Оқушыларды дайындық деңгейі бойынша бөлу, оларға жеке қарым-қатынас жасаудың ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжі

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

«Оқушыларды дайындық деңгейі бойынша бөлу, оларға жеке қарым-қатынас жасаудың ерекшеліктері»

Орындаған: 3а ҚМБ топ студенті

Қуанғалиев А. Ш. Куспаева Ж. С.

Тексерген:

Орал, 2014ж

Жоспар

Кіріспе

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды. Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті (минимум) және базалық.

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының дайындығына қойылатын міндетті деңгей оқушылар дайындығының минимум денгейін анықтайды. Минимум деңгейге жету-оқушылардың міндеті болып табылады.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат - бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын тәрбиелеу.

Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.

Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дайындаудағы басты мақсаты - оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалылтасуына жол ашу.

  1. Дайындық деңгейі бойынша бөліп жеке қарым-қатынас жасау ерекшеліктері

Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.

Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.

Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады

Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.

Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балалардың қызығушылығын арттыруда, танымдық қабілеттерін дамытуда мақсатым:

-балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту

-қиялдарын ұштау

-тапқырлыққа жетелеу

-қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.

Міндеттер

-балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету

-логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

-балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Бастауыш мектеп». №7-2007 ж.
  2. О. С. Богданова, В. И. Петрова «Бастауыш жастардағы тәрбие жұмысының методикасы» Алматы 1980 ж.
  3. Ю. К. Бабанский Педагогика. М. 1998 ж.
  4. Ж. Б. Қоянбаев. Педагогика. А. 1992 ж.
  5. «Бастауыш мектеп». №9-2006
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибенің мақсаты
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекшеліктері
Оқушылар ұжымының негізгі әрекеті оқу
Топтық жұмыстарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекше білім беру қажеттіліктері
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі
Топтық жұмыстың тиімділігі
Топтық жұмыстың мақсаттары
Жоғарғы сынып оқушыларына тренингтерді қолдану арқылы қарым-қатынастарын жақсарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz