Жазушы Әбіш Кекілбаев Үркер романының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Жазушы Әбіш Кекілбаев «Үркер» романының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

1. 1. Антоним, синоним, омоним сөздерінің стильдік қызметі . . . 4-27

1. 2. Көнерген сөздер, экспрессивті-эмоцияналды сөздердің қолданысы . . . 28-33

1. 3 Фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 34-52

II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі

2. 1. Мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі . . . 53-61

2. 2. Көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің стильдік қолданысы . . . 62-82

2. 3. Портрет пен пейзаждың қолданысы . . . 83-84

Қорытынды . . . 85

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 86-87

Кіріспе

Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді. Лексикологияның зерттейтін объектісі - сөз . Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы басқа ұғымның атауын сөз дейміз.

Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады

Курстық жұмыс тақырыбы - Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.

Жұмыстың мақсаты - Әбіш Кекілбаев «Үркер» романы тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, синоним, омоним, антонимдердің қолданылуын және көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, метафора, метонимия, синекдоха, мақал-мәтелдер, пейзаж, кейіптеу, кірме сөз, эмоционалды-экспрессивті сөздердің шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың міндеттері :

Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:

1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;

2) Шығармадан синоним, антонимдерді, кейіптеу сөздердің стильдік ерекшеліктерін табу;

3) Шығармадан эпитет, теңеу, синекдоха, метонимия тағы басқа көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып талдау, ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың нысаны - Әбіш Кекілбаев «Үркер» романы

Зерттеу жұмыстың жаңалығы:

  • Шығармада теңеулердің мақал-мәтел, фразеологизмдердің көп қолданылуы.

Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, ІІI бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

Антонимдер

Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.

Антонимдердің әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежесі әр басқа. Ол публицистикалық стильде белгілі бір ойды әсерлі етіп жеткізу мақсатында қосарлана жұмсалады. Ғылыми, ресми-кеңсе стильдерінде антоним сөздер сирек ұшырайды. Көркем әдебиет стилінде антонимдердің қызметі айрықша байқалады. Бұл ерекшелік олардың мағыналық табиғатымен байланысты. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұқардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Антоним термині -әлем тілдерінің бәрінде бар құбылыс. Антоним термині-гректің «onty»-қарсы деген сөзінен шығып, қарама-қарсы есім дегендібілдіріп, қарама-ұарсылықты зерттейтін лексикологияның антонимика саласында қарастырылады. Антонимдер айналадғы заттардың, құбылыстардың сын- сапасын, артық-кем, мөлшер -көлемін салыстырып, бірі-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Сондықтан, мағыналарым бір- біріне қарама- өқарсы сөздер антонимдер деп аталады.

Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.

Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.

Зерттеуші ғалым К. Қ. Есіркепова өзінің “1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде) ” атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. “Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын - жазушылар өзара қарама - қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама - қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.

Ғалым К. Аханов «Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама -қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді» деген.

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Антонимия құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, оның тіл- тілде синонимия, полисимия құбылысына қарағанда, өрісі тар болды. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады.

Ғалым К. Аханов « Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті . Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір- бірімен қатар қойып, шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша өқызмет атқарады. » [К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» 328-бет] .

Белгілі лексколог ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы» деп, антонимдерге анықтама беріп, антонимдерді сын есімге тән антонимдер, етістікке тән антонимдер, зат есімдерге тән антонимдер, үстеуге тән антонимдер деп жікке бөліп, қарастырады [Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» 117-бет] .

Ғалым Анар Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында антонимдік парадигма жайында сөз қозғайды. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздердің жүйелі тобы- антонимдік парадинманы құрайды. Болмыстағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары арасында қарама -қайшылықтың болуы диалектиканың даму заңдылығы. «Қарама-қайшылық -әлемді қозғаушы . . . , кез келген қозғалыстың, өмірдің түп тамыры; қандай да бір нәрседе қарама-қайшылық болғанда ғана ол қозғалады » Антонимдік қарама-қарсылық заттар арасындағы қарама-қарсылық емес, олардың қасеттерінің, сапаларының, белгілерінің арасындағы қарама-қарсылық. Тілдік антонимияны логикалық категория саналытын қарама-қарсылық ұғымы арқылы түсіндіру қажет. Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың қарама-қарсылығы оларды салыстыру кезінде ғана көрінеді.

Ғалым Жүсіпов Асқар Елтайұлы «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары» 2004ж атты диссетациясының авторефератында Антонимдердің зерттелуі туралы айтылады. «Антоним терминінің өзін әр зерттеуші әр түрлі түсіндіреді. Антонимдерге түрлі анықтама бергенмен де, олардың табиғатын түсінуүшін ең алдымен, осы қарама-қарсылық дегенді анықтап алу қажет. Антонимдер сөздің бүкіл мағынасында емес, тек белгілі бір мағынада ғана жақындасады. Демек антонимдерді қарастыру да, антоним таңдауда да сөздің көп мағыналылығын ескеру қажет т»

Ғалым Найманбай Айнұр Рахымбердіқызы «Антонимдік қатынастардың көркем прозадағы қолданысы» 2010 ж диссертацияның авторефератында антонимдер туралы сөз етеді. «Антонимия-лексикалық бірліктердің мағыналық жағынан қарама-қарсылығы. Антонимия деген лингвистикалық терминнің тіл біліміне енуінің өзі үлкен қызығушылық тудырады. Тұлға мен мазмұн жағынан «антонимия» терминімен қатысты бола тұра, ол тіл біліміне салыстырмалы түрде енеді. Ғалым Н. М. Шанский 1964 жылы шыққан «Орыс тілі лексикологиясы» атты еңбегінде антонимдерге: «Антонимдер айтылуы әр түрлі бір-біріне қарсымағына беретін, бірақ бір-біріне қатысты сөздерге», -деп анықтама береді. » Тілдің лексика-семантикалық жүйесінде антонимдер үлкен рөл атқарады. Антонимдер -тілдік белгінің мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер. Антонимдерді қарапайым түрде тостастырғанда екі сөздің қарсы мағынасы алынады: жақсы-жаман, үлкен-кіші т. б сөздері. Қарсы мәндегі сөздердің кейде синонимдері де болады: үлкен, зор, ересек т. б сөздер. Антонимия -лексикадағы қарапайым қатынас екендігі мынадай себептен де көріне алады: ол үнемі бір ған сигнификативті мағынаға сүйенеді. Егер сөзде сондай бірнеше мағына болса, онда ол бірнеше антонимдік қатарға енеді. Қарама-қарсы мағына дегеніміз-уақытша категория, өйткені «сапаның өзгеруі-заттың өзгеруімен тең келеді, ал қасиет болса, керісінше, заттың басқа бір затқа қатысы нәтижесінде және табиғи үдерістерге сай өзгеріп отырады. »

Лексиколг ғалым Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев антонимдерге мынадай анықтама берген: «Антоним дегеніміз- мағынасы бір- біріне қарама-қарсы сөздер тоьы» Қазақ тілінде антонимдердің жасалуы көбіне -көп сын есімдерден болады, ал қалған сөз таптарынан вһаз кездеседі. Жасалу жолдарына қарай антонимдерді бірнеше топқа бөлген.

  1. Зат есімге тән антонимдер
  2. Сын есімге тән антонимдер

а) Түбір күйінде кездесетіндер

ә) туынды түбір күйінде кездесетіндер

б) -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалған антонимдер

3. Етістікке тән антонимдер

4. Үстеуге тән антонимдер

5. Есімдікке қатысты антонимдер

[Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев 76-бет] .

Сын есімге байланысты:

  1. Аспан мен жердің ара жігін көміп алған желімқараңғынынқара шулан кеудесін тесіп өтіп, сонау зәулім биіктен тылсым тұңғиыққа саулап құлаған самала нұрлар қазір-ақ дүниені көл-көсіржарыққақарық қылатындай. (22-бет)

Қараңғы . 1. Қараңғылыққа шолмылған түнек. 2. Ауыс. Беймәлім, белгісіз. [ҚТТС; 482-б] .

Жарық. 1. Қараңғы емес, жарқыраған, ашық. 2. физ. Толқын ұзындықтары 400км-ден 780 км-ге дейінгі электромагниттік толқындар. [ҚТТС; 274-б] .

  1. Жасаған ие жерді аспанға қарап жаратты ма, жоқ аспанды жерге қарап жаратты ма, әйтеуір мәңгі бақи ермек қылар ойын керектей, өзі жаратқанұсақ пен іріні, әлсіз бен күштіні, сұңғыла мен су мидыбалалардың хан талапай ойнағанындай әдейі быт-шыт қып ию-қию араластырып жібергендей. (23-бет)

Ұсақ. 1. Уақ, кішкене, ірі емес. 2. Қой-ешкі, уақ мал. 3. Тиыннан құралған майда ақша. [ҚТТС; 861-б] .

Ірі. 1. Майда емес көлемі үлкен. 2. ауыс. Қатты зор. [ҚТТС; 952-б] .

Әлсіз . 1. Мықты емес, күші аз. 2. Қуаты кем, төмен. 3. Жай бояу, салбыр. 4. Осал, босаң, кемшіл. 5. ауыс. Әл-ауқаты төмен, кедей. [ҚТТС; 88-б] .

Күшті . 1. Күші мол, әлді, қуатты. 2. Мықты, өктем, берік. 3. Өткір қатты әсерлі. [ҚТТС; 435-б] .

Сұғыла. 1. Тез сезе қоятын, зерек, зерделі. 2. Ауыс. Қу, пәле, залым. [ҚТТС; 746-б] .

Су ми -басында дым жоқ, ешнәрсені қабылдамайтын адамды айтады.

  1. Сөйтсе, баршабұрыс пен дұрыстың, обал мен сауаптың, қиянат пен шарапаттың, бұзық пен түзіктің, ауыр мен жеңілдің, жалған мен шындықтың, азап пен рақаттың бірден бір сарапшысы баянсыз сылдыр-сұйық уақыт қана екен ғой. (39-бет)

Бұрыс. 1. Келе жатқан бағыттан қиыс, шеткері бұрылыс. 2. Оғаш, теріс, дүрыс емес. [ҚТТС; 156-б] .

Дұрыс . 1. Жөн, жөнді, әділ, түзу. 2. Орынды, ретті, заңды. [ҚТТС; 208-б] .

Бұзық. бұзақы, тентек, сотқар. [ҚТТС; 149-б] .

Түзік. 1. Түзу, тура, дұрыс. 2. Еш жері бұзылмаған, арқауы жоқ. [ҚТТС; 829-б] .

Ауыр . 1. Жеңіл емес. салмақты. 2. Бейнеті көп, қиыншылығы мол. [ҚТТС; 74-б] .

Жеңіл . 1. Салмағы аз, салмақсыз. 2. ауыс. Оп-оңай, болмашы, қиындығы жоқ. [ҚТТС; 296-б] .

  1. Дырду қуған әнші-жыршының да, қызыл қанды судаи ағызар қырғын майдан, жанжал-шайқас іздеген сойқан батырдың да, түн жамылып жылқы торитын қара сойыл жортуылшының датілдідебір пірі, тілсіздебір пірі болады дейді ғой. (44-бет)

Тілді . 1. Тілге жүйрік, сөзшең, ділмар. 2. Тілі өткір, ащы, улы. [ҚТТС; 845-б] .

Тілсіз. 1. Үнсіз, дыбыссыз, үн қатпай. 2. ауыс. Мелшиген, қатып қалған, меңіреу. [ҚТТС; 845-б] .

  1. Араларынан қыл өтпейтінескі достардың бір-бірінеатарға оқтары жоқбоп араздасып оралып жатуы да кездеспей қалмай-тұғын. (65-бет)

Араларынан қыл өтпеді . Өте тату болу, дос көңілді болу, ауыз жаласау мағынасындай айтылады. [ҚТФС; 57-б] .

Атарға оғы жоқ. Қатты қаһарланып, ашуға мінген кісінің туралы айтылады. [ҚТФС; 71-б] .

  1. Енді бізге үш би:, -соны айтсын, -деп өңештеген бір шұнақ құлақ, қу сақал. (89-бет)

Жомарт . 1. қолы ашық, береген мырза. 2. ауыс. Дарқан, бай, кең. [ҚТТС; 307-б] .

Сараң . 1. Ешнәрсені бермейтін қытымыр, қарынбай. 2. Ауыс. Іске, сөзге қыймылға шабан, баяу. [ҚТТС; 709-б] .

Жақсы . 1. Жаман емес, оңды, тәуір. 2. ақылды, тәрбиелі, саналы, адамгершілігі мол. 3. ауылдың белді, беделді азаматы. 4. Иә, қош, мақұл деген сөздің орнынада қолданылады. [ҚТТС; 252-б] .

Жаман. 1. сапасы төмен, жаөсы емес, әсіресе нашар. 2. жағымсыз ұнамсыз кейіпкер. 3. өтте қатты. 4. ауыс. сәби, нәресте. [ҚТТС; 261-б] .

  1. Әйтеуір, шикітамақ болмаса, піскентамақтың маңайынан жүргізбейді. (140-бет)

Шикі. 1. піспеген, 2. Өңделмеген. 3. ауыс. Дүмбілез, шалағай. [ҚТТС; 916-б] .

Піскен. Шала емес, піскен.

  1. Мынауақтады айырып, қаратауды қайырып келгендей қып төбелеріне көтеріп жатқан Рысбайлары кеше базарға жылқа айдасатындай ғана абыройы бар көп шауыпкелдердің бірі екен. (140-бет)

Ақ . 1. Сүттің қардың түсәндей аппақ түс. 2. ағы басым, ақ араласқан түс. 3. ауыс. Адал, таза. [ҚТТС; 29-б] .

Қара . 1. Көмірдің күйенің түсіндей (аққа қарама қарсы түс) 2. Қарапайым көрінген нәрсе, қарайған зат. [ҚТТС; 477-б] .

Зат есімге байланысты:

  1. Оның тұңғиық жанарындақуаныш та, мұң да, аңтарылыс та, абыржушылық та емес, олардың бәрінен де терең, бәрінен де жұмбақ, бұрын бұл жан баласынан көрмеген бір тұңғиық тосын сыр тұнып тұр. (14-бет)

Қуаныш. 1. бір нәрсеге қуану сезімі; шаттық. 2. ауыс. біреудің көңіліне медеу тұтарлық жұбаныш, қызығы. [ҚТТС; 527-б] .

Мұң. 1. Қайғы, шер, қасірет. 2. қиын, азап, күш. [ҚТТС; 602-б] .

  1. Күнұясына қона ошақ орынындағы күлдей боп дереу көгіс тартып қоя берген көл-көсір жазықтың төбесіне ырысты үйдің ертелі-кеш оттан түспейтін күйелеш қазанының түбіндей қап-қаратүнорнады. (14-бет)

Күн . Әлемге, жарық қызу беріп тұратын жұлдыз. [ҚТТС; 429-б] .

Түн . Тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі арасы. [ҚТТС; 833-б] .

  1. Аспанасты, жерүстінің бәрі оған: «Ұйықта, дем ал!» - деп тұрғандай. (22-бет)

Аспан . Жоғарыдан жерге қарай күмбез сияқты көмкеріліп көрінетін атносфералық кеңістік, көк, әуе. [ҚТТС; 61-б] .

Жер . Жерді айнала қоршайтын күннен кейінгі планета. [ҚТТС; 297-б] .

  1. Қуаныштынкүптілігі ме, уайымныңкүптілігі ме?(32-бет)

Қуаныш. 1. бір нәрсеге қуану сезімі; шаттық. 2. ауыс. біреудің көңіліне медеу тұтарлық жұбаныш, қызығы. [ҚТТС; 527-б] .

Уайым . Мұң, шер, қайғы. [ҚТТС; 849-б] .

  1. «Маңдайданжаушыққанда желкедендосіздеп алақтау әншейін далбаса, қалың жауға қаптай қайрат қылудың орнына елді бекер елеңдеп, есек дәме етеді», - деп ойламайтын ба еді. (37-бет)

Жау . Бір елге шабуыл жасаушы, шапқыншы дұшпан . 2. Өштескен, қастасқан, адам, дұшпан. [ҚТТС; 281-б] .

Дос. 1. сырлас. жора-жолдас, жақын адам . 2. ауыс. жанашыр, қамқоршы, ақылгөй. [ҚТТС; 205-б] .

  1. Сөйтсе, барша бұрыс пен дұрыстың, обал мен сауаптың, қиянат пен шарапаттың, бұзық пен түзіктің, ауыр мен жеңілдің, жалған мен шындықтың, азап пен рақаттыңбірден бір сарапшысы баянсыз сылдыр-сұйық уақыт қана екен ғой. (39-бет)

Обал . Қиянат, айып, күнә. [ҚТТС; 621-б] .

Сауап . Шараппатты, игілікті іс, сауап. [ҚТТС; 715-б] .

Қиянат . Зорлық-замбылық, озбырлық көрді. [ҚТТС; 505-б] .

Шарапат . Шапаған, қайырым, мейірім. [ҚТТС; 905-б] .

Жалған . 1. Шын емес, алдамшы өтірік. 2. жай жасанды. [ҚТТС; 256-б] .

Шындық. Ақиқаттық, дұрыстық. [ҚТТС; 934-б] .

Азап . Бейнет, мехнат, қиыншылық. [ҚТТС; 20-б] .

Рақат . Жантыныштық, ләззат. [ҚТТС; 687-б] .

  1. Одан асқан қазы, одан асқанақтаушы, одан асқандаттаушы, одан асқан мәмлегер, бітуажай жоқ екен ғой. . (39-бет)

Ақтаушы. Адамды жақтаушы, болысушы.

Датта. Ғайбаттау, жамандай, өсектеу. [ҚТТС; 189-б] .

  1. Өңімекенін де, түсімекенін де айыра алмадым. (42-бет)

Өң . Адамның ұйықтамаған, ояу кезі. [ҚТТС; 655-б] .

Түс . Ұйқы кезінде елестелетін әртүрлі бейне көрініс. [ҚТТС; 835-б] .

  1. Ал, сосын жұрт мықты болса, жапан түзде жалғыз жорытқан жүдеубас сұрша жігіттіңсұлтанекенін, ұлтанекенін біліп көрсін!(50-бет)

Сұлтан. Шығыс елдеріндегі жергілікті билеушілердің лауазымы. [ҚТТС; 746-б] .

Ұлтан. Аяқ киәм табагнынна салынатын қалың, қатты зат. 2. Өзеннің сайдың көлдің, жыраның т. б. табаны. [ҚТТС; 858-б] .

  1. Мамыр өте Мәртөбеге келсең - , жасыныңқайратына қайран қаласың. (63-бет)

Кәрі. Көп жасаған, қайтайған қария-қарт. [ҚТТС; 370-б] .

Жас. Жаңа өсіп келе жатқан жасөспірім. [ҚТТС; 276-б] .

  1. Даласының кеңдігі малыныңбағыда, өзініңсорыболуға айналды. (81-бет)

Бақ . Бақыт, талай. [ҚТТС; 100-б] .

Сор . Кесір-кесапат, бақытсыздық ауыртпашылдық. [ҚТТС; 737-б] .

  1. Ең жақсы сараңдық:қасыңсұрағанда «барға» сараңдық, досыңсұрағанда «жоққасараңдық», - деді Төле қамшысын қолына қайта алып. (90-бет) .

Қас. Бәреуге жамандық ойлаушы. 2. Дұшпан. [ҚТТС; 490-б] .

Дос . Сырлас, жора-жолдас жақын адам. [ҚТТС; 204-б] .

Бар . Жоқ емес, бар болушылық. [ҚТТС; 108-б] .

Жоқ . Бар сөзінің қарсы мағынасын. [ҚТТС; 305-б] .

  1. Олардың осы қарларына байлаған екі елі шүберектеріне қарап аңғарады. (147-бет)

Ерлік . Батырлық, батылдық, жүрекілік. [ҚТТС; 232-б] .

Ездік. Жасақтық, ынжықтық, бостық. [ҚТТС; 218-б] .

  1. Оны көргенде, көшпендісі түгілі, отырықшысыжайылып төсек иіліп жастық болар-ды

Көшпелі . 1. Көшіп -қонып тіршілік ететін. [ҚТТС; 421-б] .

Отырықшы. Бір жерде тұрақты мекен етіп, қоныс тепкен, орныққан. [ҚТТС; 644-б] .

Етістікке байланысты:

  1. Қоштапкүлгені де, мошқапкүлгені де белгісіз. (44-бет)

Қошта . Біреудің пікірін қолдау, құптау. [ҚТТС; 526-б] .

Мошқа . Қасқан тексеру, сынап байқау. [ҚТТС; 599-б] .

  1. Оның үстіне, сенкөздепатыпсың, олкөздемейатыпты. (57-бет) Көзде. 1. Нысанаға алып дәлдеу. 2. Белгілі бір нәрсені мақсат ету. [ҚТТС; 406-б] . Көздемей. Нысанаға тигізбей, дәлдемей.
  2. Көзге түсер, келім-кетімікөп болар оңтайлы орындарға қызыл кеңірдек боп таласатынсың. (61-бет)

Келімді-кетімді. Келіп кетіп жатқан. [ҚТТС; 380-б] .

  1. Олай болса елдің түндігі найза менашылып, мынадай заманда бұл ең алдымен малдының көңілін аулауы керек. (106-бет) Аш. Жабылған, бекітілген нәрсені ашық қалыпқа келтіру. [ҚТТС; 75-б] .

Жап . Бір нәрсені ашық қалдырмау бекіту. [ҚТТС; 268-б] .

  1. Алайда Шақшақтың найзасы өз тұсында ылғи жел өтінде жүрген Дүзей тұқымынабұйырмай, үйдің ығынан ұзамаған Көшейдің әулетінебұйырыпты. (115-бет)

Бұйыр . 1. Бұйрық беру, әмір ету. 2. ауыс. діни. Ырзық ету, нәсіп болу. [ҚТТС; 151-б] .

Бұйырмау . Нәсіп болмау.

Үстеуге байланысты:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
Қазақтың байырғы шешендік өнерінің бір бай саласы - шешендік дау
Әбіш Кекілбаевтің «Үркер» шығармасы, тарихи көркемдігі және эстетикалық сипаты
Әбіш Кекілбаевтың Елең – алаң романындағы монолог пен көркем диалогтың қызметі
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ - МӘДЕНИ СТЕРЕОТИП
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
«Әбіш Кекілбаев – жазушы, қоғам қайраткері»
Қазақ әдебиетінің прозасы
Қазақ әдебиеті
Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz