Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Мектепке дейінгі балалардың таным процесін
ойын әрекеті арқылы дамыту
1.1. Баланың таным процесін дамытудағы ойынның
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық
белсенділігін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .8
1.3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . .12
ІІ тарау. Мектепке дейінгі балалардың таным үрдісін дамытуға арналған
ойындар
2.1. Ойын арқылы балалардың психологиясын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ...22
2.2. Қызықты ойындар арқылы таным үрдісін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..36

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-
жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.
Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін
ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны
ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің
түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен
өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын
проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б.
салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы балалар білім
алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.
Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- Ойын – сауық;
- Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
- Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
- Коррекциялық (өзін-өзі түзету);
- Әлеуметтендіру.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы
балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның
нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін
жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін
қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы,
бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр баланың жеке
әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз
қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық
ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар балаларды жан-жақты дамытып,
білімді толық игеруіне көмектеседі.
Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой-өрісін
қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден-бір құрал болып есептеледі.
Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен
бірге халықтың салт-дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді. Осы
мәселені шешу мақсатында, мен зерттеу жұмысымның тақырыбын Мектепке
дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдары деп
алдым.
Ойын балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын
балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын
кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық
бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке,
әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін балабақшада тиімді пайдалана
білу әдіскердің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік
меңгеруіне көмектеседі.
Зерттеу мәселесі: Мектепке дейінгі балалардың ойын әрекеті арқылы
таным процесін дамыту ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеу болжамы: Егер де, әдіскер балаларға оқу-тәрбие үрдісінде
дидактикалық дамытушылық және т.б. ойындарды пайдаланып, олардың танымдық
белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда балалардың оқуға
деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін
дамытуға болар еді.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын
арқылы дамытудың ұтымды жолдары.
Зерттеу объектісі: Жеке тұлғаны дамытуда оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын
арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету.
Зерттеудің міндеті:
1. Балалардың тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-
педагогикалық мәнін талдау, саралау;
2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойынның түрлері мен
психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
3. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану
жолдарын көрсету;
4. Балалардың логикалық ойын дамытудағы ойынның рөлін көрсету.
5. Балалардың тілін дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсетіп,
ұсыныстар жасау.
Зерттеу көздері: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеті арқылы
таным процесін дамытуға арналған әдістер мен ғалымдардың айтқан пікірлері.
Зерттеу әдістемесі: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар,
өткізілетін іс-шараларды зерделеу, ойындар, табиғи эксперименттерді, тәрбие
сағаттары.
Зерттеу кезеңдері: Мектепке дейінгі шақ.
Ғылыми жаңалық:
- Мектепке дейінгі балалардың таныс үрдісін ойын әрекеті арқылы
дамыту ерекшеліктері туралы түісінік берілді;
- Ойын әрекеті арқылы таным үрдісін дамытудың ерекшеліктеріне
сипаттама берілді.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.
Зерттеу базасы: Айгөлек балабақшасы
Зерттеу құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Мектепке дейінгі балалардың таным процесін
ойын әрекеті арқылы дамыту
1.1. Баланың таным процесін дамытудағы ойынның рөлі.
Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп,
жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы
дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге,
шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет,
шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс
дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар
ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең
қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген
құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін
арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға
қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде баланың өз бетімен
ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға
қатысқан әр баланығ алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды
жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін
тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Балалар әрекет үстінде өзін-өзі еркін
ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық
сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту
болса, әдіскердің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып балалардың
өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра
түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие
жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген
ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
- ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың
әсер ету сипаты;
- жеке оқыту маңызының артуы;
- оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық
ізденіске ұмтылуы, т.б.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі
күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен
мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі
қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш
ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз,
ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен
атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта
аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ,
ел іргесі сөгілмек емес.
Балаларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша
жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда
жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту
барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы
балалардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы балаларға шешендік сөздерді үйретіп,
олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.

1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық
белсенділігін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол
танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.
Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде
анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының
ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру
жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген
білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және
тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс
-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы
шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары
психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.
Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс
болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар
бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста
болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең
алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.
Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана
заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар
себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті
болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш
жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі,
оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады
Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы
және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету
сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке
қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану- бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы,
адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.
Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың
танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі
болатын ойындар ұйымдастыру қажет.
Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы
өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс
жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың
ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті
шыңдалады.
Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады.
Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс
түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық
ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға,
салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балалардың қызығушылығын арттыруда,
танымдық қабілеттерін дамытуда мақсатым:
-балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту
-қиялдарын ұштау
-тапқырлыққа жетелеу
-қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.
Міндеттер
-балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету
-логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру
-балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына
жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс
-әрекетін ұйымдастырудың мынандай:
Заңдылықтар, Нені отырғызу керек? Нені орналастырсам екен?
Сыңарын табыңдар? Әзіл жұмбақтар Логикалық есептер.
Пішінді орналастыр логикалық ойын түрлерін айтуға болады.
Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың
білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.
Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың
негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде
нақты –бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды
даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға
жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.
Дәлеледеу үшін бала тиісті жүйе – логикалық ойлануға сүйенеді –дейді
Ғ. Жолтаева.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым
математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек
қателеспейміз..Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.
Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың
жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік
қасиеттер, ақыл –ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең
негізгі кезеңі болып табылады.
Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес,
танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау,
ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.
Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың
бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және
ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай
дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау
үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық
амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу
әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: Ойлау- жанның өте бір
қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың
ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек -деген.
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша
айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл
–ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.
Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал
дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.
Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология
мен логиканың орны ерекше.
Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму,
қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын
қарастырса логика –бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын
айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым,
дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.
Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу
ойлаудың білім мен тікелей байланысты екенін айқындайды.
Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой
- өрісін іс – қимылын жан – жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.
Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың
алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық
пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың,
қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың
нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды,
логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі
қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық
ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз
анықталады.
Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге,
өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді.

1.3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін
арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал
бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни
ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл
болмақ.
Ойын- дегеніміз не?Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке,
сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру
ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың
маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа
деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті
болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана
білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар
берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. Ұйқасын
тап, Сиқырлы қоржын, Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды
қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде
елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті-
рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің
сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып
табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы
әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының
әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады.
Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге
ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас
ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын.
Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін
жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа
сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын
түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады.
Мысалы : Қуыршаққа қонаққа бару, Мен кіммін, Қуршақты киіндіреміз,
Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша қой деген секілді ойын түрлерін
қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай
таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында
пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың
шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың
тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: Телефон ойынында
диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың
оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып
табылады.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.
Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар
бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан
бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен
ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.
Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға
тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді
ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың,
ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға
ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар
ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны
қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-
әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді
ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір
жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы
болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде
көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы:
Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші
балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін
дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін
білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында
жиі қолданады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,
оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-
тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала
тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны
сөзсіз
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда
негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы
үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір
құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де
көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында
бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады.
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге
асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір
сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен
қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты
тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де,
ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра
алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын
барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-
рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар,
ұлттық ойындар болып бөлінеді.
5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни
тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту.
Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің
бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл-ой
тәрбиесінің бұл acпектісі баланың ойлау операциясының, танымдық
процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6-7 жастағы
баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен
баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар
С.Л. Рубинштейн, Д.П. Годовикова, Т.А. Куликова, А.И. Сорокинаның
еңбектерінде 6-7 жастагы балалардың білуге құштарлығының, танымдық
қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық
белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А.П.Усова өзінің
Балабақшадағы оқыту атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу
әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген
теориясын басшылыққа алуды ұсынады.
6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы
педогогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты.
Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім
берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға,
практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруга ерекше көңіл бөлуде.
Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап,
дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша
педагогі өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және
кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 6-7 жастағы балалардың
психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген
қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік iшкі позициясы қалыптасып
және екі қажеттілігі; eкіншісі белгілі бip әлеуметік қатынасқа байланысты
қажеттілігі.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог-тәрбиешімен,
ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай
жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп
оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін
таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс
бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан
осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін жүргізу қажет.
Тәрбиеші - педагог - мектепалды жастағы балалардың танымдық,
белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipri таңда
мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде
шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып
отыр.
Сонымен бipre, оқушылардың танып, білуге, қабілетін дамытуға, өз
пікірін еркін айтуға шығармашылығын дамыту арқылы icкe асырылады.
Сыныптан тыс жұмыстарды көптеп қатыстыруға, ойландыруға мүмкіндік
туады. Оқушылар мен студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында
танымдық ойындар колданудың маңызы зор.
Ойын дегенміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін
көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты,
ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің,
көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің
қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы
істер туындап өрбитінін байқаймыз.Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз.
Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б
ғана тәрбиелеп қоймайды, оныц ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің
қалыптасуына, eceйіп ecyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан
өмірдің eciгiн ашып, оньң шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық
қасиеттерін дамытады.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты
дамуы да жоқ. және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен
жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен
ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын,
білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған
мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп
отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін
ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді-
деп қарастырады.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес,
философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі
саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-
танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз
тізбек, крассворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер,
тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене
түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін
шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген
сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-
қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды
мәдени игіліктердің бipi- ұлт ойындары.
Ойын да халық педагогикасының құрамды бip бөлігі. Адам баласы жасаған
жеті кереметтің қатарына ceгізінші eтiп, осы ойынның аталып жүруі де жайдан-
жай емес. Ұлттық ойындар халықтың элеуметтік- экономикалық жағдайларына
байланысты туып, дамығанына қазақ, халқының ұлттык, ойындарымен таныса
отырып, көзімізден әбден жетеді.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай әр алуан болып келеді.
Дегенмен халық ойының неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны ic
жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді.
Уакыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әpi
озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмipre әзірлеу секілді жауапты
міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз
ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін Тауына қарай аңы,
заманына қарай заңы деп тауып айтқан. Еңселі ел болып, ана тілін,
атасалтын, дәстүрін қайта түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тіл заңы және
тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпак;
тәрбие л еуді талап етуде.
Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу тәрбие
жұмысына шығармашылықпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Ойын технологиясын ұйымдастыру арқылы өзін өзі дамыту жолдары
Сюжеттік-рөлдік ойынның мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту
Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Бала дамуындағы ойыншықтардың маңызы. Педагогикалық көркемдік құндылығы
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық мәселелері
Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту құралы
Пәндер