Мектепке дейінгі баланың мінез құлық дамуы мен сананың қалыптасуы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

Мектепке дейінгі баланың мінез құлық дамуы мен сананың қалыптасуы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі
2. Баланың санысының қалыптасуы
3. Мектепке дейінгі баллардың мінез құлыө ерекшеліктері

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Баланың сансының қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін,
стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-
қайшылықты процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек
және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу
кезеңіне жетеді.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл
процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал
жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды.
Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам
үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған
құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде
болатын сапалық өзгерістер процесі.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық
процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет,
жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік,
белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады.
Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді.
Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер
пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың,
әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне
ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне
елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады.
Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат
жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын
әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға
мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық,
эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер
адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық
талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті
материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан
тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған
зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп
қарастырмайды.

Негізгі бөлім
1. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие
балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық
іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін
тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа
бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын
іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік
қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп
сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан
таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің
рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың
қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады.
Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза
тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский
тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен
ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі
дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы
адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген
жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика
таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның
жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және
әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын
табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы
артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол —
баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның
жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар
ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм немесс ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды
атқару барысында байқалады. Ойын барысында балалардың құрдастарымен өзара
қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды
атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.
Әр түрлі ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің
(қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың
даму барысында таным белсенділігі артады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және
дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-
сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің басты
міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт
ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін
жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен
ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық
жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады.
Мысалы: сынып старостасы, тазалық комиссиясының төрағасы болу, т.б. Осындай
тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру
мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас
ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен,
яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма
балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей
наразылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жас балалық шақтағы ерік-жігер дамуының жалпы заңдылықтары
Балалардың адамгершілік санасының ерекшеліктері
Рухани адамгершілік білім беру және тәрбие негіздері
Бала санасы мен психикасының дамуындағы тәрбиенің орны
Жеке тұлға туралы түсінік
Адамамгершілік сапаларының тұлға дамуындағы рөлі
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
Жеке тұлғаның өзін өзі танудағы рухани адамгершілік құндылықтарының маңызы
Өзін-өзі бағалауда рухани тәрбиенің маңыздылығы
Оқу іс-әрекеті бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуын анықтайтын қызметтің жетекші түрі ретінде
Пәндер