Мұхиттың әлемдегі алатын орны
Әлемдік мұхит мәселелері
Әлемдік мұхиттың экологиялық проблемалары және тұщы су қорының таусылуы. Біздің планетамыздың үстіңгі қабатының 70%-дан астам көлемін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр, олар атмосфераға әсер етеді және пайдалы қазбалар мен тағам қөздері болып табылады. Олар Жер жүйесінің ең өнімді экологиялық жүйесі болып табылады да бүкіләлемдік балық аулау кәсібінің 80%-ын қамтамасыз етеді. Мұхит планетадағы өмірдің бесігі және оның экологиялық негізі. Планетаның бір тұрғынына орта есеппен алғанда 311 млн т шамасында су мөлшерінен келеді.
Мұхит маңызды орта түзуші қызметін аткарады. Жердегі өмірдің тіршілік етуі үшін мұхиттардың мәні өте зор және ол минералдық заттардың айналымын жүзеге асыруда, атмосфераның газдық құрамы мен климатты қалыптастырудағы қызметтерімен анықталады. Мұхит метеоүдерістердің қалыптасуына зор ықпал етеді. Әрине, төменгі ендіктердегі су көлемі тропиктік аймақтарда, Күннен алынған жылуды жинақтайды, ал пайда болған ағымдар оны жоғарғы ендіктерге ауыстырады. Жылудың қайта бөлінуі өз кезегінде атмосфералық циркуляцияны туындатады. Мұхит пен атмосфера арасындағы жылу алмасу ақыр аяғында климат пен ауа райын анықтайды.
Атмосфераның газдық балансындағы Әлемдік мұхит фитопланктондарының рөлі жоғары. Ол оттегінің негізгі көзі. Заманымыздың аса ірі проблемаларының бірі -- антропогендік әсердің салдарынан көміртегі циклінің қалыптан тыс ғаламдық бұзылуының орын алуы. Биосфераға антропогендік іс-әрекеттер барысында түсетін С02-ні мұхиттағы тірі ағзалар сіңіреді. Әлемдік мұхиттың адамзат өміріндегі рөлі сан алуан. Ол орта түзуші, кәсіпшіліктік, шикізаттық, рекреациялық, көлік және т.б. қызметтерді атқарады.
Әлемдік мұхиттың маңызын қарастыра отырып, балық аулау және теңіз кәсіптерінің маңызды рөл атқаратынын көреміз, олардан түсетін жылдық табыстың көлемі 55 млрд доллардан асады.
Барлық тағамдардың (салмағы бойынша) 99%-ы жерден, тек 1%-ы ғана мұхиттардан алынады. Мысалы, Мьянма, Жапония, Қытай халықтары үшін жануарлар ақуыздарының жартысынан көбін теңіз береді. Мүхит ранчосы деп аталып жүрген ашық Мұхит маридақылдары да белсенді дамуда. Маридақыл термині теңіздерде, лимандарда, өзен эстуарияларында пайдалы балдырларды, моллюскілерді, балықтар мен басқа да ағзаларды өсіру дегенді білдіреді. Қазіргі уақытта оның еншісіне барлық су ағзаларының 110 бөлігі тиесілі, ал жақын онжылдықтарда маридақыл адамзатқа бір жылда 50 млн т тағам өнімдерін беретін болады.
Кеме көліктері атқаратын халықаралық сауда қызметтерінің жылдық мөлшері жылына 150 млрд доллардан асады. Теңіз көлік қызметі динамикасының жоғары деңгейімен және салыстырмалы түрде төмен құнымен ерекшеленеді.
Мұхиттардың ғылыми маңызы да жоғары. Мұхитта жердің дамуы мен пайда болуы туралы түсініктерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін зерттеулер, планетарлық көлемдегі құбылыстар ашылған
Мұхиттар мен оның жағалауларын рекреациялық мақсатта пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді. Гломар Челленджер арнайы сүңгуір қайығы жүргізген мұхиттағы терең бұрғылаулар рифті аймақтарда жер қабатының жылжығандығы, мұхиттардың кеңейгендігі және мұхит түбіндегі үздіксіз жасару мәселелерінің қайдан бастау алатындығы жөніндегі деректерді нақтылайды. Мұхиттардың адамзат дамуындағы рөлі, әлемдік кәеіптердегі маңызы артқан сайын Әлемдік мұхиттың экологиялық жағдайына байланысты мәселелер күрделене береді. Ең алдымен мұхиттардың биологиялық қорларының азаю мәселесі туындап отыр. Мұхиттың ластануы дегеніміз -- тірі ағзаларға зиянды әсер ететін, теңіз суының саласын төмендететін, балық аулау шаруашылығына, теңіз қызметтеріне кедергілер келтіріп, адам денсаулығына қауіп төндіретін заттардың теңіз ортасына тікелей және жанама түсуі. Ластанудың сан алуан түрлері бар: химиялық, физикалық, механикалық, биологиялық.
XX ғасырдың аяғында теңіз ортасының ластану үлесінің 70%-ы жер бетіндегі өнеркәсіп, құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы көздеріне және реқреацияға тиесілі екенін толық негізде айтуға болады. Мұхиттарға басты қауіп төндіретін ластаушы затгар: ақаба сулар, химиялық заттар (хлорорганикалық, металдар), күл-қоқыс және пластмассалар, радиоактивті қалдықтар, мұнай. Олардың кейбіреулері улы, баяу ыдырап, тірі ағзалар денесінде жинақталады. Мұнай мұхит суында тұрақты түрде жинақталады.
Мұхит суларының биологиялық ластануы да маңызды мәселелердің бірі. Мұхиттарға өзен ағыстарымен келіп түсетін ауру тудыратын микроағзалардың негізгі бөлігі жағалау аймақтарындағы тіршілік ету ортасына тез бейімделеді. Осы микроағзалар теңіз өнімдеріне жиналып, адамдардың жаппай ауруына себепші болады. Мұндай жағдайлар соңғы жылдары Жерорта теңізінде жиі байқалып жүр. Оның кейбір жерлерінде ауланған балықтың 80%-ы микроағзалармен уланған. Әлемдік мұхитта батпайтын қоқыстар және тұрмыстық қалдықтар әсерінен механикалық ластанулар едәуір көбейіп кеткен. Әлемдік мұхиттың физикалық ластануы оның радиоактивті және жылу көздерінен ластануынан туындайды. Радиоактивті өнімдер мұхитқа ядролық қаруларды сынаудың әсерінен түседі және де арнайы контейнерлердегі радиоактивті қалдықтарды тастау барысында түрлі ақаулар туындап, үлкен аумақтарды ластайды.
Мұхиттың жылу арқылы ластануы да қауіпті. Электр станцияларынан және басқа көздерден түсетін жылымалы сулар жағалаулардағы экожүйелердің экологиялық тепе-теңдігін бұзылуына алып келеді, Ғалымдардың есептеулері бойынша, мұхиттарға түсетін жылымалы сулардың көлемі әрбір 8-10 жыл сайын екі есеге артып отырады.
Мұхитта күшті антропогендік қысым басым. Адамзаттың өмірін қамтамасыз ететін осы бірегей жүйені сақтау жөнінде шұғыл шешімдерді тез арада қабылдаудың маңызы зор.
Теңіздер мен мұхиттар -- бүкіл адамзаттың игілігі, бұл игілікті сақтау көбіне табысты халықаралық ынтымақтастыққа тәуелді. Бір өкініштісі, бірнеше елдерден ағып отетін ірі өзендер мен теңіздерді қорғау жөніндегі халықаралық келісімдерді ратификациялау және бақылау жұмыстарында кездесетін қиындықтар аз емес. Тұщы су қорларының азаюы да маңызды мәселе.
Көптеген ғасырлар бойы Аристотельден кейінгі бірнеше ғалымдар жер, су, от пен ауаның бір-біріне өзара айналу мәселесі мүмкін деген болжам жасаған. Голланд химигі жэне физиологы И. Ван-Гельмонт, Авиценна, ағылшын химигі Р. Бойльдер (2 мың жыл бұрын өмір сүрген) осындай пікірде болды. Олар судың зат түрінде болуы туралы нақты ғылыми шешімдерге келе алмаған. Тек XVIII ғасырдың аяғында еуропалық физиктердің еңбектерінде (П. Лаплас, А. Лавуазье және т.б.) дәлелденгендей, су -- бұл екі ғана элементтің -- сутегі мен оттегінің бірігуі екені белгілі болды, сөйтіп судың басқа заттарға айналатыны жөніндегі көпғасырлық зерттеу теориясын дәлелдеу аяқталды. Бұл судың құрамы мен қасиеттері туралы заманауи ғылымның басы еді.
Судың айрықша қасиеттері көп жағдайларда олардың молекулалары мен молекулярлы ассоциацияларының құрылымымен анықталады. Судың табиғатгағы ғаламдық айналымының басты қозғаушы күші Күн көзі болып табылады. Күн сәулелерімен Жер қызған кезде судың үстіңгі жағынан булану үдерісі жүреді. Су буы экватордан полюстерге, құрлықтан теңізге қарай жылжуы Жердің өз осінен және Күнді айналу нәтижесінде пайда болатын ауа ағымдарымен таралады. Су буының қозғалысқа түсуі барысында жауын-шашын құрлық пен су қоймаларының жоғарғы жағына жаңбыр мен қар түрінде келіп түседі. Құрлықтағы су ауырлық күші есебінен жер-үсті және жерасты тоғандарын жасай отырып ағады.
Футурологтар келешектегі соғыстар тұщы суға деген күрестердің нәтижесінде пайда болуы мүмкін деп есептейді. Қазіргі уақытта Жердің төрттен бір бөлігі үнемі ауызсу жетіспеушілігін бастан кешіруде. Планетадағы тұщы судың адамзат ағзасының қалыпты тіршілік етуі үшін рөлі ерекше. Жердің тұщы су ресурстары ғаламдық су айналымы барысында қалыптасады, яғни бұл айналым суды тұщыландырып, оның үздіксіз жаңаруын қамтамасыз етеді. Планетада судың қоры жеткілікті сияқты болып көрінгенімен, ондағы тұщы су қоры жалпы қордың 3%-ын құрайды, тұщы судың 34 бөлігін Арктика мен Антарктиданың мұздары құрайды. Бесінші бөлігі жерасты суларына тиесілі. Тек 1%-ы ғана өзендер мен көлдерде ағып жатады.
Жыл сайынғы тұщы судың жалпы қолданылуы әлемнің барлық аймақтарында артуда. Егер біздің ғасырымыздың басында адамзат жылына 400 км3 суды пайдаланса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 4000 км3 жетті, яғни ол әлемдік су тоғандарының 10%-ға жуығын құрайды. Әлем аймақтары бойынша су қорларын қолдану жан-жақты сипат алуда.
Суды тұтыну көлемінің үздіксіз артуы нәтижесінде тұщы су көздері ластанып, суды ретсіз жұмсау есебінен тұщы су қорларының төмендеуі туындауда. Әлемдік су пайдалану деңгейі мен оның экологиялық салдарының негізгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz