Жазушы Әкім Таразидың Тасжарған романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Жазушы Әкім Таразидың «Тасжарған» романы тілінің

лексика-фразеологиялық ерекшелігі

Кіріспе

Тіл-қоғамдық қарым-қатынастың ерекше сипатын білдіретін құнды құрал. Тіл-халықтың ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы үзіліссіз беріліп келе жатқан ұлттық мұрасы. [9, 3- бет] .

Ал, көркем әдебиет тілі көңіл көк жиегін кеңейтетін керемет дүние екені белгілі. Шығарма тілі қызықты, әдемі, әсерлі, бейнелі болса оқырманды өзіне тартып әкетері сөзсіз. Сол маржандай тізілген асыл сөздерді ажыратып, зерттеу бүгінгі ғылымның талабы. Кез-келген әдеби туынды оқырманға жол көрсетуші құрал, адасқанда бағдар болуы тиіс. Көркем әдебиет тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу ненің не екенін айыра білу үшін, әдеби шығарманың құндылығын ұғыну үшін керек.

Тасжарған - 2011 жылы Алматы қаласы «Жазушы» баспасында басылып шыққан кітап. Жазушының бұл романында қоғам мен адам арасындаға қарым-қатынас, замана шындығы боямасыз көрініс тапқан. «Қазақтың 100 романы» сериясымен қайта басылып шыққан «Тасжарған» романының оқиғасы негізінен Өртас қаласында өтеді. Оқиға сол қалаға өмірді зерттейміз деген сылтаумен Әли мен Мирастың келуімен басталады. Әрі қарай оқиға шиеленісе түсіп, әрбір кейіпкердің жан әлеміне, табиғатына, адамдардың қарым-қатынасына тастай батып, судай сіңеді. Әкім Тарази не жазса да санамен жазады. Бұлтартпай, шын жазады. Осы ретте жазушының үш түрлі ерекшелігін айтқан жөн. Бірінші, кейіпкерлерінің басым көпшілігі мына өмірге романтиктің көзімен қарайды. Барынша сенгіш, иланғыш, ізденіп жүреді. Әйтсе де, жұрт жүрген шұбырынды жолмен томпаң қағып кете бермей, өзінше жол іздеп, өмір соқпағын басқаша, өзгеше сызуға талпынып жүрген өлермен, жанкешті жандар. Өзін де, өзгені де аямайды. Екінші ерекшелік: кейіпкерлер бірсыдырғы қалыпты емес. Бейне қыл көпірдің үстімен жүріп келе жатқан даршы секілді, титтей қалыптан шықса, шыңырауға құлайды, не аяғына жұқпай арғы жағалауға жетіп жығылады. Оқырманды қос үрей кепте толғаныс, ашыну, опыныс үстінде ұстайды. Үшінші ерекшелігі: көпшілігі жұрт танып-білген қалыпқа сыймайды, оқшау, оқыс қылыққа үйір. Қалыпқа сыймайтын әрекетке барады, жоқ дегенде өзінше өзгеше ұпай жинап, жұрт алдына түскіс келеді. Роман кейіпкерлері алда үлкен бір қоғамдық өзгерісті, сілкіністі күтетін секілді. Тыныш, тұйық, жаймашуақ жатқан көл бетіне тас тастап жібергендей әсерге бөлінесіз, әлденені күтіп елегісисіз . . . әлденеге іш жиясыз . . . секем аласыз . . . қалыптан тыс әрекетті күтесіз. Өзгерістен, келеісізден жаңалық күту - қаламгер стихиясы.

Курстық жұмыстың мақсаты: Әкім Таразидың «Тасжарған» романындағы лексика - фразеологиялық ерекшелігін және шығармада қолданған көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдерді анықтап, мысалдар теру. Бұл ерекшеліктерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылады:

  • Фразеологизмдердің стильдік қызметін анықтап, толықтыру;
  • Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдер мен авторлық афоризмдердің топталуы, мағыналық-стильдік қызметін шығару;
  • Кірме сөздер, диалект мағыналық реңкіне тоқталу;
  • Антоним, синоним, омоним сөздер мен эпитет, теңеу, кейіптеу, метафора, метонимия, синекдоха т. б. көркемдік тәсілдердің стильдік қызметтеріне тоқталу.
  • Курстық жұмыстың міндеті:Әкім Таразидың «Тасжарған» романын оқу барысында ізденіс жасап, суреткердің сөз қаруларын қолданудағы мақсатын айқындау.
  • Курстық жұмыстың нысаны:Әкім Таразидың «Тасжарған» романын лексико-фразеологиялық ерекшеліктерін зерттеу - зерттеу жұмыстың нысаны болып табылады.
  • Курстық жұмыста қолданылған әдістер. Көркем шығарманың лексикалық ерекшеліктерін анықтау барысында мынадай әдістер қолданылды:
  • Шығарма бірінші оқылғанда мазмұны толықтай танылды;
  • Романды екінші рет оқығанда алдымен антоним, синоним, омонимдер белгіленді;
  • «Тасжарған» үшінші қайтара оқығанда метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, қайталау, эпитет, портрет, пейзаж сынды көркемдегіш- бейнелеуіш құралдар анықталды;
  • Көркем шығарманы тағы қайтара оқығанда мақал - мәтелдер, фразеологизмдер, теңеулер белгіленіп, теріліп талдануға түсті
  • Шығармадан терілген антоним, синоним, омонимдер және метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет, портрет, пейзаж сынды көркемдегіш- бейнелеуіш құралдар сондай-ақ, фразеологизмде, мақал- мәтелдердің (түсіндірмелі сөздігі барлардың) сөздік бойынша мағынасы ашылып, түсіндірілді.
  • Зерттеу жұмыстың құрылымы:Кіріспеден, екі тараудан тұрады: біріншісі - шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі, екіншісі - шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдердің қолданысы, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

1. 1. «Тасжарған» шығармасы тіліндегі синоним, антоним сөздердің қолданысы.

Антоним

Анар Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі»атты оқу құралында антонимдерге мынадай анықтама беріп өтеді.

Антонимдер (гректің anti -қарсы, onoma - ат, есім сөздерінен алынған) - тұлғалық жағынан әр алуан, мағыналық құрлымы жағынан бір-біріне қарама-қарсы айтылатын лексикалық бірліктер. Антонимдік парадигма құрылуының мәнісі, оларды бір-бірімен қарама-қарсы ұойып салыстыру мүмкін болуы, осыған сәйкес құрамында жұп сөз болуы қажет. Егер парадигмалық қатардағы сөздің бірі болмаса, екіншісі өзі антоним бола алмайды, яғни кез келген бірлік антоним деп танылуы үшін, оның қарама-қарсы жұп құрайтын сыңары болуға тиісті. Мәселен, бар-жоқ, аш-тоқ, кел-кет т. б.

Қазақ тіл білімінде антонимдерді алғаш арнайы зерттеп, сөздігін құрастырған, тілдік табиғатын терең ашып көрсеткен, ғалым Ж. Мусин былай деп жазады: « . . . антонимдік жұптың сыңарлары қарама-қарсылықты мәні жағынан безбеннің екі басындай бір-біріне тепе-тең болуы керек екен. Егер олардың бірі мағына қарама-қарсылығы жағынан сәл төмен, не сәл жоғары болса, онда олар антоним бола алмайды» (Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 9-бет) . Қуану, шаттану, мерейлену, масаттану, масайрау, мәз болу - синонимдік қатарындағы сөздердің кез келгені «қайғыру» сөзіне антоним бола алмайды, тек «қуану-қайғыру» жұбы ғана бір-біріне семалық жағынан қарама-қарсы болып, парадигмалық қатар құрай алады. Антонимдердің мұндай қасиетін Л. А. Новиков «Логическая противоположность и лексическая антонимия» (1966 ж) деп аталытын мақаласында «антонимдер бір-біріне қарама-қарсы, полярлық мәнді бейнелейді» деп алғаш рет аңғарып жазған еді. Осы негізгі идея көптеген жеке тіл білімінде ғылыми-теориялық бағыт ретінде орныққаны рас.

Тіл білімінде антонимдердің табиғаты құрылымдық, семантикалық және қолданыстық ерекшеліктеріне қарай сипатталады.

Құрылымдық ерекшелігіне байланысты: бір түбірлес және әр түбірлі антонимдер деп бөлуге болады. Бір түбірлес антонимдер - бір түбірге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы негізінде, екіншілік мағынаның пайда болуы арқылы жасалады. Көбінесе, етістіктің етіс тұлғасы арқылы болады: үйрену - үйрету, қыру - қырылу, улау - улану, ұғу - қғындыру т. б.

Әр түбірлі антонимдер - әр түрлі түбірдің негізінде жасалады, тіл тілде көптеп саналады, болмыстағы қарама-қарсы ұғымдардың аталуы әр түрлі таңбалық негізінде жасалатындығының өзі танымның бір сипатты белгісі. Мысалы, ұшқыр - шабан, үзу - жалғау, ұшу -қону т. б.

Семантикалық ерекшелігіне байланысты: контрарлы, контрадикторлы, векторлы деп бөлінеді.

Қарсы мәнді (контрарлы: латынның contra- қарсы сөзінен алынған) антонимдер - қарама-қарсылықты білдіретін сөздер, әрі олардың арасында аралық, орта топтар да болуы ықтимал: жас (ортасы) қарт (кәрі), суық (жылы) ыстық т. б.

Толық антонимдер (комплементарлық: латынның complementum - толықтырушы деген сөзінен алынған) - толық қарама-қарсылық мән туғызатын лексикалық бірліктер жұбы. Мұндай антонимдік жұп құрамында аралық сипат болмайды, заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерінің табиғи болмысы бірін-бірі толықтырып тұрады: өмір -өлім, үнемі - уақытша, сақтау - бұзу т. б.

Векторлық антонимдер - зат не құбылыс іс-әрекетінің, қимылының, белгісінің, қасиетінің өзара қарама-қарсы бағытта белгіленуі, яғни лексикалық бірліктердің векторлық қарама-қарсылығы; Мысалы: кіру - шығу, ашу - жабу, жасару - қартаю т. б.

Найманбай Айнұр Рахымбердіқызы «Антонимдік қатынастардың көркем прозадағы қолданысы (Ғ. Мұстафин шығармалары негізінде) » атты афторефератында 1. 2. Антонимдердің жазушы шығармалары бойынша морфологиялық құрылымы: антонимдердің зат есім, сын есім, үстеу сөз таптары арқылы жасалу деп аталады.

Тіл мамандары антонимдердің жасалу жолдары мен ерекшкліктері жөнінде біршама құнды пікірлер айтады. Ғалым Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев антонимдерді қолданудың негізгі төр жолын көрсетеді. [9, 120] : 1) Антонимдердің бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылуы. Жазушы шығармаларынан мысалдармен келтірер болсақ: Ескінің бәрі де іріп тұрмайды, жаңаның бәрі жарқырыап тұрмайды. («Шығанақ», 72-б) Жақсысын ала алмай, жаманын жеңе алмай жатырмыз ғой, әйтпесе . . . («Шығанақ), 175-б)

2) Антонимдердің іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шендестірілуі: Жаман жердің белгісі - жел ғана еседі. Жақсы жерге ел көшеді («Шығанақ»)

3) Антонимдердің бір сөйлем ішінде ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалуы: Сордың бәрі бақ әпермейді. («Шығанақ», 173-б) 4) Фразеологизмдердің нақты мәтіндерде бір-біріне қарама-қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсуі :қол жүйрік - тіл қысқа, көзі тірі - көзі жоқ, бақ қонды - бақ тайды т. б.

Жазушы шығармаларында антонимдік жұптардың жасалу жолдар да ерекше. Мәселен кейбір антонимдік қатынастар ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері жалғауының, номинациялық атауға ие сөздердің қатысуымен жасалса: Не күлкі! «Еркектің қоры күлегеш, әйелдің қары күлегеш». («Шығанақ», 34-б) Сенен үлкенді де, кішіні де көрдік («Дауылдан кейін», 345-б) . Түсі суық адам өңімде де, түсімде де соңымнан қалмай қойды («Қарағанды», 319-б)

Тіл білімінде жүйеленген талдаулар бойынша, жазушы шығармаларындағы антонимдік қолданыстардың сын есім мағынасында жасалу сипатын мынадай негізде көрсетуге болады:

  • заттың түр-түсін білдіретін антонимдік қолданыстар(ақ-қара) :Екі бетімнің біріқара, біріақ(«Қарағанды», 187-б)
  • заттың көлемдік, аумақтық сынын білдіретін антонимдер(үлкен-кіші) :Төкенүлкенде болсакішідейжалпаңдай бастады(«Шығанақ», 68-б)
  • заттың дәмін, исін және басқа сипаттарын білдіретін қарама-қарсы сөздер(ащы-тәтті, жағымды-жағымсыз т. б) :Тәттітағам жеген адам, ащынықайдан білсін(«Шығанақ», 68-б)

егер тіл материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, антонимдік қатынаста қолданылатын сөздердің ең көбі - сын есімдер.

Сын есімге тән антонимдер

  1. Әли адамдарды«жаман», «жақсы»деп бөлмейтін. (8 бет)

Жаман. 1. Сапасы төмен, жақсы емес, әсіре нашар. 2. Жағымсыз, ұнамсыз, кеіпсіз. 3. Өте, қатты. [ҚТТС 261 бет]

Жақсы. 1. Жаман емес, оңды, тәуір. 2. Ақылды, тәрбиелі, саналы, адамгершілік қасиеті мол . [ҚТТС 252 бет]

2. Забойдың алыс түкпірі алакөбең, жарқ-жұрқ етіп жыпылықтап барып неон шамдары жанды, бұларға көрінбейтін қалтарыстан қорбиған біреу шықты, өзінен бұрын бұл жерге көлеңкесі жетіп теңселіп келеді, төбеден төніп келген қарақұстай жалп-жалп еткен қаракөлеңкенің астында Мамыржанның басы айналып, жүрегі лобыды, кемеге алғаш мінген дала қазағындай қиналды; көлеңке тұтасып барып бұлардың үстінен өтіп кеткен сәтте жаңағы қорбаңдаған алып заматта кішірейіп адам сиқына келді; қазан бас, жалпақ бет, жауырыны қақпақтай, биік те емес, аласа да емес, мығым жігіт екен. (25 бет)

Биік. 1. Асқар, заңғар, зәулім. 2. Төмен емес, жоғары. 3. Өте жоғары, көп қабатты . [ҚТТС 132 бет]

Аласа. Биік емес, жатаған . [ҚТТС 38 бет]

3. Он алты жасынан асханада істеп ерте семіріп кетіп, тұрмыс құра алмаған, қырықтан жаңа асқанда толыққаны соншалық үлкен-кіші оны «тетя» дейтін болған. (73 бет)

Үлкен-кіші . Кәрі-жасы аралас, барша қауым. [ҚТТС 870 бет]

4. Аз отырғанын, көп отырғанын білмейді, қыз екі аяғын суға кезек малды, еңкеіп, алақанымен су ілді, тұрды-тұрды да қайта киіне бастады. (104 бет)

Аз. Азғантай, шағын . [ҚТТС 19 бет]

Көп . Едәуір, бірсыпыра; мол, қыруар. [ҚТТС 415 бет]

5. Сол қолы сынып барады, үзілердей, темір ұстаған оң қолы қарысып қалыпты. (115 бет)

Сол. Оңға қарама-қарсы жақ. [ҚТТС 735 бет]

Оң . Солға ұарама-ұарсы жақ . [ҚТТС 633 бет]

6 . Қоңқабай басы қазандай, жауырыны қақпақтай, тұрқы ұзын , бұты қысқа , қара бұжыр беті ылғи тұнжырап жүреді, не ойы барын сездірмейді. (123 бет)

Ұзын. 1 . Қысқа емес, шұбатылған. 2. аласа емес биік. [ҚТТС 855 бет]

Қысқа . Келет, шолақ, шорт . [ҚТТС 564 бет]

7. Кеше ғана біреуден кем, біреуден артық азамат еді, мен бейбақ оның да түбіне жетіппін-ау! - деп ойлады. (269 бет)

Кем . Аз, толмаған, жетімсіз, кеміс. [ҚТТС 381 бет]

Артық . Шамадан тыс көп, мол . [ҚТТС 58 бет]

8. Жұмса да, ашса да көз алдынан құйындай үйірілген от кетпейді, біресе жақындай түсіп, біресе алыстай түсіп мазақтай ма, қалай; жақындаса жалынға көп ұқсайды, алыстаса құдды қан, адам қаны, үйрім ортасы қара қошқылданып, қоюланып шет-шеті сұйықтанып , ақ сарғыш тартып, көпіршіп жатқаны; күні түнге айналды, түні күнге айналды. (170 бет)

Қою . Сұйық емес. [ҚТТС 526 бет]

Сұйық . Қою емес, қалың емес, селдір . [ҚТТС 745 бет]

Етістікке тән антонимдер

1. Әли ашуланарын да, ашуланбасын да білмейді. (11 бет)

Ашу. Адамның ыза мен реніштен пайда болатын күй-қалпы. [ҚТТС 76 бет]

2. Мамыржан отырар-отырмасын білмей тік тұрып қалған, Мирас кабинет иесінің алдын орап:

- Отыр Мамыржан! - деп қалды. (17 бет)

Отырар-отырмастан . Отырмай жатып, іле-шала. [ҚТТС 644 бет]

3. Биллиард ойнады, бірде ұтты, бірде ұтылды , қапаланатын не бар. (31 бет)

Ұт . Түрлі ойындарда, спорт сайыстарында қарсы жақты жеңу [ҚТТС 862 бет] .

Ұтылыс. Ұтылып қалушылық, жеңіліс . [ҚТТС 863 бет]

4. Кіріп-шығып жүрсем болар! - деді Рәзия.

Кір. Ену, келу, бару. [ҚТТС 438 бет]

Шық . Шығып кету, кетіп қалу. [ҚТТС 932 бет]

5. «Әй, шалағай немелер, қайбір жетістіріп барасыңдар, кетпеннің ұшын тиер-тимес сілтеп барасыңдар да, көзбояушылыққой сендердікі. (75 бет)

Ти. Бір нәрсенің екінші бір нәрсеге барып тірелуі, соқтығуы. [ҚТТС 802 бет]

Тимеу. Бір нәрсенің екінші бір нәрсеге барып тірелмеуі, с

6. Мөп-мөлдір Ай жарығы бәрін айқын көрсетеді; қыз - шешінсем бе, шешінбесем бе деп ойланып қалғандай. (104 бет)

Шеш. 1 . Жіптің байлауын, түйінін таұату, ағыту, босату. 2. Үстегі киімді шешу. [ҚТТС 915 бет]

7. Амандықтан кеін очерктің шығуымен құттықтау керек, қалай әдемі жазылған, шахтаға бірге түсіп едік, біз байқамаған көп нәрсені ол байқапты, таланттың аты талант қой! (110 бет)

Байқа . 1. Сезу, аңғару, көру. 2. Абайлау, сақтану . 3. Қадағалау, тексеру. (ҚТТС 98 бет)

Байқамау . Сезбеу, аңғармау, көрмеу

8. Аспанбайдың бұл қылығына қарап ауыл адамдары: «е-е, байғұстың есі кіресілі-шығасылы », - деп қоятын көрінеді. (114 бет)

Кіресілі-шығасылы. 1 . Есі бір кіріп, бір шыққан . 2. Ауысп. Тұрақсыз, өзгермелі, құбылмалы. [ҚТТС 438 бет]

9. Содан екеуі кірісіп кетті, отырып ішті, жантайып ішті, шалқайып ішті, далаға шығып ішті , үйге кіріп ішті беріспеді, Терентий Самұраттың тегін келіп отырмағанын біледі, сондықтан мас болып қалмауы керек. (142 бет)

Шық. 1. Шығып кету, кетіп қалу. 2. Аттану, сапар шегу . [ҚТТС 932 бет]

Кір . Ену, келу, бару . [ҚТТС 438 бет]

10. Дулат білінер-білінбес жымиып күлді. (147 бет)

Білінер-білінбес. Сәл ғана, болар болмас. [ҚТТС 165 бет]

11. Зәр төгу үшін - зәр жинау шарт. (162 бет)

Төк. Сұйық, уақ, үгітінді затты бір орнынан екінші орынға аудару, ақтару, құю, шашу . [ҚТТС 816 бет]

Жию. Жиналып қойылған, реттелген . [ҚТТС 304 бет]

12. - Зират бсынан келдім, - деп бастады Аблез, деп бастады да зират басында болған оқиғаны бояуын сәл ғана болар-болмас, сезілер-сезілмес қана қоюлатып, айтып берді. (167 бет)

Болар-болмас . 1. Білінер-білінбес. 2. Сәл ғана, ептеп. [ҚТТС 135 бет]

Сез . Бір нәрсені іштей байқау, сезу, білу. [ҚТТС 721 бет]

Сезілмеу. Бір нәрсені іштей байқамау, сезбеу, білмеу.

13. Қуанғанын да, қайғысын да сыртқа шығара алмайтын жігіт орнынан тұрып керілді, терезеден сырқа қарап күлімсіреді, бар болғаны сол. (200 бет)

Қуаныш . Бір нәрсеге қуану сезімі; шаттық . [ҚТТС 527 бет]

Қайғы-мұң. Қасірет, уайым, күйік . [ҚТТС 453 бет]

14. Ол жадыраған сайын Омар түнере берді, ол масайған сайын Омар айыға берді. (202 бет)

Жадыра . Шат-шадыман болып шаттану, рахаттанып масайрау, көңіл көтеру. [ҚТТС 245 бет]

Түнер . Күннің жауға айналуы, күңгірт тартып қарауытуы. [ҚТТС 833 бет]

15. Соңғы сессияның қарарын оқығанда бір күліп , бір жылағандай болды, күлгені - Омардың омақасқаны, жылағаны - Аблездің сазға отырып қалғаны. (211 бет)

Күл. Қуанып, шаттану кезінде езу тартып түрлі үн шығару . [ҚТТС 427 бет]

Жыла . Көзден жас шығару, еңіреу . [ҚТТС 326 бет]

16. Әли өзі сөйлеп, өзгені тыңдап үйренген, бұл жолы ол салтты ұмытып, Омардың хикаяларына сенер-сенбесін білмесе де қызыға құлақ салған. (241 бет)

Сен. Бір нәрсеге илану, нану. [ҚТТС 725 бет]

Сенбестік . Нанбастық, иланбаушылық . [ҚТТС 725 бет]

17. Мен түнде серт еттім, маңдайдан келген немесе маңдайдан кеткен қуды адам деп! (246 бет)

18. Өртастағы музыка мектебіне барып, сондағы бір мұғаліммен келісіп, Зәурені күніне алты сағат пианиноға отырғызған, тырп еткізбеді, өл, тіріл, үйрен. (249 бет)

Өл. Жүректің соғуы тоқталып, өмірі тусылуы; қаза болу . [ҚТТС 651 бет]

Тірі. Жаны бар, өлмеген. [ҚТТС 847 бет]

19. Уляның келегнінеи ол байғұс қуанып қалды, ет асып, шай қойып мәре-сәре болдығ, Уля сол күні сол үйде қонды, ұйықтаған, ұйықтамағаны белгісіз, көзі ілінсе, ояу сияқты, ояу жатса һ, көзі ілініп кеткен сияқты; манағы бұлыңғыр тәуекелдің шешімін іздейді, не істемек сонда?(268 бет)

Ұйқы . Адам мен жан-жануарлардың тынығып дем алуы үшін, белгілі бір мерзімде қайталанып отыратын физиологиялық жағдайы. [ҚТТС 856 бет]

20. Сабырлы жан еді, бұл өмірге үнсіз келіп , үнсіз кетті ғой, мен де . . . (269 бет)

Кел . Бері қарай бет алып жүру, жылжу. [ҚТТС 379 бет]

Кет. Бір жаққа кетіп қалу, шығып кету, ұзап кету. [ҚТТС 392 бет]

Зат есімге тән антонимдер

1. Әли алғашқы күндері қысылып-ақ жүрген, сондықтан даМамыржанға салмақ салып күндіз-түні ішіп-жеу жағына тарта бергені содан. (30 бет)

Күндіз. Түнге қарама-қарсы күн жарығындағы тәуліктің жаршысы . [ҚТТС 430 бет]

Түн. Тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілекке дейінгі аралығы. [ҚТТС 832 бет]

2. Алматыдан телефон соқты, үйінде бірдеңе болып қалған ба, алды-артына қарамай зытты емес пе. (42 бет)

Алды-арты. 1. Бір нәрсенің бас-аяғы, бар болғаны. 2. Бір нәрсенің ең соңы, ең ақыры. [ҚТТС 41 бет]

3. Жұмса да, ашса да көз алдынан құйындай үйірілген от кетпейді, біресе жақындай түсіп, біресе алыстай түсіп мазақтай ма, қалай; жақындаса жалынға көп ұқсайды, алыстаса құдды қан, адам қаны, үйрім ортасы қара қошқылданып, қоюланып шет-шеті сұйықтанып, ақ сарғыш тартып, көпіршіп жатқаны; күні түнге айналды, түні күнге айналды. (170 бет)

Күн. Түнге қарама-қарсы күн жарығындағы тәуліктің жаршысы . [ҚТТС 430 бет]

Түн. Тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілекке дейінгі аралығы . [ҚТТС 832 бет]

4. Сүйте-сүйте, сізге өтірік, маған шын, әлгі кірпіштей кітапты үш күннің ішінде түгелдей, бір әрпін, бір ноқатын қалдыриай, сноскасына дейін жаттап алдым. (239 бет)

Өтірік. Шындықтан алшақ, жалған . [ҚТТС 662 бет]

Шын . Рас, растық, анық . [ҚТТС 934 бет]

Үстеуге қатысты антонимдер

1. Алаңның арғы бетінен бергі бетіне жеткенше оның көңілі қобалжып, құты қашатын. (16 бет)

Арғы-бергі. Өткен-кеткен, бұрынғы-соңғы, қайдағы-жайдағы . [ҚТТС 54 бет]

2. Төменде сояу-сояу қара тістер, үстінде сояу-сояу көк тістер айқасып қалыпты, шайқасып қалыпты. (80 бет)

Төмен . Жоғарыға, биікке қарама-қарсы жақ; еңіс . [ҚТТС 816 бет]

Үсті . Белгілі бір нәрсенің жоғары жағы, үстіңгі беті . [ҚТТС 874 бет]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкім Тарази прозасының поэтикасы
Төрт деп қой
Ұларбек Нұрғалымұлының прозалық шығармаларындағы ұлттық болмыс
Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері
Көнерген сөздер
Зейнолла Қабдолов Ұшқын романынын лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Жазушы Әбіш Кекілбаев Үркер романының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Қазақ тілінің лексикологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz