Д.Исабековтың Қарғын романына стилистикалық талдау


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Д. Исабековтың «Қарғын» романына стилистикалық талдау.

.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

1. 1. «Қарғын» шығармасы тіліндегі синоним, антоним, омоним сөздердің қолданысы . . . 4-29

1. 2. Кірме, дисфемизмдер мен эвфемизмдердің қолданысы . . . 29-42

1. 3. Фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 42-67

ІІ. Шығарма тілінің көркемдік ерекшеліктері

2. 1. Шығармадағы мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі мен авторлық афоризмдердің қолданысы . . . 67-80

2. 2. Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты(теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха) . . . 81-111

2. 3. Портрет пен пейзаждың қолданысы . . . 111-121

Қорытынды . . . 122

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 123-124

Кіріспе

Дулат Исабековтың шығармалары - өмірдің өзінен алынып, айналадағы күнде көріп жүрген құбылыстарды шынайы суреттейтін туындылар. Соның ішінде «Қарғын» романын оқып болғаннан кейін курстық жұмысыма арқау етіп алдым.

Романның негізгі оқиғасы Алматы қаласында өтеді. Негізгі идеясы - адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсету. Шығарманың басты кейіпкері - атышулы жас жазушы Жасын және жоғары оқу орнына енді ғана түскен стдудент қыз Бағила. Жасын Мәдиев - ойы алғыр, өмір шындығына жасқанбай тура қарайтын талантты жазушы. Оның Бағилаға деген шынайы сезімі де өз мінезі сияқты қайшылыққа толы, тіпті, ішкі жан-дүниесінің өзімен-өзі арпалысы кезінде байқаусыз жас қыздың арына тиетін де сөздер айтып қалады.

Романның құндылығы оның ішіндегі - күрес. Адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқан арпалыс. Романның өн бойы күрес, ақыл мен сезімнің, жеке өмір мен қоғамның арасында ешқашан бір арнада ақпайтын, аға қалса, бір-біріне кесірін тигізетін арна. Кейіпкер сол арнаның бірін таңдаса, екіншісіне кесірін тигізеді, сондықтан қанша арпалысса да, өзінің шарасыздығын біледі. Бұл романның басты идеясы, ал қалған көтерілген тақырыптар тек соны айқындай түсу үшін немесе соны көрсету үшін таңдалған жол болып табылады. Мысалы, Жасын - ол білімді, көзі ашық, дүниеге, қоғамға деген көзқарасы басқалардан мүлдем бөлек сол ортада өзін ЖАЛҒЫЗ сезінетін және өзін іздеу үстіндегі кейіпкер. Жасын арқылы автор әрбір адамның өзі өмір сүретін қоғамда алатын орны бар екенін көрсете отырып, оның арпалысын сыртқа шығартпай, өз-өзіне жеңдіртеді. Себебі, адам қиялы мен оның сезімінде шек жоқ, ал қоғамда шектеулі сызық бар. Егер сол сызық болмаса, әр адам өз дегенін істесе (Бағилаға деген сезімнен бас тартуы), қоғамда хауыс болар еді. Бағила сол хауысты туғызуға дайын, себебі ол әлі жас, ал Жасын оған жол бермеу керектігін түсінді.

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

1. 1. «Қарғын» шығармасы тіліндегі синоним, антоним, омоним сөздердің қолданысы

Тіл білімінің қай кезеңінде, қай дәуірінде болмасын қарама-қарсы мағыналы сөздердің (антонимдер) табиғаты ғалымдардың қызығушылығын тудырып отырған. Өйткені жалпы қарама-қарсылық ұғымы өте күрделі, түрлі көзқарастарды басшылыққа алып жүрген тілдік құбылыстардың бірінен

саналады. Қарама-қарсылық мәндегі қатынастар семантикалық парадигманың бір көрінісі болып табылады, сондықтан да олардың көріну, жасалу ерекшеліктері ғалымдардың назарын әрқашан өзіне аударып отырған.

Сонымен бірге қарама-қарсылықтың күрделі табиғаты бұл мәселенің қаншалықты зерттеу нысаны болғандығын баяндауды қажет етеді. Сондықтан біз осы уақытқа дейін жазылған ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, қарама-қарсы мәндегі сөздердің, яғни антоним сөздердің зерттелуіндегі бағыттарға, соның ішінде антоним сөздердің дәстүрлі, құрылымдық бағытта зерттелуінің жай-күйіне соға кеткенді жөн көреміз.

XVІІІ-ХІХ ғасырда қарама-қарсы мағыналы сөздер әр алуан атаулармен берілген: “қарсы заттар» (М. В. Ломоносов) ; «қарсы мәнді, қарама-қарсы, қарсы атауыш сөздер» (И. И. Срезневский) ; «қарама-қайшылық, қарама-қарсы сөздер» (И. И. Давыдова) . Қарама-қарсылық мәндегі ұғымдар тіл білімінде антонимдік бірліктер ыңғайында зерттеліп келді, сонымен бірге оларды жалпытеориялық деңгейде зерттеген еңбектер де бар. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді психолингвистикалық аспектіде ғалым Э. И. Родичева зерттеген. Ғалым афазия ауруына шалдыққан бірнеше ұлт өкілдерінің арасында тәжірибе жасаған. Осы тәжірибенің нәтижесі - антонимдік қарама-қарсы дамулары тежелгендердің логикалық-түсініктік компонентіне енетіні. Мысалы, «төменгі» деген сөзге барлығы дереу «жоғары» деп, «бейбітшілік» деген сөзге - «соғыс» деген жауап алыныпты. Осы тәрізді қорытындыға В. И. Маслова да келген. Ғалым былай деп көрсетеді: « . . . как свидетельствуют экспериментальные данные, основные протвопоставления могут быть описаны в логико-понятийных терминах» . Э. И. Родичева әртүрлі жүйелі тілдер материалы негізінде (орыс, араб, эстон т. б. ) қарама-қарсылық қатынастардың туу және даму үдерісін зерттей келе, антонимия пресуппозициясы оны құрайтындардың бір-біріне қосылу нәтижесі болып табылады деген қорытындыға келген: 1) айтушы не сөйлеушінің персоналдық пресуппозициясы; 2) әмбебаптық логикалық пресуппозиция. Заттардың қасиеттері немесе объективті құбылыстардың мәнін көрсететін

логикалық арам-қарсылық жүйелі лексикалық антонидер арқылы тілдік тұрғыдан көрініс табады.

Әртүрлі халықтардың тілдеріндегі семантикалық құбылыстарды сараптаған кезде келесі бір элемент - ғаламның ұлттық суретінің ерекшелігі - әлемді ұлттық тұрғыдан тану пресуппозициясы қосылады. Бұл пресуппозиция тек сол тілге ғана тән антонимдік оппозицияларда көрінеді.

Қарама-қарсы мағыналы сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі жөнінде де біраз мәселені айтуға болады. Қазақ тіліндегі қарама-қарсы мәндегі сөздер - антонимия мәселесі едәуір зерттелді. Осы орайда ол туралы алғаш ғылыми пікір айтып, антонимдер сөздігін жариялаған ғалым - Ж. М. Мусин. Ғалым антонимдердің зерттелуіне жан-жақты тоқталып, антонимдік қатынастарды лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, фразеологиялық, стилистикалық деңгейде жан-жақты қарастырады.

Зерттеудің нысаны ретінде алынған қарама-қарсы мағынадағы сөздердің болымсыздық категориясымен қатысына логикалық тұрғыдан теориялық тұжырымдар беріледі. Антонимдік фразалық тіркестерді, стильдік антонимдерді, антонимдік контекстерді тұлғалық және мағыналық жағынан топтастырып, бірнеше топқа бөліп қарастырады.

Қарама-қарсылық мәселесі С. Төлекованың «Қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәндегі фразеологизмдер» атты зерттеу жұмысында да қарастырылып өтеді. Автор зерттеу нысаны болған алғыс және қарғыс мәндегі фразеологизмдерді үш түрге бөліп қарастырады:

1) Фразеологизмдердің толық мағыналарының қарама-қарсы қойылуы. Мысалы: «жас жанына жамандық бермесін - көгермей, көктей солғыр», «жаның мұрнының ұшына келгір - айдан іздегенің алдыңнан табылғыр», «қуанышың қойныңа сыймасын - қасіретіңе жолыққыр» т. б. ;

2) Қарама-қарсы мағынадағы фразеологизмдерде мағыналық жағынан фразеологизмнің негізі болатын бір сөз қайталанып келіп жасалуы. Мысалы:

«жаның көзіне көрінгір - жаның жадырағыр», «жолың болмағыр - жолың ашық болғыр», «жолыңа жуа біткір - жолың даңғыл болғыр»;

3) Фразалық бірліктерден бөлек алынған кезде бір не екі сөзі жеке тұрып антоним бола алатын фразеологизмдер. Мысалы: «Ұзақ ғұмыр берсін - өлім келгір», «көзінің оты жансын - көзіңнің оты өшсін».

Ғалым фразеологизмдер ішінде кездесетін антонимдерді қарастырады да, олардың экспрессивтік-эмоционалдық қызметін айқындайды. «Өшкенің жанып, өлгенің тірілсін» дегендегі антонимдер алғыс мәнін күшейте түседі де, «досың қас, дұшпаның жау болсын» деген тіркестегі «дос - қас», «дос

- дұшпан», «жау - дос» қарғыс мәнінде сондай әсер ететіндігін дәлелдейді.

Қазақ тіліндегі антонимдер мәселесі жоғарыда келтірген А. Е. Жүсіповтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары» атты зерттеу жұмысында едәуір жақсы ашылған. Аталған жұмыста атнонимдердің объективті негізін анықтау, түбірлі антонимдердің, энантиосемияның табиғатын ашу, қарама-қарсылықтың синонимия, полисемия, омонимиямен байланысын және антоним сөздердің стилистикалық қызметі сөз болады.

Антонимдер мәселесі қазақ және орыс тілдерінің материалдарында салыстырыла зерттеліп жүр. А. Жұмабекова өзінің еңбегінде антонимия құбылысын салыстырмалы-типологиялық аспектідегі теориялық қағидаларын алғаш рет кеңінен қарастырып, жан-жақты тұжырымдайды. Антонимия тілдік құбылыс ретінде қарастырылып, логика, психология, философия қағидаларымен салыстырылып, кешенді түрде зерттеу жүргізілген. Зерттеу барысында тілдік және логикалық қарама-қарсы

байланыс анықталып, узуалды антонимдік оппозиция және контекстуалды антонимдік оппозиция ұғымдарының айырым белгілері көрсетілген. Қарама-қарсы мағынадағы сөздер градуалды, привативті және эквиполентті деп шартты түрде үшке бөлініп қарастырылған. Зерттеушілердің айтуынша, қазақ тіл біліміндегі антонимдерге деген көзқарастың дамуында бұл еңбектің тигізер септігі мол.

Ж. Қонақбаеваның ғылыми жұмысында антонимдік фразалық тіркестер ағылшын, орыс және қазақ тілі материалдарында салыстырыла отырып, осы бірлік-тұлғалардың тіларалық идиомалық қатысын ашып, анықтауға бағытталған. Автор қазақ, орыс тілдеріндегі антонимдік қарама-қарсылық ағылшын-қазақ, ағылшын-орыс эквиваленттеріне сайма-сай келетінін айтады. Айырмашылық, негізінен, коннотативтік қатынастар кезінде байқалады, олардың әрқайсысының өзіндік семантикалық құрылымы бар дегенге жүгінеді.

Қазақ тілінің семантикасы мәселесін қарастырған М. Оразов: «Сөздерді антонимдік қатысына қарай тек белгілі семантикалық топтардың аясында бөліп, сол топтармен байланыстыра қараған жөн. Л. Новиков көрсеткен үш түрлі парадигмалық байланыс осы топ элементтерінің түрлері бір өлшемге

негізделмегендіктен көпшілік лексикологтар оны қабылдамай жүр», - дегенді айтады. М. Оразов антонимдерді мағынасына қарай топтаған кезде мынадай мәселелерге көңіл бөлу керектігін айтады:

1. Сөздер антонимдік қатардың сыңары ретінде қолданылған кезде тура (номинативтік) мағынада қолданылып тұр ма деген сұрақтардың басын ашып алу керек. Сондай-ақ көп мағыналы сөздердің бір мағынасы (барлығы емес) басқа сөздердің мағынасымен (не көп мағыналы басқа сөздердің бір мағынасымен) атнонимдік қатынаста болуы мүмкін. Бұны да есепке алу керек.

2. Антоним болатын сөздердің тұлғалық құрамына да көңіл аудару керек. Яғни туынды түбір сөздерді антонимдік қатарға жатқызу, я жатқызбау мәселесін анықтау. Бұндай анықтаудың негізі ұғым мен сөз мағынасында, қарама-қарсы қоюдың сипатында жатыр. Қарама-қарсы қою тек тілдік категория болып саналмайды, гнесиологиялық та, психологиялық та категория.

3. Қарама-қарсылық категориясы өзгермелі, салыстырмалы қасиетке ие болады.

4. Қарама-қарсылық тек ұғымда ғана болмайтын құбылыс, ол табиғатта да, қоғамда да болатын, объективтік сипаты бар құбылыс.

5. Қарама-қарсылық өсіп, сандық қарама-қарсылықтан сапалық қарама-қарсылыққа өтуі мүмкін. Тіл элементтері арасындағы қарама-қарсылық сәл басқашалау сипатқа ие, ол ұғыммен, ойлаумен байланысып жатады.

Жалпы түркі тілдерінде де антонимдер жөнінде жинақталған ғылыми тұжырымдар мен түйіндер баршылық. Зерттеулерге сүйене отырып, баяндасақ, олар мынадай сипатта болып келеді. А. Меметов қырым-татар тіліндегі антонимдерді қарастырып, олардың осы тілдегі пайда болуына, морфологиялық құрылымына сараптама жасайды. Сол сияқты басқа да түркі тілдерінде, ұйғыр тілінде - Ә. Қайдаров, Г. Садуақасова, Т. Тәліпов; башқұрт тілінде - Ж. Киікбаев; татар тілінде - Б. Байжанов; қырғыз тілінде - Б. Ш. Усубалиев т. б. антонимдер мәселесі сөз болып қарастырылған.

Дүниені танып-білуде, оның қасиеттерін анықтауда заттардың түрлі қасиеттерін салыстыру, қарама-қарсы қоюдың қызметі мол. Антоним болатын сөздер бірін екіншісі мүлде жоққа (мағына жағынан) шығармауы керек немесе антонимдік қатынас бірі болымды, екінші сыңарының болымсыз мағынада болуымен аяқталады деуге болмайды. Мысалы, жас - қарт жұбы антоним екендігінде дау жоқ. Егер қарама-қарсы қою олардың мағына компонентіне енген болса, онда олар барлық мағыналарында да өзара антоним болушы еді.

Қазақ тіліндегі қарама-қарсы мәндегі сөздер - антонимдер мәселесі дәстүрлі лингвистикада біршама зерттелді. Осы орайда алғаш ғылыми пікір айтып, антонимдер сөздігін жариялаған ғалым - Ж. М. Мусиннің ғылыми зерттеуін ерекше атап өттік. Ғалым антонимдердің зерттелуіне жан-жақты тоқталып, антонимдік қатынастарды лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, фразеологиялық, стилистикалық деңгейде жан-жақты қарастырады. Бұдан басқа қарама-қарсылық мәселесі Ғ. Мұсабаев, С. Төлекова, А. Е. Жүсіпов, А. Жұмабекова, Ж. Қонақбаева, М. Оразов т. б. ғалымдардың еңбектерінде

антонимия құбылысы жан-жақты қарастырылған. [1, 377-390 беттер]

Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. [2, 45 бет]

Сын есімге тән антонимдер:

  1. Өздеріненбиіксанаған жігіт өздеріненаласаболды. (26 бет)

Биік - Асқар, заңғар, зәулім. [ҚТТС, 132 бет]

Аласа - биік емес, жатаған. [ҚТТС, 38 бет]

  1. Мәлике күйеуіне ашуға ашумен жауап бермей-ақ қас-қабағымен, ас үйде шай ішіп отырып оның қызғанышының мүлде орынсыз екенін, жаман болсын, жақсы болсынкүйеуге тиіп, бір шаңырақтың астында тұрып жатқан соң адалдықты аттауға ары жібермейтінін және орынсыз қызғаныш арқылы әйелдік арын аяққа таптайтынын мейлінше нанымды, мейлінше байыпты үнмен қысқа-қысқа айтып өтетін-ді. (32 бет)

Жаман - сапасы төмен, жақсы емес, әсіре нашар. [ҚТТС, 260 бет]

Жақсы - жаман емес, оңды, тәуір. [ҚТТС, 252 бет]

  1. "Мұның жас жігіттерден қай жерікем? Олар бұдан несіменартық? (38 бет)

Кем - аз, толмаған, жетімсіз, кеміс. [ҚТТС, 381 бет]

Артық - шамадан тыс көп, мол. [ҚТТС, 58 бет]

  1. Әзіл-қалжыңменірілі-уақтыәңгімемен, сапырылысқан гу-гу күлкімен жүріп-ақ немере інісінің үй ішіндегі олқылықты байқағанына, ойының беріде емес, әріде жатқанына іштей риза болды. (46 бет)

Ірілі-уақты - көлемі әртүрлі, үлкенді-кішілі. [ҚТТС, 952 бет]

  1. Ресторандағыкәрі-жассодан көз алар емес, әсіресе еркектер жағы жалпы бидің басқа жағымен мүлде ісі жоқ, бар ынталарын осы төртеуіне, қасындағы әйелдерінен жасырып айтқанда - қызға қарап қалған. (52 бет)

Кәрі-жас - үлкен-кіші аралас, барлығы. [ҚТТС, 371 бет]

  1. Сонау алыста өз туған үйінде, туған топырағында бұл ешқашан мұндай жалғыздық сезінген емес, азды-көптіөз басына, өз ортасына лайық жайсыздық көрсе де бүйтіп өгейсімейтін-ді. (56 бет)

Азды-көпті - азды-кем, біраз. [ҚТТС, 20 бет]

  1. -Жуан ба, жіңішке ме?. . (60 бет)

Жуан - ені, көлденеңі жағынан үлкен, қалың, көлемді. [ҚТТС, 312 бет]

Жіңішке - жалпақ емес, енсіз, сидам. [ҚТТС, 337 бет]

  1. Ойлай берсең өмір деген тұңғиық, ойсыз ғұмыр кешсең, тереңінебойламай, тайызындатайраңдап жүрсең, кейде, сол қызық па деп қаласың. (63 бет)

Терең - түбі көз жеткісіз, тұңғиық, шыңырау. [ҚТТС, 800 бет]

Тайыз - терең емес, саяз. [ҚТТС, 774 бет]

  1. - Жоқ, бұл сағатқалық. - Мүмкін, бірақ, сенің сағатың даозық, Сэр, - деді Мәлике оның көңілді қалпын бұзғысы келмей әзілдеп. (67 бет)

Қалық - қалып қойған, озық емес. [ҚТТС, 466 бет]

Озық - алдыңғы қатарлы, үздік, озат. [ҚТТС, 623 бет]

  1. Қарсы алдында отырған осы бір бейтаныс кешірім дегеннен жұрдай, кісініңақ-қарасынажыратып жатпайтын, мейірімсіз жандай көрінді. (77 бет)

Ақ-қарасы - бір нәрсенің дұрыс-бұрысы, оң-терісі. [ҚТТС, 33 бет]

  1. Естісіде бар, есеріде бар, сырбазы да бар, сұғанағы да бар. (125 бет)

Есті - ақылды, саналы, парасатты. [ҚТТС, 238 бет]

Есер - делқұлы, ойына келгенін істейтін әумесер, сотқар. [ҚТТС, 237 бет]

  1. - Бұл жаста екінші рет әйелден айрылу - біреуіненөлідей, екіншісінентірідей -маған, әрине, оңай емес, -деді кенет Сәргелдің де даусы дірілдеп. (139 бет)

Өлідей - өлік қалпында, өлік күйінде. [ҚТТС, 652 бет]

Тірідей - өлтірмей тірі күйінде, тірі қалпында. [ҚТТС, 847 бет]

  1. Табиғаттыңыстық-суығыменараласып келеді. (162 бет)

Ыстық - температурасы жоғары, қатты қызған, ыссы. [ҚТТС, 947 бет]

Суық - салқын, жылы емес. [ҚТТС, 745 бет]

  1. . Он екі жас үлкен, үйленген, бала-шағасы бар, өмірдіңащы-тұщысынталай татқан! (180 бет)

Ащы-тұщы - ащысы да, тұщысы да: екеуі де. [ҚТТС, 78 бет]

  1. Мен билетті соған алып қойғам. Енді кеп, ойда жоқта кездескен бір кеменің алыптығына, жүрер жолының қызғылықты да қиындығына, барар қаласының бір-біріне ұқсамайтын әсерлілігіне елігіп, сол кеменің ақылды даашулы, сабырлыда салқын капитанымен алаңсыз еріп кете бермекпін бе? (182 бет)

Ашулы - ашуға мінген, ашулы. [ҚТТС, 76 бет]

Сабырлы - салмақты, ұтамды, байыпты. [ҚТТС, 695 бет]

  1. Жарты шақырымдай жердегі теңіз толқындарының жарқабаққа соғылып гүрсілдегендері талып естіледі, жаңа ғана өздері келген жақтан демалушыларды кезекті серуенге шақырып, катерге отыруларын сұрап жатқан порт дикторының репродуктордан шыққан даусы ауа толқыныменбірде қатты, бірде бәсеңестіліп тұр. (203 бет)

Қатты - өте, тым, аса. [ҚТТС, 494 бет] .

Бәсең - жай, ақырын, баяу. [ҚТТС, 120 бет] .

  1. Демек, мен үлкен ұғымнан келгендебақыттымында, жеке бастың ұғымынан . . . бақытсызбын ғой? Бірақ, бір ғажабы өзімдібақытсызбындеп есептемеймін? (184 бет)

Бақытты - бақытына жеткен, бағы жанған, бағы бар. [ҚТТС, 103 бет] .

Бақытсыз - бағы ашылмаған, бағы жоқ, сорлы. [ҚТТС, 103 бет] .

Етістіктерге тән антонимдер:

  1. Қызық-ау өзі, жек көру мен ынтығудыңарасы бір-ақ адым екенін Бағила болмысымен ұғынбаса да, осы сәттен бастап өзінің бар ынтызары жартылай жазылған әлгі қағазға ауғанын сезді. (17 бет)

Жек көру - ұнатпады, жақсырмады. [ҚТТС, 288 бет] .

Ынтық - құмар, ынтызар, іңкәр. [ҚТТС, 944 бет] .

Зат есімдерге тән антонимдер:

  1. Мәлике болса бұған кері мінез танытып, жайдары, ерке, өмірге құштар, адам атаулыныңқайғысы мен қуанышынаортақтаса кетер елгезек боп кетеді. (32 бет)

Қуаныш -бір нәрсеге қуану сезімі; шаттық[ҚТТС, 527 бет] .

Қайғы- мұң-қасірет, уайым, күйік[ҚТТС, 453 бет] .

  1. Кейін бәрін шатастырып алдық та, неніңдұрыс, неніңбұрысекенін айыра алмай қалдық. (49 бет)

Дұрыс - жөн, жөнді, әділ, түзу. [ҚТТС, 208 бет] .

Бұрыс - оғаш, теріс, дұрыс емес. [ҚТТС, 156 бет] .

  1. Күйініштері де, сүйініштері деболды. (54 бет)

Күйініш - Сүйініш - қуаныш пен реніш, рақат пен бейнет. [ҚТТС, 426 бет] .

  1. Сонысын білдіргісі келмей олқысы-жазықыздардың капрон орамалын мойнына галстук секілді етіп байлап жүреді. (85 бет)

Қысы-жазы - бүкіл жыл бойы. [ҚТТС, 565 бет] .

  1. Сол адам алыста емес, қасында отыр, түсіндеемес, қиялында емес, өңінде!(91 бет)

Түс - ұйқы кезінде елестелетін әртүрлі көрініс, бейне. [ҚТТС, 835 бет] .

Өң - адамның ұйықтамаған, ояу кезі. [ҚТТС, 655 бет] .

  1. - Сәлематсыздар ма?- деді оләйел мен еркектіңөзін сұраулы да күдікті пішінде үнсіз қарай калған жүздерінен қатты қысылып. (98 бет)

Әйел - адам баласының ұрғашы жыныстылары. [ҚТТС, 84 бет] .

Еркек - адам баласының ер жыныстылары. [ҚТТС, 231 бет] .

  1. Олардың арасында ақылдысы да, салмақтысы да, жеңілтегі де, ажарлысы да, көріктісі де, мүсіндісі мен мүсінсізі, бәрі-бәрі болды. (115 бет)

Мүсінді - сымбатты, кескінді, келбетті. [ҚТТС, 606 бет] .

Мүсінсіз - келбетсіз, көріксіз, кескінсіз. [ҚТТС, 606 бет] .

  1. Білесіз бе, дүниедегі ең ірі оқиғалар:соғыс пен бейбітшіліккедейін сөздің айтылу түріне байланысты . . . (122 бет)

Соғыс - мемлекеттердің және бір-біріне қайшы таптардың арасында болатын қарулы күрес, ұрыс. [ҚТТС, 732 бет] .

Бейбітшілік - тыныштық, татулық. [ҚТТС, 122 бет] .

  1. Әні, анау, қойдыңкіріс-шығыскітабының артына он шақты әлгіндей аттарды жазып қойған. (155 бет)

Кіріс - белгілі кәсіптен түсетін ақшалай я заттай табыс, түсім. [ҚТТС, 440 бет] .

Шығыс - шығысы жұмсалған, ұсталған ақшалай, заттай шығын. [ҚТТС, 931 бет] .

10. Мәликенің сырты бүтін, іші түтін өмірін, Жасын творчествосын тасталқан қылған соңғы мақалалар, бәрі-бәрі дәл қазір топырлап кеп есіне түсіп өтті. (185 бет)

Сырты - бір нәрсенің ішіне қарама-қарсы жақ, тыс. [ҚТТС, 766 бет] .

Іші - бір нәрсенің ішкі жағы, ортаы, арасы. [ҚТТС, 953 бет] .

Үстеуге тән антонимдер:

  1. Ертекетеді, кешкеледі. (13 бет)

Ерте- таң сәріде, ертемен. [ҚТТС, 232 бет] .

Кеш- ымырт жабылып, қараңғы түскен уақыт. [ҚТТС, 393 бет] .

  1. Бағилаға мұның бәрі үйреншікті, осылай болуы керек сияқты боп көрінсе де, бертін келе әкесінің жұмысы тіпті ауыр екенін және өмірдің мейірбандығы мен жомарттығыкүндіз-түнідамыл көрмейтін осы әкесінің арқасында екенін бірте-бірте ұға бастады. (14 бет)

Күндіз -түнге қарама-қарсы күн жарығындағы тәуліктің жаршысы[ҚТТС, 430 бет] .

Түн -тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы[ҚТТС, 833 бет] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дулат Исабеков – роман жазушы, суреткер. Жазушының Қарғын романының көркемдік құрылымы
Жазушы және өмір шындығы
Дулат Исабеков
Д Исабековтің Қырғын романындағы синонимдердің қолданысы
Тақырып идеяға тартылған жол
«Қарғын» романы туралы
Д. Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы
Өнер - өмір дейтін жұмбақ әлемнің жарқ етіп көрінген көркем көшірмесі
Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz