Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015
Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Бастауыш мектеп математикасының теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш мектеп математикасын оқыту әдістемесі . . . 6

1. 2. Бастауыш мектеп математикасын оқыту ерекшеліктері . . . 10

2. Бастауыш сынып математикасында модульдік оқыту технологиясын қолдану

2. 1 Бастауыш сыныпта модульдік технологияны қолданып оқытудың тиімділігі . . . 17

2. 2 Бастауыш мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыруды пәндердің сабақтасытығы арқылы жүзеге асыру . . . 21

2. 3 Модульдік оқыту жағдайында математика сабақтарында есептерді шығару жолдарының әдістемесінің теориялық негіздері . . . 31

Қорытынды . . . 35

Қолданылған әдебиеттердің тізімі . . . 37


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кездс математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған. Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады:

  • барлық оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу;
  • математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу;
  • мектептің жоғарғы сатысында математикадан білім беруді жеке даралау мен топтау әдістері арқылы іске асыруды кеңінен енгізу.

Осы орайда математиканы оқытудың негізгі мақсаттары болып оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың негізгі заңдылықтарының математикадағы көрінісін бейнелеу; оларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру; оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, практикалық есептерді шығаруға, сондай-ақ математиканы басқа пәндерге қолдана білуге үйрету; оқушылардың өздігінен білім алуына көмектесу және т. б. табылады.

Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болашақ коғам мүшелерінін өмір сүріп нәтижелі қызмет етуінде математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол.

Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады.

Ал оның негізгі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабагында ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейкесті мәселе.

Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады. Бірақ ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы пән көлемінің тұрақты түрде ұлғайып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне байланысты бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап келеді. Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағаттар арасындағы сәйкессіздікке баса назар аударға негіз болып отыр. Бұл қайшылықты шешуге мүмкіндік беретін бір тәсіл - оқытуға керекті сағат санын арттырмай - ақ, күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып табылады.

Оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер балаларға ақпараттық технологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде оқуға кепілдік береді. Мұндай технологияларға жобалар тәсілін, модульдік оқытуды, бір мәселеге баса назар аударту (концентрированное обучение) арқылы оқыту, әркімді деңгейіне қарай жетілдіру (дифференцированное обучение) және тұлғаға бағытталған оқыту элементтері, ойы программалары мен тест арқылы тексеру істерін жатқызуға болады. Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыра алатын біріктірілген немесе бинарлық сабақтар жаңа материалдарды тиянақты ұғып, оларды бекіту жолында жақсы нәтижелер беріп келеді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Бастауыш сынып математика сабағында модульдік технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына талдау жасау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Бастауыш математикасын оқыту ерекшеліктері туралы;
  • Бастауыш сынып математикасын модульдік технология бойынша оқыту әдістемесі;
  • Бастауыш математикасын оқытуда модульдік технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және оның тиімділігін тексеру.

Зерттеу жұмысының болжамы. Егер бастауыш сынып математика сабағында модульдік технологияны қолдану арқылы оқушычнпчын ой-өрісі дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.

Зерттеу объектісі. Б астауыш мектеп оқушыларына математика оқыту процесі.

Зерттеу пәні. Б астауыш мектеп математика сабағында анализ және синтезді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдары.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Бастауыш мектеп математикасының теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш мектеп математикасын оқыту әдістемесі

Мектептерде математика пәнін оқытудың алдында жалпы мақсаттармен қатар осы ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр. Олардың бірі - математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту. Бұл оқушылардың математикалық жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі дамуына себеп болады.

Баланың интелектуалдық ойлау қабілетін үш бағытта жылдамдатуға болады: ойлаудың түсінікті құрылуы, сөйлеу интелектісі және жоспар құру.

Жақсы білімді қалыптастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлаусыз жүзеге аспайды, сондықтан ол қазіргі уақытта мектептегі оқытудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Балалардың қарапайым есептеуді үйренуі жайлы алғашқы ақпараттар Ежелгі Шығыс елдерінің тарихи жазбаларында кездеседі. Мектептегі математикалық білім берудің дамуына Ежелгі Грециядағы математикалық мәдениет үлкен септігін тигізді, мұнда б. э. д. 5 ғасырда сауданың және теңізде жүзудің дамуына байланысты бастауыш мектептерде есеп және практикалық геометрия оқытылды.

Уақыт өте келе білім берудің мақсаттарының көбеюіне, мектептегі дайындауда жаңа шарттардың пайда болуына, білім беру стандартының өзгеруіне байланысты бұл оқу пәнінің мазмұны өзгеруде.

Сонымен қатар, ғылымның үздіксіз дамуы, оның жаңа бөлімдері мен бағыттарының пайда болуы математика пәнінің мазмұнының өзгеруін талап етеді: тәжірибелік құндылығы жоқ бөлімдер қысқартылады, жаңа актуальді және перспективті тақырыптар кірістірілуде. Осы айтылғандардың барлығымен қатар педогогикалық білім де өз орнында тұрған жоқ.

Математиканың оқу курсы үнемі математика - дамушы ғылым мен математика - оқу пәні арасындағы келіспеушіліктерді жеңіп отыруы тиіс. Ғылымның дамуы математикалық білім берудің мазмұнының үздіксіз жаңаруын, оқу пәнінің ғылыммен ұштастырылуын, мазмұнының қоғамдағы әлеуметтік қажеттіліктерге сай болуын талап етеді. Математиканы оқытудың әдістемесі - бұл математиканы оқытудағы тапсырмалар, мазмұн және әдістер жайлы педогогикалық ғылым. Ол пәннің нәтижелігі мен құндылығын арттыру мақсақсатында математикалық білім беру процесін оқытады және зерттейді. Математиканы оқытудың әдістемесі математиканы қалай беру керек жайлы сұрақты қарастырады.

Математитканы оқыту әдістемесінің мақсаты мектептегі математиканы оқыту жүйесінің негізгі компоненттері мен олардың арасындағы байланысты зерттеу болып табылады. Мұның негізгі компоненттері деп математиканы оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, формалары мен құралдарын түсіну керек.

Математитканы оқыту әдістемесінің пәні өзінің қиындығымен ерекшеленеді. Математитканы оқыту әдістемесінің пәні математикалық білім беру болып табылады. Ол математиканы игерудегі мақсаттар мен мазмұннан, әдістерден, құралдардан және формалардан тұрады.

Математиканы оқыту әдістемесі қазіргі кезде үлкен қиыншылықтарды бастан өткізуде. Бұл ең алдымен мектеп қабырғасындағы математика мен математикалық ғылымды бір-бірімен біріктіру қиынға түскендіктен, сонымен қатар ол философия, математика, логика, психология, биология, кибернетика және өнермен байланыста болатын педогогиканың шекарасы болғандықтан.

Математиканы оқыту әдістемесінің негізгі қызметтері:

  • Сынып бойынша, сабақ тақырыбы бойынша математиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау;
  • Оқу құралының мазмұны мақсаттарға және оқушылардың танымдық қабілеттеріне сәйкес келуін қадағалау;
  • Қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бағытталған сабақ берудегі жаңа ұтымды әдістер мен ұйымдастырушылық формаларды құру;
  • Оқытуға қажетті құралдарды қарастыру және мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде оларды қолдануға арналған көрсеткіштер шығару.

Математиканы оқыту әдістемесінің көмегімен келесі үш сұраққа жауап алуға болады: Математиканы не үшін оқу керек? Нені оқу керек? Математиканы қалай оқыту керек?

Бағдарламада қарастырылған мектептегі математиканың мазмұны ондағы болып жатқан өзгерістерге қарамастан ұзақ уақыт бойы өзінің негізгі мағынасын жоғалтқан жоқ. Бағдарламаның негізгі мазмұнының мұндай тұрақтылығы мынамен түсіндіріледі: математика өзінің дамуында көптеген жаңалықтарды аша отырып, оның алдында жиналған білімдерді де ескірген және керексіз деп тастамай, сақтап отырады. Бұл бөлімдерге кіргендердің әрбіреуінде орта мектепте оқытылатын пән ретінде өздерінің даму тарихы бар. Оларды оқыту жайлы сұрақтар арнайы математикадан сабақ беру әдістемесінде көрсетілген.

Оқыту әдісі - дидактикалық құралдар мен тәсілдердің кешені, олардың көмегімен оқыту мен тәрбие берудің мақсаттары жүзеге асады. Оқыту әдісі - бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған әрекеттерінің байланысқан түрі. Оқыту әдісі деп мұғалім мен оқушылардың белгілі бір дидактикалық мақсатты жүзеге асыруға арналған кезектесіп отыратын әрекет ету тәсілдерін айтады.

Сабақ беру әдісі - оқушылардың танымдық қабілеттерін басқаруға және бақылауға арналған құралдар мен тәсілдер, ақпарат алмасу жолдары.

Оқу әдісі - оқу материалын қабылдаудың жолдары, құралдары мен тәсілдер, оқу мен өзін-өзі бақылаудың репродуктивті және продуктивті әдістері.

Математикалық зерттеудің басты әдістеріне жатады: бақылау және тәжірибе, анализ және синтез, салыстыру, жалпылау және специализация, абстрактілеу және конкретизация.

Математиканы оқытуда қолданылатын қазіргі замандағы әдістер: проблемалы (перспективті) әдіс; зертханалық әдіс; бағдарламаланған оқыту әдісі; эвристикалық әдіс; математикалық модельдерді құру әдісі; аксиоматикалық әдіс және т. б.

Оқытудың ақпараттық дамушы әдістері екі класқа жіктеледі:

  1. Ақпаратты дайын түрінде беру (дәріс, түсіндіру, оқуға арналған кинофильмдер мен видеофильмдерді демонстрациялау және т. б. ) ;
  2. білімді өз бетінше табу (оқулықпен өз бетінше жұмыс, оқу бағдарламасымен өз бетінше жұмыс, берілгендердің ақпараттық базасымен жұмыс - ақпараттық технологияларды қолдану) .

Проблемалық-іздеуші әдістерге мыналар жатады: Оқу материалын проблемалы талқылау (эвристикалық әңгімелесу), оқу дискуссиясы, зертханалық іздеуші жұмыс, кіші топтармен жұмыс істеген кезде ұжымдық ойлау қабілеттерін (ҰОҚ) ұйымдастыру, зерттеуші жұмыс, ұйымдастырушылық-әрекет етуші ойын.

Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау, мысал бойынша жаттығуларды орындау, инструкция бойынша зертханалық жұмыс.

Мәдени-репродуктивті әдістер: шығарма, вариациялық жаттығулар, өндірістік жағдайларды анализдеу, әртүрлі ойындарды ұйымдастыру және мамандандырылған әрекеттерді имитациялаудың басқа түрлері.

Мұғалім мен оқушылардың әрекеттерінің тәсілдері оқыту әдістерінің құраушы бөлігі болып табылады (М. И. Махмутов) . Тәсілдер - белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталған әрекеттер, қызмет ету түрлері. Оқу жұмысының тәсілдері ойлау әрекетінің тәсілдеріне тәуелді (анализ және синтез, салыстыру және жалпылау, дәлелдеу, абстрактілеу, конкретизация, қорытынды шығару, көз алдына елестету және еске сақтау тәсілдері) .

Оқытудың арнайы әдістері - математиканың өзінде қолданылатын оқуға адаптацияланған танымның негізгі әдістері, нақтыны оқуда математикаға тән әдістер (математикалық модельдерді құру, осындай модельдерді құруда қолданылатын абстрагтілеу тәсілдері, аксиоматикалық әдіс) .

Мұның нәтижесінде математика курсына бірнеше әдістемелік көрсеткіштерді ұсынуға болады:

Математиканы оқытуды жақсарту мақсатында стандартты емес есептерді пайдалануға арналған жаңа әдістерді ары қарай шығарған жөн.

Сабақта үнемі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарының қалыптасуына көмектесетін тапсырмаларды пайдалану керек.

Арнайы таңдап алынған жаттығулардың көмегімен оқушыларды берілген тапсырмаларды орындауға үйрету, оларды бақылауға үйрету, аналогияны, индукцияны, салыстыруды қолдану және қорытынды шығару.

Сабақ кезінде жылдам ойлануға арналған тапсырмаларды, математикалық ребустарды, софизмдерді, күлкілі есептерді пайдаланған дұрыс.

Оқушылардың индивидуалді қасиеттерін есте ұстау, әртүрлі типті тапсырмаларды қолданып олардың әрбіреуіндегі танымдық әрекеттерді дифференциялау.

Оқыту процесі кезінде мұғалімнің оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қоздыруы, жақсартуы және дамытуы оның өз пәнінің мазмұнын бай, терең, қызықты етіп және оқушылардың танымдық әрекеттерінің тәсілдерін әртүрлі, шығармашылық, продуктивті етіп жасай білуінде.

1. 2. Бастауыш мектеп математикасын оқыту ерекшеліктері

Оқушылардың ақыл-ой дамуының негізін олардың меңгеретін Білімдерінің жүйесін қалайды. Оқушылардың санасында белгілі бір білім қоры болмайтын болса, онда олар ойлай да алмайдьі. Егер оқушы мәселені өз бетінше шешуге үйренбесе, тек қана белгілі бір үлгілер бойынша жұмыс істеуге ғана дағдыланған болса, жаңа жағдайлардың тууына байланысты олар алғаны білімдерін дәрменсіздік танытып жатады.

Мектеп практикасында оқушылар теоремаларды кітаптағы немесе оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша еркін дәлелдеп береді де, егер сызбадағы әрптерді басқа әріптермен ауыстырып қоятын болса, не болмаса сызбаны басқаша орналасқан жағдайда теореманы дәлелдей алмай қалады. Бұл оқушыларды улгілср арқылы жұмыс істеуге дағдыланып, ойлаудың жалпы логикалық нәтижесі болса керек. Сондай-ақ мектептегі оқушылардың білімділігін оқу пәнінің ұғымдарын, анықтамалармен теоремалардың тұжырымдамаларын, формулалар, ережелер т. б. мазмұны мен көлемінің игерілу дәрежесіне қарай бағалайды да, ал ондай ақыл-ой әрекеттері арқылы нәтижелерге жететіні ескерілмейді.

Оқушыны жеткілікті білім қорымен қаруландыру және өз етінше ойлауға үйрету мәселесі, егер оқушының өзінің білім алуға ынта-жігері, құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді меңгеру әдістерін білуге құлқы болмаған жағдайда түпкілікті шешілуі мүмкін емес. Міне сондықтан да В. Ф. Паламарчук оқушылардың ойлау қабілетін дамыту процесінде оқытудың мынадай үш құрамды бөліктерін ескерту қажет деп есептейді: мазмұндық, амалдық, мотивациялық. Оқытудың мазмұндық құрамдас бөліктеріне оқушылардың білуіне тиісті ұғымдар жүйесі, ережелер, зандылықтар т. б. жатады. Оқытудың мазмұндық бөлігі оқу бағдарламалары мен оқулықтарда баяндалады. Оқытудың амалдық құрамдас бөліктеріне ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгеру жатқызылады. В. Ф. Паламарчук оларға оқу материалындағы ең бастыны ажырата алуды, деректерді, құбылыстарды салыстыру, сәйкестендіру мен жалпылауды, өз ойын дәлелдей алуды, яғни ойлаудың операциялық құрамды бөліктерін жатқызады.

Оқушыларға не мақсатпен, не үшін оқиды, білім мен дағдылар не үшін қажет деген мәселелерді түсіндіру оқытудың мотивациялық аспектісін құрайды.

Оқушылардың ойлау дамыту оқыту материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

1-4 сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамытуда мазмұнды есептермен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін үйрету негізгі орын алады.

Мектеп тәжірибесінде мазмұнды септерді практикалық. графиктік, арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен қолданылатын - арифметикалық және алгебралық тәсілдерге көп назар аударады.

Математикалық мазмұнды есептер шығару кезінде оқушылардың ойлау әрекетін дамыту мақсатында есептерді талдаудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу орынды.

Бастауыш сынып оқушыларының мазмұнды есепті талдай білу іскерліктерін меңгеруі олар келесі сыпыптарда бұл іскерліктсрді мазмұнды есептерді алгебралық тәсілдермен шешкенде пайдалануға мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныптарда математика есептерін шығару кезінде оқушылардың есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал етеді.

Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, зандылықтарды ұғады. Ойлау, сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау-белгілі бір міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады.

Оқушылардың танымы-өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларды танымдық белсенділік дегеніміз-оқушының оқуға, білімге деген ынта ықыласының, қүштарлығының ерекше көрінісі.

Жалпы орта білім беру жүйесінде іргетасы бастауышта білім беруден басталады, ал жалпы білім беру жүйесінің алғашкы маңызды сатысы. Бастауыш мектепте баланың оқу мен психикалық негіздері қалыптасады.

Оқуды өзінше әрекеттің бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы, белсенділікпен үғьтнуды, айтады. Оқу әрекеті тек білім алумен шектелмейді осыған ептілік пен дағдылануда керек. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар оалалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.

Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыластары болып дарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шыққанда мақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындау түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей, және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады, Ал, жанама ықылас сол нәрсе қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жаксарткысы келгендіктен бопапы Ықыластың соңғы түрі кіші оқушылардың өмірінде негізгі роль атқаруы тиіс.

Бастауыш мектеп оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмеиді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай, жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегенінен кездеседі.

Бастауыш мектепте тапсырма балаларга мынадай екі түрлі жолмен беріледі.

Біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді.

Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі (образец) беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексті беріледі. Осы текске өзгере енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып балаоны жаттап алады. Ал тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп - тапсырманы орындаудың оірінші тұрін және проблемалық мәселелерді орындай білуді айтады. Осыған әр түрлі пәннен айталық грамматикалық, географиялық, математикалық т. б. есептер шығару жұмысы жатады. .

Әдетте оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселені, шешу дегенде, осының мынадай үш сатыдан тұрататын. айтады: біріншіден, берілген тапсырманың шартымен танысудан, екіншіден, соны орындаудан, үшіншіден, осының қалай /дұрыс, не бұрыс/ орындалғанын тексеруінен.

Пәндер неше түрлі болғандықтан, осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В. В. Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады.

1) тапсырмадан, яғни оқу ситуациясынан;

2) тапсырманы орындаудан;

3) орындаған тапсырманы тексеру кезеңінен;

4) баға қоюдан.

Мысалы, біздің әуелгі схемадағы тапсырманың шарты мен танысу дегенді мұнда оқу ситуациясы деп атайды. Себебі бала үшін тапсырма өзінше проблемалық ситуация болатыны екендігі жөнінде айтылып отыр.

Ал соңғы саты баға бұл өзінше баланың тапсырманы қалай орындағаны дәрежесін оған білдіру. Бұл мектептің күнделікті өмірінде кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математика сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді пайдалану
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Математиканы модульдік технологиямен оқыту
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда модульдік технологияны қолдану
Модульдік оқыту технологиянысын математика сабағында қолдану
3 - сынып оқушыларының математика сабақтарындағы есептеу дағдыларын дамытуға модульдік оқытудың әсері
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері
Оқытудағы компьютерлік технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz