Бастауыш сынып математика сабағында ойын технологиясын қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Бастауыш сынып математика сабағында ойын технологиясын қолдану»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Ойын технологиясының теориялық негіздері

1. 1. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері . . . 5

1. 2 Ойын технологиясының негіздері . . . 7

1. 3 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар . . . 8

2. Бастауыш сынып математикасында қолданылатын ойындар

2. 1 Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану . . . 13

2. 2 «Қарапайым түсініктер» тақырыбына арналған дидактикалық ойындар. . 16

2. 3 «Он көлеміндегі сандар» тақырыбына арналған ойындар. . 24

Қорытынды30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі32


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл-күйі, баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады. Физика, химия, тарих т. б. пәндерімен байланысып білім - білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға, өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.

Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды. [11]

Зерттеу мәселесі.

- оқушылардың математика пәніне қызығушылығының, танымдық белсенділігінің төмендеуі.

- ойын технологиясын оқу процесінде жүйелі қолданбаудан оқушы құзыреттілігі айқындалмайды, жан-жақты оқушы қасиеттері анықталмағаннан қарама-қайшылықтар туындайды.

- математика сағаттарының қысқаруы.

Мақсаты : Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеттері:

-математика сабақтарында ойын элементтерімен танысу;

-математика бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау;

-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;

-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;

-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;

-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Зерттеу болжамы: Егер математика сабағында ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса; уақытты тиімді пайдаланса, тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе, онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады.

Күтілетін нәтиже:

-сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.

-оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.

-ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.

-оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.

Зерттеу құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ойын технологиясының теориялық негіздері

1. 1. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері

Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т. б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр. Ол - оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару. [4]

Қазіргі кезеңде математиканы оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Түрлі әдістемелік жүйе, әдістер мен тәсілдер мектепте математика пәнін оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», В. В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері», «Блум таксономиясы» т. б[7]

Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану- бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы. Сыныптардағы математика сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады. Сондықтан сабақты ойын тәсілімен өткізу - математиканы сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі. Ойын - күрделі математикалық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С. Л. Рубинштейннің пікірінше "ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды. [14]

К. Г. Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырды. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:

Қажеттілік - мотив -мақсат- ойын іс-әрекеті - нәтиже.

Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:

а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады:

ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;

б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;

в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.

Педагог ғылымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынандай пікір айтады.

Белгілі педагог Ю. К. Бабанский ойынды "как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся" - деп көрсетсе, педагогтардың арасында ойын іс-әрекетін педагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ. А. С. Гуревич, А. В. Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н. Н. Скатова, Р. И. Половникова, В. К. Роман оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді. Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады. Ойын - өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымының кезеңдері:

1) мақсат қою;

2) жоспарлау;

3) мақсатты жүзеге асыру;

4) адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді.

С. А. Шмаковтың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет түрі. Көптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:

1) еркін дамыйтын әрекет;

2) шығармашылық әрекет;

3) тікелей немесе жанама ережелер.

Ойынның дидактикалық үрдісте атқаратын көптеген функциялары бар. Олар:

1. Әлеуметтену.

2. Ұлтаралық араласушылық функциясы.

3. Ойында өзін ұстай алу функциясы.

4. Ойынның коммуникативті функциясы.

5. Ойынның диагностикалық функциясы.

6. Терапевтік функциясы.

7. Жөндеу функциясы.

8. Сауықтық-ойын функциясы. [12]

1. 2 Ойын технологиясының негіздері

Ойын-бұл да әрекеттін бір түрі оны қолдану барысында оқу міндеттері ашылады. Ептілік пен дағды, білімнің жоғары сатыға қамтамасыз ету шешімі, оқу жағдайы немесе мұғалімнің құрастырған жағдайы белгілі мәселе қою арқылы оқу тапсырмаларында түсіндіріледі.

Ойын- әрекеттің қажетті түрі арқылы оқушының жинақталған өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді және бекітіледі, оларға қажетті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану, ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді.

Ойын-мұғалім әрекеті тарапынан, бақылау мен бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен тұратын қызмет түрі.

Әрбір ойында жарыс элементтері бар. Жарыста оқушының жеңіске деген құштарлығы, белсенділігі туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық қызығуды арттырады, оқушының өзін-өзі бағалау әрекетін жандандырады. Оқушы жарыста өз еңбегінің нәтижесін сыныптастарының нәтижесімен салыстырып өзінің көрсеткіштерін жақсартуға тырысады. [6]

\Ойын мектептегі білімнің жеке бағыт алу негізі болып табылады. Ойынның атқаратын міндеттері:

-психологиялық; эмоциялық дәрежесінің мүмкіндігін арттырады және шаршағанды басып, сергітеді.

-психотерапиялық; баланың өзіне және басқаларға деген қатынасы өзгереді, психологиялық көңіл-күйі, қатынас тәсілдерін өзгертуге көмектеседі.

-технологиялық; тиімді ойлау өрісінен біртіндеп шығаруға рұқсат ете отырып қиал өрісіне шынайы әрекетті қайта енгізу.

Оқушы ойнағанда өзін қауіпсіз, қолайлы және дамуына қажетті психологиялық еркіндікті сезінеді

Ойын технологиясының мүмкіндіктерін талдау кезінде жалпы көрсеткіштерге бөлуге болады: танымдық әрекетке белсенді қатысуға деген оқушы ұмтылысы; әрекет субьектісі ретінде өзінің жеке қайталанбас тұлға, өте сиректігін жете түсіну; оның әрекетті түрлерін тандау мүмкіндіктерін қабылдау

Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы; ойын қойылымдары; рольдікпозициялар; альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері; жобаланған нәтижелер; бағалау критерилері; сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың әр түрлі ыңғайы бар: өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай; ойын процесінің мінезіне қарай; ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т. б. ойындар қолданылады.

Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:

1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту

2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық

3. Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық

4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т. б

Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.

Оқыту ойыны- бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді) . Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.

Бақылау ойыны- бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.

Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:

-өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту

-жағымды ойлай білу ептілігі

-өзара әрекет етуді ұйымдастыру

- шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру

Ойын технологиясының оқытудың сатылары:

1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу

2. Баяндалған дайын обектіні құрастыру: топтардағы рөлдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу

3. Топ жобаларын бағалау:ұсынылған жобаларды талқыға салу

4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру: ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау. [6]

1. 3 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуына ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуғап қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді

1. Ойын-саяхат. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық- оңай жолмен; қажеттілер- қызық жолмен беріледі;

2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді . . . ?», «Мен не істер едім, егер . . . » деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындамауды талап етеді.

4. Ойын-жұмбақ. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын-әңгімелер. Мұғалімнің балалармен, мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнынына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқу үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.

Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы суреттесек те болады:

«Ойын» ұғымына түсінік берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:

-ойын-сауық;

-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:

-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану) ;

-коррекциялық (өзін-өзі түзету) ;

-әлеуметтендіру

Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.

Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар және т. б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде кеңінен қолданылып ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп білім дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап- оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

- Балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;

- Баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

- Білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;

- Ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;

- Баланың ойын барысында жеткен жеңісінің, оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.

Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілмен олардың ұйымдастырушылық т. б. қасиеттері дамиды.

Сабақтың бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қадымдап, ұғып алады.

С. А. шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:

- еркін дамытушы әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты;

- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы;

- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.

Ұлы Абайдың « ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев т. б. Ал, ертедегі ойшылдар Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Пестолоций ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лестгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский, С. П. Шацкий және Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген.

Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі дәл дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану- болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай деп түсіндірген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Дамыта оқыту технологиясы туралы баяндау
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Математика сабағында ойын технологиясын қолдану
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz