6-7 жасар балалардың психикалық даму ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму
ерекшеліктері

Орындаған:Алдекенова Ж.С.

Ғылыми жетекші: Талпакова С.А.

Орал 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Балаларды жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту
және тәрбиелеу
1.1. Балалық шақ кезеңіндеріндегі даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 6
1.2. Балалардың дене және психикалық
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...10
ІІ тарау. Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму
ерекшеліктері
2.1.Мектеп жасына дейінгі әр түрлі топтағы балалардың тілін
дамыту ... ... ..13
2.2. 4-5 жастағы балалардың қабылдау
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 20
2.3. 6-7 жасар балалардың психикалық даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің
білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Зертеу өзектілігі: Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз
мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің
болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты
болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай
білуіміз де ерекше рөл атқарады.
Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты
қалыптастыратын отбасы, ана тілі және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің
кадрлары. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын терең игерген
педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру,
кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай
курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына
деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шыңдауына, бала тәрбиесіне
деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.
Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен
өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени – гигиеналық машықтарды қалыптастыруға,
еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, үлкенді
сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ,
балабақшада тәрбиемен бірге оқу-тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала
тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды. Тәрбие жұмысын тәрбиеші-педагог
мамандармен бірге ата-ана да бірлесе отырып жүргізсе, келешек ұрпақтың
өнегелі де, білімді болары сөзсіз. Кішкентай бүлдіршіндерді өнерге, білімге
баулып, тәрбиелеуге балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің,
өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор.
Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін
жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге
қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру
біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп
жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер
балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Балабақшадағы бала қазақ тілін меңгеру
барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі – ауызша сөйлеп үйренеді. Ол
сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты
айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді.
Зерттеу мәселесі: Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар
топтарының даму ерекшеліктерін анықтау
Зерттеу болжамы: Егер де, балаларға тәрбие беру үрдісінде дидактикалық
дамытушылық және т.б. ойындарды пайдаланып, олардың даму белсенділігін
арттыратындай жаттығулар беріп отырса, онда балалардың даму ерекшеліктері
жоғары дәрежеде болып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін
дамытуға болар еді.
Зерттеу пәні: Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар
топтарының даму ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: Жеке тұлғаны дамытуда оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу мақсаты: Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар
топтарының даму ерекшеліктерін айқындап көрсету.
Зерттеудің міндеті:
1. Балалық шақ кезеңдері мен ерекшеліктері туралы;
2. Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму
ерекшеліктеріне жапы сипаттама беру;
3. Балалардың тілін дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсетіп,
ұсыныстар жасау.
Зерттеу көздері: Мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктеріне
арналған әдістер мен ғалымдардың айтқан пікірлері.
Зерттеу әдістемесі: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар,
өткізілетін іс-шараларды зерделеу, ойындар, тәрбие сағаттары.
Зерттеу кезеңдері: Балалық шақ кезеңдері.
Ғылыми жаңалық:
- Мектепке дейінгі балалардың даму ерекшеліктері туралы түісінік
берілді;
- Балалардың таным үрдісін дамытудың ерекшеліктеріне сипаттама
берілді.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.

І тарау. Балаларды жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту
және тәрбиелеу
1.1. Балалық шақ кезеңіндеріндегі даму ерекшеліктері
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие
жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы
принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас
ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие
жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие
жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және
тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.
Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске
алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі
проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері
әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетті. Жас кезеңдерінің
шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі.
Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып
жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс
бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер
адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады.
Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының
пікірлері бойынша, балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір
мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл
қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді
емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың
өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың
заңдылығын осылай дәлелдегісі келеді. Бірақ ол балалардың психикалық
дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.
Біздің елдің ғалымдары – педагогтары балаларды тәрбие және білім
беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли
жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындғы балалар
т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған.
Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.
Мектепке балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт ,
бес, алты және жеті сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас
кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және
мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас
сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас
сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ,
бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде
балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен
ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс - әрекетін
тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.
Мектепке дейінгі балалық шақ. Бұл жастағы балалар күнделікті тұрмысқа
байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ
уақытты еңбекті көтермейді. Сондықтан ата – аналар балалардың күш – қуатын
еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте – бірте үйрету тәсілдері
арқылы жаттықтыруы қажет.
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді
тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс - әрекеті ойын.
Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп
түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалімде, ата –
аналардың өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталы, сөз
қоры мен тіл дамуының даму дәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі
бірсыпыра мәліметтерді білу, дененің жетілуі т.б.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір
ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек жүйесі
қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарық шарының функциялары дамиды.
Бұл жастығы балалардың іс - әрекеті – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным
процесі дамиды. Н.К.Крупская және А.С Макаренко 7 – 12 жастағы балалар үшін
әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша
ойын балаларды ептілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды,
ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесіне үшін әрекет жасауға тәрбиелейді.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Тәрбие
процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы,
өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі
болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмаын орындаудан қашушылық т.б.,
балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу, тәрбиешілердің, ата –
аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың
мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөз бен істің сәйкесті болуын талап
етеді; жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген
қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді
серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт
ойындарында өте ықыласты болады т.б.
Жеткіншектік шақ. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе
қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Н.К. Крупская
бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба жас деп атап көрсетеді.
Жасөспірімдік шақта жастардың организмі – қаңқасы мен бұлшық еттері,
ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшық еттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің
нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғам алдында тұрған
әлеуметтік – саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене
қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді,
өздерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың
мамандыққа ықыласының бірте – бірте қалыптасуы түрлі іс - әрекеттеріне
жауапкершілігін арттырады.
Әрбір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде
байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері,
жеке адам бойындағы мінез – құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер
жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез – құлығының,
темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттердің
дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер
адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады.
Әр бір адамның өзіне тән қасиетерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін
дамытуды жан – жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына
ықпал жасап қана қоймайды, ол үнемі даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің
міндеті “ең таяу даму зонасын” жасап, оның келешекте “көкейтесті даму
зонасына ” айналуын қамтамасыз етеді.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез – құлқына
сәйкес жете білуі қажет. Мәселен, нерв жүйесіне байланысты темперамент
типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде
ұйымдастырып іс – жүзінде аыру мүмкін емес. Жеке адамның дүниенің
сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында балалардың мінез – құлықтарын
ескеріп, темпераментін тәрбиелейді. Мыслы, сангвиник баланың іс - әрекетін
үнемі бақылап, берген тапсырманы негізінде орындалуын қадағалап отыруы
керек болса, ал меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа
тәрбиелеу қажет.
1.2. Балалардың дене және психикалық дамуы
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басынан дүние жүзіндегі көптеген
елдердің ғалымдары балалардың дене және психикалық дамуының тездеуін –
акселерация құбылысы деп атап көрсетті. Демек, акселерация физиологтардың,
педагогтардың зерттеу объектісіне айналды.
Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншектік шақтағы
балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді.
Күні бұрын тез жетілген оганизм ауруға, суыққа және дене салмғына төзімсіз
келетіндігі бірте – бірте анықталуда. Ер жетуге дейінгі ересек жастағы
балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін
организмде жүрек – тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да өзінің
міндеттерін атқара алмайды.
Зерттеулердің куаландыруына қарағанда дененің дамуы мен жыныс
мүшесінің жетілуі тездейді. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта
қалады. Осыған орай, ер немесе қыз бала қоғам, жанұя алдындағы өзінің
борышын, ар – намысын міндеттерін толық жауапкершілікпен түсіне бермейді.
Сондықтан да олар жанұя құруға материалдық және моральдық жағынан әлі дайын
емес. Бұл мәселені ата – аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер ерекше ескертулері
керек, өйткені 17 –18 жасқа толған жастар арасында ерте үйленушілік әдетке
айналуда.
Қазіргі кезеңде акселерация жайлы әртүрлі жорамал ойлар бар.
Акселерация күн радиациясымен байланысты, сондықтан организм витаминдерді
тез синтездейді деген пікір айтылуда. Егер олай болса акселерация құбылысы
неге терістік аудандарда байқалады? Не себепті күн астында көп жүретін село
балалары қала балаларына қарағанда баяу өсіп жетіледі? Кейбіреулер
акселерация құбылысын мал майлары мен белоктағы тағамдар арқылы көбірек
пайдаланудан деп түсіндірелі. Олай болса, мал майлары мен белоктарды
бірнеше рет аз мөлшерде пайдаланатын Жапония балаларының тез өсіп жетілуін
қалай түсіндіруге болады.Акселерация космос және радио тербеліс толқыны
дәрежесімен, ақпарат тасқынымен байланысты деушілер де бар.
Әрине, акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек.
Өйткені, бұл әлі де жан – жақты зеттеуді қажет ететін проблема. Дегенмен
акселерацияға байланысты кейбір мәселелердің дұрыс шешілуі ойластырылуда.
Мысалы, мектеп мебельдерінің , сырт және аяқ киімдерінің үлгілері , дене
шынықтыру мен жаттықтыру комплекстерінің қайта қаралуы т.б. Сонымен бірге
акселерация құбылысының ақыл – ой дамуына да ықпал жасайтындығы байқалуда.
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңын ала сүт тістері алмаса бастайды.
Бұл жастағы балалар білуге құмар, бірақ тәжірибесі аз, үлкендердің бақылауы
аз әсер ететін болғандықтан жиі жарақаттар алып тұрады. Бұл кезенде өткен
кезеңге қарағанда даму құбылысы әлсірейді. Біртіндеп балалар организмінің
барлық қызметі жетіледі, бірақ дегенменде қызметінің жеңіл бұзылу
мүмкіншілігі сақталып қала береді. Жекелеген мүшелердің ауруларына жалпы
(диффузиялық) реакциямен жауап беруге бейімділігі азая бастайды.
Айналасындағы адамдармен жиі қатынасатын болғандықтан бұл жастағы балалар
жұқпалы ауруларымен жиі науқастанады. Бірақ бұл жастағы балаларда балалар
жұқпалы ауруларының барысы жеңіл болып келеді де, ауыр асқынулары сирек
кездеседі. Туберкулезбен ауру жиілігі артып, эндокриндік жүйесінің бұзылу
белгілері байқалады.
Балалық шақтың келесі кезеңі мектеп жасындағы балалар. Бұл кезең екіге
бөлінеді: кіші мектеп және үлкен мектеп жасы кезеңдері.
Кіші мектеп жасы кезеңі. 7-ден 11 жасқа дейін созылады. Көптеген
жүйелер мен мүшелер дамып, толық жетіледі. Сүйек жүйесі толық дамып
жетіледі, бұлшық ет жедел дамып, толықсып қатая түседі. Бұл кезең ақыл
ойының, жазу ұсақ қимыл координацияларының тез дамуымен сипатталады. Бала
қажетті еңбек икемділіктерін игереді.
Бұл кезеңде жұқпалы аурулардың маңызы зор, бірақ олар сирек кездеседі
және олардың барысы жеңіл болып келеді. Ревматизммен бұл жастағы балалар
жиі ауырады. Туберкулез ерте немесе созылмалы түрінде болуы мүмкін.
Үлкен мектеп жасы кезеңі – 12-ден 18-ге дейін созылады. Эндокрин
жүйесінің қайта құрылуымен, жыңыс, қалқанша бездердің, гипофиздің
қызметінің арта түсуімен сипатталады.
Сондықтан балалармен жас өспірімдердің осы бездердің жұмыс тепе-
теңдңгң бұзылып, эндокринді жүйесінің бұзылыстары пайда болуы мүмкін.
Жыңысын жетілу мерзімі балалар жыңысына және жеке ерекшеліктеріне
байланысты болады. Бұл кезең қыз балалар үшін жыныстық дамудың жетілу
кезеңі болса, ер балалар үшін жыныстық дамудың басы ғана.
Бұл психологиялық дамудың, азаматшылық, адамгершілік, әдет-ғурып,
мінез-қулық, жігер-қайраты деген ұғымдар қалыптасатын ең қиын кезең болып
есептеледі. Бұл жастағы балаларда жыныс және дене дамуының бұзылыстары жиі
кездеседі.
ІІ тарау. Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму
ерекшеліктері
2.1.Мектеп жасына дейінгі әр түрлі топтағы
балалардың тілін дамыту
Мектепке дейінгі шақ- балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан
молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру,
қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының
қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге
бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру,
баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді
пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды
айналамен таныстыру- бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы
сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру
және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің
әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны,
ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен
таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы,
салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.
Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың
ұғымын кеңейтеміз. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы
құбылыстарды тану арқылы жетіледі.
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын,
жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін
тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме,
асхана, дәрігер бөлмесі, т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды.Сонымен
қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін
қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына
дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы
әңгімелейді.
Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд,
жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы
біледі.Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың
табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны
табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды
қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта
нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып
табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен
құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен
табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу,
еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы
эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы
қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала
белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен
зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында
балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын
өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау
кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар
сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі
тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей
байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы
негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда Сезіну-танып білу- жүзеге асыру - осы
үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап
алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала
бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару.
Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-
тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек
шараларын қатар жүргізіп отыру керек.Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді
ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын
дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері
арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды
жасау.
Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.
Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы
дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:
• Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.
• Бақылауды өткізу орны және уақыты.
• Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.
• Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.
• Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
• Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
• Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен
салыстыру;
• Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;

• Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;
Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ
бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді
ойын,еңбек,серуен,тәрбиешімен,ересе ктермен,құрдастарымен қарым - қатынас
кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды
түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата бастап,олардың құрылысын,пайдалану
тәсілдерін білгісі келеді.Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің
құбылыстары мен заттарын анықтай білуге,адам баласының жинақтаған бай
тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі.Балалардың бір
нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.Балалар өте
байқағыш,еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды
ойлантады.Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала
сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала
алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені
тануына кері әсер етуі мүмкін.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын
білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол
сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,
ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл –
ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі
жас- естің және тілдің қарқынды даму жасы.
Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көз қараспен қарай
отырып, баланың мінез құлқын сана – сезімнің тілінің жетілу дәрежесін,
таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс
бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек.
Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6-7-жасар балалардың таным белсенділігін дамыту динамикасы, ерекшеліктері
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Мектепке дейінгі балалардың мектепке даярлығын анықтау ерекшеліктері
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттамасы
3 жастағы балалардың сана-сезімі және өзін-өзі бағалауы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуды жүзеге асыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту
Пәндер