Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

«Музыка» кафедрасы

«Музыка» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас) »

Орындаған: Н. С. Исмагулова

Жетекшісі: Б. Қ. Мукажанова

Орал 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 бөлім. Балалардың эмоциялық сезімдерін дамытудың мақсат-міндеттері

1. 1. Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы . . . 7

1. 2. 4-5 жастағы балалардың музыканы қабылдау ерекшеліктері . . . 12

1. 3. Балалардың музыка тыңдау мәдениетін

қалыптастыру жолдары . . . 16

2 бөлім. 4-5 жасар балаларға музыканы тыңдауды үйретудің

әдістері мен тәсілдері

2. 1. Орта жастағы балаларға музыкалық білім берудегі муз-дидактикалық ойындардың рөлі . . . 22

2. 2. Балаларды музыка тыңдауға үйретудің маңызы . . . 30

2. 3. Музыка - оқу іс-әрекетінің техкартасы . . . 34

2. 4. Орта топ балаларына музыкалық тәрбие берудің маңызы . . . 35

Тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының қорытындысы . . . 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40


Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Музыка - адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан - дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен ғана қабылдайды. Өйткені "Музыка - жүрек тілі", яғни сезім, қобалжу, көңіл - күйдің тілінен ұққан жөн.

Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның патриоттық, адамгершілік сезімдерін қалыптастырады. Оның ықпалы үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Отан, Қазақстан, батырлық туралы айтқан балалардың әндерінен өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көруге болады. Сондай-ақ, Қазақстан азаматы болғандықтан, әрбір бүлдіршін еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің Әнұранын есіне сақтап, жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Әнұранның мазмұнын балаларға егжей-тегжейлі түсіндіріп, мереке күндері топ болып айтқызу -Отансүйгіштік, еліне деген мақтаныш сезімін, ұлттық рухын күшейтуде айрықша мәні бар іс. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері достыққа тәрбиелейді. Әсіресе біздің балабақшамыздағы орыс топ балаларының казақ тілінде ән шырқап аудан көлемінде өткен «Тіл болашағы балабақшада» атты байқауда жүлделі орынға ие болғаны қазақ әні мен билеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез-құлқына, мәдениетіне себін тигізеді. Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы да бар. Музыка балалардың эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.

Музыкалық ырғақ сәтінде балалар рақаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері, пантомимо, әсіресе музыкалық ойын түріндегі драма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы персонаждарды сомдайды.

Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты музыкалық даму ерекшеліктері де жылдан-жылға өсе береді, баланың қабілеті белсенді музыкалық қызмет процесінде дамиды.

Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері: есту сезімі, музыкалық есту қабілеті, ән айту, музыкалық ырғақ орындаудағы қарапайым дағдылары, қимылдары.

Төрт жасқа аяқ басқанда:балалардың сезімталдығы артады, заттар мен құбылыстарды, музыкалық қасиеттерді айыра алады, кейбір бала қарапайым әуенді дәл қайталап айта алады. Төрт жасқа толар шағында балалар ересектердің азғана көмегі арқылы шағын әнді орындай алады. Бидің түрлі қимылдарын орындай алады.

Бес жасқа аяқ басқанда:бұл-балалардың көп нәрсені білуге құштар шағы, ол өте байқағыш келеді, музыканың көңілді, қуанышты, сабырлы екенін, дыбыстардың жоғары-төмен, тез-баяу орындалатынын, әуеннің қандай аспапта орындалып жатқанын ажыратады. Бала әнді қалай айту, қол ұстасып жүріп билеуде қалай қимылдауды біледі.

Музыкалық -дидактикалық ойындар балалардың музыкалық даму міндеттерін шешуге көмектеседі. Ритм сезімін қалыптастыруға, музыкалық қабілетін дамытуға, қандай да болмасын дағдыны түзетуге тәрбиелейді.

Ертеңгілікте эстетикалық тәрбие құралдарының бірі ретінде тек музыка ықпалымен шектеліп қалмай, сонымен қатар өнердің бірнеше түрін үйлестіріп пайдалануға да болады. Музыка - шынайы өнер, адамға әсер етіп, құдіреттің эмоциялық орасан зор күш арқылы эстетикалық талғамын оятады.

Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі- музыкалық шығарманың сипатын/характерін/ сезіну, естігеніне бірге қуану, не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті. Музыка баланы толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір-бірімен салыстыратын ой туғызады.

Музыкалық қабілеттің екінші белгісі-тыңдау қабілеттілігі, ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін байқайды.

Музыкалық тәрбие әдістемесін меңгеру - болашақтағы музыка мұғалімінің мектептегі жұмысының жемісін жетілдірудің қажетті құралы болып табылады.

Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т. б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.

Оқу барысында музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы дәнекер түйін сияқты. Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап қояды. Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті - таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Мектепке музыка пән мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі мақсаты-музыка өнеріне баулу.

Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.

Ойын-мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі, оған хороводтар, сюжеттік-рөлдік әндер, қимыл ойындары енеді.

Зерттеу объектісі. Орта топтағы, яғни 4-5 жастағы балаларды музыка тыңдауға үйретудің әдіс-тәсілдері.

Зерттеудің мақсаты: Орта топ балаларын (4-5) музыка тыңдаудың ерекшеліктерімен таныстыру.

Зерттеудің міндеті: Балаларға музыкалық білім беру және 4-5 жасар балалардың музыка тыңдауын қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстыру.

Зерттеу нысаны: отбасында және балабақшада бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу.

Зерттеу әдістері - ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және ұстаздармен әңгіме, сұхбат жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  1. Балалардың эмоциялық сезімдерін дамытудың мақсат-міндеттері;
  2. 4-5 жасар балаларға музыканы тыңдауды үйретудің әдістері мен тәсілдері;
  3. Орта топ балаларына музыкалық тәрбие берудің маңызы туралы түсінік берілді.

Практикалық пайдасы: эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепте сынып жетекшілерінің ата-аналармен жұмысында, педагог-психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1 бөлім. Балалардың эмоциялық сезімдерін дамытудың мақсат-міндеттері

1. 1. Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы

Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоцияларының басты ерекшелігі тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі. Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрблелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе 1-2 сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да әділ болып келеді. Олар кез келген нәрселердің бәрін қабылдап қызықтап таңырқайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады.

Бала сабақ үстінде де бір қалыпты отыра алмайды, өйткені, өзіне ие бола алмай сезімінің жетегінде еріп кетеді. Мәселен, бірінші класс оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар - жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайты балалар есейген сайын оқуды мұндай кылықтарынан арыла бастайды. Осы жастағылар да бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар.

Баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде бала біреуді жақсы көреді. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Балалардың сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл -күйін бір қалыпты етіп ұстауға үйренеді. Интеллектік сезімдердің дамуы баланың рухани қажеттерінің өсуі үшін қажет. Егер бала оқыған кітабнан, өз бетімен шығарған есебінен ләззат алып отырма-са, оның эмоциясы көрінбейтін болса, оқуға қызықпайтын жаман әдет қалыптасуы мүмкін. Мұғалім осы жайды әр кез есіне қатты ұстауы кажет. Сабақ үстінде, сабақтан тыс жерлерде балалардың эстетикалық сезімдерін тәрбиелеп отырудың да қаншама маңызды нәрсе екендігі белгілі. Оқу кітаптарының бетіндеі түрлі суреттер мен иллюстрациялар, мұражайларға, саяхятқа апару т. б. балалардың эстетикалық сезімдерін тәрбиелеуде таптырмайтын әдістер.

Бала эмоциялары мен сезімдерін тек құрғақ сөзбен жалаң үгіт арқылы тәрбиелеуге болмайды. Мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз басынан кешіруі тиіс. Сезімдерді тәрбиелеудегі басты жолдардың бірі - балаларды өз эмоцияларын басқара алуға, өзінің аффектерін тежей білуге дағдыландыру. Олардың өмірінде іс-әрекетінде шынайы жақсы сезімдер орын тепсе, балаға да үлгі-енеге болатын табиғи нәрсе. Бала еліктеуге жарарлық үлгі-өнеге көрмесе, оның сезімдері де дұрыс дамымайтын бодады.

Музыка ерлік істерге ұмтылдырады, бос уақытты қызықты етіп, көңілін шаттандырады. Балалардың өнерпаздық жұмысының түрлері көп. Бұларға хор, оркестр, балалар театры, бейнелеу студиясы, сөзді мәнерлеп оқу және әдебиет үйірмелері жатады. Эстетикалық тәрбие беру ісінде - өмір мен өнердегі әдепсіздік пен талғамсыздықтың көріністерін айыра білетін етіп тәрбиелеу басты орын алады.

Балада Отанды, туған елін сүю сезімдері көріне бастайды. Балада сыныптан-сыныпқа көшкен сайын адамгерішлік шеңбері кеңи түседі.

Ұжым балаларда борыш, жауапкершілік, ар-ұят сенімдерінің қалыптасуына жақсы әсер етеді. Жеке мүдделі ұжым мүддесіне бағындыра алу - ең тамаша қасиет. Балалардың осындай борыштық, жауапкершілік сезімін баулу - мұғалімнің, басты міндеттерінің бірі.

Балаларда ұялу сезімдері де одан әрі жетіле түседі. Ұялу - баланы жағымсыз іс-әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім. Баланы орынсыз ұялта беру де дұрыс емес. Бұл баланың өз күші мен қабілетіне сенімін жоғалтып, онда ұялшақтық пен тұйықтықтың дамуына жағдай жасайды. Тәрбиешінің баланың ұялу сезіміне асқан сақтықпен қарауға тиіс. Мәселен, салақтық, епсіздік немесе күйгелектік болған жағымсыз істерді әдейі жасаған тәртіпсіздік қылықпен бір дәрежеде қарап ұялту қате. Бала өзінің жағымсыз іс-әрекетінің мәні неде екенін, кандай тәртіпті бұзғанын айқын білгенде ғана ұялтудың тәрбиелік әсері болады. Кейбір мұғалімдер баланың оғаш істерінің шығу төркінін тексермей-ақ, оны ұялта бастайды. Сондай-ақ, баланың өзі түзете алмайтын қатесі үшін де ұялтатындар болады. Мұндай әдістің екеуі де дұрыс емес.

Мектепке дейінгі балалардан достық, жолдастық, сезімдердің нышандарын байқауға болады. Бұлардың шын мәніндегі тұрақты дос деп айту да қиын. Орта топтағылар үшін оған ұнатын баланың бәрі "дос" болып көрінеді. Өйткені не үшін дос тболатындарын аңғара алмайды. Осаы кезде олар "достарын" жиі алмастырып отырады, бүгін бір баламен дос болса, ертең екінші бір баламен достасады. Мұндай достық ойын үстінде ерекше корінеді. Оқу әрекетіне байланысты достық бұл кезде көріне қоймайды. Орта топтағы балаларда жалдастық, достық қарым-қатынастары тереңдей түседі. Бұл кезде олар моральдық мінез-кұлқынан біраз хабардар болады, кейбіреулері іс-жүзінде орындай алуға қабілеті жетеді. Өзінің жолдасына пайдалы іс істеу жағын ойластыру, досқа қамқорлық жасау, оның ашы-тұщысына ортақтасу осы кезеңдегі балалардың психологиясынан жақсы көрінеді. Орта топтағы балаларда интеллектік сезімдер де байқалады, алғашқы кезде сезімдер оқу процесінің мазмұнынан оқшауырақ тұрады. Бірақ бала біртіндеп өзінің оқудағы міндетін түсіне, оның нәтижесін көре бастаған кезде, оқуға қызығушылық пайда бола бастайды. Бір сабақты басқасынан жақсы көріп, көбірек қызығып оқиды да, мұндағы өзінің табысына рахаттанады. Бұл - ондағы интеллектік сезімнің нышаны, баланың эстетикалық сезімдерін дамытуға сурет сабағына бөлінген сағаттарды тиімді пайдаланған дұрыс. Бала құбылыстар мен заттардың өзіне тән типтік белгілерін, пішінін, көлемін, түсін нендей материалдан істелгенін білу арқылы өмір өсемдігін көре біледі.

Балалардың эстетикалық сезімдерін дамытуда табиғаттану сабақтарының алатын орны да зор, бала табиғат құбылыстарын өнер туындыларымен танысу кезінде байқайтын болса, оның танымы кеңейе түседі. Мәселен, музыка тыңдау, сурет галлереясына бару, көркем әңгіме мен өлең оқып, осыдан кейін табиғатқа саяхат жасаса, бұл баланың сезімін қай жағынан да дамыта түседі.


1. 2. 4-5 жастағы балалардың музыканы қабылдау ерекшеліктері

Баланың 4-5 жасар шағы, ең бір танымдық қабілетті, үздіксіз жұмыс істеген, айналасындағы құбылыстарды сезіну, білуге деген ынталығы да мол байқалатын мезгілі. Көп жағдайларда оның жан дүниесінің қозғалыстарына тән құбылыстардың үлгере алмауынан, үнемі асығыс-қимылдардың артықшылығынан сүрініп-жығылып, құлап жататыны байқалады. (Біз оны қазақша тұсау кесер мезгілі дейміз. Ол да шындыққа ұласады) . Өйткені олар "көнілдегі көк дөненнің" жүрісін тежей алмай әлекке түседі. Ондай қозғалыс осы мерзімде өте жиі кездеседі. Бала бұл шағында сан-сапалы тағылымдарды игеріп, неше түрлі күрделі құбылыстарды ұсына алатын жағдайда жетеді. Оның миының үстіңгі қабығы қауырт жетілу себепті - баланың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін пәрменді ықпал етумен бірге, өзінің күллі нерв талшықтары мен жұлын-жүйкелерінің жұмыс істеу қабілетін күшейте береді. Жан дүниесінің осыншалық қауырт жетілуінің арқасында, оның тән құрылыстары да ерекше икемділікпен тығыршықтай тарылып марқая түседі.

Музыкалық қабілет - жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту «сандық аспект» емес, «сапалық аспектінің» сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, «музыкалық әуесқойлық», ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.

Музыкалық дарынды адамдардан «музыкаға әуесқой» адамдар басым. «Музыкалық әуесқойлықты» дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.

Қабылдай ала алмайтындығы - адамның мінезі, музыкалық әрекетін қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы болмағандықтан.

Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте қалыптасады (9-10 айда - Б. М. Теплов) . Балада музыкалық ырғақ элементі дене қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.

Г. А. Ильин: . . . баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық қабылдауы. 3 - 4 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты) . 4 - 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6 - 7 жаста, біріншіден, музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен гармониясын нашар қабылдайды.

Музыкалық есту қабілет және мектепке дейінгі мен бастауыш балаларында қалыптасуы

Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік есту сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту сезім бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады.

Бірінші - бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе.

Екінші - бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа әуенді әндетеді.

Үшінші - әннің жалпы жүрісін таза алуда.

Төртінші - жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза алады.

Бесінші - әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен қалыптасады.

Алтыншы - сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза орындайды.

Біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде естілген дыбыстарды, әуендерді жаңадан сезінуі.

Екіншілері - есте сақтау мен елеске байланысты.

Төрт-бес жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды игеріп, аз және көп сандарды, қалың мен жүқаны ажыратумен қоса, айдың айын, күннің сәтін дегендей, жыл мезгілдерін ажырата алатын халге жетеді. Бұл жастағы балалардың танымындағы артықшылық мөлшері де әр түрлі болып келеді. (Кейбір балалардың қалада, бала бақшасы бар, жан ұяда информатикалық хабар алатын компьютер бар жерде танымдары терең, жан-жақты болуы мүмкін. Ал керісінше үй жағдайы жоқ, бақша көрмеген, үйінде жарық та жоқ, компьютердің не екенін білмейтін балаларда бар, ол тіптен мәңгүрт десе де артық болмайды) . Бірақ ондай балалар тез жетіледі. Техниканы, компьютерді тез меңгереді.

Біз көбінесе өмірде байқалып, анықталып, зерттеліп, өмір тәжірибесінде көрініп жүргеніндей осы жастағы (4-5) балалардың айнала қоршаған дүниеге, өзінің айналасында жүрген адамдарға, ата-анасы мен тәрбиешілерге, тіптен кез-келген адамдарға деген ізеті мен мейірімділігін байқай бермейміз. (Біз әлі де болса тәрбиенің әкімшілік әдісін кеңінен пайдаланамыз. Олардың бұйрық арқылы қатаң тәртіпте ұстауды жақсы көреміз. Ол солай бұрыннан қалыптасқан) .

Осы жастағы балада табиғи дамудың гендікжүйесінен (немесе ұрпақтан ұрпаққа берілудің қасиетінен) сүттей тұнық, үлкеннің айтқанын қағыс қалдырмай орындайтын қасиеттері пайда болады. Сол ерекшелікті ата-ана да, тәрбиеші де ескеріп отырғаны жөн. Олар айтылған, тапсырылған жұмысты жан-тәнімен (бар мүмкіндігімен) орындауғатырысады. Дұрыстығына қуанады, марқаяды, мақтанады. Өзін өзгеге солай көрсеткісі келеді, осы кезде ата-ана, тәрбиеші сол жас ерекшелікті, бала орындай алатын жұмысты көбірек тапсырған жөн. Оны ары қарай бірте-бірте жетілдіріп отырса, бала болашағына жаңа іске, жаңа нәтижелерге деген үлкен құлшыныс туады. Осы жастағы "Еңбекке баулу" балалар ер жетіп өскен кезде ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке, бар ынта-жігерімен бой алдырады. Әрине оған жоғарыдағы талаптарды орындау мүмкіндігі болған кезде ғана ол әсерлі болады.

Төрт-бес жастағы бақшада балалар үшін өздерінің ойнайтын орындарын және сабақ өтетін бөлмелерін барынша таза ұстауға үйрету тәрбиеші міндеті. Оның дұрыс орындалуы қатаң қадағалануы керек. Оны бала өзінің жеке міндеті екенін жақсы түсіну қажет. Ойын соңында ойыншықтарды жинау, тамақ алдында қол жуу, тамақтану кезінде кезекті, реттілікті сақтау. Осының бәрі тәрбиешінің басшылығымен жүзеге асады. Бізде ондай маңызды, әрі өмірлік қажетті жұмыстарды орындатпау, немесе өздеріне орындауға тапсырма беру өте қате.

Балалар немесе балалар осы кезде айнала қоршаған дүниедегі бар нәрсеге назар аударады, көз салады. Өзін қоршаған ортада гүл, ағаш, тас т. б. түсін ажырата алады. Суретке салады. Табиғатта әсем көрініске бөлегісі келеді, суреттен көрме жасайды. Мұның бәрі табиғи кұбылыс. Ол құбылыс әркімнің қолынан келе бермейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыру
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жайында
Барлық дыбыстарды анық айту
Барлық дауысты дыбыстарды анық айту
Мектепке дейінгі мекемелерде музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары
Музыка және қимыл
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Ересек топтағы мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабылдау ерекшеліктері
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жөнінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz