1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні
1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.
2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен 20 жылдан сәл-ақ астам уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр. Оның жарқын дәлелі 11 жылдық тоқырауда болған ЕҚЫҰ саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырып, Азиада ойындарын өткізуі, сонымен қатар көптеген халықаралық шараларға ұйытқы болуы, алдағы уақытта ЕХРО-2017 көрмесін өткізетіндігі дәлел бола алады. Міне осындай ауқымды шаралардың басы-қасында жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз. Сондықтан да 2012 жылдан бастап 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі кеңінен аталып өтуде. Айта кетерлігі, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп отырған жоқ. Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді.
Мемлекет билігін қолға алғаннан бастап ҚР Президенті атқарған игі істер жетерлік. Мәселен, Мемлекет басшысының сол бір қиын-қыстау кезеңде, яғни 1991 жылдың 29 тамызында 60 жылға жуық уақыт бойы Абай, Шәкәрім сынды даналар дүниеге келген Семей топырағындағы ядролық сынақтарды тоқтату туралы Жарлыққа қол қоюы ерлікпен-пара-пар еді. Әрине, мұндай қадамға бару жолында қаншама кедергілердің көп болғандығы да сөзсіз. Елордада ұйымдастырылған Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Бірінші Назарбаев оқулары халықаралық форумы барысында сөз сөйлеген сол кезде БҰҰ Бас хатшысы орынбасарының қызметінде болған Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында орын алған маңызды оқиғалардың біріне тоқтала келе: 1992 жылдың басында Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Президентінің атына Ливия революциясының көсемі Муаммар Каддафиден хат келді, онда еліміздің аумағында оның жазуынша, алғашқы мұсылмандық атом бомбасы делінетін ядролық арсеналдарды сақтау ұсынылған болатын. Бұл ретте, оны ұстап тұру үшін Каддафи хатында көптеген миллиард доллар көмектер бөлінетіні де уәде етілген, - деп есіне алды. Оның пайымынша, кез келген жауапсыз саясаткер үшін осындай бай мемлекеттер тарапынан жасалған мұншалықты жомарт ұсыныстар әлдеқайда тартымды көрінуі мүмкін еді. Бірақ нағыз мемлекет қайраткері қарапайым саясаткерден әлдеқайда ерекшеленеді, олар кез келген мәселені қазіргі конъюнктуралы санатпен ойламайды, ол стратегиялық тәртіп түсінігін басшылыққа алады, - деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары.
Ия, осылайша, билікке келген кезден-ақ көрегендік танытқан Елбасының бүгінде жүргізіп отырған қазақстандық даму жолы мен моделі әлем қайраткерлері тарапынан зор қызығушылық туғызып отыр. Оның жетекшілігімен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық даму жолын бастады. Даму қарқыны жағынан ХХІ ғасырдағы көшбастаушы мемлекеттердің қатарына қосылды. Қазақстан әлемде өзінің саяси орнын айқындап алды. Бейбіт саясат пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етті. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Жаһандық ядролық сынақсыз аймақ құру жөнінде ұсыныс берді. Әлем халқы Қазақстан басшысының ұлы бастамасына қолдау көрсетті. Ұлттың қамын ойлайтын, дамудың келешегін болжайтын дана саясат ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты 50 елдің қатарына қосты. Қазақстан кешегі тоталитарлық жүйенің түйіндерін шешіп, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды. Еуропаның төріне шықты. Діни толеранттылыққа қол жеткізді. Мәселен, бұл жайында жоғарыда атап өткен форумда Өркениеттер диалогы Форумы Халықаралық үйлестіру комитетінің төрағасы Вальтер Швиммер: Мен еш уақытта тәуелсіз Қазақстандағы этникалық немесе діни шиеленістер туралы естіген емеспін. Қазіргі күні әлем Қазақстандағы халықтар мен наным-сенімдердің, мәдениеттердің, дәстүрлердің, тілдердің, діндердің байлығынан сабақ ала ма?! Ала алатындығымызға мен кәміл сенімдімін, - деп ағынан жарылған болатын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық әлем шындығы тұрғысынан еуразиялық идеяны жетілдіруді теориялық жаңартуға қол жеткізіп, оны тек теория тұрғысында қалдырып қоймай, іс жүзіне асырудағы қимылы да бүгінде жұртшылықтың назарын аудартып отыр. Кеден одағы Қазақстан, Ресей және Беларусь толыққанды Еуразиялық одаққа жақындатып отыр. Бұл - Назарбаев идеясының шындық екендігін көрсетеді.
Мәселен, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничийдің пайымынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық доктринасы - ғалымдар мен саясаткерлердің баса назар аударуын талап ететін ауқымды тақырып. Мен өзіме барынша жақын сәттерді ғана атап кеткім келеді. Біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаев әзірлемесі бірігудің заманауи үлгісі. Тоталитарлық режім құлағаннан кейін кеңес үкіметінен кейінгі мемлекеттерде кеңес халқы түріндегі бірлестікке қатысты орнықты қарсылық болды, онда бірлік ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мәдениетті жоғалтумен қамтамасыз етілген болатын. Нұрсұлтан Әбішұлына бірігудің басқа түрі, бірлік, ұлттық тәуелсіздікті, мәдени және тілдік өзіндікті сақтауға көмектесетін басқа бірігу жолы туралы әңгіме болып отырғанын талмай дәлелдеуге тура келді. Экономикалық, мәдени, білім беру, саяси бірігу халықтар алдында жаңа мүмкіндіктер ашады, Өткенге көз жүгіртіп, болашақты болжаймыз атты тарихтың оң сабағын есте сақтап мыңдаған жылғы Еуразиялық достастыққа сенімді болатындардың әлеуетін арттырады, - деді ол. Оның пайымынша, екіншіден, Қазақстан Президентінің тұжырымдамасында әлемдік дәуірдің жаңа құрылымы ірі блоктар қатынасын білдіреді деген тезис ерекше тұр. Жеке халықаралық қоғамдастыққа кіру - бүгінгі таңда орындалмайтын міндет. Еуропалық одақты қалыптастыратын өңірлік бірлестік қазір өзімен әлемдік аренаға шынайы күшті білдіреді, оны бір тарапты әсер етулер мен бірнеше шешімдердің бір өрісті ырғақтары геосаясатына дағдыланғандармен есептесуге болмайды. Сондықтан, халықаралық қоғамдастықта Назарбаевтың Дағдарыстан шығудың кілті деп аталған жаңа жаһандық бастамасы - әлемдік қаржы-валюта жүйесін ұйымдастыру, әлемнің жаңа геосаяси құрылымын құру оң қабылданды, - деді ММУ ректоры.
Назарбаев феномені өте көп қырлы құбылыс. Ал бұл феноменді зерттеу Қазақстанның жаңа заманғы тарихын түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар күллі әлем дамуының қазіргі заманғы процестерін ұғу үшін де маңызды. Әуелі - ол заманда ел басы... болады, деп жазған еді ұлы Абай. Болашақты болжаған Абай бабамыз қандай ұлы болса, халық, заман сынынан мүдірмей елін өрісті жолға бастаған Назарбаев та сондай ұлы тұлға!
Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін екінші рет мерекелеп отырмыз. 2011 жылы Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында депутаттар 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мемлекеттік мерекелер санатына қосу туралы бастама көтерді. Депутаттар өз ұсыныстарының мәнін Тұңғыш Президенттің дәл сол 1 желтоқсанда сайланып, Қазақстан Республикасында президенттік институтқа қадам дәл осы күні басылғанымен түсіндірген еді. Осылайша Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Заңға тиісті қосымша енгізіліп, 1 желтоқсан ресми негізде Тұңғыш Президент күні болып белгіленсе, жалпы мұның әлемде бар үрдіс болып табылатынын айрықша атап көрсеткен орынды. Дәл осы уақытта 2012 жылдың 1 желтоқсаны елімізде алғаш рет Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтілуде. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конституциясын, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаушы ретіндегі рөлі негіз етіп алынған. Шын мәнінде, Елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Іргелі идеялар нақты жобаларға айналып, Қазақстан-2030 стратегиялық даму бағдарламасы, бәсекеге қабілетті Қазақстан, интеллектуалдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz