Шыңғыс Айтматов Жәмилә повестьінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері


Курстық жұмыс
Тақырыбы:Шыңғыс Айтматов «Жәмилә» повестьінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі . . . 5
1. 1 Шығарма тіліндегі антоним, синоним, омоним сөздердің қолданыс ерекшелігі . . . 5
1. 2 Кітаби фразеологизмдер . . . 28
1. 3 Бейтарап (стильаралық) фразеологизмдер . . . 30
1. 4 Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер . . . 32
1. 5 Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер . . . 34
ІІ. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдердің қолданысы
2. 1 Кірме сөздер, көнерген сөздер, мақал-мәтелдердің қолданысы . . . 35
2. 2 Экспрессивті-эмоционалды сөздер, метафора, метанимия . . . 42
2. 3 Теңеу . . . 50
2. 4 Портрет . . . 56
2. 5 Эпитет . . . 58
Қорытынды . . . 66
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 67
Кіріспе
Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Р. Сыздық, Т. Жанұзақов, Ғ. Қалиев, Б. Хасанов, К. Хұсайын, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.
Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді. Лексикологияның зерттейтін объектісі - сөз . Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы басқа ұғымның атауын сөз дейміз.
Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады [1; 3] .
Курстық жұмыс тақырыбы - Шыңғыс Айтматов «Жамиля» повесть тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты - Шыңғыс Айтматов «Жамиля» повесть тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, синоним, омоним, антонимдердің қолданылуын және көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, метонимия, шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері :Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
- Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;
- Шығармадан синоним, антонимдердің стильдік ерекшеліктерін табу;
- Шығармадан эпитет, теңеу, метафора метонимия тағы басқа көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып талдау, ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың нысаны - Шыңғыс Айтматов «Жамиля» повестьі
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
- Шығармада теңеу, фразеологизмдердің көп қолданылуы.
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1. 1. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы
Антонимдер
Антонимдер айналадағы заттардың, құбылыстардың сын- сапасын, артық-кем, мөлшер -көлемін салыстырып, бірі-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Сондықтан, мағыналарым бір- біріне қарама- өқарсы сөздер антонимдер деп аталады.
Салыстыру нәтижесінде философиядағы «қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңының»: 1) Ажырамас бірлікте болу; 2) Әр қилы ғана емес, сондай-ақ бірыңғай қарым-қатынаста тұрып-ақ бірін-бірі жоққа шығару; 3) Бір-біріне өту; сияқты негізі белгілері тілдегі антонимдердің мынадай басты критерийлерімен ұштасып жатады:
- Тілдегі қарама-қарсы ұғымдар бір- бірімен байланыста болады, бірінсіз-бірі өмір сүрмейді. Мысалы: жақсы-жаман, үлкен-кіші, биік-аласа.
- Антонимдік жұптар бірін-бірі жоққа шығарып, затқа жаңа баға бере алады. Мысалы: ақылды-ақылсыз деген жұптарда ақылсыз сөзі ақылды деген сөздің мағынасын мүлде жоққа шығарады, бірақ адамға тәне қасиетке жаңа баға бермейді. Ақылды деген сөзге мүлде керағар ұғымды білдіріп, адамның жаңа қасиетін білдіретін сөз- ақымақ. Сонда ақылды- ақымақ антоним сөздер, ақылды- ақылсыз- болымды, болымсыз тұлғалар.
- Антонимдер үнемі бірі-біріне қарама-қарсы қолданыла келе мүлде жақындасып, кірігіпкету қасиетіне ие. Мысалы: жақсылы-жаманды өмір сүру, істің бас-аяғы, қысы-жазы, күні-түні, әне-міне, алды-арты, іші-сырты.
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан. Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.
Антонимдердің әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежесі әр басқа. Ол публицистикалық стильде белгілі бір ойды әсерлі етіп жеткізу мақсатында қосарлана жұмсалады. Ғылыми, ресми-кеңсе стильдерінде антоним сөздер сирек ұшырайды. Көркем әдебиет стилінде антонимдердің қызметі айрықша байқалады. Бұл ерекшелік олардың мағыналық табиғатымен байланысты. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.
Зерттеуші ғалым К. Қ. Есіркепова өзінің “1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде) ” атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. “Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын - жазушылар өзара қарама - қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама - қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.
Ғалым К. Аханов «Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама -қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді» деген.
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Антонимия құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, оның тіл- тілде синонимия, полисимия құбылысына қарағанда, өрісі тар болды. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады.
Ғалым К. Аханов « Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті . Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір- бірімен қатар қойып, шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша өқызмет атқарады. » [13. 328-бет] .
Ғалым Анар Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында антонимдік парадигма жайында сөз қозғайды. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздердің жүйелі тобы- антонимдік парадинманы құрайды. Болмыстағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары арасында қарама -қайшылықтың болуы диалектиканың даму заңдылығы. «Қарама-қайшылық -әлемді қозғаушы . . . , кез келген қозғалыстың, өмірдің түп тамыры; қандай да бір нәрседе қарама-қайшылық болғанда ғана ол қозғалады » Антонимдік қарама-қарсылық заттар арасындағы қарама-қарсылық емес, олардың қасеттерінің, сапаларының, белгілерінің арасындағы қарама-қарсылық. Тілдік антонимияны логикалық категория саналытын қарама-қарсылық ұғымы арқылы түсіндіру қажет. Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың қарама-қарсылығы оларды салыстыру кезінде ғана көрінеді. [14; 101-104]
Ғалым Жүсіпов Асқар Елтайұлы «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары» 2004ж атты диссертациясының авторефератында антонимдердің зерттелуі туралы айтылады. «Антоним терминінің өзін әр зерттеуші әр түрлі түсіндіреді. Антонимдерге түрлі анықтама бергенмен де, олардың табиғатын түсінуүшін ең алдымен, осы қарама-қарсылық дегенді анықтап алу қажет. Антонимдер сөздің бүкіл мағынасында емес, тек белгілі бір мағынада ғана жақындасады. Демек антонимдерді қарастыру да, антоним таңдауда да сөздің көп мағыналылығын ескеру қажет т»
Ғалым Найманбай Айнұр Рахымбердіқызы «Антонимдік қатынастардың көркем прозадағы қолданысы» 2010 ж диссертацияның авторефератында антонимдер туралы сөз етеді. Ғалым Н. М. Шанский 1964 жылы шыққан «Орыс тілі лексикологиясы» атты еңбегінде антонимдерге: «Антонимдер айтылуы әр түрлі бір-біріне қарсымағына беретін, бірақ бір-біріне қатысты сөздерге», -деп анықтама береді. » Тілдің лексика-семантикалық жүйесінде антонимдер үлкен рөл атқарады. Антонимдер -тілдік белгінің мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер. Антонимдерді қарапайым түрде тостастырғанда екі сөздің қарсы мағынасы алынады: жақсы-жаман, үлкен-кіші т. б сөздері. Қарсы мәндегі сөздердің кейде синонимдері де болады: үлкен, зор, ересек т. б сөздер. Антонимия -лексикадағы қарапайым қатынас екендігі мынадай себептен де көріне алады: ол үнемі бір ған сигнификативті мағынаға сүйенеді. Егер сөзде сондай бірнеше мағына болса, онда ол бірнеше антонимдік қатарға енеді. Қарама-қарсы мағына дегеніміз-уақытша категория, өйткені «сапаның өзгеруі-заттың өзгеруімен тең келеді, ал қасиет болса, керісінше, заттың басқа бір затқа қатысы нәтижесінде және табиғи үдерістерге сай өзгеріп отырады. »
Лексиколг ғалым Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев антонимдерге мынадай анықтама берген: «Антоним дегеніміз- мағынасы бір- біріне қарама-қарсы сөздер тобы» Қазақ тілінде антонимдердің жасалуы көбіне -көп сын есімдерден болады, ал қалған сөз таптарынан аз кездеседі. Жасалу жолдарына қарай антонимдерді бірнеше топқа бөлген.
- Зат есімге тән антонимдер
- Сын есімге тән антонимдер
а) Түбір күйінде кездесетіндер
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндер
б) -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалған антонимдер
- Етістікке тән антонимдер
- Үстеуге тән антонимдер
- Есімдікке қатысты антонимдер деп бөлген.
Шығарма тілінде кездесетін антонимдер қолданысы
Зат есімге тән антонимдер:
1) Осылайша ол жолмен , мен жолсызбен ызғытып келеміз. («Шынарым менің, шырайлым менің», 113 бет)
Жол - қатынас жасап әрі-бері жүріп тұруға арналған ұзын желілі сүрлеу.
Жолсыз - жолы жоқ, жол түспеген. [18. ҚТТС 305-307]
2) Ал күні-түні тасығанда да, құдай ақына көктемге дейін жетеді. («Шынарым менің, шырайлым менің», 129 бет)
Күн - 1. Әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз; 2. Таңның атуы мен күннің батуы аралығындағы тәулік уақыты, күндіз.
Түн - тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы. [18. ҚТТС 429-833]
3) Бірақ мен шофердің әңгімесін бастан-аяқ тыңдап алған соң барып сөйтуге бекіндім. («Шынарым менің, шырайлым менің», 99 бет)
Бас - адам мен жан-жануардың ауыз, көз, құлақ, ми орналасқан дене мүшесі.
Аяқ - а дам мен жан-жануардың жүру-тұру қызметін атқаратын дене мүшесі. [18. ҚТТС 79-110]
4) Аула ішінде де, сыртында да ешкім көрінбеді. («Шынарым менің, шырайлым менің», 113 бет)
Іші - 1. Ішек-қарын ораласқан жер, құрсақ. 2. Бір нәрсенің ішкі жағы, ортасы, арасы.
Сырт - бір нәрсенің ішіне қарама-қарсы жақ, тыс. [18. ҚТТС 767-953]
Сын есімге тән антонимдер:
1) Арада талай жыл өтіп, ыстық-суығы басылғасын айтып отырғаным ғой.
Ыстық - 1. Отқа қыздырылып, ысыған. 2. Температурасы жоғары, қатты қызған, ыссы.
Суық - салқын, жылы емес. [18. ҚТТС 745-947]
2) Бұл оның әлсіздігі , жасықтығы ма, әлде адамға сенгендігі, қайраттылығы ма екен? («Шынарым менің, шырайлым менің», 149 бет)
Әлсіз - мықты емес, күші аз.
Қайратты - қайраты мол, күшті, қуатты. Қажырлы, жігерлі. [18. ҚТТС 88-455]
3) Туып өскен Тянь-Шань тауын, көгілдір Ыстықкөлімді, алғашқы әрі соңғы махаббаттымды тапқан даламды да сағындым. («Шынарым менің, шырайлым менің», 154 бет)
Алғашқы - бастапқы, әуелгі.
Соңғы - кейінгі, ақырғы. [18. ҚТТС 40-736]
4) Бұл алып қашпа сөздер рас па, әлде жалған ба, не болады, қалай болады деп жүргенде, «ауыл ортасындағы дөңге жиналсын» деген хабар айтылып қалды. («Алғашқы ұстаз», 197 бет)
Рас - өтірік емес; ақиқат, дұрыс, тура, шын.
Жалған - шын емес, алдамшы, өтірік. [18. ҚТТС 256-687]
Етістікке тән антонимдер:
1) Өлер-тірілеріне қарамай, қайда құйғытып барады бұл, не қылған жүрек жұтқан жан дегендей бұрылып қарап өттім. («Шынарым менің, шырайлым менің», 96 бет)
Өл - жүректің соғуы тоқталып, өмірі таусылу; қаза болу. [18. ҚТТС 651]
Тірі - жаны бар, өлмеген. [18. ҚТТС 847]
2) Бірі қостаса , бірі аза бойы тік тұрып қарсы шықты . («Шынарым менің, шырайлым менің», 100 бет)
Қоста - біреудің сөзін мақұлдау, қолдау.
Қарсы шығу - қарсылық көрсетті, қарсыласты. [18. ҚТТС 487-525]
3) Күледі де жылайды . («Шынарым менің, шырайлым менің», 117 бет)
Күлу - күлім қағу, езу тартып күлімдеу.
Жылау - жылап-сықтау. [18. ҚТТС 327-428]
4) Бірде алыстап , бірде жақындап , желге ілесіп ауыл шетіне кіргендей болады. («Алғашқы ұстаз», 209 бет)
Алыста - қашықтау, ұзап кету.
Жақында - таяп келу, жуықтау. [18. ҚТТС 44-253]
5) Ұясына жақындап, күзгі даланың сұрғылт шетіне иек артқан күннің алтын нұры биікте тұрған теректердің құзар ұшына бірде тиіп , бірде тимей құбылып тұр екен. («Алғашқы ұстаз», 195 бет)
6) Сол бір болар-болмас нәрсені ұмытпай есіндк сақтап жүргеніне мен іштей әбден риза болып, төбем көкке жеткендей қуандым. («Алғашқы ұстаз», 206 бет)
Болар -болмас - 1. Білінер-білінбе. 2. Сәл ғана, ептеп. [18. ҚТТС 135]
7) Біресе мұңаям , біресе қуанам . («Шынарым менің, шырайлым менің», 180 бет)
Мұңай - қайғыру, уайымдау.
Қуан - бір нәрсеге мәз болу, шаттану. [18. ҚТТС 527-602]
8) - Ораулы машинаны балаға ұсына бердім де, жалма-жан қайтып алдым . («Шынарым менің, шырайлым менің», 169 бет)
Бер - бір затты қолмен әперу, ұстату.
Алу - бір затты қолмен ұстау көтеру. [18. ҚТТС 36-126]
9) - Немене, жынданғанбысың өзің? - деді шофер естілер-естілмес . («Шынарым менің, шырайлым менің», 124 бет)
Естілер-естілмес - болар-болмас естілетін. [18. ҚТТС 238]
10) Қуанарын да қуанбасын да білми тұр. («Шынарым менің, шырайлым менің», 121 бет)
Үстеуге қатысты антонимдер:
1) Мектеп ашам деп айқайлайсың, үстіңде тоның жоқ, астыңды атың жоқ, айдап қойған жерің жоқ, айдауда малың жоқ, немен күн көресің? («Алғашқы ұстаз», 198 бет)
Үсті - белгілі бір нәрсенің жоғары жағы, үстіңгі беті.
Асты - бір заттың үстіне қарама-қарсы жақ беті. [18. ҚТТС 63-874]
2) Алды-артына қарамай қашып барады. («Шынарым менің, шырайлым менің», 172 бет)
Алды - 1. Адамның екі тізесі менкеуде жақ аралығы. 2. Адамның бері қараған жағы. 3. Белгілі бір нәрсенің қарсы жағы.
Арты - 1. Бір заттың алдына қарама-қарсы жағы. 2. Бір нәрсенің соңы, ақыры. [18. ҚТТС 40-57]
3) Біресе жоғары шапшып, біресе сусыл аққан қанаттарын жайып жіберіп, төмен құлдилайды. (159 бет)
Жоғары - 1. Үсті, бас жағы. 2. Биік, басым, артық. 3. Көтеріңкі, мөлшерден тыс дауыс, үн, тон.
Төмен - жоғарыға, биікке қарама-қарсы; еңіс. [18. ҚТТС 304-816]
4) Анархай үстінде оңтүстікке бет түзеп тырналар ұшып барады. Мен болсам терістікке , Тянь-Шаньға кетіп барам. («Шынарым менің, шырайлым менің», 155 бет)
Оңтүстік - 1. Әлемнің төрт бұрышының бірі, солтүстікке қарама-қарсы жағы.
Терістік - солтүстік жақ. [18. ҚТТС 634-802]
5) Ертелі-кеш әңгімеміз, ермегіміз сол: Самат, Саматжан деп қоямыз. («Шынарым менің, шырайлым менің», 122 бет)
Ерте - 1. Таң сәріде, ертемен. 2. Өткен кез, бұрын, баяғыда. 3. Күні бұрын, ертерек, алдыменен.
Кеш - 1. Ымырт жабылып, қараңғы түскен уақыт. [18. ҚТТС 232-393]
6) Бірақ алға қарай бір адым жылжыр емес, қайта кейін қарай шегініп барады. («Шынарым менің, шырайлым менің», 102 бет)
Алға - ілгері, ілгері қарай.
Кейін - 1. Соң, соңыра, соңынан. 2. Сонан соң, сонан кейін, соңынан. 3. Арт жағына қарай, кері. [18. ҚТТС 40-376]
Есімдікке тән антонимдер:
1) Анау-мынаудан басқа ашық гүлі бар үлкен шәлі сатып алдық. (118 бет)
Анау-мынау - 1. Оны-мұны, уақ-түйек. 2. Бірдеңе-сірдеңе, кәкір-шүкір. 3. Жөпшеңді, жөбішең, жай. [18. ҚТТС 46]
Қорыта келгенде шығарма тілінен 33 антоним теріліп, 25 антоним талдауға түсті. Олардың ішінде 4- зат есімге тән, 4 - сын есімге тән, 10 - етістікке тән, 6 - үстеуге, 1 - есімдікке тән антонимдер кездеседі. Шығарма тілінде ең көп кездесетін антоним - етістікке тән антоним.
Синонимдер
Синонимия сөздің мағыналық қасиетімен байланысты құбылыс екендігі белгілі. Бұл жүйедегі басты объект- сөз болса, олардың мағыналық теңдігі мен жақындығы мағыналық сәйкестіктердің бір ұғым төңірегінде ұштасуымен анықталады. Сондықтан синонимдер ең алдымен әрбір тілдің дамуы мен өркендеуіндегі ең маңызды да күрделі құбылыс, әрбір тілдің дамығандығын, оралымдылығын сипаттайтын лексикалық категория болып табылады. Синнонимдер жан- жақты қарастырылған семантикалық категория болып есептелгенмен, бұл құбылыстың күрделілігі сондай, оның анықтамасы, белгілері, түрлері, өзіндік айрым- ерекшеліктері туралы әлі де ерттеулер жүргізілуде.
Ахмет Байтұрсыновқа дейін қазақ тілінде синонимдер туралы ғылыми пікір айтылған жоқ деуге де болады. Ұлы ғалым өзінің Тіл қисыны» атты мақаласында «синоним» деген терминді қолданбағанымен, оның қасиетін дәл танып, нақты айтып береді: «Біздің қазақ тіліндегі сөздердің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сөздерді сөйлем ішінде орын- орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз.
Тіліміздегі байытатын, сөздік қорымызды молайтып, тереңдете түсетін мағыналы сөздердің бірі- синонимдер. Синонимия сөздің мағыналық қасиетімен байланысты құбылыс екендігі белгілі. Бұл жүйедегі басты обьект -сөз болса, олардың мағыналық сәйкестіктердің Синонимдерді жан- жақты зерттеп құнды пікірлер айтқан ғалымдар пікіріне мысал келтіретін болсақ. Ғалым Ә. Болғанбаев пікірінше «Синонимдер дегеніміз -әр түрлі айтылғанмен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стилдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз тобынан болған сөздер» деп анықтама береді.
Ғалым К. Ахановтың анықтамасы бойынша : « бірінше сөз бір ұғымның атаулары ретінде қолданылуы мүмкін. Мысалы, байсалды, салмақты, сабырлы, байыпты деген сөз өзара синонимдес сөздер, әр басқа ұғымды білдіретін атаулар »
«Кез-келген тілді алсақ, синонимдер -сол тілдік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін байқатар көрсеткіш. Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына әсері мол. Осы тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық- тілдік қарым-қатынаста атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден, әдеби тілдің жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсеріне тигізеді. »
Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылады, өйткенді кез келген суреткер өз ойын жеткізуде мағыналы сөздер арқылы береді. Кез келген ақын, не жазушы шығармасында бір сөздің бірнеше синонимін қолдана отырып, жеткізуге тырысады. Мұндай сөздер яғни синонимдер -әсіресе, поэзия тілінің қажетті бір құралы болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz