Жас құстарға нормаланған жүйеде азықтандыру ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық технникалық университеті
«Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы» кафедрасы
«Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Жас құстарға нормаланған жүйеде азықтандыру ерекшеліктері»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
I. Кіріспе . . . 3
Әдебиетке шолу . . . 5
І. Құс шаруашылығы және құстарды азықтандыру
1. 1. Құстарды азықпен қамтамасыз ету . . . 11
1. 2. Тауықты және тауық балапанын азықтандыру . . . 13
ІІ. Құс фабрикаларында ауыл шаруашылық құстардыазықтандыруды межелеу
2. 1 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлесі . . . 15
2. 2 Антибиотиктерді мөлшерлеу және пайдалану . . . 17
2. 3 Дәнді, витаминді, шырынды және қосымша азықтар . . . 18
2. 4. Бройлер балапандарына азық беру . . . 23
2. 5 Құс рациондарындағы қуат көздері . . . 27
2. 6 Азық сапасына қойылатын талаптар . . . 28
2. 7 Азықтарды азықтандыруға әзірлеу . . . 30
3 Есеп бөлімі . . . 32
Қортынды . . . 33
Қолданған әдебиеттер тізімі . . . 35
I. Кіріспе
Жануарлардың өнімділігінің 60% оларды азықтандыруда, оның теңгерімділігінен, рациондағы қуат, ақуыз, минералдық заттар мен дәрумендердің мөлшеріне, азықтың сапасына байланысты болады.
Азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында жоғары меншікті салмақ алады, сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің бірлігіне қоректі заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл аудару керек. Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын өнімділік алу үшін оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент пен негізгі азық және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық активті заттардың қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион жануарлар үшін тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азықтары белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы, температурасы, ұсақтау белгілі өлшемі және т. б. болуы қажет. Азық алынатын өнімділікке ықпал етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды мөлшерімен шығымына сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы азықтың оптимальды қатынасы қажет.
Азықтық базаны табиғи-климаттық зона бойынша табиғи және мәдени өсімдік қауымын рационалды пайдаланып нығайту, дайындаудың прогрессивті әдістерін пайдалану, консервілеудің әдістеріннің қалыптасуын, азықтандыру алдындағы дайындық пен азықты сақтаудың-негізгі маңызды міндеттер болып табылады, оларды біздің елдің мал шаруашылығының дамуында шешу керек.
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымының қазіргі даму деңгейі клеткалық деңгейде болатын ас қорыту физиалогиясына, зат алмасу болатын биохимиялық үрдістер. Азықты тиімді пайдалануға, денсаулықты сақтауға, өнімділіктің жоғары деңгейін алуға және кәдімгі өнімділік қасиетін сақтауға бағытталған.
Құс шаруашылығы - бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен қамтамасыз ететін шаруашылық саласы.
Жоғары сапалы толық рациондармен азықтандырғанда тауық мекиендері жылына 240-280 жұмыртқа береді, әр 1000 жұмыртқаға- 1, 5-1, 7ц азық өлшемі жұмсалады. Тор ішінде өсірілген ет бағытындағы балапандар 49-57 күнде 1, 5-1, 7 кг тірілей салмақ тартып, әр 1кг қосымша салмаққа 1, 9-2, 4 кг құрама жем жұмсалады. Өзінің тәуліктік салмағын өмірінің алғашқы 50 күнінде тауық және үйрек балапандары -40-45 есе, қаз бен күрке тауық балапандары 30-35 есе өсіріп, адам тағамына қажетті бағалы да дәмді ет береді.
Толық рациондық құрама жемге қосылатын премикстардағы микроэлементтердің тұздары құсты қажетті биогендік микроэлементтермен (темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, иод) қамтамасыз етеді.
Құс өсіру ауылшаруашылығындағы ең жылдам өсіп жетілетін салалардың бірі, ол елдің азық-түлік ресурстарын тиімді әрі тез толтырып отыруға үлкен мүмкіндіктер береді. Реформалау жылдарында құс өндірісінің дамуына кедергі келтірген көптеген кертартпа жағдайлар орын алған болатын.
Бройлер етін өндіруде кедергі болатын негізгі себептердің бірі - оның бәсекеге қабілетті емес бағасы болып табылады. Жоғары баға отандық өнімдердің өзіндік құнының жоғары болуынан туындайды. Одан өзге шеттен импортталатын тауар бағасының арзан болуы, «окорочка» түрінде келетін өнімдерді баса алмауы да себеп. Бұл құс өсіру өндірісін дамытуға ғана кедергі келтіріп қоймай, бүкіл мал өсіру саласына қауіп төндіреді.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, күрке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құс шаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардың тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын - қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі.
Облыс комиссиясы бройлерлiк құс фабрикаларының iс жүзiндегi өндiрiстiк қуатына, материалдық-техникалық және азықтық базасына қарай бройлерлiк құс фабрикаларының субсидия алуға арналған өтiнiмдерiн қарайды және қарау қорытындылары бойынша облыстың ауыл шаруашылығы департаментiне (басқармасына) (бұдан әрi - департамент (басқарма) бройлерлiк құс фабрикаларының тiзiмiн және сатылған өз өндiруiндегi құс етi үшiн субсидиялар көлемiн ұсынады.
Курстық жұмыстың мақсаты - білімді тереңдету, азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу, бөлшектелген меже бойынша жануарларды азықтандыру практикалық ұйымдастыруда қалыптасатын жеке сұрақтарды зерттеу. Теориялық материялды, анықтамалық, оқу және басқа арнайы әдебиетті пайдалануды үйрену үшін белгілі тәжірибелік міндеттерді шешу.
Курстық жұмыстың міндеті - құстардың қоректену биологиясын, ғылыми-нақтыланған толыққанды азықтыруды ұйымдастыру жөнінде түсінік.
Әдебиетке шолу
А. Б. Байжұманов деректеріне қарағанда құс азығына, жемге шаң түсіп, ұсақ топырақтар араласпаса ғана өте жоғары сапалы болады. Сондықтан да жем тартқанда желпіп алу керек. Сонда әлгіндей шаң, шөп-шалаңдар ұшып кетеді. Сақа құстарға дәнді дақылдардың тартылғандары (1, 6-1, 8 мм), балапандарға - орташа (0, 9-1, 5 мм) және өте ұсақ майдаланғандары (0, 6-0, 8 мм) беріледі. Майдаланған дәндерді жемнің басқа қоспаларымен араластырып берген дұрыс [1] .
А. Б. Таңатаров, Ш. Ә . Әлпейісов, С. Т. Дабжанова (2005) тауықсыз шығарған кезде алдын ала лайықты орын дайындау қажет. Ең дұрысы - полиэтилен қаптамамен қапталған (төбесі мен алдынан басқа) тор. Жылыту үшін 250 Вт. лампаны қолданып, температураны 36°С-ден төмен түсірмеу қажет. Жем беретін ыдысын, су беру науасын және майда ойығы бар май шамды тордың суық жеріне орналастыру қажет. Төсенішті (ең дұрысы сабан немесе пішен) - күнделікті ауыстырып тұру қажет. 2-2, 5 айдан кейін күрке тауық балапандарын құс қорасына ауыстыруға болады. Онда жел болмауы керек, жылытқыш шам қою қажет. [2]
А. Ә. Төреханов, Ш. Д. Даленов (2006) зерттеулеріне қарағанда тауық балапандарын алғашқы күндері ұсақтап туралған піскен жұмыртқалармен қоректендіреді. 5-10 күн аралығында азығына ұсақтап туралған ет, құмырсқа жұмыртқасын, жасыл пияз бен салат, тәтті ірімшік қосады. Оныншы күннен бастап өсіп қалған балапандар азығын қаймағы алынбаған сүтке араластырылған піскен картоп пен бидай кебегіне, буға піскен тарыға, бидайға, ұсақталған арпаға, ірімшікке, әртүрлі ас үй қалдықтарына, үстеме қосу керек болса әртүрлі көк шөптерге ауыстырады. Қаймағы алынбаған немесе алынған сүтті, жылы, бөлме температурасындағы суды (суға жұмыртқаның сарысын араластырып жіберсе пайдалы болады) 5-6 күннен бастап беруге болады. [3]
А. П. Колащников (1985) деректемелерінде бройлер етін өндіруде кедергі болатын негізгі себептердің бірі - оның бәсекеге қабілетті емес бағасы болып табылады. Жоғары баға отандық өнімдердің өзіндік құнының жоғары болуынан туындайды. Одан өзге шеттен импортталатын тауар бағасының арзан болуы, «окорочка» түрінде келетін өнімдерді баса алмауы да себеп. Бұл құс өсіру өндірісін дамытуға ғана кедергі келтіріп қоймай, бүкіл мал өсіру саласына қауіп төндіреді. Өйткені, импортталатын «окорочка» біздің өнімдерімізге қарағанда 4 есе арзан (кеден декларациясының құны 70 теңгеден, килограммына 270-280 теңгеден тиеді) . Жұмыртқаны алып қарайтын болсақ, ол Ресейден ондығына 100 теңгеден жеткізіледі. Бұл салыстырмалы түрде, отандық өнімдеріміздің өзіндік құнынан 30 пайызға төмен. Осындай жағдайда құс еті мен жұмыртқасының басым бөлігі (70%) республикамыздан тыс елдерден импортталып жатқанда, отандық тауар өндірушілердің мүдделері қорғалмайды, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнеді, өйткені азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі бар болғаны 25 пайыздан аса алмай отыр. Көптеген құс фабрикалары және құс өсіру шаруашылықтары техникалық жарақтандырылған. Дегенмен олардың біраз бөлігі тозығы жеткен жабдықтармен жұмыс істеуде. Көптеген құс фабрикалары (Алматы Құс, Ардагер, Ақнар қ/ф, Оңтүстік Құс және т. б. ) тіпті ең қиын кезеңдерде де қаржы мүмкіндіктерін қарастырып, қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықтап, бәсекеге қабілетті құс өнімдерін шығарудан қалыспай келеді. Барлық жабдықтар мен қосымша агрегаттар түрлендірудің жоғары деңгейіне ие және олар шетелдік зауыттарда Германия, Голландия, Ресей, Украина сияқты елдерде шығарылады. Кешенді технология және түрлендірілген машиналар жұмысшылар еңбегінің өнімділігін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. [4]
Альпейсов Ш. А. (2001) мағлұматтары бойынша толық рациондық құрама жем жетіспеген жағдайда дәннің бір бөлігін бүтін шоқытып, 30-50 процентін сақа құсқа көзі 3мм електен өткізілсе 35 проценттен (5мм болса 5 процент), ал балапандарға 5-15 проценттен аспайтындай қалдық қалуын қадағалап ұнтақтайды. Көк және шырынды азықты балапандар мен тауыққа 2, 5мм, үйрек, күркетауық, қаздарға 5-10мм етіп турайды. [5]
Беркінбай Омархан (2008) көрсеткен мәліметтерінде азықты жегізу түріне байланысты құс азықтандыруды үш типке бөледі: Құрғақ, ылғалды және аралас. Ірі құс фабрикаларында механизациялауға ыңғайлы құрғақ тип қолданылады. Ылғалды типті шаруашылықтардың шағын фермаларында қолдануға болады. Ұнтақталған дәнді сумен, кек сүтпен, сүт сары суымен, сорпамен, ет және сүт қалдықтарымен, қанмен ылғалдандырып береді. Ылғалды ұнтақтармен қоса күніне 30-40 процент көлемінде бүтін дән шоқытады. Оның өндірілген үштен бір бөлігін ертеңгілік, қалғанын құрғақ түрінде кешке береді. Шаруашылықтағы сәбіз, қызылша, сүрлем, ашытқы, картопты, көк балаусаны кұс азықтандыруда аралас әдіспен жұмсайды. [6]
Богданов Г. А. (1981) зерттеулерінде азықтық биологиялық бағалылығын көтеру үшін ашытқылауға болады. Ол үшін ұнтақталған азықтың әр 1 килограмына 10-12 г келетіндей нан ашытқысын жылы (30°С) суда ерітіп, жүгері, сұлы және басқа да дән ұнтақтарынан тұратын ылғалданған (1 килограмы 1 л сумен) қосындыға құяды. 20-30° жылылықта азық 6 сағатта ашытқыланады. Оның бір бөлігін басқа азықтың бес бөлігімен араластырып береді. Ашытқыланған азық протеинінің биологиялық толық бағалылығы жоғарылап, В тобының витаминдерімен байытылады, иісі, дәмі тартымды келеді. [7]
Боголюбский С. И. (1991) мағлұматтарында жануар тектес азықтарды, әсіресе сойыс қалдықтарын құсқа пісіріп, көк сүтті ұйытып берген жөн. Құсқа құрғақ азық таратқанда науа жиегінің биіктігі 4см жеткілікті болса, аралас азық бергенде 10см болуы қажет. Суаруға 2см биіктік жеткілікті. Күс азықты шоқып, ыңғайлы келсе тартып жейтіндіктен, оның бірқатары шашылады. [8]
Божко П. Е. (1967) деректемелірнде тауық балапанын есірудегі негізгі мақсат - дұрыс нормалап азықтандырып, екі айда жұмыртқалағыш тұқым балапандарының салмағын 500-600, еттік тұқымдардікін-1000-11000 грамға жеткізу. Құрамы мен қоректілігі жан-жақты толықтырылған құрама жемді алғашқы аптада жұмыртқалағыш бағыттағылардың әр басына тәулігіне 7-8, еттік бағыттағыларына 12-15, 8 апталығында, сол ретпен, 55-60 және 70-80, 20 апталығында 80-100 және 90-120г жұмсайды. [9]
Громова А. В. (1971) зерттеулерінде алғашқы 7-8 аптада құрама жем құрамындағы 30-40 процент азық жүгерімен, одан кейін арпамен араластырылады. Олармен қоса балапандар құрама жеміне 30-50 процент бидай, 3-4 процент азықтық ашытқы, 2-6 процент шөп ұны, 2-6 процент ет-сүйек ұны. Құрама жемнің әр 10 г темір, 50 марганец, 50 г мырыш, 2, 5 г мыс, 1 г кобальт, 0, 7 г иод, 20-10 г бациттранин, 2, 5 г гризин қосады. Жетіле келе балапандар сақа тауықтарға берілетін азықтарға көшіріледі. Шаруашылық жағдайында оларға азықты қолдан дайындаса, алғашқы 3-4 аптада ұнтақталған дәндерді елеп, қабығынан тазартып береді. Әлсіз балапандарға протеині аз (13-14 %) диеталық жем қосындыларын сүт тағамдарына (құрғақ кек сүт, ірімшік, айран) негіздеп дайындайды. [10]
Калашников А. П. (1985) тәжірибелік зерттеулеріндеетті бройлер балапандарды энергияға қаныққан жоғары қоректі құрама жемдермен мейлінше тез бордақылап торда өсірілгенде 54-56, еденде өсірілгенде 70 күндігінде сойып, етке өткізеді. [11]
Калашникова А. К., Клейманов А. К. (1985) деректеріне қарағанда тәулік бойындағы алғашқы төрт сағат (6, 8, 12 және 15-те) азықтандыруда оларға бір нормалық, ал кешкі бесіншіде (сағат 18-де) екі еселенген мөлшерде жаңа дайындалған құрама жем болады. Балапандар құрама жемін ұзақ 14-30 күннен артық сақтауға болмайды. Өйткені оның құрамындағы көптеген витаминдер мен майлар тотығып, ыдырайды. Құрама жемнің желінуіне бройлер өсірілетін бөлмедегі жылу мен жарық, ылғалдылық режимдері ықпал етеді. [12]
Коган З. М. (1979) зерттеулеріне қарағанда өнеркәсіп үгінді және түйіршіктелген құрама жем өндіреді. Түйіршіктің шамасы олар арналып отырған құстың түрі мен жасына байланысты болады. Мысалы, түйіршіктердің шамасы балапандар үшін 2-3 мм, үйрек, күркетауық және қаз балапандары үшін 3-5, ересек тауықтар үшін 3-5, ал үйректер, күрке тауықтар мен қаздар үшін 5-7 мм болады. Түйіршіктелген құрама жемдерде қоректік заттар анағұрлым біркелкі үйлестіріледі. Сонымен бірге оларды қолдану еңбек өнімділігін арттыруға береді. Толық рационды құрама жем құстың барлық қоректік заттарға деген талабын қамтамасыз етеді. Сондай - ақ құрама жем концентраттары дайындалады, олар дәнмен бірге пайдалануға арналған. Мұндай құрама жемдерге, дәнге қарағанда протеиндер мен минералдық затгар көбірек болады. Сонымен бірге құрама жем өнеркәсібі белокты-витаминді- минералды қосымшалар да шығарады. Олар протеин, витаминдер мен минералды заттар мөлшері мол болатын азық қоспасынан тұрады. Белокты - витаминді-минералды қосымшаларға дәнді азықтар да үстемелеп қосылады - құс рационының құрғақ бөлігіндегі массаның тең жарымының төрттен біріне дейін үстеме қосылады. [13]
Кочиш И. И. (1992) деректемелерінде ферментті препаратгар немесе энзимдер- олар өсімдік және жануар клеткаларында синтезделіп, алмасу процесі кезінде аттардың өзіне тән ыдырауы мен синтезін қамтамасыз ететін белокты табиғаттағы күрделі органикалық қосылыстар. Ферменттер кофермент пен белоктан (апоферменттен) тұрады. [14]
О. Беркінбай, Б. Есжанов, Б. Ташенов, Г. Құлманова (2008) мағлұматтарына қарағанда Премикстер микроқосымшалардың құрама жемде біркелкі таралуы үшін премикстер дайындалады. Толықтырушылар ретінде жүгері балаусасын, бидай өркенін, қытай бұршақ шротьш және басқаларды пайдаланады. Жоғары сапалы премикстер алу үшін толықтырғыштар орташа дәрежеде үгітілген болуы тиіс. [15]
Н. Омарқожаев (1995) мағлұматтары бойынша құс фабрикаларында премиксті дайындау кезінде тұрақтандырғыш ретінде құрамында кем дегенде 75 пайыз құрғақ заты бар меласса, ал толықтырғыш ретінде - шрот, кұнжара немесе кез келген ұнтақталған дәнді дақылдар азығы пайдаланылады. Ашып кеткен мелассаны премикс дайындауға қолдануға болмайды. Ең жақсы толықтырғыш қытай бұршағы болып табылады. Егер шаруашылықта сантохин, бутилокситолуол немесе бутилоксианизол бар болса онда, премикске енгізер алдында барльқ майда еритін витаминдер тұрақтанады. Антиокислителдер май препаратгарына 0, 2 пайыз көлемінде енгізіледі. Алайда мұндай премикспен дайындалған құрама жемді сақтауга болмайды. [16]
А. Дәрібаев (1994) зерттеулерінде премикстер микроэлементтерден жақсы дайындалады және оларды витаминді элементтерден белек сақтау керек. Өйткені тікелей байланысқан кезде микроэлементтер кейбір витаминдерді бүлдіреді. Мәселен, микроэлеменггермен бірге құрама жемге енгізілген тұрақтандырылмаған А витамині бір аптадан кейін толығымен бөлінеді, ал микроэлементтері жоқтары тек бір айдан кейін ғана бөлінеді. [17]
Н. Омарқожаев (1993) деректерінде "Аласталған" микроэлементтерден премикстер дайьшдалған кезде жақсы нәтижелер алынады. Бұл үшін де меласса, коллоидгер қолданылады. Олар микроэлементтердің ұсақ бөлшектерінің айналасында қорғаныш қабыршақтарын түзіп, оларды өзара бір-бірімен және құрама жемге енген витаминдермен байланысуынан сақтандырады. Микроэлементтердің бір бөлігіне мелассаның үш-төрт бөлігі, ал мелассаның бір белігіне микроэлементтермен бірге - толықтырғыштың бес бөлігі алынады. Мелассага ең соңына йод тузын енгізу ұсынылады. Өйткені басқа тұздармен химиялық реакцияғаі түспейді. [18]
Менькин В. К (2004) зерттеулерінде Премикстерді құрама жемге енғізерде баспалдақтап араластыруды қолдану қажет. ІІремикстердегі витаминді және минералды препараттардың мөлшерін құрама жемнің 1 тоннасына кем дегенде 10 кг премикс келетіндей етіп есептеген жен. Құрама жемдердегі премикстердің бірқалыпты таралыуы үшін шаруашылықгағыщ араластырғыштардың сапасына байланысты араластыру мерзімінің ұзақтығына аса зор мән беріледі. Көлденең шнекті араластырғыштарда бірқалыпты араласу шамамен 7 минуттан кейін, тік шнектерде - 15-20 минуттан кейін басталады. [19]
Петрухин И. В. (1989) мағлұматтарына қарағанда құсты қыс айларында А витаминімен қамтамасыз ету үшін қызыл сәбізбен қоректендіреді. 1 г қызыл сәбізде 60-100 мкг мөлшерінде каротин болады. [20]
Петухова Г. А., Емелина Н. Т., Крылова B. C., Мартяиов И. М., Антонова О. А. (1990) деректерінде Қант қызылшасы құстың ас қорыту органдарының қызметіне игі әсер етеді. Қызылшаны ара-тұра дәнмен ауыстыруға болатын көміртекті азық ретінде пайдаланады. [21]
Петухова Е. А., Бессербова Р. Ф., Халенова Л. Д., Антонова О. А. (1989) зерттеулерінде Картоп көміртегіне бай келеді. Онымен құсты шикідей де, пісірәп те азықтандыруға болады. Құстың балапанына картопты 10-күндігінен бере бастайды. [22]
Свиридова С. И. (1990) деректерінде сүрлемді құсқа арнайы дайындайды. Оның құрамына беде мен жоңышқаның көк балаусасын, меласаны, қызылшаны, қызыл сәбіз бен буландырылған картоп енгізеді. Сүрлемнің жекелеген компоненттерінің арақатынасы қолда бар шикізат мөлшеріне байланысты, бірақ сүрленетін массаның шамамен 10 пайызы сәбіз бен қызылша, 4-5 пайызы картоп болуы ұсынылады. Жақсы дайындалған сүрлемнің қош иісі, қышқылтым дәмі болады, онда 1, 5 пайыздай сүт қышқылы, 3, 5-4 пайыз протеин, 6-7 мкг каротин (1 г-да) мен 3 пайыздай клетчаткалар болады. Сүрлеммен азықтандырған кезде рациондағы қышқылдық және сілтілік элементтердің теңестірілуін қадағалау қажет. [23]
Сметиев С. И. (1978) зерттеулерінде Минералды азықтар. Құс рационына жекелеген макро және микроэлементтердің оны талап етуіне байланысты енгізіледі. Теңіз немесе өзен ұлу қбыршақтары, әк, бор және басқалар кальцийдің қайнар көзі болып табылады. Жеделдете жұмыртқалау кезінде мекиен тауықтарға жекелеген астаулармен осы азықтарды береді. Әйтпесе минералды азықтармен құсты шамадан тыс артық азықтандыруға болмайды. Өйткені мұндай жағдайда олардың тәбеті жойылып, жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін басқадай азықтармен жеткілікті мөлшерде қоректене алмайды. [24]
Танатаров А. Б. (2005) деректерінде үш кальций фосфаттар - 30 пайызға жуық кальций мен 1, 5 пайыз фосфор болады. Оны құсты қосымша қоректендіру үшін қолданылады. Сүйек ұнын күйдіріліп, ұнтақталған сүйектен дайындайды да, кальций мен фосфордың көзі ретінде пайдаланады. Сүйек ұнында да кейбір микроэлементтер болады. [25]
Танатаров А. Б. ( 2008) зерттеулерінде құсқа арналған құрама жемге микроэлементтерден - марганецті, кобальтті, йодты, темірді, мысты, мырышты қолайлы мөлшерде енгізді. Микроэлементтердің қосымшалары әсіресе, олар топырақта немесе азықтарда жетіспеген сәттерде тиімді болады. [26]
Тереходжаев Ж. М. (1985) мағлұматтары бойынша ас тұзын құс рационына, натриймен қамтамасыз ету үшін енгізеді. Синтетикалық амин қышқылдары. Оларды құс шаруашылығына, әсіресе, жануар тектес азығы жоқ рациондарға қолданады. [27]
Топорова Л. В. (2004) зерттеулерінде құрама жемдерді өнеркәсіп жергілікті жжем шөп ресурстарын ескере отырып, еліміздің әр түрлі аймақтарында арналып жасалған рецептер бойынша дайындайды. Құрама жемге қажетті барлық ингредиенттер құстарға белгіленген нормаларға сәйкес және олардың заттарға деген талабын қамтамасыз етерліктей мөлшер мен қатынастарда енеді. Құрама жем құрамына дән, күнжара, шроттар, балық пен ет-суйек ұны, минералды заттар, шөп ұны, микроэлементтер, витаминді препараттар, синтетикалық амин қышқылдары мен басқадай микроқосымшалар енеді. [28]
Төреханов А. Ә., Жазылбеков Н. Ә., Кинеев М. А. ( 2006) мағлұматтарына қарағанда Ересек құстардың рационына қарабидайдф егін орағын аяқтағаннан кейін 2-3 ай өткен соң барып қосады, өйтпесе құс ішек ауруына шалдығуы мүмкін. [29]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz