Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Ойын-сауықтардың балалар өміріндегі
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...6
1.2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3. Ойын-сауықтардағы музыканың орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1 Ойын-сауықтардың түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
6
2.2 Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты сауықтыру кештерін
ұйымдастыру

... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Бала шығармашылығын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.4 Ойын-сауық сценарийлерін құру
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.5 Ойын-сауықтарды
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..39
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Бүгінгі таңда тәлім-тәрбие беріп жатқан
бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай
сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген
азамат болып өсіп жетілуі қажет. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ
жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, балалардың білікті
болуында ойынның алатын орны ерекше.
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне
сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген болатын. Сондықтан
да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру
мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар
жүрері анық. Баланы жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа, әсіресе
мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету
ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-бір қасиетті міндеті.
Ойын – сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін, өнерлі балаларды
қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқу, ән
айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға тәрбиелейді. Жыл сайын
өтілетін қалалық, аймақтық, балалар шығармашылығы байқауына өнерлі
балаларды қытыстырамыз , болашақ жас әншілік қадамына жол көрсетеміз.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан
да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап,
ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,
А.С.Макаренко былай деп жазады: Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста
да көп жағынан ұқсас болады, сондықтан келешек қайраткер азаматты
тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да
жоқ және болуы да мүмкін емес, - деп айтқан В.А.Сухомлинский.
Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен
ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай
деп атап көрсетті: Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру –
оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның
өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала
мұндаа өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді.
Ойын – сауық мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі,
оған хороводтар, сюжеттік-рөлдік әндер, қимыл ойындары енеді.
Зерттеу мәселесі: мектепке дейінгі балаларға ойын-сауықтар
ұйымдастырудың тәрбиелік маңызын және ойынның бала өміріндегі рөлін ашып
көрсету.
Зерттеу болжамы: Қазақ халқында Баланы ойын өсіреді деген даналық
сөз бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Сондықтан оқу, тәрбие ісінде ойындарды
қолданса, баланың дүниетанымы қалыптасып, қиялы шыңдалып, зейіні қалыптаса
отырып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.
Зерттеу пәні: Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтар
репертуарының сипаттамасы
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі кішкентай, орта, ересек балалары
Зерттеу мақсаты: Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің
даму барысын зерттеу.
Зерттеу міндеті:
➢ Мектепке дейінгі мекемелерде ойындарды үйрету арқылы өз Отанын,
елін, жерін сүйетін, жан-жақты қалыптасқан парасатты азамат
тәрбиелеу;
➢ Мектепке дейінгі мекемеде балаларға ойындар үйретудің әдістері
мен тәсілдерін меңгерту;
➢ Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолдана білудің маңызы туралы
түсінік беру.
Зерттеу көздері: мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы
тәрбиесі.
Зерттеу әдістері: ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеу кезеңдері: мектепке дейінгі балалар (кішкентай, орта және
ересек топтағы балалар).
Ғылыми жаңалық:
1. Балалар өміріндегі ойынның маңызы мен түрлеріне теориялық
тұрғыда сипаттама беру;
2. Ойындардың түрлерімен таныстырылды және отбасы тәрбиесінде
ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері анықталып
зерделенді,
3. Бала мен ата–ана және балабақшада қарым–қатынасының тәрбиелік
ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
4. Балалар ойындарының тәрбиелік мәні теориялық және практикалық
тұрғыдан зерттелінді.
Тәжірибе маңызы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата–аналармен
жұмысында, іс – шараларында қолдануға болады. Балалардың ойлау, есте сақтау
қабілетін нығайтуда үйретілген ойындарды пайдалануға болады.
2. Ойын-сауықтардың балалар өміріндегі маңызы
Ойын-сауық — тәжiрибе мен тәсiлдiң еркiндiгi, тапқырлық пен болжамның
қиылысатын шебi, мұрат пен меженiң тоғысқан шеңберi. Жарыссыз ойын, ойынсыз
әзiл-қалжың бола бермейдi. Ойын-сауық қара күш көрсететiн озбырлық немесе
бiреудiң намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтiмдiлiгi мен сөз өткiрлiгi,
күш пен қабiлет ашық сайысатын ортада көрiнiп, дiлмарлар, шешендер,
шеберлер өз мәртебесiн мойындатып жатады. Ойын серiктестi таба бiлуге,
онымен тiл табысуға үйретедi. Ойында адам қарсыласының олқы жән оң жақтарын
дұрыс анықтауға ерекше мән бередi, оның күш-қабiлетiн тура бағалау
ережесiне ередi. Ойнаушы бәсекесi мол қарым-қатынастың тәртiбiне жүгiнедi.
Әр ойынның өз тәртiбi, тәсiлi және тәжiрибесi бар. Сол тәртiп, тәсiл,
тәжiрибенi бiлген адам тезiрек қалыптасады, жан-жақты жетiледi. Ойын -
адамның қабiлет-қасиетiн ширататын, шымырлататын жүйелi iс-әрекеттiң
көрiнiсi.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі
түсінікті болады. Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау
қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып,
бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа,
қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін
сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін
ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор
екенін көрсеткен. Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға,
ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы
уақытта ғана көрінетін дәлелдер.
Психолог А.С.Выготский: бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне
қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты
көрінеді - дейді.
Я.А.Каменский ойынды рухани және дененің даму қозғалысы - деді.
Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс
дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар
ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең
қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген
құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін
арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға
қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен
ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға
қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ұлттық ойын жарыстарында денсаулықты сақтау жолы да, өзiн-өзi қорғау
амалдары да айқын. Денсаулықты сақтаудың шарты — дененi шынықтыратын
қозғалыс пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын реттеуде, рухты
жоғары ұстай бiлуде.
Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған. Мамандар
қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:
1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау,
сиқырлы таяқ, бақай пiстi, жылмаң т.б.;
2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-
түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;
3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрiк
жасырмақ, түйiлген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.
4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек,
шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.
Ойын-сауық — ақыл мен жiгердiң тартысы, қозғалыстағының таласы мен
жарысуы, мықтылар мен ептiлердiң жеңiсi:
- жарысқандардың әңгiмелесiп желпiнуi, әндетiп серпiлуi, әсемдене
есеюi;
- әзiл-әңгiмесi мен әдебi жарасқандардың сәндiлiгi мен сенiмдiлiгi;
- тапқырлықтың алданышы, қуанышы, жұбанышы, ептiлiктi үйрену,
батылдықпен үйлесу, қайсарлықты үйрету;
- нақты мақсатқа ұмтылу, жүйелi әрекеттi ұйымдастыру, тиiмдi әдiстi
ұтымды пайдалану.
Ойын-сауық - жамағаттың белдесуi, бәсекелесуi, бауырласуы немесе
айтысуы, аңдысуы, айқасуы. Ойын-сауық шабуылдан қорғану, шабытты қолдану,
жеңiмпаздармен қолтықтасу. Сауықшылар күштiлермен көршiлес, ептi
өнегелiлермен қоныстас, жанашырларға тiлектес, өз ортасымен тағдырлас
болады. Мұндай адамдық бәсекелi қатынаста тазалық, тұралық, татулық жоғары
бағаланады. Өмiр сүрудiң қолайлы, дәстүрлi, тартымды, өтiмдi жолдары
уағыздалады. Өнерлiлер тiршiлiктiң иесiне, құндылықтың көзiне айналады. Өзi
мен ұрпақтың байлығын арттырған өнерлiден әркiм үйренедi, өз қуатына
икемсiз жаманнан тез жиренедi.
Ойын-сауық жарыссыз, бәйгесiз қызбайды. Жарыс — ой мен сөздiң, мiнез
бен қимыл-әрекеттiң жарысы, үмiт пен үлгiнiң жарысы. Бәйге бас қостыратын,
өнер жарыстыратын, үлкен мен кiшiнi, алыс пен жақынды табыстыратын үлкен
оқиға. Бәйге — Тәңiр мен ата-баба аруағын дәрiптейтiн халықтық мерекенiң
оттығы. Бәсекенiң қан қыздырар бiр түрi — жiгiттер сайысы. Оған аударыспақ,
күрес, ат жарысы, көкпар жатады.
Салттық рәсiмнiң төлтумасы — адамды сыйлауда, сауық құруда, ел
қыдыруда. Сыйлау адамның өзiне, iсiне деген сенiмiн арттырады. Сауықта адам
өз мiнез-құлқын бақылауды үйренедi. Ел қыдырып, жүрiс-тұрысын да ширатады.
Адамның өресiн көтерген және көтеретiн бұл бастамалар — а) жарық дүниенiң
бiрлескен, дамыған жағын; б) мәдениеттiң өзiндiк, шығыстық-көшпелi түрiн;
в) қоғамдық өмiрдiң ерекше жетiлген көрiнiсiн құрайды. Үштiк нұсқалар
тоғысқан сайын қоғамдық құрылым мен қатынаста халықтық ықпал, халықтық
дәстүр маңызын үстемелейдi. Халық ақсүйектерге, сұлтандарға, қажыларға, хан
тұқымдарына арқа сүйейдi. Бiрақ олардың бұйрығынан гөрi, би-шешендердiң
сөзi, өнерпаздардың өнегесi анағұрлым өтiмдiрек болады. Соңғылардың тiлi,
дұниетанымы және дүние сезiмi кезкелген тыңдаушыларын бей-жай қалдырмайды.
Ойын-сауық адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл
табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұны етуге, жеңiске
жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi
әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту
болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың
өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра
түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие
жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген
ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
- ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың
әсер ету сипаты;
- жеке оқыту маңызының артуы;
- оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық
ізденіске ұмтылуы, т.б.
1.2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын рөлі
Ойын ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі
басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын
әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
-коррекциялық (өзін-өзі түзету);
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету
болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген
сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік
ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі
бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де
дамытады.
Мектепке дейінгі балалардың негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын
және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл
балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады.
Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай
компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары,
ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы
барлық өзара байланыстар.
Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық
ойындарға деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г.А.Кулагина зерттеу
үдерісінде ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі
өзіндік формаға ие болатындығын анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз
бетінше іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша
көзқараспен қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, байланыстарды орнату,
жекелеген құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу
сияқтылардың барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны мектеп оқушыларын
жылдам және шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік жадыларының
даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік береді.
Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады,
осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады.
(К.А.Родкин). Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі
құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу
үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап,
қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:
а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика
сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. (Г.А.Ляпина, М.В.Стронин және
т.б.);
б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік
жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің
ұлғаюына мүмкіндік береді. (Е.Енгабаева, А.А.Баранов, Г.А.Ляпина);
в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын
үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық
пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (Ю.П.Азаров, О.С.Кель,
В.Н.Терский);
г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып
табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік
береді. (А.А.Баранов, В.И.Иванова).
Әдебиеттерді шолу мен тәжірибелік сараптамалық жұмыстар дидактикалық
ойындардың барынша әралуандығын айқындады.
Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу
тапсырмаларына барынша назар аудару, және мектеп оқушыларын зерттеу
элементтеріне ие іс-әрекетке тарту болып табылады. Мұндай тапсырмаларды
орындау үрдісінде оқушылар бірқатар логикалық операцияларды жүргізеді,
танымдық іс-әрекеттің аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді. Мұндай
дидактикалық ойындар ізденгіштік деп аталады.
Жекелеген дидактикалық ойындар мектеп оқушысын дербестікке баули
отырып оны шығармашылық жұмысқа итермелейді. Себеп-салдарлық байланыстар
мен тәуелділіктерді айқындау кезінде мектеп оқушысы өзінің танымдық іс-
әрекетінің мазмұнына тереңдей отырып, зерттелуші құбылыстың бірқатар
қырларын дербес ашу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай дидактикалық ойындарды
біз шығармашылық ойындар деп атадық. Бірқатар шығармашылық-дидактикалық
ойындар мектеп оқушысының суырып салмалылығын іске қосады. Мұндай ойындарды
біз рольдік элементтері бар шығармашылық ойындар деп атадық. Тәжірибе
нәтижелері шығармашылық ойындарды сабақ-мерекелерде сабақ-жарыс, сабақ-
суырып салушылық, сабақ-саяхат тәрізді белгілі пәннің оқу материалдарынан
тұратын үш түрінде пайдаланудың барынша мақсатқа сәйкес екендігін
көрсетеді. Түрткі ретіндегі қызметті дидактикалық ойындар орындайды. Ойын
ситуацияларының эмоциональдылығы барлық мектеп оқушыларының белсенді
қатысуына түрткі болады.
1.3. Ойын-сауықтардағы музыканың орны
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде
дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка
үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән
беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау,
дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне
қызығушылығы арта түседі.
Ән баламен ойын - сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде,
билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген
құштарлығы арта түседі. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау,
балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс - әрекет
түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.
Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде музыкалық - дидактикалық ойындарды
жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл - күйіне, динамикалық
реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға
тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата - аналармен бірге қатыстырудың
мәні зор. Бұл баланың өзіне - өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын
шыңдайды.
Музыкалық - ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық
аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға
үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.
Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын - сауықтардың, сахналық қойылымдардың
кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне
жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.
Қазіргі оқу - тәрбие жұмысын жан - жақты дамыту мақсатындағы басты
міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан
ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс - салтына, әдет - ғұрпына, ұлттық
дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу.
Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби - музыкалық кештер өткізу де
бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да
пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе
әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек
талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін
түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді.
Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін
тауып, дамытуға жол ашады.
Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен
әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық
қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал
азамат болып өсері сөзсіз.
Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң
басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың
айғағы. Ойын-сауықта жалғыздық сезiм, арам ниет адамды билей алмады, ойыншы
үнемi iзденiсте болады. Ондағы құдiрет -өнерпаздық, өзара түсiнiстiк және
келiсiмге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдiретке тәнтi болған,
сол құндылыққа жетудiң мүмкiндiгiн арнайы және үнемi iздестiрумен
әуреленген.
Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге
қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала
тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын арттыру;
- елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге
араласуына талпынысын тәрбиелеу.
Ойын-сауықтар өткізудің мазмұны:
Балалармен бірге мемлекеттік, жалпыұлттық мерекелерді атап өту:
Білім күні. Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі – Көп тілде
сөйлей білеміз. Қазақстан Республикасының күні – Еліміздің туған күні.
Тәуелсіздік күні – Еркіндік күні. Жаңа Жыл. 8 Наурыз – Аналар мерекесі.
Наурыз – Көктем мерекесі. Күлкі күні – Күлейікші шаттана. Қазақстан
халықтарының бірлігі күні – Достық күні. Жеңіс күні. Балаларды қорғау
күні.Ойын-сауықтарға қатысуға белсенділігін арттыру.
Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер
мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.
Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын
мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін
қолдау.
Ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқуға,
ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін сомдауға қатысуға
талпыныстарын қалыптастыру.
Өз қолдарынан туысқандары мен балабақша қызметкерлеріне арнап сый-
сияпаттар мен мерекелік шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей
бұйымдарын жасауға талпыныстарын қалыптастыру. Үлкендерді мерекемен
құттықтауға үйрету.
Спорттық ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып,
түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен
шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.
Үлкендер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру
(қуыршақ театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері,
ертегі, телебағдарламалар мен мультфильмдер көру).
Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән
байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін
арттыру.
Негізгі бөлім
2.1 Ойын-сауықтардың түрлері
В. А. Сухомлинский былай деген: Егер сәби шақта музыкалық шығарманың
әсемдігін жүрекке жеткізе білсе, мәдениеттің жоғары сатысына көтеріледі
деген
Осы бір қағида сөздің мағынасында қаншама тәрбиелік сырлы сөз жатыр.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата – баба сұлу ән, асыл сөздің
кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой –санасын игі адамгершілікке жетелейді.
Ән қанатында халық ойынның тереңдігі, шексіз қиялы, шешен тілі, берік
сақталып, заманның алдын орап, кейінгі ұрпаққа таратылып келе жатыр.
Осы орайға байланысты балабақшада тәрбиелік іс-шаралар көп өткізіледі.
Гүлдер балабақшасында жыл бойына өтілетін Әнші балапан, Даусыңнан
айналайын, Әнші болғым келеді атты балалар шығармашылығын шыңдап, жас
әншілер таңдауын жасап, қалалық мерекелік іс-шараларға қатыстырады.
Балабақшада мерекелер мен ойын – сауықтарға қызығушылығымен оған
қатысуға ынтасын арттыру арқылы елжандылық пен азаматтық сезімдерін
қалыптастырып, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті
болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана
білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар
берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойын арқылы өткізуг еболады.
Ұйқасын тап, Сиқырлы қоржын, Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде де ролдік
,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі
балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу
мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып
табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету
болып табылады. Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып
алушы әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен
оқытушының әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді
бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне
пайдалануға болады.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.
Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу
құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар
көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын
ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.
Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға
тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді
ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың,
ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға
ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар
ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны
қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-
әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді
ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір
жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы
болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде
көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы:
Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші
балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін
дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін
білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында
жиі қолданады.
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда
негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы
үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір
құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де
көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында
бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады.
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге
асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір
сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен
қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты
тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де,
ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра
алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын
барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
2.2 Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты сауықтыру
кештерін ұйымдастыру
Кішкентайлар тобына ойындар ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері. Алғашқыда
тәрбиеші баланы қолына алып билейді. Ал жүре бастаған кезде оларды қолынан
ұстап, әуенге жетелейді, қолдарын бұлғайды, алақандарын соғады.
2-3 жаста бала ойын, би жаттығулар үйренуде үлкендерге еліктеп, қосыла
әрекет етуге талпынады. Балалардың белсенділігін арттырып, ынтасын ояту
мақсатында музыка қостауымен алуан түрлі ойын тәсілдері ойыншықтар
қолданылады. Мысалы, Бізге қонаққа қонжық келді, қоян келді, т.б. сонымен
қатар музыкаға жалаушалар, орамалдарды сермейді, былғайды. Педагог секірме
билерді, ойынды өзі орындап көрсеткен соң, билегісі келген балаларды өзімен
бірге ортаға шақырады. Мысалы: Е. Хасанғалиев Соқыр теке ойынында балалар
жасырынады, тәрбиеші тауып алады. Одан соң балаларды ортаға билеуге
шақырады.
Жыл соңында балғын жастағы балалар бірқалыпты секірме би ырғағындағы
музыкаларға еліктеп, ойын әрекеттеріне әсермен жауап бере білуі тиіс.
Екі жастағы балалар музыкаға журе, жүгіре, жасырынбақ оймай, әр түрлі
ойыншықтарды қозғап билей білуі, би әуендеріне қарапайым қимылдарды көрсете
білулері қажет.
4-5 жастағы балаларға музыкалық -ырғақтық қимылдарды үйретудің басты
методикалық әдісі- педагогтың қысқаша түсінік беруі аркылы айқын да дол,
мәнерлеп орындап көрсетуі. Берілген тапсырманың күрделілігіне дардылардың
меңгерілу дәрежесіне, репертуарды игеру уақытына байланысты әдістемелік
тәсілдедің түрі өзгеріп отырады. Балаларға берілген тапсырманың түсінікті
болуы, өздері орындай алуы, қандай кезде ересектердің қызметі қажет
екендігін педагог күні бұрын ойластыруы қажет. Мысалы: Б.Ғизатов Төлдер,
немесе А. Филлиппенконың Мы на луг ходили ойны, қоян туралы, оның қалғып
отырғаны, балалардың сыбызғы, барабанда ойнап оятқаны, мазмұны тартымды,
балаларды мәнерлі қимыл ойлап табуға ынталандырады.
Ересек балалар үшін бағдарламада оқу аралығындағы ойындар көзделген.
Олардың мақсаты – балалардың қысқа ғана (8-10минут) тынығуы, бірақ ол
ойында тым көп қимыл белсенділігін талап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz