5-6 класс оқушыларының оқу тәжірибелік участкесінде практикалық сабақтар өткізу әдістемесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
5-6 класс оқушыларының оқу тәжірибелік участкесінде практикалық сабақтар
өткізу әдістемесі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Биология пәні бойынша оқу тәжірибелік участогінде практикалық
жұмыстарын ұйымдастыру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 6
1.2 Ауылшаруашылығы тәжірибелеріне тән
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Оқу-тәжірибе учаскесіндегі бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы
оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту ... ... ... 11
2. Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны
2.1 Тәжірибе жұмыстарына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Тәжірибе тақырыптарын таңдау және тәжірибелердің
оқу-танымдық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 20
3. АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ УЧАСТОК ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
3.1 Мектептегі оқу-тәжірибе участогы- оқушыларға агробиологиялық білім
берудің
орталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның білім беру заңдары мен білім
стандарттарында әрбір азаматтың сапалы білім алып, өзінің алдына қойған
мақсаттарына жету үшін өз бетімен жұмыс жасай білуінің маңызы зор екендігі
атап көрсетілген.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Еліміздің ертеңі, бүгігі жас ұрпақтың
тағдыры – ұстаздың қолында деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ тағдыры үшін
жауап беру ұстаз атаулыға үлкен міндет артып отыр. Оқу процесін дұрыс және
ғылыми тұрғыда ұйымдастыру үшін мұғалімге тек биологияның теориялық негізі
мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, білім алуда
ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда, ойлау мен таным қабілеттерін
дамытуда оқыту үдерісінің жалпы психологиялық заңдылықтарын білу қажет.
Сондықтан, биологиядан кластан (сыныптан) тыс жұмыстар, атап айтқанда
мектептің оқу-тәжірибе участогындағы жұмыстар барысында оқушыларға
ауылшаруашылығы жұмыстарының маңыздылығын нақтылап талдап көрсету жоғары
маңызға ие болмақ. Жерге деген көзқарас өлкетану, туристік басқа да алуан
түрлі мектептен және сыныптан тыс жұмыстар арқылы қол жеткізетін тәрбиелік
шаралар нәтижесінде қалыптасатын туған өлкеге деген қарапайым ғана
сүйіспеншілік емес. Жерге деген қарым-қатынасқа тек ақыл ғана емес, жүрек
керек.
Тәжірибелік жұмыстар еңбекке баулу мен тәрбиелеудің қортындысының
өзіндік көрсеткіші (индикаторы) қызметін атқарады.
Оқыту мен тәрбиелеу барысы екі жақты, ол педагогтар мен
тәрбиелеушілердің біріккен күш-жігері арқылы ғана тиімділікке қол
жеткізеді. Сондықтан, оқушылардың таным белсенділігінің артуы, олардың
еңбек әрекетіне қатысуының ұлғаюы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы мектеп
оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу жұмысының маңызды тұсы болып табылады.
Оқушылардың қандай да бір іске қызығушылығы мектепте ғана
қалыптасатынын ескеру абзал. Олай болса, оқушылардың ауылшаруашылығы
бағытындағы тәжірибелік жұмыстарының мазмұны мен әдістерін түбірінен
жақсарту қажеттілігі туындайды.
Мектептегі ауылшаруашылығы тәжірибелік жұмыстарын дамыту оқушыларға
еңбек, адамгершілік, физикалық, экологиялық, эстетикалық тәрбие берумен
тығыз байланыстырылуы шарт.
Зерттеудің мақсаты: биологиядан сыныптан тыс жұмыстар арқылы
оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау, еңбекке
шығармашылық қатынасын дамыту болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
1. Оқушылардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбек ету барысында туындайтын
күнделікті практикалық мәселерді шешуде ауылшаруашылығы
тәжірибелерін пайдалануға саналы түрде ұмтылуын қалыптастыру.
2. Мәдени өсімдіктерді өсіруге оқушылардың қол жетерліктей білігі мен
дағдысын қалыптастыру.
3. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты үйрету арқылы мектеп оқушыларына
берілетін экологиялық тәрбиені іске асыру, ауылшаруашылық
жұмыстарын жүргізгендегі табиғатты қорғау шараларымен таныстыру.
4. Мектептің оқу-тәжірибе участогінде өсімдіктер өсіру кезінде оқытуды
ауылшаруашылығы еңбегімен тығыз да жоспарлы түрде байланыстыруды
іске асыру.
5. Өсімдік шаруашылығы негіздерінен алған білімдерін оқушыларды
ауылшаруашылығы мамандығына бағдарлау және еңбекке баулу
мақсаттарына пайдалану.
6. Ботаникалық білімнің практикалық мәні - өсімдік шаруашылығының
ғылыми негізі екенін көрсету.
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Биология пәні бойынша оқу тәжірибелік участогінде практикалық
жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Біздің басқа мамандықтарға қарағанда тандап алған мамандығымыз
"Биолог" немесе табиғат жөніндегі ғылымды оқытушы болғандықтан да
басқалардан ерекшелігі бар. Сол ерекшелік негізінде бір нәрсеге бас ию
керек болса, онда өсімдікке бас иіп, тәжім ету қажет, өйткені, өмірге,
тіршілік етуге қажеттінің бәрін адам өсімдіктен алады. Табиғат - тілін
білгенге, сырын ұққанға тәлімі мол мектеп. Дала - адамды еркіндікке
баулыса, таулар ерлікке шақырады, орман сергектікке, еңбекке үйретсе, өзен
- көл пәктікке, мөлдірлікке үйретеді. Оқушылардың биология пәні бойынша
алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығуы мен шығармашылық
қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде
мектеп жанындағы оқу-тәрбие учаскесінің маңызы өте зор.
Мектеп жанындағы учаскеде мынадай бөлімдер болуы керек:
1. Бастауыш сынып оқушыларымен сабақ өткізілетін бөлім. (өсімдік
морфологиясы бойынша дүниетану сабақтары).
2. Көп танапты ауыспалы егістікке егілетін дала дақылдары мен көкөніс
дақылдары бөлімі.
3. Оқушылармен жүргізілетін практикалық талаптарға сәйкес жылыжайлар мен
көшеттер бөлімі
Мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын ұйымдастыруда ең бірінші
алаңның топырағына көңіл аударған абзал. Себебі, топырақ құрамы мен
құрылымы өсімдіктің өсуі мен гүлдеу мерзіміне, алынатын өнім түсіміне
тікелей әсер етеді. Сондықтан оқу-тәжірибе үлескісінің алаңын топырақпен
қамтамасыз ету мен оны танаптарға орналастыруға мұқият қарау қажет. Мектеп
алаңынан өнімді мол алу үшін ауыспалы егістік технологиясын пайдаланған
дұрыс. Көптеген өсімдіктер, мысалы қызан, картоп, тамыржемістер (сәбіз,
қызылша, шалқан), үрмебұршақ және пияз — көң мен қарашірікті, оның үстіне
минералды тыңайтқыштарды есептеп шашуды талап етеді.
Әрине, тәжірибе күрделі климат, топырақ және ылғалдың түрлі жерлерінде
жасалады. Сондықтан тәжірибе нәтижесі әр түрлі болары сөзсіз. Алайда
тәжірибе дәл және анық болуы үшін барлық жүргізілетін есеп болуы абзал.
Өйткені барлық мәлімет мынадай құжаттар арқылы жүргізіледі:
1) Күнделік дәптері.
2) Тіркеу журналы.
Күнделікке оқушылардың күнделікті бақылаған мәліметі жазылады. Онда
күнделікті болған өзгерістер (өскіннің өсуі, гүлдеуі т.б.) ауа райында
болған құбылыстар (фенологиялық бақылау), жасалған күтім (суару, түптеу,
шөптеу, т.б.) жазылады.
Тіркеу журналыңда жер аумағы, өсімдік тарихы, топырақ сипаттамасы
тәжірибе алаңының сызбасы, ауданы, тәжірибе жұмысының жоспары, аудан
бұрынғы дақыл жөнінде мәліметтер, 1 га шаққанда алынған өнім, есептеу
қорытынды жазылады. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлаудың
маңызы зор. Әрине, жоспарлау кезінде топырақтың құрамы мен құрылымын,
өсімдіктің вегетациялық кезеңін, жергілікті жерде өсіруге ауа райының
қолайлығын ескерген жөн. Сондай-ақ, жас кезінде дақылдарды күтіп, баптау
үшін оқушылардың жазғы еңбек практикасын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Топ мүшелерінің еңбек практикасын биолог мұғалімдер немесе бастауыш
сынып мұғалімдері бақылап, ұйымдастырып отырады. Бригада мүшелері бірінші
күні жұмысын бастарда мектеп үлескісінде жұмыс істеу кезіндегі сақтық
ережесімен танысып, журналға қол қояды. Ал бақылаушы, үйретуші мұғалім
жұмыс түрлерін белгілеп, оны орындау жолдарын көрсетіп, тәжірибе күнделігін
жүргізуді реттеп, оқушылардың келгендері туралы журналға белгілеп отырады.
Оқушылардың жазғы еңбек практикасы үлескіде өскен дақылдарды күтіп баптау,
өнімін жинау жұмыстарымен бірге пәнге байланысты, оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттырып, шығармашылыққа тәрбиелейді. Оқу-тәжірибе
үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлау барысында мынадай педагогикалық
міндеттер жүзеге асады:
1. Оқушылардың танымдық қабілеттері артады.
2. Теориялық білімнің практикамен байланысуы.
3. Оқушыларды еңбеккерлікке, іскерлікке тәрбиелеу.
4. Ізеттілікке тәрбиелеу (кішіге қамқор болу).
5. Агробиологиялық тәрбие беріледі.
6. Экономикалық білім беріледі.
7. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сондықтан да оқушыларға жан-жақты, саналы білім беруде, оларды өзіндік
зерттеушілік еңбекке баулып, еңбек ете жүріп танымдық қабілеттерін дамытуда
мектеп жанындағы оқу тәжірибе үлескісінің берері мол. Сабақтан кейін
оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы оқытушыдан көп мағлұмат
беруді сұрайды. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін, танымдық
қабілетін арттыру үшін мұғалім оқушыларды сыныптан және мектептен тыс
жұмыстарға тарту керек. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға үйірме,
факультатив, секция, клуб, студиялардың жұмыстарын айтуға болады.
1.2 Ауылшаруашылығы тәжірибелеріне тән ерекшеліктер
Оқу-тәжірибе участоктері оқушылардың тәжірибе жұмыстарының базасы
болуы тиіс. Оқу - тәжірибе жұмыстары барысында оқушылар тапсырылған іске
жауапкершілікке тәрбиеленеді, бастаған ісін аяғына жеткізуге дағдыланады.
Ауылшаруашылығы тәжірибе жұмыстары арқылы оқушылар тірі табиғатты
тереңірек оқып-үйренеді, жергілікті климат жағдайын ескере отырып
ауылшаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға эксперименттік зерттеу
жүргізеді, табиғатты қорғау шараларын үйренеді, тірі табиғат бұрышында
мектеп жанындағы тәжірибе участогінде жұмыс істеуге дағдыланады.
Мектеп оқушыларының тәжірибе жұмыстары- оқуды өндірістік еңбекпен
байланыстырудың бір түрі, оқытудың теориялық және машықтану (практикалық)
деңгейіндегі негізгі ұғым-түсініктерді игерудің тиімді құралы деп қарастыру
керек.

1 – сурет Оқу- тәжірибе алаңының жоспары
Тәжірибе жасау арқылы – зерттеуші (экспериментатор) қойған мәселені
шешуге жан-жақты жауап іздеу нәтижесінде күрделілігі, маңыздылығы,
ұзақтылығы әртүрлі көптеген сұрақтардың жауабын табады.
Мектеп жанындағы тәжірибелік – машықтану (практикалық) жұмыстарын
оқушылардың келешек мамандығын саналы түрде таңдауға дайындайтын еңбек
тәрбиесінің алғашқы сатысы деп қарау керек және бұл еңбекке оқыту мен
тәрбиелеудің нәтижесінің өзіндік көрсеткіші қызметін атқарады.
Тәжірибе жұмыстары көптеген пәндердің – еңбекке баулу, табиғаттану,
биология, география, экология, химия және физика-математиканың кейбір
тақырыптарының оқу бағдарламаларының жалғасы болып табылады.
Осы пәндерден игерілген теориялық білім далалық және зертханалық
эксперимент жүргізгенде пайдаланылатын болады. Алайда бұл білім әдетте
аздық етеді, сондықтан іс барысында туындайтын мәселерді шешу үшін қосымша
хабар көздеріне жүгіну, танымның жаңа әдістерін игеру керек болады.
Тәжірибелік жұмыстарға балалардың білім деңгейі мен жас
ерекшеліктерін, олардың икемімен қызығушылығын ескере отырып, 1-11 класс
шәкірттері тақырыптар бойынша түгел қатыстырылуы керек.
Тәжірибе жұмыстарының бағытына қарай негізгі алға қойылатын мәселе
оның қортындысының ғылыми құндылығы болуы керек. Яғни, тәжірибе жұмыстары
бұрыннан белгілі әдістермен жүргізілуі керек, оның қорытындылары дәлелді де
сенімді, қорытындысы қатесіз болуы керек. Жас натуралист ұзақ тәжірибе
жасау үстінде көптеген беймәлім жайттарға жауап табады. Кейде алғашқы
мәліметтер болмауы мүмкін, оларды алдын-ала арнаулы әдебиеттерден,
шаруашылықтың статистикалық материалдарынан, мерзімді баспа сөздерден, ұзақ
та қыруар еңбек жұмсаған эксперимент үстінде табуға болады.
1.3 Оқу-тәжірибе учаскесіндегі бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы
оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту

Оқу әдісі ретінде бақылауды тәжірибемен үйлесімде оқу-тәжірибе
учаскесінде жүргізілетін сабақтарда кеңінен пайдалану қажет. Өсімдіктер
құрылымы мен тіршілігін ғылыми зерттеудің маңызды әдістері – бақылау мен
тәжірибе кейбір өзгерістерге ұшырай отырып, ғылыммен бірге мектепке енді.
Мектеп учаскесінде оқушылар мәдени және арам өсімдіктердің биологиялық және
экологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың өсуі мен фазалар бойынша
дамуын бақылайды. Оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілген тәжірибелер мен
бақылаулар материалында негізгі биологиялық-экологиялық ережелер мен
ұйымдарды ашу өте тиімді.
Бұл зерттеуде оқу-тәжірибе учаскесі базасы негізінде агробиологиялық
білімді қалыптастыруға бақылаулар мен тәжірибелердің әсері анықталды.
Бақылаулар мен тәжірибелерді толық түсіну себеп-салдарлық байланыстарды,
анықтаумен және оларды жинақтаумен байланысты. Ол сыртқы нақты фактілерді
қабылдаудан бақыланатын құбылыстардың мәнін ашатын ұғымдарға өтуді
болжайды.
Бақылау – қоршаған табиғатты танудың маңызды тәсілдерінің бірі. Ол
сезім органдары көмегімен табиғат нысандары мен құбылыстарын тікелей
қабылдауға негізделген. Бақылау оқушылардың мұғалімнің басшылығымен жүзеге
асырылатын табиғат құбылыстарын, еңбек үдерістерін, өсімдіктер мен
жануарлар тіршілігін өздігінше зерттеудің әдісі болып табылады. Бақылауды
жылдың кез келген уақытында ұымдастыруға болады.
Тәжірибені қоюға кірісе отырып ерте құрастырылған жоспарға сәйкес
учаскені нұсқаулар мен қайталануларға бөлдік. Біздер Қызылорда
мектептерінде тәжірибелер жүргізу кезінде олардағы қайталанушылықтар саны
мынадай екенін анықтадық.
1 кесте - Мектептердегі тәжірибелердің қайталану көрсеткіші
Мектептер Барлық жүргізілген Тәжірибенің қайталануы %-бен
саны тәжірибелер
Біреу Екеу үшеу 3-ден артық
12 42 56,9 23 18 2,1

Себуден өнімді жинауға дейінгі күтімнің барлық түрлері (топырақты
қопсыту, сирексіту, арам шөбін отау, түбін көму, суғару, үстеп
қоректендіру, үзу, шырпу, өгей бұтақшаларын кесу, аурулармен күрес және
т.б. тәжірибелік), сондай-ақ бақылау мөлдекшелерінде бір мезгілде
жүргізіледі.
Тәжірибе нәтижелері барлық нұсқалар бойынша бір мезгілде жазылып
отырады. Мысалы, егер бұл көкөніс немесе дала дақылдары болса, онда алдымен
зақымдалған өсімдіктер мен қорғаныс белдеулерін тазалайды (олардың өнімі
тәжірибеде ескерілмейді). Біздің зерттеулерімізде біздер учаскеде қойылған
тәжірибелердің көпшілігінде қорғаныс белдеуі қарастырылмағанына назар
аудардық.
Қызылорда облысы оқу-тәжірибе учаскелерінде жыл сайын үш тәжірибеден
аса жүргізіледі, осы уақыт ішінде бұл тәжірибелердің ішінен шамамен орташа
14%-ның нәтижесі болмайды, өйткені өсімдіктерге күтім жасау кестесі, өнім
есебі бұзылады, бақылаулар жүйелі түрде жүргізілмейді.
Әдебиетті талдау, үздік биолог-мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу
және тәжірибелер жүргізудегі талдау оқу-тәжірибе учаскесіндегі тәжірибелік
жұмыстарды оқушыларды жүргізуі кезінде биологиялық-экологиялық білімді
тиімді меңгеру үшін мына талаптарды орындау қажет екенін көрсетті:
- тәжірибе танымдық және өндірістік маңызбен іріктеледі;
- тәжірибелерді қою кезінде, зерттелінетіннен басқа шарттар бірдей
болуы тиіс, яғни ғылыми-зерттеулер қағидасы – бірдей айырмашылық қағидасы
сақталуы тиіс;
- тәжірибе бақылаумен салыстырылады;
- тәжірибе нұсқаларын анықтау. Орта және төмен жастағы оқушылар үшін
тәжірибені екі нұсқада: тәжірибе – бақылау қойған тиімді. Өте шынайы болуы
үшін тәжірибені кем дегенде екі қайтара жүргізу керек;
- тәжірибелік және бақылау мөлдекшелерінің орналасуын, көрсететін,
тәжірибе сызбасын алдын-ала белгілейді;
- жұмыстарды жүргізу түрлері мен мерзімдерін көрсетумен дәл
агротехникалық жоспарды әзірлеу;
- тәжірибелік және бақылау мөлдекшелерінде өсімдіктерге жүйелі түрде
фенологиялық бақылаулар жүргізу, қажетті өлшеулер мен есеп жүргізу,
жазулар, суреттер, фотосуреттер түрінде бекіту;
- тәжірибе және бақылау учаскелерінде себу, күтім, өнім жинауды бір
мезгілде, кесте бойынша жүргізу;
- әрбір тәжірибе барлық вегетациялық кезеңге нақты топқа бекітіледі;
- түрлі топтардың жүргізген барлық тәжірибелерімен барлық сынып
оқушыларын таныстыру. Мұғалім ұйымдастырған ағымдағы бақылау жолымен және
қорытынды сабақта жүзеге асырылады.
Мектеп жаны учаскелеріндегі тәжірибелік жұмыстар оқушылардың
биологиялық-экологиялық білімін қалыптастыруға үлкен мүмкіншіліктер
ұсынады. Оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың қызметі барысында практика
мен тәжірибелік жұмысқа үлкен орын беріледі. Білімді меңгеру барысында
фактілер мен көріністерді ұғымдар, пікірлер, ой тұжырымдары жүйесіне жалпы
жинақтау болып табылады.
Осыған байланысты фактілерді “ой елегінен өткізу” кезеңі түбегейлі
маңыз алады. Оқушылар тек жинақтау негізінде фактілерді ұғына, олардың
мазмұнын сапалы және берік меңгере алады.
Бұл үдеріс тәжірибені қою кезінде айтарлықтай жеңілдетіледі.
Мектеп дамуының осы кезеңінде, дамытып оқытудың маңыздылығын арттыру
жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың құралдарының бірі
ретінде учаскедегі тәжірибе жұмысы идеясы ерекше назарға ие болады.
2- кесте – Тәжірибе жасаудың маңыздылығын анықтау

Оқушылардың ғылымға деген Бақылау Тәжірибе сыныптары
көзқарасының көрінісі сыныптары

Ойын білдіру ниеті 102 250
Мысал келтіру әрекеті 28 57
Қорытынды жасауға ұмтылысы 20 49
Танымдық сұрақтар саны 18 46 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық білім берудің зерттеулеріндегі педагогикалық эксперименттің маңызы
ХХі ғ. мектебінде оқу – тәжірибелік учаскені ұйымдастыру: проблемалар мен оларды шешудің мүмкіндіктері
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
Экономикалық тәрбиенің әдістері
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Оқушылар білімін тексеру
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Биология сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту әдістері
Мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін қалыптастыру
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Пәндер