Зейнолла Қабдолов Ұшқын романынын лексика-фразеологиялық ерекшеліктері


Курстық жұмыс
Тақырыбы:Зейнолла Қабдолов «Ұшқын» романынын лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі . . . 5
1. 1 Фразеологизмдер . . . 5
1. 2 Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы . . . 17
1. 3 Антонимдердің қолданысы . . . 17
1. 4 Синонимдердің қолданысы . . . 25
1. 5 Омонимдердің қолданысы . . . 31
ІІ. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдердің қолданысы . . . 40
2. 1 Теңеу . . . 40
2. 2 Эпитет . . . 47
2. 3 Портрет . . . 50
III. Метафора, метонимия, синекдоха, эмоционалды-экпрессивті сөздер . . . 55
3. 1 метафора . . . 55
3. 2 Метонимия . . . 60
3. 3 Синекдоха . . . 63
3. 4 Эмоционалды-экспрессивті сөздер . . . 69
3. 5 Мақал-мәтел, кірме сөздер, көнерген сөздердің қолданысы . . . 71
Қорытынды . . . 86
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 88
Кіріспе
Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді. Лексикологияның зерттейтін объектісі - сөз . Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы басқа ұғымның атауын сөз дейміз.
Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады [1; 3] .
Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Р. Сыздық, Т. Жанұзақов, Ғ. Қалиев, Б. Хасанов, К. Хұсайын, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.
Курстық жұмыс тақырыбы - Зейнолла Қабдолов «Ұшқын» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты - Зейнолла Қабдолов «Ұшқын» романы тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, синоним, омоним, антонимдердің қолданылуын және көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, метонимия, синекдоха, мақал-мәтелдер, пейзаж, эмоционалды-экспрессивті сөздердің шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері :
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;
2) Шығармадан синоним, антонимдерді, қос сөздердің стильдік ерекшеліктерін табу;
3) Шығармадан эпитет, теңеу, синекдоха, метонимия тағы басқа көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып талдау, ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың нысаны - Зейнолла Қабдолов «Ұшқын» романы
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
- Шығармада теңеулердің, фразеологизмдердің көп қолданылуы.
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, ІІI бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің зерттелу жайы
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімінің фразеология саласы зерттейді. Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.
Бірінші мағына тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінң саласы. дегенді, екіншісі - бір тілдегі фразеологизм т байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.
[Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикология » 99-бет ] .
Фразеологизмдер сөйлеу және жазба тілде бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарласу, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына әсер ету мүмкіндігіне ие болатын бірліктер ретінде танылады.
Филология ғ. к. д. Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызының «1960-80 жылдардағы әйел-ақындар поэзиясының тілі» атты еңбегінде фразеологиялық тіркестер деп- түркі, оның ішінде қазақ тілінде ертеден бар құбылыс. Фразеологияны тілдік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, құрылымдық және мағыналық жағынан ерекше қасиетке ие тілдік бірлік ретінде тану негізгі ғылыми дәйектеме болып табылады деп анықтама береді. Фразеологизмдерді қазақ тіл білімінде зерттеген ғалымдарымыз өте көп. Қазақ ғалымдары І. Кеңесбаев, К. Аханов, Ә, Қайдаров, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, Ә. Хасенов, Р. Сыздық, Г. Смағұлова және т. б еңбектерінде фразеология жайлы пікірлер айтылып, нақты тұжырымдар ұсынылды.
Қазіргі кезеңде фразеология өз бойына жаңа нысана мен бағыттар жинақтауда. Бұл тұста фразеологизм таңба ретінде қарастырылып, тілдік таңба табиғатына сәйкес коммуникативтік актіге қатынасатын, тіл және сөйлеуде өзіндік йункциясы бар, ұлттық-мәдени сипатымен ерекшеленетін тілдік бірлік ретінде фразеологизмдердің мағынасындағы обьективтік және субьективтілік факторларының арақатынасын зерттеу қарастырылуда.
Фразеологизмдер құрамындағы тұрақты элементтердің коннотативті мәнде қолданылуының басты себебі-әр халықтың салт-дәстүрімен өткен тарихымен, әлеуметтік тұрмыс жағдайымен ұштасып жататыны да естен шығармау керек. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер-тілімізде, халықтың рухани, мәдени өмір мен салт-дәстүрі, наным-сенім, дүниетанымы негізінде туындап, көркем сөздің кең қолданылатын бейнелі де әсерлі құралына, сөз мағынасы мен мәніне эмоционалды-экспрессивті реңк беріп тұратын тәсіліне айналған тілдік құбылыс.
Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласыы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар:
- Даяр қалпында жұмсалуы белгісі,
- Мағына тұтастығы
- Тіркес тиянақтылығы
Осы үш белгіні еркін түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып қарайық. Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Мәселен, Дәурен қалаға жүрейін деп отыр деген бір сөйлемді әркім неше саққа жүгіртіп өзгерте беруіне болады. Мысалы: Дәурен қалаға жүрмекші, Дәурен қалаға барам ба деген ойда т. б. Бұл сияқты еркін сөз тіркестері қатынас жасау процесінде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады.
Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі - мағына тұтастығы . Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз өздігінен өмір сүреді.
Фразеолгизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірімен әрдайым мағына тұтастығы бірінен ап- айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі.
Қазақ тіліндегі фразеологимдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық. Бұлтопқа фразеологизм құрамындағы сөздер бір -бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымымен беретін мағынасына ой жіберсек, оларды құрастырушы сөздердің бірде-бірінің лексика-семантикалық мән мағынасына ешбір қатысы болмай, мүлде басқаша мағынаны білдіреді. Құрамындағы сөздердің мағыналық жігін ажыратуға болмайды.
Фразеологиялық бірлік. Мұнда да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыспалы мағынадан қолданудан шығады. Кейде фразеологиялық тұтастық пен бірліктің арасында айырмашылық байқалмай тұратын фразеологизмдер бар. Фразеологиялық т ұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тізбектерден өздерінің семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгешеленеді.
Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шыққан. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылғанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Фразеологиялық тізбектердің құрамындағы сөздердің образды мағынада жұмсалуы олардың теңеу, салыстыру сияқты көркемдік мағынада айтылуына байланысты. Алайда ауыспалы мағынада аталған тұрақты сөз тіркестерінің бәрін бірдей фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды.
І. Кеңесбаев фразалық тұлғалардың басты үш белгісіне сүйене отырып, қазақ тілінің құрамындағы фразеологизмдерді үлкен екі топқа: фразеологиялық түйдектер, фразеологиялық тіркестер деп бөледі. Және дәстүрлі термин атауларына сай фразеологиялық түйдекке идиом сипатындағы фразеологизмдерді жатқызады. Ал фразеологиялық тіркестердің өзін екіге бөліп: а) түйдек тіркеске -оған әуел бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада ұолданудан туған, әрі о бастағы мағынасы жоғалмаса да көмескіленген деп айтады. ә) түйін тіркеске әуел бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада қолданылатын, бірақ ФТ сыңарларының бастапқы мағынасы көмескіленбей әнтек солғын айтылады деп, мынадай мысалдарды келтіреді.
[Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» 99, 104-бет] .
Зерттеуші-ғалым С. Е. Қалиева лингвист ғалымдар пікірлерін саралай отырып проза тілі фразеологизмдерін төмендегідей стильдік қабаттарға бөлген:
- жалпыхалықтық тіл фразеологиясы;
- әдеби (нормаланған) тіл фразеологиясы.
Осы екі үлкен топқа бөлінген фразеологизмдердің арасына қатаң шекара қоюға болмайды. Себебі, көркем әдебиет тілінде кейіпкер бейнесін ашуда екі топтағы фразеологизмдер де тең қолданылады[С. Қалиева « Көркем прозадағы фразеологизмдердің қолданылу ерекшелктері» автореферат 9 -бет] . Фразеология лексикологияның аясында қарастырылып, оқытылып келе жатқандықтан, көп жағдайда бұл пәннің фразеологиялық бірлік деген терминінің аты аты өз затына сай түсіндірілмей келеді. Бұл ретте лексикалық бірлік қандай тілдік теориялық зерттеуге лайық және қажет болса, фразеологиялық бірлік те сондай ғылыми зерттеуге лайық және тұлғалық, мағыналық ерекшеліктеріне қарай тың тұжырымдарға сұранып тұрады.
Қазақ тілінің лексикология саласының мамандары Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы фразеологияның шығу арналарын бөліп қарап, олардың негізгелері деп төмендегі құбылыс, ұғым, түсініктерді атап көрсетеді.
Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты бар:
Бірінші бағыт - қазақ фразеологизмдердің таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зерттей. Бұл бағыт І. Кеңеспаев еңбектеріннен бастау алады.
Екінші бағыт - қазақ фразеологиясында қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін болмыс, бітімі, құрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдердің салғастыра зерттеу ісі. Бұл бағыт- Ғ. Сағидолланың еңбегінен басталады.
Үшінші бағыт - фразеологизмдерді зерттеудегі үстем бағыт болып саналады. Яғни фзазеологизмдердің когнитивтік, этнолиннгвистикалық, , психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Бұл бағыттағы еңбектер қатарына академик Ә. Қайдардың, профессор Ж. Манкееваның. Ф. Оразбаеваның жетекшелігімен жазылып, соңғы жылдары қорғалған кандидаттық диссертацияларды атауға болады.
Ғалым Г. Смағұлова қазақ фразеологизмдерін мынадай стильдік қабаттарға бөлді:
- Кітаби фразеологизмдер;
- Бейтарап (стильаралық) фразеологизмдер;
- Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
- Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
- Дөрекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер [4, 184 бет] .
Ғалым Р. Авакова фразеологизмдерді ішкі формаларының туындау көздеріне байланысты шартты түрде төмендегідей топтастырады:
- Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер;
- Жануарлар (зооморфтық фразеологизмдер) әлемі;
- Өсімдіктер (флора) әлемі;
- Табиғат құбылыстары;
- Өлшем бірлік (метеорология) ;
- Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер;
- Түр - түстік және сындық;
- Алғыс және қарғыс мәнді;
- Мифтік және діни;
- Тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фразеологизмдер және т. б. [5, 68 бет] .
Ғалым Оспанова Фарида Амирбекқызының 2006 ж «Фраеологизмдер уәждемесінің лингвомәдени аспектісі» атты диссертациясының авторефератында фраеологизмдердің зерттелуі, сонымен қоса уәж, уәжділік мәселесі сөз етіледі. Фразеологизмдердің зерттелу тарихы тым әріден басталғанымен ішкі мазмұнын анықтауда уәж, уәжділік, уәжділік арақатынасы, байланысы төңірегіндегі мәселелер әлі де теориялық тұрғыдан кешенді зерттеуді қажет етеді. Фразеологимздер құрамындағы компоненттердің бірнеше мағыналарының ішіндегі негізгісі деп танылған білгісі халықтың өмірінен, қалыптасуына уәж болады.
Ғалым фраезологизмдердің қалыптасуына қарай бірнеше топқа бөледі:
- әдет-ғұрыпқа қатысты,
- наным-сенімге орай;
- тарихи кезеңдер мен тарихи тұлғаларға байланысты;
- жан-жануарларға байланысты;
- түр-түске қатысты;
- адамның дене мүшелеріне қатысты;
- тереңдік өлшемдеріне қатысты;
- уақытқа байланысты т. б. Фразеологизмдердің мағыналық құрылымын терең зерделеу, уәжділік тұрғысынан қарастырып, оларды құрастырушы сыңарлардың қаншылықты дәрежеде уәжділіктің қатысы бар деген мәселелер арнайы зерттелмеген.
Ғалым Қалиева Самал Ерболқызының2007 «Көркем прозадағы фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері» атты авторефератында фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктеріне тоқталады. Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің эмоционалдық-экпрессивтілік қасиеттері туралы және де олардың сөйлеуші мен жазушы шеберлігіне байланысты келетінін кезінде академик: І. Кеңесбаев өз пікірінде білдірген: «Біз сөз етіп отырған фразеологизмдердің жалпы тіл жүйесіндегі ролі, сөйлеу прцесіндегі атқарар қызметі көп жағдайда осы стильге ойысып отырады. Осының нәтижесінде сөз, сөз тіркестері сөйлем өрісі кеңейіп отырады. Сөйлеушінің айтпақ болған ойы айқындалып отырады. Тыңдаушы мен оқырман қауымға жатық та түсінікті болу үшін фразеологизмдерді сөйлеуші не жазушы стиль жағынан әр саққа жүгіртіп, шебер қолдануға тырысады.
Тіліміздегі фразеологизмдер бояуының ерекшелігімен, ұлттық колоритімен кейіпкер бейнесін жан-жақты көрсетуге зор мүмкіндік береді. Көркем проза фразеологизмдері әсіресе, экспрессивті мәнде кейіпкерге мінездеме беруде, кейіпкердің ішкі жан дүниесін көрсетуде, кейіпкердің портретін беруде және тағы да басқа стильдік реңктерді таныту кезінде ерекше стильдік сапада қолданылып жазушы шеберлігі мен қарым-қабілетін көрсетеді.
Ержанова Зохре «Қазақ қолөнеріне байланысты фразеологизмдердің этномәдени аспектісі» 2010 атты авторефератының «Қазақ қолөнерімен байланысты қалыптасқан фразеологиздердің этномәдени негіздері» деп аталатын бірінші тарауында қазақ тіліндегі фразеологизмдердің зерттелу жайы мен қазіргі бағыттары, фразеологиздерге ұйытқы болған таулардың бірнеше ғалымдар тоғысында зерттелуі, кәсіби фразеологиздердің қалыптасу арналары сөз болады.
Ғалым Кәріпжанова Айнұр Оралқызының2010 жылы жазылған «Фразеологиялық коннотация прагмастилистикасы» атты кандидатық диссертацияның авторефератында фразеолгизмдердің қызметі жөнінде сөз қозғайды. «Фразеологизмдердің шығарма тілінде өзгеріске ұшырауы автордың өзіне тән стилі әрі көркем тілдің аясының емін-еркін екендігін көрсетеді. фразеологизмдер көркем әдебиетте эмоционалды- экспрессивті әрі прагматикалық қызмет атқарады. Профессор Г. Қосымова: «Поэтикалық тіркестерде адамның түр-тұрпатын, ішкі дүниесін, затты, құбылысты ерекше түрлендіріп, жұтындырып, құлпыртып бейнелейтін бөлекше қуат-нәр болады», -дей отырып, поэтикалық фразеологизмдер эпитеттерден, метафоралық тіркестерден, теңеулерден жасалатынын айтады және мұндай фразеологизмдер көріктеуші бейнелі тәсіл, көркемдік нәр беру, эмоциялық уыттылық таныту үшін алынатыны, олардың әрқайсысының астраныда жасырын қосымша мағына және прагматикалық бағдар жататынын тұжырымдайды» деп жазады. [13-21бет]
Ғалым Қалыбаева Қаламқас Сейдуллақызының 2010 «Салыстырмалы түркі фразеологиясы» атты докторлық диссертацияның авторефератында «Жалпы тілдегі фразеологизмдерді мағыналық тақырыптық жағынан топтастыруда қатып қалған белгілі жүйе жоқ. Олай болуы заңды да. Бұл арада біз зерттеуші Г. Смағұлованың «Фразеологизмдер сөздер сияқты тіршіліктің барлық саласын қамти алмайды, ол тек өз өрісінде өз жағдайында құбылыстар мен заттар, адамның көңіл күйін эмоционалдық экспрессивтік бағалауда образды елестетумен, туынды номинация жасаумен шектеледі»деген пікіріне қосыламыз»-деп жазады. [17-19 бет]
Ғалым Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызының 2010 «Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер» атты докторлық диссертацияның авторефератында «Қазақ тіл білімінде араб, парсы тілдерінен енген кірме фразеологизмдерге арналған арнайы зерттеулер болмағанымен, кірме бірліктерді лексикалық деңгейде қарастыру түркологтер мен қазақ тілі мамандарының үнемі назарында болды. І. Кеңесбаев калька тәсілмен жасалған фразеологизмдердің зерттелмегенін айта келіп, фразеологизмді әрі синхронды, әрі диахронды тұрғыдан қарстыру міндетін қойған болатын. Сонымен бірге ғалым бірқатар фразалардағы араб, парсы сөздерін түсіндіру арқылы, рухани, мәдени байланыс нәтижесінде тілге енген кірем сөздерді, мағынасы ескіре бастаған фразалардың сыңарларын таратып талдап берудің тіл мәденитеі үшін аса қажет екенін ескерткен еді.
Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясына қатысты Қ. Жұбанов, Ғ. Мұсабаев, Ә. Қайдар, Б. Әбілқасымов, Н. Уәлиұлы, Х. Нұрмұқанов, Ә. Нұрмағамбетов, Е. Жанпейісов, Л. Рүстемов, Н. Оңдасынов, Б. Сағындықұлы, Ш. Мәжітова, С. Сәтенова, Б. Нұрдәулетова және т. б ғалымдардың еңбектерінде араб, парсылық кірмелер сөз болып, қарастырылады»-деп жазады. [12-17бет]
Жазушы З. Қабдоловтың “Ұшқын ” шығармасындағы фразеологизмдер
Шығарма тілінде қолданыс тапқан кітаби фразеологизмдер мынадай:
- Дәуренқалт тұра қап, машинадан түскен бір-екі адамға айғай салды: (“Ұшқын”, 28 бет)
Қалт тұра қап - Ешқандай қозғалмады, тыпыр етпеді. [ҚТФС, 346 бет ]
- Дәурен айтқандай мұндағылардың бәрі шынында да өзарасырмінез адамдареді. (“Ұшқын”, 33 бет)
Сырмінез адамдар - жақсы, таныс, мұңдас кісілер туралы айтылады. [ ҚТФС, 481бет ]
- - Қарағым Қабенжан, сені Тайманжанның досы ғана емес, туған ұлымдай көремін. Бір түрлі, бауыр басып қалыппын, - деді. (“Ұшқын”, 40 бет)
Бауыр басып қалыппын - жақын тарту, жүрегі елжіреу мағынасында айтылады. [ҚТФС, 106 бет]
- Бірақ, сол профессордан алған өнегесі мұнда келгендеөңін айналдырыпшыға келеді. (“Ұшқын”, 46 бет)
Өңін айналдырып - істі, сөздітеріс түсіндірді, өзгертіп айтты, теріс баяндады. [ҚТФС, 436 бет]
- Саша мен Арынғазы бір шалқалап, бір бүктеле қап, шек-сілесі қатқаншакүлді. (“Ұшқын”, 63 бет)
Шек-сілесі қатқанша - өте қатты, шегі түйіле күлді. [ҚТФС, 563 бет]
- Апырым-ай, өзі мықты: тіптіміз бақпайды-ау! . . . (“Ұшқын”, 73 бет) Міз бақпайды-ау- бүлк еткен жоқ, бедірейді де қалды, шыдап бақты. [ҚТФС, 400 бет] .
- Осы екі сөзотпен жазылыпты. (“Ұшқын”, 77 бет)
- Тайман оқыс қызара қап, жүзін тайғызып әкетті. (“Ұшқын”, 87 бет)
Жүзін тайғызып әкетті - бетін, назарын, көзін бұрып алды; жасқанды. [ҚТФС, 201б]
- Нәдия жауап орнынаіштей байлау жасады:”Студенттертыңдаушы ғана емес, сынаушы да ғой!” (“Ұшқын”, 111 бет)
Іштей байлау жасады - өзі-өзіне іштен тас түйін етіп бекітті. [ҚТФС, 584 бет]
- Әйтеуір алда“қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын” бір “жерұйық” бар, соған бармай қоймаймыз деп жан ұшырып жүрген жұрт! (“Ұшқын”, 139 бет)
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын - тыныштық, бейбіт заман орнады. [ҚТФС, 341б]
- Мұның номерін алып, бәйек боп жүгіріп жүретін Айбар ықыласы осы арада қыз жүрегін бір шымшып қалып еді, бір бүйірден шашы жалбырап Жабас көрінді де, әлгісезімге су септі. (“Ұшқын”, 150 бет)
- Біресе қиялданғандай. Қиял қуғандай. Құсы кеткендей. (“Ұшқын”, 199 бет)
Шығармадағы ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
- Шын болса, бұл кездейсоқ қылық емес, табиғи мінез. Сүйекке сіңген мінез!Ендеше бұл - діндар, құдайы бар адам. (“Ұшқын”8 бет) Сүйекке сінген мінез- ежелгі туа біткен қасиет. [ҚТФС, 476 бет]
- Ал тақуа кісінің пиғылы таза болады. Адамның ала жібін аттамайды. (“Ұшқын”, 8 бет) Ала жібін аттамайды- қиянат жасамады, сұғанақтық істемеді, арамдыққа бармады. [ҚТФС, 30 бет]
- Сырты іштей жөндем кісі болды-ау бұл сонда . . . (“Ұшқын”, 8 бет)
Сырты жеңілтеу - көлгірсіді, арам ойын сездірмеуге тырысты. [ҚТФС, 481 бет]
- Дәулетов оның соңынан ере жөнелген: бағанағы торғай үні қайта шыр етіп, Дәуренніңту сыртында тұншыққандайболды. (“Ұшқын”17 бет) Ту сыртында- арт жағы, арқа тұсы. [ҚТФС, 520 бет]
- Әкесінің одан бетерзәресі ұшып, ақыр аяғында баласын қашаған асаудың жолын бөгегендей алдынан орап барып әрең тоқтатып жүріпті. (“Ұшқын”, 17 бет)
Зересі ұшты - Үрейін ұшырды, қорқытты. [ҚТФС, 229б)
- А менің қателескім келмейді, бәленіңтамырына балта шапқымкеледі. (“Ұшқын”, 25 бет)
Тамырына балта шапты - бір жолата көзін жойды. [ҚТФС, 491б]
- - А-а? . . . Жақсы, барармыз. Бірақ бар ма, бәленің бір тамыры өзіміздежатыр. (“Ұшқын”, 26 бет)
- Тайман датүсін күл ғып бұзып, ажырая қарады. (“Ұшқын”, 26 бет)
Түсін күл ғып бұзып - өңі өзгерді, бет-бейнесі құбылды деген мағынада. [ҚТФС, 528б]
- -Ойбай, қатыным, зәрем кеткенібар емес пе! (“Ұшұын”, 27 бет)
Зәрем кеткені - Үрейін ұшырды, қорқытты. [ҚТФС, 229б]
- Күйсандық пен домбыраның, қобыз бен сырнайдың қосыла құбылған сырлы сарыныбойын билеп, қанын қыздырыпәкетіп барады. (“Ұшқын”, 29 бет)
... жалғасыБойын билеп, қанын қыздырып - өзіне-өзі келді, буынын бекітті. [ҚТФС, 122б]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz