Мектепалды даярлық балаларының оқуға дайындығы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепалды даярлық балаларының оқуға дайындығы

Орындаған: Педагогика және
психология мамандығының
студенті
Жетекші: оқытушы

Орал-2015ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Балалардың мектепке даярлығын анықтау
1.1. Баланың мектепке келу
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
1.2. Баланың мектепте оқуға психологиялық
даярлығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ тарау. Балалардың мектепке даярлығын анықтау әдістері
2.1. Балалардың мектепке даярлығын зерттеудің
психологиялық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .21
2.2. Ата-аналарға арналған әдістеме: баланы мектепке
дайындау ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе

Балалардың мектепке дейінгі кезеңнен оқушылық өмірге көшуі психология
ғылымында кеңінен қарастырылған келелі мәселелердің бірі. Бала
психологиясын зерттей келе, оның жаңа білімдерді игерудегі қызығушылықтарын
қалыптастыру үшін баланы үнемі жаңалықтармен қамтамасыз ету керектігін
дәлелдейді.
Баланың мектепке даярлығы – оқи білуінен,санай білу іскерлігінен,сызу
деген секілді қарапайым әрекеттерді игеруінен, танымдық белсенділігінен,
көңіл-күйінің тұрақтылығынан, оқуға деген дұрыс қатынасынан құралады.
Баланың жақсы оқуы үшін мектептегі өмірге деген құлшынысы, жауапты
тапсырмаларды орындауға ниеті мен ынтасы болуы керек.
Баланың мектептегі оқу іс-әрекетінің жемісті болуына айналасындағы
адамдармен өзара дұрыс қарым-қатынас орната білуі, мінез-құлықтың
ырықтылығының жоғары деңгейде болуы, ұжым өміріне араласып кете білуі,
бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз етуінің қалыптасуы мектепке
бейімделуіне үлкен әсер етеді.
Мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді: дене-бітімінің
дайындығы, зиятының дайындығы, әлеуметтік-психологиялық дайындығы және ерік-
аясының дайындығы.
Дене бітімі дайындығына баланың салмағының, бойының өз жасына сай
болуымен қатар 12 мүшесі де сау болуы керек. Егер баланың дене бітімінің
дамуы төмен болса (салмағы, бойы) ол әлжуез болып, 35-45 минуттық сабақты
толық меңгеруге қабілеті жете бермейді де, денсаулығына нұқсан келеді
(сүйегі қисаяды-сколиоз, көз жанары төмендейді, жүйкесі жұқарады), жиі
ауырып қалатын болады.
Зиятының дайындығына баланың ой-өрісінің, есте сақтау қабілетінің,
тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя
білуінің, қателігін түсіне білу қаблеттілігінің өз жасына сай болуы жатады.
Ал зияты төмен болған жағдайда балалар жалпы мектеп бағдарламасын толық
меңгере алмайды. Оларды өз қабілетіне қарай жеңіл бағдарламамен оқытып,
арнайы психологиялық және педагогикалық түзетулер жүргізу арқылы ғана
қатарға қосуға болады.
Әлеуметтік-психологиялық дайындыққа баланың жаңа ортаға деген
көзқарасының, оқушының жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай білуінің, үлкен-
кіші адамдармен қарым-қатынасының өз жасына, мектептің талабына сай болуын
меңзейді. Егер де балада әлеуметтік-педагогикалық дайындық байқалмаса ондай
балада қарым-қатынас қиындығы, жалпы түсінігінің төмендігі, ерік-аясының,
көңіл-күйінің төмендігі байқалады. Сондықтан бұл балаларға психолог
маманның көмегі өте қажет. Психолог ол баланың өзімен қатар ата-анасымен
де, ұстазымен де жұмыс жүргізгенде ғана оң нәтиже шығады.
Ерік-аясының дайындығы баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде
қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете
білуін көрсетеді... Ерік-аясы бұзылған бала өз-өзін ұстауы, шыдамдылығы,
төзімділігі, әр сипаттағы жағдайларды қабылдауы ерекше болады да, содан
айналамен қарым-қатынасы бұзылады. Ол баланың танымдық қызметіне кері
әсерін тигізеді.
Балалар мектепке келген кезде осы жоғарыда атап өткен дайындық
түрлерінің толық қалыптаспағаны немесе бір түрінің дамымағандығы
анықталады.
Аталған дайындық түрлерін ескерусіз мектепке бару және баланың
ерекшеліктерін ескермей ерте жастан (5-6 жас) беру баланы қинаумен тең.
Ондай балалар бағдарламаны қажетті деңгейде меңгере алмай, 1-ші сыныпты
қайта оқуға мәжбүр болады. Көп жағдайда мектепке дайындықсыз келген балалар
өз сыныбында қала беріп, педагогикалық артта қалғандардың қатарын
көбейтеді.
Тақырыптың өзектілігі. Баланың мектепке психологиялық дайындығын
тексеру мақсатымен олардың окуга дайындық мүмкіндігі және даму дәрежесін
анықтау жүргізеді.
Зерттеу жұмысын жеке балалармен немесе тұтас топпен де жүргізуге
болады.
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді,
қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы
мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды
үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының
даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан
даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және
психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне
мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға
бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді.
Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы
басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын
қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Зерттеу мәселесі. Балалардың мектепке даярлығын анықтау.
Зерттеу объектісі. Балалардың мектепке даярлығын анықтау жолдары және
оларды анықтауға арналған әдістер.
Зерттеу болжамы. Егер, мектепке балалардың даярлығын анықтау үшін, ең
алдымен балалар психологиялық тұрғыда дайын болуы қажет. Сондықтан,
психологиялық тесттер, әдістер арқылы балалардың мектепке даярлығын
анықтауға болады. Өткізілген әдістемелердің қорытындысы барысында,
балалардың мектепке даярлығын біле аламыз.
Зерттеу пәні. Балалардың мектепке даярлығын анықтау жолдары.
Зерттеу объектісі. Балалардың мектепке даярлығын анықтау жолдары және
баланы мектепке дайындау әдістері.
Зерттеу мақсаты. Балалардың мектепке даярлығын анықтаумен және
балаларды мектепке даярлау әдістерімен танысу.
Зерттеу міндеттері. Балалардың мектепке даярлығын анықтау және
балаларды мектепке даярлау әдістерімен танысу. Балаларды мектепалды
даярлауға арналған жаттығулар мен әдістер туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу көздері. Балаларды мектепке даярлау әдістері мен ғалымдардың
айтқан пікірлері.
Зерттеу әдістемесі. Ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеу кезеңдері. Мектепке дейінгі балалар, 5-7 жасар бала.
Ғылыми жаңалық:
- Баланың мектепке даярлығын анықтап, теориялық тұрғыда сипаттама
берілді
- Баланы мектепалды даярлауға арналған жаттығулар берілді.
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының түрлері мен күрделі тұстарына
теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы,
құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық, практикалық бөлімдерден,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

І тарау. Балалардың мектепке даярлығын анықтау
1.1. Баланың мектепке келу мәселесі
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында
әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе
алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша
мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты,
адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері
күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы
қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың
басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді,
қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы
мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды
үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының
даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан
даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және
психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне
мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға
бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді.
Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы
басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын
қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың
жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық
компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін
ойдағыдай шешу, оқытудың тиімділігін арттыру үшін балалардың мектепте
оқуының дайындық деңгейін нақты ескере отырып, дұрыс бағытта жұмыс жасай
білу керек.
Балалардың мектепке даярлығы төмендегі параметрлер бойынша
анықталады. Олар:
1. Жоспарлау - бұл мақсатқа сәйкес өз іс - әрекетін ұйымдастыра білу
іскерлігі:
- баланың әрекеті мақсатпен сәйкес келмеуі - төменгі деңгей;
- баланың әрекеті мақсаттың мазмұнына жартылай сәйкес келуі — орта
деңгей;
- мақсаттың мазмұнына баланың әрекеті толығымен сәйкес келуі - жоғары
деңгей.
2. Бақылау- қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыру
іскерлігі:
- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа мүлдем сәйкес келмеуі -
төменгі деңгей (баланың өзі бұл сәйкессіздікті көрмейді);
- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа жартылай сәйкес келуі -
орта деңгей (жартылай сәйкессіздікті бала өз бетінше көре алмайды);
- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа толық сәйкес келуі, бала
өз бетінше алған нәтижесі мен қойылған мақсатты салыстыра алуы -
жоғары деңгей.
3. Оқу мотивациясы - бұл заттардың және қоршаған әлем заңдылықтарының
жасырын қасиеттерін табуға, қолдану ұмтылу:
- бала тек қана заттардың сезім мүшелеріне мүмкін болатын
қасиеттеріне ғана бағытталса, онда ол - төменгі деңгей;
- бала қоршаған әлемнің кейбір жалпыланған қасиеттеріне
бағытталуға және жалпылауларды табуға қолдануға тырысады;
- қоршаған әлемнің заңдылық қасиеттерін қабылдаудағы кұпияны
табуға тырысудың айқын көрінуі және осы білімді өз іс -
әрекетінде қолдануға деген құштарлық - жоғары деңгей.
4. Ақыл — ой дамуыныц деңгейі. Өзге адамды тыңдай білмеуі, талдау,
салыстыру, жалпылау, абстракциялау және нақтылау сияқты логикалық
операцияларды сөздік түсінік түрінде орындауы - төменгі деңгей;
- өзгені тыңдай алмауы және сөздік түсінік түрінде орындалган
логикалық операциялардағы қателіктер - бұл орташадан төмен
көрсеткіш;
- өзгені тыңдай алмауы және сөздік түсінік түрінде берілген
салыстыру, жалпылау сияқты қарапайым логикалық операциялардың
қатесіз орындалуы, күрделірек логикалық операцияларды, яғни
абстракциялаудағы, нақтылаудағы, талдаудағы, жинақтаудағы
жіберілген қателіктердің болуы - орта деңгей;
- өзгені түсінудегі және барлық логикалық операцияларды
орындаудағы кейбір қателіктерді, бала ересектің көмегінсіз өзі
түзетуі - бұл жоғары деңгей;
- өзге адамды тыңдай алу мүмкіндігінің болуы және сөздік түсінік
түріндегі барлық логикалық операцияларды орындауы - бұл өте
жоғары деңгей. Осы аталған параметрлер бойынша мектепке
келеген баланы былайша бөліп көрсетуге болады:
1. Мектепке даярлығы жоқ бала - өз әрекетін жоспарлай және бақылай
алмауы, оқу мотивациясы төмен (тек сезім мүшелеріне ғана бағытталған),
өзгені тыңдайды және түріндегі логикалық орындауды білмейді.
2. Мектепке даярлығы бар бала - өз әрекетін басқарып бақылай алады
(немесе осыған қарай ұмтылады), қоршаған ортадағы заңдылықтармен, заттардың
жасырын қасиеттеріне бағытталған, өзгені тыңдай алады және сөздік түсінік
түрінде логикалық операцияны орындай біледі (немесе тырысады).
Балаларды жетік зеттеу мектепке барар алдында сәуір — мамыр айларында
іске асырылады. Тексеру нәтижесінің негізінде баланың мектепке даярлығы
жайлы қорытындыны психологиялық — педагогикалық сараптау комиссиясы береді.
Бұл комиссияда психолог, физиолог, дәрігер - педиатр және мұғалім болады.
1.2. Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығы
Оқуға психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері ретінде жеке
тұлғалық шығады. Жеке тұлғалық мектепке даярлығы баланың жаңа әлеуметтік
орынға ұмтылысын жатқызамыз. Бұл позиция баланың мектепке, оку іс -
әрекетіне, мұғалімдерге және оқушы ретінде өзіне - өзі қатысынан байқалады.
6-7 жастағы бала үшін мұғалімнін тұлғасы аса маңызды болып табылады.
Жүргізілген бақылаулар нәтижесінде мыналарды байқауға болады: мүғалімнің
талап - тілегін 6 жастағылар шын көңілмен, ынта - ықыласымен орындайды.
Баланың мектепке даярлығын А.А.Венгер мен К.Н. Поливанова зерттеген.
Олар оқу мазмұнын ересектердің фигурасынан бөліп алу қабілетін мектепке
даярлықтың басты шарты деп есептеген. Зерттеушілер 6-7 жастағы бала үшін
мектеп өмірінің сыртқы формальдық жағы ғана ашылады деген. Сондықтан да
олар бар ынтасымен өзін оқушы сияқты ұстауға тырысады, яғни қолын көтеру,
жауап бергенде тұру, тік отыруға тырысады, Бірақ мұғалімнің не айтып
тұрғанына және оған не деп жауап беру керек екені балаға маңызды емес, 7
жасқа қараған бала үшін кез - келген тапсырма мұғаліммен қарым - қатынас
жағдайына байланысты. Бала оқытылып жатқан пәнге мән бермей - мұғалімді ең
басты қатысушы адам ретінде қабылдайды. Оқыту мазмұны - байқаусыз қалады.
Осындай жағдайда мұғалімнің басты міндеті балаға оқытылатын пәнді ұсыну
және оны жаңа мазмұнға араластыру, қайта ашу болып табылады. Оқыту мазмұны
мен оны таратушы, яғни мұғалім - баланың санасында бөліңу қажет. Егер ондай
болмаған жағдайда оқыту материалында алға жылжу мүмкіндігі жойылады.
Мектеп өмірі баладан мінез - құлық ережелерін дәл орындауды, өз іс
-әрекетін өз бетінше ұйымдастыра алуын талап етеді. Ересектердің талабы мен
ережелеріне бағына алу қабілеті мектептегі оқуға ерік даярлығының басты
көрсеткіші болып табылады.
Мектептегі оқыту интеллектуалдық дайындықты да қажет етеді. Бала
өзінің мектепке дейінгі эгоцентризмін жеңіп, шындықтың әр түрлі жақтарын
ажыратуы тиіс. Сондықтан да мектепке даярлықты анықтау үшін мөлшердің
сақталуына арналған Ж.Пиаженің есептері пайдаланылады. Мысалы: сұйықты кең
ыдыстан жіңішкеге кұю, арақашықтықтағы әр түрлі түймелер қатарын салыстыру
т.б.
Бала заттардың жеке жақтарын, параметрлерін көре білуі қажет, осы
жағдайда ғана пәндік оқытуға ауысуға болады.
Ол танымдық іс - әркеттің тәсілдерін меңгеруді шамалайды. Қабылдауда
сенсорлық эталондарды, ойлау сферасында кейбір интеллектуалдық
операцияларды меңгеру. Мектепке интеллектуалдық даярлықтың маңызды жағы ол
баланың ақыл - ой белсенділігі мен танымдық қызығушылығы, яғни жаңа
бірнәрсе білуге деген құмарлық, бақыланған құбылыстардың мәнін түсіну, ақыл
- ой міндетін шешуге ұмтылу.
Баланың мектепке психологиялық дайындығын тексеру мақсатымен олардың
окуга дайындық мүмкіндігі және даму дәрежесін анықтау жүргізеді.
Зерттеу жұмысын жеке балалармен немесе тұтас топпен де жүргізуге
болады. Психологиялық зерттеудін мынадай шарттары бар. Баланың мектепке
даярлығын мектепке дейінгі кеме психологы және балалар емханасындағы
дәрігерлер анықтайды.
Балабақшаға бармайтын бала болса, онда оны жергілікті дәрігер
анықтайды және баланың мектепке даярлық деңгейі медициналық психологиялық
-физиологиялық шарттар бойынша анықталады.
Медициналық шарттарға мынапар жатады:
1. Анатомиялық - биологиялық даму деңгейі;
2. Тексеру кезіндегі науқастығы;
3. Өткен жылғы науқастығы, мектепке қажетті функциялар дамуының психо
- физиологиялық шарттары, бала психикасының даму деңгейін көрсететін
психологиялық тұрғыда құрылған танымдық сұрақтар болады.
Мысалы: Кейн - Йерасек сынағы және тіл дыбысты айту санасын анықтау
жұмысы жүргізіледі. Баланың мектепке дайындығын анықтау жөніндегі
дәрігерлердің жұмысы 2 кезеңнен тұрады және мектепке қажетті функциялардың
дамуындағы кемшіліктерді түзетуге ерекше мән береді.
Баланың оқуға даярлығын терең зерттеу мектепке баратын жылдың
алдында, қазан және қараша айларында өткізіледі. Ал медициналық жоспарлы
түрде диспансерлік тексеруді бала - бақшада, балалар емханасында
ларинголог, психоневролог, хирург, ортопед, тіс дәрігерлерінің бақылауынан
өтеді. Балалардың алғашқы әр жақты медициналық психо - физиологиялық
тексеру нәтижелері олардың дәрігерлік даму карталарына түсіріледі.
Денсаулығы нашар, әртүрлі ауытқуларға ұшыраған балаларға сауықтыру
және емдеу шараларының комплексі белгіленеді. Мектептеп оқуға қажетті
функциялары жете дамымай қалған кемістігі байқалған балалардың тіліндегі
және колдың бұлшық ет қозғалысын дамыту үшін әртүрлі жаттығулармен
шұғылдану шаралары ұсынылады. Мұндай емдеу сауықтыру шараларын балалар
емханасының маман дәрігерлері жүзеге асырады.
Баланың дыбыстарды айтуындағы кемістіктерді жою сабақтарын да
жүргізеді. Қолдың бұлшық ет қозғалысын дамытуға арналған сабақтар мен
жаттығуларды психолог, бала тәрбиешісі немесе ата - аналары жүргізе алады.
Атап айтқанда, сурет салуды тапсыру, құрастыру, конструкциялық ойындар,
әртүрлі жазу емлелерін жазып үйретуге болады. Баланың белсенді сөздік қорын
анықтау үшІн сынақтар да ұйымдастыруға болады.
Мектепке барар балаладың ақыл – ойы принципі оралымдылығын анықтау
үшін авторлық әдістемелер.
Енді мектепке барар балалардың ақыл - ойының оралымдылығын анықтау
үшін логиикалық ойлауын, арифметикалық дағдыларын, кеңістікті бағдарлауын,
қабылдауының жылдамдығын тексеретін авторлық әдістемелерден мысалдар
келтірейік:
1. Векслер тесті. Балалардың сөздік қоры, заттардың ұқсастық
белгілері мен айырмашылықтарын ажырату, санамақты есіне сақтау дағдыларын
өлшейтін тапсырмалардан құралады. Тест мазмұны ақыл - ойдың жалпы
көрсеткішін құрайтын сөздік және сөздік емес тапсырмалардан тұрады Ағылшын
тіліндегі бүл әдісті орыс тілінде сөйлеткен А.Ю.Панасюк.
2. Л. С.Выготский әдістемесі. Балаларғатоптама сөздер оқылып, оларды
бір
сөзбен қалай атауға болатыны сұралады. Мысалы: көйлек, күрті, шалбар,
малақай - киім. Бұл әдістеме арқылы ұғымдардың қалыптасуы мен оларды
жинақтай білу іскерлігі анықталады.
3. А.Р.Лурияның Пиктограмма әдістемесі. Мақсаты - құралдарды
пайдалану арқылы балалардың есте сақтауының даму деңгейін анықтау.
Зерттеуші есте сақтауға он, он екі сөздер мен сөз тіркестерін ретімен
атайды. Ал бала әр сөзге сол сөзді есіне түсіретіндей сурет салуы тиіс.
4. Е.Е.Кравцованың Кім үлкен? деп аталатын әдістемесі арқылы
балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтайды. Әдістеме ауызша
есептерді ойша шешу арқылы орындалады: қоян - қасқырдан үлкен, қасқыр -
агодан үлкен. Сонымен кім үлкен ? Қоян ба, аю ма ?
5. С. Я. Рубинштейннің 10 сөзді жаттау әдістемесі ерікті есте
сақтау деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда дамып келе
жатқан баланың әр бір жаңа сөз сайын есте сақтауды арта береді, ал
медициналық, психологиялық көмекті қажет ететін балалардың есте сақтауы,
керісінше, кеми береді.
6. Баланың мектепке оқуға ықыластық даярлығын анықтау үшін Н.Л.
Белопольскаяның әдістемесім қолдануға болады. Әдістеменін міндеті -баланың
ойынға және оқуға ықыласын байқау. Ойын элементтерін пайдаланып,
ынталандыру арқылы белгілі бір тапсырмалар жүйесін орындатады.
7. Д.Б.Элькониннің кескіндеме диктант, Л.А.Венгердің Өрнекті
диктант, Л.И.Цеханскаяның Өрнек әдістемелері үлкеннің нұсқауын тыңдап,
оны орындау мен өзінің әрекетін белгілі бір тәртіпке бағындыру іскерлігін
анықтау үшін қолданылады.
Берілген әдістемелердің барлығы қарапайым, өлкелік, ұлттық
ерекшеліктер алшақтығы аса көп мөлшерде емес. Сондықтан, авторлық
әдістемелердің біразын (1,2,3,4,5,6) түп - нұсқаға сүйене отырып, қазақ
тілніде жаңа әдістеме ретінде қайта жасауға болады. Ал, 7 үлгіні
өзгеріссіз, сол қалпында пайдалану керек. Себебі, ол сөздік емес әдіс.
Бүгінгі күнде мектепке окуға дайындық іс жүзінде жалпыға танымал көл
компанентті білім бола отырып, ол кешенді психологиялық зерттеулерді талап
етеді. Психологиялық дайындықтың құрамына мынадай компаненттерді жатқызуға
болады:
1. Интеллектуалдық дайындық - баланың ой - өрісін, нақты білім қорын
қарастырады.
2. Жеке тұлғалық дайындық - баланың мектепте оқу әрекетіне,
ұстаздарға, өзіне қатынасын көрсетеді.
3. Әлеуметтік - психологиялық дайындық - баланың құрбылармен,
мұғалімдермен қарым қатынасын, соның ішінде баланың коммуникативтік
ерекшелігін көрсетеді.
Әр бір жас бүлдіршіннің мектепте оқуға даярлығында осы жоғарыда
аталған 3 компанент басты рөл атқарады.
Сонымен, мектепке барар баланың дайындық деңгейін анықтау үшін
қарастырылған әдістемелерді іс жүзінде пайдалану арқылы мектеп психлогі әр
бала туралы жан - жақты түсінік алады. Мектепте баланың негізгі әрекеті оқу
болғандықтан, оның бар ынта - жігерін, ерік - күшін оқуға бағыттау үшін
оған қандай карым - катынас түрін пайдалану мәселесін шешуде бұл деректер
психолог кызметіне ете қажет болып табылады.
6-7 жасар баланың мектепке психологиялық даярлық деңгейін анықтауға
арналған әдістемелер қоры сан алуан. Қойылған мақсат ерекшелігіне
байланысты тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдау зерттеу жүргізетін маман
іскерлігіне байланысты. Сондықтан, маман — психодиагностика баланың
мектепке қабылданар алдындағы психологиялық даярлық деңгейін анықтауға
қолданатын әдіс - тәсілдерді жиі өзгертіп, жаңалап отыруы тиіс. Осы ретте
ескерілуі тиіс шарт тағы бір мәселе - анықтау шараларының мүмкіндігінше
кешенді бағдарламалық сипат алуын қадағалау.Баланы мектептегі оқуға
дайындаудың психологиялық бағыттары
Бүгінгі күнде мектептегі оқуға дайындық ұғымы комплексті және
баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.
Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан
және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен
танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін
меңгере бастайды.
Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А.
Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын
түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің
дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді
тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.
Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың
дамуында қарым-қатынас негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал
Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған,
әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет
деген пікірге келді.
Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің
әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің
заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз
әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау
тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3].
Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова,
Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені
белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте
мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты
жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович
зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш
бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке
даярлықтың төрт бағытын қарастырды:
1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен
дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа
құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы
түрде бағыну іскерлігі [1].
Ақыл-ойының даярлығы. Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және
біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай,
ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды
жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала
көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда,
қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап
шығады.
Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне
сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала
өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы
маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды,
суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет.
Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі,
логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты
меңгеруінің негізі болып табылады.
Биологиялық кемелденуі. Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық
жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа
ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің
талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға
дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай
өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы
(дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене
көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту, моторикасының
дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы. Мектепке келген бала
оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға
барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп
бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен
мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар,
біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу
сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет.
Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына
мүмкіндік жасайды.
Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін
қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық
сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға,
бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп,
балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен
тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан
баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді.
Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы
мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау
дайындығын дамытады.
Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы. Бұл баланың
шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді
жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды
жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса,
баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға
бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын
алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу
үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе
нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады.
Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп
неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап,
уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып,
денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.
Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің Дені сау балалардың қорқынышы атты
еңбегінде Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар
үнемі мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба? деген
қорқынышпен жүреді, - дейді.
Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына
жағдайларға байланысты болады:
1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді
орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; (Мектепке барасың
сонда саған көрсетеді);
2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;
3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;
4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың
көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;
5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.
Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті
мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік
сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы
жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға
үйрету болып табылады.
Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар
арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі
кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды,
яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы
көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті
дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне
рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.
Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше Баланың мектептегі оқуға
дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта
бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің
қалыптасуы, - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және
уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді.
Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген
жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен
сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.
М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде Бала мектепке барар алдында көру-
моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары
мидың сөйлеу аймағы болып табылады деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп
допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен,
қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек.
Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың
саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала
алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі
болмайды. Кез-келген 5-6 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
Мектепке психологиялық даярлық
Балаларды мектепалды даярлау мәселелері
Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері
Қазақстандағы педагогикалық теория және мектепке дейінгі педагогиканың дамуы тарихының қалыптасуы мен дамуы ХХ ғғ. басынан бүгінге дейін
Мектепалды даярлық тобындағы балаларды әдептілікке тәрбиелеу әдістері
12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Пәндер