Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
І. Оқу тәжірибелік участогінде практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі
1.1 Тәжірибелік жұмыстардың маңызы
1.2 Тәжірибе жұмыстарына қойылатын талаптар
1.3 Оқу тәжірибелік участогінде жүргізілетін сабақтардың тақырыптарын таңдау және оның оқу-танымдық маңызы
ІІ. Биология пәні бойынша оқу тәжірибелік участогінде практикалық жұмыстарын ұйымдастыру
2.1 Оқу тәжірибелік участогіндегі бақылаулар тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру
2.2 Оқу тәжірибелік участогінде өсімдіктер пәнін жүргізу сабақтары
2.3 Оқу тәжірибелік участогінде жануартану сабағын жүргізу сабақтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның білім беру заңдары мен білім стандарттарында әрбір азаматтың сапалы білім алып, өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін өз бетімен жүмыс жасай білуінің маңызы зор екендігі атап көрсетілген.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Еліміздің ертеңі, бүгігі жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен міндет артып отыр. Оқу процесін дұрыс және ғылыми тұрғыда ұйымдастыру үшін мұғалімге тек биологияның теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, білім алуда ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда, ойлау мен таным қабілеттерін дамытуда оқыту үдерісінің жалпы психологиялық заңдылықтарын білу қажет.
Сондықтан, биологиядан кластан (сыныптан) тыс жұмыстар, атап айтқанда мектептің оқу-тәжірибе участогындағы жұмыстар барысында оқушыларға ауылшаруашылығы жұмыстарының маңыздылығын нақтылап талдап көрсету жоғары маңызға ие болмақ. Жерге деген көзқарас өлкетану, туристік басқа да алуан түрлі мектептен және сыныптан тыс жұмыстар арқылы қол жеткізетін тәрбиелік шаралар нәтижесінде қалыптасатын туған өлкеге деген қарапайым ғана сүйіспеншілік емес. Жерге деген қарым-қатынасқа тек ақыл ғана емес, жүрек керек.
Тәжірибелік жұмыстар еңбекке баулу мен тәрбиелеудің қортындысының өзіндік көрсеткіші (индикаторы) қызметін атқарады.
Оқыту мен тәрбиелеу барысы екі жақты, ол педагогтар мен тәрбиелеушілердің біріккен күш-жігері арқылы ғана тиімділікке қол жеткізеді. Сондықтан, оқушылардың таным белсенділігінің артуы, олардың еңбек әрекетіне қатысуының ұлғаюы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу жұмысының маңызды тұсы болып табылады.
Оқушылардың қандай да бір іске қызығушылығы мектепте ғана қалыптасатынын ескеру абзал. Олай болса, оқушылардың ауылшаруашылығы бағытындағы тәжірибелік жұмыстарының мазмұны мен әдістерін түбірінен жақсарту қажеттілігі туындайды.
Мектептегі ауылшаруашылығы тәжірибелік жұмыстарын дамыту оқушыларға еңбек, адамгершілік, физикалық, экологиялық, эстетикалық тәрбие берумен тығыз байланыстырылуы шарт.
Зерттеудің мақсаты: биологиядан сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау, еңбекке шығармашылық қатынасын дамыту болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
1. Оқушылардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбек ету барысында туындайтын күнделікті практикалық мәселерді шешуде ауылшаруашылығы тәжірибелерін пайдалануға саналы түрде ұмтылуын қалыптастыру.
2. Мәдени өсімдіктерді өсіруге оқушылардың қол жетерліктей білігі мен дағдысын қалыптастыру.
3. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты үйрету арқылы мектеп оқушыларына берілетін экологиялық тәрбиені іске асыру, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізгендегі табиғатты қорғау шараларымен таныстыру.
4. Мектептің оқу-тәжірибе участогінде өсімдіктер өсіру кезінде оқытуды ауылшаруашылығы еңбегімен тығыз да жоспарлы түрде байланыстыруды іске асыру.
5. Өсімдік шаруашылығы негіздерінен алған білімдерін оқушыларды ауылшаруашылығы мамандығына бағдарлау және еңбекке баулу мақсаттарына пайдалану.
6. Ботаникалық білімнің практикалық мәні - өсімдік шаруашылығының ғылыми негізі екенін көрсету.

І. Оқу тәжірибелік участогінде практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі
1.1 Тәжірибелік жұмыстардың маңызы
Біздің басқа мамандықтарға қарағанда тандап алған мамандығымыз "Биолог" немесе табиғат жөніндегі ғылымды оқытушы болғандықтан да басқалардан ерекшелігі бар. Сол ерекшелік негізінде бір нәрсеге бас ию керек болса, онда өсімдікке бас иіп, тәжім ету қажет, өйткені, өмірге, тіршілік етуге қажеттінің бәрін адам өсімдіктен алады. Табиғат - тілін білгенге, сырын ұққанға тәлімі мол мектеп. Дала - адамды еркіндікке баулыса, таулар ерлікке шақырады, орман сергектікке, еңбекке үйретсе, өзен - көл пәктікке, мөлдірлікке үйретеді. Оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде мектеп жанындағы оқу-тәрбие учаскесінің маңызы өте зор.
Мектеп жанындағы учаскеде мынадай бөлімдер болуы керек:
5-6 сынып оқушыларымен сабақ өткізілетін бөлім. (өсімдік морфологиясы бойынша дүниетану сабақтары).
Көп танапты ауыспалы егістікке егілетін дала дақылдары мен көкөніс дақылдары бөлімі.
Оқушылармен жүргізілетін практикалық талаптарға сәйкес жылыжайлар мен көшеттер бөлімі
Мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын ұйымдастыруда ең бірінші алаңның топырағына көңіл аударған абзал. Себебі, топырақ құрамы мен құрылымы өсімдіктің өсуі мен гүлдеу мерзіміне, алынатын өнім түсіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан оқу-тәжірибе үлескісінің алаңын топырақпен қамтамасыз ету мен оны танаптарға орналастыруға мұқият қарау қажет. Мектеп алаңынан өнімді мол алу үшін ауыспалы егістік технологиясын пайдаланған дұрыс. Көптеген өсімдіктер, мысалы қызан, картоп, тамыржемістер (сәбіз, қызылша, шалқан), үрмебұршақ және пияз -- көң мен қарашірікті, оның үстіне минералды тыңайтқыштарды есептеп шашуды талап етеді.
Әрине, тәжірибе күрделі климат, топырақ және ылғалдың түрлі жерлерінде жасалады. Сондықтан тәжірибе нәтижесі әр түрлі болары сөзсіз. Алайда тәжірибе дәл және анық болуы үшін барлық жүргізілетін есеп болуы абзал. Өйткені барлық мәлімет мынадай құжаттар арқылы жүргізіледі:
Күнделік дәптері.
Тіркеу журналы.
Күнделікке оқушылардың күнделікті бақылаған мәліметі жазылады. Онда күнделікті болған өзгерістер (өскіннің өсуі, гүлдеуі т.б.) ауа райында болған құбылыстар (фенологиялық бақылау), жасалған күтім (суару, түптеу, шөптеу, т.б.) жазылады.
Тіркеу журналыңда жер аумағы, өсімдік тарихы, топырақ сипаттамасы тәжірибе алаңының сызбасы, ауданы, тәжірибе жұмысының жоспары, аудан бұрынғы дақыл жөнінде мәліметтер, 1 га шаққанда алынған өнім, есептеу қорытынды жазылады. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Әрине, жоспарлау кезінде топырақтың құрамы мен құрылымын, өсімдіктің вегетациялық кезеңін, жергілікті жерде өсіруге ауа райының қолайлығын ескерген жөн. Сондай-ақ, жас кезінде дақылдарды күтіп, баптау үшін оқушылардың жазғы еңбек практикасын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Топ мүшелерінің еңбек практикасын биолог мұғалімдер немесе бастауыш сынып мұғалімдері бақылап, ұйымдастырып отырады. Бригада мүшелері бірінші күні жұмысын бастарда мектеп үлескісінде жұмыс істеу кезіндегі сақтық ережесімен танысып, журналға қол қояды. Ал бақылаушы, үйретуші мұғалім жұмыс түрлерін белгілеп, оны орындау жолдарын көрсетіп, тәжірибе күнделігін жүргізуді реттеп, оқушылардың келгендері туралы журналға белгілеп отырады. Оқушылардың жазғы еңбек практикасы үлескіде өскен дақылдарды күтіп баптау, өнімін жинау жұмыстарымен бірге пәнге байланысты, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, шығармашылыққа тәрбиелейді. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлау барысында мынадай педагогикалық міндеттер жүзеге асады:
Оқушылардың танымдық қабілеттері артады.
Теориялық білімнің практикамен байланысуы.
Оқушыларды еңбеккерлікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Ізеттілікке тәрбиелеу (кішіге қамқор болу).
Агробиологиялық тәрбие беріледі.
Экономикалық білім беріледі.
Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сондықтан да оқушыларға жан-жақты, саналы білім беруде, оларды өзіндік зерттеушілік еңбекке баулып, еңбек ете жүріп танымдық қабілеттерін дамытуда мектеп жанындағы оқу тәжірибе үлескісінің берері мол. Сабақтан кейін оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы оқытушыдан көп мағлұмат беруді сұрайды. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін, танымдық қабілетін арттыру үшін мұғалім оқушыларды сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға тарту керек. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға үйірме, факультатив, секция, клуб, студиялардың жұмыстарын айтуға болады.
1.2 Тәжірибе жұмыстарына қойылатын талаптар
Агробиологиялық участоктегі жұмыс басталар алдында жұмыс жетекшісі оқушылармен бірлесе отырып тәжірибенің барлық сатыларын, мазмұнын мұқият ойластырып белгілеп алады және тәжірибе барысындағы агробиологиялық мәселелерді назардан тыс қалдырмайды.
Тәжірибе жұмыстарының орындалу реттілігі төмендегі үлгі бойынша іске асырылады.
Оқу-тәжірибе участоктері оқушылардың тәжірибе жұмыстарының базасы болуы тиіс. Оқу - тәжірибе жұмыстары барысында оқушылар тапсырылған іске жауапкершілікке тәрбиеленеді, бастаған ісін аяғына жеткізуге дағдыланады.
Ауылшаруашылығы тәжірибе жұмыстары арқылы оқушылар тірі табиғатты тереңірек оқып-үйренеді, жергілікті климат жағдайын ескере отырып ауылшаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға эксперименттік зерттеу жүргізеді, табиғатты қорғау шараларын үйренеді, тірі табиғат бұрышында мектеп жанындағы тәжірибе участогінде жұмыс істеуге дағдыланады.

1 - сурет Оқу- тәжірибе алаңының жоспары
Мектеп оқушыларының тәжірибе жұмыстары- оқуды өндірістік еңбекпен байланыстырудың бір түрі, оқытудың теориялық және машықтану (практикалық) деңгейіндегі негізгі ұғым-түсініктерді игерудің тиімді құралы деп қарастыру керек. Тәжірибе жасау арқылы - зерттеуші (экспериментатор) қойған мәселені шешуге жан-жақты жауап іздеу нәтижесінде күрделілігі, маңыздылығы, ұзақтылығы әртүрлі көптеген сұрақтардың жауабын табады.
Мектеп жанындағы тәжірибелік - машықтану (практикалық) жұмыстарын оқушылардың келешек мамандығын саналы түрде таңдауға дайындайтын еңбек тәрбиесінің алғашқы сатысы деп қарау керек және бұл еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінің өзіндік көрсеткіші қызметін атқарады. Тәжірибе жұмыстары көптеген пәндердің - еңбекке баулу, табиғаттану, биология, география, экология, химия және физика-математиканың кейбір тақырыптарының оқу бағдарламаларының жалғасы болып табылады. Осы пәндерден игерілген теориялық білім далалық және зертханалық эксперимент жүргізгенде пайдаланылатын болады. Алайда бұл білім әдетте аздық етеді, сондықтан іс барысында туындайтын мәселерді шешу үшін қосымша хабар көздеріне жүгіну, танымның жаңа әдістерін игеру керек болады. Тәжірибелік жұмыстарға балалардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін, олардың икемімен қызығушылығын ескере отырып, 1-11 класс шәкірттері тақырыптар бойынша түгел қатыстырылуы керек.
Тәжірибе жұмыстарының бағытына қарай негізгі алға қойылатын мәселе оның қортындысының ғылыми құндылығы болуы керек. Яғни, тәжірибе жұмыстары бұрыннан белгілі әдістермен жүргізілуі керек, оның қорытындылары дәлелді де сенімді, қорытындысы қатесіз болуы керек. Жас натуралист ұзақ тәжірибе жасау үстінде көптеген беймәлім жайттарға жауап табады. Кейде алғашқы мәліметтер болмауы мүмкін, оларды алдын-ала арнаулы әдебиеттерден, шаруашылықтың статистикалық материалдарынан, мерзімді баспа сөздерден, ұзақ та қыруар еңбек жұмсаған эксперимент үстінде табуға болады.

1.3 Оқу тәжірибелік участогінде жүргізілетін сабақтардың тақырыптарын таңдау және оның оқу-танымдық маңызы
Оқу әдісі ретінде бақылауды тәжірибемен үйлесімде оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін сабақтарда кеңінен пайдалану қажет. Өсімдіктер құрылымы мен тіршілігін ғылыми зерттеудің маңызды әдістері - бақылау мен тәжірибе кейбір өзгерістерге ұшырай отырып, ғылыммен бірге мектепке енді. Мектеп учаскесінде оқушылар мәдени және арам өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың өсуі мен фазалар бойынша дамуын бақылайды. Оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілген тәжірибелер мен бақылаулар материалында негізгі биологиялық-экологиялық ережелер мен ұйымдарды ашу өте тиімді.
Бұл зерттеуде оқу-тәжірибе учаскесі базасы негізінде агробиологиялық білімді қалыптастыруға бақылаулар мен тәжірибелердің әсері анықталды. Бақылаулар мен тәжірибелерді толық түсіну себеп-салдарлық байланыстарды, анықтаумен және оларды жинақтаумен байланысты. Ол сыртқы нақты фактілерді қабылдаудан бақыланатын құбылыстардың мәнін ашатын ұғымдарға өтуді болжайды.
Бақылау - қоршаған табиғатты танудың маңызды тәсілдерінің бірі. Ол сезім органдары көмегімен табиғат нысандары мен құбылыстарын тікелей қабылдауға негізделген. Бақылау оқушылардың мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын табиғат құбылыстарын, еңбек үдерістерін, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін өздігінше зерттеудің әдісі болып табылады. Бақылауды жылдың кез келген уақытында ұымдастыруға болады.
Себуден өнімді жинауға дейінгі күтімнің барлық түрлері (топырақты қопсыту, сирексіту, арам шөбін отау, түбін көму, суғару, үстеп қоректендіру, үзу, шырпу, өгей бұтақшаларын кесу, аурулармен күрес және т.б. тәжірибелік), сондай-ақ бақылау мөлдекшелерінде бір мезгілде жүргізіледі.
Тәжірибе нәтижелері барлық нұсқалар бойынша бір мезгілде жазылып отырады. Мысалы, егер бұл көкөніс немесе дала дақылдары болса, онда алдымен зақымдалған өсімдіктер мен қорғаныс белдеулерін тазалайды (олардың өнімі тәжірибеде ескерілмейді). Біздің зерттеулерімізде біздер учаскеде қойылған тәжірибелердің көпшілігінде қорғаныс белдеуі қарастырылмағанына назар аудардық.
Оқу-тәжірибе учаскелерінде жыл сайын үш тәжірибеден аса жүргізіледі, осы уақыт ішінде бұл тәжірибелердің ішінен шамамен орташа 14%-ның нәтижесі болмайды, өйткені өсімдіктерге күтім жасау кестесі, өнім есебі бұзылады, бақылаулар жүйелі түрде жүргізілмейді.
Әдебиетті талдау, үздік биолог-мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу және тәжірибелер жүргізудегі талдау оқу-тәжірибе учаскесіндегі тәжірибелік жұмыстарды оқушыларды жүргізуі кезінде биологиялық-экологиялық білімді тиімді меңгеру үшін мына талаптарды орындау қажет екенін көрсетті:
- тәжірибе танымдық және өндірістік маңызбен іріктеледі;
- тәжірибелерді қою кезінде, зерттелінетіннен басқа шарттар бірдей болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Сыныптан тыс жұмыстың міндеті
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
Бастауыш сынып оқушылары
Пәндер