Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс-
тәсілдері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің
жалпы сипаттамасы
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа қарым-
қатынасы ... ... ... ...7
1.2 Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
II бөлім. Балаларды табиғатпен таныстыруды ұйымдастырудың
негізгі формалары
2.1 Балаларды табиғатпен таныстырудағы бақылау әдісі
... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Экскурсия - балаларды табиғатпен таныстыру
формасы ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...28
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты
мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат
тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-
өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс.
Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсекеге нақты
қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндеттері - Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы
“Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауы” негіз болады.
Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет
етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие
жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс
түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы
қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да
бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға
үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа
тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі
болып табылады.
К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның
өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін
атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының
жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге
жетелейді.
Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская,
Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше.
Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын
негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой
толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев,
Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов,
М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.
Атап айтқанда: Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков,
Ж.Б.Шілдебаев т.б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім - біліктері
мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө.Т.Танабаев,
С.Әбубәкіров, Қ.Нұрланова, З.Серікқалиұлы, Д.Н.Сарыбеков, К.Ж.Бұзаубақова,
Г.К.Құрманбаева, М.А.Лигай, А.Болтаев, Г.М.Сабденалиева, С.Тілеубергенов,
Д.І.Жангельдина, В.П.Кәрібжанова, А.Қ.Егенисова, Н.Т.Есеналина,
К.И.Исламова т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-
тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.
Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті,
шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек
сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен
тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы
жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық
дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты — табиғатты аялап, оны қамқорлыққа
алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі
табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға
жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен,
жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері
қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның
қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын,
кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат
бітіру.
Зерттеу мақсаты. Балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі
және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз
өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге,
сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу. Балаларды табиғатпен таныстыруда әр
түрлі әдістер мен формаларды қолдану.
Зерттеу міндеттері:
1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
2. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және
жүйелеу.
3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.
4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
5. Табиғатпен таныстырудың формалары және әдістерін көрсету.
Проблема. Елдің болашағы оқу – тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да оқу
– тәрбие ісіне келелі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам
мүддесіне лайық, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық
психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру отбасының,
балабақшаның міндеті. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды табиғатпен
таныстыруда жаңа әдістер мен формалардың жеткіліксіз болуы.
Болжам. Егер, балаларға берілетін табиғат жайындағы ұғым олардың жас
ерекшелігіне сәйкес келсе, табиғат туралы ұғымдарын қабылдай білу
мүмкіндіктері ескерілсе, табиғаттың адам мен қоғамға, адамның табиғат пен
қоғамға тигізетін әсерін мазмұндап сипаттайтын болса, табиғатты өзгертуде
адамның ақыл-ой, білімінің қажеттілігін сана-сезіміне жеткізе түсіндіретін,
табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыратын оқу-тәрбие жүйесі жасалса, түрлі
оқу формалары мен оқыту әдістері қолданылса онда экологиялық тәрбие беру
арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру нәтижелі болады.
Зерттеу нысаны. Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
жүйесі.
Зерттеу пәні. Мектеп жасына дейінгі экологиялық білімді қалыптастыру
және тәрбие беру үрдісі.
Зерттеу әдістері. Педагогикалық психологиялық әдістемелік әдебиеттер
мен баспасөз материалдарын талдау, ұстаздардың іс-тәжірибесін бақылау,
педагогикалық эксперимент, бақылау әдісі.
Практикалық пайдасы. Осы зерттеу жұмысының қорытындысын тәрбиешілер
болашақта өздерінің күнделікті оқу тәрбие процесінде жүйелі түрде
қолдануларына болады деп ойлаймын.
Зерттеу базасы. Балбөбек балабақшасы
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың
әдістеріне теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- табиғатпен таныстыру формалары анықталып зерделенді,
- балаларды табиғатпен таныстыруда қолданылатын әдістердің түрлері
көрсетіліп, шарттары белгіленді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа
қарым-қатынасы
Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу
мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен
бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапарларды қалыптастыра алмайды, оған
міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың
табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен
олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын
бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең
дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір
құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-
өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге
болады. Сондай-ақ соляр шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай, т.б.
бейнелеуге де жете көңіл бөлінбегені байқалды. Табиғаттың нақ осы
құбылыстары мен таным нысаны қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады,
ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет
болды.
Бұдан шығар қорытынды – біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі
табиғатты, оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді етсе, ал балалардың
табиғат заттары мен құбылыстарын сәндік бейнелеу әрекетінде пайдалана
алмауы тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің көрінісі болып табылады.
Сол себепті ересектер тобы балаларының жас ерекшелігін есепке ала
отырып, қазақтың халықтық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру барасында
өлі табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердің ою-
өрнектік негізі мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына және
шығармашылық іс-әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.
Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламаларына сәйкес ересек топ балаларының
алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-
өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру,
оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері
қойылып отыр.
Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға
болады:
- балаларды сәндік-қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін
табиғат заттары мен құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау
арқылы ұйымдастыру;
- өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні, сондай-ақ олардың
адам өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;
- мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық әшекей элементтерімен
таныстырудың бірізді жүйесін жасау;
- сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде практикалық іскерлік пен
дағдыларды қалыптастыру.
Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау
әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы
жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі
жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың
қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбақ.
Мысалы:
Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)
Қыста жер бетін басады,
Жазда сай-сайға қашады. (қар)
Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалана білудің
шешуші міндеттері мыналар:
- балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай
білуі және себеп-салдарын анықтауы;
- әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы
мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын
қалыптастыру;
- тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны
лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.
Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның таным нысандарымен
және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен
қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор.
Мәселен, аспан денелері түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал
табиғат құбылыстары тобына найзағай, жаңбыр, қар т.с. жататынын нақтылап
түсіндіру қажет.
Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына
ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асырауға тура
келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспаны бақылауға мүмкіндік мол.
Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай-ақ күн ерте батады.
Аспан денелерінің ішіндегі бізге ең жақын орналасқаны – ай. Ай
бетіндегі теңіздер көлеңкесін, таулы қыраттарды жай көзбен-ақ, егер дүрбі
болса, тіптен айқын ажыратуға болады. Балалар айдың көк жүзіндегі
қозғалысын бақылай отырып, оның бейнесінің – орақ тәріздес жарты ай және
толық ай болып үш кезеңге ауысуын байқай алады. Сондай-ақ жұлдызды аспанды
бақылау және жұлдыздармен танысуды күз айларында ымырт үйіріле жүргізген
ыңғайлы. Таныстыру жұмыстарын Жеті қарақшы жұлдыздар шоғырынан бастаған
жөн. Балалар жеті қарақшыны оңай таба алатын жағдайға жеткеннен кейін
Темірқазық және Кіші жетіқарақшы жұлдыздар шоғырымен таныстыруға
болады.
Балаларды айды, жұлдыздар әлемін бақылау өте қызықтырады, бірақ бұл
жұмысты балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті ата-
аналарға кешкі серуен кездерінде мүмкіндікті пайдалана білуге кеңес
беріледі.
Аспан шырақтары туралы балалар білімін бекіту және оған қызығушылығын
арттыра түсу үшін мектепке дейінгі мекемелерде баланың ата-анасымен бірге
көріп-білгендері жөнінде әңгімелер оқу арқылы толықтыруға болады.
Балалардың табиғат туралы білімдерін бекіту үшін, арнайы түсірілген
слайдтар мен кинофильмдерді ұжымдық көруді ұйымдастыруға болады.
Жалпы алғанда осындай нысаналы, жүйелі тәсілдер арқылы балалардың
көркемдік тәрбиесін жолға қоя отырып, адамгершілік қасиеттерін, жан
дүниесінің баюын, көркемдік талғам мен шығармашылық қабілеттерін оятуға
мүмкіндік туары кәміл.
5-6 жастағы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар
жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес күз, қыс,
көктем, жаз күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны,
тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б. бала түйсігінде із қалдырмай
қоймайды. Күз дегенде жапырақтар сарғайып түседі — деген ойдың пайда
болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырады. Себебі, күзде баланың
таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес.
Бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеленетінін
толық айтып бере алмайды. Бірақ, күзден кейін қыс, көктемнен кейін жаз
келетінін біледі. Сонымен қатар бала күнделікті көріп жүрген қой-ешкі, сиыр
мен жылқы сияқты үй жануарларын, хайуанаттар әлемінен көрген ит, қасқыр,
түлкі, сияқты аңдар мен құстарды таниды. Олар жайлы өзіндік ой- түйсіктері
болады. Мысалы: кірпі қыста ұйықтайды, жазда орманда жүреді, оның үстіндегі
тікеніне қандай зат түсетін болса жапырақтар, жидектер т.б. сонымен
қоректенеді- деген сияқты. Бес жастағы бала табиғаттағы шындық пен
ертегідегі жағдайларды бір-бірімен шатастырады да, оларда мынадай ойлар
тууы мүмкін. Мысалы, аю бармағын жалайды, аю жылыну үшін ағаштың діңіне
тығылады. Шындығында аюдың, кірпі, борсық т.б. жануарлардың қыста
ұйықтауының өзіндік биологиялық мәні бар. Балаларда табиғаттағы заттарды
бір-бірімен салыстыру, олардың бір-бірінен қандай айырмашалығы бар, осы
жайлы өзіндік ойлар туа бастайды.
Бес - алты жасар балаларда табиғаттағы заттардың, жануарлардың,
өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары арқылы ерекшеленетінін
ғалымдарымыздың мынадай тұжырымдары анықтай түседі. Мысалы, "жануарлардың
пішіні, түр-түсі, сыртқы жамылғысы т.б, арқылы салыстырады. Бұл жастағы
бала мысық пен кірпіні былай салыстырады: кірпінің терісі инелер, мысықта
тері, ал тері кірпінің бауырында ғана болады, мысықта мүлде инелер болмайды
және т.б. Бала осы сөздермен мысық пен кірпінің ерекшелігін толық
сипаттадым деп ойлайды, ал шын мәніндегі ой-түсік кейін келе қалыптасып,
жетіле береді. Осыған сәйкес , Өсімдіктер әлемі тақырыбын өткенде,
балаларды балабақша ауласындағы ағаштармен, гүлдермен, шөптермен
таныстырып, олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын
түсіндіріп өткен жөн.
Мысалы, 5-6 жастағы балаға қыста ағаштардың жапырақтары түсіп, қураған
сияқты болып көрінеді, бірақ ол ағашта қыста да тіршілік үзілмейтінін айтып
түсіндіру керек. Ерте көктемде ағаштың 2-3 бұтағын кесіп, топта суға салып
қою арқылы одан бүршік өсіп шығатынын, демек қыста да өсу процесі
тоқталмайтынына балалардың көздерін жеткізуге болады.
Бала өсімдікке қамқорлыққа, жануарларды күтуге, табиғи ортаға
жанашырлықпен қарауға тәрбиешінің күнделікті тікелей басшылығымен
тәрбиеленеді, сондықтан тәрбиешінің күнделікті іс-қимылын бала бақылай
отырып қайталайды тәрбиешінің өсімдіктерге су құйып, жануарларды
тамақтандыру т.б.
Бұл орайда осы жастағы баланың еңбекке деген қабілеті басқа
қасиеттерінен басым болатындығын әр тәрбиеші есінде ұстағаны жөн.
Сондықтан, оларға жұмыс тапсырма бергенде аяғына дейін тиянақты
орындалуын қадағалап, мақсатын дұрыс ұғындыруы қажет. Осындай жағдайлардан
кейін бала шын көңілімен, ынтамен орындауға кіріседі. Мысалы, өсімдікті
суаруда, оған су өте қажет, өйткені ол сусыз өмір сүре алмайды және әр
мезгілде суды әрқалай қабылдайды, жазда суды көп қажет етеді, себебі: күн
ыстық, қыста керісінше және өсімдіктің жаңадан шығып келе жатқан
жапырақтарына зияны болмауы үшін қуарған жапырақтарын алып тастауы керек
т.б. ақиқатты баланың есіне салып өту артық емес.
Педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұны мен принципі
балабақшадағы тәрбие жұмысының бағдарламасында балаларды жылдың төрт
мезгілімен жеке-жеке таныстыру керектігі көрсетілген. Себебі әр мезгілдің
өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, қайталанбас құбылыстар олардың ой-пікірін
ұштап, жетілдіріп, сыры мен мәнісін сезінуге жетелеуі қажет. Табиғаттың
мезгіл бойынша өзгеретін сан алуан құбылыстарын білгісі келген мақсатта
балалардың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылады. Мәселен, неге құстар күз
мезгілінде ұшып кетеді?, Қар неге ериді? Мұз неден пайда болады? т.б.
Мұндай сұрақтар баланың логикалық ойлау қабілетінің, сөз қорының дамуына
мүмкіндік береді.
Балабақшада тәрбиеленетін бала жыл мезгілдерін бір-бірінен толық
ажыратып, әр мезгілдің өзіне тән құбылысын ерекше атап беру қабілетіне ие
болуы тиіс. Жылдың әр мезгіліне тән құбылыстар кейде барлық маусымда болуы
мүмкін, оны балаларға қалай түсіндіруге болады, соған тоқталсак, мысалы,
жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де? жауады. Бірақ әр мезгілдің
жаңбырының өзіндік ерекшелігі бар, жаздағы жаңбыр ірі, тез жауып өтеді,
жылы; күздегі суық, ұзақ жауады; көктемдегі — найзағайлы, суық, ұзақ
жауады, кейде соңынан кемпірқосақ көрінеді. Бағдарлама бойынша бес- алты
жасар баланың табиғатқа дұрыс көзқарасын қалыптастыру педагогикалық іс-
әрекетке байланысты, соның барысында іске асады.
Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты табиғи ортаның өзгеруіне толық көз
жеткізу үшін ғалымдарымыз мынадай әдіс-тәсіл қолданған.
Төрт мезгілде де балаларды бір табиғи ортаға өзен жағасына алып
барған. Бұдан балалардың осы ортаның әр мезгілде қандай өзгерісте
болатынына көздері жеткен. Тәжірибе бойынша балаларға әр мезгілді 3-ке
бөліп басы, ортасы, соңы түсіндіру немесе саяхатта мақсатты серуендер
арқылы көз жеткізу оларға үлкен әсер қалдырады. Саяхатқа бармас бұрын
тәрбиешінің жоспары болуы тиіс. Онда саяхаттың мақсаты, тәрбиелік мәні,
қандай сұрақтар қойылуы тиіс, қандай әңгіме-жұмбақ айтуға болады, бұның
алдындағы саяхаттан қандай ерекшелігі бар, осыларды мейлінше қамту қажет
бала жасының өсуіне байланысты тәрбие жұмысының мазмұны да күрделене беруі
тиіс. Табиғатқа серуен кезінде, түрлі дидактикалық қимылды ойындар ойнату,
бірігіп пайдалы еңбек ету, қызықты әңгімелер айтып беру, балалардың
әңгімесін тындай білу — осының бәрі тәрбиешінің жеке басының шеберлігіне
байланысты.
Тәрбиеші балаларға табиғаттағы әдемілікті сезініп, көре білуге баули
отырып, табиғатты бақылатады. Бүкіл дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің
алтын қорына зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби өзінің педагогикалық
мұрасында жас ұрпақтың эстетикалық ұғымын, сезімін қалыптастыруда үш
нәрсені негізге алады:
1.Баланың ішкі ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабілеті.
2.Ұстаз- тәрбиешінің шеберлігі, ар тазалығы, шәкірт алдындағы адал
жауапкершілігі.
3.Тәрбие үрдісінің алатын орны. Тәрбие жұмысында барлық уақытта асқақ
мұрат, іскерлік, ұйымшылдық, құмарлык және әділетті бағалау қатар жүруі
шарт делінген.
Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің басты нысанасы- баланы сәбилік шағынан
қарапайым еңбек дағдыларына баулу, еңбек туралы дұрыс көзқарас
қалыптастыру. Балабақшадағы еңбек тәрбиелік- білімдік жұмыс жүйесін
ұйымдастырудың амалы ретінде маңызды орын алады. Бау- бақшада, гүлзарларда
және табиғат мүйісінде үнемі жұмыс жасау өсімдіктер мен жануарларға деген
ынта-ықыласты арттырады, балалардың табиғаттағы заттарды сүюіне және оларға
ұқыпты қарауына көмектеседі, еңбексүйгіштік пен басқа да адамгершілік
саналарының қалыптасуына ықпал етеді.

Тіршілік иелерінің өміріне қажеттілік туғызу және қолдау әдісі
балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол
балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға
бағытталған. Табиғатты қорғау арқылы жақсы нәтижеге жету – осы әдіс
түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста
болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және
жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға
септігін тигізеді.
Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа
бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық
күрделі үрдіс. Ол табиғатпен , тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен
тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат
құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың
негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру -
өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу,
балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау
балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін,
тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала
көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының
байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп,
қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы
арта түседі.
Табиғатты бейнелеу әдісі – экологиялық тәрбие жүйесіндегі өзіндік
орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер
дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды
тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен
таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық
тұрмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен
жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат
адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап,
олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні
жөнінде ұғым қалыптастырады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың
табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны
табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарға
қамқор болуға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Табиғат әлеміне қамқорлық жасау мақсатында таным білім саласы,
қоршаған орта бойынша:
1.Судың маңызы
2. Құстар тіршілігі.
3. Ағаштар неге ашуланды.
4. Үй жануарлары.
5. Жыл мезгілдері. тақырыптарында ұйымдасқан ойын іс –әрекеттері
өткізу керек.
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Әлем бала өміріне біртіндеп
кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады.
Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар
өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар.
Мектепке дейінгі балаларды қоршаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz