Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Абай тілі лирикасының қабаттары

1. 1 Абай поэзиясының зерттелуі5

1. 2 Абай тілі лирикасындағы араб және парсы сөздері19

ІІ. Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздерді зерттеу

2. 1 Түркілік өлең өрнегі және Абай поэзиясы20

2. 2 Абай өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру . . . 25

Қорытынды29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі31


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. XIX ғасырдағы қазақ өлеңінің классикалық үлгісін өрбіткен Абай ақындығының танылу тарихында қазақ өлеңінің көп сыры ашыла түскені шындық. Қазір де сол Абай ақындығының айналасынан қазақ өлеңінің сиқырына бастайтын сансыз сыр жатыр. Абайтанудағы кейінгі кезеңдегі, ілгергі, ХХ ғасыр басындағы нәтижелерді тұтастай ғылыми айналымға қосу арқылы бұл тұста әлі де көп «көмбенің» жатқанына көз жеткізуге болады.

Абай өз дәуірінің кемел поэзиясын жасады. Абай ақындығында қазақ өлеңінің бар үлгісі, бар түрі айналымға қосылды десек, асырып айту емес.

Халқы үшін қажымай еңбек ету, ақ жолдан айнымай, адам болуды келешекке мирас етті. Абай Құнанбайұлының «толық адам» іліміне үңіліп, телегей-теңіз мұрасын зерттеу, бабамыздың рухани қазынасын елдік санамызды нығайтуға және ұрпақ тәрбиесіне кеңінен пайдалану - бүгінгі күннің талабы.

Абайдың әдеби мұрасының рухани нәр алған көздерінің бір саласы ретінде Шығыстың рухани қазына көздері деген ұғым ғылыми тұрғыдан танылып мойындалса да, бұл саланың арнайы зерттеу нысанына алынып меңгерілуіне әрқилы жасанды саяси-әлеуметтік тосқауылдар болып келеді. Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы пікір айтқан Абайды танушы қаламгерлердің Шығыс тілдерін білмеуі немесе орталықтан евроцентристік танымның насихатталып ақыл ой-сананы тұтқындауы, оқтын-оқтын ақыл-ой иелерін саналы түрде қуғынға алып, көзін жойып отырудың етек алуы да алға басуға оралғы бола берді. Тек совет халықтары атынан орыстың тарихы мен мәдениетін, ғылымын таза орысшылдық пиғыл тұрғысынан мадақтап көп ұлтты совет халқының санасына сол пиғылды орнықтыруды мақсат еткен бұл аталмыш қаулының саяси астары өте жымысқы мұрат-мақсатты көздеген болатын-ды. Бұл қаулының астарында жатқан саяси-идеологиялық мақсат Одақтағы түркі тілді халықтардың мұсылмандық Шығыспен мың жылдан астам қоян-қолтық араласудан туған рухани байланысты үзуді, олармен рухани мәдени байланысы қалыптасқан халықтың тарихи есін жойып жіберіп, одан мүлде адастыруды көздеді.

Курстық жұмыстың мақсаты Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздерді зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Араб тілінен енген сөздерді Абай шығармаларымен байланыстыра отырып зерттеу;

- араб тілінен енген сөздерге, пікірлеріне ғылыми талдау жасау;

- Абай поэзиясының ерекшелігін айқындау.

Зерттеу әдістері. Жұмысты зерттеу үшін төмендегідей әдістерді қолдандым: талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

- Абай поэзиясында араб тілінен енген сөздер жиі қолданылғандығы анықталды.

- Еркін сөздердің күрделі сөздерге дейін дамуына әрі мағыналық, әрі морфологиялық жағынан дамуы, десемантизация, деформацияға түсуі анықталды.

- Абай шығармаларындағы араб тілінен енген сөздер анықталды, Абай лексикасына түсінік берілді. Олардың семантикалық ерекшеліктері айқындалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Абай тілі лирикасының қабаттары

1. 1 Абай поэзиясының зерттелуі

Абайдың тілі зерттеліп келді дегенге екі түрлі ұғымды сыйғызуға болады: бірі - ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, екіншісі Абай шығармалары тілінің өзін талдап-таныту. Әдетте, жеке жазушының (ақынның) тілі жайындағы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе поэзия иесінің тілін тану дегенді оның поэтикалық тәсілдерін, ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп білу керек. Сонымен қатар Абай сияқты қаламгер тілін структуралық жағынан талдау арқылы қазақ әдеби тілінің белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады, өйткені Абай - дайын тұрған қалып-нормаларды пайдаланған қатардағы жазушылардың бірі емес, сол тілдің даму барысындағы жаңа кезеңін бастаушы, сапалық жаңа түрінің ірге тасын қалаушы адам. Қай тұрғыда болса да, Абай тілін әңгіме ету оның творчествосын талдаумен қатар жүріп келді. Әрине, бір дәрежеде, бірдей қарқында емес. Сөз жоқ, ең алдымсн, жазушы творчествосының идеясын, тақырыбын, мазмұнын танып-білу қажет болды. Мазмұнның формасына, яғни қаламгер тіліне үңілу содан кейін басталады. Абайдың творчествосы туралы пікір айту өткен ғасырдың соңғы жылдары мен үстіміздегі ғасырдың басында басталған болса, тілі жөніндегі тиіп-қашты сөзді де осы тұстардан бастап оқимыз. Біздіңше, Абайдың тілі туралы ең тұңғыш айтылған пікір - орыстың көрнекті ғалымы П. М. Мелиоранскийдікі. Ол 1901 жылы айтылған. Акад. Ә. Марғұланның мағлұматы бойынша, князь В. А. Кудашев жинаған Абай өлеңдерінің (Ленинградта, География қоғамының архивінде сақтаулы) қолжазбасын П. М. Мелиоранский редакциялайды. Мұнда Абай өлеңдерінен басқа да үлгілер болады. Қолжазбамен танысқаннан кейін редактор былай деп жазыпты: «Бұл жинақта мазмұны жөнінен, әсіресе мына дүниелер қызықты: «Жыл мезгілдері», «Бүркітші», «Өсекші», «Әйелдің сипаты». Бұл шығармалардың тілі азды-көпті кітаби»1. П. М. Мелиоранский бұл өлеңдердің авторының кім екенін білмейді (өйткені А. К. деп инициалы ғана қойыл­ған), сондықтан олардың циклын көрсетіп атайды. Абайдың мұндағы өлеңдері осындай тақырыптармен берілген екен. Өткен ғасырда қазақ тілін мұқият зерттеген бұл ғалымның осы бір ауыз сөзінен екі нәрсені түйеміз. Бірі - ғалымның көзі көп дүниенің ішінен асыл бұйымды біртен айырып танығаны, екіншісі - Абан өлеңдерінің тек мазмұны ғана емес, тілі туралы да тұңғыш пікір айтқаны. Бұл жердегі «азды-көпті кітаби» дегенді екі түрлі жорамалдауға болады. Мұнда ақын өлеңдері сол кезеңге тән шағатайша-татарша орфографиямен жазылғанына қарап «кітаби тілге» жуық деп тануы мүмкін. Бірақ бұл - неғайбіл, өйткені Кудашев қолжазбасына кірген Абай шығармалары - жыл мезгілдері туралы өлеңдері, «Қансонарда…», «Өлең сөздің патшасы…», «Қартайдық, қайғы ойладық», «Жігіттер, ойын арзан, . . » тәрізді азаматтық тақырыптағы нағыз «қазақы» туындылары. Бұлар емле жағынан қанша шағатайшыланғанмен, тілінің шынайы қазақтығы әудем жерден көрінетін дүниелер. Ондайды П. М. Мелиоранский сияқты мұқият, жетік ғалым сезбей, білмей тұрмаса керек. Сондықтан оның «кітаби» деп отырғаны, біздіңше, басқаға меңзейді: Абай өлеңдері сол жинаққа енген ауыз әдебиеті нұсқалары мен өзге ақындар өлеңдерінен өзінің жазба әдебиетке тән белгілерімен ерекшеленіп, көзге түскен. Абай өлеңдерінде негізгі поэтикалық идеяны нақ бермейтін «буырыл тайлар» мен «терең сайлардың» жоқтығы, образдардың тыңдығы, өлеңнің ритмикалық-интонациялық жағынан да бұрынғы дәстүрден шығып, құбылып келуі - осылардың барлығы сөз қадірін танитын ғалымның көзінен таса қалмай, ақын өлеңдерін жазба әдеби тілде туған деген пікір айтқызған тәрізді. Олай болған күнде бұл - Абайдың тілі жөнінде тап басып, дұрыс айтылған тұжырымдардың бастамасы болмақ. Қазақ топырағында ақынды танып-білу әрекеті үстіміздегі ғасырдың 10-жылдарынан басталса, тілі жөніндегі ой-пікірлер де осы тұста айтыла бастайды. Рас, бұлар әлі тым келте, дәлелі мен дерегі әлсіз. Бұл кезеңдегі назар аударатын пікір - Сұлтанмахмұт Торайғыровтікі. Ол «Айқап» журналының 1913 жылғы төрт нөмірінде «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақала жариялап, онда сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар тілін де азын-аулақ сөз етеді: «Нағыз шың айтқан уақытта қазақ тілінде деп бастырып жүрген кітаптардың көбінде қазақтың исі де жоқ. Неге десеңіз, тілдері бытпырақ. Бытпырақ болмағандарының ағыны теріс…»2 дейді. Мұнда «бытпырақ», «шата тіл деп отырғаны - сол кезде қазақ поэзиясының, жалпы қазақ жазба дүниелерінің тіліне шағатайша, татаршаэлементтердің араласып бара жатқанын айтып, қазақ әдебиетінің қазақтың халықтық өз тілі негізінде дамуына бүйрегі бұрғаны. Жоғарғы сөздерді айтып келіп, мақала авторы: «Жақсы өлеңдер басқаларға қарағанда пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан танырлық ақ құла ашық тұрады. Марқұм Абай өлеңдері секілді» - деп түйеді. Бұл - жалпы тұжырым болғанмен, Абайдың тілі туралы дұрыс танып берілген және қазақтың демократтық бағыттағы әдебиеті уәкілінің аузынан шыққан баға. 1922-1923 жылдардағы ақын тіліне қатысты азын-аулақ пікірлерді оның 1922 ж. Ташкентте шыққан өлеңдер жинағының редколлегия атынан берілген ескерту сөзден және «Ақ жол» газетінің 1923 жылғы бірнеше санында басылған татар ғалымы Абдурахман Сағдидың мақаласынан табамыз. Ұлы ақын шығармаларының 3-басылымы деп ұсынылған 1922 жылғы жинақта (Ташкентте басылған) Абай текстерінде бірсыпыра түсініксіз сөздер бар екендігі, олардың бірқатары ақын туып-өскен өлкеде қолданылғанмен, Түркістан қазақтарына бейтаныстау екендігі, халық тіліне енбеген араб, парсы, орыс сөздері де Абай мұрасын түсініп оқуға сәл кедергі жасауы мүмкін екендігі айтылады да, кітап соңында оларға түсініктер беріледі. 3 Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағыт-бағдары жайында 20-жылдардың ішінде, тіпті 30-жылдардың екінші жартысына дейін баспасөз: бетінде болып келген әр сипаттағы диспут-таластар үстінде де ұлы ақынға әділ немесе бұрыс баға беріп, пікір таластырған адамдар оның тілі туралы да бір-екі ауыз сөзден айтып өткен. Бұлардың ішінде әсіресе ЬІдырыс Мұстамбаевтың батыл және ашық айтқан пікірлері Абай тілі жөніндегі қазіргі көзқарастарымызбен ұштасып жатыр. Ол Абайдың тілі өте шебер екендігін, «жабайы тілмен отырып орайтын мағынасы тым үлкен, қозғайтын сезімдері аса нәзік болып» келетіндігін айтады да: «Ел мейлі не десе о десін, біз өзіміз тіл жағына келгенде, Абай Пушкиндей демесек те, істеген: еңбегінің қадірі одан бір де кем емес деп ойлаймыз» - ден қорытады 4. 1930-жылдардың орта шенінен бастап Абайдың тілі жөніндегі пікірлер молырақ және айқынырақ айтыла бастайды. Әсіресе бұған 1934 жылы ақынның қайтыс болғанына 30 жыл толуын атап ету шаралары үлкен себепкер болғанын көреміз. Осы жылы Абай жөнінде баспасөз бетінде жарияланған мақала-еңбектердің көпшілігінде дерлік ақынның тілі туралы пікір айтылып өтеді, суреткер тіліне арнайы жазылған мақалалар да осы кезден басталады. Мысалы, Құдайберген Жұбанов, Ілияс Жансүгіров және Есмағамбет Ысмайылов пен Зейін Шашкиндер ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді. Мұхтар Әуезов Абайдың ақындығы, оның қазақ әдебиетінде алатын орны мен жаңа дәуір үшін маңызы жөнінде ертеректен бастап ізденген, ара-тұра айтып келген пікірлерінің үлкен бір түйінін 1934 жылғы «Абай ақындығының айналасы» атты еңбегінде бір тастап өтеді. Сол тұста Абайдың тілі туралы да дәлелді сөз айтады. Мұнда Абайдың «шағатайша» өлеңдерін, олардың тілін өзге мұраларынан бөліп қарайды. Шағатай әдебиеті үлгісіне, соның әсері мен тіліне Абай таза еліктеу нәтижесінде келгенін, ақынның поэзия есігін қағар шақта ізденген, бірақ үйрену орнына еліктеген әрекеті екенін айтады. Бұл үш өлеңде әлі қазақ ақыны Абай жоқ, бұларда «тақырып, тіл, ырғақ, кейде ұйқас және теңеу, салыстыру суреттері (көзі - гәуһар сияқты) - бәрі де өз төркінін кім екенін танытып тұр»5 дейді. Бұл пікірді М. Әуезовпен қатар I. Жансүгіров те айтады. «Ер жетпей тұрған кезіндегі» Абайдың шағатай үлгісіне еліктеуінің себебін де ашып кетеді. Құнанбай аулы сияқты молда, қожалы ауылда өскен, Семейдегі дін мектептерінде оқыған Абайдың кітаби өлеңдер тілінен, шағатай тілінен әсер алуы заңды екенін көрсетеді. Абайдың бұл еліктеу көпірінен тез өткенін, бетін қазақтың халықтық өз тіліне бұрғанын, әрі қарай «қазақтың таза тілін, күшті сөздерін жаңа мазмұндарға қалап, жаңа мәдениетке, жаңа әдебиетке жөн тартқанын» айтады. 6 Бұл екі зерттеушінің осы пікірі Абайдың тілі жөнінде кейінгі ой айтушыларға бас ноқта болғанын көреміз. Абайтанушылардың ең мықтысы М. Әуезов өзініқ ұзақ жылдар бойы ұлы ақынның өмір кешкен жолы мен қалдырған мұрасына үңілген ұлан-асыр еңбегінде Абайдың тілі жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі, програмдық сөздер айтып отырды. Жоғарыда көрсетілген ойын 1951 ж. жазған «Абай мұрасы жайында» деген еңбегінде де, сол тұстарда дайындаған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» деген монографиясында да және бір қайталап анықтай айтады. Сонымен қатар Абайдың таза қазақша тілі жайында М. Әуезов мынадай пікірлер білдіріп, тұжырымдар ұсынады: Ең алдымен, Абай - көркем әдебиеттің, поэзияның тілі ретінде өз тұсында көріне бастаған кітаби тілді емес, қазақтың халықтық тілін қалайды. «Горькийдің Пушкин турасында айтқанындай, қазақтың халық тілін, әдебиет тілін қалай жасау керек екендігін, халықтық қорды қалай пайдалану дұрыс болатынын көрсетеді»7. Ол үшін Абай қазақтың халықтық тілін жақсы білген, ескі ақындарын, кемел шешендерін, жорықшыл батырлары жайындағы жырларды танып-біліп өскен дейді. Абайдың қазақ әдеби тілінің даму тарихындағы орны жайындағы М. Әуезовтің бір пікіріне көңіл аудартуға тура келеді. Кейбір лингвист ғалымдардың Абай тілі туралы 50-жылдарда айтқан сөздерінде «қазақтың әдеби тілі Абайдан басталады» деген тұжырым болды. Шындығында қазақтың жалпы әдеби тілі, жазба әдеби тілі, қазіргі әдеби тілі дегендер барлығы бір категория емес. Егер Абай қазіргі жазба әдеби тіліміздің негізін қалаушы десек, ол түсінік қазақтың жалпы әдеби тілі Абайдан ғана басталады дегенмен бара-бар ұғым болып шықпайды. Білімдар М. Әуезов бірден осыны қатты аңғартады. Қазақта Абайға дейін де ғасырлар бойы әдеби тілі бар болып келгенін жоққа шығаруға болмайтынын баса айтады. Ол тіл - ауызша шешендік пен ақын-жыраулар туғызған поэзия тілі екенін де зерттеуші ашып айтады. «Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы, шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде әдеби тілдің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?»8- дейді. Бұл жерде М. Әуезов Бұхар, Махамбеттерді атау арқылы қыруар өзге ақын-жыраулардың туындылары да әдеби тілді танытатып үлгілер екенін білдіреді. Осы жерде Абайдың өзіне дейінгі немесе өзімен тұстас қазақ ақындарының тілі жөніндегі көзқарасын білдіреді деген бір ауыз өлеңі жайындағы талас пікірлерді көрсете кету өте қажет. Ол - Абайдың: Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау, Өлеңі бірі - жамау, бірі - құрау. Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса, Кемшілігі әр жерде-ақ көрінеу тұр-ау!- деген өлеңі. Бұдан Абайдың Шортанбай, Дулат, Бұхар жырларын естіп, танып, жаттап, тіпті тамашалап өскенін сезуге болады. Абайдың осы төрт жолы арқылы «Абай мен оған дейінгі және онымен тұстас қазақ әдебиеті» деген проблеманың шешімін іздеуге тура келеді. Ал, Абайды әңгімелеу үшін одан өзге қазақ ақын-жырауларына соқпай ету мүмкін емес. Сондықтан да болар, Абайдың творчествосы мен тілі туралы шағын мақаладан бастап, монографияға дейін қалам тартып көрген зерттеушілердің ішінде осы шумақты сөз етпей кеткені кемде-кем. Бірақ әркім әр түрлі түсініп, бұл шумақтың мән-мағынасы жөнінде екі ұдай пікір болып келгендігі және байқалады. Бірі - Абай осы бір ауыз өлеңінде өзіне дейінгі ақындардың тілін сынап, қазіргіше айтсақ, әдеби үлгіде емес деп таниды деген болжам, екіншісі - Абай бұл шумағында олардың тілін емес, шығармаларының мазмұнын, тіпті идеологиясын сынап отыр деген тұжырым. М. Әуезов осының екіншісін қолдайды: «Абай «өлеңдері бірі - жамау, бірі - құрау» дегенде, олардың өлең ұйқастарын, сөз қиыстырып жүрген ақындығын олқысынып отырған жоқ. Үшеуінің бірдей идеясын, бәріне ортақ ой кедейлігін әшкерелейді»9-дейді. Абайдың бұл айтқанын өзге зерттеушілердің бірқатары (М. С. Сильченко, М. Сәрсекеев, т. б. ) осылайша түсінеді. Біз де бұл жерде Абайда өзіне дейінгі, өзінен өзге қазақ қаламгерлерінің тілін мансұқ ету пиғылы жоқ, оның сыны поэзияның әлеуметтік миссиясына үлкен міндет арту ниетімен айтылған деген пікірді қуаттаймыз. Керісінше, бірқатар зерттеушілер Абай бұл өлеңінде Бұхар, Шортанбай, Дулаттардың ақыңдық өнерін, тілін қомсынады дегенді білдіреді. Мүмкін, тіпті Абайдың осы сөзіне арқа сүйеген болу керек, кейбір ғалымдар Бұхар, Дулаттардың тілі әдеби емес дегенге дейін барады, енді біреулері бұлардың тілі мүлде әдеби емес-демее де, Абай мұнда өзіне дейінгілердің поэтикалық шеберліктерін сынап отыр деп таниды. 9 Ақын мұрасын; жан-жақты ұзақ жылдар зерттеген Сәбит Мұқанов та, Абайдың осы шумағын ақындық шеберлік жайындағы сын деп табады. Абай Шортанбайларды «сөз сатқандығы» үшін емес, өлеңдерінің сыртқы құрылысының «теп-тегіс жұмыр, іші алтын, сырты күміс» болмағандығы үшін, бұрынғы сарыннан сытылып шыға алмағандығы үшін мінейді» - деп табады. 10 Сөйтіп, Абайдың төрт жолдық бір шумағында не айтпақ болғанын түсіну үстінде қазақтың әдеби тілі проблемасына қазіргі зерттеушілердің көзқарасы да айқындалады. Біздіңше, Абай өзі білетін ұлылы-кішілі сандаған ақын-жыраулар ішінен Бұхар, Шортанбай, Дулат үшеуін бөліп атау арқылы оларды екі ғасыр бойындағы қазақ әдебиетінің белгілі бір тобының өкілдері деп танитынын білдіреді. Сол үшеуін атау арқылы осы топтағы ақын-жыраулардың идеялық бағыты мен творчестволық мақсатын сынайды. Өзінің осы топтан демократтық-прогрессивтік идеологиясының межесін осы жерде, осы шумақта ажыратып алады, аулын олардан аулақ апарып қондыратынын білдіреді. Бұл үзіктегі «құрау мен жамаулар», «көрінеу тұрған кемшіліктер» - олардың тіліне, поэтикасына берілген баға емес. Бұл жердегі «сөз» деген сөз лингвистикалық категория ұғымында емес (мүмкін, кейбір зерттеушілерді шатастырған бұл шумақтағы «сөз» сөзін тура мағынасында ұғушылық болу керек) . Мұндағы «сөз» - бүкіл творчество, өлең-жыр, айтылған идея мағынасында. Абай «сөз» сөзін 400-ге жуық рет қолданғанда, оны түгел дерлік осы ұғымда жұмсаған. М. Әуезов Абайдың қазақ әдеби тілінің даму жолындағы орнын көрсете келіп, екі ерекшелігін атайды, бірі - «қазақтың халықтық, салттық және өзінен бұрынғы ауыз әдебиетіне көрік берген мол, шебер сөздік қорынан пайдаланып, халықтың әдебиеттік тілін қалай жасаудың жолын көрсетуі», екіншісі - «қазақ қоғамы ортасында Абай заманында кіре бастаған жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін ашып алуы, одан бас тартуы»11- дейді. Сонымен, М. Әуезов Абайдың тілі туралы барлық айтқан ой-пікірін: «Абай - әдеби тілді бастаушы ғана емес, өзінен бұрынғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен классик деп білеміз» - деп түйеді. 11 Ұлы ақынның тілге көзқарасы, тіл жөніндегі ұстаған бағыты жайында едәуір пікір білдірген адам - Сәбит Мұқанов. «Қазақтың әлеуметтік тұрмысында Абайдың үлкен еңбек сіңірген мәселесінің біреуі - қазақтың әдебиет тілін жасау, қазақ поэзиясын бұрынғысынан да жоғары сатыға көтеру» деп бастап, Абайдың өз тұсындағы «кітаби тіл» дегеннен іргесін аулақ салғанын, өзііне дейінгі қазақ ауыз әдебиеті мен ақындар үлгілерінің тіліне иек артқанын айтады. Жазушы-ғалым С. Мұқанов

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың өмірбаяны
Абай шығармашылығының зерттелуі
Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері
Қазақ поэзиясындағы есімдіктер
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
Абай өлеңдері тілінің зерттелуі
Қазақ және түрік тілдерінде қолданылатын ортақ кірме сөздердің мән-мағынасы, атқаратын қызметі және түп-төркіні
Сапалық сын есімдер
Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» шығармасындағы тілдік құралдардың қолданылу мақсаты
Д.Исабековтың Қарғын романына стилистикалық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz