Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Орал гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯДАДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Лексикалық бірліктердің прагматикалық байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .5
1.2 Тіл біліміндегі логоэпистемалар құбылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы ... ... 14
2. ТІЛДІК БІРЛІКТІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ
2.1 Аударма бірліктері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Аударманың түрлері және тілдегі бірліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
КІРІСПЕ
Термин ғылыми ұғымның атауы болып, сол ұғымды дәл және нақты білдіруге тиіс. Сол себепті де тиісті ұғымның белгілері дәл іріктеліп, дұрыс саралануды қажет етеді. Қысқалық та терминдерге қойылатын негізгі талаптардың бірі. Қысқа әрі ыңғайлы, тұжырымды келетін терминнің практикалық мәні ерекше болып, есте сақталуы үшін де, сөздіктерде берілуі мен тілдік үнемдеу заңына сәйкес келуі үшін де оның маңызы зор. Ал терминдерге қатысты жүйелілік мәселесіне байланысты Ө.Айтбайұлы: ...жүйелілік талабы термин құрайтын элементтер мен белгілерді іріктей білу жүйесіне тікелей байланысты. Іріктеу сәтінде ол белгілердің біртектестігіне қатты көңіл бөлумен қатар, терминдер жүйесінің дұрыстығы белгілі жүйе бойынша белгілерді іріктеуге ғана емес, сонымен бірге сол белгілердің қай түрде болатынына да байланысты екенін ескеру қажет. ... терминология жүйелілігі термин элементтерінің тіркесімділігіне басқаша айтқанда, олардың орналасу тәртібіне де қатысты болады, - деп тұжырымдайды.
Терминдерді аудару мәселесіне кіріспес бұрын, терминнің тілдік табиғатын, оларға қойылатын басты талаптар мен принциптерін анықтап алған жөн.
Терминдердің негізгі тілдік белгілеріне тоқталған жөн деп санаймыз. Олардың басты белгілері: дәлдік, қысқалық, жүйелілік.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы қолданыстағы, кәсіби атаулар сияқты жүйелі терминдер нақты бір ұғымды білдіргенімен ғылыми, өндірістік ұғымдардың арнаулы белгіленуі болып табылады. Кәсіби сөздерге қарағанда, терминнің қолданыстық аясы әлдеқайда кең және бірнеше елдерде, мемлекеттерде белгілі болып келеді. Кәсіби сөздер мен терминдердің айырмашылығы олардың сипаттамаларында айқынырақ көрінеді. Кәсіби сөздердің жүйелі терминдерден өзгешелігі ұжым және белгілі аумақпен шектелуінде болып табылады. Кәсіби лексика терминдердің қысқартылған және қарапайым дублет-атаулары. Кәсіби лексика атауларының негізінде жалпы қолданыстағы лексиканың басқаша, өзгеше ойлау нәтижесі ретінде жалпы қолданыстағы сөздің метафоралануына келе бермейтін, маңызы жоқ белгілері алынады.
Зерттеу нысаны. Жүйелі терминдердің жалпы қолданыстық, кәсіби лексикалық атаулардан ең маңызды, басты өзгешелігі бейэмоционалдылығы.
Зерттеудің мақсаты тілдік бірліктер және олардың лексикалық мағынасын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
# аударматану теориясына сипаттама беру;
# аударудың түрлерін талдау;
# аударудың әдіснамалық негізі мен когнитивтік парадигмасын анықтау, сол арқылы тіл білімінің аудармалық сипатын таныту.
# тілдік бірліктердің мағынасын анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Терминде эмоционалдық реңк (семема) пайда болған жағдайда ол терминологиялық жүйеден тыс қалып, пассив, жалпы тілдік қордан немесе кодификацияланбаған кәсіби сөйлеу жүйесінен орын алады. Сондықтан да неологиялық терминжасам сипатын айқындауда кез келген жаңа инновацияның термин бола бермейтіндігіне жете мән беру.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы Зерттеудің нәтижелері, теориялық тұжырымдары мен ғылыми ұстанымдары көркем шығарманы аудару теориясы туралы маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында, сонымен қатар көркем шығарманы аударудың тарихы мен аударма мәтінінің стилистикалық, лексикалық сараптамасын меңгеруіне жан-жақтан қарастыру үшін пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. зерттеу кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Лексикалық бірліктердің прагматикалық байланысы
Мәдениетаралық коммуникация ең алдымен тіл арқылы жүзеге асатыны белгілі. Онда түрлі тілдік қауымдастықтар өкілдерінің арасында өзара түсіністікке қол жеткізу үшін тілдік жне мәдени деңгейлерінің шамалас болуы маңызды. Яғни, түрлі мәдениет өкілдері қарым-қатынас барысында лингвистикалықпен қатар экстралингвистикалық факторларға мән беруі тиіс. Мәдениетаралық коммуникацияның тиісті дәрежеде өтуі көп жағдайда жағдаяттық контекске байланысты болады. Белгілі бір коммуникативтік актіде қандай да тілдік құралдардың таңдалып, іріктеліп алынуы сол актінің мақсатына, прессуппозициясына, сонымен бірге нақты сөзжұмсам конвенцияларына (шарттарына) орайлас болады.
Коммуникацияның аталмыш түріне тіларалық және мәдениетаралық аудармалар (ауыс - түйістер) өзекті болады. Олардың екі мәдениеттегі сәйкестігі тілдік бірліктердің прагматикалық мағынасынан туындайды. Ол мағына мәдениетаралық қарым-қатынас барысында оған қатысушылардың тілдік бірліктерді түсіну және қабылдау дәрежесінің әр алуан болуымен байланысты.
Тілдік құралдарының ішінде эмоционалды бояуы қанық, стилистикалық сипаты айрықша лексикалық бірліктер прагматикалық тұрғыдан анағұрлым маркерленген болады. Бұл әсіресе ауызекі сөйлеу стилінде айқынырақ байқалатын құбылыс.
Аталмыш стиль жаппай көпшілікке тән болғандықтан онда экстралингвистикалық белгілер барынша анық көрінеді. Атап айтқанда, бейресмилік, табиғилық қарым-қатынастық сенімділікке негізделуі, сөздердің дайындықсыз бірден жұмсалуы, ауызша диалогтік форманың басым болуы [1, 208].
Күнделікті қарым-қатынас барысында адам қоршаған ортаны тану тәжіриесінен өтетіні белгілі. Ауызекі сөйлеу стиліне эмоционалдық тән десек, ол сөз, интонация, синтаксис, ым-ишара, дене қимылдары арқылы ғана емес, басқа да паралингвистикалық және экстралингвистикалық құралдарымен жеткізіледі. Осы тұста қазақ тілін үйренушілерге өзге мәдениет өкілдеріне лексикалық қорды меңгерту барысында коммуниканттың түрлі әлеуметтік белгілерін (жасы, дәрежесі, діни сенімі, қызметі т.б.) ескере отырып, паралингвистикалық құралдарды тиесінше, қазақ мәдениетінде қалыптасқан формада ұсына білу мәселесіне мән берген жөн. Мысалы, жасы кіші болғанымен қазақ баласы қоластында жұмыс істейтін қызметкерді тұрып қарсы алады.
А.Нойберт классификациясы бойынша көркем мәтіндерді аудару прагматикалық тұрғыдан біршама қиындық тудыратын көрінеді. Себебі онда өзге тілдік мәдениет өкілдеріне белгісіз, сол мәдениетті ұстанушыларға ғана тән, етене таныс коннотативті лексика басым болады. Ауызекі сөйлеу стилінде жазылған көркем мәтіндерге еркіндік, кәдуілгілік тән. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу стилінде байланыс орнату және эмотативтік функция айқын жұмсалады. Мәдениетаралық коммуникацияда бұл функциялар сөзжұмсамдық әрекетінің шарттылығымен, яғни сол мәдени қауымдастықта қабылданған нормалар, дәстүрлер, салттарына байланысты көрініс береді. Коммуниканттар арасында байланыстың орнауы тілдік элементтердің үнемі жұмсалуына, олардың экстралингвистикалық және паралингвистикалық құралдарымен (ым-ишара, дене қимылдары т.б.) алмастырылуына себеп болады. Сондай-ақ бұл стильде сөз қарқындылығы, ойдың дұрыс жеткізілмеуіне және дәл берілмеуіне ықпал етеді.
Э.Г.Ризель ауызекі сөйлеу стилін былайша жіктеп топтастырады: әдеби-ауызекі; қарапайым-ауызекі; тұрпайы-дөрекі ауызекі стиль [2, 67]. Осы классификацияға қазіргі қоғамымызға қатысты тоқталар болсақ, оның түрін тұрақты қолданатын ғылым, білім, өнер әдебиет және мәдениет салаларының өкілдері сөзжұмсамынан байқалатын элитарлық топқа тән деуге болады. Яғни, күнделікті қарым-қатыснас барысында (ресми қатысымда) сөздің коммуникативтік сапаларын барынша сақтайтын, атап айтқанда, тілді шұбарламай, орынды-орынсыз қысқартпай, мәнерлі де бедерлі орынды сөйлеуге тырысатын зиялы қауым өкілдерінен байқауға болады. Өкінішке орай, бұл топ қоғамымыздың ширек бөлігін ғана құрайды деуге болады. Келесі қарапайым ауызекі сөйлеу стилінде тіліміздің сөздік құрамын барынша толық орынды пайдаланатын жалпы көпшілікке тән. Бұл алдыңғы топ сияқты әрбір сөз қолданысқа ыждаһаттықпен қарамағанымен, тұрпайы қарапайым лексиканың жұмсалуына жол бермейді. Біздің қоғам мүшелерінің басым көпшілік бөлігі осы топқа жатады. 3-ші тұрпайы-дөрекі ауызекі сөйлеу стилі де қазіргі тілдік қоғамымызда белгілі бір дәрежеде кездеседі. Тіл ұстанушының білімділігін, тәрбиелілігін, жалпы мәдениеттілігінің көрсеткіші болып саналатын бұл белгі ең алдымен жаргондық қолданыстардан, сленгизмдерден байқалады. Бұның айқын мысалы ретінде қазіргі қала жастарының тілін атауға болады.
Жалпы ауызекі сөйлеу стиліне тән:
· Нақтылық;
· көрнекілік;
· тілдік құралдардың қарапайым сипатта болуы;
· эмоционалдылық;
· еркіндік.
Бұл адам өмірінің тұрмыстық жағымен байланысты [1,87]. Ауызекі сөйлеу стилі көркем әдебиетте елеулі орын алады. Көркем мәтіндер халықтың әлеуметтік мәдени өмірін бейнелеумен қатар қоршаған орта жөніндегі білімдері мен тәжірибесін, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды көрсетеді. Яғни, сөзжұмсам барысында әлеуметтік құрылым арқылы анықталатын табиғи-коммуникативті шарттар жасалады. Демек, коммуникацияға қатысушылар өз әлеуметтік рөліне сай әрекет етеді, сөйлейді. Мұндай статустық рөльге жас, жыныс, азаматтық, белгілі бір әлеуметтік рөльге жату негіз болады. Сондай-ақ коммуниканттың әлеуметтік қатысымдар жүйесіндегі орны (бастық пен бағынышты, жағдаяттық рөль, қонақ-дос, сатушы-сатып алушы т.б.) оның позициялық рөлін айқындайды.
Мәдениетаралық коммуникацияда әлеуметтік құрылым қарым-қатынас жасаушылардың өзара түсіністік дәрежесін анықтайды. Яғни тіл үйренуші кез-келген ұлт немесе мәдениет өкілімен тілдік қатынасқа түскенде оның статустық және позициялық рөлін алдын ала бағдарлап алып, сөзжұмсам барысында үнемі ескеріп отырғаны жөн.
Мәдениетаралық коммуникацияда лексикалық бірліктердің прагматикалық байланысы бөгде тіл иесінің хабарламаны барынша дұрыс түсініуімен байланысты болады. Ауызекі сөйлеу стилінде күшейткіш мәнді лексика осы мақсатта жиірек қолданылады. Сөйтіп, сөздің эмоционалдылығы, экспрессивтілігі, коммуникативтік мазмұндылығы сөз мағынасындағы бір белгіні (сол жағдаяттағы маңызды деп саналатын бөлік) қарқындандыру есебінен арта түседі. Мәселен, сөйлеуші өз тыңдаушысына жеткізгісі келген негізгі ойын білдіретін сөзді бірнеше рет қайталауы мүмкін.
Мәтін түзу барысында да осы тәсіл кеңірек қолданылады. Яғни, стилистикалық тұрғыдан қате болып саналатын (тавтология) бұл мәселе прагматикалық тұрғыдан өзін толығымен ақтайды. Әсіресе оқырман қауымға аса өзекті проблема ретінде ұсынылатын газет материалында бұндай мысалдар көптеп кездеседі.
Бүгінгі газет мәтінің прагматикалық әсерін күшейту мақсатымен кеңінен қолданылып жүрген тәсілдердің бірі - тілдік қайталамалар болып табылады. Мағыналық құрамында прагматикалық компоненті бар бірліктер жай түсініліп қана қоймайды, оқырманның көңіл-күйіне де әсер етеді. Осындай прагматикалық компоненттердің қатарына жататын тілдік қайталамалар ғылыми әдебиетті прагматикалық интенсификаторлар деп аталады [3, 172]. Тілдік қайталама немесе реприза құбылысы деп жекелеген дыбыстардың, сөздердің, морфемалардың, синонимдердің немесе синтаксистік конструкциялардың қатар тұрып яки арасында бірді-екілі өзге сөздерді ғана кірістіре отырып қайталана жұмсалуы айтылады.
Демек, тіл үйренуші шетел азаматы болған жағдайда оған бейтаныс мысалдар арқылы түсіндіріліп болған соң сол құбылысқа сай келетін қазақ тіліндегі атау немесе номинативтік бірлікті бүкіл сабақ бойы бірнеше рет қайталаудың маңызы зор.
Келесі мәселе - көркем мәтінде қолданылатын ауызекі сөйлеу элементтерін дұрыс аудару және қабылдауға байланысты туындайды. Бір мәдениет өкілі өз тілдік ұжымында қалыптасып орныққан прецедентті феномендерді жақсы білгенімен, өзге тілге қатысты сондай ұғымдардан бейхабар болуы мүмкін. Осымен байланысты өзі үйреніп жүрген тілде жазылған түрлі әдеби-көркем, публицистикалық т.б. мәтіндермен танысу кезінде, қабылдаушы бірқатар кедергілерге тап болуы заңды. Мәселен, Бандыны қуған Қайырбек деген мақала атауын оқыған сәтте С.Сейфулиннің әңгімесінен хабардар оқырманның есіне бірден қызыл әскер Хамит түседі. Ал аталмыш шығармадан бейхабар, оны оқымаған, бөгде мәдениет өкілі мәтін авторының айтпақ болған ойын тек мақаламен толық танысқанда ғана түсінеді. Дегенмен Қазақстан Республикасының (2004-2005 жылдардағы) ішкі істер министрі болған Қайырбек Сүлейменовтың қызметіне қатысты бірқатар мәліметтер алған шет ел өкілі (өзге мәдениет өкілі) мақала тақырыпатына жүктелген прагматикалық мағынаны аңғармаған күйде қала бермек.
1.2 Тіл біліміндегі логоэпистемалар құбылысы
Тіл білімінде логоэпистемалар немесе прецедентті феномендер (есімдер, атаулар, мәтіндер т.б.) деп аталатын бұл құбылыс бірнеше лингвистің назарына ілінген болатын.
Аталмыш терминді енгізген Ю.Н.Карауловтың айтуынша, прецедентті мәтіндер деп тұлға үшін танымдық және эмоционалды жағынан маңызы бар мәтіндер; тұлғаның айналасындағы адамдардың бәріне де кеңінен таныс мағлұматтар, тілдік тұлғаның дискурсында бірнеше қайтара қолданатын мәтіндер жатқызылады [4, 262]. Сондай-ақ бұл ұғымға мынандай анықтама беруге болады: Белгілі бір ұлттық-мәдени қауымдас өкіліне жақсы таныс, сөзжұмсамда жиі қолданылатын, әртүрлі дәйексөздер мен жалқы есімдер, шығармалар атаулары нұсқасында қайталанып отыратын, білдіретін мәні оны құрайтын жекелеген сөздер әр тіл ұстанушыға мағынасынан бөлек болатын, контекстен тыс алынғанда да түсінікті болатын мәтіндер прецедентті болып табылады.
Сондай-ақ Қазақстанда шығатын орыс тілді БАҚ-тағы прецедентті мәтіндер Е.А.Журавлева мен Ж.Д.Капарованың монографиясында арнайы сөз болады. Зерттеушілердің пікірінше, медиа құралдарының өзге (көркем) шығармашылықтан ең басты айырмашылығы олардың жаппай көпшілікке, бұқараға арнаулы және біртұтас коммуникативтік және мәдени кеңістікті қалыптастыруға бағытталғандығы [5,255].
Ал зерттеуші Г.К.Ихсангалиева прецедентті мәтіндердің трансформациялау тәсілдерін квантитативтік, квалитативтік және аралас түрлерге бөледі. І түрінде прецеденттік мәтін құрылымындағы бір сөйлем басқа сөздермен алмастырылады немесе оған басқа сөз енгізіледі. Ал ІІ тәсіл бойынша прецеденттік мәтіндегі тұтас сөз емес, оның бір бөлшегі, яғни форма немесе бірлі-жарым әріп өзгертіледі. Аралас тәсілде осы аталмышш тәсілдер алма-кезек алмастырылады [6,135].
Осы мәселеге қатысты С.Иманбердиева Бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін логоэпистемалардың трансформациялануы деп аталатын мақаласында орыс ғалымдары В.Г.Костомарев пен Н.Д.Бурвикова ұсынған логоэпистема терминін қолдануды жөн көреді. Ол екі мақсатпен орындалып отыр. Бірінші - бұрын тек көркем мәтінде ғана кездесетін сөз ойнату, пародия қазір жаппай қолданылуда, қызыл тілмен жеткізу үшін барлығы да жарайдының қалпы. Екінші әртүрлі бірліктер негізінде сөз ойнатуды, яғни терминология тұрғысынан сол бірліктерді, сол құбылыстың өзін зерттеу. Олар осы мақсатта логоэпистема терминін қолдануды ұсынып отыр, яғни сөздің түптөркінін тану [7, 199].
Біздің айтпағымыз, бөгде мәдениет өкіліне қандай да бір тілдік материалды ұсынғанда ондағы әрбір сөздің лексикалық мағынасымен қатар прагматикалық мәніне, функциясына назар аудартып отыру қажеттілігі. Себебі, онсыз, коммуникант өз әріптесінің ойын толық түсіне алмайды, яғни коммуникация өз деңгейінде өтпейді, лакунарлы сипатта болады. Мұның барлығы коммуникацияның толықтай емес, жартылай сипатта жүзеге асырылуына әкелетін келеңсіздіктер деп танылған жөн.
Енді осындай олқылықтардың алдын алудың жолдары қандай? деген сауалға жауап іздеп көрелік.
Ең алдымен, бөгде мәдениет өкіліне ұлттық болмысымызды таныта білуіміз керек. Ол үшін (ең қарапайым тәсіл) - халық ауыз әдебиеті шығармаларын, заманауи фольклорлық туындыларды немесе баспасөз материалдарын ұсынып, таныстырып, қосымша түсініктемелер берудің мәні зор. Онда қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі, әлбетте, аударма мәселесі болмақ.
Көркем мәтінді аударуда туындайтын басты қиындықтардың бірі - түрлі прецедентті феномендерді 2-ші (бөгде) мәдениет өкіліне жеткізу. Мәселен, қазақ халқына етене таныс жомарттығымен аты шыққан - Атымтай, сараңдығымен белгілі - Шық бермес Шығайбай немесе баласының бақытынан малын жоғары қойған Қарабай (Баянның әкесі) мен Базарбай (Төлегеннің әкесі) сияқты кісі есімдерін қолдану арқылы жазушы (ақын) немесе драматург 1-ден, айтпақ болған ойын барынша ықшамдап беруге қол жеткізсе, 2-ден, тыңдарман (көрермен) санасындағы аталмыш образға қатысты білім қорын іске қосу арқылы өз ойының әсерлілігін (эффективность) барынша ауқымды түрде жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Ал түрлі бейнелі қолданыстар мен мақал-мәтелдерді және фразеологиялық бірліктерді түсіндіргенде олардың мазмұнын тікелей аудармай, сипаттамалы түрде беруге болады. Ал аталмыш бірліктердің үйренушінің өз ана тіліндегі баламалары арқылы түсіндірсе, тіпті тиімді болмақ. Сонымен, көп тілді коммуникативті тұлға деген ауқымды ұғымға сай болуы үшін үйренушіге сол тілдің сөздік қорындағы лексемалардың тура және ауыспалы мәндерін білу аздық етеді. Қандай да бір контексте прагматикалық мән жүктелген лексикалық бірліктердің мазмұнын толық түсіну үшін коммуникант сол тіл иесі халықтарының мәдениетінен, атап айтқанда, әдебиеті мен өнерінен хабардар болуы тиіс. Ол үшін ұлт мәдениетінің үлкен саласын құрайтын фольклор мен түрлі драматургиялық т.б. шығармаларды оқып танысудың берері мол. Осы тұста көркем шығарманы оқу - бір басқа, ал онда кездесетін кейіпкерлер есімдерін немесе олардың сөздерін, яғни афоризмдік сипатқа ие болған түрлі қолданыстарды тілдік қарым-қатынас барысында сөйлеу мақсатына сай, орынды қолдана білу - екінші мәселе екенін айта кеткен жөн.
Бір тілде еркін сөйлейтін кез келген коммуникант Ю.Н.Караулов жіктемесі бойынша бірінші деңгейлі тілдік тұлға болып саналатыны белгілі. Ал оның 2-ші және 3-ші (лингвокогнитивтік және прагматикалық) деңгейіне көтерілу үшін тіл үйренуші ең алдымен коммуникативті тұлға болып қалыптасуы қажет. 2-ші және 3-ші тілдерді меңгеруде жоғарыда аталған жетістіктерге қол жеткізу үшін коммуникант ең бірінші кезекте өз ана тілін жоғары дәрежеде меңгергені жөн. Яғни, біз тәрбиелеп отырған жасөспірімдер ең бірінші кезекте қазақ тілін қазақ мәдениеті арқылы таныта алатындай біліктілікке жетуі шарт. Бірінші тіл есебінде саналатын қазақ тілін тиісті дәрежесінде оқып меңгеру - келешекте өзге тілдерді үйренуде берік іргетас болатыны кәміл. Сонымен, қандай да бір бөгде мәдениет өкілімен қарым-қатынас жасау барысында қазақстандық жасөспірімдер ең алдымен өз елінің тарихы мен тұрмыс-салтын, дәстүрлері мен діни ұстанымдарын, әдебиеті мен өнерін, кең мағынада алғанда мәдениетін жетік білетін білімдар азамат ретінде танылуы тиіс. Яғни практикалық қазақ тілі деп аталатын қарапайым пәнге артылатын жүк біз ойлағаннан гөрі салмақтырақ әрі ауқымдырақ. Тілді оқыту барысында лингвистикалық деректер арқылы елтанымдық, лингвомәдениеттанымдық, когнитологиялық, психологиялық, философиялық мәселелердің қамтылуы арқылы бұл міндеттің мазмұны айқындала түспек. Бір сөзбен айтқанда, қазақ тілі аталмыш салалардың тоғысында тұрған түп қазық рөлін иемденуі тиіс.
1.2 Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Лингвист З. Е. Роганова зерттеулеріне сәйкес, аударма - бұл барабарлы нұсқаның барабарлы басқа тіл арқылы мазмұнын және формасын қарастырып, жаңадан құру. Екі тіл жүйесінің компоненттерін салыстыру негізінде, аудару кезінде керекті тіл бірліктерін таңдап алу. Қарастырылатын тілдерде, олардың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты бір ой әр түрлі тәсілдермен жеткізілуі мүмкін. Аударманы, ұлттық мәдени әдістердің маңыздысы және мәдени аралық қарым-қатынастың әсерлі тәсілдерінің бірі ретінде қарастыруға болады. Мәдениетаралық қарым-қатынас әр түрлі мәдениеттердің вербалды және вербалды емес, өзінің және басқа мәдениеттің және тілдің иеленушісімен қатынастағы ерекше үрдіс ретінде анықталады.
Қазақ тіл білімінде терминология саласының ғылыми мәселелері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Талжанов, Ә.Сатыбалдиев, Ә.Қайдаров, С.Исаев, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, Ө.Айтбайұлы, Ш.Құрманбайұлы және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған. Атап айтқанда, қазақ терминологиясы ғылымының тұтас тарихы, терминдік жүйе мен терминжасамның теориялық мәселелері академик Ө.Айтбайұлының ғылыми еңбектерінде жасалса, терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық мәнін, мазмұнын анықтауда Б.Қалиевтің (Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары,1988), Ш.Құрманбайұлының (Қазақ тілі лексикасының терминденуі, 1999) монографиялық зерттеулерін, салалық терминологияға қатысты А.Исанованың, С.Әлісжановтың, Ш.Біләловтың, С.Исақованың, Г.Ақшалованың, А.Қоңырованың, Ж.Молдажаровтың және т.б. ғылыми еңбектерін атауға болады.
Сонымен бірге лингвистикалық терминдерді қазақ тіл білімінің метатілі мәселелеріне қатысты тезаурустық сипатта қарастырған Е.Қ.Әбдірәсіловтің, терминдердің танымдық сипатын зерттеу нысаны еткен С.Ақаевтың зерттеулері терминология саласын зерттеудің жаңа деңгейін көрсетеді.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі - аударманың лингвистикалық теориясы. Бұл сала - қазақ тілтанымы үшін әлі жетілмеген, тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала қоймаған тіл білімі салаларының бірі. Сондықтан бұл ғылымның негізгі бағытын айқындап бере алатын бірқатар ұғым-түсініктердің даралана қоймау себептері де осыған тікелей байланысты. Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма мәселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалым А.М.Алдашева докторлық диссертациясында ...қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты обьектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың анық-қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес, - деп атап өткен. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі - ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі аударма теориясы да, аударма практикасы да, аударма іс-тәжірибесінің теориялық тұғыры да енді қалыптасып келе жатыр.
Қазақстан тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері мен Б.Хасанов, Р.З.Загидуллин, Н.Ж.Шаймерденова және т.б. ғалымдардың еңбектері аударма теориясы мәселелеріне арналды.
Тіл білімінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та, сол салалардың әрқайсысының өзіне тән ұғымдар жүйесі, терминологиялық аппараты болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары, ұғымдар жүйесі мен терминдері арнайы зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, аударматану саласындағы терминологиялық жүйенің тілдік, соның ішінде, лексикалық ерекшеліктерін айқындау, аталған терминологиялық жүйе шеңберіндегі ұғымдар жүйесі мен сипаты сияқты тілдік фактілерге талдау жасау бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық мәнін, маңызын анықтауда жоғарыда аталған қазақ ғалымдарының және орыс тіл білімінде А.Реформатский, В.В.Виноградов, Н.А.Баскаков, В.И.Сифоров, Р.А.Будагов, О.С.Ахманова, В.Ф. Журавлев, В.П.Даниленко, Г.В.Степанов т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Бұл зерттеулерде терминжасамның ғылыми принциптері мен шарттары анықталып, сөздік жасау, салалық терминжасам мәселесі арнайы қарастырылды. Дегенмен қазіргі кездегі ғылыми лексиканың бір құрамдас бөлігі, жеке бір терминдік жүйені - тіл білімі терминологиясын даралап зерттеудің маңыздылығы өте зор.
Тілдің өзі нысан ретінде алынатын зерттеулерде тіл білімі терминдері жүйесінің бірлігі метатіл деп аталады. Мамандар арасында метатіл анықтамасы туралы пікірлер көп: метатіл - екінші дәрежедегі тіл; метатіл - ерекше семиологиялық жүйе; тіл білімінің метатілі - терминдер арасындағы жүйелі қатынастар мен жалпы ғылыми лексиканы білдіретін күрделі құбылыс және т.б.
Әрбір ғылым саласының дамуы тіл білімі метатілінің дамуын талап етеді. Белгілі бір ғылымның, оның ішінде, аударматану саласы метатілінің қалыптасуы мен дамуына өзара байланысты бірнеше себептер ықпал етеді: аударма теориясы бағытындағы зерттеулердің күрделенуі мен тереңдеуі; аударма теориясында жаңа бағыттардың пайда болуы; жаңа терминдік бірліктердің пайда болуы; жаңа концептуалдық аппараттың қалыптасуы мен белгілі терминдердің жаңа мазмұнмен толығуы. Соңғы жылдары аударма мәселесі көптеген лингвистикалық қырларынан қарастырылып келеді. Мысалы, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика, мәдениаралық коммуникация, салғастырмалы стилистика және т.б.
Осы тұрғыдан алғанда, терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді, себебі бұл аударматану метатілінің дамуына маңызды үлес қосады. Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл білімінде М.М.Покровский, А.А.Потебня, В.В.Виноградов есімдерімен байланысты.
Тіл білімінде семантика теориясының жүйелілік мәселесін зерттеуші Л.А.Новиков өзінің зерттеуінде мағына түрлерінің мынадай жіктемесін ұсынады:
1) Сигнификативтік мағына (сигнификативтік мағына таңбаның сигнификатқа (ұғымға, мән-мағынаға) қатынасы арқылы айқындалады). Ол сөздің толық семантикалық мүмкіндігін, сөздің мән-мағыналық көрінісін айқындайды. Мысалы, аударматану - аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы; жағдаят - сөйлеу әрекеті сәтінде болатын немесе айтылымда сипатталатын шындыққа сай болмыстың құрамдас бөліктерінің жиынтығы; түпнұсқа - аудармадағы бастапқы мәтін (аударма осы мәтіннен жасалады) т.б.;
2) Құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық аспектісі). Бұл мағына семиотика теориясына сәйкес белгілі бір таңбалық жүйе шеңберіндегі таңбаларға деген қатынасы арқылы анықталады. Осы негізде ол өз ішінде синтагматикалық құрылымдық мағына және парадигматикалық құрылымдық мағына түрлеріне бөлінеді:
а) синтагматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-синтагматикалық аспектісі). Құрылымдық мағынаның бұл түрін валенттілік деп те атайды. Мысалы, аударма тілі, аударма теориясы, аударма процесі, аударма бірлігі, аударма лингвистикасы, аударма нормасы, аударма баламалығының нормасы және т.б.
ә) парадигматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-парадигматикалық аспектісі). Ол белгілі бір топ құрайтын лексикалық бірліктердің өзара байланысын және қарама-қарсы мағыналарын белгілейді.
2. ТІЛДІК БІРЛІКТІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ
2.1 Аударма бірліктері
Түпнұсқа мәтінін бірден түгел аудару мүмкін емес, сондықтан аудармашы оны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz