Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
«Музыкалық білім беру» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка»
Орындаған
Тексерген:
Орал, 2015ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. 1 Бала өміріндегі музыканың алатын орны . . . 6
1. 2 Баланың алғашқы музыкалық талғамдарының көрінісі . . . 8
Негізгі бөлім
1. 1 Балабақшаның күнделікті өмірінде музыканың алатын орны . . . 12
1. 2 Серуен кезінде музыканы қолдану мүмкіндіктері . . . 18
1. 3 Балалар ойынында музыкамен қолдану . . . 22
2. 1 Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудегі тәрбиешінің рөлі . . . 28
2. 2 Балабақшаның күнделікті өміріндегі музыка жетекшісінің рөлі . . . 32
Практикалық бөлім
1. Музыкамен қосталынатын ойын түрлері . . . 35
2. Балалардың күнделікті өмірінде музыканы қолдану кесте үлгілері . . . 37
Қорытынды . . . 43
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 45
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Музыканың адамның рухани дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге болады?
Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Халық шаттық құшағында екен - музыка әуені де салтанатты, қуанышты, ал солдат жорықта келе жатып ән салады екен - ән оны аса бір көңілдендіріп, қадамын ширатады; ана қаза тапқан баласын жоқтап аза тұтса - мұңды дыбыстар қайғыны айтып беруге көмектеседі. Музыка - адамның өмірлік серігі.
«Қандай тамаша материал!. . осы материал негізінде халықтың ой -арнамдары мен күткен асыл үміттері туралы тамаша зерттеу жазуға болар еді ғой» деген болатын В. И. Ленин орыс шаруалары әндерінің жинағы туралы.
Н. В. Гоголь халықтың музыкалық творчествосын бейнелі сөзбен «әуенді тарих», «сыңғыраған жанды шежіре» деп атаған.
Музыкалық шығармалар тарих беттерін көз алдыңа елестетеді. Ұлы Отан соғысы күндерінде сол дәуірдін, ең тандаулы әндерінің бірі - А. Александровтың «Қасиетті соғыс» әні дүниеге келді. Ол жауды толық жеңіп шыққанға дейін шайқасуға бел байлаған совет адамдарын қайтпас қайсар, қаһарлы күреске біріктірді. Жау қыспағында қалған Ленинградта Д. Шостакович әйгілі Жетінші симфониясын жазды, Онда фашизм бойындағы қатыгез зұлымдық айыпталды. «Өзім жайында мұндай сөздер айтуды ұнатпаймын, дегенмен бұл менің ең шабытты еңбегім болды», - деп . еске түсіретін композитор. Мына сөздерді айтқан да Д. Шостаквич: «Қайғы мен қуамышта да, еңбек пен демалыста да - әрқашан да музыка адаммен бірге. Музыканың өмірге толық та етене енгені соншалық, оны бір солай болуға тиісті нәрсе сияқты, өзіміз ойланып, жатпайақ, елеп-сезінбей тыныстайтын ауа сияқты қабылданады.
Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау - бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
В. А. Сухомлинский былай деген: «Егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсе, мәдениеттің жоғары сатысына көтеріледі деген». Осы бір қағида сөздің мағынасында қаншама тәрбиелік сырлы сөз жатыр. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата - баба сұлу ән, асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой -санасын игі адамгершілікке жетелейді. Ән қанатында халық ойынның тереңдігі, шексіз қиялы, шешен тілі, берік сақталып, заманның алдын орап, кейінгі ұрпаққа таратылып келе жатыр. Осы орайға байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелік іс-шаралар көп өткізіледі.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда оқу- тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру үлгілерін көрсету, мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық тәрбие берудің әдістемесімен танысу.
Зерттеу міндеттері: Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие берудің ерекшеліктері, мектепке дейінгі музыкалық тәрбие берудің әдістемесі, балаларға музыкалық тәрбие берудің мақсаты жайында және музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары туралы түсінік беру.
Зерттеу мәселесі: Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезім. Ол өзінің көркемдігімен, нәзіктігімен сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін тигізеді. Балабақшадағы музыканы оқыту негіздерін қарастыру, қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыканың алатын орнын теориялық және практикалық тұрғыда зерттеу.
Зерттеу болжамы: мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі музыканың алатын орнын зерттеу, бұл музыканы оқытуда баланың үлгерімін, қабылдау деңгейін және музыкаға деген қызығушылығын анықтауға жеңілдік әкеледі. Балабақшада музыканы оқытудың әдістемесін пайдалану арқылы музыкалық тәрбиені тиімді әрі сапалы береді деген болжам бар.
Зерттеу нысаны: балалбақша және мектепке дейінгі балалар.
Зерттеу пәні : музыкалық білім беру.
Зерттеудің ғылыми-практикалық маңызы: бұл жұмыста мектепке дейінгі ұйымдардағы күнделікті өмірінде музыканың алытын орныны теориялық тұрғыдан сипаттама берілді. Музыкамен қосылатын ойын түрлері, күнделікті балалар ойындарында музыканы қолдану ерекшеліктері мен ойын түрлері көрсетілді. Көрсетілген ойындарды, әдістерді балабақшаның күнделікті өмірінде музыкалық білім беруде пайдалануға болады.
Зерттеу құрылымы : кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1 Бала өміріндегі музыканың алатын орны
Өсіп келе жатқан жас буын әдеби ертегілер мен бейнелеу өнері шығармаларындағы, музыка мен әуендегі, табиғаттағы, тұрмыстағы шын мәніндегі көркемдік қабылдау арқылы эстетикалық құштарлықты сезініп қана қоймай, ондай туындыларда кездесетін нәрсіздік пен көріксіздікті де ажырата біледі. Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі - музыка мен ән.
Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді.
Кәзіргі замнғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады- яғни, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыр-таза болуының кейін орнын толтыру өте киын. Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік оқшауланушылыққа ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер ақындық және музыкалық тілі де осы болады. Сондықтан да жасынан бесік жырын тындап өскен, санамақ айтып, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала көпшілік бақылауға қарағанда, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық дамыған болатындығы осыдан кейін түсінікті болады. Музыкалық даму жалпы дамуға ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді.
Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.
Балабақша өмірінің барлық жағына белсене қатыса жүріп, музыка жетекшісі ата-аналар арасында музыкалық - эстетикалық білімді белсене насихаттау тиіс. Егер ата-аналар музыкалық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін болса, олар балаларын отбасында, музыка үйірмелерінде, студияларында, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакілдерге барады, жан- жақты музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.
Музыкалық тәрбие бойынша жұмыс істейтін педагогтер жұмысының басты жетістігі барлығын бірыңғай шығармашылық командаға біріктірігіп, жұмыс жасау білігін жүзеге асыру болып табылады.
Балалар кішкене кезінен бастап отбасы - тұрмыстық және әдет -ғұрыптың әндерінің ортасында өседі. Бұл балаларға қайырымды, ілтипатты, қатынас жасау, баланың адамгершілік сезімін ояту.
1. 2 Баланың алғашқы музыкалық талғамдарының көрінісі
Ән және музыка арқылы балаларды өз Отанан шексіз сүйіп, патриотизм сезімі рухында сонымен қатар, өнерді сүю бағытында тәрбиелеу міндеті туып отыр.
Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалар әуендік естуді дамытатын үздіксіз жаттығулардың барысында қалыптасатын кейбір алғашқы биік дыбыс пен ырғақ жөніндегі түсініктермен танысады, әуеннің биіктеп - төмендеуін анықтайды, биіктігі, ұзақтығы әр түрлі дыбыстарды салыстырады, ннтервалдарды, шағын әндерді айтады. Баланың есту қабілетін үннің дұрыс шығуын үнемі бақылайды.
Балалардың мектеп жасына дейінгі шағында олардың дыбыс аппараты әлі қалыптасып бітпейді (желбезектері нәзік, таңдай қимылы шамалы, тынысы әлсіз, үстірт) және организмнің жалпы нығаюы мен жеке дауыстық бұлшық ет дейтіннің» жетілуімен қатар нығаяды.
Дауыс желбезектері толық қабыспайтындықтан және олардың тек жиектері ғана тербеліске түсетіндіктен ән үні ашық шықпай мүкіс естіледі де, мұқият болуды қажет етеді.
Бала даусын қорғау ән айтуға үйретудің дұрыс жолға қойылуын қажет етеді. Бұған балалардың жасына сай келетіндей музыкалық материалды, яғни репертуарды ойластырып, іріктеп алудың көмегі көп.
Бала даусының естілу диапазонын зерттеу репертуардық дұрыс іріктелуіне көмектеседі Ән айту диапазоны дегеніміз - дауыс жақсы естілетін ең төменгі және ең биік дыбысқа дейінгі интервалмен (аралық) айқындалатын дыбыстар көлемі.
Балалардың жасына байланысты ән айту диапазонының ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Н. Д. Орлова жұмыс істейтін диапазон деп аталатын «дыбыс шығаратын аймақты» (бірінші октавадағы ми-си дыбыстары шеңберінде) анықтады.
Е. И. Алмазов, Н. А. Метлов, Н. А. Ветлугина, А. Д. Войнова, Р. Т. Зинич, А. И. Катинене және басқалар көптеген балалардың бірінші октавадағы ре-си шамасында биігірек дыбыстарды айта алатындығына қарамастан, дәл осы шамада балалар даусының еркін, табиғи шығатынын айтып жүр.
Балабақшада музыкалық таным дамуының маңызды кезеңі - сапалы деңгейдегі сананың қалыптасуы болып табылады. Білім алудің алғашқы кезеңінде барлық балалар бірдей ақыл тоқтата қоймағандықтан, олардің мінез құлқына әліде ерекшеліктер байқалады. Олардің музыка мәдениетінің қайнар көзіне деген құштарлығы бірте-бірте пайда болады. Ән сабағының басты мақсаты:
1. Балалардың есту, ырғақ сезімдерін, даустарын қалыптастыру және алғашқы ән сабағынан бастап балалардың алдына қойылған талаптарды орындаумен қатар, жас балалалрдың дауысын бұзып алмай, сақтай білетін етіп өткізу.
2. Балаларды бір және екі дауысты әндерді музыка аспабымен және «а капелла» бәрі қосылып хормен орындағанда бәрі бір бастап, бір аяқтауға, мұнымен қатар әннің ырғағын бұзбай таза орындайтын етіп дағдыландыру.
Сабақ барысында мұғалім балаларды халық музыкасымен, әлемдегі ұлы композиторлармен таныстырады. Әр түрлі сауық кештерді өткізеді.
Балалар үшін мұндай жұмыстардың зор маңызы бар: бұл балаларға нақтылыбілім беріп, сана сезімін, сөз байлығын дамытып жетілдіреді. Сонымен қатар балалар өздерінің жастарына сай түрлі әндерді, күйлерді үйренеді, олардың музыкаға құмарлығы артады. Балаларға музыка тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру арқылы осы міндетті орындауға болады.
Эстетикалық тәрбие - мектеп балаларының әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, жақсымен жаманды байқап, творчестволық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп көркемдікқызметтік әр түріне қамтылу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі - музыка. Олай болса шығармашылық талғамын көтеріп, баланың жалпы музыкалық қабылетін дамыту керек. Музыкалық қабілетттің бірінші белгісі- музыувлық шығарманың мінездемесін, мазмұнын сезіну, естігенімен қуану, күйіну, эмоциялық әсерін көрсету. Музыка балаларды толғандырады, қабылдаушылық қабылетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, лоарды бір-бірімен салыстыра отырып ой туғызады.
Музыка қабілетінің екінші белгісі - тыңдау қабілеттілігі, неғұрлым жарқын және түсініктімузыкалық құбылыстарды салыстыру, оларға баға беру қабілеті.
Мұның өзі ең қарапайым музыкалық шығарманы тыңдап, естіп білу мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тіңдау қабілетін талап етеді. Мәселен, балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қабілеттерін бір-бірімен салыстырады, музыкалық шығарманың құрылымын, әннің бастамасын, қайырмасын, музыкалық пьесадағы үш бөлімін бір-бірімен айырады, бір-біріне қарама қарсы көркем бейнелербің айқындылығын (өлең бастамасының биязы, жұмсақ және созылыңқы сипатымен қайыырманың жігерлі, тез сипатын) байқайды.
Бара-бара балалардың өздері бір ынтасымен және орындайтын сүйікті шығармаларының қоры жинақталады, музыкалық талғамдарының алғашқы негіздері қаланады.
Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі - музыкаға деген көзқарастың көрінісі.
Бала музыканы тыңдап отырғанда көркем бейнені, әнді, аспаптық музыканы көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды.
Музыкаға жалпы бейімділіктің дамыуна қарай балалардың музыкаға деген эмоциялық көз қарасты қалыптастырып, есту қабілеті жетілдіре түседі, шығармашылық елестету пайда болады. Балалардың тербеніс-толғаныстары өзіндік эстетикалық рең алады.
Музыка баланың сезіміне тікілеі әсер ете отырып, оның моральдік бейнесін қалыптастырады. Музыканың ықпвлы кейде үгіттеуденде, нұсқауданда неғұрлым күшті болады.
Балалардың эмоциялық бейнелік мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосымша әсерленуге баулиміз.
Балалардың хормен ән салуы көп ретте тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі. Мұндайда олардың бәрі бір әсерге бөленеді. Ән айту қатысушылардың бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді. Әүенді дәл айтпайтын адам әнің жақсы айтылып, орындауынакедергі жасайды, ал ло бәрінің сәтсіздігі ретінде қабылданады. Жолдастарының үлгісі, бәрі бірдей шаттанып, қуанышты түрде орындауы-жүрексіз, батылсыз балаларды қанаттандырады. Басқа балалардың сәтті шыққан өнері ықылассыз, өр көкірек баланың жағымсыз қылықтарға бой ұруына белгілі дәрежеде кедергі жасай алады. Ондай балаға жолдастық көмек көрсетуге және оның басқадай қабілеттерін дамытуға болады. Сөйтіп музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ тұлғаның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалайды. Ән айта білу- бұл үлкен мәдениет. Біз балаларға ән айтудың өзіндік сырын, техникасын, тыныс алу кезеңдерін, дауысты жоғары көтеру сәттерін, сезімдік ерекшеліктерін түрлі сазды- танымдық, сазды-дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыруға тырысамыз.
Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды. Бала музыка әуенінің өзіндік ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры, стилі, шығу тарихы жағынан бірінші кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп талдау әдісі музыканы өңдеу, әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді.
Негізгі бөлім
1. 1 Балабақшаның күнделікті өмірінде музыканың алатын орны
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалар кызметінің негізгі түрі, оған хороводтар, сюжеттік-рольдік әндер, қимыл ойындары енуі мүмкін. Музыкалық-сенсорлық қабілеттерді дамытатын музыкалық -дидактикалық ойындар шағын бөлім етіп өз алдына бөлек көрсетілген.
Музыкалық-дербес қызмет балалардың өз ынтасымен ойынның, барысында туып, олардың өмірін қызықты мазмұнмен толықтырады.
Мерекелер мен ойын-сауықтар қатарына тәрбиешілердің творчестволық инициативасы мен балалардың белсенділігі жағдайында музыкалық -эстегикалық тәрбиенің зор міндеттерін шешетін көркем музыканың көптеген түрлері мен жанрлары енеді.
Музыканы баланың күнделікті өміріне енгізу де осы міндеттерді шешуге қызмет етеді. Тақертеңгі жаттығу кезінде, серуенге шыққанда, еңбек еткенде, ана тілі жөніндегі, табиғатпен таныстыру жөніндегі сабақтар кезінде де музықа бірге жүреді.
Музыкалық сабақтар - балаларды тәрбиелеудің, оқытудың, жетілдірудің негізгі формасы - ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жасалынған программалық талаптарға негізделеді.
Балғын шақтағы бірінші топ (1 жастағылар) . Мұндағы жұмыс программа бойынша жүйелі сабақтар ретінде жүргізіледі; оларда бүлдіршіндердің эмоциялық белсенділігі мақсатты түрде дамытылып, олардың музыкалық қызметке бұдан былайғы қатысуы үшін алғы шарттар жасалады.
Балғын шақтағы екінші топ (2 жастағылар) . Балаларға музыкалық тәрбие беру программасына музыканы тыңдау, ересектерге ілесіп ән салу, музыкаға ілесіп ойын және би қимылдарын жасау сияқты, баланың музыкадан алатын айқын әсерлеріне негізделген ең қарапайым талаптар енгізілген.
Одан кейінгі жастағылар топтары (3-7 жастағылар) . Бұл топтардағы сабақтарда балаларды оқыту программалары құрылымы жағынан бірдей және оларға мыналар қамтылған:
1) музыкалық тәрбиенің міндеттері;
2) музыкалық қызметтің жекелеген түрлері: музыка тыңдау, әнайту, балалардың музыкалық аспаптарында музыкалық-ырғақ қимылдарын келтіру және ойнау (әзірлік тобындағы және көбінесеүлкен топтардағы балалар үшін) жөніндегі программалар;
3) музыкалық қызметтің барлық түрлері бойынша (бірінші кіші топтан басқа) әр тоқсанға бөлінген репертуар.
Егер балалардың жасына қарай музыкалық тәрбиеге қойылатын міндеттерді салыстыратын болсақ, онда мыналарды атап айтуға болады:
балалардың жасына қарай бөлінген топтарда жүргізілетін жұмыстың бәрінде де бірыңғай міндеттер шешіледі, олар бірте-бірте күрделілендіріліп отырады, осы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен жетілдірудегі сабақтастық қамтамасыз етіледі.
Музыкалық қызметтің негізгі түрлерінің аясы (музыканы тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақты қимыл) ән, ойын, би творчествосы элементтерін, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауды енгізу есебінен кеңейтідеді, сөйтіп, балаларға музыкалық білім элементтерін үйретуге мүмкіндік туады.
Музыкалық тәрбие мен білім беру міндеттері оқу барысында шешіледі. Балаларға музыка туралы әңгіме айтылады, бейнелі жеткізу тәсілдерімен таныстырады, шығарманың формасына, бір-бірінен бөлектігі айқын байқалатын бөлімдері мен фразаларына олардың назарын аудартады. Балалар кеибір түсініктерді, мәселен: «музыкалық кіріспе», «бастама мен қайырма», «музыкалық фраза» тағы басқа түсініктерді ұғып, жаттап алады.
Басты міндет - музыканы, әнді, қимылдарды және аспаптарда ойнауды игеру саласындағы әрекеттерді, дағды мен шеберлікті іс жүзінде меңгеру. Егер балалар тапсырманың мән-мағынасын жақсы түсінсе, оны оңай орындайды. Мәселен, әсерлі шығуы үшін бесік жырын дауысты қатты шығармастан, асықпай, сазды орындаған жөн. Балалар бұған дағдылана отырып әннің мазмұны, музыкасының сипаты және орындалуы туралы біршама мәліметтер алады.
Музыкалық тәрбие бағытының негізгі мақсаты - баланың бойында белгілі бір деңгейдегі білім мен музыка мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, балалардың шығармашылық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету.
Бала дүниеге келгеннен бастап, ана әлдиін, халықтық музыканы құлағына сіңіріп өседі. Халықтық әуен келешек ұрпақты адалдық, тазалыққа, кең пейіл, ақжүрек болуға баулиды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру негізінде халықтың ән-күйлерін тыңдау, айтыс, жұмбақ, жаңылтпаш, музыкалық аспаптармен, би өнерімен таныстыру мақсаты көзделеді. Сонымен қатар халық музыкасы сәбидің ақыл-ойына, сезіміне әсер етіп, олардың шығармашылық қабілетін арттырады. Қазақ халқы дарындылығымен қоса таланттарға бай.
Балаларды қабілеттеріне қарай ән-би үйірмелеріне қатыстыруға көңіл бөлінеді. Музыка мұғалімдерінің алға қоятын мақсаттары - балаларға халық мұрасын үйрету. Балаларды музыка арқылы әдемілікті, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.
Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі қызмет атқара алады:
1) Қатынастық қызмет.
2) Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.
3) Жастар ойын, олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес дамыту.
4) Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т. б.
Осылардың негізінде орындалатын міндеттер:
- қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz