Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын-сауықтарды ұйымдастыру


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
« » кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын-сауықтарды ұйымдастыру»
Орындаған:
Жетекші:
Орал - 2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын - сауық репертуарларының сипаттамас, оларды ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері
1. 1. Ойын-сауық түрлері және оларды ұйымдастыру . . . 6
1. 2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын рөлі . . . 12
1. 3. Балабақшадағы ойын-сауықтар өткізудің мақсат-міндеттері . . . 15
1. 4. Кішкентайлар, орта, ересек топтарда ойын-сауықтар ұйымдастырудың ерекшеліктері . . . 22
II-бөлім. Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтардың практикалық негіздері
2. 1. Әр жастағы балаларға арналған ойын-сауықтардың тәрбиелік мәні . . . 31
2. 2. Балабақшада өткізілетін ойын-сауықтардың әдістемелік жолдары . . . 36
Қорытынды . . . 40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 42
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Бүгінгі таңда тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, балалардың білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Баланы жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа, әсіресе мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-бір қасиетті міндеті.
Ойын - сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін, өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға тәрбиелейді. Жыл сайын өтілетін қалалық, аймақтық, балалар шығармашылығы байқауына өнерлі балаларды қытыстырамыз, болашақ жас әншілік қадамына жол көрсетеміз.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады», сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес», - деп айтқан В. А. Сухомлинский.
Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұндаа өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Ойын - сауық мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі, оған хороводтар, сюжеттік-рөлдік әндер, қимыл ойындары енеді.
Зерттеу мәселесі : мектепке дейінгі балаларға ойын-сауықтар ұйымдастырудың тәрбиелік маңызын және ойынның бала өміріндегі рөлін ашып көрсету.
Зерттеу болжамы: Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Сондықтан оқу, тәрбие ісінде ойындарды қолданса, баланың дүниетанымы қалыптасып, қиялы шыңдалып, зейіні қалыптаса отырып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.
Зерттеу пәні : Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтар репертуарының сипаттамасы
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі кішкентай, орта, ересек балалары
Зерттеу мақсаты: Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу.
Зерттеу міндеті:
- Мектепке дейінгі мекемелерде ойындарды үйрету арқылы өз Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеу;
- Мектепке дейінгі мекемеде балаларға ойындар үйретудің әдістері мен тәсілдерін меңгерту;
- Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолдана білудің маңызы туралы түсінік беру.
Зерттеу көздері : мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы тәрбиесі.
Зерттеу әдістері: ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат жасау.
Зерттеу кезеңдері : мектепке дейінгі балалар (кішкентай, орта және ересек топтағы балалар) .
Ғылыми жаңалық:
- Балалар өміріндегі ойынның маңызы мен түрлеріне теориялық тұрғыда сипаттама беру;
- Ойындардың түрлерімен таныстырылды және отбасы тәрбиесінде ата-ана қарым-қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді,
- Бала мен ата-ана және балабақшада қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
- Балалар ойындарының тәрбиелік мәні теориялық және практикалық тұрғыдан зерттелінді.
Тәжірибе маңызы: эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата-аналармен жұмысында, іс - шараларында қолдануға болады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін нығайтуда үйретілген ойындарды пайдалануға болады.
І тарау. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын - сауық
репертуарларының сипаттамас, оларды ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері
1. 1. Ойын-сауық түрлері және оларды ұйымдастыру
Ойын-сауық - тәжiрибе мен тәсiлдiң еркiндiгi, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебi, мұрат пен меженiң тоғысқан шеңберi. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзiл-қалжың бола бермейдi. Ойын-сауық қара күш көрсететiн озбырлық немесе бiреудiң намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтiмдiлiгi мен сөз өткiрлiгi, күш пен қабiлет ашық сайысатын ортада көрiнiп, дiлмарлар, шешендер, шеберлер өз мәртебесiн мойындатып жатады. Ойын серiктестi таба бiлуге, онымен тiл табысуға үйретедi. Ойында адам қарсыласының олқы жән оң жақтарын дұрыс анықтауға ерекше мән бередi, оның күш-қабiлетiн тура бағалау ережесiне ередi. Ойнаушы бәсекесi мол қарым-қатынастың тәртiбiне жүгiнедi. Әр ойынның өз тәртiбi, тәсiлi және тәжiрибесi бар. Сол тәртiп, тәсiл, тәжiрибенi бiлген адам тезiрек қалыптасады, жан-жақты жетiледi. Ойын - адамның қабiлет-қасиетiн ширататын, шымырлататын жүйелi iс-әрекеттiң көрiнiсi.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен. Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.
Психолог А. С. Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.
Я. А. Каменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойын-сауықта кiсiлiк қасиет шыңдалады, адам қабiлетiнiң құндылығы артады. Әр деңгейдiң өз өнерi мен өнегесiне қызыққан шетел саяхатшылары осы қайталанбас табыстарды қанша мәртеге дәл сипаттап жеткiзе алған.
Ойын-сауықтары белсендiлiк - мiнездегi кемшiлiкке, жеке адам мен қоршаған ортадағы келiссiздiкке қарсылық, сондай-ақ бойдағы ебедейлiктi көрсетуге шек қоймай жан таласу. Бұл ашық та, нақты сайыс. Оған деген халықтық ықылас жоғары болды. Қолдауы басым ортада әркiм өзiнiң көргенiн, көкейiндегiсiн жеткiзуге алаңсыз әрекеттенедi. Өз қалауынша жарыстың түрi мен әдiсiн таңдайды. Ойындағының бәрi де өтпелi-төкпелi емес. Түптеп келсек, ойын тәртiпке, тапқырлыққа, туралыққа үйретедi, қалжың-әзiлден нәр алады, бас қосып жүздеспек iңкәрден серпiлiс табады.
Осы ерекшелiктердiң ұлттық сипаты мен көрiнiстерi бар. Ұлттық ойын - халық өнерi мен мәдениетiнiң негiзгi бiр саласы.
Ойын кезiнде қазақтың ұлттық ойындарына тән ерекшелiктердi қалай ұғамыз, оларды қолдауға қаншалықты бейiмбiз деген көкейкестi сұрақтар өздiгiнен туындайды. Ұлттық ойын-сауықтар - ұрпақ пен елдiктiң елшiлiгi, халықтың әдет-ғұрпының көрiгi, әр перзенттiң жүрегiндегi оттығы. Мұндай өтiмдi құндылықтар ойын-сауықтың ортақ сақтық қорын, жарқын дүниенi демейтiн әдеттiң қайнар көзiн құрайды.
Ойын-сауықта адам кемшiлiкке налымайды, жалғыздықтың жамандығына шалынып, ұрына бермейдi. Бiрде дауыстап, бiрде белдесiп, бiрде жүгiрiсiп ойын-сауықтың берекесiн келтiргендердiң ортақ ережесi болды. Ол: ойын-сауықта бiрiн-бiрi тек сыйлау, өзара сыйласу, бiр-бiрiне сыйымды болу, әдiлдiктiң әлiппесiн аяқ асты етпеу едi. Сауық құру - жарқын көңiл базары, иманжүздiлердiң ажары ретiнде, татулыққа дем беретiн қарапайымдылықтың қуаты, алғырлықтың қайырымдылығы мол ағымына айналды. Мұндайға мейiрiмдiлiк пен меймандостық - денсаулыққа салмақ, адамгершiлiкке өлшем, елдiкке сын болды.
Ойын-сауық балалардың ой қабiлетiн, өмiрге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырады. Олар үшiн ойын - баланың жан-тәнiн қоздыратын тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңiстiң дәмiн татқызатын, жеңiмпаздың мәртебесiн көтеретiн кеңiстiк пен қолдау тоғысы. Жарысқа қатысатындардың сезiмi сергек, ойы өткiр, кеудесi мен бiлегi мықты, қимыл-әрекетке ептi болуы шарт. Көшпелi қазақтардың өмiр салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа мiну өнерi жас баланың сезiмi мен денесiн жаттықтырудың басты және ортақ дәстүрiне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейiмделдi, соған тырысты.
Ойын-сауық - ұрпақтардың өмiр-салтымен, әдет-ғұрпымен ұштасты. Мысалы, бесiк жырларының өзi ойнақы, ұйқасты тiркестерiмен есте қалады. Ойын - өмiрдi және ойнаушының өзiн танудың құралы, ол баланың өмiрге деген құмарлығын оятып, тiл мен жылдамдыққа деген ықыласын арттырады. Ойын - өзгенiң көңiл-күйiн дер кезiнде және дәл ұға бiлуге, өз көңiлiн дұрыс жеткiзе алуға ұйытқы болады. Жасөспiрiм ойын арқылы а) ұшқан құс, жүгiрген аң, қыбырлаган жәндiктер тiршiлiк тiрегi екенiн ертерек сезiне алды; б) өз қабiлетiн күнделiктi тiршiлiк ағымына бейiмдеуге ықшамдайды, өзiн алдағы өмiрге икемдей түседi; в) үлкендердiң өнегесiнен тағылым алады. Ойындар өнеге-өсиеттi күнделiктi тәжiрибеде iске асырудың құралына айналды. Ойнаушылар әртүрлi қозғалыста денешынықтыруға төселдi, үлкеннiң бар қасиетiн қабылдады, iс-әрекет үстiнде сәбиге тиiстi мiндеттердi ойнақы, жеңiл сөздермен, ертерек ұқтыра бiлдi. Ойын түрлерi жүйелi және жедел өзгерген сайын, баланың ойлау, қиялдау, армандау қабiлеттерiн ертерек оятып, тезiрек қалыптырды. Ойынның кең таралған түрлерi осылайша халық тәрбиесiнiң көзiне айналды, халықтық салттың қалыптасуына айқын ықпал еттi.
Ұлттық ойын жарыстарында денсаулықты сақтау жолы да, өзiн-өзi қорғау амалдары да айқын. Денсаулықты сақтаудың шарты - дененi шынықтыратын қозғалыс пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын реттеуде, рухты жоғары ұстай бiлуде.
Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:
1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пiстi, жылмаң т. б. ;
2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т. б. ;
3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрiк жасырмақ, түйiлген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т. б.
4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т. б.
Ойын-сауық - ақыл мен жiгердiң тартысы, қозғалыстағының таласы мен жарысуы, мықтылар мен ептiлердiң жеңiсi:
- жарысқандардың әңгiмелесiп желпiнуi, әндетiп серпiлуi, әсемдене есеюi;
- әзiл-әңгiмесi мен әдебi жарасқандардың сәндiлiгi мен сенiмдiлiгi;
- тапқырлықтың алданышы, қуанышы, жұбанышы, ептiлiктi үйрену, батылдықпен үйлесу, қайсарлықты үйрету;
- нақты мақсатқа ұмтылу, жүйелi әрекеттi ұйымдастыру, тиiмдi әдiстi ұтымды пайдалану.
Ойын-сауық - жамағаттың белдесуi, бәсекелесуi, бауырласуы немесе айтысуы, аңдысуы, айқасуы. Ойын-сауық шабуылдан қорғану, шабытты қолдану, жеңiмпаздармен қолтықтасу. Сауықшылар күштiлермен көршiлес, ептi өнегелiлермен қоныстас, жанашырларға тiлектес, өз ортасымен тағдырлас болады. Мұндай адамдық бәсекелi қатынаста тазалық, тұралық, татулық жоғары бағаланады. Өмiр сүрудiң қолайлы, дәстүрлi, тартымды, өтiмдi жолдары уағыздалады. Өнерлiлер тiршiлiктiң иесiне, құндылықтың көзiне айналады. Өзi мен ұрпақтың байлығын арттырған өнерлiден әркiм үйренедi, өз қуатына икемсiз жаманнан тез жиренедi.
Ойын-сауық жарыссыз, бәйгесiз қызбайды. Жарыс - ой мен сөздiң, мiнез бен қимыл-әрекеттiң жарысы, үмiт пен үлгiнiң жарысы. Бәйге бас қостыратын, өнер жарыстыратын, үлкен мен кiшiнi, алыс пен жақынды табыстыратын үлкен оқиға. Бәйге - Тәңiр мен ата-баба аруағын дәрiптейтiн халықтық мерекенiң оттығы. Бәсекенiң қан қыздырар бiр түрi - жiгiттер сайысы. Оған аударыспақ, күрес, ат жарысы, көкпар жатады.
Салттық рәсiмнiң төлтумасы - адамды сыйлауда, сауық құруда, ел қыдыруда. Сыйлау адамның өзiне, iсiне деген сенiмiн арттырады. Сауықта адам өз мiнез-құлқын бақылауды үйренедi. Ел қыдырып, жүрiс-тұрысын да ширатады. Адамның өресiн көтерген және көтеретiн бұл бастамалар - а) жарық дүниенiң бiрлескен, дамыған жағын; б) мәдениеттiң өзiндiк, шығыстық-көшпелi түрiн; в) қоғамдық өмiрдiң ерекше жетiлген көрiнiсiн құрайды. Үштiк нұсқалар тоғысқан сайын қоғамдық құрылым мен қатынаста халықтық ықпал, халықтық дәстүр маңызын үстемелейдi. Халық ақсүйектерге, сұлтандарға, қажыларға, хан тұқымдарына арқа сүйейдi. Бiрақ олардың бұйрығынан гөрi, би-шешендердiң сөзi, өнерпаздардың өнегесi анағұрлым өтiмдiрек болады. Соңғылардың тiлi, дұниетанымы және дүние сезiмi кезкелген тыңдаушыларын бей-жай қалдырмайды.
Ойын-сауық адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұны етуге, жеңiске жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
- ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
- жеке оқыту маңызының артуы;
- оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т. б.
1. 2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын рөлі
«Ойын» ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану) ;
-коррекциялық (өзін-өзі түзету) ;
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Мектепке дейінгі балалардың негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады.
Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары, ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық өзара байланыстар.
Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық ойындарға деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г. А. Кулагина зерттеу үдерісінде ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі өзіндік формаға ие болатындығын анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз бетінше іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша көзқараспен қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, байланыстарды орнату, жекелеген құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу сияқтылардың барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны мектеп оқушыларын жылдам және шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік жадыларының даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік береді. Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады, осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады. (К. А. Родкин) . Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап, қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:
а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. (Г. А. Ляпина, М. В. Стронин және т. б. ) ;
б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің ұлғаюына мүмкіндік береді. (Е. Енгабаева, А. А. Баранов, Г. А. Ляпина) ;
в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (Ю. П. Азаров, О. С. Кель, В. Н. Терский) ;
г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. (А. А. Баранов, В. И. Иванова) .
Әдебиеттерді шолу мен тәжірибелік сараптамалық жұмыстар дидактикалық ойындардың барынша әралуандығын айқындады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz