Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін
сыныптан тыс жұмыстар.
(1-3 сыныптарға арналған
әдістемелік құрал)
Құрастырған: Елтаева Гүлсім Арыстанбайқызы
Қостанай 2008 ж.
Елтаева Гүлсім Арыстанбайқызының
Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар әдістемелік құралына
Пікір
Бұл құралда математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің әдістемелік негіздері, сондай-ақ нақтылы материалдар негізінде үйірме отырыстары, газетті шығару мен кешті өткізу үлгісі және қажетті кейбір жұмыс түрлері- есептерге, виториналарға, математикалық монтаж, өлеңге, жұмбақ, жаңылтпаштарға, ребустарға, турнирге, ойындарға, үйірмеге түсініктеме беріліп, кейбіреулеріне нақтылы мысалдар келтірілді. Ойындардың түрлері- сан мен әр түрлі заттармен ойындар, фокустар шешу, топологиялық ойындар (бірден сызып шығу),сөзжұмбақтар ұсынылған. Олардың көбісі өмірмен байланыстырылған. Осы құралды таңдауда пәнаралық байланыстар ескерілді. Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыс түрлерін жүргізуге қажетті қосымша ойындар (жүз ойыны, 18 таяқша ойыны,ойша өшірілген цифр ойыны) берілген. Барлық материал оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін арттырып, психикалық процестерін дамытуға бағытталған. Кейбір әзіл есеп, өлең есеп,математикалық ойындарда оқушылардың қабылдау процестерін көрсек, кейбірінде ойлаудың абстрациялық жолдарын,пікірлерін және ой қортындыларын көруге болды. Жалпы алғанда бастауыш мектеп оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі берілген. Бұл құралдың оқу тәрбиелік мәні зор.
Ұсынылып отырған құрал бастауыш мектеп мұғалімдеріне, педагогика
институттары мен колледж студенттері мен оқытушыларына арналады.
Пікір беруші,
Физика - математика
ғылымдарының кандидаты,
ҚМПИ доценті Бөрібай Қасымханұлы
АЛҒЫ СӨЗ
Құралда бастауыш сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстарға тоқталып, оларды ұйымдастыру тәртібі келтірілген. Бастауыш мектеп оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі алғашқы құрал болғандықтан, мұнда жалпы сипаттағы материалдармен қатар нақты мәселені қалай ұйымдастыру керектігі талқыланып, қажетті деген қосымша материалдар берілген. Атап айтқанда, сыныптан тыс жұмыс түрлері -- есептерге, викториналарға, математикалық монтаж, өлеңге, экскурсияларға, жұмбақ, жаңылтпаштарға, ребустарға, турнирге, сайысқа, кешке, газетке, ойындарға, үйірмеге түсініктеме беріліп, кейбіреулеріне нақтылы фактілермен мысалдар келтірілді. Олардың үлгілері көрсетілді. Газетті шығарудың әдістемелік нұсқауы, мазмұны айтылып, ашылған. Ойындардың түрлері - санмен, әр түрлі заттармен ойындар, фокустар шешу, топологиялық ойындар (бірден сызып шығу), сөзжұмбақтар ұсынылған. Олардың көбісі практикалық мазмұн алып, өмірмен байланыстырылған. Үйірме жоспары жеке отырыстар арқылы берілген. Отырыстар бірінші, екінші және үшінші сыныптарға арнап белініп, оларды ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары мен оқу-тәрбиелік сипаты келтірілген. Әрбір отырыстардың мазмұны және материалдары берілген. Қызықты математика атты кешті ұйымдастыру үлгісі көрсетілген.
Материалдарды таңдауда пәнаралық байланыстар ескерілді. Сондай-ақ келтірілген сыныптан тыс жұмыс түрлерін жүргізуге қажетті қосымша материалдар -- ойындар (жүз ойыны, 18 таяқша ойыны, ойша өшірілген цифр ойыны) берілген. Ойынның ережесі, қажет әдістемелік нұсқаулар көрсетіліп, материалдың оқу-тәрбиелік сипаты ашылды. Жаттығулардың, есептердің, жұмбақтар мен викториналардың жауаптары келтірілген.
Ұсынылып отырған құрал бастауыш мектеп мұғалімдеріне, педагогикалық колледж студенттері мен оқытушыларына арналады.
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
Математикадан сыныптан тыс жұмыстар деп қатысуға еріктілік принципіне негізделген және идеялық-саяси тәрбие сипатында мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысын тереңдететін, сондай-ақ оқушылардың математикалық оқу-тәрбие дәрежесін арттыратын сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстарды түсінеміз.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан-жақты дамыған, педагогикалық шеберлігі болуы -- басты мәселе. Сабақтан тыс уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде мұғалім оқушының талап-тілегін, қызығатын мәселелерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік табады.
Математикадан үлгірмеудің, бір себебі -- оқушылардың пәнге аз қызығатындығы. Әрине, сабаққа деген қызығуды мұғалім оны жүргізу үстінде тудырса, ал жүйелі түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар бұны одан әрі дамытуға себепші болады.
Оқушылар сабақта, ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру -- мұғалім мін-деттерінің, бірі. Осы мағынада түрлі жаттығулардың -- математикалық есептердің, математикалық сөзжұмбақтардың, ойындардың рөлі зор. Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің басқаруындағы мектеп тәжірибесі көрсеткендей, оқушыларды еліктетіп, жігерлендірмейінше, тәрбиенің нағыз өз мәнінде болуы мүмкін емес. Міне, сондықтан да сабақ үстінде іздену мәселесін міндет етіп қойып, оны шешуде түрлі ойындарды пайдалансақ, сабақтан тыс шұғылданыстар бұларды толықтыра түсуге арналады.
Алдымен математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны өткізудің әдістемелік негіздері мынада екендігін ескерген жөн:
1. Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы инициативасынан басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі тиіс.
3. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатын көздеуі тиіс.
Мұғалім ол үшін жүйелі, әрі жоспарлы жұмыстар жүргізеді. .
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері де көздеген мақсаттарына қарай: сергіту минуттарындағы қызықты математика элементтері, математикалық газет, математикалық бұрыш, математикалық үйірме, математикалық кеш ұйымдастыру, математикалық жарыстар, экскурсиялар, математикалық ойындар болып бөліне береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік негіздері мен мақсаттары айқындалғаннан кейін, оқушылар коллективімен жүргізілетін жұмыстың түрлері таңдалады. Ол мәселені мұғалім сынып тілегі, материалдың көлемі, оқушылардың қатысымдылығы сияқты фактілермен айқындайды. Енді жұмыс түрлеріне, оларды ұйымдастыру мәселелеріне, оқу-тәрбиелік сипаттарына тоқтайық.
Қызықты есептер. Сыныптан тыс жұмыстар кезінде шешілетін есептер мына бағытта болуы керек. Математикадан бастауыш сыныпта етілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық инициативасын артыратындай, түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Сондай-ақ есеп өмірден алынатындығын таны-татындай болуы қажет.
Қызықты есептер өлең, әзіл, ермек, викторина түрінде де жазыла береді.
Өлең есепте өлеңді жазу заңдылығын пайдалана отырып, математикалық есеп құрастырылады. Онда не белгілі, белгісізі не екендігі айтылады. Олар есепті ше-шуде байланыстырылады. Табылған жауаптың дүрыстығы тексеріледі. Кейде есепті өлең түрінде тұжырымдау, оқушыны әдеттегіден тыс күйге түсіріп, өзіне баурап алады. Өлең есеп оқушыларды ұжымдыққа, адамгершілік қасиеттерге, математикалық заңдылықты байқауға, тыңдай білуге, негізгіні қосымшадан ажырата білуге тәрбиелейді. Өйткені математикалық ұғымның, өлеңде тұрмыстық мағынасы кеңірек ашылады.
Әзіл есептер өлең түрінде де, қара сөз түрінде де кездеседі. Есеп шарты дұрыс берілгенімен, қорытындысы әзіл түрінде ұшқары айтылады. Алайда, есеп-дұрыс есеп болғандықтан, оның астарлы сыры болады. Сондықтан жауап тез талап етіледі. Соңынан жауап талданып, жауаптың дұрыстығы дәлелденіп керсетіледі.
Логикалық есептер - кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарым-паз болуды талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Математикалық тақпақ мәнерлеп оқылады. Оны оқудың үлгісін мұғалімнің өзі көрсетеді. Сондықтан мұғалім тақпақ сөзін оқушыға жаттатқаннан кейін, дұрыстап оқуды үйретеді. Тақпақ арқылы математиканың өмірден алатын орнын, қоғамды дамытудағы ролін сипаттаймыз. Кейде ол арқылы оқушының мінезқұл-қын, оның кемшілігі мен жетістіктерін сынаймыз. Мұндай әдіс нәтижесі әсерлі келеді, оқушыларды ұжымдыққа, ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, Отанды сүюге, математиканы кұрметтеуге, адал еңбекті бағалауға, достыққа тәрбиелейміз.
Математикалық жұмбақ жауабына немесе оның тұжырымдалуына математикалық ұғымдар, символдар, терминдер енеді. Жұмбаққа қойылатын талаптар мұнда да сақталады. Жұмбақтар өлең-ұйқас түрінде де, ребустар, викториналар түрінде де келтіріледі. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымны қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді. Оқушы қиялының дамуына елеулі әсер етеді. Жұмбақ жауабы да, осыдан, түрліше болуы ықтимал.
Математикалық жаңылтпаш үйірме отырыстарында тіл ұстарту үшін қолданылады. Тіл -- ой көркі. Сөйтіп, әр нәрсеге байыппен қарап, батыл сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне жаттықтырады. Халық тілін меңгеруге, халық қазынасына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Математикалық монтажды бір сыныпта немесе сыныпаралық кеште ұйымдастыруға болады. Математикалық монтаж әдеби монтаж сияқты белгілі тақырыпқа арналып өткізіледі. Монтажға қатысушылар тақырыпты жан-жақты ашу мақсатында өлеңді, қара сөзді кезектесіп, мәнерлі, көтеріңкі, ырғақты дауыспен орындайды. Бұлай орындау, екінші жағынан, ойдың мазмұнын ашу үшін де керек. Осындай жаттығу, орындау үстінде, оқушы ойды түсінуге, дұрыс сөйлеуге, ұстамдылыққа, сыпайылыққа үйренеді. Математиканы құрметтеуге басқаларды үгіттейді.
Математикалық турнир - командалық жарыс. Турнир бір сыныптағы жұлдызшалар немесе параллель сыныптар арасында ұйымдастырылады. Турнир болатындығы алдын ала хабарланады. Оған команда мүшелері бірігіп даярланады. Турнир белгілі бір тақырыпқа арналады. Мәселен, жануарлар мен жәндіктер, өміріне транспорт түрлерінің техникалық сипаттарына, халық шаруашылығындағы табыстарға, кейде есептерге арналады. Турнирде талданған тақырып оқушыларды қызықтырып, олардың білімін толықтыруға тиіс. Турнирді ұйымдастырудың тәрбиелік мағынасы да ұмытылмауы тиіс. Турнир болатын күн хабарланып, оны салтанатты ашу турнирдің ұйымшылдықпен өтуіне көмектеседі. Командаларды қамқорлыққа алған сынып оқушылары даярлайды. Командаларға берілетін сұрақтар, есептер алдын ала іріктеледі. Оны мұғалім анықтайды. Турнирге қатысатындар команда бойынша нөмірленіп, бірегей нөмірлер өзара жарысады. Көп ұпай жинаған команда озады. Жеңімпаздар суреті газеттен орын алады. Турнирге берілген есептер, сұрақтар үйірме отырысында талданады. Әдетте турнирді жабу кезеңінде қорытынды жасалады.
Математикалық сайыстар турнирмен мазмұндас. Тек мұнда қарсы командаға берілетін есептерді, сүрақтарды оқушылар даярлайды. Бірақ оны мұғалім қарап шығып, толықтырады. Бұл жарысушыларға бірыңғай талап қоюга мүмкіндік жасайды. Екіншіден, сайысқа қатысушылар біріне-бірі тапсырманы күні бұрын береді. Тапсырманы орындау мерзімін мұғалім тағайындайды. Тапсырма тексеріліп, соның нәтижесі бойынша жеңімпаз команда айқындалады. Кей жағдайда сайысқа қатысушылардың математика дәптері де үлгі ретінде қарастырылып, оған ұпай белгіленеді. Мұндай жағда оны мұғалім жыл басында-ақ хабарлап қояды. Сайыстар оқушыларды қиындыққа төзуге, ұстамдылыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, ұжымдыққа тәрбиелейді.
Математикалық экскурсия арнайы үйымдастырылмайды. Алайда, дүниетану пәнінен ұйымдастырылатын экскурсия кезінде математика элементтеріне көңіл аударылады. Мәселен, ағаштың жасын анықтауға, жапырақ пішініне, гүлдің пішініне, клумбадағы өрнекке, құрт-құмырсқаның пайдасы мен зиянына, колхоз-совхоз, өндіріс орындарының табысына т. т. Экскурсияда ойға түйгендер викториналар құрастыруда, оны шешуде ойға түсіріледі. Мәселен:
1. Шортан -- жыртқыш балық. Ол 1 кг салмақ жинау үшін 22 килограмдай ұсақ балықтармен қоректенеді. Шортан 300 жылдай өмір сүреді.
2. Дала көкегі орта есеппен күніне 40 шақты қырық-аяқ, 40 шақты шапшыма, 5 зауза қоңызы личинкасын жейді. Сондықтан ол пайдалы.
3. Қайың 250 жылдай, қарағай 600 жылдай өмір сүреді. Қайыңның сөлі пайдалы. Қарағай қылқан жапырақтылар класына жатады. Одан желім даярланады.
Экскурсия табиғаттағы үйлесімдікті тануға, оның байлықтарын сақтауға, деңсаулығын жақсартуға, Отанды сүюге тәрбиелейді. Аңғарымпаздыққа үйретеді.
Математикалық викторина -- жарыстың түрі. Оны кеште, жиында, үйірме отырысында пайдалануға болады. Ол сұрақ түрінде де, есеп түрінде де өткізіледі. Басқарушы есепті, не сұрақты дауыстап көпшілікке оқиды. Сондықтан оны жиынға қатысушының кез келгенінің шешуге мүмкіндігі бар. Кім бұрын қолын көтерсе, содан жауап алынады. Егер жауап дәл немесе толық болмаса, онда басқадан сұралады. Жауаптарға байланысты ұпай қойылады. Дұрыс жауапқа комиссия 2 ұпай, толық емес жауапқа 1 ұпай береді. Көп ұпай жинаушы жеңімпаз атанады. Сұрақтардың саны 3-4 -тен аспағаны жөн. Егер сұраққа ешкім жауап бере алмаса, оның жауабын басқарушы немесе мұғалім айтады. Викторина түрлі мазмұнды материалды қамтиды. Сондықтан ол оқушының білімі мен даярлығы болуын талап етеді. Мұғалім осыны ескеріп, газет бетінде материалдар жариялап, не жеке параққа жазып шығарып отырады. Параққа әуелі сұрақтар, кейін оның жауаптары жазылады. Оқушының викторинаға арналған дәптерінің болғаны да артық емес.
Викторинанық кейбір есептерін жазу үшін тақта, плакаттар да қажет. Викторинаға тұжырымдалуы қысқа, көп есептеуді талап етпейтін, ауызша шешуге ыңғайлы, қарапайым есептер беріледі.
Оқушы викторинаны шешу арқылы білімін кеңейтіп, жан-жақты дамитын болады. Сұрақ қойып, сөйлеу мәдениетіне үйренеді. Көзқарасын жақтауға баулынып, өз бетінше жұмыс істеуге, аңғарымпаздыққа тәрбиеленеді.
Математикалық кеш - сыныптан тыс жұмыстардың көбін қамтитын жұмыс түрі. Сондықтан ол ойластырылып, жоспарлы түрде өткізіледі. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды, қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады. Математикалық кешті, негізінен, үйірме мүшелері даярлайды. Үйірме мүшелігіне басқа оқушыларды тарту мақсатында оларға да азды-көпті тап-сырмалар беріледі. Өздерін жақсы жақтарымен көрсеткен оқушылар үйірме мүшелігіне алынғандығы кеш соңында хабарланады. Мұндай игі істер үйірме мүшелерінің беделін көтеріп, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырады. Көпшілік алдында өз баласының табысын керген ата-ана да мектеппен жиі байланыс жасайтын болады. Математикалық кешті жарты жылдық қорытындыға ұйымдастыруға болады.
Кеш еткізу -- күрделі мәселе. Сондықтан оған даярлық 2 айдай бұрын жүргізілгенімен, материал жинау жыл бойы болады. Кешті өткізудің негізгі мақсаты -- оқушылардың математикаға деген ынтасы мен ықыласын, қызығушылығын арттыру болғандықтан, оған оқушыларды көбірек тарту керек.
Залды жабдықтау үшін фотомонтаж шығарылып, оқушылар дәптерлерінің көрмесі ұйымдастырылады. Ребустар, есептер, суреттер ілінеді. Иллюстрацияларды эпидиаскоп арқылы кітаптан, журналдан түсіріп алуға болады.
Кеш мазмұны түрліше болады. Онда тақпақ, хабар, монтаж, сөзжұмбақ, есеп, скеч, интермедия, фокустар болуы мүмкін. Кітапшада бір кештің өткізілуін келті-реміз.
Математикалық газет - математикаға қызығушылардың, сондай-ақ бүкіл мектеп окушыларының айнасы. Оның бетінен тәуір үлгірімді оқушылар суреттерін, әр звеноның үлгірімдік диаграммасын, оқушылар шығармашылығын, қызықты есептерді, математикалық жарыстар нәтижелерін, математика тарихы элементтерін, дидактикалық және басқа ойындарды табуға болады. Аталған мәселелер қысқа, қызықты, әрі көрнекі етіліп, түрлі шрифтерді пайдаланып, бояу, тущь және пламастермен өрнектеледі. Кейде иллюстрациялық материалды газет-журналдардан қиып алуға болады. Тек оларды жапсырғанда білдірмей, орынды пайдалану керек. Газет материалдары үйірме отырысы және кеш материалдары-мен қабысып, астарласып жатады. Тақырыптары да Ойлан да тап!, Сен білесің бе?, Сөзжұмбақ, Есептер, Бүл не?, Ребус, Қайсысы дұрыс? деген сияқты материалдың мазмұнына сәйкес, қысқаша қойылуы дұрыс. Газет атауы да Жұлдызша, Өрнек, Икс, Плюс, Куб, Архимед, Альфа тәрізді айтуға жеңіл, әрі қысқа, әрі нұсқа болуы тиіс. Әсіресе бірінші шығарылған газет қызықты, оқуға жеңіл, көз тартарлықтай, жазуы аз, иллюстрациясы көп, шрифтісі мазмұнына сай, өмірмен тығыз байланысты болғаны жөн. Осындай газетті әрбір оқушы оқиды. Әрі газеттің тәрбиелік мәні бар. Сонда ғана оны қызыға оқиды. Газет оқушыны тартуы үшін ондағы жазу ірі, әдемі әріппен жазылғаны дұрыс.
Газетті оқушы бойы жететін жерге ілу керек. Егер газетті жоғары ілсек, ондағы жазуды оқушы оқи алмайы. Газетті таза сақтау үшін фанерге не қатты картонға кнопкамен бекітіп, бетін әйнектеп қою керек. Әйнекті бекіту үшін фанерге жұмсақ қаңылтырдан құлақшалар қағып, оны қайырып бекітсе болады.
Газет үшін сурет альбомының парағы жарайды. Егер оны ұзыннан желімдесек, бір жарым парағы, ал тігінен желімдесек, екі парағы жеткілікті. Әдетте бір парақ та жетеді. Газеттің мұндай көлемі ықшам, суретті газет шығаруға әрі оны папкада сақтауға ыңғайлы келеді. Папкада сақталған газеттер үйірме журналы міндетін атқарады. Сондықтан оны керек кезінде қайыра пайдалануға мүмкіндік туады. Әсіресе, үйірменің соңғы отырысында немесе жылдық қорытынды кезінде көрме ұйымдастыруға, математикалық кеш үстінде сыныпты безендіруге жарамды әрі даяр материал екендігі аян.
Газеттің материалын мұғалімнің өзі таңдап даярласа, оны шығарысуға қамқорлыққа алған жоғары сынып оқушылары көмектеседі.
Математикалық ойындар. Санмен ойындар, әр түрлі заттармен ойындар, фокустар шешу, топологиялық ойындар (бірден сызып шық), басқатырғылар (түрлі фигуралар құрастыру) болып бөлінеді. Ойындардың оқу-тәрбиелік сипаты да тереңірек. Ойындар арқылы оқушылар талдау мен салыстыруға, индукция мен дедукцияға, аналогияға, математикалық заңдылықты ашуға, зейін мен есті дамытуға, ұжымдыққа, жігерілікке, ұстамдылыққа, кейінге көз тастауға, тапқырлыққа тәрбиеленеді. Сондықтан да біз кітапшада келтірілген ойынның көпшілігіне әдістемелік нұсқау мен оның оқу-тәрбиелік сипатын келтіреміз.
Математикалық үйірме. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі -- үйірме жұмысы. Жас буын түрліше құбылыстың сырына құмартып, әр нәрсеге әуестене, жауап іздейді. Осы құштарлықты арттыруға, ой-өрісін бағыттап, кеңейтуге үйірмеде қаралатын жұмыс түрлері жауап береді. Үйірмеде математика тілін пайдалану арқылы тіл мәдениетін дамытуға, салыстыру, талдау, синтездеу, индукция мен дедукция, аналогия арқылы тұжырым жасауға үйренеді. Үйірмеге қатыстыру арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжым намысы үшін күресуге баулимыз. Әсіресе бұл қасиеттер көрнекі құралдарды даярлауда, газет шығаруда, экскурсияға барғанда, жарыстарды ұйымдастырғанда айқынырақ байқалады.
Үйірме жұмысына әр оқушы еркімен қатысады. Бірақ оқушыны 1 -- 2 үйірмеге ғана қатыстыру тиімді. Оған қатысатындарды жігерлендіріп, қолдап, қызығушылығын оятып отыру керек. Ол үшін үйірме отырысын ұйымдастырмас бұрын, мұғалім сабақ кезінде оқушыларды пәнге қызықтырып, ынталандырып отырғаны жөн. Осы мақсатта жұмбақтарды, өлең есептерді, ребустарды, фокус-тарды, таяқшалар мен ойындарды пайдалану тиімдірек келеді.
Егер мектепте параллель сыныптар болса, бірнеше үйірме ұйымдастыруға болады. Күні бұрын үйірме жоспары жасалып, бекітіледі. Кезінде оқушылардың талап-тілектеріне байланысты, оның кейбір пункттері өзгеруі мүмкін. Жоспар құрғанда оқушылардың өздерін үйірме жұмысына тікелей қатыстыру жағы ойластырылады. Мұғалім оқушының жұмысын бағыттап, оған көмектесіп отырады. Үйірме жоспары жеке отырыстарға бөлінеді. Ол әр сыныпқа бөлек жасалады. Отырыс екі-үш жетіде, қысқа уақытқа арналып, мұғалімнің басшылырымен тікелей даярланып өткізіледі. Үйірме отырысында тақпақтар, жұмбақтар айтылып, ребустар, есептер, викториналар шешіледі. Жарыстар ұйымдастырылып, түрлі ойындар ойналады, газет шығарылады. Отырысқа қажет жабдықтар, көрнекіліктер, материалдар алдын ала даярланады. Бұл тұста оқушы көмегі айтарлықтай болғаны жөн. Әрбір отырыстың оқу-тәрбиелік сипатын мұғалім күні бұрын ойластырады. Әдістемелік нұсқау қажет болатын жұмыстар түріне алдын ала дайындық, ескертулер жасалынады. Анықтық үшін тек үш отырыстың оқу-тәрбиелік сипатын келтіреміз, өйткені оны әрбір мүғалім айқындай алады. Әрбір отырыс соңында қорытындыны мұғалім жасайды. Үйге тапсырмалар береді. Қорытынды кезінде негізгі мәселелер қайталанып, ес-кертулер жасалады. Белсенді қатысқандар аталып, келесі отырыс қашан болатыны хабарланады. Сондай-ақ әрбір жыл аяғында үйірменің соңғы отырысы ұйымдас-тырылады. Ойланылған жүйелі бекіту болса ғана окушы есінде үйірме жұмысының нәтижелері көбірек қалады. Ол үшін үйірме отырысының жабдықтары, журнал-газеті сақталады. Үйірмеде қарастырылған есептер, викториналар түрлі жарыстарда ұсынылады. Мен неге үйрендім? тақырыбы бойынша жыл бойындағы материалдарды мүғалім қайталайды. Осы тұста кейбір есептер, фокустар еске түсірілуі, есепті шешу тәсілдері айтылуы мүмкін. Үйірме мүшелері өзара пікір алысып, білімдерін жүйелеп, толықтырады. Мұғалім кейбір материалдың пайдасын бағалауы тиіс. Осы мағынада математикалық заңдылықтық пайдасы туралы да айтады. Соңында, келесі жылдың жоспарына қысқаша тоқтап, жазға тапсырма береді.
ҮЙІРМЕ ОТЫРЫСТАРЫ
I сынып
(II жарты жылдық)
1 -- о т ы р ы с.
1. Өлең есеп Қосу.
Дүкеннен кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші,
Сонда бәрі,
Қанша болды,
Қолда бары?
(Жауабы: Алты)
(Б. Тәжіметов)
2. Математикалық жұмбақ Бұл не?
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.
(Қос қол)
3. Математикалық тақпак Екеу дегенше, бекем де.
Бірді бірге қосқанда,
Екеу болады.
Жалғызсырап, жасқанбай,
Бекем болады.
Екі қолды қосқанда,
Құшақ емес пе?
Екі қанат аспандап,
Ұшады емес пе?
Тіркелсе екі дөңгелек,
Өзің тебетін,
Зырылдайтын дөңгелеп,
Велосипедің...
(М. Әлімбаев)
4. Ойын Көңілді санау.
Әдістемелік нұсқау. Бұл математикалық жарысқа жатады. Сондықтан екі немесе бірнеше команда звено бойынша қырағылығын сынасады. Қай команда тапсырманы тез орындаса, сол команда жеңімпаз атанады. Жеңімпаз командаға үлкен жалауша, ал жеңілгендерге кіші жалауша беріледі. Тақтада төмендегі 1,а-суреттегідей толтырылған және бір-бірден бос таблицалар күні бұрын сызылып даярланады. Таблица тор көздерінде бірден он алтыға дейінгі сандар жазылған. Ойынды екі команда басшылары бастап, толтырылған таблицадағы сандарды сызып ретімен бос таблицаға қайта толтыруы керек. Командадағы оқушы екі-екі саннан жазуы тиіс. Кірісіңдер! сөзі жарыстың басталғанын білдіреді. Қай команда шатаспай, бос таблицаны тез толтырса, сол жеңеді.
Отырыстың оқу-тәрбиелік сипаты. Отырыс материалдары оқушыны тыңдай білуге, аңғарымпаздыққа, ұжымдыққа, ортақ заңдылықты байқауға тәрбиелейді. Мәселен, Көңілді санауда сандар тор көзде белгілі тәртіппен орналасқан. Оны байқау -- таблицаны тез толтырудың кілті. Егер мұндай заңдылықты оқушылар аша алмаса, отырыс қорытындысында мұғалім айтып, оқушылардың көңілін аударады. Келешекте ескерулері керектігін нұсқайды.
1 - сурет
2 -- о т ы р ы с.
1. Математикалық тақпақ Кім қаншада?.
Салтанат екіде,
Бақытжан жетіде,
Екеуін қосып шыққаның
Сәулеттің жасын ұққаның.
Білгің келсе егер сен,
Сәулеттен үш жас шегерсең,
Қиын емес онша да
Сағаттың жасы соншада.
(С. Әлімқұлов)
2. Математикалық жұмбақ.
Үш шырпыдан бір есік,
Құрастырып көр шешіп.
(П әрпі)
3. Математикалық жаңылтпаш.
Ұшып кетті үш құс
Ұшып келді ұшқыш.
(С. Көшекбаев)
4. Математикалық өлең есеп Санамақ.
(Ж а у а б ы: 55 ойыншық)
(Е. Өтетілеуов)
Әдістемелік нұсқау. Өлең алдын ала плакатқа көрнекі етіліп жазылады. Мұндағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарын қызыл түспен жазса, негізгі ой қосымшадан ажыратылып есепті тез шешуге көмектеседі. Есептеудіқ тез әдісі топтау көрсетіледі және артықшылығы айтылады. Әрі бұл оқу бағдарламасына сай. Ш е шу і. Барлығы:
1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9+10
(1 + 10) + (2+9) + (3+8) + (4 + 7) + (5 + 6)
11 + 11 + 11 + 11 + 11
Бұл бес ондық және бес бірлік, яғни 55.
Отырыстың оқу-тәрбиелік сипаты. Тақпақ материалы еңбек зейнеті рахатқа бөлейтіндігін байқатса, жұмбақ салыстыру арқылы қорытынды жасауга баулиды. Санамақ қызығушылыққа, ұстамдылыққа, аңғарымпаздыққа, негізгіні қосымшадан ажыратуға үйретеді. Оны мәнерлеп оқу дұрыс сөйлеуге, есепті талдау математикалық заңдылықты байқауға тәрбиелейді.
3 -- о т ы р ы с.
1. Математикалық санамақ Бәрі қанша құс болды?
Мынау да бір санамақ,
Өздерің кер саралап:
Төбеден төрт бектергі,
Аңдыпты қос кептерді.
Шаңқылдаса көк қарға,
Үн қоспапты көп қарға.
Секем ап бір дауыстан,
Безектеп бес сауысқан
Алты белден асыпты,
Тым-тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты,
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ
Отырғанда қаталап,
Топ-топ тоғыз тоқылдақ,
Қарғып кеткен топырлап.
Сөйтіп, қызық іс болды,
Бәрі қанша құс болды?
(Ж а у а б ы: 31 құс)
2. Математикалық тақпақ Есеп.
- Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
- Сол досым сол алманың
Бәрін алсын! -- дей салдым.
(Қ. Мырзалиев)
3. Математикалық жұмбақ Бұл не?
а) Жоқ өзінде бас та,
Қас та,
Мойын да.
Ұзындығы жазулы түр бойында.
(Сызғыш)
б) Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді ойлар намысын.
(Шахмат)
(Қ. Мырзалиев)
4. Математикалық жаңылтпаш.
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
(Қ. Мырзалиев)
II сынып
1 - о т ы р ы с.
1. Математикалық өлең -- есеп Бәрін бірге ойлап қой.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
(Ж а у а б ы: Он жеті бас мал)
2. Математикалық жұмбақ Бұл не?
а) Жиырма төрт батыр,
Бірін-бірі жеп жатыр.
(Дойбы)
(Қ. Мырзалиев)
б) Екі аяқты бір ізді,
Үстіне адам мінгізді.
(Велосипед)
3. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп Сүт сату.
8, 5 және 3 литрлік бидон бар, 8 литрлік бидоннан 6 л сүтті қалай құйып алуға болады?
(Ж а у а б ы: 2-суретте берілген.)
4. Математикалық жаңылтпаш.
Ұшы үшкір ұшқыр үш
жебе алдым,
Үшеуі де үшкір, үшқыр
деп алдым.
(М. Әлімбаев)
2 -- о т ы р ы с.
1. Әзіл есеп Топ үйрек.
Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?
(Жауабы: Біреуі, өйткені қалғандары ұшып кетеді.)
2. Математикалық фокус. Сан ойла.
Әркім өзінше бір сан ойлап, оған менен бес қоссын. Одан ойлаған санын алып тастасын. Сонда нәтижеде бес қалады. Мен қалай таптым, кім айтады?
Фокустың сырын тапқан оқушы ойынды жүргізеді. Егер ондай оқушы табылмаса, мұғалімнің өзі жүргізіп, соңынан фокус сырын түсіндіреді.
Фокус сыры. Нәтижені табу қосындыдан санды азайту қасиетіне негізделген:
(х + а) -- х = а,
мұндағы а - ойын жетекшісінің қосуға ұсынатын саны.
3. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп Фигура құрастыру.
Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.
(Ж а у а б ы: 3-суретте берілген.)
4. Математикалық жұмбақ.
а) Тышқаннан басқа батпаған,
Бір шланг, төрт баған.
(Піл)
б) Мың найзалы жалғыз батыр
Жауларына алғызбай тұр.
(Кірпі)
(Қ. Мырзалиев)
3 -- о т ы р ы с.
1. Математикалық викториналар.
Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сандарды табыңдар.
(Жауабы: 2-2 = 2+2, 1*2*3 = 1+2+3)
2. Математикалық жұмбақ Бұл не?
Жүз төрт түйме,
Он бір ине.
(Есеп шот)
(М. Әлімбаев)
3. Математикалық ойын Қызықты квадрат
Методикалық нұсқау. Екі командаға бірдей тапсырма беріліп, әр командадан бір-бір оқушы шақырылып, 1, 2 және 3 сандарын пайдаланып тақтадағы квадратты толтырту керек. Берілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz