Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3-5

I. Шығарма тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі .

1. 1 Шығарма тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 6-14

1. 2 Шығармадағы мақал-мәтелдердің қолданысы . . . 15-20

1. 3 Шығармадағы кірме сөздердің стильдік қызметі . . . 21-26

1. 4Антоним, синоним, омонимдердің қолданысы . . . 27-37

II. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің қолданысы.

2. 1 Шығармадағы эпитет, теңеу қолданылу тәсілі . . . 38-44

2. 2 Шығармадағы метафораның қолданысы . . . 45-46

2. 3Шығармадағы портрет пен пейзаждың қолданысы . . . 47-51

Қорытынды . . . 52-53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 54-55

Кіріспе

Лексикология - грек тілінен аударғанда сөз туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл білімінің сөздік құрамын, тілдің лексикасын зерттейтін саласы. Сөздік құрам дегеніміз - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, ол лексика деп те аталады. Сөздік құрамға байланысты лексикологияны қарастыратын тілдің негізгі бірлігі ретінде көрінетін сөз мәселесі.

Қазақ тілінің лексикологиясы - қазақ тілінің сөздік құрамын тексеретін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл тарихының, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, ол ғасырлар бойы даму нәтижесінде бірте-бірте қалыптасқан.

Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Р. Сыздық, Т. Жанұзақов, Ғ. Қалиев, Б. Хасанов, К. Хұсайын, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде негіз болғандығы белгілі.

Лексикологияны жете түсіну үшін оның нысаны болып табылатын сөздік құрам тұтас бір бүтін жүйе ретінде қаралуға тиіс. Лексикология тілдегі сөз қорының мынадай жақтарын зерттейді: сөзге қатысты мәселелер; лексикалық бірліктердің түрлері; сөз қорының құрылысы; лексикалық бірліктің қызметі; сөз қорының дамуы мен толықтырылуы; Лексикология сөздердің ірі топтарын да өрісті зерттейді деп ғалым Болғанбаев көрсетіп кеткен болатын [1, 3бет] .

Ж. Аймауытов - қазақ әдебиетіндегі орны бөлек тұлғалы қаламгердің бірі. Ол кешегі кеңестік заманында ашық айтуға болмайтын шыңдықты тың форма, ұтымды әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, жеткізіп отырды. Оның жазушылық ерекшелігі - кейіпкерлерінің әрекетінен гөрі, оның жан - дүниесіне көбірек үңілу, кейіпкерлер қатарына ортақ тән нәрсе - олардың жан тазалығы, сезімтал сергектігі, жақсылыққа жаны құштар екендігі. Сурет өнерінде әр қаламгер, қаламынан туған дүниесін өзінше пайымдайды. Сол сияқты Ж. Аймауытов та «Ақбілек» романын жаза отырып, басты кейіпкер бейнесін сомдауда оның образына сүйсінген тәрізді. Оның тылсым бейнесін үлкен махаббатпен суреттеген. Шығармада бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғи тіршілігімен, яғни пендешілік қателіктерімен қаз-қалпында бейнелейді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды Жүсіпбек психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді.

Халықтың әлем туралы ой-тұжырым, дүниетанымынан туындайтын, өзіндік төл мәдениетімен ұштасып, этнос болмысының тікелей көрінісі болатын қымбат дүниесі - оның тіл әлемі, тіл байлығы . Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау академик Ә. Т. Қайдаров ұсынған “тіл мен ұлт біртұтас” немесе “адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың қалыптасуына әкелді. Этнолингвистиканың ғылыми-теориялық негізі Ә. Қайдаров, Е. Жанпейісов, М. Копыленко, Р. Сыздықова, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Р. Шойбеков, А. Жылқыбаева т. б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды. Соңғы уақытта қазақ тіл білімі лингвомәдениеттану, когнитивтік тіл білімі сияқты тілдік салалармен толығып, өз жемісін бере бастады [1, ҚТФС 1-3 бет] .

Курстық жұмыстың өзектілігі: XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде әйел теңдігі, қазақ қыздарының бойындағы қайрат - жігері, жеңісі Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романынан көрініс табуы. «Ақбілек»- дәуір келбетін, сол тұстағы кезең шындығын суреттейтін шығарма.

«Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»- дейді Ж. Аймауытұлы. Әлемді оның әдебиетімен танимыз десек, онда суреткердің шығармалары баға жетпес құндылық. Әр шығарма әлем аренасында ұлттық болмысты көрсетуге қызмет етеді. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан кейін, көркем шығармалардың тілін зерттеу маңызды мәселе болып табылады.

Жұмыстың мақсаты. Ж. Аймауытұлының «Ақбілек» шығармасындағы тілдік құралдардың қолданылу мақсатын айқындау, шығарманы көркемдейтін, айшықты ете түсетін сөздердің мәнін аша отырып, олардың шығармадағы қолданысына назар аудару, сол арқылы Ж. Аймауытұлы прозасы тілінің басқа суреткерлерден айырмашылықтары мен өзгешеліктерін көрсету, өзіндік қолтаңбасын анықтау.

Ж. Аймауытұлының фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді қолдану ерекшелігі, оларды қолданудағы авторлық өзгерістерді талдау.

Жұмыстың міндеті:

  • қаламгер прозасындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің стильдік қызметін анықтау;
  • көркем шығармадағы лингвомәдени тілдік бірліктерді айқындау, олардағы ұлттық сипатты көрсету;
  • шығарма тіліндегі кірме сөздер, көнерген сөздердің стильдік ерекшелігін айқындау;
  • шығармадағы көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің қолданысына тоқталу.

Зерттеу жұмыстың нысаны: Ж. Аймауытұлының «Ақбілек» романының лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тараудан: шығарма тілінің лексика-фразеологиялық ерешелігі және шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдердің қолданысынан; қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Фразеологизмдер мен портреттің көп қолданылуы.

Жұмыстың дерек көзі. Ж. Аймауытұлының «Ақбілек» шығармасы.

I. Шығарма тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелегі.

  1. Шығарма тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысы

Фразеология- тұрақты тіркестерді (кең мағынада) зерттейтін лингвистикалық пән. Сондай-ақ тілдердегі фразеологизмдерді қарастыратын тіл білімінің дербес саласы.

Тіл білімінде (көбінесе еуропа, славян зерттеушілері) фразеологизмдерді түрлі топтастырылуы бойынша қазіргі бөліп қарастырғанына қарай, қазақ тілінде: идиомдар, мақалдар, мәтелдер, коллокациялар деп бөледі.

Егер қазақ фразеологиясының зерттелу тарихына көз жіберсек, әрине, көптеген терминдер орыс тілінен ешбір өзгеріссіз алынған. Сондай-ақ, аударылғандары және калькаланғандары немесе балама түрі тәрізді қалыптасқандары бар.

Мамаева М. Қ. өз еңбегінде фразеологизмнің зерттелу жайы туралы: «Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортсаынан бастап, бүгінгі күнге дейін толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді біз шартты түрде төмендегідей төрт кезеңге бөлдік:

  1. 1ХХ ғасырдың ортасы -40-50-жылдар - қазақ фраеологизмдерін теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
  2. 60-70- жылдар -қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
  3. 80-жылдар- фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу. Қазақ фразеологизмдерінің өзге тілдерге аударылуы мен басқа тілдегі фразеологизмдердің қазақ тілінде берілу жайлы.
  4. ХХ ғасырдың соңғы он жылы -1990-2000 -жылдар - фразеологизмдерді этнолингвистикалық және салғастырмалы фразелогия тұрғысынан зерттеу. [Мамаева М. Қ. «Фразеологизмді сөз тіркестері» 6 бет]

Алдымен ғылым саласының атауы фразеология деген не сұрағына келсек, бұрынғыанықтамалар бойынша мұнда пән атының екі қызметі бар болып шығады. Бірі- фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласынң аты, екіншісі - фразеологизмдердің тұтас жиынтығының аты.

Фразеология пәні туралы қазақ тілшілерінің анықтамалары мына тұрғыда: « . . . сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология дейтін болсақ, фразеологизм байлығын зерттейтін саланы фразеология деп атау орынды, - деп жазады І. Кеңесбаев (Қазақ тілінің фразеолоиялық сөздігі. 1977, 589 б. ) . М. Балақаев: «Қазақ тілі сөздік қорының аса маңызды бөлшегінің бірі - фразалар мен идиомалар. Ол екеуін қосып фразеологизмдер деп атаймыз (Қазақ әдеби тілі және тілдік норма. 1984, 170 б. ) » [2, Смағұлова Г. «Қаз. фраз. линг. пар. » 9 бет]

Фразеологизмдерге тән белгілер:

  1. мағына тұтастығы- белгілі бір тұрақты тіркестің ішіндегі сөздер бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай айырылып қалады да, шоғыр тіркес бір ғана мағына береді.
  2. тіркес тиянақтылығы- белгілі бір тұрақты тіркестің ішіндегі сөздер бір бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық келеді, барлық жағдайда дерлік бір шоқ тіпкесу өз қалпын сақтайды.
  3. қолданылу тиянақтылығы- белгілі бір тұрақты тіркес әрдайым айна қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталан қолданылады.

Фразеологиялық тіркестер - түркі, оның ішінде қазақ тілінде ертеден келе жатқан құбылыс. Қазақ ғалымдары І. Кеңесбаев, К. Аханов, Ә. Қайдаров, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, Х. Қожахметова, Ә. Хасенов, Р. Сыздық, Г. Смағұлова және т. б. еңбектерінде фразеология жайлы пікірлер айтылып, нақты тұжырымдар ұсынылды. [3, Есіркепова К. «1960-80жж әйел ақындар поэт. тілі» 34 бет] «Тіл-тілдің қай-қайсысында да ғасырлар, жылдар бойы қалыптасқан фразеологиялық қазынасы болады. Олардың ішінде образды тіркестер көркем әдебиет қажетін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын ақтайтын ең бір күшті тілдік құрал болып келеді. Сондықтан әдеби мектептердің және тіл дамуы кезеңдерінің дәстүрлік, жалғастылық сипатын танытуда қомақты материалдарды фразеологизмдер береді» [4, Сыздықова Р. «Абайдың сөз өрнегі» 104 бет]

Халық тілінде қолданылуы қалпынша алып пайдаланған фразеологизмдер есімді және етістік мағыналы болып келеді. Олардың мағынасын ашып, топтастыратын болсақ, мысалы, етістік мағыналы фразеологизмдерге сағы сыну (беті қайту, көңілі кету), медеу ету (арқа сүйеу, тірек қылу), ат құйрығын үзісу (араздасу, ренжісу), шашасына шаң жұқпас (саңлақ, алды да болу), ұзақ таңды кірпік ілмеу (күту, ұйықтамау) . Бұлар - зат есім етістік тіркесі арқылы жасалған фразеологизмдер. Қыл үсті (қауіпті, халі мүшкіл жағдай), мірдің оғындай (өткір, турашыл), қас қағым сәт (лезде, тез арада) есімді сөз тіркестерінен жасалған фразеологизмдерге жатады. [4, 107 бет]

Г. Смағұлова: «Фразеологизмдердің құрамындағы сөздердің қатысы деген өте күрделі. Қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестерді тұтас жинақтап, қайсысы қай сөз табына жатады деп есептеу мүмкін емес. Ал тұрақты тіркес тұлғаларын белгілі бір сөз табы деп айту қиын. Алайда негізгі сөз табына орайлас келіп, сөйлемдегі бір мүшенің қызметін атқарады» - дейді. [5, Смағұлова Г. «Фраз. вар. » 25 бет]

Г. Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдер сөздігі» еңбегінде қазақ фразеологиясының мағыналас топтары тілдегі адамдық фактор тұрғысынан жалпы ұғымдық қатыста түсіндірілетін фраза-семантикалық топтарға бөлініп, олар он төрт тақырыпты қамтиды. Бұл ретте мағыналас қатарлар алдымен жалпы фразеологиялық семантикаға (мағынаға) негізделе отырып, жалпыдан жалқыға сияқты иерархиялық принциппен жүйеленді. Тұрақты тіркестердің семантикалық нәтижесі-фразеологиялық мағына. Мағыналас фразеологизмдердің қатар басы фразеологиялық мағынаға бағыт беретін тірек сөз(доминант) - лексикалық мағынадан басталу керек. Мысалы: қателесу ұғымына қатысты мынадай мағыналас тіркестер қатар түзеді: аяғын шалыс басу - жаза басу - ағат кету - от басу.

Зерттеуші ғалым Қалиева С. Е. Фразеологизмдер туралы былай деген болатын: «Фразеологимдер сөздердің тіркесіп, мағыналық әрі құрылымдық жағынан тұрақтануы негізінде қалыптасады. Фразеологизмлердің иұндай қалыптасу үрдісі - фразеологизмдену деп аталады.

Фразеологизмдену - сөздердің немесе сөйлемдердің теңеу, метафора, метонимия, гипербола, эвфемизм арқылы мағыналық ауысуы негізінде болатын құбылыс. Фразелогизмденуден өткен сөз тіркестері мн сөйлемдер және оның құрамындағы сөздер өздерінің бастапқы семантикалық қасиеттерінен айырылады да, десемантизация процесіне ұшырайды. Фразеологизмдену кезінде жеке компоненттер ғана емес, сөз тіркесі мен сөйлемдер мағыналарын бүтіндей өзгертеді. » [Қалиева С. Е. «Көркем прозадағы фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері» Автореф. 16 бет]

Р. Авакова фразеологизмдерді былай бөледі:

  1. Адамның дене-мүшелеріне (соматизмдер) және қимыл-қозғалыстарына байланысты фраземалар.
  2. Жануарлар (зооморфтық фраземалар) әлемі.
  3. Төрт түлік мал.
  4. Алғыс және қарғыс фраземалар.
  5. Діни және мифологиялық фраземалаа(р.
  6. Антропонимдік фраземалар. [6, Авакова Р. «Фраз. теор. » 69 бет]

«Ақбілек» романынының тілін Р. Авакова бойынша бөлетін болсақ:

Адамның дене-мүшелеріне (соматизмдер) және қимыл-қозғалыстарына байланысты фраземалар.

-Көз-

  1. «Уһ!» деп демін бір алып, төңірегінекөз салды. [Ж. А. 105бет]

Көз салды -қарады; көзін тікті; көңілі бөлінді. [ ҚТФС 258 бет]

Бұл сөйлемдегі тіркестің мағынасы жан-жағына көз жүгіртті, қарады, көзін тастады деген мағынада қолданылып тұр.

  1. «Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солайкөзім ашылабастады. » [Ж. А. 83 бет]

Көзі ашылды. 1. Көкірегін, санасын оятты; санасы оянды, өмірді білді, таныды. 2. Сордан арылды, теңдікке, еркіндікке қол жетті. 3. Бір нәрсенің тиегі ағытылды; жолы ашылды, қолайлы жағдай туды. 4. Сауаттанды, білім алды. [ ҚТФС 260 бет] Бұл сөйлемде автор алғашқы мағынасын қолданған, яғни Мұқаш айналасына қарап, көкірегі ояна бастаған. Фразеологизм бірінші жақта, кейіпкердің өзін суреттеуі арқылы берілген.

  1. «Түндегі айқай-сүрен, аласапарында Мұқаштың қолында жетектеулі- екі ат, ойында- аман құтылу, көзге түспеуғана бар еді. » [Ж. А. 91 бет]

Көзге түсті -көрінді, көрініп қалды. [ҚТФС 254 бет]

  1. «Ақбілек жаңа шешесінекөз қырын салды. »[Ж. А. 219 бет]

Көз қырын салды 1. Көзінің ұшымен қарады; қарап қойды. 2. Бас-көз болды; назарын салып жүрді. [ ҚТФС 257 бет] Бұл сөйлемде автор алғашқы мағынасында қолданып тұр.

  1. Дүние-ай, мен де қара құлак болар ма едім деп, зығырланам, ертеңінде түсте қойды бұлақ басына жусатып өгізімді тұсап қойып, жарлауытқа арқамды сүйеп отырсам, көзім ілініп кетіпті[Ж. А. 82-83 бет]

Көзі ілініп кету - ұйықтап қалу [ҚТФС 261 бет]

  1. Түндегі айқай-сүрен, аласапыранда Мұқаштың қолында жетектеулі - екі ат, ойында - аман құтылу, көзге түспеуғана бар еді [Ж. А. 91 бет]

Көзге түспеу - көрінбей қалу, көрінбеу [ҚТФС 254 бет]

-Тіл-

  1. «Әлгі Алтайдың аруларын айтуғатіл жетпейді. »[Ж. А. 72 бет]

Тіл жетпейді - тілмен айтып суреттеп шыққысыз. [ҚТФС 534 бет]

  1. «Тіл алмай, асқа, атқа өкпелеп, кісі боқтап, шалдуар боп, қожадан таяқты талай жесем де, аяғында хат таныдым. » [Ж. А. 78 бет]

Тіл алды 1. Ақылын алды, айтқанды істеді. 2. Жұмсағанға барды. [ҚТФС 532 бет] Берілген сөйлемде автор фразеологизмді болымсыз түрде қолданған. «Тіл» сөзін ауыспалы мағынада шебер қолданған.

  1. «Өйткені біреу партиялықпен, біреу жегжаттықпен, біреу алым-салығы, біреу берімсегі, біреу ұрланған малы тимегені үшін, біреу қатыны кеткені үшін немесе қатынына, қызына барғаны үшін, ең болмасатілі тигеніүшін біреуді айыптап, біреуді қорғағаннан басқа, әркім өз есебін ойлап, бүйрегі бұрғаннан басқа, дәл жаңашырлық қылып әділ қағушы, әділ тексруші жоқ болды. » [Ж. А. 100 бет ]

Тілі тиді -жаман сөзбен балағаттады, қатты сөзі өтті. [ҚТФС 536 бет]

Бұл сөйлемдегі тіркес біреуді балағаттады, жеке басына қол сұғушылық жасады деген

мәнде қолданылып тұр.

-Мойын-

  1. «Тоқал бұл күнде әкейдіңмойнына мініп алды. » [Ж. А. 77 бет ]

Мойнына мініп алды - 1. Басынды, басқа, иыққа шығып алды. [ҚТФС 393 бет] 2. Біреудің арқасында күн көрді, масыл болды. [ҚТФС 393 бет] Бұл жерде алғашқы мағынасында қолданылып тұр. Мойын бастан кейін орналасқан әрі адамның маңызды мүшесі. Сол себепті, бұл фразеологизмде мойын сөзі қолданылған.

-Қол-

  1. «Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттыңқол астынақарағанына қазақ тәубе қылу керек қой. » [Ж. А. 80 бет]

Қол астына - қарамағына; билігіне. [ҚТФС 342 бет]

  1. Ағайынды төртеуміздің ішінде ажарсызы мен болсам да, ерлігіммен герман соғысындақол бастап, бір рет шен алдым [Ж. А 79 бет]

Қол бастау - сарбаз ертті [ҚТФС 342 бет]

-Бет-

  1. «Көтегейі - Күршім жақ, бет алысы- Қараекем шаты. » [Ж. А. 73 бет]

Бет алысы 1. Бағыты, бара жатқан жағы. 2. Ұстаған жолы, нысанасы. [ҚТФС 114 бет] Алынған мысалда бірінші мағынасында қолданылып тұр.

  1. «Ақбілек олардыңбетіне тура қарай алмады, кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түседі. » [Ж. А. 87 бет]

Бетіне тура қарай алмады-жасқанды, қаймықты, жүзін тайдырды. [ҚТФС 118бет]

  1. Сөйлесіп, тілін шығарып, бетінен алғызғаннанда анадайдан ығысып жүргенді тәуір көретін үлкен кісілердің бір әдеті ғой. [Ж. А. 93 бет]

Бетінен алды -көңілін қалдырды, тілдеді, қарсы келді. [ҚТФС 117 бет]

Бұл сөйлемдегі тіркес фразеолгиялық сөздіктегі мағынасына сай жазылған.

-Ауыз-

  1. « келіп, бізді ала алмайды. » [Ж. А. 81 бет]

Бір ауыздан - түгел, тегіс, бәрі бірдей. [ҚТФС 132 бет]

  1. «Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалыаузым асқа, ауым атқа жарыған емес. »[Ж. А. 82 бет]

Аузы асқа, ауы атқа жарыды - енді ғана бірдеңеге қолы жетті мағынасында айтылады. [ҚТФС 64 бет] Берілген мысалда фразеологизм «емес» болымсыздық мәнді сөз арқылы шығарма кейіпкері Мұқаштың кедейлігін жеткізу үшін әдейі болымсыз мағынада қолданылған. Мұнда әр түрлі түбірге (ас, ат) бір түрлі жатыс септігінің жалғауы (-қа) жалғануы арқылы жүзеге асырылып тұр.

  1. «Бекболат ойына талай кесе де, өзіңе бірдеңе деугеаузы бармайтын. »[Ж. А. 132 бет]

Аузы бармады - тура айта алмай жүрексінді, айтуға батылы жетпеді. [ҚТФС 64 бет]

  1. «Аққа қалайауыз тиді, солай ірімшік, құрт қайнатам деп арпалысады. [Ж. А. 96 бет]

Ауыз тиді - дәм татты, аздап тамақ ішті. » [ҚТФС 71 бет]

Бұл сөйлемде фразеологизм сөздікте берілген мағынасы бойынша емес, сүтті қалай алды, солай ірімшік, құрт қайнатам деген мағынада қолданылып тұр.

  1. «Аузы аузына жұқпайды. »[Ж. А. 134 бет]

Аузы аузына жұқпады - жыпылдап тез өтеді. [ҚТФС 64 бет]

-Аяқ-

  1. Аңдаусыздааяқ астынанәлдебір ит арс еткендей-ақ, Мұқаштың тұла бо йы шымыр ете түсті. [Ж. А. 93-94 бет]

Аяқ асты -кенеттен, бірден, күтпеген жерден, жоқ жерден. [ҚТФС 78 бет] .

Бұл сөйлемдегі фразеологиялық тіркес табан астынан, тосын жерден деген мағынада қолданылып тұр.

-Бас-

  1. Үйіндегібас көтерерадам-қатыны, соның арқасымен кісі болып жүретін. [Ж. А. 126 бет]

Бас көтерді -орнынан тұрды, ұйқыдан оянды. [ҚТФС 96 бет ]

-Құлақ-

  1. Енді өзі де қатын болып қалғандыкі ме, немене, әйтеуірқұлағын салмайындесе де еріксіз сала береді. [Ж. А. 221 бет]

Құлағын салды - көңіл қойып тыңдады, зейін қойды, елеңдеді, елегізи тыңдады, құлағына құйып алды. [ҚТФС 360 бет]

  1. "Қара құлақ"ойнағанда, мен ит, Балабек қасқыр болып, Рақымжанның Айша дейтін қызын өзен жаққа апарып тастады [Ж. А. 82 бет]

Қара құлақ - қатерлі, тағы айуанат туралы айтылады. Тыңшы, салпаң құлақ [ҚТФС 325бет]

  1. Бекболат ептеп кіріп, босаға жақтағы бос орындыққа отырып әңгімегеқұлағын тікті[Ж. А. 159 бет]

Құлағын тікті, түрді, салды, тосты, қойды - көңіл қойып тыңдады, зейін қойды, елеңдеді, елегізи тыңдады, құлағына құйып алды [ҚТФС 360 бет]

Жануарлар (зооморфтық фраземалар) әлеміне қатысты фраземалар:

  1. «Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көзжігітпін. » [Ж. А. 77 бет]

« қошқар тұмсық » - дөң мұрын, қоңқақ мұрын мағынасында тұр [ҚТФС 352 бет]

  1. «Ел мені «шоқынып кетті» депкірпідей жиырылды. » [Ж. А. 84 бет]

Кірпідей жиырылды - жақтырмады, тыжырынды. [ҚТФС 297 бет]

  1. «Ру басы ақсақалы, атқа мінерлерөз пайдасына бола ру-рудың кедейлерін жауластырып, кедейді шоқпар қылды. »[Ж. А. 166 бет]

Атқа мінерлер - бұрын пысық, белсенді кісі туралы айтылған. [ҚТФС 53 бет]

Бұл тұста етістік заттанып келіп, көптік мағынада қолданылып отыр. Халқымызда жылқы малы ерекше құрмет тұтылатындықтан, әрбір қазақтың азаматы ат құлағында ойнай алуы керек деп есептелген. Бұл тұрақты тіркес ертеде, халқымыз ат үстінде жүрген кезде-ақ қалыптасқан десек қателеспейміз. Атқа деген құрмет, ер азаматқа деген құрметтен осылай аталған.

  1. «Әкесі мен екеуінің арасынанқара мысық өткендей, бір өткел түскенін Ақбілектің жүрегі сезді. » [Ж. А. 183 бет]
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» шығармасындағы тілдік құралдардың қолданылу мақсаты
Ж. Аймауытов шығармаларындағы фразеологизмдер
Стильаралық бейтарап лексика
Мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқыту жолдары
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Ж.Аймауытов шығармаларындағы тарихи сөздердің қолданылуы
Ақбілек романның ағартушылық сипаты
Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі
Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz