Шаруашылықтағы тұқымдық 6 айдан кейінгі бұзауларды азықтандыру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Биотехнология, мал және балық

шаруашылығы» кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Шаруашылықтағы тұқымдық

6 айдан кейінгі бұзауларды азықтандыру»

Орындаған: ЗТ-31 топ студенті

Каримов А. Г.

Тексерген: а. ш. ғ. к., доцент

Есенғалиев Қ. Г.

Орал, 2011ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Әдебиетке шолу . . . 4

І. Төлдердің өсіп-өнуі және қоректік заттарды қажетсінуі . . . 5

1. 1. Төлдердің өсіп-өну ерекшеліктері . . . 5

1. 2. Бұзаудың қоректік заттарды қажетсінуі . . . 8

1. 3. Сүтті тұқымды ірі қарамал төлін өсіру технологиясы

және рационы, құрылымы мен мерзімдік азық үлестері . . . 10

ІІ. Төлдерді 6 айлығынан кейін азықтандыру мөлшерлері . . . 11

2. 1. Ет бағытындағы ірі қара төлдерін азықтандыру . . . 11

2. 2. Төлдерді 8 айлығынан кейін азықтандыру . . . 14

2. 3. Мүйізді ірі қара мал төлін азықтандыру . . . 16

ІІІ Есептеу бөлімі . . . 18

Қорытынды . . . 20

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 21

Кіріспе

Азықтандыру малдың өсуі, жетілуі, салмағы, дене пішіні мен өнімі үшін шешуіші рөл атқарады. Организмге қажетті қоректік заттардың мөлшері малдың жасына, физиологиялық күйіне, өніміне, салмағына, ауаның температурасына және басқа сыртқы жағдайларға байланысты. Өскелен жас организімге бір қоректік зат жетіспесе, өсуі тоқталады, не баяулайды.

Малдан алынатын өнім сапасының ең маңызды факторы - азықтандыру. Малдарды азықтандыру жөніндегі зоотехникалық ғылым сан алуан экспериментальды мәліметтерді, соның ішінде әртүрлі қоректік заттарды, витаминдер, ферменттер, алмастырылмайтын амин қышқылдары, макро, микро элементтер және зат алмасу факторлары, азықты тиімді пайдалану, туралы жинастырады. Бұл мәліметтер ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру теориясы мен практикалық толық жетілдіру негізінде ертеден қызмет етіп келеді.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру мөлшері 1966 жылы анықталып, қосымша 1972 жылы толықтырылған. Азықтарды тиімді қолдануда мал өнімінің жоғарлауына, мал өнімдері шаруашылығының талаптарына жауап бермейді. Олар жеуге жарамды бүкіл комплексті заттарды минералды және биологиялық активті заттардың қажетті баланстанғанын ескермейді. Қазіргі көзқарастар, сәйкесінше рацион құрамыда азықтық бүкіл элементі оптимальды арақатынаста болады.

Малдың бірқалыпты тіршілік етуі үшін, организмнің физиологиялық қасиетін өтеу үшін мөлшерлі қоректік заттар қажет. Сондықтан малды белгіленген норма бойынша азықтандыру керек, онда организмнің қоректік заттарға, қорытылатын протеинге, минералдық заттарға және каротиге жалпы мұқтажы ескеріледі.

Малды нормамен азықтандыру ғылымға негізделсе, азықты үемдеуге, оның шығымын едәуір қысқартуға, өнімнің өзіндік құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Азықтағы қоректік заттардың мөлшерін азық өлшемімен белгілеу ұйғарылған.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруды жаңа мөлшерде жалпы биологиялық келесідей түрге қалыптастыруға болады: азықтандыру деңгейі малдардың өнімділігімен жоғары және азық шығынынан төмен, керісінше азықтандыру деңгейі төмен болған сайын жануар өнімділігі төмендеп, азық өлшемі арта түседі.

Курстық жұмыстың мақсаты: 6 айлық бұзауларды азықтандырып, оларға қысқы және жылдық рацион құрастыру.

6 айлық бұзауларды азықтандыру ерекшеліктері: оның жасына, жыныстық ерекшеліктеріне, алынатын өнімге, физиологиялық әрекеттерге, тұқымына байланысты.

6 айлық бұзауларды әр түрлі азықпен азықтандыру қажет. Бірыңғай бір түрлі азықпен азықтандыру бұзау денесінің дамуын, қоңдылығын нашарлатады.


Әдебиетке шолу

  1. Н. Ә. Жазылбеков, Ә. М. Меңдебеков (1990ж) мәліметтері бойынша, Орталық Қазақстан жағдайында, қазақтың ақбас тұқымды сиырларының ерте көктемде бұзаулаған кездегі сүттілігі 1600-1900, күзде не қыста бұзаулағанда - 1250-1370кг-ды құрайды, ал азықтандыру деңгейі жақсы болса, ол 150-210кг-ға артады.
  2. Н. Ә. Жазылбековтың (1994ж. ) жүргізген тәжірибелерінің мәліметтері бойынша, Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара бұзауларын 8 айлығына дейін енесінен айырмай, орташа қарқынмен өсіргенде (тірілей салмағының тәуліктік өсімі 750-800- ден 1000г-ға дейін), оларға жұмсалған құнарлы азықтар енесінен айырғандағы тірілей салмағының 100кг-на шаққанда 0, 8-0, 85-тен 0, 9-1, 2 центнерге дейінгі мөлшерде болған.
  3. В. Д. Крючков, (2000ж) көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде, ет бағытындағы ірі қара шаруашылығында төлді ерте көктем айларында алудың тиімді екені, мұның емізулі сиырлардың жайылымға шыққан бойда-ақ сүттілігінің 15-20%-ға артуына ықпал ететін, сонымен бірге N айлық бұзаулардың тірілей салмағын 25-30кг-ға арттыратын көк азықты барынша көп пайдалануына мүмкіндік беретіні белгілі болды.
  4. 8 айлығынан 18 айлығына дейінгі ұрғашы баспақтар. Өсіп-жетілу кезеңінде ұрғашы баспақтар орташа қондылықта болуы тиіс. Ағзасы арықтаған кездегідей, майдың шамадан тыс жиналуы да ішкі органдар мен тіндердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Орташа тәуліктік салмақ өсімін 650-800г деңгейінде алу мақсатында, мал басын толықтыруға арналған ұрғашы баспақтарды өсіру технологиясы мен Қазақстанның табиғатын, сондай-ақ ауа райы ерекшеліктерін ескере отырып, ҚазМШТҒЗИ ғалымдары Н. Ә. Жазылбеков., Қ. Қ. Құсайынов, (1997) оларды азықтандыру үшін қажетті қуат, протеин, фосфор және күкірт мөлшерлерін жасаған болатын.


І. Төлдердің өсіп-өнуі және қоректік заттарды қажетсінуі

1. 1. Төлдердің өсіп-өну ерекшеліктері

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымы бір орында тұрып қала бермейді. Жоғары бағалы қоректендіруді жобалау, физиологиялық және биохимиялық зерттеу жөнінде мәліметтер береді. Малдардың тұқымын жетілдіру, сүт өндірісі технологиясын жақсартады.

Ірі қара төлін өсірудегі негізгі мақсат - тез өсіп жақсы жетілетін, дене тұлғасы мықты сиырлар өсіру. Оны іске асыру үшін ір шаруашылықта табиғи және экономикалық жағдайы, жемшөп қорын ескер отырып, ғылыми негізделген топ өсіріп жетілдіру жүйесі белгіленеді.

Жас малдың энергиясы және қоректендіру затын қорек етуін анықтау организмдегі зат алмасу маңыздылығымен түсіндіріледі, анықталған бойдың өсімталдығы әр түрлі жас деңгейіне байланысты.

Жас, өсімтал малдар, яғни төлдер жоғары бойлы ірі болып, экономикалық жағынан шығынды, өнімділігі жоғары азықты пайдалануға әкеледі. Бұл төлдің биологиялық маңыздылығын міндетті түрде пайдаланып, оның толық мөлшерде қоректенуін қамтамасыз еткен тиімдірек. Жас мөлшері өскен сайын төлдің майлылығы, минералдық заттарға жеткіліктілігі, тірі салмағы байқалады. Әрбір аймақта ірі қара төлдерін өсіруге, оның тірі салмағынын өзгеруіне, уақытқа байланысты өсуіне, азықтандыру деңгейімен түріне қарай жоспар құрылады.

Төлді өсіру және азықтандырудың жаңа мөлшері құрғақ тамақпен, көміртекпен, маймен және калий, магний, күкірт микроэлементтерімен, темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод-микроэлементтерімен және басқа витаминдер Д және Е-мен толықтырылады. Бір килограммға өскендегі кеткен уақытқа берілген азық мөлшерінің негізі - оның жасымен және тірі салмағымен байланысты. Төлдің өсіру интенсивтілігі жақсы сападығы ет алу, толық құнды сүт беретін уақытпен маңызды.

Жас малды мақсатты түрде бағыттап өсіру үшін оларды азықтандыру жоспарын жасайды. Төлдің нәрлі заттарды қажет етуі, оның жас ерекшелігіне, тұқымына, тірі салмағымен тәуліктік өсіміне байланысты.

Төлді түрлі азықтармен азықтандыру, әсіресе, асқорыту органдарының жетілуін күшейтеді және мұндай азықты көп жеуге, оны жақсы қорытып, қоректік заттарды жақсы сіңіруге бейімделген. Малды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Іріқара малының сүттілік және сүттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму үшін, оларға қолайлы орта жағдай болуы керек. Оның ең бастысы - малды дұрыс азықтандыру және дұрыс пайдалану. Малдың организмімен сыртқы ортада тығыз байланыс бар, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас организм де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс болады. Әсіресе, жас малдың өсіп-дамуына және өнімділігінің қалыптасуына тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді.

Төлдің өсіп жетілуіне және өнімнің қалыптасуына, оларды уақытында серуендетудің маңызы зор. Мал серуендегенен кейін азықты жақсы жейді, әрі ас қорыту да жақсарады. Көптеген тәжірибелер бойынша серуендеуге көп болған 6 айға дейінгі бұзаудың салмағы серуендеуде болмаған бұзаулардың салмағынан 8-15% артық болған. Етке арналған бұзауды көп серуендетуге болмайды, өйткені бұдан оның салмағы кемиді. Ал сүтті тұқым төлдерін серуендету міндетті, себебі ол сүттің қалыптасуына әсер етеді. Үнемі серуенде болған тұмса ірі қараның серуендеуде болмағандармен салыстырғанда сүті - 15-20% артық болады.

Төлдердің қоректік заттарға деген қажеттіліі жасына, тұқымына, салмағына, тәуліктік өсіміне байланысты.

Бұзаулар қай тәсілмен азықтандырып өсірілетін болса да, оларды туылғаннан кейін міндетті түрде өз енесімен уызына қондыру шарт. Жаңа туылған бұзаудың кіндігін кесіп, кесілген жерін өңдеп, талауын тазартып, денесін буланған сабанмен ысқылағаннан кейін енесіне жалатады. Бұзауын жалаған сиырдың ас қорытуы дұрысталады.

Алғашқы екі тәулікте уызды бұзауға 1-2 литр, 5-6 рет бөліп емізеді. Үшінші - төртінші күні уызды күніне үш рет бөліп емізіп, бесінші - алтыны күнімен оның құрамы біртіндеп сүтке айналғанда 6 айға дейін азықтандыруға таңдалған тәсіл бойынша өсіре бастайды. Таңдалған азықтандыру схемасы бойынша сүт беріп, оны біртіндеп мөлшерін азайтып, майсыздандырылған көк сүтпен ауыстырады. Алғашқы күндерден бастап төл сүйегі тез жетілуі үшін сүтке кальций-фосфорын минералды қосындылар мен ас тұзын қосып береді.

Жаңа туған бұзауды таза сабан төселген жеке қоршауда ұстайды. Оның ұзындығы - 120см, көлденеңі - 60-80см, биіктігі - 100см, Қоршаудың аяқтары 35-40см болады. Еденін несеп ағатындай етіп төселген ағаш тақтайлардан салады. Алдыңғы жағына жон салатын науа мен сүт, су құятын шелек қояды. Бұл қоршауда бұзауды 2-3ай ұстауға болады. оның қимылдауына кедергі туғызатындықтан 10-14 күннен бастап 10-15 минуттық серуенге шығарып, серуен уақытын 2 айда 2-3 сағатқа дейін жеткізеді. Серуенге шуақ мол кезде шығарған жөн. Сонда жас бұзау организмі шынығады, күн сәулесін терісінде Д витамині түзіліп, рахитқа және басқа да ауруларға төзімділігі артады.

Қоршау еденіндегі төсенішті (үстіңгі қабатын) күніне ауыстырып, жаңалап салып тұрады. Азық берілген ыдыстарды жақсылап жуып, қайнаған сумен шаяды. Егер бұзауды жеке қоршауда ұстауға жағдай болмаса оны сиыр қорада, сиырдың тұратын жерінен бөлінген қоршауда ұстауға болады. Оның аумағы жеке қоршаудан бұзауды байлаусыз 5-6ай өсіреді. Азықтандырып, суару үшін бір жақ қабырғасына азық салатын науа, су беретін шелек іліп қояды.

Тіршілігінің алғашқы күндері бұзауға тек енесінің сүтін ғана беруі себебі, онда бұзауланғаннан кейінгі 5-7 күндері сиыр сүтінің құрамы әдеттегі сүтімен салыстырғанда біршама ерекше болады. Алғашқы күндердегі сүтті уыз деп атайды. Уызда құрғақ зат көлемі 2 есе, белок 4 есе, минералды заттар 1, 5 есе көп. Уыз сүтке қарағанда майлы, витаминге (әсіресе, А және Д) бай келеді.

Бұзауды алты айдан кейін төмендегі таблицада келтірілген схема бойынша азықтандыруға болады.

1-кесте

Бұзауды алтын айдан кейін азықтандыру схемасы.

Бұзаудың шамасы
Тәуліктік азықтар мөлшері, кг
Минералды қосымша, г
сүт
жем
Тамыр жемістілер
сүрлем
пішен
Ас тұзы
Бор, фосфат
Ай
Он күндік
сүт
Көк сүт
сұлы
қосынды
Бұзаудың шамасы: 6
Тәуліктік азықтар мөлшері, кг: 16
Минералды қосымша, г: -
-
-
0, 8
4, 0
4, 0
3, 0
20
20
Бұзаудың шамасы: 17
Тәуліктік азықтар мөлшері, кг: -
Минералды қосымша, г: -
-
0, 7
5, 0
4, 0
3, 0
20
25
Бұзаудың шамасы: 18
Тәуліктік азықтар мөлшері, кг: -
Минералды қосымша, г: -
-
0, 6
5, 0
5, 0
3, 0
20
25

Ұрғашы бұзауларды ірі азықтарға неғұрлым ерте үйретсе, олардың асқорыту органдары соғұрлым жақсы дамып, сақайған кезде азық мөлшерін сүтке жақсы айналдыра алатын сүтті сиырлар болмақ. Бұзауларды күнделікті белгіленген уақытта азықтандырып, шуақты күндері серуендетіп тұру қажет. Серуен кезінде бұзаудың қан айналысы күшейіп, күн сәулесінен тері қабаттарында Д-витамині түзіледі. Д витамині күн кезінде, ал каротинге көлеңке кептірілген пішен бай келеді. Бұзау сүт ішкеннен кейін емуге талпынбас үшін оның тұмсығындағы сүт қалдығын таза шүберекпен сүртеді. Ал тәбеті бұзылып, қора қабырғасын, жайылған кірді және таза басқа бөгде заттарды жалап, шайнаған бұзау организмінде микроэлементтер жетіспеуі мүмкін. Сондықтан оларға ас тұзына не жемге қажетті микроэлементтер (күкірт қышқылдары темір, мыс, марганец, хлорлы кобальт, йодты калий және басқалары) қосады.

Асқорытуын жақсартып, іш бұзылуынан сақтандыру үшін бұзауларға сулы киселі және пішен тұнбасын дайындайды. Ол үшін жарты килограмм сұлы ұнын 1, 5литр ыстық, қайнаған сумен араластырып, жарты сағаттан соң дәке салып сүзеді. Оның 1 литріне 1г ас тұзын қосып, қоймалжың болғанша қайнатуды. Содан соң 35-37 0 С-қа дейін салқындататын бұзауға ішкізеді. Дайындалған кисельді бір тәуліктен артық сақтауға болмайды. Кисель 2 апталық бұзауларға 200-300 граммен ғана беріліп, 1, 5 айға келгенше бір килограммға жеткізіледі.

6 айдан кейін азықтандыру схемасы бойынша өсірілген бұзауды ары қарай шаруашылықта атқаратын қызметіне қарай бағуын ұйымдастырады. Болашақта олардан мал өнімді сүтті сиырлар өсіру үшін, ас қорыту органдарын соғұрлым дамытуға тырысып, ірі азықтармен мейлінше ерте азықтандырады. Осындай бұзау организмі ғана сақая келе сүт өндіру кезеңіндегі организмге түсетін зор да күрделі биологиялық қызметті ойдағыдай орындай алады.


1. 2. Бұзаудың қоректік заттарды қажетсінуі

Мүйізді ірі қара малдың төлін өсіріп, одан жоғары өнім алу үшін және тұрпатының жақсы болуы үшін рационға байланысты етіп берген дұрыс. Мысалы, қажетті құрғақ заттар: 7-12 айлығында 2, 4-3кг, 13-18 айлығында 2, 1-2, 5кг, 19-28 айлығында 1, 8-2, 2кг, (100кг салмағында) .

Әрбір азықтың өлшемге тиісті сіңімді белоктық зат: 6 айлығында - 117-105г, 7-9 айлығында - 100г, 10-12 айлығында - 95г, қант пен белокты заттардың қатынасы - 0, 8:1.

Малдың жоғарғы өнімділігі және азықты тиімді қабылдап, тек ғылыми номаға сүйене отырып, азықтандыруға байланысты.

Төлдің нәрлі заттарды қажет етуі оның жас ерекшелігіне, тұқымына, тірі салмағы мен тәуліктік өсіміне байланысты.

2-кесте

Сүтті тұқымды ұрғашы төлдердің азық өлшеміне және алмасу

энергиясына мұқтаждығы

Азықтандыру схемаларының түрлері
Жасы, ай есебімен
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг
Тәулігіне қажет
Азықтандыру схемаларының түрлері:
Жасы, ай есебімен:
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг:
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг:
Тәулігіне қажет: Азық өлшемі
Алмасу энергиясы, МДж
Азықтандыру схемаларының түрлері: 1
Жасы, ай есебімен: 2
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 3
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 4
Тәулігіне қажет: 5
6
Азықтандыру схемаларының түрлері: Туғанда
Жасы, ай есебімен:
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 25-28
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: -
Тәулігіне қажет: -
-
Азықтандыру схемаларының түрлері: 1
Жасы, ай есебімен: 35
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 550-600
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 2
Тәулігіне қажет: 15, 4
Азықтандыру схемаларының түрлері: 2
Жасы, ай есебімен: 53
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 550-600
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 2, 3
Тәулігіне қажет: 17, 7
Азықтандыру схемаларының түрлері: 3
Жасы, ай есебімен: 70
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 550-600
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 2, 3
Тәулігіне қажет: 17, 7
Азықтандыру схемаларының түрлері: 4
Жасы, ай есебімен: 87
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 550-600
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 2, 6
Тәулігіне қажет: 19, 9
Азықтандыру схемаларының түрлері: 5
Жасы, ай есебімен: 105
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 450-600
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 3, 1
Тәулігіне қажет: 22, 3
Азықтандыру схемаларының түрлері: 6
Жасы, ай есебімен: 122
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 450-500
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 3, 4
Тәулігіне қажет: 24, 5
Азықтандыру схемаларының түрлері: 7-9
Жасы, ай есебімен: 165
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 350-400
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 3, 5-3, 9
Тәулігіне қажет: 27, 5
Азықтандыру схемаларының түрлері: 10-12
Жасы, ай есебімен: 208
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 350-400
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 4, 0-4, 4
Тәулігіне қажет: 29, 2-32, 8
Азықтандыру схемаларының түрлері: 13-18
Жасы, ай есебімен: 279
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 450-500
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 5, 1-5, 6
Тәулігіне қажет: 49, 3-87, 0
Азықтандыру схемаларының түрлері: 25-28
Жасы, ай есебімен: 398
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг: 450-500
Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг: 6, 0-7, 5
Тәулігіне қажет: 60, 0-71, 5
Азықтандыру схемаларының түрлері: Сиыр болғанда
Жасы, ай есебімен:
Әр кезеңнің аяғындағы тірілей салмағы, кг:

400-450

30-33

Орташа тәулігіне қосатын салмағы, кг:

-

-

Тәулігіне қажет:

-

-

-

-

Төлді толық рационды азықтармен азықтандырғанда, қажетті қоректі заттардың шоғырлану мөлшерін әр 1кг құрғақ заттың есібімен есептеген жөн.

Ғылыми негізде жасалған норма бойынша жас малдарды бағыттап өсіргенде олардың энергетикалық мұқтаждығын 1кг құрғақ зат есебімен анықтайды. Жоғарыда аталған қасиеттеріне байланысты жаңа туылған бұзауды уызға жарытудың үлкен маңызы бар. Жаңа туылған бұзауды уызға жарытудың, яғни неғұрлым ерте жарыса, соғұрлым оның организміне сыртқы орта әсеріне төзімді, ауруға да төтеп бергіш, тез өсіп-жетілуіне бейім келеді. бұзауды туғаннан кейін жарты - бір сағат ішінде ауыздандыру керек. бірінші күні ұсақ, салмағы 20 килограммдық бұзауларға 1 литрдей, 25-30килограмм тартатындарға - 1, 5 литрдей, одан салмақты, яғни ірі бұзауларға - 2 литрдей уыз беріледі. Келесі күндері уызды әдбен тойғанша бере береді.

Бұзауға сау желіннен жаңа сауылған таза уызды бірінші тәулікте 4-6 рет, одан кейінгі күндері 3-4 рет енгізіледі. Уызды шамадан тыс берудің қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамы тез өзгеріп, организмге зиян келтіреді. Егер алғашқы сауғанда уыз құрамында 20% белок болса, екінші сауғанда - 12%, үшіншісінде - 6% болады. Алғашқы кезде уыздың 22, 1% құрғақ затында 14, 3% белок болса, 5-7 күндері құрғақ зат - 12, 1%, белок - 3, 25%, кальций - 0, 13%, фосфор - 0, 11%-ке төмендеп, қарапайым сүтке айналады.

Ас қорыту барысын жақсарту үшін бұзауға екінші күннен бастап, 1-1, 5л жылылығы 20-25 0 С қайнаған таза су ішкізіп, отырады. 5-7 күннен бастап, уыз сүтке айналған соң, бұзауға енесінің сүтін береді. Дұрысы - жаңа сауылған, немесе 35-38 0 С дейін жылытылған таза сүтті емізгеннен берілген сүт бұзау сілекейімен жақсы араласады, ему кезінде көптеп бөлінген қарын сөліне аз бөліктермен қосылады да, тез ыдырап, жеңіл қорытылады.

Емізік болмаған жағдайда бұзауға сүтті таза шелек не басқа ыдысқа құйып береді. Одан ішуді үйрету үшін таза жуылған екі саусақты бұзаудың аузына салып, оларды еме бастағанда қолды сүт құйылған ыдысқа батырып барып, шығарып алады. Саусақтарды еме бастаған бұзау аузына сүт тиген соң ары қарай өздігінен еме бастайды. Болмаса осылай 2-3 рет қайталайды.

Бірақ шелектегі сүтті жылдам, көптеп жұтса, ол жақсы сілекейленбей қарын кемімен аз араласып, қиын қорытылатын түйіршіктерге ұйып қалады. Сүт түйіршіктері ұлтабарға сыймай қорытылмаған күйде жетілмеген үлкен қарынға түссе, онда ұзақ жатып қалып, іріп-шіри бастайды да, бұзаудың ішін өткізіп, тышқақтатады. оған жол бермес үшін сүтті аз-аздап, 2-3 бөліп ішкізеді. Бір ішкізгенде сүтті 1, 5 одан кейінгі күндері 2-3литрден асырмайды. Сүт беретін ыдыстарды қайнаған сумен шайып, 3 проценттік сода ерітіндісімен жуып кептіреді.

Жазғытұрым шырынды және ірі азықтарды жайылым көгімен алмастырады. 6 айлығында 15-20килограмм көк балауса береді. Құнарлы жемді екі есе азайтып, ал жайылым оты жақсы болған жағдайда тіпті бермеуге де болады.

1. 3. Сүтті тұқымды ірі қарамал төлін өсіру технологиясы

және рационы, құрылымы

Бұзауды сүтті-етті сиырлар өсіріп шығару үшін төмендегі көрсетілген рациондардың дұрыс орындалуын қадағалау керек. Азықтандыруды мөлшерлеу үшін мынадай цифрлар қолданылады. 6 айдан 1 жасқа дейін әр 1кг қосымша салмаққа 6-7 азық өлшемі, 1 жастан 2 жасқа дейін - 8-9 азық өлшемі жұмсалып, олардың әрбір азық өлшемінде 1 жасқа дейін 110-120г қорытылатын протеин болуға тиіс.

Бұл нормалық қажеттіліктерді қамтамасыз еті үшін 6 айдан 1 жасқа дейінгі малға тәулігіне 6-7кг тамыр жемістілер, 4-5кг пішен, 1кг сабан, 0, 5 жем, 25г ас тұзын, 25г бор немесе азықтың фосфат берілуге тиіс.

Жазғытұрым жайылым отын мейлінше кеңінен пайдаланған жөн. 7-9 айлықтарына - 22-26кг, 13-15 айлығына - 26-30кг, 16-18 айлығына - 30-35кг көк беріледі. Сауын сиыр ретінде одан әрі өсірілетін бұзауларға бұл кезде жемді шығындамай, оны тек етке өткізілетін малдың өнімін жеңілдету үшін пайымдау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру
Азық қоректік заттарының қорытылуы
Әр түрлі аталық іздерден туған абердин-ангус тұқымының өсіп дамуы
Алты айдан асқан сүтті-етті тұқымның ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру
«Сиыр табынын толтыратын ұрғашы бұзауларды азықтандыру»
Мал азықтары жайлы
Сүт өнімділігінің сипаттамасы
Мал шаруашылығының даму тарихы
Етті бағыттағы бұқаны азықтандыру
Жануарлардың эмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz