Қазақтың психологияық этникалық ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Қазақтың психологияық этникалық ерекшеліктері»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017ж.

Жоспары

Кіріспе

Этникалық ерекшелік туралы түсінік.

Қазіргі кездегі этникалык иденттілік өсуінің психологиялық себептері.

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Этникалық ерекшелік туралы түсінік

Өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап әлемдік масштабта ұлттардың өз тұрмысын сақтауы, тұрмыстық мәдениеттің кайталанбастығының және психологиялық құрылымның ерекшеленуіне, адамның белгілі бір этникалыққа жататындығы - ұлттық сана-сезім немесе этникалық иденттілікке ұмтылыс үрдісі басталды. Барлық континенттердегі көптеген елдердің тұрғындарына әсер ететін бұл құбылыс басында қазіргі күндегі этникалық парадокс атауына ие болды, себебі ол өсіп келе жатқан рухани және материалдық мәдениеттің унификациясымен бірге жүреді. Бірақ казіргі күндегі этникалық қайта тірілу XX ғасырдың екінші жартысындағы адамзат дамуының негізгі белгілерінің біреуі деп қарастырылады. Өз тамырларына деген қызығушылық бөлек адамдар мен бүкіл халықтарда сан алуан формада көрініс табады: байырғы заманғы дәстүрі қайта тірілту тәсілінен бастап, кәсіби мәдениетті фольклоризациялау, «құпия ұлттық жанның» ізденісі мен өз ұлт мемлекеттілігін құру жэне қайта кұруға дейін. Өкінішке орай, бұл заңдық мүдделер басқа ұлттық мүдделермен кездескенде, біз этноаралық конфликтілер жағдайына куә боламыз. Бірақ та егер бүкіл әлемде әр түрлі ғылымдардың өкілдері 30 жылдан аса этникалық қайта тірілуді зерттесе, бұрынғы КСРО-да процесс қарама-қарсы бағытта өтті: ұлттар, қоғамдастықтар керісінше бір-біріне жакындаған, ал ұлттық сұрақ толығымен шешілді деген. Шын мәнінде біздің еліміздегі жағдай әлемдегіден ерекшеленген жоқ, мысалы:

1. империялык колониалды мұра;

2. адамзатқа карсы зорлық көрсету;

3. мемлекетті этно-территориялық түрде бөлу.

Алайда казіргі кездегі адам өмірінде белгілі бір ұлтқа жататындығын түсіну, оның ерекшелігін іздестіру - соның ішінде психикалық ерекшелігін - онда этникалык фактордың психологиялык аспектісін зерттеу қажет. Этнопсихологияның басқа ғылымдар сияқты (этноэлеуметтану, этносаясаттану) дамуы қажет. Этнопсихологтар түрлі ұлттардың өкілдерінің байланыс орнатуы кезінде бірін-бірі түсінбеу себептерін қайдан табу керек екендігін, мәдениетпен шарталған психикалық ерекшеліктер бар ма, этноаралық конфликтілер өсуін қамтамасыз ететін психологиялық кұбылыстар бар ма екендігін анықтайды. Көптеген осы сұрақтардың ішінде этникалық иденттіліктің өсуінін психологиялық себептері туралы сұрақ та бар.

Қазіргі кездегі этникалық иденттілік өсуінің

психологиялық себептері

Әлеуметтік ғылымдарда XX ғасырдың екінші жартысындағы этникалық кайта тірілудің бірнеше түсіндірмелік концепциялары бар. Түрлі әлеуметтік мектептер этникалык иденттіліктін өсуін: а) дамыған халыктың экономикалық және техникалық экспансиясына халықтың дамуы артта қалғандарының реакциясы; б) бүкіл әлемдік әлеуметтік бәсеке; в) үлкен әлеуметтік топтың экономикасында және саясатта әрекет-қылықтың жоғарылауы. Бұнда дәл сол этникалық коғамдар басқа топтар не кластарға қарағанда неғұрлым тиімді жағдайларда болатыны анықталды.

Ол жеке ғылым ретінде 19 ғасырдың орта кезінде көріне бастады. Ал, қазақ топырағындағы іргетасы Ш. Уалиханов еңбектерінде қаланды. Оның халық рухы дегені осы ғылымның басты категорияларының бірі болатын. Өйткені бұл өзінің колдануы мен мағынасы жағынан этнопсихология ұғымына жақындайды.

Тәрбиешілер мен ата-аналардың сұраулары бойынша осы ғылымдарға байланысты кейбір әдебиеттерді оқуға ұсынуды орынды санаймыз.

Мұрагерлеріміздің, қазақ баласын қазақша оқытып, тәрбиелейік. Тоқырау жылдарындағы қоғамдық дамудың өрескел іркелістері мектеп және халық ағарту саласында кеселді көрініс тапқанын атап көрсету кажет. Қазақ алфавитінің жиі өзгерістерге душар болуы қазақ халқының мол рухани мәдениеті мен баға жетпес халықтық тәлім-тәрбие үлгілерін мансұқ ету, тарихи сабақтастық принциптерінің бұзылуы қазақ халқының рухани мәдениетінің дамуын ғана тежемей, бүкіл ағарту ісімен ұлттық мектептің дамуына да орасан залалын тигізді. Ұзақ жылдар бойы оқушы жастардың санасына жалпы азаматтық абстрактілі мінез-құлық ережелері сіңіріліп, ұлттық моральдың асылы мен халықтың этнопсихологиялық ерекшелектері еленбеді, жеке тұлғаның белгілі бір этносқа қатынасы ауызға алынбады. Біз жас өспірімнің тек мирасқор емес, ол келешек ұлттық мәдениетті жасаушы әрі этнос тілінің иегері екенін сол жылдары ұмытып кеттік. Соның салдарынан олардың көбі ұлттық мақтаныш сезімінен марқұм қалды. Ұлттық пен интернационалдықтың бірлігі тек сөз жүзінде үйлесіп, тексіз ингилистер қалыптасты.

Ғылыми тәлім-тәрбие бойынша жастарды белгілі бір халықтық дәстүрінде оқыту мен тәрбиелеу - қалыпты мінез-құлық ережелерін сөз, насихат жүзінде ғана сіңірмей, олардың бүкіл өмір салтының процесіне үзілмес арқау ету арқылы жүзеге асырылатыны мәлім. Осыдан келіп тәлімгер тек оқытумен ғана шектелмей, тәрбиеленуші бойына этностың калыпты мінез-құлық ережелерімен асыл қазыналарын, сол ұлтқа тән морльдық касиеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Біз мектепте де, үйде де шәкірттерге этнос тағдырын өз тағдырындай қабылдауды, тұрмыстағы және қоғамдағы этносқа ортақ өмір заңын әр бір мәдениетті адамның өз тәжірибесі ретінде түсінетіндей етіп керек. Мұндай қасиетті бойына дарытпаған, өз этносына тән психологиялық ерекшеліктерді, мінез-құлык ережелерін сақтай алмайтын тұлғаны кемелденген, өзінше дербестікке жеткен азамат деуге, жалпы толыққанды адам санатына қосуға болмайды.

Этнопсихологиялык фактор әртүрлі әлеуметтік кұбылыстарға да ықпал жасап отырады. Мәселен, экологиялық катаклизм зобаландары салдарынан Қазақстан - түрлі ауруларға ұшыраған балалар үшін жасалған материялдық базасы тіпті, ана тіліндегі емдеу, оқу-нұсқау құралдарын әзірлейтін бірде-бір медициналық - педагогикалық лабораториясы жоқ Одақтағы жалғыз республикаға болып отыр.

Негізгі көрсеткіштері жөнінен қазақ мектептері қазірде Одақ бойынша соңғы орында тұр. Қазірде саны мың жарымға жеткен аралас деп аталатын мектептепрдің де келешегі күңгірт.

Оқытумен тәрбиелеу бір парақтың екі беті тәрізді ажырамас қосарлы процесс ретінде кеңестік тәлім-тәрбиеде дәлелденгені мәлім. Бюрократия қасарыса қорғап отырған мектептердің бірде-бірінде білім берудің психологиялық-педагогикалық принципінің үш тірегі-оқыту, тәрбие және дамыту тұтас сақталмай отыр. Аралас мектептерде балалар ана тілінде оқып, білім алғанымен, бүкіл тәрбие жұмысы мен жеке басты дамыту мәселесі тығырыққа тіреліп тұр. Өйткені, бұларда тәрбие жұмыстары шәкірттердің ана тілінде жүрмейді. Ұлттық өзіндік сана, азаматтық сенім мен тұлғаның қалыптасуындағы аса маңызды халықтық озық тәрбие дәстүрі еленбей, окушылардың бір бөлігінің этнопсихологиялық атрибуты ескерусіз қалдырылады.

Сөйтіп, қазіргі аралас мектептердегі тәрбие жұмысының мазмұны. Ресейдің өркениет өкілдері бұдан жүз жылдан астам уақыт бұрын айыптаған миссионер Ильминский жүйесінің өзінше бір түрі болып отыр.

Қорытынды

Көптеген адам жөніндегі ғылым саласындағы мамандар - осы этнопсихологияның жетістіктері әлеуметтенуді зерттеумен байланысты. Кейбір теоретиктер балалык этнографияны еркін тәртіп сапасымен өзіндік теориямен зерттеу әдістерден ерекшелейді. Қазіргі заманда - салыстырмалы мәдени зерттеу әлеуметтенуді бала кең ауқымды меңгереді және оны төрт бөлімге бөледі.

Қандай да мәселе зерттелгенмен, барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Әлеуметтенуден мәдениетсіздікті бөле отыра, біріншіден тұлғаның адамдық интеграциясын түсіндіреді. Мәдениетсіздік процесінің - тұлғаның ойынша әлемді тану және мінез құлыкты меңгереді, осының нәтижесінде оның эмоционалды жэне тәртіптерінің ұксастығы нақты берілген. Мәдениет пен басқа мәдениетсіздік арасындағы айырмашылық алғашқы мәдени процесс ең алдымен баланың дүниеге келген күнінен бастап және өмірінің соңында аяқталады. Мәдениетсіздік процесінің соңы - адам, тіл жөніндегі дәстүрге байланысты. Херсковиц мәдениетсіздіктің екі бөлімін қарастырады.

Балалық шақта - тілдің шыға бастағанында Херсковицтің айтуынша, осы кез мәдениетсіздіктің дамуы болып табылмайды. Ересектер оны жазалағанда, яғни баланы кешіргенде оның таңдау құқығын бөледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жұмыс технологиясының түсінігі
Айтыс өнерінің психологиялық табиғаты және этномәдени құндылықтарды дамытудағы рөлі
Ток - шоу тікелей эфир арқылы миллиондаған көрермен жинай алатын бағдарлама
Тұлға – тәрбиенің обьектісі және субьектісі
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Жалаң тәрбие қауқарсыз
Мектеп алды даярлық топ балаларының ойын арқылы тілін дамыту
Эмоция және сезім тақырыбын оқыту
Режиссуралық жұмыстың теориялық негіздері
Басқару мақсаты, міндеттері, мазмұны, психологиялық спецификасы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz