5 сыныпта ақпараттық процесстерді оқыту әдістемесі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Raygul.egizbaeva@mail.ru
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
5 сыныпта ақпараттық процесстерді оқыту әдістемесі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің білім беру жүйесінің дамуы - жаңа ақпараттық технологиялар мен компьютерлердің қолданылу деңгейіне, шығармашыл білімнің қалыптастырылатындығына, оның әлеуеттік мүмкіндігінің күшеюіне байланысты, білім беру жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықтау қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі тарапынан жалпы орта мектептер мектептер компьютер және интербелсенді тақта, мультимедиалық кабинеттермен толықтай жабдықталды.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет Н. Ә. Назарбаев
Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.
Қазіргі кезде ақпараттың қарқындап өсуі мен техниканың соңғы жетістіктері, информатика ғылымның үздіксіз дамуы мен оның жаңа салаларының пайда болуы информатиканың мазмұнын үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Соған сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі де үнемі өзгеріп отырады.
Мұнда оқытудың жаңа технологилары мен әдістері, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді сабақта тиімді қолдана білу тәсілдері қарастырылады және ол үнемі жаңару, жетілдіру жағдайында жүзеге асырылады. Информатика пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың шығармашылық дамуын жетілдіру, олардың өнімді де айрықша ойлауын дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылаады. Бүгінгі күні оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми- зерттеу жұмыстары, медицина, тағы басқа адам қызметінің барлық салаларына информациялық технология, интернет жүйесі бірқатар өзгерістер енгізуде. Бұл жағдайлар болашақ иннформатика мұғаліміне пәнді оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын, оқытудың әдістерін терең меңгеріп, оны сабаққа тиімд қолдана білу міндетін жүктейді.
Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің Білім Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруғабайланысты оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын талаптардың мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Болашақ информатика пәнінің мұғалімі аталған курс материалдарын игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.
Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.
5 сынып информатикасында ақпараттық процестер тақырыбында келесі ұғымдарды оқытады:
+ Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;
+ Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті;
+ Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Ақпарат теориясы - ақпараттарды жинау, түрлендіру, жіберу, сақтау, өңдеу мен шығару туралы ғылым .
1. 5 сыныпта информатика пәнін және ақпараттық процесстерді
оқыту әдістемесі
1.1 Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны
Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізуіне байланысты.
Информатика пәнінен оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы - информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Яғни курстық жұмысым информатикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мен маңызы, үйірме сабақтарын өткізу, информатика пәнінен кеш ұйымдастыру, олимпиаданы ұйымдастыру, оқушыларды ғылыми жоба жұмыстарына дайындау, дарынды балалармен жұмысты жандандыру әдістемелері қарастырылған.
Информатикадан өткізетін сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік мазмұнын ұйымдастыруда және өткізуге өзіндік ерекшелігі, өзінің формасы мен әдістері бар. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнің дайындық дәрежесіне және әдістемелік ептілігіне, оқушылардың тілегіне, мектеп төңірегіндегі өндірістік объектілерге, информатика кабинетінің жабдығына, техникалық мамандықтарға кәсіби бағдар беру мүмкіндігіне байланысты өтіледі.
Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі - білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын салаасына жатады. Дидактиканың талабына сәйкес информатиканы оқыту тек білім берумен шектеліп қалмай, тәрбиелеу мақсатында қамтиды. Себебі, оқыту теориясы оқушыларды білім, іскерлік пен дағды қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қамтамасыз ететін тәрбиенің біртұтас бөлігі және жеке тұлғаны қалыптастырудың, оқушының ақыл - ойы мен білімін дамытудың маңызды құралы.
Информатиканы оқыту әдістемесі ең алдымен ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Информатика - компьютер арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек компьютерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Мектепте информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкерлері бағдарламалауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдары Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютермен жұмыс істейтін мамандарды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мектеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. Рапира тілі бағдарламалау жүйесін Г.А.Звеногородский жасады. 1982 жылы КСРО Министрлігі шешімімен мектеп оқу үрдісіне калькуляторды қолдану енгізілді.1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленді. 1985 жылы Информатика және есептеуіш техника негіздері пәні бағдарламасы түзілді. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц, М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту басталды. 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда информатика мұғалімін даярлау басталды. 1986 ж. Информатика и образование журналы шыға бастады. 1986 ж. Информатика оқулығына байқау жарияланды.
1.2 Ақпарат ұғымы және ақпараттық үдерістер
"Ақпарат" термині латынның INFORMATION - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез- келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен, Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.
Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байла нысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.
Ақпараттың бағалылығы - оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады.
Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі.
Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б.
Компьютердегі барлық ақпарат тек қана екiлiк санау жүйесінде өңделедi. Екiлiк санау жүйесінің сандарын Бит (Bit) деп айтамыз. 1 Байт (Byte) 8 Биттен тұрады. Ақпараттың негiзгi бiрлiгi Байт болып есептеледi. Байтта тек қана бiр символ сақталады.
1 байт = 8 бит
1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт 1000 байт;
1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт 1 миллион байт;
1 Гбайт (гигабайт)= 1024 Мбайт 1 миллиард байт.
Мысалы, 7 сыныптың информатика оқулығы 240 беттен тұрады, ал әр бетте 38 қатар, әр қатарда 68 символдан бар. Оқулықта ешқандай да сурет жоқ, тек қана мәтіннен тұрады деп есептесек, онда 240*38*68=620 160 символ немесе 620 160 байт, яғни 620 Кбайт ақпараттық мәлімет бар.
Ақпараттың өлшем бірліктері арқылы әрбір ақпараттың бірлік уақытта таратылу жылдамдығын анықтауға болады. Ақпараттың таратылу жылдамдығы бірліктерде былай анықталады: битс, байтс, килобайтс және т.б. Мысалы, телефон желісі арқылы таратылатын ақпарат жылдамдығы 4 Кбайтс-ке тең, ал адам баласының мәтін оқу жылдамдығы 38 байтс, сөйлеу жылдамдығы шамамен 16 байтс-ке тең.
Информатика - есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Яғни, Информатика - ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым.
Ақпараттық процесстерді өңдейтін негізгі құрал - компьютер. Ақпаратты автоматты өңдеу - бұл арнайы түзілген программа бойынша адамзат баласының қатысуынсыз негізгі мәліметтерді енгізгеннен кейін қандай да бір нәтижеге жеткенге дейінгі ақпараттың өңделуі.
Негізгі мәліметтер құрамы мыналардан тұрады:
Мәтіндік ақпарат - оқулықтағы мәлімет, дәптердегі шығарма, ауа райы, радио арқылы таратылған мәлімет және т.б.;
Сандық ақпарат - көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей ойынының есебі және т.б.;
Графикалық ақпарат - суреттер, схемалар, сызулар, фотосуреттер және т.б.;
Музыкалық (дыбыстық) ақпарат - дыбыс, музыка;
Бейнеақпарат - түрлі-түсті графика, дыбыс, көркем фильмдер, екі өлшемді, үш өлшемді қозғалмалы объектілер.
Информатика пәніннің негізгі мәселесі - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу.
Ақпарат теориясы ықтималықтар теориясы, математикалық статистика, сызықтық алгебра, және математиканың басқа бөлімдерінің әдістеріне сүйенеді. Ақпараттар теориясы мен оның әдістері түрлі ақпараттық жүйелердің, яғни функционалдық негізі ақпаратты түрлендіру үдерісі болып табылатын жүйелердің (байланыс жүйесі, теледидарлама, есептеу жүйелері, т.б.), үдерістерін анализдеу үшін кең қолданылады.
Компьютерлік техникада ақпарат теориясы әдістері ақпаратты қорғау, жүйенің дәлдігі, шапшаңдылығы мен беріктігін бағалау, компьютерлік желінің деректерін жіберудің белгілер мен каналдарын келістіру үшін кең қолданылады.
Ақпараттық жүйенің функциялары
Ақпарат жүйесінің мынындай негізгі функциялары бар:
Ақпаратты енгізу(ақпаратты жинау, басқа ақпараттық жүйелерден ақпаратты қабылдау);
Ақпаратты өңдеу(ақпаратты сақтау мен іздеу);
Ақпаратты шығару(адамға көрсету, басқа ақпараттық жүйелерге жіберу).
Ақпараттық жүйе компьютерді қолдануы міндетті емес. Компьютерлі емес ақпараттық жүйелердің көптеген мысалдары бар: XVI - XXғғ. бухгалтерлік есептеу жүйелері, кітапханалардың карточкалық тізімдемелері, шығару анықтамалық материалмен (мысалы сілтегішпен) қамтылған кез келген кітап.
Ақпараттық жүйемен сақталынатын және өңделетін минималды ақпарат бірлігі жазба деп аталады. Ақпаратты өңдеу кезінде ақпараттық жүйелермен орындалатын операцияның көбісі бірнеше жазбаны бір мезгілде қолданады.
Жазбаның өзі ішкі құрылымды иемденуі мүмкін. Жазбаның құрамдас бөліктері өріс деп аталады. Жазба өңделуі кезінде ақпарат жүйесі жазбаның барлық өрістерімен жұмыс істейді, бірақ жазбаның кейбір өрісі жазба өңделуіне қатыспайды деген қиял туғызуы мүмкін.
Кез келген ақпараттық жүйеде ақпараттық жүйенің үш функциясы қатысады. Әр жеке бағдарлама дерлік ақпараттық жүйе ретінде қаралуы мүмкін. Мысалы, мәтіндік процессор ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді, ол оны өңдейді, мәтіндік процессорда ақпаратты іздеу мүмкіндігі бар, және әрине мәтіндік процессор ақпаратты шығара алады.
2. Ақпараттық процесстер тақырыбына арналған сабақ жоспарлары
2.1 Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: білімділік: тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат
беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру;
дамытушылық: ақпаратты сақтау, жеткізу және өңдеу тәсілдерімен тиімді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі - пікірталас.
Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, ACTIVOTE құрылғысы, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жұппен жұмыс жасау. Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Мұғалім оқушы жауабын тыңдайды. Сұрақтар экранда көрсетіліп тұрады.
1. Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? Мысал келтіріңдер.
2. Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма?
3. Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
4. Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады?
5. Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды?
6. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
3. Білімді өзектендіру.
Сұрақтар:
1. Біз ақпаратты қайда кездестіреміз?
2. Біз ақпаратпен не істейміз?
3. Қандай да бір әрекетсіз ақпарат болады ма?
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады. Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.
Ақпаратты сақтау
Ақпаратты қайта - қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе сыртқы тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда - дискілер мен флешкаларда сақталады.
Егер ақпараттың көлемі үлкен болса, онда өзіңе керекті ақпаратты табу қиынға түседі. Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картатекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады.
Ақпаратты жөнелту
Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға
телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.
Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.
Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көз ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы - оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім - ақпарат көзі де, оқушылар - оны қабылдаушы.
Ақпаратты өңдеу
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі - бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.
Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
5. Компьютермен жұмыс.
А деңгейі
1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск-- Все программы -- Стандартные -- WordPad батырмаларын басыңдар.
2. Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады мәтінін теріңдер. Үтір зақша тергенде жоғарғы қатардағы 6 батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.
3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
В деңгейі
1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск-- Все программы -- Стандартные -- WordPad).
2. Түйін бөліміндегі мәтінді теріңдер.

С деңгейі
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар бөліміндегі 6 - тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.
6. Сабақты бекіту.
Бақылау сұрақтарын қою:
1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
2. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
3. Ақпаратты қайда сақтауға болады?
4. Ақпаратты жөнелту арналары деген не? Мысал келтіріңдер.
5. Адам ақпаратты қалай өңдейді?
6.* Әдетте өздерің компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді атаңдар.
7. Үйге тапсырма беру.
Оқулықтың §3 мазмұндау, тест тапсырмасын орындау.
Тест жауаптары:
2.2 Ақпараттық процестер
Сабақтың тақырыбы:. .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, ақпараттық процестермен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, онлайн-оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Сабақтың құрылысы: Пирамида Ақпарат
I. Миға шабуыл. Сәйкестендіру тесті.
Сигналдардың шығу тегі әр түрлі болуы
мүмкін. Аспаптарм ен немесе суретте
бейнеленген ақпараттық процестер арқылы
берілетін сигналдардың табиғаты қандай?
II . Білгенге маржан Ақпараттық процестер.
Ақпарат материямен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
1. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz