Отбасыішілік қарым-қатынастың баланың психологиясына ықпалы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Отбасыішілік қарым-қатынастың баланың психологиясына ықпалы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БАЛАҒА ӘСЕРІ
1.1 Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсерінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2. Отбасылық қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсерінің деңгейін эксперименттік зерттеу
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістерін негіздеу және сыналушыларға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Отбасы бала дамуындағы қарым-қатынасты түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Зерттеудің жүру барысы және нәтижелерін талдау, сапалық өңдеу ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін, басқалардың кім және қандай екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Қазақстан-2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) [1, 8-9]
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған [5,64-65].
Д.Горборино отбасын адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі ретінде сипаттады [6,17]. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды [3,65].
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша - отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады [1,63]. Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено - деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын Отбасыішілік қарым-қатынастың баланың психологиясына ықпалы деп анықтадым.
Зерттеу мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына әсерін ғылыми теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны: Отбасындағы қарым - қатынас процесі .
Зерттеу пәні: Отбасындағы қарым - қатынастың бала дамуына психологиялық әсері.
Зерттеу болжамы: Егер отбасылық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері, оның бала дамуына әсері ғылыми теориялық және әдістемелік тұрғыда негізделсе, онда үйлесімді тұлға қалыптастыруға болады.
Зерттеу міндеттері:
1. Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсері туралы ғылыми әдебиеттерді зерттеу.
2. Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсер ету ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеу көздері: философия, психология, педагогика ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы (2005), Білім туралы Заңы (1999); зерттеу проблемасы бойынша жазылған ғылыми педагогикалық еңбектер.
Зерттеу әдістері: Отбасылық қобалжуды анықтау, ата-ана мен бала өзара қатынасы сауалнамалары, социограмма, эмоционалды қатынасты анықтау, қажеттілік базасын анықтау нәтижесі, жеке тұлғаның қақтығысын анықтау тесттері, психологиялық тренингтер.
Зерттеу базасы: Орал қаласы, №-- орта мектеп ата-аналары.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас
Қазіргі уақытта отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың жеке тұлғасының, әсіресе оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі екендігі белгілі. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ерекше және көрнекі түрде, әсіресе, бала тәрбиесінде көрінеді. Отбасылық тәрбие жүйесінің және ана-бала қарым-қатынасы үйлесімділігінің бұзылуы - балаларда невроз ауруының пайда болуына себепші негізгі патогенетикалық фактор деген көзқарасқа кейбір ғалымдар ерекше көңіл бөледі. Мысалы А.Е.Личко мен Э.Г.Эйдемиллер ерекше мінезді және психопатия белгілері бар балаларға отбасылық тәрбие берудің 6 түрін атап көрсетеді.
Гипопротекция (гипоқамқорлық) балаға қажетті қамқорлықтың жоқтығымен сипатталады (балаға уақыт жетпейді). Мұндай қарым-қатынас кезінде бала өзімен - өзі болады, өзін ешкімге керегі жоқ деп сезінеді. Басым гиперпротекция баланың дербестігіне, ынталылығына тосқауыл болатын тым артық, ығыр қылатын қамқорлықтан туады. Гиперпротекциялық тәрбие кезінде ата-ана баладан үстем болады, яғни баланың тәртібіне қатаң бақылау жасалып, оның шын мәніндегі қажеттілігі ескерілмейді (мысалы, баланың қарсылығына қарамай анасы оны мектепке дейін шығарып салады). Қарым-қатынастың мұндай түрі басым гиперпротекция деп аталады. Оның бір түріне отбасының еркесі ретінде баланың барлық қажеті мен еркелігін қанағаттандыратын құптаушы гиперпротекция жатады. Эмоционалды шеттету баланың қай қылығын да қабылдамаудан туады. Шеттету ашық түрде ( мысалы, сен мені мезі еттің, кет, жолама маған деген сияқты) немесе мазақтау, кекету, мысқылдау сияқты жасырын түрде болады.
Қатал қарым-қатынас баланы ұрып-соғу арқылы көрінеді немесе жасырын, яғни эмоционалдық дұшпандық пен суықтықтан көрінеді 1. Жоғары моральдық жауапкершілік бала болашағының ерекшелігіне үміт артып, баладан жоғары моральдық тәртіп талап етуден болады. Тәрбиенің мұндай түрін ұстанатын ата-аналар балаға отбасының басқа мүшелеріне қамқоршы, қорғаныш болуды жүктейді.
Дұрыс тәрбиелемеу бала мінезінің одан сайын бұзылуына әсер ететін фактор болып табылады.
Мінездің ерекшеленуі дегеніміз - мінездің нормаға сәйкес келмейтін жеке бір ерекшелігінің тым айқын көрінуі. Ерекше мінезді балалардың психикасын зақымдауы мүмкін кейбір әсерлерге тым осал болады. Отбасылық психология саласының мамандарымен соңғы он жылда бала - ересек адам қарым-қатынасының әртүрлі варианттары атап көрсетілген. Мысалы, А.Я.Варганың еңбегінде ата-ана қарым-қатынасының балаға жағымсыз 3 түрі сипатталған: симбиотикалық, авторитарлық, эмоционалды шеттетушілік. Эмоционалды шеттетуді ғалым ата-анасының баланы аурушаң, әлсіз, дәрменсіз есептеу үрдісінен деп сипаттайды. Тәрбиенің мұндай түрін автор балаға сәтсіз, жолы болмағыш кішкентай адам ретінде қарап тәрбиелеу деп атаған.
Е.Т.Соколованың зерттеулерінде ата-ана мен бала қарым-қатынасының негізгі стилі проблемаларды бірлесіп шешу кезіндегі ата-ана мен баланың өзара әрекетін талдау негізінде көрсетілген:
+ Ынтымақтастық;
+ Жалған ынтымақтастық;
+ Жекешелеу;
+ Бақталастық.
Ынтымақтастық қарым-қатынасы кезінде баланың қажеті ескеріліп, оған автономия құқығы беріледі. Көмек ересек адамның араласуын талап ететін қиын жағдайларда ғана көрсетіледі. Отбасында туындаған проблемалық мәселелерді шешудің жолдары баламен бірге қарастырылады, әрі оның пікірі есепке алынады.
Жалған ынтымақтастық қарым-қатынасы әртүрлі болуы мүмкін: бірде бала үстем болса, бірде ата-анасы үстем болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ашық жағымпаздық сипаттағы алдамшы әрекеттестік орын алады. Басқаларға көз болу үшін өтірік бірлесіп шешім қабылдау тараптардың біреуінің екінші жақтың шабуылынан қорқып асығыс келісуі арқылы жүзеге асады. Жекешелеу кезінде күштерін бір жерге жинақтау мен біріктіру толығымен жойылады, бірінің бастамасын бірі қабылдамайды және ескермейді, өзара әрекеттестік мүшелері бірін-бірі тыңдамайды да, сезінбейді де.
Бақталастық стиліне өзінің бастамасын қорғау және өзгенің бастамасын жаныштау кезінде көрінетін бәсекелестік тән.
Отбасындағы тәрбиенің 3 патогенді түрін көрсетуге болады.
А түрі. Қабылдамау (эмоционалды шеттету). Оның мәні шектен тыс талап ету, қатаң шектеу және бақылау. Бала өз қалпында қабылданбайды, оны түзету басталады. Қабылдамау бала бойында невротикалық шиеленісті қалыптастырады. Ата-ананың өзінде неврастения пайда болады. Мен бола алмағанмен, сен боласың деп талап етіледі. Мұнда ата-аналар баланың бойындағы балалықты жек көреді, баланың еркелігі, балалық қылықтары олардың ашуын келтіреді.
Б түрі. Гиперәлеуметтендіруші тәрбие. Баланың немесе отбасының басқа мүшелерінің денсаулығы, әлеуметтік мәртебесі жөнінде қорқыныштан, күдіктен пайда болады. Нәтижесінде үрей сезімі, әлеуметтік тұрғыдағы жабысқақ ой қалыптасуы мүмкін. Ата-анасы балаға нені қажет етуі керектігін айтып отырады және бала темпераментінің табиғи көздерін тұншықтыруға тырысады.
В түрі. Менмендік тәрбие. Бала қатты әспеттелетін отбасыларында кездеседі. Нәтижесінде балада отбасына және бүкіл әлемге деген көптеген наразылық пайда болады. Мұндай тәрбие жеке тұлғаның истероидты түрінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін 2.
Ата-анасының қамқорынсыз өскен балалардың ерекшелігін зерттеуші ағылшын психотерапевті Д.Боулби патогенді тәрбиенің мынадай түрлерін атап көрсетеді:
:: Ата-ананың біреуі немесе екеуі де баланың махаббатқа деген мұқтаждығын қанағаттандырмайды немесе толығымен оны жоққа шығарады.
:: Бала жұбайлар арасындағы дау-дамайды шешу құралы болып табылады.
:: Тәртіпке шақыру шарасы ретінде баланы жек көріп кетумен немесе отбасынан кетіп қалумен қорқыту.
::Балаға алда болатын (немес болған) барлық жағдайлардың, яғни аурудың, айрылысудың, өлімнің себепкері сенсің деп иландыру.
:: Баланың айналасында оның уайым-қайғыларын бөлісетін немесе ата-анасын алмастыратын адамның болмауы 3.
Баланың жеке тұлғасының отбасында қалыптасуы ата-ананың балаға қарым-қатынасы мен әртүрлі тәрбиеден басқа ата-анасының нұсқауларымен де анықталады. Олар баланың көптеген эмоциялық проблемаларының бастауы болуы мүмкін. Бұл жерде нұсқау деп жасырын, жанама бұйрықты түсіну керек. Ол ата-анасының сөздерінен не іс - әрекеттерінен ашық түрде байқалмайды, оны орындамағаны үшін бала ашық жазаланбайды, жанама түрде жазаланады (ата-анасының алдында өзін кінәлі сезіну). Тек нұсқауларды орындап қана бала өзінің жақсы екенін сезінеді. Нұсқау- бұл ата-ананың балаға деген жасырын жолдауы, ақыл айтуы. Ата-ана нұсқауларының мынадай түрлері мен мазмұнын көрсетуге болады.Өмір сүрме. Күнделікті тұрмыста бұл жолдау Көзіме көрінбе, Жер жұтқыр деген сияқты күңіреніп сөйлеу арқылы берілуі мүмкін. Бұл нұсқаудың мәні баланы үнемі кінәлі сезіндіру арқылы басқару. Бала ойланбай ата-анасының өміріндегі барлық бақытсыздықтың себепкері екенмін, оларға өмір бойы қарыздар екенмін деп шешуі мүмкін. Бала болма. Күнделікті тұрмыста Сен 5-ке келдің, бірақ өзіңді әлі кішкене бала сияқты ұстайсың, Тез өссең екен деген сөздермен беріледі. Ата-аналары кез-келген балалық көріністің қадірін кетіретін сөздерді жиі қолданады және баладан үлкендерге тән мінез көрсетуін қалайтынын айрықша баса айтады. Мұндай нұсқаудың жасырын мағынасы бала тәрбиесінің жауапкершілігін өз мойнына алуға ата-анасының дайындығы әлі қалыптаспағанына байланысты.Өспе. Күнделікті өмірде бұл Есеюге асықпа, Боянуға сен әлі кішкентайсың деген сөздерден көрінеді. Мұндай нұсқауларды балаларының жыныстық жетілуінен өлердей қорқатын ата-аналар береді. Ержеткен кезінде мұндай балалар өз отбасын құруға қиналады, егер отбасын құрса да ата-анасымен бірге тұрады. Ойлама. Күнделікті тұрмыста бұл нұсқау Ойыңа алма, Білгірсіме деген сөздерден көрініс табады. Бұл нұсқауда ойлауға, пайымдауға тиым салынады. Мұндай нұсқаудың жасырын мағынасында өздерінің нақты проблемаларын шешуде ата-ананың қорқыныш сезімі және ол сезімді балаларға беруі жатыр.Сезінбе. Бұл нұсқауда жалпы сезімге немесе қандай да бір нақты сезімге тиым салынады. Мұндай балалар кейін есейгенде отбасылық өмірінде өзінің екінші жартысына сезімдерін көрсетуде қиындық көреді. Баланы өзінің сезімдеріне, тәннің кейбір белгі-дабылдарына құлақ аспауға үйретеді. Ержеткен кезде олар психосоматикалық ауруға жиі ұшырайды.
Жетістікке ұмтылма. Мұндай нұсқаулар Біз өзіміз ешқандай университет бітірген жоқпыз, Сенен ештеңе шықпайды деген сияқты тәрбиелік әңгімелер арқылы жүргізіледі. Бұл нұсқаудың жасырын мағынасында балаларының жетістігіне деген санасыз қызғаныш сезімдері жатыр. Ержеткенде мұндай тәрбие алған балалар еңбекқор, ынталы адам болуы мүмкін, бірақ оларды қырсық шалғандай болады. Жетекші болма. Мұндай нұсқау алған балалар жиі-жиі Алға шықпа, Ерекшеленбе, Елдің бәрі сияқты бол деген сөздерді естіп өседі. Ата-анасы басқа адамдардың өз баласына деген қызғаншақтық сезімінен қорқады. Ержеткенде бұл балалар үнемі біреуге бағынумен болады, қызметтік сатыда өсуден бас тартады, отбасында басшы болуға ұмтылмайды.Менен басқа ешкімге тиесілі болма. Мұндай нұсқауды қарым-қатынасында қиындықтары бар ата-аналар береді. Олар тек баласы ғана дос деп есептейді. Есейе келе мұндай балалардың өзін-өзі бағалауы осыған сай болады, бірақ кез-келген топ ішінде ол өзін жалғыз сезінеді, топқа қосылуда үлкен қиындыққа тап болады.Ештеңе істеме. Ересек адамның балаға жолдауының мағынасы: Өзің ештеңе істеме, ол қауіпті. Сен үшін мен істеймін деген сөздерден көрінеді. Мұндай нұсқау кезінде баланың белсенділігі мен ынтасы толық тежеліске ұшырайды. Есейгенде мұндай адам әр істі бастарда қатты қиналатын болады.Өзіңмен өзің болма. Мұндай нұсқау ата-анасы баланың жынысын қабылдамаудан тууы мүмкін. Баламен қарым-қатынасында және сөздерінде оның жынысына тән емес мінездерге баса көңіл аударылады. Баланың жынысына тән мінез мойындалмаған соң, бала өзінен талап етілетін мінездер көрсетуге тырысады. Нәтижесінде балада жыныстық сәйкестіктің қалыптасуында проблемалар туындауы және қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынасы қиындауы мүмкін.Бұл нұсқаулар мүмкін нақты тарихи жағдайларда отбасының бірнеше ұрпағының өсіп-өркендеуі үшін жинақтаған тәжірибесі ретінде қажет болған шығар. Тарихи жағдай өзгерді, бірақ нұсқаулар әлдебір инертті білім ретінде келесі ұрпаққа берілуде.
1.2 Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсерінің теориялық негіздері
Отбасы -- адамның барлық өмір ағымында бірге еріп жүретін маңызды феномендерінің бірі. Оның жеке тұлғаға әсерінің маңыздылығы, күрделілігі, жан-жақтылығы мен проблемалылығы отбасын зерттеудегі көптеген әр түрлі көзқарастар мен ғылыми әдебиеттерде кездесетін анықтамаларға алып келді. Отбасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерін көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Отбасы -- неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында.
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық , генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық - тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е.Алешина, қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді, З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең студенттік кезең [7.252].
Қазіргі зерттеулерде отбасына байланысты оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д.Л.Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина Р. зерттеді, ал жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық - еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеке тұлғаның өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В. тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді.
Отбасы туралы басқа көзқарас А.И.Захаровтың пікірлерінде жазылған. Әлеуметтік психологияда Бастапқы топ деген түсінік бар. Бұл топтағы байланыстар топ ісіне оның мүшелерінің тікелей келісімдеріне, эмоционалдық әсерлерінен құрылады, оның қатысушыларының жоғары дәрежедегі бірігуін қамтамасыз етеді. Мұндай бастапқы топ -- отбасы болып табылады, ол жаңа мүшелердің сырттай тәсілдерінің арасында емес, балалардың дүниеге келуі арасында көбейіп, өсетін жалғыз топ
Н.Я. Совольевтің анықтамасына сәйкес: Отбасы -- ерлі-зайыптылардың одағы мен туыстық қатынастарына негізделген қоғамның кішкентай әлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге тұратын және жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін еркек пен әйелдің, ата-аналар мен балалардың, аға мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz