Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

  1. Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша психологиялық-педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау . . . 6

1. 2 Оқушылардың шығармашылық қызметінің мәні мен сипаттамалық

ерекшеліктері . . . 9

1. 3 Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары . . . 13

ІІ. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

2. 1 Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру . . . 16

2. 2 Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың жолдары . . . 23

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 39


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектеп қоғамының алға қойған міндеттерін орындау үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып кең профильді және дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуі тиіс.

Оқушыларды шығармашылық жолмен оқыту, көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, алдағы ХХІ ғасырда іске асуға тиісті негізгі - өзекті проблема.

Оқыту процесінде мектеп оқушыларын сыныптан тыс өз бетіндік жұмыстар арқылы ойлануға үйрететін шығармашылық жұмыстар дидакт ғалымдардың (Б. М. Есипов, М. И. Скаткин, И. Т. Огородников, Р. Г. Лемберг, М. Жұмабаев, М. Дулатов, В. П. Добрица, А. Е. Әбілқасымова, А. К. Көбесов, И. Б. Бекбоев, М. И. Махмутов, М. А. Данилов, Т. И. Шамова), сондай-ақ психологтар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов, М. Мұқанов, В. А. Крутецкий, В. А. Понамарев, Т. Тәжібаев және т. б. мазмұнды еңбектерінде кеңінен талданған. Оқушының даму деңгейіне сай білім беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың белгілі ғылым саласына қатысты қабілетін дамытуға, өз ортасындағы өзгерістерге сай білімін өз бетінше толықтыруға және оны жаңа жағдайларға шығармашылықпен қолдана білуге дағдылануы қажет. Сондықтан оқушылардың оқу процесіндегі таным қызметінің белсенділігін арттыру математиканы оқытудың ең негізгі бірінші дәрежелі проблемасы ретінде біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.

Жоғарыда аталған педагог-ғалымдар айналысқан зерттеулерде оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы жөніндегі проблема үлкен орын алады және шығармашылық қызмет оқыту процесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың барынша жалпы мәселесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Шығармашылық қызмет математиканың сыныптан тыс жұмыстарындағы оқушылардың өз бетіндік жұмыстарымен тығыз байланысты болатыны осы зерттеудің өзекті мәселесі.

Біздіңше, математикадан оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту ғылыми педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті қарастырылмаған және математикадан жаңа оқулықтар мен бағдарламалар оған бейімделмеген.

Осы зерттеу жұмысының өзекті мәселелерінің бірі - оқушылардың математикадан сыныптан тыс жұмысына сүйеніп, жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылығын дамыту, сол арқылы ақыл-ойының кемелденуіне мүмкіндіктер тудыру. Осы жағдайда оқушының сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық қызметін дамытудың нақты мүмкіндігі мен оны мектеп практикасында іске асыру деңгейі арасында қарама-қайшылықтар бар екені байқалады. Орта мектеп оқушыларының шығармашылық қызметін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудағы осы қайшылықты шешуде теориялық талдаулардың жеткіліксіздігі және жалпы білім беретін орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың зерттеуге сай бағыты әдістемелік жағынан толықтырылмағандығы анықталды. Осы аталған проблемаларды математиканы оқыту процесінде шешудің теориялық мәні мен практикалық қажеттігі зерттеу тақырыбын "Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру" деп анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу объектісі - орта мектепте математиканы оқыту процесі.

Зерттеу пәні - математикадан сыныптан тыс жұмыстар барысында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыру процесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты - математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұнын анықтап, оның әдістемелік жолдарын көрсету.

Әдебиеттерге талдау жасаудың негізінде алдынғы қатарлы озат мұғалімдердің тәжірибесіне және практикадағы іс - тәжірибемізге сүйеніп келесі зерттеу болжамын ұсынамыз.

Зерттеудің ғылыми болжамы . Егер шығармашылық қызмет түсінігі компоненттерін анықтай отыра, математикадан сыныптан тыс жұмыстардың әр кезеңінде оларды оқушылардың бойына оқу мүмкіндіктері мен талаптарына сай қалыптастырып отырса, онда оқушылардың шығармашылық қызметі артуымен қатар математикалық білім сапасы да артады.

Зерттеудің ғылыми - әдістемелік міндеттері.

Зерттеудің мақсаты мен болжамы келесі мәселелерді тұжырымдауға және оны шешуге мүмкіндік берді:

- оқушылардың шығармашылық қызметі түсінігі мен оның компоненттерін анықтап, жүйелеу;

- шығармашылықтың даму белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

- қызығу, ынта, қабілеттілік, шығармашылық ұғымдарының математиканы оқытудағы сипаты мен байланысын, олардың математикадан сыныптан тыс жұмыстарындағы әсерін сипаттау;

- математиканың сыныптан тыс жұмыстарында шығармашылық қызметті тиімді ұйымдастыру мен оны іске асырудың әдістемесін ұсыну;

- ұсынылған әдістеменің тиімділігін педагогикалық эксперимент жүргізу арқылы сәйкес ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің жетекші идеясы оқыту процесінде сыныптан тыс жұмыстардың оқу материалдары оқушылардың ойлау әрекетіне үйлесімді күш түсіру арқылы олардың шығармашылық қызметін дамытады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізіне - таным теориясы, жеке тұлға туралы теория мен оқушы қызметін тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық концепциясы қызмет етеді.

Зерттеудің әдістері:

  • зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми әдістемелік тұрғыдан талдау жасалды;
  • Қазақстан Республикасы көлеміндегі мұғалімдердің сыныптан тыс жұмысына байланысты педагогикалық іс-тәжірибесін әңгімелесу,
  • мектептерде ұйымдастырылған әр алуан шараларға қатысу арқылы үйреніп, оны талдау және жалпылау;
  • мектеп оқушылары және мектепті бітірушілермен жеке және ұжымдық формада әңгімелесу, анкета жүргізу, тест жүргізу, т. б;
  • педагог математиктермен, оқу-ағарту жұмысын ұйымдастырушылармен, педагогикалық баспа қызметкерлерімен, мұғалімдер, ғалымдармен әңгімелесіп кеңінен пікір алысу;
  • сонымен бірге мектепте бақылап, ойға түйгендеріміз практикалық жағынан іске асырылды. Дипломның тақырыбына байланысты педагогикалық эксперимент жүргізілді.

Ғылыми зерттеу жұмысының практикалық мәні. Ұсынып отырған әдістемеміз мектептерде оқытылып жатқан математика пәнінің бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс жұмыстарды өткізу барысында оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға тікелей әсерін тигізеді және жалпы математикадан білімді дұрыс меңгеруіне көмектеседі. Зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелер мен әдістемелік ұсыныстар мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде қолданылып жүр және олар педагогикалық институттардың студенттеріне - болашақ математика мұғалімдеріне де пайдалы болады деп есептейміз.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

  1. Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша психологиялық-педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау

Республика мектептерінің алдына оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасау мақсаты алға қойылып отыр. Мектеп - қоғамның талаптарына байланысты өзгеретін және қоғамның барлық мүшелеріне қызмет жасайтын ерекше әлеуметтік құрылым. Мектептің айналысатын мәселесі жөнінде әр дәуірдің адамдарының көзқарасы мен түсінігі түрліше сипатта болды. Әлеуметтік прогресс неғұрлым жоғарылаған сайын осы прогресті қамтамасыз етудегі мектептің орны мен міндеті солғұрлым күштірек болмақ.

Қазір Республикамыздың мектептері өтпелі кезеңде тұр, ол дүние жүзінің алдыңғы қатарлы мектептерінің озық тәжірибесінен үйреніп оқытуды ұйымдастыру түрі жөнінен де, білім беру сапасы жөнінен де жаңа жоғары кезеңге көтеріліп келеді, ол ескі әдіс-тәсілдермен бұдан былай оқыта алмайды.

Оқушылардың оқу саласындағы шығармашылық қызметі жөнінде (ТМД көлемінде) А. Е. Әбілқасымованың (1), М. Ахметовтың (2), Г. Д. Балктың (3), И. И. Дырченконың (4), И. К. Қадыровтың (5), В. Н. Сергеевтың (6), Г. А. Тонянның (7), М. И. Махмутовтың (8) т. б. мазмұнды еңбектері бар. Сонымен бірге математиканы оқыту әдістемесінде және әсіресе сыныптан тыс жұмыстарға байланысты оқушылардың шығармашылық қызметі туралы түсініктің өзі осы күнге дейін әртүрлі сипатта түсіндіріліп келеді.

Сондықтан да зерттеуге алған тақырыптың І тарауын математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуының психологиялық-педагогикалық негіздеріне арнадық. Біз бұл тарауда Республикамыздың және ТМД көлеміндегі психология мен дидактика ғылымының жетістіктеріне сүйеніп және Республика мектептерінің іс-тәжірибесіне, сондай-ақ зерттеліп отырған мәселе жөніндегі әдебиеттерге талдау жасаудың (жалпы түрде болса да) негізінде алға қойылып отырған мәселенің мәнін ашуға ұмтылдық.

Оқушылардың шығармашылық қызметі туралы мәселе көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен-ді. Архимедтің өзі белгілі әдіс - эвристикалық әдісті геометриялық фигуралар мен денелердің беттерінің ауданы мен көлемдерін есептеуге қолданған. Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде оқушылардың белсенді шығармашылығы айтарлықтай рөл атқарады деген пікір айтылады. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың шығармашылық ізденімпаздығы туралы пікір Я. А. Коменскийдің (66) еңбектерінде, сонан соң И. Г. Песталоцци мен А. Дистервегтің (9) еңбектерінде тереңдетіледі. Мәселен, А. Дистервег оқыту барысында баланың шығармашылық ізденімпаздығы оның ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді. Декарт жаңа теорияны ашу кезінде ойдың тізбектілігін орнықтыруға ұмтылды. Математикалық зерттеу жұмысында басшылыққа алынатын арнайы ереже ойластырды, оның осы күнге дейін зор мәні бар. Математикалық шығармашылық туралы математиканың теориясымен айналысатын үлкен математик, ғалым-мамандардың айтқандарының мәні зор.

Математикалық шығармашылық қызмет туралы белгілі француз математигі А. Пуанкаре өзінің терең ойларын қалдырды. “Ғылым және Әдіс” деген кітабында шығармашылық кезіндегі «математиктің ойында” болып жататын күрделі процестер мен құбылыстарды психологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекеттенеді.

Математиканы оқытудың психологиясы мен педагогикасы жайында көптеген шетел авторларының еңбектері бар, олардың ішінде Д. Пойа (10), Дж. Брунер, А. Фуше, Ж. Адамар, Г. Биргкоф еңбектерінің мәні зор (11) . Математикалық шығармашылықтың заңдарын ашу туралы мәселені алға қойған американың математигі Д. Пойа математикалық ашылыстарда бақылау, жалпылау, болжам, эксперимент, дәлелдеу сияқты кезеңдердің болатынын атап көрсетті. Математикалық шығармашылықта қолданылатын зерттеу әдістері басқа жаратылыстану ғылымындағы эксперименттік әдістермен бірдей екенін Д. Пойа дәлелдеді.

К. Д. Ушинский еңбектерінде оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын оқыту әдістері айтарлықтай жетілдірілген. Алайда, С. Т. Шацкий мен М. Н. Скаткиннің (13) зерттеулері көрсеткеніндей, бұқаралық мектеп 50-жылдарға дейін догматизмнің үлесі басым болған көрнекі құралдармен түсіндіріп, оқытылған. Елуінші жылдардан бастап, ғылыми-техникалық революция табыстары мен мектептің өмірімен байланысының нығаюы сияқты факторлардың т. б. ықпалымен дидакттар мен әдіскерлердің шығармашылық ізденімпаздықты дамыту теориясына деген ықыласы қайтадан күшейе түседі. Болашақ маманның шығармашылық тұлғасының негіздері ретінде оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру міндеттерін шешуді авторлар олардың танымдық іс-әрекетін нысаналы түрде ұйымдастыруда деп біледі. Оның үстіне шығармашылық ізденімпаздық ұғымының мазмұнына авторлар түрлі мағына береді. Біреулері шығармашылық ізденімпаздықты “оқушының ақыл-парасат қабілеті және оның өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін бейімділігі” ретінде қарастырады (8), екінші біреулері шығармашылық ізденімпаздықтың мәні мектеп оқушысының білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп біледі, үшінші біреулері шығармашылық ізденімпаздық ұғымын білім мен іс-әрекет тәсілдерін өз күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын жеке тұлғаның қасиеті ретінде айқындайды (13) . Шығармашылық ізденімпаздықты дара тұлға өзінің танымдық іс-әрекетін өз күшімен ұйымдастыруы және оны жаңа танымдық проблеманы шешу үшін қолдана білуі сияқты жеке адамның сапасы ретінде оқушылардың білім мен іс-әрекет тәсілдерін игеруді қажетсінуі және бейімделуі, танымдық міндеттерді бөгде біреулердің тікелей көмегінсіз шешу қабілеті іс-әрекет мақсатын айқындауға және оған түзету жасауға бейімділігі ретінде қарастыруды көздейді (14) .

Психология ғылымында математикалық қабілеттілік проблемалардың комплексі ретінде қарастырылады. Осы заманғы психологиялық зерттеулерде математикалық қабілетке қатысты 1) есептер шешуге байланысты ойлау тәсілдерінің ерекшеліктерін анықтауға ұмтылу; 2) математикалық қабілеттің құрылымына талдау жасауға ұмтылу сияқты екі бағыт бар.

Логикалық ойлау математиалық ой қорытудың негізін құрайды, осы тұрғыдан алғанда есептер шешу процесі бұрыннан белгілі проблемаларға жаңа салдарлар жасау болып табылады. Қарастырылған пәнге байланысты бұрын алған білімдерге сүйеніп негізделген салдарлар жасай аламыз. Бірақ математикалық ой тұжырымы тек логикалық жағынан тұрмайды. Математикалық қызметтің жемісті болуы үшін тек логикалық қорытындылардың жетімсіз болатыны туралы ірі математиктер Декарт пен Галуа көрсетті. Кез-келген жаңа теореманы ашудың себебі ол алғашқы аксиомаларға байланысты бола отырып дәлелденген, олай болса осы аксиомалардан шығарып ойды қорытуға болатын сияқты. Бұл тек дайын ғылымға қарап отырған сияқты болып шығады. Ал шынында да дәлелдеушілер салыстырады, мәселенің барлық жақтарын қарастырып, шындыққа қол жеткізеді.

Математикалық ойлаудың стиліне математикалық символиканы асқан дәлдікпен қолдану сипаты тән. Әрбір математикалық символ белгілі бір: оны басқа символмен ауыстыру немесе оны басқа орынға ауыстырып қою, белгілі ереже бойынша оны тежеу, кейде берілген пікірдің мәнін толық жою сияқты қатаң анықталған мәнді білдіреді.

Б. В. Гнеденко - ғалым- математик, ықтималдықтар теориясы саласында ғылымға зор үлес қосқан ірі маман, мектептегі математикалық білім беру саласына әркез назар аударып отырған. Оның педагогикалық мақалаларының мазмұны оқушыларға математиканы оқыту мен тәрбие берудің барынша әралуан мәселелеріне арналған. Ол қарастырған көп мәселелердің ішінде математикалық қабілеттілік, математика сабақтарында оқушылардың ойлауы мен сөйлеуі, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру т. с. с. мәселелер кең көлемде зерттелген. Б. В. Гнеденко ойлау стилі туралы еңбектерінде көбінесе А. Я. Хинчин еңбектеріне сүйенеді. Математикалық қабілеттің деңгейінің болатынын, математикалық қабілетті үнемі жүйелі тәрбиелеудің ерекшеліктерін зерттеген.

Математикалық шығармашылық қызмет туралы мақаласында Б. В. Гнеденко математиканы оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және соған байланысты маңызды көптеген мәселелерді көтереді.


1. 2 Оқушылардың шығармашылық қызметінің мәні мен сипаттамалық ерекшеліктері

Математикалық ойлау лабораториясына енуге, математикалық ойлау логикасын шешуге, математикалық зерттеулердің бағыттаушы элементтерін табуға, математикалық шығармашылықтың мәнін ашуға Архимед те, Декарт та, Пуанкаре де, т. б. ұлы ойшылдар жан-жақты атсалысқан.

Архимед геометриялық денелердің ауданы мен көлемін табудың ерекше тәсілін пайдаланған. Декарт математикалық зерттеулер жүргізудің арнайы ережелерін құрастырды. А. Пуанкаре "Наука и метод" деген еңбегінде арнайы зерттеусіз-ақ, өз тәжірибесіне сүйене отырып математикалық шығармашылықтың мәнін ашуға ұмтылады. Оның ойынша математикалық шығармашылықтың негізгі элементі ойлау төмендегі қасиеттермен сипатталады:

1) естің өзгешелігімен, талқылаудағы күрделі математикалық дәлелдеулерді есте сақтау қабілетімен;

2) математикалық ой қорытудың (ойлаудың), ойша тұжырымдаудың дұрыс орналасуымен; шығармашылық процеспен бірге болатын эмоциальды әсерленгіштігімен сипатталады.

Шығармашылық процестің дайындық, қорытынды екі кезеңін атай келіп Пуанкаре екінші кезеңді өзінің сипаты жөнінен "кенеттен шешім қабылдайтын" ерекше сипаттағы шығармашылықтың түрі деп атады. Бір сөзбен айтқанда "пайымсыздық саналылықтан жоғары ма?".

Ж. Адамар Пуанкареге жауап бере келіп, былай деп жазады: "Сонымен, санасыздықтың құпиясын, дәлірек айтқанда ерекше түрдегі құпияны өзі түсіне ала ма деген мәселе. Шынында да кез келген ақыл-ой процесі қандай болғанына қарамастан адамдағы бар болатын кез келген ой құпия болып табылады. Бұл ақыл-ой процестері бұдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың ми қыртыстарының жұмыс істеу тәсілдерімен байланысты. Санасыз ойлаудан саналы ойлауға өту, яғни "жоғары" немесе "төмен" ойлау деген мәселелердің ешқандай мағынасы жоқ деп есептеймін, ойлауда "аса басымдылық" деген мәселелердің ешқайсысы ғылыми мәселе болып табылмайды, оң аяғың сол аяғыңнан биік емес". Республика ғалымдары шығармашылықты жаңа материалдық рухани байлықтарды жарыққа шығаратын күрделі адам қызметінің процесі ретінде анықтайды. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша шығармашылықтың ерекшелігі келесі екі белгі бойынша анықталады: біріншісі "заттарды не шын құбылыстың процестерін ойша немесе көрнекі сезімдік тұрғыдан түрлендіру"; екіншісі- жаңалығы мен өзіндік ерекше саналығы. Шығармашылық негізінен соң онда қарама-қарсы еліктеу, алгоритм бойынша дайын үлгі шаблон бойынша әрекетке еліктеу".

Сонымен шығармашылық адам әрекетінің идеальды немесе материалдық жемісі ретінде анықталады, шығармашылықтың өзіндік жаңалығы, қоғамдық мәні мен құндылығы бар. Шығармашылықты бұлайша сипаттағанда оның мақсаты, әрекеттің нәтижесі анықталады, бірақ оның ішкі мәні ашылмайды.

Шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен дербестігінің жоғарғы формасы. Шығармашылық актіні сипаттаушы маңызды ерекшелік ашылыстың кенеттен болатыны, болжамның кездейсоқтығы, логикалық және интуициялық ойлаудың ерекше сипаты болып табылады. Бұл туралы Т. Рибо, Г. М. Якобсон, Ж. Адамар, А. Пуанкаре, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Я. А. Пономарев, Ю. А. Самарин, В. Н. Пушкин және тағы психологтар жазды.

Американ ғалымдары А. Ньюди мен Д. Шоу және Г. Саймон шығармашылық қызметтің келесі белгілерін атап өтеді:

1) Ол объективтік және субъективтік мағына алғанда да құнды және бағалы ойлау әрекетінің жемісі;

2) Ақыл-ой процесі өзінің жаңалығы арқылы ерекшеленеді, бұрын қабылданған идеялар немесе одан бас тарту арқылы түрлендіруді талап ететін мағынадағы жаңалығы арқылы ойлау процесі ерекшеленеді;

3) Ойлау процесі ерекше дәлелді және орнықты болады, белгілі бір уақыт аралығында ол зор қарқынмен ағу арқылы сипатталады (27) .

Шығармашылық адамның өзіндік психологиялық әрекеті, ол ең алдымен психологиялық ұғым болып табылады. Психологияда бұрыннан оқығанды қайта еске түсіру және шығармашылық ойлау деген ұғымдар бар.

Оқушылардың оқу қызметінде еске түсірудің түрі Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша "Адам бұрын қалыптасқан тәсілдердің сипатын немесе бір объект туралы бұрынғы көзқарастарын қайта еске түсіру арқылы қайталайды.

Оқушылар әрекетінің шығармашылық түрі қандай да бір жаңалықты ашуға бағытталған сыртқы дүниенің қандай да болса бір заты не ақыл-ойдың белгілі құрылымы не адамның өзінде байқалатын сезгіштік арқылы сипатталады". Өзара байланысты бұрын білген екі объектіні қайта еске түсіру және олардан жаңа байланыстар ашу оқушының өнімді шығармашылық қызметі болады, бұл жаңа байланыс оқушының еңбектенуі нәтижесінде пайда болады, бұл процестер адамның іс-әрекетінің барлық түрлерінде байқалады.

Проблеманың шешілу принциптерін өз бетінше іздеген кезде адамның шығармашылық әрекеті басталады деп сендіреді ғалымдар. Оқушының ең жоғарғы деңгейдегі шығармашылық өз бетінше жұмысы-бұл проблеманы қою және оның шешілу жолын табу деген сөз. Жаңа білімді меңгеру процесі оқушыға меңгерілген шындықтарды өз бетінше тексеруге мүмкіндік беретіндей, қарама-қайшы фактілердің өзара қақтығысында оның сенімділігін анықтау сияқты мәселелер шығармашылық ойлаудың дамуы мен қалыптасуы арқылы қатар жүреді. Сонымен, оқушының шығармашылық қызметі өзінің мәні жөнінен прогрестің алғы шарты ретінде, жеке адамның ақыл-ойының дамуы тұрғысынан алғанда, ғылым мен техниканың дамуындағы объективті табыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
Бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын - есептердің маңыздылығы
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Математикадан логикалық есептер жинағы
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР
Бастауыш сынып математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz