Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы тілінің
лексика-фразеологиялық ерекшелігі



Кіріспе
Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қоймай, келер ұрпақты қалыптастыруда маңызды және және шешуші рөл атқарады.
Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көп деңгейлі құрылым болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына айналған.
Жұмыстың арқауы болып отырған қазақ тілінің лексика- фразеологиялық ерекшелігі бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуына қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны тануға деген ерекше ықыластың, осыған байланысты қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа гуманитарлық парадигманың қалыптасуы да ықпал етіп отыр [1,4 бет]. Бүгінгі таңда халқымыздың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы болып табылатын тілімізді зерттеудің ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Тіл табиғатын терең бойлап, жан-жақты қарастыру, тілдік бірліктердің сипатын айқындау лингвистика, этнолингвистика, т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналды. Әдеби тіл- жалпыхалықтық тілдің құнды, дамыған, барлық халыққа түсінікті, стильдік жағынан сараланған түрі. Әдеби тіліміздің үнемі дамып отыруы қаламгерлеріміздің еңбектерінің әсеріне де тікелей байланысты. Көркем шығарманың тілі, жазушының өзіндік жеке сөз қолдану стилі, сөз қолдану зергерлігі мен шеберлігі- қазақ әдеби тілінің дамуына серпін беретін ерекше сала[2, 3 бет].
Жұмыстың нысаны- Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты- шығарма тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа орай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
oo Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
oo Кірме сөздер, эмоционалды-экспрессивті (бейнелі) сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясын анықтап, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлу;
oo Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясын анықтау;
oo Мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық-танымдық қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
oo Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет, метафора, синекдоха) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
oo Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау.
oo
Жұмыстың жаңалығы. Бұл жұмыста жазушы Ақан Нұрмановтың Құланның ажалы романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері зерттеліп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:
oo Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігі анықталды, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеке топтарға бөлінді;
oo Кірме сөздер, эмоционалды-экспрессивті (бейнелі) сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясы анықталып, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлінді;
oo Шығарма тіліндегі қос сөздердің стильдік қолданысының мағынасы ашылды;
oo Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметі, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясы анықталып, жеке-жеке стильдік қабаттарға бөлінді, талдауға түсті;
oo Мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық-танымдық қызметі, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуы айқындалды, барлығы талдауға түсті;
oo Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метафора, синекдоха) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтыланып, мәні ашылды;
oo Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі анықталды.

Жұмыстың құрылымы- жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1.1.Құланның ажалы шығармасы тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданысы.

Антоним
XX ғасырдың бас кезінде антоним деген термин жеке сөз ретінде кеңінен қолданыс таппаған. Тіпті кейбір сөздіктердің өзінде де кездеспеген. Антонимдер түралы дәйекті мақалалар мен пікірлер 20ғасырдың 50 жылдарында жарыққа шыға бастады. Мәселен М.Д.Лесник, В.Н. Клюева, Л.Ю. Максимова.
XX ғасырдың 60жылдарынан бастап антонимия тек орыс тілі ғана емес, басқа тілдер материалдары негізінде зерттеле бастады. Дәл осы кезде кеңес одағы көлемінде алғашқы антонимдер сөздіктері де жарық көре бастады. Арада он шақты жыл өткен соң антономияға деген қызығушылық өсе түсті. Н.П.Колесников пен М.Р.Львовтың антонимдер сөздігі баспадан шықты. Зерттелу объектісі кеңейе бастады. Антономия тілдің барлық деңгейлерде зерттеле бастады.
Жалпы түркі тіліндегі антонимдер жөнінде жинақталған пікірлер мен тұжырымдардың баршылығы мәлім. А. Меметов қырым - татар тіліндегі антонимдерді зерттеп, олардың пайда болуларына, морфологиялық құрылымына қарай сараптаған, антонимдер әр түбірлі ғана болады деген тұжырымды жақтаған ғалым. Түбірлі антонимдерді жақтайтын ғалымдар бар. Оларды атайтын болсақ - ұйғыр тілінде - Ә. Қайдаров, Г.Садуақасова, Т. Тәліпов, башқұрт тілінде - Ж.Киікбаев, татар тілінде -Л.Г. Хабибов, қазақ тіліндегі - Ә,Болғанбаев, А. Жұмабекова. А.Меметовтың түбірлі антонимдер жоқ деген тұжырымды жақтаушыларға келетін болсақ олар, өзбек тілінде - И. Исабеков, түрікмен тілінде - С.Гуджиков, қазақ тілінде - С.Кеңесбаев, Ғ.Мүсірепов, Ж.Мусин.
Қазақ тіл біліміндегі алғашқы антонимдер туралы терең зеттеу жүргізіп, сүбелі еңбек жазған, антонимдер сөздігін жарыққа шығарған ғалым Ж.М.Мусин болатын. Ғалымның қазақ тіл біліміндегі антонимдер теориясының дамуына қосқан үлесі зор. Ғалым антонимнің зерттелуіне жан - жақты тоқталып, антонимдік қатынастарды лексикалық, сөзжасамда, морфологиялық, фразеологиялық, стилистикалық деңгейде жан - жақты зерттеген болатын. С.Төлекова, Ж. Қонақбаева өз деңгейлерінде қарама - қарсылыққа байланысты пікірлер айтқан. Жиырманшы ғасырдың соңында орыс тілі мен қазақ тіліндегі антонимдік оппазицияларды салыстыру мәселесіне арналған А.Жұмабекованың еңбегіне ерекше тоқтала кетуге болады. Ғалым өз еңбегіндегі антонимияны құбылысының салыстырмалы - типологиялық аспектідегі теориялық қағидаларын алғаш рет кеңінен қарастырып, жан - жақты тұжырымдауға тырысқан.
Қарама - қарсылық екі түрлі болуы мүмкін:
а) бір заттың бойындағы немесе бір құбылыстың ішіндегі қарама - қарсылық; ә) екі заттың не құбылыстың арасындағы қарама - қарсылық. Мәселен, жоғары - төмен десек бұл бір затқа тән, яғни қандай болмасын бір құбылыстың қандай да бір бағытын көрсетуге негізделген; ал антоним сөздер кейде бір затты не құбылысты қарсы позициямен сипаттайды. Мұндай қарама-қарсылық әр түрлі сапа, қасиет, қатынас, қозғалыс, жағдай т.б. белгілерді атай отырып көрінеді. Мәселен, ауыр - жеңіл (салмақты), алыс - жақын (ара - қашықтық) т.с.с.. Қарама - қарсылық бір жақты болмай, екі жақты болады. Жақсы - жаман десек, бұл бір қасиеттің екі шеті, оның орталық межісі орташа.
Қарама - қарсылыққа беріліп жүрген анықтамалардың ішінен біздіңше А.Аверьянов берген тұжырым дәлірек деуге болады: противоположность - развитое до предела различие одной сущности. Олай болса қарама - қарсы мағына мен қарама - қарсылығының айырмашылығын ашып көрелік: қарама - қарсы мағына адамның санасында қарама - қарсы мағынадағы басқа да бір құбылыстарды елестетуге мүмкіндік береді; ал мағыналардың қарам - қарсылығы дегеніміз осындай қасиеттердің қатынасы. Алайда қарама-қарсы мағына мен мағына қарама - қарсылығы арасындағы айырмашылық осымен шектелді деуге болмайды. Қарма - қарсы мағына дегеніміз уақытша категория, себебі ол өзінің қарама - қарсы антиподынсыз өмір сүре алмайды, себебі сапа мен қасиет бірдей емес. [Жүсіпов Асқар Елтайұлы Қазіргі қазақ тіліндегі қарама - қарсылықтың коннекторлары Астана,2004]

Антоним термині - әлем тілдерінің бәрінде бар құбылыс. Антоним термині - гректің onty - қарсы және onyta - отау, есім деген сөзінен шығып, қарама - қарсы есім дегенді білдіріп, қарама - қарсылықты зерттейтін лексикалогияның антонимика саласында қарастырылады.
Антонимия - лексикалық бірліктердің мағыналық жағынан қарама - қарсылығы. Антоним деген лингвистикалық терминнің тіл біліміне енуінің өзі үлкен қызығушылық тудырады. Тұлға мен мазмұн жағынан синоним терминімен қатысты бола тұра, ол тіл біліміне салыстырмалы түрде кеш енеді.
Ғалым Н.М. Шанский 1964 жылы шыққан Орыс тілі лексикалогиясы атты еңбегінде антонимдерге: Антонимдер айтылуы әр түрлі, бір - біріне қарсы мағына беретін, бірақ бір - біріне қатысты сөздер, -деп анықтама берсе антонимдердің өзара тәуелділігі мен қатыстылығы туралы зеттеуші Д.Н. Шмелев былай дейді: Антонимикалық қарсылық қатарының әрбір мүшесі дәл осы қарама - қарсылықпен тілдің лексика - семанткалық бірлігі ретінде анықталады. Өзіне қарама - қарсы кішкентай сөзі болғандықтан ғана үлкен сөзі бар және керісінше, бұл екі сөз өздерінің негізгі мағыналарында бірін - бірі анықтап тұрады және бір - біріне тәуелді.
Қазақ тіл білімінде антонимдер жөніндегі пікірлер мен ғылыми тұжырымдар ғалым Ә.Болғанбаев, К.Аханов, М. Серғалиев, Ж.Мусин, М.Оразова еңбектерінде қарастырылған. Олардың көпшілігінде антонимдерге: мағыналары қарама - қарсы сөздерді антоним дейді деген анықтама беріледі. Профессор К. Аханов антонимдерді мынадай тақырыптық үш топқа бөліп қарастырған:
1) Заттың сапасын, санын білдіретіндер (ақ - қара, жақсы - жаман )
2) Адамның мінез - құлқын, көңіл - күйін, қасиеттерін және адамдар арасындағы қарым - қатынастарды білдіретіндер (сүйіну - күйіну, қуаныш - реніш);
3) Уақыт және кеңістік мағынасын беретін сөздер (қыс - жаз, кең - тар, күн - түн)
Ғалым Ә.Болғанбаев антонимдерді тек тілдік қасиеттеріне қарап қана емес, логикалық, қисындық сипатына қарай топтастырады. Ғалым мынадай антонимдік қатынастарды көрсетеді.
1) Антоним болатын ұғымдар қарама - қарсы мағынада болуы шарт (туу-өлу, ер - қорқақ);
2) Антонимдік жұптар бір ғана сөз табынан болуы тиіс (өмір - өлім, кету - келу);
3) Автор антонимдік оппозициялардың аралық мүшесін көрсетіп өткенімен: ескі -көнетоз - жаңа, шикі - дүмбілез-пісі ұғым мен сөз мағынасының ара - жігін бөлмей, алмастырып қолданады.
Ғалым ...тілде қарама - қарсы ұғыммен қатар, аралық ұғым да болады деп жазады. [Найманбай Айнұр Рахымбердіқызы Антонимдік қатынастардың көркем прозадағы қолданысы (Ғ.Мұстафин шығармалары негізінде) Астана,2010ж]

Антонимдер айналадағы заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.Сондықтан,мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Қазақ тіл білімі ғылымында К.Аханов, Ә.Болғанбаев, Ж.Мусин, Ғ.Мусин, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Қалиевт.б ғалымдардың еңбектерінде антонимдер жан-жақты зерттелген.
Ғалым К.Аханов өзінің Тіл білімінің негіздері атты 2002 жылы жарық көрген еңбегінде:
Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді-деген [К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. 176-бет].
Поэзияда антонимдер шендестірудің (антитеза) бір тәсілі ретінде қолданылады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық - айқын, мейлінше мәнерлі болып бейнеленеді.
Түсіндірме сөздіктерде сөздің әр түрлі мағыналарын айқындап, оларға анықтама беруде синонимдер мен антонимдер айрықша қызмет атқарады. Мысалы, түсіндірме сөздіктерде маңай деген сөздің мағынасы оның синонимі тұс, төңірек, айнала деген сөздер арқылы айқындалса, ақ деген сөздің түсті білдіретін мағынасы басқа бір заттың түсімен салыстыру арқылы немесе оның антонимі қара деген сөзді қарсы қойып салыстыру арқылы айқындалады [К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. 175-бет].
Зерттеуші - ғалым Ә.Болғанбаев Қазақ тілінің лексикологиясы атты еңбегінде антонимдерге мынадай анықтама береді: Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық, кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады - деген.
Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысты нақ бірдей емес, ала-құла-деген [Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. 21-бет].
Тілдегі антонимдерді қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте-мөте мақал-мәтелдерде жиі қолданылады.
Лексиколог ғалым Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиев антонимдерге мынадай анықтама берген: Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы ұғымды білдіретін сөздер тобы Қазақ тілінде антонимдердің жасалуы көбіне-көп сын есімдерден болады, ал қалған сөз таптарынан аз кездеседі. Жасалу жолдарына қарай антонимдерді бірнеше топқа бөлген.
1. Зат есімге тән антонимдер.
2. сын есімдерге тән антонимдер
а) түбір күйінде кездесетіндер;
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндер;
б) -ғы,-гі,-қы,-кі жұрнақтары арқылы жасалған антонимдер.
3. Етістікке тән антонимдер.
4. Үстеуге қатысты антонимдер.
5. Есімдікке қатысты антонимдер [ Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. 76-бет].
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ғ.Қанапина Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі атты еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында кең қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады деген [С.Ғ.Қанапина. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі. 7-бет].
Антонимдер дүниедегі, әлемдегі құбылыста, сондай-ақ адам бойындағы өмір мен өлім, жақсы мен жаман, күн мен түн, жұмсақ пен қатты, тірі мен өлі, қайғы мен шат, әділет пен қиянат түрінде кереғар ұғымдардың жиынтығы. Мысалы: Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
Қарама-қайшылық ұғымы болмаса өмірді сезіну де, түйсіну де, қабылдау да соншалықты түсінікті болмас еді.
Біріншіден, зат есім антонимдер сөйлемде қайталанып келіп, адамның жан-дүниесін өмірдегі күйзелісін, сезіміндегі толғанысын береді.
Екіншіден, қарама-қарсы ұғымдағы сын есім антонимдер де жарыстыра қолданылып, адам өміріндегі құбылыстарды салыстыра, шендестіре отырып, оқырманына ой салады.
Үшіншіден, мақал-мәтелдегі антонимдердің стильдік бояуы анық, экспрессивті-эмоционалдық әсері күшті, ой мазмұнын тереңдетіп, өмір құбылыстарынан, ой оралымдарынан хабар беретін мағыналы сөздер.
Филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы өзінің 1960-80 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі атты еңбегінде:
Көркем шығармада, поэзияда антонимдік қатынаста тұрған сөздердің семантикасы бізді қоршаған ортада, дүниеде болып жатқан қайшылықтарды дәл басып береді. Қарама - қайшылық ұғымы болмаса өмірді сезіну де, түйсіну де, қабылдау да соншалықты түсінікті болмас еді - деген [К.Қ.Есіркепова 1960-80 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі 27-бет].
Сын есім антонимдердің негізінде авторлық идеясы дәл беріліп, дүниедегі ұғымдарды бірімен - бірі салыстырып, шендестіріп береді. Сын есімдерден берілген антонимдер анық, айқын, оқырманына түсінікті жұмсалады.
Сонымен қатар, тілімізде етістіктен келетін антонимдер де, поэзияда поэтикалық - стильдік қызмет атқарады. Қарама - қайшылық құбылысты жеткізуде етістіктен жасалған антонимдер өлеңнің қуатын, қимыл - әрекет процесін анық көрсетуге бейім екендігі байқалады - деп анықтама берген [К.Қ.Есіркепова 1960-80 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі 31-бет].

* Зат есімге қатысты антонмдер:
1) - Қай жерге қойсаңыз сол жерде тұра бере ме?-деді үнсіз отырған қайыс қара жігіт Күржік те әңгімеге араласып,-отқа, суға ұмтылмайды, ә?(144-бет)
От: 1)Қызу аса күшті алаулаған жалын.
2)Ауысп. Күш - қуат, қажыр - қайрат, жігер. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 642-бет]

Су: 1)Өзен, көл, т.б. түзетін, мөлдір сұйық зат.
2)Ағынды өзен. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 742-бет]
2) Құлан енді оның бас-аяғына бажайлап көз жүгіртті. (25-бет).
Аяқ - басы: Өне бойы, үсті басы. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 79-бет]
Аяқ - ең бірінші адамның дене мүшесі, екінші ауыспалы мағынасы бір нәрсенің аяғы немесе соңы.
Басы- ең бірінші ол адамның басы, екінші мағынасы бір нәрсенің басы немесе төбесі т.б.
3) Осы неме шын мұсылман ба екен, анықтасам қайтеді екен! деп Құлан сәл-пәл ойланып тұрды да енді қайтып барудың есебін таппай және қайтып барса мынау қайыршы алдында өзінің әлдебір беделі түсіп қалатындай көріп, әй, қойшы, осы тіленшінің өтірік-шыны маған неме керек, өзіме залалы тимесе қайтемін оны,- деп суатқа қарай аяңдады. (28-бет)
Өтірік: Шындықтан алшақ, жалған. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 662-бет]
Шын: Рас, растық, анық. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 934-бет]
4) Он жеті-он сегізге келгенше ата-ана бауырында еркін өсті.(168-бет)
Ата - ана: Әке - шеше. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 66-бет]

* Сын есімге қатысты антонимдер:
1) Жасынан құқайды көп көргендікі ме, Майлық өзінен үлкен-кіші болсын бетіне жасқаншақтай қарайтын.(34-бет)
Үлкен - кіші: Кәрі - жасы аралас, барша қауым. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 870-бет]
2) Ақ-қарасына жетіп алсайшы әуелі.(97-бет)
Ақ: 1) Сүттің, қардың түсіндей аппақ түс.
2) Аяғы басым, ақ араласқан түс.
3)Ауысп. Адал, таза.
Қарасына: 1)Түсті беріп түрса, екінші мағынасында, Біреуге қарауын айтып тұр.
3) .- Жақсы-е, санаған жоқ екенсің ғой. Ал қандай әйел жақсы-сезімі ме, арығы ма?(148-бет)
Семіз: Денесі толық, май басқан. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 725-бет]
Арығы:1)Еті қашқан, жүдеу.
2 Майсыз, жасық.
3. Ауысп. Арық деген мағынада да қолданылып тұр. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 59-бет]

* Етістікке қатысты антонимдер:
1) Онан да жөнін білейін, айтты-айтпады бір кәдеме жарар.(27-бет).
Айтты - айтпады: Шынында да, айтса айтқандай. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 26-бет]
2) Сыбдырсыз басып, әйелі кіріп-шығып жүр.(78-бет)
Кіріп - шық:
1)Бір кіріп, бір шығу.
2) Келіп кету, барып қайту. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 440-бет]
3) Бұл сәтте ол қарулас жолдасының келуіне қуанарын да, ренжірін де білмеді.(106-бет)
4) Талай ұрпақ келіп, талай ұрпақ кеткен.(195-бет)
Келіп - кетері: 1)Басып жүру, қатынап тұру.
2)Ауысп. Содан болатын содан келетін.[Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 380-бет]

5) Батыр келіп, ауылда той-томалақ...-деп Алтынкүлге ілесе ұйқылы көзін ашып-жұмып, есінеп сөйлей кірген Бейпілқасқа.(186-бет)
Ашып - жұм: Біресе ашып, біресе жұму. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 77-бет]

* Үстеуге қатысты антонимдер:
1) Қоржын добра түбіне қолын сұғып жіберіп, әрлі-берлі жүгіртіп еді, көйлек-ыстан ба әлде не шүберектер былқ-былқ етті, содан өзге саусағына ештеңе білінбеді.(26-бет)
Әрлі - берлі: Ерсілі - қарсылы, олай - былай. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 91-бет]
2) Ерте кезде азып-тозып бытырап кеткен жеті үй Текесін маңына шоқтай үйірін жинап алды да елдің шетінде, желдің бетіндегі Қайрақты өзенін жоғары-төмен бойлап көшіп, тыныш өмір сүре берді.(56-бет)

Жоғары:
1)Үсті, бас жағы.
2) Биік басым, артық. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 304-бет]
Төмен:
1)Жоғарыға, биікке қарама - қарсы жақ; еңіс.
2)Ауысп. Көңілдегідей жақсы емес, құнсыз, нашар. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 816-бет)
3) Әйтпесе сенің Құлан атыңды арысы Қостанай, берісі Есіл түгел біледі және де ақтығыңа, адалдығыңа түгел қол көтереді ғой.(79-бет)
4) Әйтеуір ар-намысына кір келтірген жоқ, азды-көпті жұртына еңбегі сіңді, соған орай атағы бар.(91-бет)
Азды - көпті: Азды - кем, біраз.
Көп:
1) Едәуір, бір сыпыра; мол, қыруар.
2)Ауысп. Үнемі, ұзақ уақыт.
Аз:
1)Азғантай, шағын.
5) Бұл дүниеде бүгін бар, ертен жоқпыз. Сыйласқанға не жетсін.(117-бет)
Бүгін - ертең: Я бүгін, я ертең, жақын арада. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 158-бет]

6) Пәледен машайық та қашыпты деген, Рүстембай, сен де қапы қалма,-деп алды-артына қарамай жөнеле берді.(100-бет)
Алды - арты: 1) Бір нәрсенің бас - аяғы, бар болғаны. 2)Бір нәрсенің ең соңы, ақыр - аяғы. Алды - артына қарамады - тоқтаусыз жүре берді, алаңдамады.[Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 40-бет]

Жазушы Ақан Нұрмановтың Құланның ажалы романы тіліндегі антоним сөздерінің қолданысы:
1.Құлан енді оның бас-аяғына бажайлап көз жүгіртті. (25-бет).
2.Қоржын добра түбіне қолын сұғып жіберіп, әрлі-берлі жүгіртіп еді, көйлек-ыстан ба әлде не шүберектер былқ-былқ етті, содан өзге саусағына ештеңе білінбеді.(26-бет)
3.Онан да жөнін білейін, айтты-айтпады бір кәдеме жарар.(27-бет).
4. Осы неме шын мұсылман ба екен, анықтасам қайтеді екен! деп Құлан сәл-пәл ойланып тұрды да енді қайтып барудың есебін таппай және қайтып барса мынау қайыршы алдында өзінің әлдебір беделі түсіп қалатындай көріп, әй, қойшы, осы тіленшінің өтірік-шыны маған неме керек, өзіме залалы тимесе қайтемін оны,- деп суатқа қарай аяңдады. (28-бет)
5.Жасынан құқайды көп көргендікі ме, Майлық өзінен үлкен-кіші болсын бетіне жасқаншақтай қарайтын.(34-бет)
6. Ерте кезде азып-тозып бытырап кеткен жеті үй Текесін маңына шоқтай үйірін жинап алды да елдің шетінде, желдің бетіндегі Қайрақты өзенін жоғары-төмен бойлап көшіп, тыныш өмір сүре берді.(56-бет)
7.Сыбдырсыз басып, әйелі кіріп-шығып жүр.(78-бет)

8.Әйтпесе сенің Құлан атыңды арысы Қостанай, берісі Есіл түгел біледі және де ақтығыңа, адалдығыңа түгел қол көтереді ғой.(79-бет)
9.Әйтеуір ар-намысына кір келтірген жоқ, азды-көпті жұртына еңбегі сіңді, соған орай атағы бар.(91-бет)
10. Өлсем, тірілсем осы туған жерімде қалармын.(93-бет)
11.Ақ-қарасына жетіп алсайшы әуелі.(97-бет)
12. Пәледен машайық та қашыпты деген, Рүстембай, сен де қапы қалма,-деп алды-артына қарамай жөнеле берді.(100-бет)
13. Бұл сәтте ол қарулас жолдасының келуіне қуанарын да, ренжірін де білмеді.(106-бет)
14.Бұл дүниеде бүгін бар, ертен жоқпыз. Сыйласқанға не жетсін.(117-бет)
15. - Қай жерге қойсаңыз сол жерде тұра бере ме?-деді үнсіз отырған қайыс қара жігіт Күржік те әңгімеге араласып,-отқа, суға ұмтылмайды, ә?(144-бет)
16.- Жақсы-е, санаған жоқ екенсің ғой. Ал қандай әйел жақсы-сезімі ме, арығы ма?(148-бет)
17. Әйтсе де көңіл түбінде қорқыныш оны құшағынан босатпады, бір кездегі қолына түскен адамды бар етсем де, жоқ етсем де еркімде дейтін өктем сезім қазір мүлде өшіпті.(160-бет)
18. Он жеті-он сегізге келгенше ата-ана бауырында еркін өсті.(168-бет)
Ата - ана: Әке - шеше. [Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі Алматы,2008. 66-бет]

19. Батыр келіп, ауылда той-томалақ...-деп Алтынкүлге ілесе ұйқылыкөзін ашып-жұмып, есінеп сөйлей кірген Бейпілқасқа.(186-бет)
Қорытынды: Ақан Нұрманов Құланның ажалы романында 27 антоним қолданысқа түсті, оның 27 теріліп, 20 антоним талданды.

* Омонимдер

Қазақ тілінде сөздің құрамы жағынан лексика-семантикалық сөздер тобының басты саласының бірі-омонимдер.
Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К.Аханов:Тіл білімінің негіздері атты еңбегінде: Омонимия құбылысын жан-жақты қарастырып, оның сырын ашудың зор маңызы бар деген. Сөздіктерде омонимдер мен полисемия құбылысының бір-бірінен жігі ажыратылмай, теріс берілуі жиі кездеседі. Бұлай болуы негізінен алғанда, омонимия құбылысы мен полисемия құбылысының зерттелінбей келгендігімен байланысты. Омонимдерді жан-жақтытолықзерттеп,олардыңерекше ліктерінашпайынша, сөздіктердесөзмағынасыныңшегіндұрыс ажыратыпберуәруақыттамүмкінболаберм ейді - дейді. [К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. 13-бет].
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұларды бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-бірінен өзгешелігі түр-тұрпатында емес, мағынасында жатыр. Көпмағыналы сөздердің екі, я одан да көпмағынасы болады.
Мағыналардың арасындағы семантикалық байланыс біржола үзіліп әр мағына өзінше дараланып, бір-бірінен ажыратылған болса, ондай сөздер омонимдес сөз деп қаралады.
Тіліміздегі сөздердің мағыналық дамуы-олардың ішкі мүмкіндігіне байланысты өзіндік заңдылықтары мол күрделі құбылыс. Бұл құбылыстың бір көрінісі - гомогенді (бір текті) омонимдердің пайда болуы.
Гомогенді омонимдер - дегеніміз о бастағы шығу тегі бір, түбірі де, мағынасы да бір сөздің сапалық дамуы нәтижесінде бір-бірінен алшақтай түсіп, тақырыптық екі салаға, екі дербес мағынаға ие болған лексемалар.
Сонымен, жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жеке тілдердің фактілері бойынша омонимия құбылысы туралы қалыптасқан пікірлердің үш-төрт топқа саятындығын көреміз. Олар:
1. Омонимия тіл-тілдердің бәріне тән, ұқсас әрі ортақ құбылыс.
2. Омонимдер тек әр текті (гетерогенді) сөздерден және күтпеген жерден (спонтанно) пайда болатын құбылыс.
3. Омонимдер сонымен қатар, бір текті (гомогенді) cөздерден де пайда болатын тосын құбылыс.
4. Омонимдер екі түрлі жолмен:
Гетерогенді (әр текті) сөздерден және (бір текті) гомогенді сөздердің іштей жіктеліп алшақтай түсуі арқылы пайда болатын құбылыс.

Ғалым Ә.Болғанбаев Қазақ тілінің лексикологиясы атты еңбегінде:
Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының әлденеше амал-тәсілдері бар, солардың ішіндегі негізгі жолдары мыналар:
1. Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер.
2. Сөздер сан түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстардың құрамы жағынан кірігуі арқылы жасалған омонимдер.
3. Аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер.
4. Өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болған омонимдер. [Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. 33-бет.]

Филология ғылымдарының кандидаты Әдішева Айман Өмірзаққызы Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің әдеби-диалектілік варианттары (этнолингвистикалық зерттеу) атты еңбегінде: Сонымен, гомогенді омоним қатарларының жазық бағытта даму, яғни қолданыс өрісін кеңейтуі дегенді біз лексемалардың гомогенді омонимге айналып, әрқайсысының өз алдына тақырыптық топ құрып, сол бағытта дамып, қолданыс шеңберін кеңейтуін, тұрақты тіркес құрамына еніп, дербестік статусын қалыптастыруы деп түсінеміз-деген. [А.Ө.Әдішева. Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің әдеби-диалектілік варианттары. 19-бет]
Гомогенді омонимдер негізінен сөздің түбіріне қатысты дамитын құбылыс екенін этнолингвистикалық таным тұрғысынан дәлелдеуге болатындығын, мәселен, шап түбірін алып, оның екі бағытта-тік (вертикальды) және жазық (горизонтальды) бағыттардағы даму заңдылығын қарастырдық

Филология ғылымдарының кандидаты Құрманалиева Ақмарал Мейірханқызы Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты атты еңбегінде: Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің пайда болуы о бастағы бір сөздің мағына жағынан іштей жіктеліп, екі түрлі мағыналық бірлікке айналуы, яғни омонимдік дәрежеге көтерілуін өте күрделі лексика-семантикалық процесс деп қарасақ, бұл процесске негіз болып саналатын экстралингвистикалық факторлардың табиғаты одан да күрделі деген сөз [А.Құрманалиева. Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты. 4-бет]

Гомогенді омонимдердің туындауына әсер берген мотивтер:

1. Заттар мен құбылыстардың сыртқы тұлғаларындағы ұқсастық тірек болған гомогенді омонимдер.
2. Заттар мен құбылыстардың орналасуындағы ерекшеліктеріне байланысты пайда болған гомогенді омонимдер.
3. Заттар мен құбылыстардың түр-түсіне негізделген гомогенді омонимдер.
4. Заттар мен құбылыстардың дыбыстары негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
5. Заттардың санына байланысты қалыптасқан гомогенді омонимдер.
6. Заттар мен құбылыстардың қимыл ұқсастығы негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
7. Қолданылған материалға байланысты пайда болған омонимдер.
8. Себеп-салдар негізінде пайда болған омонимдер.
9. Мерзім немесе уақыттың әсері тиген гомогенді омонимдер.
10. Заттар мен құбылыстардың қызметі негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
11. Заттар мен құбылыстардың адамға тигізетін әсерлері немесе олардың ішкі қасиеттеріне негізделген гомогенді омонимдер.
12. Қазақ тіліндегі этимологиялық негізде мотивтері анықталған гомогенді омонимдер деп көрсеткен.

1. Кенет алыстан ат дүбірі естілді.(18-бет)
1. Қару-жарақтан оқ шығару.
2.Лақтыру, атқылау.
3. Бір затты екінші затқа ұрып тигізу.
4.Шегу, тарту,.
5. Көкке көтерілу, шапшу.
6. Ыршу, ырғу. [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 65-бет]
2.Тал арасында ара ызың қағады.(24-бет)
1.Ағаш, темір сияқты қатты заттарды кесуге арналған құрал.
2.Екі аралық жер, екі орта.
3.Бір іс пен екінші істің аралығындағы уақыт, мезгіл.(52-бет) [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі]
3.Бір жақ босағада қасы сынған алқам - салқам үйрек бас ері, қой терісіне оралған ет жатыр.(32-бет)
1.Көне. Кермесі жебе салып тартатын садақ, жай.
2. Адамның, жан - жануардың қызылиек пен тіс орналасқан бет сүйегінің төменгі бөлігі.
3. От жағу, тұтату, тамызу. [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 252-бет]
4.Туырлыққа арқа басып, малдас құрып қақ ортада Құлан отыр.(71-бет)
1.Су қайнатқан ыдыстардың түбіне тұрып қалатын қатты зат, шөгінді.
2. Кептірілген жеміс. [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 458-бет]
5.Бірақ сол бет - ашық дала, оң бет - құлама жарқабақты өзен.(102-бет)
1.Адам басының алдыңғы жағы. Жүзі.
2.Кітап, дәптер парағының әрбір жазылатын жағы.
3.Белгілі бір бағыт, бағдар. [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 128-бет]
6.Ол тек қас қағымдай ғана қызық екен.(126-бет)
1.Қабақтың үстіне шығатын түк.
2. Ердің алдыңғы басымен артқы
3.Біреуге жамандық ойлаушы, өш. [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 490-бет]
7.Киікті қарашы әне, мың болса мыңы, жүз болса жүзі тобымен жайылады.(142-бет)
1.Адамның бет әлпеті, өңі.
2. Пышақ, ұстара, қылыш сияқты заттардың өткір жағы.
3, Тоқсан тоғыздан кейінгі сан.
4. Суда малту, жылжу, қозғалу. [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 321-бет]
8.-О, хұдауәнда, биыл осы қыс ерте түсейін деп тұр - ау, -деді Орман шал үйдегі жайсыз қалыпты сейілткісі келгендей.(172-бет)
1.Ең суық жыл мезгілі.
2.Бір нәрсені екі заттың арасына салып сығу, жаншу.3. Қапсыра құшақтау, бауырына басу. 4. Ауыс. Жаналқымға алу, қинау. [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 564-бет]
9. Жаман бөріктер онан сайын жапырайып, манағы әзірдегі томсарған түс еркектердің жүздеріне қайта тұнды.(173-бет)
1.Күннің орта мезгілі, сағат бір кезі.
2.Әр түрлі, алуан бояу.
3. Адамның кескін - келбеті, бет пішіні. [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 835-бет]
10.-Даңғаза қайным - ай, -деді осы сәтте көзінде жас мөлдіреген Алтынкүл зорлана күлімсіреп, -өлі, тіріде болмаса ағаңның қайда кеткені!?(174-бет)
1.Адамның, жан - жануарлардың т.б. өмір сүру мезгілін белгілейтін жыл саны, жас шамасы.
2.Жаңа өсіп келе жатқан жас өспірім.
3.Жылағанда, қатты қуанғанда шығатын көз жасы. [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 276-бет]

11. Ақ қылшық дей ме, қара қылшық дей ме, келіп тауып, көзімізге көрсетсе, жағамызды ұстап таң қаламыз.(175-бет)
12.Мерген аңызды әрлі - берлі кезіп жүріп, аққурай күлтесіне ілініп қалған жалғыз басбидайды әрең танты.(176-бет)
13.Бүкіл денесі дірілдеп, көзіне қан толып кетті.(177-бет)
14.Менің бұрынғы жүзбасы екенімді жан адам сезбеуші еді ғой...(178-бет)
Қорытынды: А.Нұрманов Құланның ажалы романында 14 омоним табылып, 14-і теріліп,10 - де талдауға түсті.

* Синонимдер
Синонимдер - мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер тобы.
Ғалым Ф.Ш.Оразбаева өзінің Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер атты еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: Кез келген тілді алсақ, синонимдер-сол тілдің тілдік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін байқатар көрсеткіш. Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне, күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына әсері мол. Осы тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық - тілдік қарым - қатынаста атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден, әдеби тілдің жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсерін тигізеді.
Ғалым Ә.Болғанбаев өзінің Қазақ тілінің лексикологиясы атты еңбегінде В.В.Виноградовтың орыс тіліндегі синонимдерді топтастырудағы классификациясына сүйене отырып, қазақ тіліндегі синонимдерді үш түрге бөліп қарастырады:
1. Мағыналық синонимдер әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада бірдей жалпылама қолданыла беретін синонимдер. Мысалы, батыл - өжет - өткір - жүректі деген сөздер қорықпайтын, қамықпайтын, тасалмайтын ер деген ұғымды білдіреді. Мағыналық синонимдер бір - бірінен мағыналық реңктері арқылы ажыратылатындықтан, бір стильдің өз ішінде кезектесіп, кейде қатарма - қатар келе береді. Бұлар әрбір жеке қолданыстағы сөздердің мағынасы жалпы ойды анық, әрі дәлме - дәл нақтылы түрде жеткізу үшін қолданылады.
2. Стильдік синонимдер мағынасы жағынан ұқсас бола отырып, бір - бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің тобы. Әрбір сөздің стильдік бояуы оның қарақан жеке басынан көрінбейді, стильдік жағынан бейтарап сөзбенен салыстыру арқылы келіп шығады. Сондықтан әрбір стильдік синонимнің қасында оның қарама - қарсы қойылып айтылатын бейтарап мәнді сыңары тұруы керек. Стильдік синонимдер әрқилы жалпы халықтық бір тұтас сөйлеу тілі және жазба тілі болып екі негізгі салаға бөлінуімен байланысты синонимдер де осы екеуінің әрқайсысына телінді болып, біреуін өзіне қарай меншіктеп тұрады.
3. Мағыналық - стильдік синонимдер кейде бір - бірінен не мағынасы жағынан, не стильдік мәні жағынан өзгешеленіп, бірыңғай болып келе бермейді.Олар өзара әрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленіп, екі жақты қарым - қатынас жасап тұра береді.
Филология ғылымдарының кандидаты, ғалым С.Ғ.Қанапина Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде) атты еңбегінде: Әрбір адамның көңіл күйіне, көзқарасына, мақсатына сай ойды дәл, әрі көркем етіп айтуда синонимдер маңызды қызмет атқарады. Осы тұрғыдан келгенде, сын есім синонимдер эмоционалды сезім-күйлер мен әр түрлі нәзік реңктерді білдіруде ерекше орын алады. Сын есім синонимдер тілде мынадай мақсаттар үшін қолданылады.
1. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін жан-жақты дәлме-дәл түсіндіру үшін.
2. Қосымша эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіру үшін.
3. Бір сөзді ретсіз қайталамау үшін.
[С.Қанапина. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі. 18-бет.]
Синоним сөздердің мағыналық үндестігі оның басқа да белгілері мен ерекшеліктеріне негіз болады:
1. Синонимдердің лексикалық мағыналары ұқсас, сәйкес болады.
2. Синонимдік қатарға енетін сөздер бір ұғымды білдіреді.
3. Өзара синоним сөздер бір сөз тобына жатады.
4. Синонимдер бір-бірінен эмоционалдық реңк пен экспрессивтік мәндер арқылы ажыратылады деген.
Филология ғылымдарының кандидаты Майра Балтабекқызы Нұрғалиева Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер атты еңбегінде: Белгілі бір ұғымды толық сипаттап беру үшін шығармада екі не үш синоним сөз қатарынан қолданылатын тұстары жиі кездеседі де, қатар қолданылған синонимдер бірінің мағынасын бірі толықтырып тұрады - деген.
Синонимдердің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуында кірме сөздердің де орны ерекше екендігін анықтап,

Жалпы кірме сөздерді екі топқа бөліп қарастырған:
1. Тілімізге толық сіңісіп кетпеген сөздер;
2. Қазақ тіліне әбден сіңісіп кеткен, қазіргі кезде байырғы сөздермен қатар қолданылып жүрген сөздер. [М.Б.Нұрғалиева. Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер. 16-бет]
Синонимия сөздің мағыналық қасиетімен байланысты құбылыс екендігі белгілі. Бұл жүйедегі басты объект - сөз болса, олардың мағыналық теңдігі мен жақындығы мағыналық сәйкестіктердің бір ұғым төңірегінде ұштасуымен анықталады - деген.
Арнайы сын есім синонимдерді зерттеу тақырыбы етіп алған ғалым Фаузия Оразбаеваның Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер атты еңбегі қазақ тіл білімінде ерекше маңызға ие. Бұл еңбекте ғалым сын есім синонимдерді мынадай түрлерге бөліп, қарастырады:
1. Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
2. Экспрессивтік - стилистикалық сын есім синонимдер.
3. Мағыналық - стилистикалық сын есім синонимдер [Ф.Оразбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер 78-бет].
Әрбір адамның көңіл күйіне, көзқарасына, мақсатына сай ойды дәл, әрі көркем етіп айтуда синонимдер маңызды қызмет атқарады. Осы тұрғыдан келгенде, сые есім синонимдер эмоционалды сезім-күйлер мен әр түрлі нәзік реңктерді білдіруде ерекше орын алады. Сын есім синонимдер тілде мынадай мақсаттар үшін қолданады.
1.Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін жан-жақты дәлме-дәл түсіндіру үшін.
2.Қосымша эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіру үшін.
3.Бір сөзді ретсіз қайталамау үшін.
Бірыңғай синонимдік қатарға енетін сөздердің ұқсас, сәйкес мағыналықтан басқа да ерекшеліктері жоқ емес. Жалпы лексикалық синонимдерді анықтау мәселесінде бір ұғымды білдіре келіп, түрлі экспрессивтік-стилистикалық бояулар арқылы ажыратылатын, бір сөз табына енетін тұлғасы әр басқа сөздердің мағыналық ұқсастығы қатар алынғаны жөн.
Синоним сөздердің мағыналық үндестігі оның басқа да белгілері мен ерекшеліктеріне негіз болады:
1.Синонимдердің лексикалық мағыналары ұқсас, сәйкес болады.
2.Синонимдік қатарға енетін сөздер бір ұғымды білдіреді.
3.Өзара синоним сөздер бір сөз табына жатады.
4.Синонимдер бір-бірінен эмоционалдық реңк пен экспрессивтік мәндер арқылы ажыратылады [С.Ғ.Қанапина. Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)18-19 бет].
Синонимдерге тән өзіндік белгілері болады:
1.Мағыналық реңктер. Бір ұғымды білдіретін мәндес сөздердің бір-бірінен сәл айырмашылықтары болады. Мысалы, ауыр-зілмауыр сөздері өзара синонимдік қатар құрғанымен, ауырға қарағанда зілмауырдың мағыналық салмағы күшті. Енді бір ретте біреуінің мағынасы екіншісінен сәл кең я тар болуы мүмкін. Мысалы, ұстаз-мұғалім сөздерінің мағыналары өзара ұқсас болғанымен, ұстаз сөзінің мағынасы мұғалімге қарағанда кең.
2. Стильдік реңктер. Сөздердің стильдік реңктері әр түрлі функционалдық стильде қолданылуымен тығыз байланысты. Сөздердің жалпы стильдік мәнін мынадай түрлерге бөлуге болады: көтеріңкі түрдегі реңктер (мерекелеу тойлау, азамат-жігіт, бойжеткен-қыз); сый-құрмет көрсетудегі сыйластықты білдіретін реңктер (ақсақал-қария, азамат-мырза); дөрекілік мәндегі реңктер (ақымақ-маубас, ақсақ-шойнақ); поэтикалық реңктер (асқар-биік, керемет-жақсы); кекесін, мысқыл түріндегі реңктер (еліру-желпілдеу, қораздану-қоқилану); кеміту мәндегі реңктер (адам-тірі жан, еркек-бөрік киген).
3. Сөз қолданысындағы реңктер. Мәндес сөздердің бірінің тіркесіндегі сөзбен екінші сыңары да тіркесе бермейді. Мысалы, көз, жанар деген мәндес сөздер көру мүшесі деген мағынада жұмсалғанымен, қойдың көзі деп айтылады да, қойдың жанары деп айтылмайды. Ендеше, сөз қолданысындағы осындай реңктер тіпті абсолют теңдікте тұрған синонимдердің өзінде қатты байқалады. Сол сияқты синонимдер қолданылу жиілігі жағынан да өзгешеленеді. Мысалы, билік, қожалық, әкімдік деген мәндес сөздердің ішінде билік деген көбірек айтылады [Ф.Ш.Оразбаева, Г.Сағидолда, Б.Қасым, А.Қобыланова, Қ.Есенова, Ұ.Исабекова, Қ.Қасабек, Ж.Балтабаева, Қ.Мұхамади, Р.Рахметова, Ж.Көпбаева ‟Қазіргі қазақ тілі" 34 бет].

1.Мен қайыршы, қайыршы,- деп анау тұтығын қақала-шашала сөйледі, дірілдеген иегімен дорбасын үсті-басын меңзеп қойды, манадан бері сөйлей алмай тұр екен,-қайыр-садақа жинаймын.(27-бет)
1)Қақалу, шашалу. Тамағына бірдеме тұрып қалып, булыға тұншығу. Кәрі қойдың жасындай шақ ғұмырым қалғанда өндірістің шаңына қақалып қайтеп (С.Сматаев). Қара келіншек шашалып, аузын алақанымен басып әуре болды.(Д.Әбілев) [Сейдін Бизақов. Синонимдер сөздігі 324 -бет]
2) Садақа, қайыр.Кембағал адамдарға. Құдай жолына ақшалай немесе заттай берілетін сый - сияпат. Садақа үлестіріп болысымен, жұрт зират сыртына шыға бастады. (Ж. Молдағалиев). Ертеңіне ауыл ақ тайлақты жетелеп, Көкбөрінің басына барып құдайы беріп қайтуға аттанды. (Ә.Кекілбаев). Үйінде алтын - күміс үйіліп жатса да, маған бір тиын қайыр беруді де аяды (Камбоджа ертегілері). [ Сейдін Бизақов. Синонимдер сөздігі 455 -бет]
2. Құдауәнда, осы сапарымда біресе ұруға, біресе қарыға кездестім бе-ау, әйтеуір қағылған-соғылғанның бәрі менің алдымдан шыға берді. (29-бет)
3.Сол жүрісінде өмір бойына бір рет те қарада бойын, қарда ізіп көрмесе де ол соқыр сепіммен шайтан, жын-пері барына сенетін, бірақ байғыз, жылқышы құс сияқты үндері ғана құлаққа жат болмаса, оларды да адамға зиянсыз жәндіктер іспетті деп ойлайтын.(31-бет) кітаб. Көзге көрінбейтін, жамандық пен зұлымдықтың күш иесі. Неше түрлі жын - пері, шайтандарды айта отырып, солар арқылы адам баласын қорқытатын (М.Ғабдуллин). Көше бойындағы қаз - қатар тізілген ағаштар шашы жалбыраған ертегілердегі періге ұқсайды(З.Шашкин). Мені жетелеген жын ба, шайтан ба, білмеймін, сол жігітті іштей жақсы көрдім.(Т. Қойшыманов) [ Сейдін Бизақов. Синонимдер сөздігі 580-581 -беттер]
4.Қапсырулы есіктің ар жағы әлі де бақырып-шақырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лингводидактика ұғымы
Қазақ тілінің лексикологиясы
Сәкен Жүнісов Жапандағы жалғыз үй романынының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
С. Жүнісов шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері
Жазушы Әкім Таразидың Тасжарған романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (дөрекі сөздер,одағайлар, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздер)
Сәбит Мұқанов Сұлушаш романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Пәндер