Балалардың экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие жолдарын анықтау
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген саналы
қатынаста тәрбиелеу
1.1. Баланың табиғатқа деген ынтызарлық сезімін
ояту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Табиғат және қоршаған орта арқылы мектеп жасына дейінгі
балалардың эстетикалық талғамын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
II. Мектепке дейінгі ересек балаларды жергілікті өлкенің табиғатын зерттеу
әдістеріне үйрету
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ..23
2.2. Серуен жасау арқылы балаларды табиғатқа деген саналы
қатынасқа
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...36
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-
тәрбие жұмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім
деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық
бірлігінде" - деп аталатын еңбегінде: "... елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын
қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір
адам бала кезінен: Қазақстаным - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені
сияқты мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп
өсетіндей істеген жөн- деп көрсетті.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаның заттары мен
құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде
түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері
қаланады. Сондай-ақ табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып,
берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етуде
баланың дүниетанымы кеңейіп, тереңделіп, толықтырылады.
“Жаста білген, басқа сіңген тәлімнің,
Өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас”, – деп классик жазушы Илияс
Жансүгіров айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын,
ұлттық сезім нышандары, сөз өнері баланың болашақ шамшырағына айналып,
рухани байлығын кеңейтуге жол ашады.
Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская,
Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше.
Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын
негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой
толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев,
Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов,
М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.
Атап айтқанда: Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков,
Ж.Б.Шілдебаев т.б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім - біліктері
мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө.Т.Танабаев,
С.Әбубәкіров, Қ.Нұрланова, З.Серікқалиұлы, Д.Н.Сарыбеков, К.Ж.Бұзаубақова,
Г.К.Құрманбаева, М.А.Лигай, А.Болтаев, Г.М.Сабденалиева, С.Тілеубергенов,
Д.І.Жангельдина, В.П.Кәрібжанова, А.Қ.Егенисова, Н.Т.Есеналина,
К.И.Исламова т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-
тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.
Психологтар Л.Выготский, С.Рубинштейн, И.Кон, Е.Кудрявцева,В.Ясвин,
Л.Божович, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, т.б.өз еңбектерінде оқушылардың
экологиялық ұғым-түсініктерін қалыптастыру қоршаған ортамен қарым-қатынаста
психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген
пікірлер айтқан. С.Рубинштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен
байланысының басты бөліктерінің бірі – қарым-қатынас деп санайды. Ол
табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру
екенін көрсете отырып “...басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа
адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның
қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз – дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос
қатынастағы адам” - дейді.
Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен
оқушыларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара
зерттеледі. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптарда
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жүйелі ұғым беру ісі жете
зерттелмеген, тың мәселе.
Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап
айтсақ:
- балалардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы;
- табиғат тазалығын сақтау дағдылары қалыптаспағандығы;
-табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың
жеткіліксіздігі;
- табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған
әдістемелік құралдардың аздығы;
Осы қарама - қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті
табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде,
қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек. Оны оқытудың
жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның
дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын
ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму
деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді. Мұндай
өзекті мәселенің зәрулігі зертеу жұмыс тақырыбын "Мектеп жасына дейінгі
балаларды табиғатқа деген саналы қатынасқа тәрбиелеу " - деп атауға негіз
болды.
Тақырыптың зерттеу мақсаты:
- балабақшада экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие жолдарын
анықтау;
- балаларды жергілікті өлкенің табиғатын зерттеу әдістеріне
үйрету;
- балалардың тілін, ой-өрісін дамытып, оларды өздігінен жұмыс
істеуге шығармашылыққа жетелеу.
Зерттеу міндеттері – балабақшада балаларың экологиялық білімнің
теориялық негіздерімен таныстыру;
- балабақшада экологиялық білімді қалыптастыру ерекшеліктерін
анықтау;
- табиғатпен таныстыруда балалардың экологиялық білім деңгейін
арттыру мен тәрбие жолдарын зерттеу;
- балалардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершілік
сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу жолдарын анықтау;
- экология саласындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу.
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
жүйесі.
Зерттеу болжамы – егер, балаларға берілетін экология жайындағы ұғым
олардың жас ерекшелігіне сәйкес келсе, табиғат туралы ұғымдарын қабылдай
білу мүмкіндіктері ескерілсе, табиғаттың адам мен қоғамға, адамның табиғат
пен қоғамға тигізетін әсерін мазмұндап сипаттайтын болса, табиғатты
өзгертуде адамның ақыл-ой, білімінің қажеттілігін сана-сезіміне жеткізе
түсіндіретін, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыратын оқу-тәрбие жүйесі
жасалса, түрлі оқу формалары мен оқыту әдістері қолданылса онда экологиялық
тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру нәтижелі болады
Зерттеу пәні – мектеп жасына дейінгі экологиялық білімді қалыптастыру
және тәрбие беру үрдісі.
Тәжірибелік маңызы – осы зерттеу жұмысының қорытындысын ұстаздар мен
тәрбиешілер болашақта өздерінің күнделікті оқу тәрбие процесінде жүйелі
түрде қолдануларына болады деп ойлаймыз.
Зерттеу әдісі - педагогикалық психологиялық әдістемелік әдебиеттер
мен баспасөз материалдарын талдау, ұстаздардың іс-тәжірибесін бақылау,
педагогикалық эксперимент, бақылау әдісі.
Зерттеу жұмысының құрылымы – курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен
және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Баланың табиғатқа деген ынтызарлық сезімін ояту
Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу
мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен
бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапарларды қалыптастыра алмайды, оған
міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың
табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен
олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын
бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең
дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір
құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-
өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге
болады. Сондай-ақ соляр шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай, т.б.
бейнелеуге де жете көңіл бөлінбегені байқалды. Табиғаттың нақ осы
құбылыстары мен таным нысаны қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады,
ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет
болды.
Бұдан шығар қорытынды – біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі
табиғатты, оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді етсе, ал балалардың
табиғат заттары мен құбылыстарын сәндік бейнелеу әрекетінде пайдалана
алмауы тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің көрінісі болып табылады.
Сол себепті ересектер тобы балаларының жас ерекшелігін есепке ала
отырып, қазақтың халықтық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру барасында
өлі табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердің ою-
өрнектік негізі мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына және
шығармашылық іс-әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.
Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламаларына сәйкес ересек топ балаларының
алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-
өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру,
оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері
қойылып отыр.
Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға
болады:
- балаларды сәндік-қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін
табиғат заттары мен құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау
арқылы ұйымдастыру;
- өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні, сондай-ақ олардың
адам өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;
- мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық әшекей элементтерімен
таныстырудың бірізді жүйесін жасау;
- сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде практикалық іскерлік пен
дағдыларды қалыптастыру.
Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау
әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы
жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі
жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың
қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбақ.
Мысалы:
Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)
Қыста жер бетін басады,
Жазда сай-сайға қашады. (қар)
Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалана білудің
шешуші міндеттері мыналар:
- балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай
білуі және себеп-салдарын анықтауы;
- әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы
мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын
қалыптастыру;
- тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны
лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.
Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның таным нысандарымен
және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен
қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор.
Мәселен, аспан денелері түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал
табиғат құбылыстары тобына найзағай, жаңбыр, қар т.с. жататынын нақтылап
түсіндіру қажет.
Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына
ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асырауға тура
келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспаны бақылауға мүмкіндік мол.
Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай-ақ күн ерте батады.
Аспан денелерінің ішіндегі бізге ең жақын орналасқаны – ай. Ай
бетіндегі теңіздер көлеңкесін, таулы қыраттарды жай көзбен-ақ, егер дүрбі
болса, тіптен айқын ажыратуға болады. Балалар айдың көк жүзіндегі
қозғалысын бақылай отырып, оның бейнесінің – орақ тәріздес жарты ай және
толық ай болып үш кезеңге ауысуын байқай алады. Сондай-ақ жұлдызды аспанды
бақылау және жұлдыздармен танысуды күз айларында ымырт үйіріле жүргізген
ыңғайлы. Таныстыру жұмыстарын Жеті қарақшы жұлдыздар шоғырынан бастаған
жөн. Балалар жеті қарақшыны оңай таба алатын жағдайға жеткеннен кейін
Темірқазық және Кіші жетіқарақшы жұлдыздар шоғырымен таныстыруға
болады.
Балаларды айды, жұлдыздар әлемін бақылау өте қызықтырады, бірақ бұл
жұмысты балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті ата-
аналарға кешкі серуен кездерінде мүмкіндікті пайдалана білуге кеңес
беріледі.
Аспан шырақтары туралы балалар білімін бекіту және оған қызығушылығын
арттыра түсу үшін мектепке дейінгі мекемелерде баланың ата-анасымен бірге
көріп-білгендері жөнінде әңгімелер оқу арқылы толықтыруға болады.
Балалардың табиғат туралы білімдерін бекіту үшін, арнайы түсірілген
слайдтар мен кинофильмдерді ұжымдық көруді ұйымдастыруға болады.
Жалпы алғанда осындай нысаналы, жүйелі тәсілдер арқылы балалардың
көркемдік тәрбиесін жолға қоя отырып, адамгершілік қасиеттерін, жан
дүниесінің баюын, көркемдік талғам мен шығармашылық қабілеттерін оятуға
мүмкіндік туары кәміл.
1.2. Табиғат және қоршаған орта арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың
эстетикалық талғамын қалыптастыру
К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның
өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін
атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының
жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге
жетелейді.
5-6 жастағы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар
жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес күз, қыс,
көктем, жаз күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны,
тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б. бала түйсігінде із қалдырмай
қоймайды. Күз дегенде жапырақтар сарғайып түседі — деген ойдың пайда
болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырады. Себебі, күзде баланың
таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес.
Бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеленетінін
толық айтып бере алмайды. Бірақ, күзден кейін қыс, көктемнен кейін жаз
келетінін біледі. Сонымен қатар бала күнделікті көріп жүрген қой-ешкі, сиыр
мен жылқы сияқты үй жануарларын, хайуанаттар әлемінен көрген ит, қасқыр,
түлкі, сияқты аңдар мен құстарды таниды. Олар жайлы өзіндік ой- түйсіктері
болады. Мысалы: кірпі қыста ұйықтайды, жазда орманда жүреді, оның үстіндегі
тікеніне қандай зат түсетін болса жапырақтар, жидектер т.б. сонымен
қоректенеді- деген сияқты. Бес жастағы бала табиғаттағы шындық пен
ертегідегі жағдайларды бір-бірімен шатастырады да, оларда мынадай ойлар
тууы мүмкін. Мысалы, аю бармағын жалайды, аю жылыну үшін ағаштың діңіне
тығылады. Шындығында аюдың, кірпі, борсық т.б. жануарлардың қыста
ұйықтауының өзіндік биологиялық мәні бар. Балаларда табиғаттағы заттарды
бір-бірімен салыстыру, олардың бір-бірінен қандай айырмашалығы бар, осы
жайлы өзіндік ойлар туа бастайды.
Бес - алты жасар балаларда табиғаттағы заттардың, жануарлардың,
өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары арқылы ерекшеленетінін
ғалымдарымыздың мынадай тұжырымдары анықтай түседі. Мысалы, "жануарлардың
пішіні, түр-түсі, сыртқы жамылғысы т.б, арқылы салыстырады. Бұл жастағы
бала мысық пен кірпіні былай салыстырады: кірпінің терісі инелер, мысықта
тері, ал тері кірпінің бауырында ғана болады, мысықта мүлде инелер болмайды
және т.б. Бала осы сөздермен мысық пен кірпінің ерекшелігін толық
сипаттадым деп ойлайды, ал шын мәніндегі ой-түсік кейін келе қалыптасып,
жетіле береді. Осыған сәйкес , Өсімдіктер әлемі тақырыбын өткенде,
балаларды балабақша ауласындағы ағаштармен, гүлдермен, шөптермен
таныстырып, олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын
түсіндіріп өткен жөн.
Мысалы, 5-6 жастағы балаға қыста ағаштардың жапырақтары түсіп, қураған
сияқты болып көрінеді, бірақ ол ағашта қыста да тіршілік үзілмейтінін айтып
түсіндіру керек. Ерте көктемде ағаштың 2-3 бұтағын кесіп, топта суға салып
қою арқылы одан бүршік өсіп шығатынын, демек қыста да өсу процесі
тоқталмайтынына балалардың көздерін жеткізуге болады.
Бала өсімдікке қамкорлыққа, жануарларды күтуге, табиғи ортаға
жанашырлықпен қарауға тәрбиешінің күнделікті тікелей басшылығымен
тәрбиеленеді, сондықтан тәрбиешінің күнделікті іс-қимылын бала бақылай
отырып қайталайды тәрбиешінің өсімдіктерге су құйып, жануарларды
тамақтандыру т.б.
Бұл орайда осы жастағы баланың еңбекке деген қабілеті басқа
қасиеттерінен басым болатындығын әр тәрбиеші есінде ұстағаны жөн.
Сондықтан, оларға жұмыс тапсырма бергенде аяғына дейін тиянақты
орындалуын қадағалап, мақсатын дұрыс ұғындыруы қажет. Осындай жағдайлардан
кейін бала шын көңілімен, ынтамен орындауға кіріседі. Мысалы, өсімдікті
суаруда, оған су өте қажет, өйткені ол сусыз өмір сүре алмайды және әр
мезгілде суды әрқалай қабылдайды, жазда суды көп қажет етеді, себебі: күн
ыстық, қыста керісінше және өсімдіктің жаңадан шығып келе жатқан
жапырақтарына зияны болмауы үшін қуарған жапырақтарын алып тастауы керек
т.б. ақиқатты баланың есіне салып өту артық емес.
Педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұны мен принципі
балабақшадағы тәрбие жұмысының бағдарламасында балаларды жылдың төрт
мезгілімен жеке-жеке таныстыру керектігі көрсетілген. Себебі әр мезгілдің
өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, қайталанбас құбылыстар олардың ой-пікірін
ұштап, жетілдіріп, сыры мен мәнісін сезінуге жетелеуі қажет. Табиғаттың
мезгіл бойынша өзгеретін сан алуан құбылыстарын білгісі келген мақсатта
балалардың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылады. Мәселен, неге құстар күз
мезгілінде ұшып кетеді?, Қар неге ериді? Мұз неден пайда болады? т.б.
Мұндай сұрақтар баланың логикалық ойлау қабілетінің, сөз қорының дамуына
мүмкіндік береді.
Балабақшада тәрбиеленетін бала жыл мезгілдерін бір-бірінен толық
ажыратып, әр мезгілдің өзіне тән құбылысын ерекше атап беру қабілетіне ие
болуы тиіс. Жылдың әр мезгіліне тән құбылыстар кейде барлық маусымда болуы
мүмкін, оны балаларға қалай түсіндіруге болады, соған тоқталсак, мысалы,
жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де? жауады. Бірақ әр мезгілдің
жаңбырының өзіндік ерекшелігі бар, жаздағы жаңбыр ірі, тез жауып өтеді,
жылы; күздегі суық, ұзақ жауады; көктемдегі — найзағайлы, суық, ұзақ
жауады, кейде соңынан кемпірқосақ көрінеді. Бағдарлама бойынша бес- алты
жасар баланың табиғатқа дұрыс көзқарасын қалыптастыру педагогикалық іс-
әрекетке байланысты, соның барысында іске асады.
Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты табиғи ортаның өзгеруіне толық көз
жеткізу үшін ғалымдарымыз мынадай әдіс-тәсіл қолданған.
Төрт мезгілде де балаларды бір табиғи ортаға өзен жағасына алып
барған. Бұдан балалардың осы ортаның әр мезгілде қандай өзгерісте
болатынына көздері жеткен. Тәжірибе бойынша балаларға әр мезгілді 3-ке
бөліп басы, ортасы, соңы түсіндіру немесе саяхатта мақсатты серуендер
арқылы көз жеткізу оларға үлкен әсер қалдырады. Саяхатқа бармас бұрын
тәрбиешінің жоспары болуы тиіс. Онда саяхаттың мақсаты, тәрбиелік мәні,
қандай сұрақтар қойылуы тиіс, қандай әңгіме-жұмбақ айтуға болады, бұның
алдындағы саяхаттан қандай ерекшелігі бар, осыларды мейлінше қамту қажет
бала жасының өсуіне байланысты тәрбие жұмысының мазмұны да күрделене беруі
тиіс. Табиғатқа серуен кезінде, түрлі дидактикалық қимылды ойындар ойнату,
бірігіп пайдалы еңбек ету, қызықты әңгімелер айтып беру, балалардың
әңгімесін тындай білу — осының бәрі тәрбиешінің жеке басының шеберлігіне
байланысты.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат
Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік.
Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста
болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа
тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі
болып табылады.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты — табиғатты аялап, оны қамқорлыққа
алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі
табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға
жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен,
жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері
қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның
қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын,
кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат
бітіру.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары
болып есептелетін адамгершілік, эстетикалык, еңбек тәрбиелерінің желісінде
және халыктық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе,
айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса
береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып,
табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып
экология проблемалары туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген
картиналар пайдаланылғаны, ата-аналар, мен тәрбиешілердің бірлескен
жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі
табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. Алтын күз,
Құстар күні, Табиғатты сүйеміз, т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен
ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын
тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына
назар аударамыз:
А. балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып,
ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесін қамқорлықка алуға баулу.
Ә. балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып
қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы
құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат
туралы бүлдіршіндердің ой- өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы
бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің
ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз:
Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің
жоғары даму денгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-
сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат
алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой
түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады.
Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында
білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат
құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді
қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын
реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байқап- көре білуі, логикалық
ойлауы, табиғатқа эстетикалык тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.
Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б.
өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және
дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып
әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ,
ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың
өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды,
балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын,
сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы
түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі
олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі.
Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың
тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы нақты түсініктерін кеңейту,
балаларға бұрыннан таныс кейбір құбылыстар мен ауа райының жағдайы және
өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін
анықтап күз ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау.
Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте
болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі
жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау,
қазып алу, ауланы тазарту жапырақтарды жинап бір жерге үю) т.б. жұмыстарға
көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы
түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, диафилъмдер көрсетіледі.
Балалардың қысқы ауа-райының сипатты белгілері ағаштардың, ормандағы
құстар мен аңдардың тіршілігі туралы білімдерін кенейту және қорытындылау
мақсаты көзделеді. Еңбек дағдыларын қалыптастыру, жанды нәрселерге
ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеуді жалғастыра беру. Қар жауып тұрған
кезде балаларға қара қоңыр қағаз қиындысын беріп, оған қар ұшқынын тосып
алып, оны анықтап қарап, соңынан суретін салуды ұсыну, бала қиялын ұштау.
Қыс туралы ұғымын толықтыра отырып, күнделікті байқау, кештің ерте түсуі,
ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа-райы құбылыстарына қардың жаууы, аяз,
боранның болуы назар аудару. Қыс қызығын тамашалап, жүздері суықтан бал-
бұл жанған балалардың ақ қар, жылтыраған көк мұзда шана, шаңғымен сырғанап
ойнап жатқан суреттері бейнеленген картиналар арқылы Қыс қызығы, Ортақ
шана атты қимылды ойындарын ойнату. Адамдардың еңбегімен көшені, жолды
тазарту, қарды күреу балалардың өз аулаларының қарын тазалауға
жәрдемдесулері. Қыс туралы картиналар, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс
қызығын тамашалаумен қатар, қысқы табиғатты қорғай білуіне назар аудару.
Табиғаттың көктемгі құбылыстары, олардың себептері туралы, көктемдегі
адамдардың еңбегі жайында балалардың білімдерін толықтыру қажет болады.
Көктем ұғымын қалыптастыру. Өлі табиғаттағы өзгерістерді күннің ұзаруын,
сеңнің жүруін, өсімдіктер дүниесіндегі ағаштар мен бұталардың бүр жаруын,
алғашкы жапырақтың шығуын, көктемгі гүлдердің гүлденуін байқау.
Жәндіктердің іс- қимылдарын бақылату арқылы балалардың түйсіктерін
толықтыру. Құстардың ұшып келуін, ұя салып, балапандарына жем беруін
бақылай отырып, қарлығаштың ұясы туралы әңгімелеп беру, құстардың пайдасы,
оларды қорғау, қамқорлыққа алу жөнінде әңгімелесу. Мысалы, тоқылдақты
ағаштың арасынан құрттарды теріп жейтіндігінен ағаш дерігері аталғаны, ал
қарлығаштың ұшуына қарап, олар шарқ ұрып ойнап, күн нұрына шомылып жүр
дейміз, ал шын мәнінде үнемі жұмыс істеп құрттарды аулап жүретінін,
сондай-ақ тоқылдақ, қарлығаштардың суреті салынған көрнекі құралдарды
пайдалана отырып әңгімелеу. Қарлығаштың құйрығы неге айыр атты
мультфильмді пайдалану. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешекке тоқталу, тақпақ
жаттату, бейнелеу жұмысы бойынша суретін салғызу.
Егіс даласындағы көктемгі жұмыс, гүлзарлардағы балалар еңбегіне
тоқталу. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы дидактикалық ойындар ойнату.
Жаз мезгіліндегі күннің жарығы мен жылудың әсерінен өсімдіктердің өсіп
жетілуі жөніндегі бала ұғымы кеңейіп, жинақталады, жеуге жарамды және улы
саңырауқұлақтар мен шөптесін өсімдіктерді айыра білуге үйрету ескеріледі.
Адамдардың гүлзарлардағы, егістіктердегі еңбегімен таныстырады, табиғатқа
құмарлық, сүйіспеншілік, ұқыпты қарау сезімін тәрбиелейді. Балалар арам
шөптерді отап, гүлдердің тұқымын жинауды үйренуі тиіс. Тәрбиеші күнделікті
серуен кезінде аспанға назар аударады (бұлтты, бұлтсыз сөздерінің мағынасын
түсіндіру). Жаңбырдың жаууы кезінде тәрбиеші балаларға оның бұлттан
жауатындығын түсіндіреді.
Тәрбиеші балаларды әдемі гүлмен, жағымды иісімен қызықтыратын шөптесін
өсімдіктермен таныстырады. Ойлау қабілетін дамыту үшін өсімдіктерді
атағанда кейбір өсімдіктердің атауларына және олардың ерекшелігіне назар
аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен — жол бойында өседі, шырмауық — басқа
шөптерге оралып, шырмалып өседі, т.б. Сондай-ақ табиғаттағы жаз
құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып,
толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне
тоқталу. Жаз күнінің ұзактығы, жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ туралы
түсініктерін нақтылау. Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде
гүлдейтін өсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау.
Гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелерді безендіру.
Табиғат бұрышында балалар бөлме ішінде өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін
қопсытады, сондай-ақ аквариумды, құс торларын тазартады, өсімдіктер мен
жануарларды дұрыс күту мен олардың жақсы жағдайда болуы арасындағы
байланысты анықтауға үйретіледі. Табиғат мүйісінің эстетикалық көркемдігіне
балалар назарын үнемі аударып отыру. Бұл топта тәрбиешінің картиналарды,
диафильмдер мен көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне
көп орын беріледі және табиғат құбылыстары туралы өз елінің табиғатын
қорғап, қамқор бола білу қасиеті бойына сініріледі.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz