Өзін-өзі тану, өзіндік сана сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Өзін-өзі тану, өзіндік сана сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Өзін-өзі тану пәнінің пайда болу тарихы және білім беру жүйесіндегі ерекшеліктері
1.1 Өзін-өзі тану пәнінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Өзін-өзі тану пәнінің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. 11
2. Өзін-өзі тану, өзіндік сана сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері
2.1 Өзін-өзі тану пәнінің ғылыми әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..19
2.2 Өзін-өзі тану пәні бойынша тренингтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп отырған Бөбек қорының президенті Сара Назарбаеваның авторлық бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Бұл пәннің негізгі мақсаты, адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік менін қалыптастыру.
Зерттеудің өзектілігі.Бала - кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Мектеп-білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы Өзін-өзі пәні тану десек өте орынды.
Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Өзін-өзі тану сабақтарының өзіндік ерекшеліктерін байқататын Шаттық шеңбері, Армандайық, Өзіммен-өзім, Әңгімелесейік, сергіту сәті, сахналау, Ойын жаттығу-жүректен-жүрекке шеңбері балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.
Өзін-өзі тану сабақтарында ұсынылып отырған ойындарының басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сәңіруді көздейді.
Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмьылуға, өз өмірін мәнмен өткізуге жетелейді.
Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік сабағы-сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән.
Зерттеудің мақсаты. Өзін-өзі тану сабағында оқытудың тәсілдері, түрлері және әдістемесін көрсету. Өзін-өзі тану пәнінің балаларға берер тәрбиесінің маңызын анықтау.
Зерттеудің міндеті.
+ Сабақтарда пәннің мақсатқа сәйкес оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
+ Оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру жолдарын қарастыру;
+ Оқытудың түрлері мен тәсілдеріне назар аудару;
+ Балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, махаббат, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту;
+ Табиғат пен қоғам байлықтарына жанашырлықпен қарау;
+ Өзара сыйластық қарым-қатынастарын күшейте түсу;
+ Ынтымаққа, достыққа, бірлікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Зерттеу объектісі. Өзін-өзі тану пәні бойынша оқытудың түрлері мен әдістемесі.
Обьектіден бөліп алынған шағын мәселе. Пәннің оқыту ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу болжамы, гипотеза. Егер бастауыш мектеп жасындағы балалармен сабақта оқытудың түрлерін қолданатын болсақ, онда, болашақта саналы, парасатты, әдепті, мейірімді азамат тәрбиелеп шығаруға болады.
Зерттеу пәні. Бастауыш мектепте өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдіс- тәсілдерін, формаларын игеру.
Ғылымға пайдасы. Баланың жағымды қасиеттерін тәрбиелеу арқылы өмір сүру қабілетін қалыптастыру.
Практикаға пайдасы. Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен тұрады. Жұмыс соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1.1 Өзін-өзі тану пәнінің тарихы
Еліміз, 1991 жылы егемендік алғаннан кейін, оқу орындарында және қоғамдық ортада көптеген ұлттық бағытта өзгерістер бола бастады. Соның бір айғағы ретінде айтар болсақ, ол бүкіл үздіксіз оқу-тәрбие жүйесіне Өзін-өзі тану пәнінің енуі. Бұл пән бала-бақшадан басталып, жоғары оқу орындарына дейін енгізілген. Аталмыш пәннің авторы бәрімізге танымал С. А. Назарбаева. Оқулықтар Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру жобасы негізінде дайындалған. Бұл пән, негізінен, адами құндылықтарды игеруге жол бастаушы болады.
Өзін-өзі тану пәнінің негізгі мақсаты да адамдарға рухани-адамгершілік қасиеттерді игерту болып табылады. Ал, міндетіне келер болсақ, сол игерген қасиеттерін қоғамдық ортада толық пайдалана білу. Тәлім-тәрбиедегі орнына келер болсақ, бұл айтылған рухани-адамгершілік қасиеттерді меңгерген кез-келген адам баласы ешуақытта жамандық жасауға бармайды, әрі толық адам не тұлға болып қалыптасады. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы - адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына - ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.
Өзін-өзі тану бағдарламасының негізгі мақсаты - адамның қоршаған ортаны танып, біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру [1, 500-501-бб.]. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адамгершілік рухани тұрғыдан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. Өзін-өзі танупәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. Өзін-өзі тану пәні қазірдің өзінде мектеп оқушыларының сүйіп те, тамсанып оқитын пәндердің біріне айналып отырғаны сөзсіз.Сонда бұл пән өзгелерден несімен ерекшеленеді? Жалпы, өзін-өзі тану пәні - адамның өзін-өзі толықтай танып біліп, дұрыс жолға бет алып, жан дүниең мен сыртқы келбетіңді үндестіріп, рухани азық сыйлайтын пәндердің бірі.
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.
Сабақты өткізе отыра, балалардың өзіне деген сенімділігін нығайтып, олардың бойына имандылық қасиеттерді дарытып, жағымды ойларға бейімдейді. Ал берілген материалдар мазмұнының бала жасына лайықты, әрі қызықты болуы. Біздің ұстаздар ең бірінші балалар үшін әсерлі және ыңғайлы жағдай туғызады. Балалармен қарым-қатынастардың түрлері олардың әсерлеріне бағытталады. Себебі, бұл олардың жақсы ойларын бұзатын кейіпкерлерден аулақ етіп жақсылыққа жетелейді, өмірде табыстарға жетулеріне көмектеседі, ішкі дүниелерінің үндестікте болуын қадағалайды, ешқандай да материалдық жақсы жағдайлар қуаныш пен бақыт әкелмейтініне көздерін жеткізеді. ХХІ ғасырда көтеріліп отырған Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол - халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану - адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімі - ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі [2, 405-б.].
Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар - ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ. Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі - білім, екіншісі - сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты- әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.
Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Осы кезде біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты - әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.
Осыларды ескере отырып, еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері, Өзін-өзі тану бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді. Өзін-өзі тану пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану - адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны деген болатын, қазіргі біздің Өзін-өзі тану пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес. Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс, яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше [3, 112-б.].
Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. Өзін-өзі тану пәні жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарында, азаматтылығыңды дәлелдеуге итермелейді.
Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани-адамгершілік білім беруде тиімді қолдану - Өзін-өзі тану пәні бастауы бұрыннан болған, біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге болады. Оқулықтардағы оқу материалдарының бәрі де өздерін қызықтыратындай мәтіндерден құрастырылып, тақырыптық жүйе жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталған.
Жас ұрпақ оқулықтардағы берілген мәтіндерді ден қойып, зор ынтамен оқыр болса, талай мәселе төңірегінде ой түйеді. Адами қарым- қатынастағы әр қилы сұрақтарға жауап таба алады. Шығармашылық тұрғыда үлкен ыждағатпен жасалған әр істері өздеріне табыс әкелері сөзсіз. Олай болса, қолдарындағы ұстаған бұл оқулықтардың нәрімен сусындап, ерінбей еңбектене берсін.
Өзін-өзі тану пәнінің барлық оқулықтарында берілген бүкіл білім мазмұны жастарды ізгілік еліне жетелеп, таным шаттығымен шыңдай береді.
1.2 Өзін-өзі тану пәнінің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктері
Бастауыш, негізгі орта, жалпы негізгі орта білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, Өзін-өзі тану пәні бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарына арналған оқу бағдарламалары бекітілді.
Өзін-өзі тану пәнін оқу үдерісіне енгізуді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында медиа-жоспар әзірленді, осыған орай облыстық телеарналарда рухани-адамгершілік білім бойынша телехабарлар ашылды, Самопознание.KZ республикалық ғылыми-әдістемелік журналы басылып шығарылады.
2010 жылы Қостанай қаласында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізілді, онда эксперимент қорытындылары жасалынып, Өзін-өзі тану пәнін оқыту және оны білім жүйесіне енгізуге даярлау бойынша ұсынымдар дайындалды [1].
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын Бөбек қорының президенті С.Назарбаеваның Өзін-өзі тану авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.
Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.
Осы орайда Өзін-өзі тану пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.
Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық - адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына - жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.
Әр бала - керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі, - деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі Өзін-өзі тану пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі [2].
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.
Осы тұрғыдан келгенде еліміздің бірқатар мектептерінaде тәжірибеден өтіп жатқан өзін-өзі тану пәнінің оқыту мен тәрбие үрдісіндегі орны өзгеше. Оның өзгеше болатын себебі, бұл пәннің мазмұнын мектептегі басқа пәндердегідей ғылыми тұрғыдағы білім негіздері емес, керісінше руханилық бағдардағы тәрбиелік мәнді ұғымдар, оқушылардың өзіндік Менін қалыптастыруға ықпал ететіндей дәрежедегі адамгершілік құндылықтар қамтиды.
Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқыту үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастау алып, үздіксіз білім беру жүйесін тұтас қамтитын және болашақ 12 жылдық білім беру жүйесіне негізгі пәндердің бірі ретінде ендірілгелі отырған Өзін-өзі тану мен мазмұндық өзегі өзара өрімделген Қазақ әдебиеті пәндерін ықпалдастыру тиімді деп санауға болады.
Қазіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция яғни салалас пәндердің өзара ықпалдасуы олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық, лингво-семантикалық және жалпыпедагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді. Кіріктірілген пәндердің өзара байланысын төмендегідей белгілеріне қарай сипаттауға болады:
- ықпалдасу негізділігінің пәндік мазмұнға, оқыту нысаны мен әдістеріне сәйкестігі;
- білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі;
- оқушылардың компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет [3].
Рухани-адамгершілік білім берудің негізгі мақсаты - үйлесімді дамыған және бойында адамгершілік қасиеттері бар оқушы тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Мониторинг Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру туралы ақпаратты үздіксіз жинау және өңдеу жүйесі ретінде:
оқу үдерісінің тиімділгін көтеру үшін басқару шешімдерін қабылдауға;
өзін-өзі тану бойынша білім стандарттарын және оқу-әдістемелік кешендерін жетілдіру мен дамытуға;
өзін-өзі танудың оқушы тұлғасының рухани-адамгершілік қалыптасуына әсерінің тиімділік дәрежесін анықтауға бағытталған.
Оқу үдерісін үздіксіз, ұзақ уақыттық бақылау және оны педагогикада басқару мониторинг деп аталады. Мониторинг - бұл нәтижені бақылау емес, іс-әрекет барысын, оның даму динамикасының тенденцияларын анықтау. Мониторинг Өзін-өзі тану пәнін енгізу бойынша эксперименттің толық жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады және өз алдына білім үдерісін қадағалайтын байқау жүйесін көрсетеді.
Өзін-өзі тану пәнінің мониторинг мақсаты - оқушылардың шынайы оқу жетістіктерін және жеке тұлғалық мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Дәстүрлі түрде оқу және тұлғалық жетістіктер мониторингі үш аспектіде қарастырылады, мотивациялық аспект мінез-құлықтыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz