Жазушы Шыңғыс Айтматовтың Жан пида романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі


Курстық жұмыс
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1. 1. Антоним, омоним, синоним сөздерінің стильдік қызметі . . . 5
1. 2. Кірме сөздер . . . 38
1. 4. Фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 54
1. 5. Мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің, нақыл сөздердің ұлттық-танымдық қызметі қолданысы . . . 76
II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі
2. 1. Экспрессивті-эмоционалды сөздер . . . 83
2. 2. Теңеудің қолданыс ерекшелігі . . . 103
2. 3. Эпитет, метонимия, синекдоха, метафора стильдік қызметі . . . 100
2. 4. Портрет, пейзаж берілу жолдары . . . 116
Қорытынды . . . 123
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 125
Кіріспе
Тіл-қоғамдық қарым-қатынастың ерекше сипатын білдіретін құнды құрал. Тіл-халықтың ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар бойы үзіліссіз беріліп келе жатқан ұлттық мұрасы[1, 3 бет] .
Тіл халықтың қоғамдық, әлеуметтік өмірімен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденеді. Сондықтан да қоғам өмірінің даму қарқыны түрлі тарихи дәуірде, түрліше деңгейде көрінетіні сияқты, әдеби тілдің де даму шеңбері бірде кеңейіп, бірде тарылып отырады. Бұл заңды өзгерістер тілдің барлық категорияларын өз ішіне алады. Бірақ қандай өзгеріс болмасын, тіл қалай дамымасын, ол өзінің адамдар арасындағы қатынас құралы ретіндегі қызметін өз дәрежесінде атқара береді. Әсіресе, егемендік алған күптеген халықтардың әдеби тілдерінің бүгінгі кемелденген кезінде тілдің атқаратын қызметі орасан зор, себебі тіл неғұрлым кемелденген болса, тіл мәдениеті, сол тілді дүниеге келтірген халық менталитеті де соғұрлым жоғары болмақшы [2, 3 бет] .
Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қоймай, келер ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқарады [3, 3] .
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің мағынасын, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді[4, 3] .
Курстық жұмыстың нысаны - Жазушы Ш. Айтматовтың «Жан пида» романы.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - шығарма тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
- Шығарма тіліндегі антоним, синоним, омоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
- Кірме сөздер, эмоционалды - экспрессивті (бейнелі) сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясын анықтап, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлу;
- Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясын анықтау;
- Мақал - мәтелдердің ұлттық - танымдық қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
- Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет, метонимия, метафора, синекдоха ) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
- Портрет, пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;
Курстық жұмыстың жаңалығы . Бұл курстық жұмыста жазушы Ш. Айтматовтың «Жан пида» романы тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктері зерттелініп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:
- Шығарма тіліндегі антоним, синоним, омоним сөздердің қолданыс ерекшелігі анықталды, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеке топтарға бөлінді;
- Кірме сөздер, эмоционалды - экспрессивті (бейнелі) сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясы анықталып, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлінді;
- Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметі, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясы анықталынып, жеке - жеке стильдік қабаттарға бөлінді, талдауға түсті;
- Мақал - мәтелдердің ұлттық - танымдық қызметі, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуы айқындалды, барлығы талдауға түсті;
- Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метонимия, метафора, синекдоха) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтыланып, мәні ашылды;
- Портрет, пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі анықталды;
Жұмыстың құрылымы - жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
Антонимдер
Ғалым Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы өзінің «Қазақ тілінің стилистикасы» атты монографиялық еңбегінде антонимдерге мынадай анықтама береді: «Көркем мәтінде антонимдер - жалпы адам танымында, оның ішінде дүниені ғылыми және көркем тануда үлкен орын алатын құрылыстар. Өйткені дүниенің құбылыстары сапаға ие болуы үшін, келесі бір өзіне тең жүйежегі нәрсемен салыстырылуы тиіс. Соның нәтижесінде ғана қарама-қарсы ұғым жасалып, ол екі қарама-қарсы ұғым дамудың қарама-қайшылығын танытатын диалектикалық даму жолын көрсетеді» [5, 8-9 бет] .
Ғалым А. Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде антонимдерге тоқталып өтеді: «антонимдер - (гректің anti-қарсы, onyma-ат, есім сөздерінен алынған) - тұлғалық жағынан әр алуан, мағыналық құрылымы жағынан бір -біріне қарама-қарсы айтылатын лексикалық бірліктер. Антонимдік парадигма құрылуының мәнісі, оларды бір-бірімен қарама-қарсы қойып салыстыру мүмкін болуы, осыған сәйкес құрамында жұп сөз болуы қажет. Егер парадигмалық қатардағы сөздің бірі болмаса, екіншісі өзі антоним бола алмайды, яғни кез-келген лексикалық бірлік антоним деп танылуы үшін, оның қарама-қарсы жұп құрайтын сыңары болуға тиісті».
Қазақ тіл білімінде антонимдерді алғаш арнайы зерттеп, сөздігін құрастырған тілдік табиғатын терең ашып көрсеткен, ғалым Ж. Мусин былай деп жазады: « . . . антонимдік жұптың сыңарлары қарама-қарсылықты мәні жағынан безбеннің екі басындай бір-біріне тепе - тең болуы керек екен. Егер олардың бірі қарама-қарсылығы жағынан сәл төмен, не сәл жоғары болса онда олар антоним бола алмайды».
Тіл білімінде антонимдердің табиғаты құрылымдық, семантикалық және қолданыстық ерекшеліктеріне қарай сипатталады.
Құрылымдық ерекшелігіне байланысты: бір түбірлес және әр түбірлі антонимдер деп бөлуге болады. Бір түбірлес антонимдер - бір түбірге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы негізінде, екіншілік мағынаның пайда болуы арқылы жасалады.
Әр түбірлі антонимдер - әр түрлі түбірдің негізінде жасалады, тіл - тілде көптеп саналады, болмыстағы қарама-қарсы ұғымдардың аталуы әр түрлі таңбалық негізде жасалатындығының өзі танымның бір сипатты белгісі.
Семантикалық ерекшелігіне байланысты: контрарлы, контрадикторлы, векторлы деп бөлінеді. Логикада ұғым мазмұнындағы әртүрлі дерексіз белгілерімен байланысты қарама-қарсылықтың контрарлы, контрадикторлы (комплементарлық), конверсивті деген түрлері жіктеледі. Тілдік антонимдерде осы жіктеліске байланысты ажыратылады.
Қолданыстық ерекшеліктеріне байланысты антонимдерді екіге бөлуге болады: жалпытілдік және контекстік антонимдер.
Толық антонимдер (комплементарлық: латынның complementum- толықтырушы деген сөзінен алынған) - толық қарама-қарсылық мән туғызатын лексикалық бірліктер жұбы. Мұндай антонимдік жұп құрамында аралық сипат болмайды, заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерінің табиғи болмысы бірін -бірі толықтырып тұрады: өмір-өлім, үнемі-уақытша, сақтау-бұзу, ақиқат-жалған, т. б.
Векторлық антонимдер - зат не құбылыс іс-әрекетінің, қимылының, белгісінің, қасиетінің өзара қарама-қарсы бағытта белгіленуі, яғни лексикалық бірліктердің векторлық қарама-қарсылығы: Мысалы: кіру-шығу, ашу -жабу, ескіру-жаңару, т. б. [6, 102-105бет] .
Зерттеуші-ғалым С. Ғ. Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» атты монографиялық еңбегінде антонимдерге тоқталып өтеді: «Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ж. Мусин, Ғ. Мұсабаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез-келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.
Ғалым Әділбекова Жеңіскүл Қуандыққызы өзінің 2007 жылы қорғаған «Қазақ тіліндегі қарама-қарсылықты мағынаның көркем мәтіндегі көріктеуіштік қызметі» атты кандидаттық диссертациясының авторефератында: «Антоним сөздер арқылы берілетін қарама-қарсылық ұғымының заңдарын анықтау бір жағынан, қарама-қарсы құбылыстардың мәнін ашатын диалектика заңына сүйенуді, екінші жағынан сол тілде сөйлеуші адамның ойлау ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Сондай-ақ, адамзаттық әрекет үстіндегі түрлі қарама-қайшылық процестерін қабылдау қабілеті мен оны жеткізе білу тәсілдерін қарастыруды негіздейді», - деп жазады [7, 10 бет] .
Ғалым С. Ғ. Қанпина өзінің «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдеірдің танымық бейнелілігі» атты еңбегінде антонимдерге тоқталып өтеді: «Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.
Ж. Мусин «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» атты еңбегінде, антонимдерге әртүрлі бағытта анықтама береді:
- Әдеттте мағыналары бір-біріне қарама-қарама қарсы сөздер - антоним деп аталады.
- Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады деген пікір жиі қолданылады.
- Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні, олар бір сөйлеме ішінде заттар қолданғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық қарама-қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі.
Антонимдер дүниедегі, әлемдегі құбылыста, сондай-ақ адам бойындағы өмір мен өлім, жақсы мен қаман, күн мен түн, жұмсақ пен қатты, тірі мен өлі, қайғы мен шат, әділет пен қиянат түрінде кереғар ұғымдардың жиынтығы.
Антонимдер әр түрлі жұрнақ, жалғаулар қабылдап, солар арқылы жаңа сөз өрбітіп, өріс аумағын кеңейтіп, мағыналық қырларын молайта отырып та тіл шұрайлығына қызмет етеді.
Әсіресе сын есімді антонимдер мақал-мәтелдерде жиі кездеседі. Сын есімді антонимдердің қолданылуының табысы мынада:
а) заттың сапасын, қасиетін анықтауда;
ә) адамның мінез-құлқының, көңіл-күйінің қасиетін танып білуге жәрдемдесуде;
б) заттың сыр-сипаты мен белгілерін анықтауды;
в) зат пен құбылыстардың түр-түсінің реңін танытуда;
г) заттың, құбылыстың дәмін, сипатын, құрамын танытуда осы антоним сөздер жиі пайдаланып, тіл көркемдігін, ой көркемдігіне жетелеп, айтылған ойдың эстетикалық сипатын, сымбатын танытуға жәрдеме береді.
Қорыта келгенде, мақал-мәтелдердегі антонимдік қатынаста тұрған сөздердің семантикасы біздің қоршаған ортада, дүниеде болып жатқан қайшылықтарды дәл басып береді. Қарама-қайшылық ұғымы болмаса өмірді сезіну де, түйсіну де, қабылдау да соншалықты түсінікті болмас еді.
Біріншіден , зат есім антонимдер сөздерде қайталанып келіп, адамның жан-дүниесін, өмірдегі күйзелісін, сезіміндегі толғанысын береді.
Екіншіден , қарама-қарсы ұғымдағы сын есім антонимдер де жарыстыра қолданылып, адам өміріндегі құбылыстарды салыстыра, шендестіре отырып, оқырманына ой салады.
Үшіншіден , мақал-мәтелдегі антонимдердің стильдік бояу анық, экспрессивті-эмоционалдық әсері күшті, ой мазмұнын тереңдетіп, өмір құбылыстарынан хабар беретін мағыналы сөздер» [3, 7-14 бет] .
Ғалым К. Аханов өзінің « Тіл білімінің негіздері » атты оқу құралында антонимдерге төмендегідей анықтама береді: «Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады.
Сөздердің бәрі бірдей өз ара синонимдес бола бермейтіні тәрізді кез келген сөз өз ара антонимдес бола бермейд. Мысалы, киім , дәптер , қарлығаш деген сөздерге қарсы мәндес сөздердің табылуы мүмкін емес.
Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады.
Поэзияда антонимдер шендестірудің (антитеза) бір тәсілі ретінде қолданылады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып бейнеленеді. Мысалы:
Жігіттер ойын арзан , күлкі қымбат ,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат»[8, 173-176 бет] .
Жазушы Ш. Айтматовтың «Жан пида» романында антонимдер қолданысы:
Етістікке тән антонимдер
- Бұл қасқырлар арасында өте сиреккездесетін, бәлкім, та болар. (Ш. Айтматов «Жан пида»9 бет)
- Бірақ көк бөрілер қайыра соғып, қасарыса қуып, сонымен қуғыншылар мен қашқындардың арасында, қатыбас тіршіліктің түйіні штеленіскен дүниеде, біріөлтіруүшін, біріөлмеуүшін, айналып келгенде, екеуі де өлмеу үшін, қу жан үшін, қандары күйіктен қатып кеткенше жанталас шабыс, үрдіс үреін шыбын жанды мұрынның ұшына келтірер. (Ш. Айтматов «Жан пида»10 бет)
3. Қасқырлар не қапталға бұлтарып кете алмай, не кейін шегіне алмай , қаптаған қалың бұлттай киіктер табынының алдына түсіп, жан ұшыра безді де отырды. (Ш. Айтматов «Жан пида» 26 бет)
4. Сіз, сірә, менің әпенділігіме ашу-ызамен жымиярсыз , бәлкім, керісінше, қабақ шытып, қапа боларсыз . (Ш. Айтматов «Жан пида» 41 бет)
5. Менің жаураған жүрегімді жылытар жалғыз сәуле, ойымнан жатсам-тұрсам кетпейтін жалғыз ермек - ол менің сізге жазар хаттарым. (Ш. Айтматов «Жан пида» 42 бет)
6. Москваға келіп-кетіп жүргенде талай көрген жерім. (Ш. Айтматов «Жан пида» 47 бет)
7. Екі жақ соғысып жатқанда, біреуі жеңіп , біреуі жеңіледі . (Ш. Айтматов «Жан пида» 63 бет)
8. Тіршілікте ән сал, ойна да күл; мұңай, жыла, биле . . . орайыңның барында. (Ш. Айтматов «Жан пида» 65 бет)
9. Бәрі де туып , бәрі де өліп , тағы да басқа біреулер өмірге келіп , әлдебіреулер өмірден өтіп өтіп жататын кезекті, әм қайғылы дүние. (Ш. Айтматов «Жан пида» 68 бет)
10. - Мен суды лайлағым емес, тазалағым келеді. (Ш. Айтматов «Жан пида» 106 бет)
11. Бірақ адамның тумағы жалғыз, өлмегі жалғыз, ал басқа уақытта бір-бірімен байланыспайтын жеке-дара тағдыр болмайды. (Ш. Айтматов «Жан пида» 121 бет)
12. Қуанғаннна есі шыққан Мария қайықтан түсе салып, әлгіден кейін біресе жылап , біресе күліп , жағалаумен жүгіре берді. (Ш. Айтматов «Жан пида» 152 бет)
13. Бір өліп-тірілген соң өмірге қайта оралып, оны тағдырдың берген сыйы деп қабылдап, жарық дүниеге өмір сүріп, ой ойлауға құштарлығы арта түсті. (Ш. Айтматов «Жан пида» 178 бет)
14. Өмірде кездесулер , айрылысулар болады, солардың ішінде ілуде бір құдай сәтін салған кездесу де ұшырасады. (Ш. Айтматов «Жан пида» 192 бет)
15. Бір мезгілде әрі күйретіп, әрі қайта тудыратын революция жасасын! (Ш. Айтматов «Жан пида» 195 бет)
16. Біреудің жолы болып жатады , біреудің жолы болмай жатады . (Ш. Айтматов «Жан пида» 234 бет
18. Жиналыс сайын тұмсығыңды көтеріп, мен озаттың озатымен деп жұртқа ақыл үйретесің ғой, керек болса, мен сол жиналыста бір шаңыңды қағайын, күннің қайдан шығып , қайда батарын білмей қаларсың. (Ш. Айтматов «Жан пида» 253 бет)
19. Барармыз - бармаспыз , онда тұрған не бар. (Ш. Айтматов «Жан пида» 266 бет)
20. Таңның атқаны, күннің батқаны сияқтанып, осы тағдыр мені өзі іздеп тапты. (Ш. Айтматов «Жан пида» 272 бет)
21. Бірақ бұл өмірде шығасы шықпай , кіресі кірмейді , құтқарушылардың біреуі кеше Бостон тастап кеткен тонның үстінен шықты. (Ш. Айтматов «Жан пида» 282 бет)
22. Өлгісі де келеді, өмір сүргісі де келеді. (Ш. Айтматов «Жан пида» 287 бет)
Зат есімге тән антонимдер
- Ал егер арлан қара күшікке салып, жақындап келіп жанаспақ болса, Аққұртқа аянып қалмақшы емес, алысып бақпақшы, өйткені бұл ауып келген көк бөрілердің Аққұртқақосшысыемес, басшысығой. (Ш. Айтматов «Жан пида» 9 бет)
Қосшы Біреуге қызмет етуші, күтуші адам . (ҚТТС, 525 бет)
Басшы 1. Жетекші, ұйтқы. 2. Мекеменің басқарушысы. 3. Жол көрсетуші, бастап апрушы. (ҚТТС, 114 бет)
2. Кәдімгі адам ше - қойдың қожасы әрі құлы . (Ш. Айтматов «Жан пида» 11 бет)
Қожа І 1 . Белгілі бір заттың, нәрсенің иесі, бастығы, 2. Үй иесі, от басы . (ҚТТС, 507 бет)
Құл 1. Құлдық дәуірде басын еркі жоқ, иесіне бүтіндей тәуелді шаруа адамы. 2. Ауысп . Пенде, пақыр. 3. Ауысп . Бір нәрсеге табынушылық, соның жетегінде кетушілік. (ҚТТС, 536 бет)
3. Жақсылыққа бастаймын десе де, жамандыққа бастаймын десе де көгерте ме, жоқ қырып-жоя ма - бәрі де әлгі адамдардың іс-әрекетіне байланысты. (Ш. Айтматов «Жан пида» 14 бет)
Жақсылық 1. Қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік. 2. Белгілі бір заттың бойындағы тәуір қасиет, сапа . (ҚТТС, 253 бет)
Жамандық 1 . Жағымсыз іс, оқиға, зұлымдық, қастық, жауыздық. 2. Арық-тұрық, нашар . (ҚТТС, 261 бет)
4. Өмір мен өлім арпалысқан жанталас шайқаста, аспан аударылып жерге түсіп, жер төңкеріліп аспанға көтерілген жойқын жарыста қасқырлар киіктерді алқындыра қуып жүр. (Ш. Айтматов «Жан пида» 19 бет)
Өмір 1. Материаның қозғалу, даму, өсу көріністерінің жалпы жиынтығы, тіршілік. 2. Адам мен жан-жануарладың, өсімдіктердің физиологиялық тіршілік еті, өсу процесі. 3. Өсу, даму процесінің белгілі бір кезеңі, сатысы; тірі организмнің тіршілік ету мерзімі; ғұмыр. 4. Ауысп. Ешқашан, еш уақыт . (ҚТТС, 653 бет)
Өлім 1. Тіршіліктің бітуі, ажал, қаза. 2. Ауысп. Ар, ұят, намыс. (ҚТТС, 653 бет)
5. Ізгілік пен зұлымдықтың арасын айырып білмек қайғылы әркет - барлық арман атаулының бәріне тән. (Ш. Айтматов «Жан пида» 22 бет)
Ізгілік Жақсылық, адалдық, игілікті. (ҚТТС, 949 бет)
Зұлымдық Жауыздық, сұрқиялық, сұмырайлық. (ҚТТС, 348 бет)
6. Ол жұртқа ізгілік ойласа , айнала адамдар оған қасірет шектіреді . (Ш. Айтматов «Жан пида» 36 бет)
Ізгілік Жақсылық, адалдық, игілікті. (ҚТТС, 949 бет)
Қасірет Басқа түскен-уайым қайғы. (ҚТТС, 492 бет)
7. Бірақ бұрын сізге айтқанымдай, менің сізге арнап айтқан сөзімде артық-кем ештеңе де болмақ емес. (Ш. Айтматов «Жан пида» 42 бет)
Артық-кем Артық- кеміс, аз - кем, кем - кетік, кемістік . (ҚТТС, 58 бет)
8. Басшысы біреу бар, ол ақиқат, бірақ құпия . (Ш. Айтматов «Жан пида» 47 бет)
Ақиқат 1. фил . Заттар мен құдылыстардың практикада тексерген анық бейнесі. 2. Ауысп., поэт. Асып туған дарын иесі . (ҚТТС, 58 бет)
Құпия Кез келген адамға айтылмайтын жаысырын сыр. (ҚТТС, 543 бет)
9. Бір Үміт , бір Күдік . (Ш. Айтматов «Жан пида» 58 бет)
Үміт Сенім, тілек . (ҚТТС, 870 бет)
Күдік Сезік, секем, шүбә . (ҚТТС, 422 бет)
10. Мерт болған достарымнан да, қастарымнан да кешірім сұпаймын. (Ш. Айтматов «Жан пида» 63 бет)
10. Ол адамның тынжысын қыздырып, көкіректегі қайғы-мұңды шайқап, көңілде шаттық пен мұң тағы да екі ұдай тайталасады. (Ш. Айтматов «Жан пида» 64 бет)
11. Өмір мен өлім , махаббат пен қасірет , илхам-шабыт - бәрі-бәрі музыкада. (Ш. Айтматов «Жан пида» 69 бет)
12. Бір істе не сұлтан боласың, не ұлтан боласың. (Ш. Айтматов «Жан пида» 88 бет)
12. Оның үстіне екеуміз, от пен судай мүлде басқа адамдармыз. (Ш. Айтматов «Жан пида» 156 бет)
13. Алыстағы теңіз бен құрлық үстінде ай қалқып барады. (Ш. Айтматов «Жан пида» 170 бет)
14. Бала-шаға емес, дап-дардай кісі мұнша далақтап шапқаны несі? (Ш. Айтматов «Жан пида» 301 бет)
Синонимге тән антонимдер
- Мойынқұм даласы қаншаұлан-ғайыр, қанша кең-жазира десең де, Азия бір аралы екенін аң-құстың ешқайсысы да аңғармайды. (Ш. Айтматов «Жан пида» 14 бет)
Ұлан - ғайыр Ұшы қиырсыз үлкен, есепсіз мол . (ҚТТС, 857 бет)
Кішкентай 1. Үлкен емес, титтей, құрттай. 2. Жас, өрімдей, бүлдіршіндей. (ҚТТС, 441 бет)
2. Сөйтіп, Мойынқұм баябанына түскен алғашқы ақша қардың бетіне қасқырлардың ірілі-уақты іздері қатар түсіп, жер бауыр тұнжыр тұманға сіңіп кетеді. (Ш. Айтматов «Жан пида» 21 бет)
Ірілі-уақты Көлемі әр-түрлі, үлкенді-кішілі . (ҚТТС, 952 бет)
3. Бұлардың ақ-қарасын әділдікпен айырып беретін пайғамбар қайда? (Ш. Айтматов «Жан пида» 64 бет)
4. Неге адамдар бір-бірімен соғысып, қан төгіледі, неге көз жасы көлдей болады, сөйте тұра әрқайсысы менікі дұрыс , онікі теріс дейді. (Ш. Айтматов «Жан пида» 64 бет)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz