Бастауыш информатика пәні мұғалімі мамандығы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш информатика пәні мұғалімі мамандығы
Орындаған:
Тексерген:
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті бір халыққа ұсынылған Жолдауында халқымыздың алдына ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек, - деп жауапты міндет жүктеп отыр деп түйіндеп айтып өткен.
Қазақ халқының Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады деген аталы сөзі бар. Олай болса оқушы жастарымыздың білімді, саналы болып шығуы үшін мектеп пен мұғалімдер ұжымына үлкен міндет жүктелері анық.
Білім мен тәрбие беру - қиын да қастерлі еңбек. Бұл жолда мұғалімдерден талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғанда ғана жете алатыны сөзсіз. Шебер мұғалімдер ғана зеректік пен зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды, өз мамандығын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілетті, мәдениетті, өнегелі, заман талабын қанағаттандыра алатын жағдайда ғана халқының сеніміне ие болып ұстаз - мұғалім дәрежесіне көтеріле алады.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы демекші оқушылардың қиялына қанат бітіріп, асыл армандарының орындалуына мүмкіндік туғызу ұстаздың борышы. Өзі үйрене алмаған өзгені үйрете алмайтыны анық. Қазақ халқында Тоқтатпасаң оқытпа деген сөзі ұстаз-мұғалім болуы үшін мұғалімнің кәсіби өсіп жетілуінің, талаптанудың арқасында ғана жететіндігін аңғартады.
Ақпараттық қоғам жағдайында өскелең ұрпақтың ақпараттық сауаттылығын дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Бұл қажеттілікті шешу барысында Информатика пәнін қай сыныптан бастап оқыту қажет? деген сауал туындайды. Туындаған сауал барысында біз Қазақстан Республикасыныңі білім беру жүйесін 2005-2010 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - Информатика пәнін 2 сыныптан бастап енгізу болып табылады. Олай болса, Информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап оқытуға байланысты нормативтік құжаттар дайындалып, оқу-әдістемелік кешендері жасақталды. Негізгі мақсаты - оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағытталады. Бұл талаптар Информатика мұғалімдерінің алдына үлкен міндеттер жүктейді. Себебі, әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Білім беру өзінің бағыттарына адам мен қоғамның өзекті мәселелерімен бірге ұзақ мерзімді қажеттіліктерге қарай толықтырулар жасап отыруы керек. Еліміз тәуелсіздік алып дербес мемлекет ретінде дамыған аз уақыт аралығында экономикалық, саяси-әлеуметгік сала қарқынды қадаммен алға озып кетті.
Оқу пәнінің жалпы мақсаты - оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін және ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ның ролін ашу.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың нақты құралдарына сәйкес инвариантты болуы керек.
Білім берудің жаңа мазмұнын біртіндеп қалыптастыру оқу процесіне ақпараттық технологияны енгізу арқылы жүзеге асырылады. Орта білімді ақпараттандыру процесі және сонымен байланысты оқытудын жаңа ақпаратгық технологиясы білім берудің мазмұнына едәуір әсерін тигізеді.
Орта білім беруді акпараттандырудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: орта білім беруді басқару тетіктерін жетілдіру; білім берудің бірыңғай телекоммуникациялық желісін кұру; қашықтан оқытуды ұйымдастыру.
Жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың әлемдік тәжірибесін зерделеу, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу тек 12 жылдық жалпы білім беретін мектептің жағдайында ғана мүмкін болатынын көрсетеді.
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы орта білім берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, оқу жүктемесінің көлемі мен оқу жетістіктерінің деңгейлерін белгілейді, жалпы алғанда еліміздің білім беру жүйесінің, мұғалімнің, оқушының дамуын және өзіндік дамуын, білім беру үрдісінің ұйымдастырылуын, білім беру мазмұнының нормаларын реттейді.
Жалпы орта білім берудің құрылымдық - мазмұндық моделінің негізінде кіші мектеп жасы, орта мектеп жасы, жоғары мектеп жасы сияқты жас кезеңдеріне тән жетекші іс-әрекеттер түрлерінің типологиясы болып табылатын негізгі мазмұны және жеке тұлға дамуын кезеңге бөлу жатыр.
12 жылдық білім беруге жағдайында информатика пәнін оқыту бастауыш оқыту деңгейіне көшіріледі. Сондықтан бастауыш сыныпта информатиканы оқыту мұғалімдерін даярлау бағыттары келтірілген.
Бастауыш сатыда берілген білім - тірек білім. Окытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім-білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіре, дамыта түсуді көздейді. Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыда қарастырылатын мәселелер өрбиді, яғни, үйреншікті тәсілден туындайтын жаңа тәсілдер меңгеріледі. Сондықтан бастауыш класс оқушылары негізгі білімді игеруге толық дайындықпен келуі керек.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі түрде пайдалану мынадай ерекшеліктерді айқындайды:
- оқу-тәрбие үрдісінің қарқынын дамыту;
- оқытудың сапасын арттыру,
- саралап оқытуға көшу;
- оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру;
-оқушылардың компьютерге қызығушылығын, білімге деген ынтасын арттыру.
1. Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
1.1 Бастауыш информатика пәні мұғаліміне
жүктелетін міндеттер
Бiз бiлiм беру мазмұнына, мектепке, оқушы мен педагог тұлғасына, олардың өмiрi мен қызметiне деген көзқарастардың түбегейлi өзгерiске ұшырап отырған кезеңiнде өмiр сүрудемiз. Қоғамдағы болып жатқан түрлi бағыттағы өзгерiстер бiлiм беру қызметiне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, жастардың шығармашылық мүмкiндiгiн дамытуды, мұғалiм iс-әрекетiн жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етедi.
Мұғалім оқушылардың жылдан-жылға өсіп отыратын талаптарын, қанағаттандырып отыру үшін, өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерістерге құлақ асып, өмірмен бірге аяғын алып жүретін адам болуға тиіс.
Сондықтан мұғалім ЖОО нан алған білім көлемімен шектеліп қалуға болмайды. Бірақ мұғалім өндіргіш күштердің дамуына және халықтың материалдық игілігінің дамылсыз өсуіне әсер етеді. Ол қоғамның ең басты өндіргіш күштерін жеке адамды оқытып тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын басты тұлға.
Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуінде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
- жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы;
- педагогикалық байланысты пәндерден - психологияны, ЖПП физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек;
- оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білуі керек;
- жұмысына шығармашылық көзқарас;
- баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім, оптимизм;
- педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей білу;
- педагогтік әдептілікті тактіні меңгеру;
- балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік.
Бастауышта информатиканы оқытуда жүйеқұраушы ұғымы ақпараттық процесс, ал іргелі ұғымы - ақпарат болып табылады. Құрылымдауға бірегей әдісті қолдану курстың мазмұнын нормативтік құжаттардағыдай жеке-жеке дидактикалық бірліктер жиыны емес, жалпы мәдени сипатта дамушы, әрі біртұтас іргелі пән ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Пәннің мазмұнына адамның жалпы мәдениеті, сонымен қатар білімін әрі қарай жалғастыруы үшін неғұрлым іргелі, әрі маңызды болып табылатын қоршаған шынайы өмір жайлы қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге сәйкес келетін фактілер, теориялар, қағидалар мен тәсілдер енгізілуі қажет. Сонымен қатар, бағдарламада қоғамды ғаламдық ақпараттандыру жағдайында өмір сүретін әрбір сауатты адамға қажетті информатиканы оқытудың инвариантты бөлігінің құраушылары болып табылатын ұғымдар мен дидактикалық элементтер сипатталуы тиіс. Информатика пәнінің ұғымдарын іріктеу негізіне жүйелілік, тұтастық, пәндік аумақтың толықтығы, логикалық қайшылықтың болмауы, минималды жеткіліктілік, сабақтастық, әдістемелік мақсатқа сәйкестілік, иерархиялық, аксиоматикалық, көзжетерлік, ашықтық талаптары қойылған.
Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалып отыруы керек. Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Мұғалімдерге көптеген қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу, заңды түрде аптасына 2 күн демалыс берілуі тиіс. Мұғалім сонда ғана шәкірттерінің өз бетімен білім алуына ықпал етіп, ынталы оқушыға әрдайым ақыл-кеңес бере алады.
Көпшiлiкке белгiлi XXI ғасырға ақпарат ғасыры деген сипаттама берiлген.
XXI ғасыр - өркениет пен адам дамуының ғасыры
- ақпараттандыру ғасыры
- iргелi категориялар
- ақпараттақ капитал
- адам ғасыры
- тұлға мәндiлiгi
- адами капитал
Олай болса бiлiм - адамдық капиталды қалыптастыратын бiрден-бiр құрал. Ал бiлiм беру жүйесi адамның бүкiл өмiр бойғы бiлiктiлiгiн қамтамасыз ету үшiн икемдi, бейiмделгiш болуы тиiс. Оған мынындай факторлар әсер етедi:
- интеллектiнiң ұдайы өсуi;
- қоғамның, экономиканың дамуында адам факторының мәнінiң бiрiншi орынға шығуы;
- әлеуметтiк өмiрдiң және бiлiм берудiң демократиялануы;
- жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы;
- бiлiмнiң тез ескiруi;
- ғылыми ақпарат көлемiнiң шұғыл өзгеруi;
- жаңа бiлiм салаларының дамуы;
- жаңа мамандықтардың енгiзiлуi;
- басқаруды ғылыми негiзде жетiлдiрудiң қажеттiлiгi.
Осы аталған факторлар дәстүрлi бiлiм беру жүйесiн түбегейлi қайта құру мiндетiн талап етiп отыр. Қазiргi бiлiм беру идеясы - әрбiр адамның бүкiл өмiр бойы бiлiм алуына, оны толықтырып, жетiлдiрiп отыруына мүмкiндiк беру. Яғни, педагог бойында диагностикалауға қабiлеттiлiк, зерттеуге даярлық, басқару ғылымын меңгеру, өзiне-өзi бiлiм беруге, өзiн-өзi тәрбиелеуге даярлық, iзгiлiктi бiлiм беру жағдайын жасай алу қасиеттерi болуға тиiс.
Қазiргi мектептiң бiлiм мазмұнын iзгiлендiру мен даралау мұғалiмдерге мынандай мiндеттердi жүктейдi:
- оқушының жеке тұлға ретiнде және iс-әрекет субьектiсi ретiнде мақсатты, тұрақты және дәйектi дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың бiлiмдi таңдауымен меңгеруiн, олардың оқу процесiкезiнде таңдау мүмкiндiктерi мен құқықтарын қамтамасыз ету;
- оқу-тәрбие үрдісі субъектiлерiнiң тең дәрежедегi ынтымақтастығын орнату;
- бiлiм мазмұнын барынша iзгiлендiру;
- психологиялық бiлiм берудiң бастапқы негiздерiн қалыптастыру;
- бiлiм мазмұнының инварианттық және вариативтiк компонентттерi арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми бiлiмдердiң диалектикалық бiрлiгiн қамтамасыз ету;
- оқушылардың оқу жүктемесiн тұрақтандыру.
1.2 Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту мазмұны
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi оқушылардың ақпараттық дайындығын жетiлдiру болып табылады.
Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың ролi қазiргi қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын - ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.
Бiлiм берудегi ақпараттық технологияның ЮНЕСКО институтының "Бастауыш бiлiм берудегi информатика" ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, "Ақпараттық мәдениет негiздерi" пәнiн оқытуды ұсынып отырмыз.
Пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.
Пәннiң негiзгi мақсаты - жаңа буынды ерте жастан бастап жүйелi ойлау қабiлетiн қалыптастыру.
Аталған мақсаттан келесi мiндеттер шығады:
оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;
оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;
оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;
оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн, өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.
Жоғарыдағы аталған мақсаттар мен мiндеттерден "Ақпараттық мәдениет негiздерi" пәнiн оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланады.
Бастауыш бiлiм берудегi "Ақпараттық мәдениет негiздерi" пропедевтикалық курс болып табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен сипатталады.
Ақпараттық мәдениеттiң базалық ұғымдары туралы алғашқы мағлұмат бiздi қоршаған орта - зат, тiрi және өлi табиғаттағы нысандар, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi сияқты бiлiмдермен оқушыларды қаруландырады.
Бағдарлама мазмұны оқушыларғы мына тақырыптармен танысуға мүмкiндiк бередi:
ақпарат және оның түрлерi турыл түсiнiктермен;
ақпараттық үрдістiң негiзгi заңдылықтарымен;
әрекеттi жоспарлау және оны сипаттау, нысан белгiлерiнiң ерекшелiктерiмен;
нысанды топтаумен және оны бөлумен;
логикалық модельдермен және тұжырымдармен;
орындаушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын меңгерумен;
графикалық және мәтiндiк редакторларды жұмыс iстеумен;
алгоритмдеумен және оның атқарушыларымен.
Сонымен, пәннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық iс-әрекеттерi дағдыларын және үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.
Ақпараттық мәдениет негiздерi пәнiн оқыту оқушыларды бiртұтас ақпараттық-бiлiмдiк ортаға бейiмделу негiзiне дайындайды.
Әрбiр курс тақырыптарға бөлiнген және олар таңдалынған курстың талаптарын қанағаттандырады. Курстың барлық тақырыптары жыл сайын компьютер сыныбындағы тәртiптi сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Сонымен бiрге курстың әрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп отырады. "Ақпарат", "Ақпараттық процестер" сияқты ұғымдарды меңгертуде қоршаған әлем туралы бiлiм мен дерексіз ойлай бiлу қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап етiледi.
Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Бұл пәннiң пәнаралық сабақтастығын және оқу үрдісiнде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану негiзiнде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi. Пәндi 1-4 сыныптарда оқыту аптасына 1 сағаттан барлығы 136 сағатты қамтиды.
Оқу бағдарламасын құрастыру барысында әрбiр сынып оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау деңгейi ескерiлген.
1-сыныпта "Ақпараттық мәдениет негiздерi" курсын оқытудың оқу мазмұны
№
Мазмұны
Сағатсаны
1
Ақпараттық мәдениет негiздерi пәнімен танысу
1
2
Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Ақпараттың дыбыстық және көру түрлерi.
Ақпараттың иiс сезу және сипап сезу түрлерi
4
3
Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi).
3
4
Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi.Пернетақтамен танысу.
Қарапайым жаттығу.
3
5
Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні, құрамы)
5
6
Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi).
1
7
Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау. Нысандарды құрастыру.
3
8
Тiзбектер және ондағы әрекеттер реттiлігі. Қайталау.
3
9
Жиын. Оларды салыстыру. Топтау. Iшкi жиындар.
5
10
Қайталау
3
Барлығы
34
2- сыныпта "Ақпараттық мәдениет негiздерi" курсын оқытудың оқу мазмұны (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№
Тақырыптар мазмұны
Сағаттар саны
1
Компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау. Көз жаттығулары.Қайталау.
3
2
Терiстеу ұғымы. Ақиқат және жалған. Сөйлем. Қайталау.
6
3
Компьютер құрамы. Енгiзушығару құрылғылары . Компьютердегi ақпараттар ағыны.
2
4
Графиктiк редактормен танысу. Құю құралы. Карандаш, Қылқалам, Өшiргiш құралдары. Сызық құралы. Эллипс, Төртбұрыш құралдары. Бүрiккiш құралы. Заттардың симметриялылығы.
13
5
Ақпарат. Ақпараттарды кодтау. Ақпараттарды бейнелеу. Ақпараттар көзi мен қабылдаушысы. Ақпараттарды алмастыру. Ақпараттарды алу арналары. Ақпараттарды алмастыру. Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi.
12
Барлығы
34
3- сыныпта "Ақпараттық мәдениет негiздерi" курсын оқытудың оқу мазмұны
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№
Мазмұны
Сағаттар саны
1
Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау
2
2
Нысандар жиыны
2
3
Бұтақтар. Графтар
4
4
Комбинаторика. Координаттық жазықтық
3
5
Ақпаратты кодтау
3
6
Ақпаратты сақтау. Компьютердiң жады.
3
7
Paint графикалық редакторы. Суреттердi сақтау. Суреттердi ашу. "Жазу" құралы. Жазуды қою. Нысанды көшiру және қою. Нысанды бұру. Нысанды қиып алу және қою. Симметрия.
10
8
Ақпарат қасиеттерi. Екiлiк код. Хабарламаның ақпараттық көлемi. Модельдер. Графикалық модельдер. Ақпараттық модельдер.
8
Барлығы
34
4- сыныпта "Ақпараттық мәдениет негiздерi" курсын оқытудың оқу мазмұны

Жиындар
2
3
Ақпараттық модельдер
5
4
Алгоритмдер. Сызықтық алгоритмдер. Тармақталу алгоритмi
8
5
Циклдiк алгоритм
5
6
Алгоритм атқарушылары: "Қара жәшiк", "Робот" "Қайық". Құйғыш. "Суқұйғыш" "Шегiртке" "Тотан". "Өткел"және "Робот"
13
Барлығы
34
Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар
Ненi бiлуi тиiс:
компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн;
көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн негiзгi жаттығуларды;
компьютердiң негiзгi құрылғыларының қызметiн;
пернетақта мен тышқан қол тетiгiнiң атқаратын қызметiн;
нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерiн;
ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктердi;
ақпарат қасиеттрiн;
ақпарат көзi мен оны қабылдаушы туралы мағлұматтарды;
ақпаратты кодтау туралы мағлұматты;
тiзбектiң мағынасы мен мәнiн және онымен жасалатын әрекеттер реттiлiгiн;
жиындар ұғымын ;
логика алгебрасының кейбiр түсiнiктерiн - тұжырым (айтылым), ақиқат, жалған және терiстеу ұғымдарын;
модельдер ұғымын;
графикалық және ақпараттық модельдер түсiнiгiн;
алгоритм және оның түрлерi - сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдер туралы мағлұматты;
атқарушы , орта және атқарушының командалар жүйесi ұғымдарын;
графикалық редактордың мүмкiндiктерiн.
Ненi үйренуi тиiс:
компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн сақтай бiлудi;
көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығуларды орындай бiлудi;
компьютердiң негiзгi құралғыларының қызметiн орынды пайдалана бiлудi;
қарапайым мәтiндердi теруде пернетақтаны пайдалана бiлудi;
тышқан қол тетiгiн пайдалана бiлуді;
нысандарға мысалдар келтiре бiлудi;
нысандарға мысалдар келтiре бiлудi және олардың қасиеттерiн (түсiн, пiшiнiн, құрамын, ұқсас және қарама-қарсы белгiлерiн) анықтай бiлудi,
нысан қасиеттерiн орынды пайдалана бiлудi;
ақпарат көзi мен қабылдаушысын ажыратып, мысал келтiрудi;
кодтар кестесi көмегiмен ақпараттарды кодтай бiлудi;
тiзбектерге мысалдар келтiре бiлудi;
көрсетiлген белгiлерi бойынша нысан жиындарын ерекшелей бiлудi;
графикалық және ақпараттық модельдердi анықтай бiлудi;
сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдердi орындай бiлудi;
атқарушының командалар жүйесi көмегiмн берiлген атқарушының алгоритмiн құра бiлудi;
графикалық редактор құралдарын орынды пайдалана бiлудi.
Әдістеменің негізгі мақсаты:
2-ші сынып оқушыларына информатика пәні бойынша программа жасау;
жасалған программа бойынша жүргізілетін әрбір сабақтың жобасын жасап, оны талдау;
балаларға өз бетінше компьютерлік ойынға, қарапайым есептер шығаруға,
сонымен қатар, оларға мәтіндік және РАІNT" графиктік редакторының карапайым мүмкіндіктерін үйрету:
жасалған жұмысты мектеп өміріне енгізу;
басқа пәндерде компьютерді пайдалануы үшін бастауыш сынып мұғалімдеріне арнаулы курстар ұйымдастыру;
оқушыларға арналған әдістемелік оқу құралын, үлгі дәптерін дайындау.
Әдістеменің мазмұны. Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіншіліктерін кез-келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу. Олардың ойлау қабілеттерінің жан-жақты дамуына күш салу арқылы бастауыш сынып оқушыларында компьютерлік сауаттылыкты қалыптастыру.
Бастауыш сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар Техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысады. Бастауыш сыныптарда өткізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.
Бастауыш сыньштарға арналған бұл программада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым-қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді шапшаң, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар - әліппе, математика, қазақ тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды.
Міндеттері -
азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпаратты алмасу сипатын айқындау;
дайын программаларды қолдана білу шеберлігін арттыру; қисынды ойлауын дамыту;
ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім беруді ақпараттандыру, яғни оқытылатын мектеп пәндерінің материалдарын меңгеруде қолдана білуге үйрену.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту компоненттері.
Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн. Мысалы, сыныптан кіріп-шығуға мүғалім рұқсат береді. Әрбір оқушы өз бригадасына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт-дискілерді салуды, алуды мұғалім жүргізеді. Сабақ жүргізу барысында қазіргі кездегі санитарлық талаптарға сәйкес балалардың жұмыс ісіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар компьютерлік техниканы ғана пайдалануға болады.
Компьютерлік сыньпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс шаршамас үшін 1- 4 сынып оқушыларының компьютерде үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң, олармен көзіне арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде демалдырып, көз қозғалыстарын барынша үлкен етіп орындауға тырысуы керек. Балаларға қызықты болуы үшін жаттығулар ойын түрінде орындалады.
2. Бастауыш информатика пәні мұғалім мамандығы
2.1 Бастауыш сынып информатика пәні мұғалімдеріне қойылатын талаптар
Білім сапасындағы жаңашылдық жұмыстарын жүргізетін басты тұлға мұғалім болғандықтан, оның психологиясы, әдістемесі өзгеруі - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің алдыңғы шартынын бірі болып табылады.
Осы орайда, 12 жылдық білім жүйесіне көшу барысында мамандарды қайта даярлауға мақсатты қаражаттың бөлінуі үкіметіміздің асқан көрегендігін көрсетеді. Себебі, әдістемелік-психологиялық дайындығы бар маман ғана жаңа бастаманы шығармашылықпен қолдап, өмірге тән ете алады.
Бiлiм беру жүйесiн қайта құрудың негiзi - мектептi ақпараттандыру. Олай болса, мектептi ақпараттандыру жағдайында информатика пәнiн бастауыш сыныпқа енгiзу - бүгiнгi күннiң негiзгi талаптарының бiрiне айналып отыр. Ал бұл талапты орындау үшiн ең алдымен, мамандарды компьютерлiк технологияның мүмкiндiктерiн жан-жақты пайдалану бойынша бiлiктiлiктерiн көтеру қажет. Аталған қажеттiлiктi шешу үшiн бiз ең алдымен, мамандық құзырлықтарын мына бағыт бойынша жiктеуге болатындығын зерттеп отырмыз:
iргелi ақпараттық-технологиялық құзырлылық;
базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылық;
арнайы ақпараттық-технологиялық құзырлылық.
Ендi әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Iргелi ақпараттық-технологиялық құзырлылық - бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.
Негiзгi мiндеттерi:
жалпы компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру;
құжаттарды терiп, форматтау және оны редакторлеу;
бақылау жұмыстарын компьютерлiк тест арқылы жүргiзу және оны талдай бiлу;
деректер қорында және Интернет-технологияда ақпараттарды iздей бiлу;
түрлi ақпараттарды өңдеп, оның графиктiк сызбасын салуға үйрету;
компьютерлiк технологияның мүмкiндiктерiн дидактикалық материалдарды жасақтауға қолдана бiлу;
басқа пәндердiң оқытылуына дамытушы компьютерлiк ойындарды және түрлi үйрету мен жаттығу программаларын қолданып, талдау жасай бiлу және т.б.
Базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлумен анықталады. Төменгi кестеде осы бағытта мұғалiмдердi даярлаудың мақсаты мен сәйкес мiндеттерi келтiрiлген.
Базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылықты бастауыш сынып мұғалiмдерiнде қалыптастыру негiздерi
Мақсаты
Мiндеттерi
Бiлiм берудi ақпараттандыру процесiнде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру
компьютерлiк техноолгияны оқу процесiнде пайдалану бағытында оқушылардың даму қабiлетiн анықтайтын педагогикалық диганостика жүргiзу;
оқу процесiнде кiшi жастағы балалар үшiн компьютерлiк тест құру мен оны қолдана бiлу;
ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесiнде пайдалану барысында бастауыш сынып оқушыларының сапалық деңгейiн анықтау және оның оқу процесiне әсерi;
қолданбалы программалық құралдарды пайдалану жағдайында оқушылардың даму динамикасы мен олардың өзара қарым-қатынасын зерттей бiлу.
Бастауыш сыныпта оқыту процесiнiң ерекшелiгiн ескеру арқылы ақпараттандырудың мақсатын анықтау
оқушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету (техника қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық-гигиеналық және эргономикалық талаптарды сақтау);
оқу мақсатына сәйкес қолданбалы программалық құралдардың сапасын анықтап, таңдай бiлу;
оқушылардың жұмысын дамытушы компьютерлiк ойындарды қолдану арқылы ұйымдастыра бiлу;
жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды компьютердi пайдалану арқылы ұйымдастыра бiлу;
сабақтың мақсаты мен компьютердi пайдаланып арқылы өткiзiлетiн сабақтарды өзара бiр-бiрiмен сабақтастыра бiлу және оқушылардың өзiндiк бiлiм алуына жағдай жасау және оны бағалай бiлу.
Пәнаралық байланысты дамыту және ата-аналармен қарым-қатынасты орнықтыру
басқа пән мұғалiмдерiнiң өз қызметтерiне қолданбалы программалық құралдарды қолдануға көмектесу;
оқушылардың үйде компьютермен жұмыс жасау барысында санитарлық-гигиеналық және эргономикалық талаптарды сақтау ережелерiн жан-жақты ата-аналарға түсiндiре бiлу;
информатика мұғалiмiмен және мектеп директорының ақпараттандыру iсi жөнiндегi орынбасарларымен бiрiге отырып, өзара байланысты жетiлдiру.
Ақпараттық ортаны құру және оны ұйымдастыру
нақты педагогикалық мiндеттердi (өзiндiк оқытуды дамыту, өзiн-өзi бағалау және бiр-бiрiн бағалау, шығармашылық және iзденiстiк белсендiлiктерiн дамыту) шешуде ақпараттық ортаны құру;
бастауыш сынып оқушыларына ақпараттық ресурстар туралы мәлiметтер беру;
оқушылардың жоба жасау қызметiн ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы ұйымдастыру;
бастауыш сынып оқушыларын Интернет арқылы тұрлi халықаралық жобалар жасауға баулып, қатыстыру.
Өзiн-өзi бiлiм алу жобаларын жасақтау және оны жүзеге асыру
жаңа қолданбалы программалық құралдарды өздiгiнен үйрену және оның дидактикалық мүмкiндiктерiн бастауыш сынып оқушылары деңгейiнде анықтау;
кәсiби шеберлiктерiн дамыту барысына түрлi ақпарат көздерiн, Интернеттiң ақпараттық ресурстарын пайдалану.
3. Арнайы ақпараттық-технологиялық құзырлылық. Бұл "Информатика және ақпараттық технология" пәнiн берудiң әдiстемелiк ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz