Топырақ, су, ауа, жануар денесінің, нәжістің, азықтың, сүттің микрофлорасы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Топырақ, су, ауа, жануар денесінің, нәжістің, азықтың, сүттің микрофлорасы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж
Жоспары
Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Топырақ, су, ауа микрофлорасы
2.2 Ауыл шаруашылығы жануарлары денесінің микрофлорасы
2.3 Азық және сүт өнімдерінің микрофлорасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Микробиология - микроорганизмдер туралы ғылым (mikros, bios, logos - кіші, ұсақ, өмір, ілім). Микробиологияның зерттеу объектісі - 0,1 мм көлемді микроорганизмдер болып табылады. Микробиологияға кейбір қарапайымдылар, бір жасушалы балдырлар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар кіреді. Микроорганизмдердің көпшілігі аспапсыз көзбен көрінбейді, олардың мөлшері əдетте бірнеше микрометрді немесе нанометрді құрайды. Оларды зерттеуде 3000 есе үлкейтетін оптикалық микроскоптар, жүз жəне жүз мың есе үлкейтіп көрсететін электронды микроскоптарды қолданады.
Микроорганизмдер табиғаттың барлық жерінде таралған: топырақта, суда, ауада, жануарлар мен өсімдіктердің үстінгі бетінде, жануарлар мен адамдардың ішегінде, қоршаған ортадағы барлық заттарда кездеседі. Сонымен қатар микроорганизмдер шөлдегі құмда, Арктика мен Антрактидағы қар, мұз бен суда, шахта мен теңіз түбінде, бірнеше километрлік биіктіктегі стратосферада кездеседі. Олар əлемнің тірі зат ретінде айтарлықтай бөлігін құрайды. Мысалы, 1 мл лас суда бірнеше жүз миллион микробтар, ал 1 грамм тыңайтылған топырақта бірнеше миллиард микробтар кездеседі. 1 гектар тыңайтылған топырақтың жыртылған қабатында 5 - 10 тонна микроорганизмдердің массасы құралады. Алайда көп ғасырлар бойы адамдарға микроорганизмдер туралы ешнəрсе белгісіз болды.
Микробтар əлемін голландық табиғат зерттеушісі Антони Ван Левенгук (1632 - 1723 жж) ашқан. Линзаларды микроскопқа қолдану арқылы əр түрлі биологиялық объектілерді зерттеді, Левенгук сперматозооналар, эритроцит жəне капиллярларды зерттеп, сипаттама берді жəне де У.Гарвейдің қан айналудағы зерттеуін аяқтады. Левенгук бірінші рет көптеген ұсақ жануарлардың құрылымын, өсімдіктер мен жануарлардағы əр түрлі жүйелер мен ұлпалардың микроструктуралық құрылысын сипаттады. Алайда оның ең көрнекті жетістік табыстары 1676 жылы микробтарды ашуы еді.
Табиғат жүйесі кітабында К.Линней (1758) микродүниенің барлық өкілдерін бір топқа біріктіріп, оған хаос деген ат берді. Бірақ 1767 жылдың өзінде К.Линней бұл топ ішінен біреуін, яғни Infusorium-ді бактерияға жатқызды. Неміс ботанигі Ф.Кон (1859) морфологиялық, функционалдық, экологиялық белгілері негізінде оларды өсімдіктер патшалығына жатқызды. ΧΙX ғасырдың 2-ші жартысында неміс биологы Э.Геккель мынадай қорытындыға келді, микроорганизмдер жануарлар мен өсімдіктерден ерекшеленетіндігі соншалықты, оларды Protista патшалығына (гр. Protos - бірінші) - протисталарға, бірінші өмір сүретіндерге жатқызу керек. Бұл термин осы уақытқа шейін микробиологияда қолданылады.
XΙX ғасырдың аяғынан бері протисталардың біртекті еместігі туралы мəліметтер жинақтала бастады, бұл осы топтың жоғарғы жəне төменгі сатыдағы протисталардың бөлінуіне əкеліп соқтырды. Жоғарғы сатылардағы протисталарға қарапайымдыларды, микроскопиялық балдырларды (көк-жасылджарынан басқа) жəне
саңырауқұлақтарды (мүктер, ашытқылар), ал төменгі сатыға бактериялар мен цианобактерияларды (көк-жасыл балдырлар) жатқызды. Жоғарғы сатыдағы протисталар-эукариот, төменгі сатыларды-прокариот деп атады. Қазіргі кезде тіршіліктің клеткалы формаларын Procaryotae патшалығы жəне Eucaryotae патшалығы деп бөледі. Эукариоттарға - жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, прокариоттарға - бактериялар мен цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) жатады.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Топырақ, су, ауа микрофлорасы
Топырақта микроорганизмдер тіршілік етумен қатар өніп-өсіп, көбейеді. Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып кетеді. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп орындары көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Ал керісінше ауыл-село, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз болады. Құрамында органикалық заттары көп өңделген топырақтың бетіндегі ауада микроорганизмдер әжептәуір болады. Сол сияқты құмды аңызақ жел тұратын жерлердегі ауада микробтар өте аз кездеседі. Тіпті бір жердің ауасының өзінде жауын жауғанға дейін микробтар көп болса, жауын өткеннен соң едәуір азайып қалады. Ауаға көтерілген сайын микробтар да азая түседі. Мұндай жағдайда тіпті үлкен қалалардың үстінен де байқауға болады. Е.Н.Мишустиннің зерттеуіне қарағанда Москваның үстінде 500м биіктікте ауаның 500-700 бактерия кездескен. Осындай биіктікте, бірақ Москвадан 5-7 км дей қашықтықтағы ауа мүлде таза болған.
Ашық жерлерге қарағанда бөлме немесе үй ауасында микроорганизмдер көп болады. Мәселен, бөлме ауасының бір текше метріндегі олардың саны 100 мыңға жуық жетеді. Бөлмеде адам көп болған сайын көтерілетін шаңда көбейеді, микробтар саны артады. Кейбір ауру туғызатын микроорганизмдер бөлме ауасына таралып, дем алған адамға жұғады.
Бөлме ауасындағы микробтар құрту мақсатында арнаулы санитарлық-гегиеналық ережелерді сақтау ұсынылады. Сапасы жағынан алғанда ауа микроорганизмдері түрліше болып келеді. Көбінесе шар тәрізді, олардың ішінде түрлі пигмент түзетіндері де кездеседі. Сонымен қатар онда спора түзетін аэробты микроорганизмдер де көп. Ауру тудыратын топтары тек ауасы ластанған жерде кездеседі, ал далалы және орманды жердің ауасында олар мүлде болмайды.
Микроорганизмдер барлық жерде таралған - топырақ, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда. Барлық микроорганизмдерде қоректенеді. Олар сыртқы экологияда бос және паразитарлы өмір сүреді. Микроорганизмдер бір-бірімен әртүрлі жолмен әрекеттеседі: антагонизм, паразитизм, нейтрализм, комменсализм, мутуализм және виртуализм т.б. Осы барлық аталған микроорганизмдердің қарым-қатынасын - симбиоз деп атаймыз (антагонизм, синергизм).
Мутуализм - микроорганизмдердің бір-біріне кері әсер етпейді, керісінше тіимді әсер етіп кейбіреулері кейде витаминдер де бөледі.
Комменсализм - микроорганизмдер иесі арқылы қоректенеді, бірақ оған зиян келтірмейді. Комменсалға жататындардың көбісі шартты - патогенді микроорганизмдер болғандықтан кейде белгілі бір жағдайда іріңді-қабыну ауруларын тудырады. (стафилококктар, стрептококктар, грам теріс бактериялар).
Паразитизм - иесінде өмір сүретін микроорганизмдер, иесіне ауру тудырады.
Топырақ микрофлорасы: Микроорганизмдердің негізгі қоректенетін жері. Микроорганизмдердің 1000 астам түрі кездеседі. Микроорганизмдердің саны топырақтың құрамына, климатогеографиялық факторына байланысты. 1 г топырақта - 10 млрд. дейін микроорганизмдер кездеседі. Көбісі сапрофиттер. Топырақта көптеген азотфиксирлеуші , нитрифицирлеуші, денетирлеуші тобындағы микроорганизмдер кездеседі - олар топырақтың өзіндік тазалану процессі болып жатқан жерде болады. Топырақта сонымен қатар патогенді микроорганизмдерде кездеседі, олар - адам, жануарлар бөлінділері, зәрмен, сілекеймен, іріңмен, жануарлардың өлекселері арқылы топыраққа түседі. Спора түзетін бактериялар топырақта ұзақ уақыт сақталады - сіреспе, сібір түйнемесі, ботулизм, газды гангрена.
Судың микрофлорасы: Су микрофлорасы өте бай. Судың бірнеше метр тереңдігінде микроорганизмдер көп кездеседі. Ағынды суларда микроорганизмдер мен органикалық заттар көп кездеседі. Өзіндік тазаланып үлгермеген су - гепатит А, ішек инфекциясы, іш сүзегінің негізгі себебі болып табылады.
Судың санитарлық - гигиеналық жағдайын бағалау.
· Коли-титр - 1мл судағы ішек таяқшасының саны
· Коли-индекс - 1л судағы ішек таяқшасының саны.
· Микроорганизмдердің жалпы саны - 1л судағы микроорганизмдер саны.
Су ішек инфекциясының таралуының негізгі себепкері болады. Ішек инфекциясының қоздырғыштары суға әртүрлі бөлінділер арқылы түсуі мүмкін.
Ауа микрофлорасы: Су мен топыраққа қарағанда ауада микроорганизмдер аз кездеседі. Ондағы микроорганизмдерді күн сәулесінің әсерінен жойылып отырады. Ауаны зақымдаудың негізгі көзі - топырақ пен су. Жабық бөлмелерде - адам. Тұрақты аэрозольдер респираторлы инфекция тудырады (тұмау, көкжөтел, күл, қызылша, желшешек, туберкулез). Ауруханада операциялық бөлмелердің, таңу бөлмесінің ауасының тазалығы маңызды. Себебі бұл бөлмелердегі микроорганизмдер науқасқа түсуі мүмкін. Сондықтан гигиенист дәрігерлер осыған қарсы (маска кию, ауаны кварцымен тазалау, желдету, патогенді стафилококк тасымалдаушылармен күрес).
Қалыпты микрофлора.
Қалыпты микрофлора көптеген микроорганизмдердің біркелкі өмір сүруі. Өмір сүруіне қарай:
· Үнемі кездесетін түрлері:
Индигенді
Облигатты
Резидентті
Автохтонды
· Сирек кездесетін (уақытша)
Транзиторлы
Факультативті
Аллохтонды
Судың санитарлық микробиологиясы
Судағы микрофлора
Су әр түрлі микроорганизмдердің табиғи өмір сүру ортасы болып есептеледі. ¤зен, теңіз, океан, ашық су қоймаларында барлық таксономиялық топтардың өкілдерін кездестіруге болады.
Су қоймалары жануар және өсімдіктердің органикалық субстраттарынан және патогенді микроорганизмдерден өздігімен тазарта алады. Бұл процесті су қоймаларының өзін тазарту деп атайды. Судың сапрофитты флорасы тіршілік активтендіреді, нәтижесінде органикалық заттардың ыдырау күшееді, әр түрлі бактериялардың саны азая бастайды, әсіресе нәжіспен шыққандар (фекального происхождения). Сапробтылық термині (грек тілінен sapros - шіру) - бұл судағы арнайы концентрациядағы микроорганизмдердің органикалық заттары және судың минералдану дәрежесі арасындағы байланысы ерекшелігінің комплексі. Сапробтылық шкаласы бойынша 3 аймақ анықталған: полисабробты, мезосапробты, олигосапробты.
Полисапробты аймақта (өте ластанған аймақ) органикалық заттар саны өте көп, тез ыдырайды да микроорганизмдер оларды тез қабылдайды. Полисапробтық аймақта оттегі жоқ. Микробтар өте көп (анаэробтық бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер), олар тез шірітіп ашытады. Осы бактериялар әсерінен күрделі органикалық заттар қарапайым заттарға ауысқанда аммиак, күкірт сутегі, индол, скатол, метан, углекислота т.б. бөледі. 1 мл суда бактериялардың саны миллионнан асады.
Мезосапробтық аймақта (сәл ластанған аймақ) қышқылдану және нитрификация процесі басым. Құрамында азоты бар қоспалар аммиакқа дейін ыдырайды, олар қышқылданғанда нитритке, нитратқа ауысады. Микробтардың саны көп - 1 мл суда мыңдап өлшенеді. Ең алдымен нитрифицирленген бактериялар - грам(-) таяқшалар, кокктар. Олар облигатты аэробтар. Сонымен қатар, судағы Clostrіdіum туыстастығына кіретін анаэробтар, Pseudomonas, Mycobacterіum, Flavobacterіum туыстастықтарына кіретін бактериялар, Streptomyces және Candіda т.б. көмірсутегілері бар қоспалардың минерализациясына қатысады - целлюлоза, клетчатка, лигнин т.б.
Олигосапробтық аймақ (таза су аймағы) өздігімен тазарту процесі аяқталуымен сипатталады. 1 мл суда бактериялар саны 10-нан 1000 дейін. Бұл судың қалыпты флорасы.

Жануарлар шикізаттары деп - жануарларды сойған, атқан кезде, кəсіпшілік пен аң шаруашылығынан алынған тағам ретінде тұтынуға жатпайтын өнімдерді айтады. Жануарлар шикізаттарына тері - терсектер: түк, жүн, қылшық, мүйіз, тұяқ жəне басқа тағам ретінде тұтыну жатпайтын мал денесінің бөліктері жатады. сонымен берге өлген жануарлардың өлекселері, касапхана конфискаттары жануарлар шикізаттары болып табылады. Жануарлар шикізаттарының ассортменті: ірі қара мал, жылқы жəне шошқаның алынбаған терісі; қойдың тондық шикізаты, елтірілер бағалы терілер, теңіз шошқасының терісі, шел, үй ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz