоңды-солыңдытани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есептесер, ақыл бөлісер кезең келді деген сөз [«Ұшқан ұя», 28- бет] .
Оңды - солы . Жақсы-жаманды айырды [ҚТТС; 634-б. ] .
- Жаппар ием жарық дүниені, Күн мен Айды, жарық пен қараңғыныжаратарда, күнге, аптаға, айға және жылға ат қоюды ұмытып кетіпті [«Ұшқан ұя», 29- бет] .
Жарық . Қараңғы емес, жарқыраған, ашық [ҚТТС; 274 б. ] .
Қараңғы . Қараңғылыққа шомған, түнек [ҚТТС; 482 б. ] .
- Ақыры дүниенің сапырылысқаны сонша, тіптен кімніңүлкен, кімніңжасекенін ажыратудан қалыпты [«Ұшқан ұя», 29- бет] .
Үлкен . Ауыс. Бұрын туған, жасы артық [ҚТТС; 870- б. ] .
Жас . Жаңа өсіп келе жатқан жасөспірім [ҚТТС; 276- б. ] .
- артық, - деп теріс батасын беріп ата қоныстан аластап шығарған екен [«Ұшқан ұя», 67 - бет] .
Адал. Шын берілген, сенімді [ҚТТС; 16-б. ] .
Арам. Ауыс. Қараниет адам[ҚТТС; 53-б. ] .
- Кейін байқасам қыз айттырған жігіт қыз сынаймын деп отырғанда, оны ауылдыңкәрі-жасытүгел барлайды екен гой [«Ұшқан ұя», 106 - бет] .
Жас . Жаңа өсіп келе жатқан жасөспірім [ҚТТС; 276-б] .
Кәрі . Көп жасаған, қартайған, қария, қарт [ҚТТС; 371-б] .
Үстеуге тән антонимдер:
- Ал ересектердің арасында «сыртыжылмаң, ішіарамдары» кездесетінін, құдайға шүкір, көріп жүрміз [«Ұшқан ұя», 18- бет]
Сырт . Бір нәрсенің ішіне қарама - қарсы жақ, тыс[ҚТТС; 766б] .
Іш . Бір нәрсенің ішкі жағы, ортасы, арасы [ҚТТС; 953б. ] .
- Жаратушы тәңірінің жар құлағы жастыққа тимей, күндіз-түніойға батыпты [«Ұшқан ұя», 30- бет] .
Күндіз. Түнге қарама - қарсы күн жарығындағы тәуліктің жаршысы [ҚТТС; 430б] .
Түн. Тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы [ҚТТС; 832б] .
- Серкебай оныертелі-кешкітап оқудан бас алдырмайды екен [«Ұшқан ұя», 45 - бет] .
Ерте. Таң сәріде, ертемен [ҚТТС; 232-б. ] .
Кеш. Ымырт жабылып, қараңғы түскен уақыт [ҚТТС; 393-б. ] .
Етістікке тән антонимдер:
- Қаһарлы Қабылбектің қалды [«Ұшқан ұя», 14- бет] .
Аш. Жабылған, бекітілген нәрсені ашық қалыпқа келтіру [ҚТТС; 75б. ] .
Жұм. Кірпіктерді, ерінді айқастыра жабу [ҚТТС; 316- б. ] .
- Ал Айға адамдардың көмекшісі бол, жүзіңдіашып-жауыптұрып, есеп жүргізуге көмектес депті [«Ұшқан ұя», 30- бет] .
Аш. Жабылған, бекітілген нәрсені ашық қалыпқа келтіру [ҚТТС; 75-б. ] .
Жап . Бір нәрсені ашық қалдырмау, бекіту[ҚТТС; 268-б. ] .
- Жатса-тұрсаатын атап тұратынды шығарды [«Ұшқан ұя», 45 - бет] .
Жат . Жамбастап, шалқалап, қырындап, не етпеттеп жату [ҚТТС; 279-б. ] .
Тұр . Тіп-тік қалпында бір жерде тұрып қалу [ҚТТС; 825-б. ] .
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін талдау барысында 13 антоним табылып, талдауға түсті. Талданған антонимдердің ішінде ең көбі сын есімге тән антонимдер екендігі анықталды.
Омонимдер
Қазақ тілінде сөздің құрамы жағынан лексика - семантикалық сөздер тобының басты саласының бірі - омонимдер .
Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К. Аханов: ‟Омонимия құбылысын жан - жақты қарастырып, оның сырын ашудың зор маңызы бар. Сөздіктерде омонимдер мен полисемия құбылысының бір - бірінен жігі ажыратылмай, теріс берілуі жиі кездеседі. Бұлай болуы негізінен алғанда, омонимия құбылысы мен полисемия құбылысының зерттелінбей келгендігімен байланысты. Омонимдерді жан - жақты толық зерттеп, олардың ерекшеліктерін ашпайынша, сөздіктерде сөз мағынасының шегін дұрыс ажыратып беру әр уақытта мүмкін мүмкін бола бермейді” - дейді.
Омонимдер мәселесі жайында орыс ғалымдары: Л. А. Булаховский, В. В. Виноградов, Р. А. Будагов, Е. М. Галкина - Федорук, А. И. Смирницкий т. б. көп салалы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір - біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұларды бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір - бірінен өзгешелігі түр - тұрпатында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі, я одан да көп мағынасы болады.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы әр басқа сөздер тобын білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына, әр сөз табына да дара - дара болып бөлініп жарылып тұра береді. Кейбір омонимдердің түп - төркіні жағынан белгілі бір байланысы болғанымен, мағына жағынан бір - бірінен соншалықты алшақ екендігі аңғарылады. Шығу тегі, жасалу тұрғысынан полисемия құбылысымен белгілі бір байланысы бар омонимдер ғана көп мағыналы сөздермен өзара ұштасып, бір - бірінен ажыратып бөлуге келгенде қиындық тудырады. Тіл білімінде полисемантизмді омонимдерден ажыратудың бірден - бір жолы - мағыналық байланыстың сақталуы мен сақталмауы негізгі тірек болып саналады. Егер мағыналардың арасында семантикалық байланыс үзілмей, қалай да сезіліп тұрса, онда мұндай мағыналар бір сөздің әр түрлі мағынасы ретінде қаралып, көп мағыналы сөз деп танылады.
Мағыналардың арасындағы семантикалық байланыс біржола үзіліп әр мағына өзінше дараланып, бір - бірінен ажыратылған болса, ондай сөздер омонимдес сөз деп қаралады.
Тіліміздегі сөздердің мағыналық дамуы - олардың ішкі мүмкіндігіне байланысты өзіндік заңдылықтары мол күрделі құбылыс. Бұл құбылыстың бір көрінісі - гомогенді (бір текті) омонимдердің пайда болуы.
Гомогенді омонимдер - дегеніміз о бастағы шығу тегі бір, түбірі де, мағынасы да бір сөздің сапалық дамуы нәтижесінде бір - бірінен алшақтай түсіп, тақырыптық екі салаға, екі дербес мағынаға ие болған лексемалар.
Омонимдерді қазақ тілінде қарастырған К. Аханов, Т. Қордабаев, М. Бельбаева. Сөз мағынасын қарастыру барысында жалпы сөз еткен ғалымдар: Ғ. Мұсабаев, Р. Барлыбаев, Б. Ш. Мұхамеджанов, Ш. Жалмаханов, А. Османова, А. М. Құрманалиева.
Алайда, омонимия құбылысы қаншама зерттеліп келе жатса да, оның күрделі табиғатына тән заңдылықтардың қыры мен сыры түгел ашылды деп тұжырым жасауға болмайды. Омонимдердің табиғатын қарастыратын еңбектерде көбінесе дау туғызатын және өз шешуін айқындауды қажет ететін мәселелердің бірі - омонимдердің тілімізде пайда болу тәсілдері.
Зерттеушілердің бір қатары омоним сөздер деп танылу үшін омонимдік қатарға енетін сөздер өздерінің шығу тегі жағынан гетерогенді (әр текті), яғни тұлғалық ұқсастығы мен сәйкестігі кездейсоқ болуы керек деген принципті ұстанса, енді бір топ зерттеушілер тілде гомогенді (бір текті) омонимдердің болуы да заңды деп тұжырымдайды.
Сонымен, жалпы тіл білімінде, сондай - ақ жеке тілдердің фактілері бойынша омонимия құбылысы туралы қалыптасқан пікірлердің үш - төрт топқа саятындығын көреміз. Олар:
1. Омонимия тіл - тілдердің бәріне тән, ұқсас әрі ортақ құбылыс.
2. Омонимдер тек әр текті (гетерогенді) сөздерден және күтпеген жерден (спонтанно) пайда болатын құбылыс.
3. Омонимдер сонымен қатар, бір текті (гомогенді) сөздерден де пайда болатын тосын құбылыс.
4. Омонимдер екі түрлі жолмен:
- Гетерогенді (әр текті) сөздерден және (бір текті) гомогенді сөздердің іштей жіктеліп алшақтай түсуі арқылы пайда болатын құбылыс [4, 14 - 16 бет] .
Тілші, лексиколог ғалым Айғабылұлы Айтбай “ Қазақ тілінің лексикологиясы ” еңбегінде: Омоним өз ішінде толық (лексикалық), жартылай (лексика-граммтикалық) аралас омонимдер болып үшке бөлінеді. 1) Толық омонимдер деп бір сөз табына тән және бірдей түрленетін, дыбысталуы бірдей сөздер айтылады.
2) Жартылай омонимдер деп дыбысталуы бірдей болғанымен, әр түрлі сөз табына қатысты болып, түрленгенде әрқайсысы өзгеше формаға ие болатын сөздер айтылады. 3) Аралас омонимдер деп кемінде үш сөздің дыбысталуы бірдей, болып, өзара толық және жартылай омонимдер түрінде келетін сөздерді айтады [4, 16 - 18 бет] .
Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:
1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;
2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.
3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;
4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) - араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес [5, 46 - 47 бет] .
Қазақ тіліндегі омонимдерді өз ішінен үшке бөліп қарастырамыз: лексикалық омонимдер, лексика - грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер.
1. Лексикалық омонимдер. Бұл топқа енген сөздер бір ғана сөз табына қатысты болып келеді.
2. Лексика - грамматикалық омонимдерге енетін сөздер әр сөз табына қатысты болып, түбір тұлғасында ғана омоним болады да, қалған уақытта әр сөз өзіне тән тұлғаларда түрленеді.
3. Аралас омонимдерге жататын сөздер көп сыңарлы бола отырып, жоғарыдағы екі түрін (лексикалық және лексика - грамматикалық) қоса қамтиды [5, 45 - 46 бет] .
Шығарма тіліндегі лексикалық омонимдер:
- Жаңадан билік құра бастаған орыс әкімдері алым-салық қағаздарын шығарып, қолқою, бармақ басу деген әдетке айналды («Ұшқан ұя», 11- бет) .
Қол І зат. Адамның бір нәрсені ұстайтын, жұмыс істейтін дене мүшесі.
Қол ІІ зат. Әскер, жасақ, жауынгер.
Қол ІІІ зат. Жөн, ыңғай, лайық [ҚТОС; 139б] .
- Алісжүзінде бір рудың атынан бір мықты ғана сайлаушы («Ұшқан ұя», 12- бет) .
Іс І зат. жұмыс, қызмет.
Іс ІІ зат. Тігін [ҚТОС; 192б]
- Әлбетте, ағайын арасы азкүнараз-құразсыз болғанмен, мансап, дәреже, атаққа таласу, айқай-шу, дырду тоқтамаған («Ұшқан ұя», 16- бет) .
Күн І зат. Әлемге жарық, қызу беретін планета.
Күн ІІ 24 сағатқа тең уақыт, тәулік ҚТОС [; 117б] .
- Алайдабалбалалық қайдан келсін («Ұшқан ұя», 21 - бет) .
Бал І зат. Гүл шырынынан ара арқылы алынатын қоймалжың келген шипалы тәтті тағам.
Бал ІІ зат. Көп адам қатысатын үлкен би кеші.
Бал ІІІ зат бақсы-балгердің жұртты алдап күн көру үшін құмалақ ашып, сәуегейлік жасауы[ҚТОС; 44-б] .
- Сонан соң ол кенет етбауырыелжіреп, мені қамзолының омырауын ашып, қойнына жасырып алады да, жүгіре жөнеледі («Ұшқан ұя», 21 - бет) .
Бауыр І зат. Адамзат, жан - жануардың ас қорыту, қан тарату қызметтерін атқёаратын ішкі мүшесі.
Бауыр ІІ зат. Бірге туған қандас, ағайындас адамдар [ҚТОС; 50б] .
Лексико - грамматикалық омонимдер:
- Жаскүнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар («Ұшқан ұя», 9- бет) .
Жас І зат. Адамның, жан - жануардың т. б. өмір сүру мерзімін белгілейтін уақыт, жыл саны.
Жас ІІ сын. Жасөспірім, жеткіншек, қыз - бозбала.
Жас ІІІ зат. Жылағанда көзден шығатын сұйық зат [ҚТОС, 89б] .
- Бір ру елдің еркін сыртынан сатып, сол елдің азаматтарының атынан сөйлеп, сонысы үшін пара алып жүретін пысықтараземес («Ұшқан ұя», 12- бет) .
Аз І сын. Көп емес, шағын, азғантай.
Аз ІІ ет. Арықтау, жүдеу [ҚТОС; 18б] .
- Күштінің алдында байғұстар «басизейді шыбындап» («Ұшқан ұя», 12- бет) .
Бас І зат. Адамның, жан-жануарлардың дене мүшесі.
Бас ІІ ет. Жүру, адымдау.
Бас ІІІ зат. Адамның ең төмеңгі даусы [ҚТОС; 47-б] .
- Жалғыз атты кедей болса да, кісіден кіріптар болғанды қорлық санап, аз күн жарық дүниеде азаттық аңсап, қатықсыз қара су ішсе де, бай-манапқа алақанын жаймаған («Ұшқан ұя», 16- бет) .
Бай І зат. Иелігінде көп мал - мүлкі бар үстем тап өкілі.
Бай ІІ сын. Сансыз көп, мол.
Бай ІІІ зат. Әйелдің некеленіп қосылған күйеуі, ері [ҚТОС; 42б] .
Әкем базардан қайтқан күні біздің үйде кіші-гірім той сияқты жиын болатын («Ұшқан ұя», 17- бет) .
Той І зат. Салтанатты жиын, мереке, мейрам.
Той ІІ ет. Тамаққа тою [ҚТОС; 175-б] .
- Әкематтізгінің жетектеп келеді («Ұшқан ұя», 22- бет) .
Ат І зат. Үйірге түспейтін, пүштірілген, ақталған жылқы.
Ат ІІ зат. Балаға қойылған есім, ныспы.
Ат ІІІ ет. Оқ шығару, оқ жұмсау, от беру.
Ат ІV ет. Насыбай атты, ерніне насыбай салды [ҚТОС; 34б] .
- Жарқын күлкісі жүзін жайнатып жібергендей, биіктеайбаяу жылжиды («Ұшқан ұя», 24- бет) .
Ай І зат. Түнде жерге жарық сәуле беріп тұратын планета.
Ай ІІ зат. Жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл, 30 күндік мерзім.
Ай ІІІ од. Біреудің көңілін аудару үшін айтылатын сөз [ҚТОС; 19-б] .
- Ауылымыз Алатаудың Ақсай және Көксай шатқалынан төмен ауып, жазжайлаудан мың бұлақ ойпанына келіп, қонып жатқан («Ұшқан ұя», 25- бет) .
Жаз І зат. Көктемнен кейін келетін жыл маусымы.
Жаз ІІ ет. Әлгі жазған өлеңін жұрт түсінерлік қылмаса да . . баяулатып домбыраға салды да отырды.
Жаз ІІІ ет. Жаймалап тегістеу.
Жаз ІҮ ет. Ауру-сырқаттан, дерттен айығу, сауығу.
Жаз Ү ет. Кінәлі, айыпты болу, жақпау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz