Әлемде жалпы білім берудің халықаралық стандарты қалыптасуы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Сапалы білім – заман
талабы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.1. Білім сапасын көтеру проблемалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. 12 жылдық білім беру жүйесінің
стандарты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..11
1.3. Оқушы тұлғасы және білім берудегі мұғалімнің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ІІ. 12 жылдық білім беруге
көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.23
2.1. 12 жылдық білім беру
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23
2.2. 12 жылдық білім берудің өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31
Кіріспе
Өзара қарым-қатынас тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның
адамдық болмысын да шыңдайды. Ізгіліктің негізін ұжымдық әрекеттердегі
қатынастар қалай алады, тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі үнемі дамытып
отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайларда емес, өзге адамдармен
диалогтік қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бұл – білімді
ізгілендіру болып табылады, яғни білім беруде баланы ең жоғары құндылық деп
тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие
процесінде оқушының танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру,
оқу, ойын, еңбек, қоғамдық істерде оқушының субъект деп қарастыру.
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім
беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі
өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса
назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12
жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің
қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар
алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды
тудырды.
12 жылдық білім беруге көшу – бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі
реформа, ол жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға
даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін
пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлғаны қалыптастыруды
және дамытуды алдын ала болжайды.
Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған
халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ,
Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда –
13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін
қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру
барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып,
өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл,
бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында
12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 2005-2008
жылдарға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын
құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды
жұмыс жүргізілуде. Егер 2003-2004 оқу жылдарында бұл экспериментке 52
мектеп қатысса, 2004-2005 оқу жылында олардың саны 104-ке жетті, ал ауылдық
жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-
жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар
туралы оң деректер бар.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар)
сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл
бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-
қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12
сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да
толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да
әдістерін табу мәселелері толып жатыр.
Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12-жылдық білім мәселелерінің
Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.
І. Сапалы білім – заман талабы.
1.1. Білім сапасын көтеру проблемалары
Қазіргі кездегі қазақстандағы білім сапасының сын көтермейтіні
баршамызға аян. Осы мәселені қалай шешуге болады, қандай қиындықтар бар сол
жайлы Асқарбек ағамыздың мақаласын беріп отырмын.
Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең
негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол – мемлекет пен қоғамның табысты
дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік
қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің
дамуы – үлкен ұлттық мәні бар міндет.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге “қазіргі заманғы экономикалық және
қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет”
екенін атап көрсеткен болатын.
Біздің мемлекеттің жақын 10 жылдағы стратегиялық міндеті – елімізді
мейлінше бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосу. Бәсекелестікке бейім
50 елдің қатарына енуді жаһандық бәсекелестікке бейімділік индексінің
негізінде бүкіл экономикалық форумның (ИТК) рейтингі бойынша анықтайды.
Индекстің 10 көрсеткішінің екі көрсеткіші елдегі білім берудің дамуы мен
сапасына қатысты.
Педагогикалық мағынада – білім беру өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі
тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік, рухани азаматтық талғам
жасауға және осы талғам үшін жауапкершілікке, қазіргі әлем ұлттық
ұқсастығын және жаһандық проблемаларын мойындауға, өз кәсібін және өзінің
тиісті қызметін өзі анықтауға үйрету. Өйткені, мұның бәрі өзгермелі өмірде
өзінің орнын табуға және елдің өркендеуі мақсатында болатыны сөзсіз.
Әлеуметтік тұрғыдан – бұл әлеуметтік ең мәнді игіліктердің бірі,
ұлттық адам капи­талын өсірудің іргетасы және негізгі құралы.
Әлеуметтік-саяси мағынада – бұл азаматтық құндылықтар мен азаматтық
сананы, азаматтық және демократиялық қоғамды жасау мен қалыптастырудың
бірден-бір құралы.
Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан – бұл елдің экономикалық өсуінің,
оның байлығы мен бәсекелестік қабілетінің қайнар бұлағы және негізгі
ресурсы.
Өркениеттік мағынада – мәдениеттер мен өркениеттер жалғастығының
негізі, бүгінде қоғамның жаңа қалыпқа – “білім қоғамына” және оған сәйкес
“білім экономикасына” өтуді қамтамасыз ететін алтын көпір.
Осы себепті бүкіл әлемдік өркениетте экономикалық прогресс пен
әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа ұмтылатын мемлекет пен қоғам білімнің дамуына
мүдделі болып қана қоймай, онда өздерінің тұрақты қатысуына мүдделі. Бұл
елдердегі білім саясаты әлеуметтік саясаттың тек ажырамайтын бөлігі болып
қалмай, оның базалық негізін құрайды.
Білім саясатының негізгі мағынасы – ұлттық білім берудегі әлеуметтік
идеология мен әлеуметтік басымдықтарды жасау және іске асыру.
Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінде білімнің рөлі елдің демократиялық
қоғамға, құқықтық мемлекетке, нарықтық экономикаға өту міндеттерімен,
таяудағы он жылда Қазақстанның бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына
қосылу стратегиясы міндеттерімен анықталады.
Білім сапасын көтеруде қандай проблемалар бар?
Біздің мектептің жүріп өткен жолы еліміздің жолының айнасы іспеттес.
(Себебі, мектеп тек айна емес, үлкейтіп көрсететін шыны, өйткені, қоғам ол
арқылы өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін анық көреді). Өткен
тарихымызға бұрылып қарасақ, біз бұл жолдағы тек табыстарымызды байқап
қоймай, үлкен қиыншылықтарды, көптеген қателіктерді, қасіретті
сәтсіздіктерді көреміз.
Тоталитарлық билік ондаған жылдар бойы мектепті өз идеологиясының
қаруы етіп келді. XX ғасырдың 80 жылдарының басында пайда болған мектеп
ісінің дағдарысты жағдайы қоғамның да сондай мүшкіл халін көрсетті, оның
бірінші себебі – тоталитарлық биліктің дағдарысы, оның даму ресурстарының
таусылуы еді. Мұндай терең әлеуметтік дағдарысты туғызған жалпы себептерден
басқа кеңестік білім жүйесі дағдарысының өзге де ерекше себептері болды.
Олардың ең бастысы – биліктің білім дамуының ішкі заңдылықтарын
қаперге алмауы, оны толығымен мемлекетке алып қоюы, әлеуметтік және
идеологиялық хирургияның бойкүйез объектісіне айналдырып жіберуі. Мектепті
толық монополияға айналдырып, одан соң бәрін бірыңғай етіп, тоталитарлық
билік оны дамуының негізгі қайнар бұлағынан – қоғамдық бастамашылдық
(инициатива) пен ішкі әралуандылықтан айырды. Білімнің бұл белгілерден
айырылуы иммунитетін жоғалтумен бірдей болды. Мектепті мұндай иде­ологиялық
қыспаққа алу билікке тиімді еді. Біріншіден, білім беруді бірыңғай ету
биліктің жалпы теңгермелі идеологиясы мен психологиясын көрсетіп қана
қоймай, оны іске асырып отырды. Теңгермешілік кеңестік білім беруді құрудың
мақсаты да, жүйе жасаушы факторы да болды. Ол теңдіктің арзан да мәнсіз
түрі болды: егер теңдік векторы жоғары бағытталса, теңгермешілік векторы
қашанда төмен бағытталады.
Мемлекеттің қарамағына мектептің толық өтуі оның көп міндеттері мен
қызметтерінің жоғалуына, шын мағынасындағы жабық мекемеге айналуға алып
келді. Жеке тұлға мүдделері мен қоғамның сұраныстары мектептен тыс қалды.
Ол мемлекет үшін жұмыс істей бастады, осыған сәйкес педагогикалық
шығармашылық құқынан айрылған мұғалім мемлекеттік шенеунікке айналды.
Нәтижесінде мектептің қоғамнан, оқушының мектептен, оқытушының оқушыдан
алшақтау жүйесі қалыптасты.
Мектептің осынша келеңсіздікке ұшырауы батыстық білім әлемінде жүріп
жатқан үрдістерден оқшауланып қалғандықтан тереңдей түсті. Тіпті “темір
тор” сыпырылғаннан кейін де әлемнің жетекші елдерінің білім беру жүйесін
зерттеуге ТМД елдері мен Қазақстанда жеткілікті мән берілмеді. Тек 1996
жылдан бастап компаративист ғалымдардың бастамашылдығымен Қазақстанда
салыстырмалы педагогикадан алғашқы еңбектер жазыла бастады.
Кеңес мемлекетінен мұра болып қалған білімнің мазмұны жеке тұлғаны
дамыту емес, тек білімді, ептілік пен дағдыларды (ЗУН) игеруге бағытталды.
Білім беру аясынан қызметтің сан-алуан формалары мен түрлерінің тәжірибесі,
әлемге эмоционалдық-құндылық тұрғысынан қарау, аралас-құралас болу
тәжірибесі сияқты оның ең маңызды құрамдас бөліктері шығып қалды. Соның
нәтижесінде тек үйлесімділігі емес, мектептің білімдік сипаты да жоғала
бастады.
Білімді, ептілік пен дағдыны игеруге нұсқау беру, бір жағынан,
педагогикалық сананың технократталуы, екінші жағынан, білім мазмұнын құруға
дәстүрлі ақпараттық түсіндірмелік тұрғыдан келудің салдары еді. Дайын
білімді беруге бағдарланған бұл көзқарас білімді жетілдіруді дәстүрлі
мектеп курстары немесе жаңа оқу пәндерін енгізу арқылы білім беруді ұлғайту
деп түсіндірді.
Білімді осылайша “жетілдірудің” нәтижесі бәрімізге белгілі: оқу
пәндері қиындап кетті, қысқартылған жоғары оқу орындарының курстары пайда
болды (мұнымен олардың ғылымилығы арта қойған жоқ), білім мазмұнының
тұтастығы мен жүйелілігінен айырылып қалдық, ол тарыдай шашылған, нашар
ұйымдастырылған, схоластикалық ақпараттық конгломератқа айналды. Оның кімге
арналғаны, қолданыс әдістері мұғалімдерге де, оқушыларға да түсініксіз
болды.
Осыдан барып оқушы мен мұғалімнің оқуы мен жұмысы ауырлап кетті, оқуға
қызығушылық төмендеді, мектеп бітірушілерді дайындау сапасы құлдырады.
Ақпараттық-түсіндірмелік көзқарас аясында білім мен ақпарат қуушылық –
білімді ұйымдастыру мен оның тәсілдерінің экстенсивті жолы.
Ұлы орыс педагогы К.Ушинский былай деген: “Балаларды оқыту қажеттігі
құрметіне бөленген “Барлық ғылымдарды шешуші байқаудан өткізу қажет. Біз
баланың басына түкке тұрмайтын кез келген қоқысты үйе саламыз, одан соң
адам не істерін білмей қалады”.
“Оқушылар жүктемесінің қиындауы бүгіндері мектептің ішкі қырсығына
айналды. Бір аптада барлығы 168 сағат болуына қарамастан, барлық жұмыс
түрлері мен тапсырмаларды есептегенде, жоғары сынып оқушыларының жүктемесі
аптасына 167 сағатты құрайды екен. Мұндай міндетті оқу материалдарының
артықтығынан, 45 мемлекетте жүргізілген ЮНЕСКО-ның соңғы зерттеулеріне
қарағанда, біздің балалар ең соңғы, үшінші топта, оның үстіне 13-орында
қалып отыр. Осындай сәтсіздік тек шәкірттерге тән білімде емес, сондай-ақ
қолданбалы, тіпті тұрмыстық білімде де кездесіп қалады”, – деп жазды
орыстың аса ірі педагог-ғалымы Э.Днепров.
Белгілі орыс ғалымдарының бұл сөздерінің біздің қазіргі білім
жүйемізге де қатысы бар. Себебі, практикалық тұрғыда, білім мазмұнын
жасауда бізде әлі де болса ақпараттық-түсіндірмелік көзқарас басымдық
танытады. Оған бір ғана дәлел, 12 жылдық мектептің мемлекеттік стандартының
жобасында оқытылатын пәндердің саны көбейе түскен.
1991 жылдан бастап үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіруге едәуір күш
жұмсалып келеді. Оның негізгі мақсаты – білім беруді дамытудың заңнамалық
базасын қалыптастыру, оны тұжырымдамалық-бағдарламалық жағынан
модернизациялау, стратегиялық бағдар беру, ғылыми-педагогикалық,
әдістемелік құралдармен, кадрмен қамтамасыз ету, білім беру мекемелерін
қаржыландыруды және олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту.
Отандық білім беру жүйесін реформалай отырып, біз оның дамуын мына
бағыттарда қамтамасыз етуіміз керек еді:
- унитарлық және унификацияланудан ашықтық пен көптүрлілікке өту;
- тұлғасыздықтан тұлғалық бағдарлануға бет бұру;
- бір жақты білімдіктен, жігерлілік пен көпмәдениеттілікке көшу, бұл
тек білімді жасау, оны жаңғыртумен шектелмейді, ол адамның көп және көп
өлшемді интеллектуалына, көркем, рухани, практикалық қызметіне
бағдарланған;
- схоластикалық, жалған академиялық, нәтижесіз білімнен (білім
мазмұнының басым бөлігі оқушылардың мүдделері мен оны игеру
мүмкіндіктерінен тыс қалады) өнімді және дамушы білімге қол жеткізу;
- репродуктивті және өзіне бейімдеуден продуктивті және дамытушы
білімге өту, екінші сөзбен айтқанда, жеке тұлғалар мен қоғамның қарқынды
жүріп жатқан өзгерістеріне “бейімделіп” қоймай, оны жасампаздықпен алға
жылжыту.
Аталған міндеттер қажетті деңгейде іске асырылмай отыр.
Кез келген білім реформасы – бұл бәрінен бұрын білім беру мазмұнының
реформасы. Бұдан басқа екінші кезектегілері – білім жүйесіндегі және оның
инфрақұрылымындағы өзгерістер.
Жалпы білім беру мазмұнының реформасы – қазіргі кездегі білім
реформасының ең бастысы және ең қиыны.
“Қазіргі өмір ескі білім жүйесінің дәрменсіздігін көрсетіп отыр және
онан болып жатқан өзгерістердің табиғаты мен қарқынына сай келетін жаңа
жүйе жасауды талап етіп отыр”, – деп жазды өзінің танымал “Футуршок”
кітабында Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі американ ғалымы Алвин
Тоффлер. Ертеңгі күннің мектебі тек ақпарат беріп қоймай, онымен жұмыс
істеу әдістерін де үйретуі тиіс. Мектеп оқушылары мен студенттер ескі
идеологияларды қабылдамай, оларды қашан және қалай алмастыруды үйренуі
керек. Қысқаша айтқанда, олар үйренгенінен жиреніп, қайтадан оқып білуге
үйренуі керек”.

1.2. 12 жылдық білім беру стандарты.
Білім стандарты – білім беруде реформа жасау мен дамытудың құралы.
Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму
кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде
қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезім
белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа математикалық білім
мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау
қажеттілігі атап көрсетілген.
Білім стандарты – бұл мектептегі білім беру мазмұнының аясында қоғам
мен мемлекет арасындағы жасалған келісім-шарт, басқаша айтқанда, қоғам мен
мемлекет өз балаларын неге үйретуі керектігі туралы құжат.
Стандарт мыналарды қамтиды:
- уақыт пен елдің сұраныстарына сәйкес білім берудің мазмұнын
түбегейлі жаңарту;
- білім берудің практикалық бағыттылығы және оның нәтижелерінің
өмірлік қажеттілігі;
- алған білім мен ептілікті практикалық жұмысқа және күнделікті өмірде
белсенді пайдалану.
Білім стандартын маман педагогтар жалғыз мақсатпен – елдің білімдік
мүдделерін, оның даму сұраныстарын қамтамасыз ету үшін жасайды. Оның
стратегиялық және шешуші сала екені соншалықты, дамыған елдерде, қоғам оны
тәуекелмен тек педагогтардың қолына беріп қоя алмайды. Стандартта бұл
мүдделер мен қажеттіліктер қаперге алынған ба, жоқ па, оған қоғам мен
мемлекет біріге отырып баға береді.
12 жылдық білім берудің стандарты қандай дәрежеде?
Жұртқа белгілі, 2004 жылы 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Онда 2008-2009 оқу жылында 12 жылдық мектепке өту жоспарланған.
12 жылдық білім беруге сапалы өтуді қамтамасыз ету үшін 2005 жылы 12
жылдық білім беру проблемаларының Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
(РНПЦ) құрылды. 12 жылдық мектептің білім стандартын жасау бұл орталықтың
бірінші кезектегі міндеті болды.
12 жылдық мектептің білім стандарты мынадай үш құжаттан тұрады:
- негізгі ережелер,
- пәндік стандарттар,
- білім берудің оқу бағдарламалары.
Білім беру мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
негізінде жасалған оқыту бағдарламаларымен анықталады.
Жалпы білім беруге арналған оқыту бағдарламалары типтік және жұмыс
бағдарламаларынан тұрады. Типтік бағдарламалар стандарттар негізінде, ал
жұмыс бағдарламалары тиісті типтік оқыту бағдарламалары негізінде жасалады.
12 жылдық мектептің оқулықтары осы құжаттар негізінде жазылуы тиіс.
Бүгінгі күннің шындығына келсек, осы кезге дейін 12 жылдық мектептің
білім стандартының негізгі ережесі жоқ.
Білім және ғылым министрлігінің жаңа басшылығы дайындалған 12 жылдық
мектептің білім стандартының негізгі ережелерінің жобасын жетілдіру қажет
деген бірден-бір дұрыс шешім қабылдады.
Қазіргі уақытты 12 жылдық мектеп бастауыш сыныптарының оқулықтары
жазылып, сараптан өткізілді деген пікір айтылуда.
Мұнда біраз сұрақтар туындайды:
- егер 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында 11 жылдық мектеп
стандарты бойынша жазылған оқулықтар қолданылатын болса, онда қандай мектеп
реформасы жөнінде сөз айтуға болады?
- жұртшылық қауым танысу үшін 12 жылдық мектеп стандарттарының негізгі
ережелері жариялана ма?
- алдағы реформаның мемлекеттік маңызын қаперге ала отырып және оны
сапалы өткізу үшін әлі де болса көптеген істер атқару қажеттігін мойындай
отырып, 12 жылдық білім беруге көшудің мерзімін өзгертуге болмай ма?
Жалпы білім беру жүйесінің маңызды проблемаларының бірі – өскелең
ұрпақты тәрбиелеу. Жапония білім беру жүйесі – әлемде алдыңғы қатарлардың
бірі. Бүгінгі жапон мектебі, бірінші кезекте, жапондықтардың ұлттық рухын
дәріптейді, өз тәрбиеленушілерінде адамгершіліктің тиісті нормаларын
қалыптастырады, олардың бойына ұлттық мінез-құлықтың негізгі белгілерін
сіңіріп, дамытады. Осы мақсатты іске асыру үшін Жапония мектептерінің оқу
жоспарында әртүрлі гуманитарлық пәндерді оқытуға көбірек көңіл бөлінеді.
Бұл пәндердің кейбіреулері біздің мектептерде тіпті оқытылмайды, не өте аз
оқытылады.
Соңғы кезде баспасөз бетінде Америка мен Батыс елдерінің ғалымдары
“өскелең жастарды рухани және адамгершілікке тәрбиелеуде Шығыс елдерінің
тәжірибесін зерттеп, оны пайдалану дұрыс болар еді” деген ой айтуда,
өйткені, бұл фактор білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Біздің
ойымызша, біздегі ұсынылып отырған стандарт бұл тұрғыдан әлі де болса қайта
қаралуы керек.
Отандық оқу құралдарын жасау 1996 жылы “Жалпы білім беретін мектептер
үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау мен басып шығару”
атты мақсатты кешенді бағдарлама қабылданған соң басталды. Бұл білім беру
жүйесін реформалаудағы маңызды қадам болды.
Кеңес одағы кезеңінде қазақ мектептері сабақтарды аударма оқулықтар
арқылы жүргізді, елімізде мектеп оқулықтарын жасау тәжірибесі болмады.
Осыған қарамастан, қысқа мерзім ішінде 11 жылдық мектептің барлық
оқулықтары дайындалды.
Оқулықтар жазудың күрделі іс екенін жақсы білген ірі ғалым, академик
А.Колмогоров оқулық жасау қиындығын реактивті ұшақ жасау қиындығымен
салыстырған еді. Реактивті ұшақ жасау үшін ондаған институттар мен мыңдаған
адамдар жұмыс істейтіні бәрімізге аян.
Осы уақыт ішінде Қазақстанда оқулық басып шығарудың әлемдік
талаптарына жауап беретін бір де бір оқулық жасалған жоқ. Жақсы оқулықсыз
жақсы білім болмайтыны белгілі. Сондықтан бұл маңызды мәселе 12 жылдық
мектеп оқулықтарын жасау кезеңінде бөлек әңгімені талап етеді.
Елімізде, Білім және ғылым министрлігі жанынан кеңесші, ұсыныс беруші
және үйлестіруші органдар құрылған болса, онда білім саласында жүргізіліп
отырған реформалар сапасына тек министрлік қана жауапты болмаған болар еді.
Бұл білім беру жүйесінің дамуына басқа да мемлекеттік органдармен бірге
қоғамдық ұйымдардың араласуын қамтамасыз етіп, оған жалпы қоғамның да
жауапкершілігі арта түсер еді.
Білім беруді жоспарлау халықаралық институтының директоры Ж.Аллак бір
кезде былай деген: “Көп елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, білім беру
үрдісі күрделілігінің басты себебі тек қаржыда жатқан жоқ, ол ақшаны үйіп-
төгіп шеше салуға болмайтын қиындықтарда жатқандығында”. Осы лауазымда оның
алдында болған көрнекті американдық зерттеуші, әрі білім қайраткері Ф.Кумбе
бұл ойды одан қатаңырақ түйіндей түсті: “Дағдарысты ауыздықтау үшін білім
берудің әр жүйесіне ақшаға сатып алуға болмайтын идеялар, батылдық,
қайраттылық, іздену мен өзгерістерге ұмтылыс және өз істегеніне өзі сыни
баға бере алатын бейімділік керек”.
Қазіргі уақытта, біздің ойымызша, еліміздің білім беру жүйесінде
осындай мезгіл туған сияқты. 12 жылдық білімге өту – отандық білімде
маңызды кезең. Екінші жағынан, бізге білім беру жүйесін әлемдік білім
кеңістігіне шығаруды қамтамасыз ететін білім саясатын жасап, жүзеге асыруға
тарихи мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан біз, 2008 жылы 12 жылдық мектепке
сапалы көшу мүмкіндігін алда болатын Білім беру қызметкерлерінің съезінде
кеңінен талқылап, қажетті шешім қабылдауды ұсынамыз.
Білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 12 жылдық білім
беруге өту 7 жылда іске асырылуы керек. 2008-2009 оқу жылында 1 сынып, 2009-
2010 оқу жылында – 2, 5 және 11 сыныптар, т.т. өтуі керек. Бұл жұмыс 2014-
2015 оқу жылында 12 жылдық оқудың бағдарламасына 10 сыныптың өтуімен
аяқталады.
Біз 12 жылдық білім беруге өтудің мерзімін 2010-2011 жылға ауыстырып,
оны аз уақытта – бар болғаны 4 жылда, 2013-2014 оқу жылында аяқтауды
ұсынамыз. Бұл – 12 жылдық білім беруге көшуді Білімді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында көрсетілген мерзімнен 2 жыл кеш бастап, 1 жыл бұрын аяқтау
деген сөз.
2010-2011 оқу жылында 12 жылдық оқуға 1, 5 және 9 сыныптар, 2011-2012
оқу жылында 2, 6 және 10 сыныптар, ал 2013-2014 оқу жылында қалған 4, 8
және 12 сыныптар өтетін болады.
Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушы
Константин Дмитриевич Ушинский былай деген: “Педагогиканың кең табаны мен
өте жіңішке төбесі бар: бастапқы сабақ берудің дидактикасы том-том болуы
мүмкін; университетте лекция оқу дидактикасын екі сөзбен айтуға болады: “өз
пәніңді жақсы біл және оны анық түсіндір”. Осы бұлтартпас шындықты
түсіндіре келіп, Ушинский: “Білім беретін оқушылардың жасы неғұрлым кіші
болса, оларды тәрбиелейтін тәрбиешіден соғұрлым көбірек педагогикалық таным
талап етіледі. Және бұл талап оқушының жасына байланысты көбеймей, азаяды”.
Бұл педагогикалық аксиоманы біз толық меңгеріп, білім саясатын
жасағанда және 12 жылдық мектепке өтуді жүзеге асыруда ескеруіміз керек.
12 жылдық мектептің білім стандартын жасағанда орта және жоғары
кәсіптік білім беру стандарттарының да онымен бірге жасалуын қамтамасыз
еткен дұрыс, себебі жоғары сыныпта бейімдік оқыту іске асырылғанда,
колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытылатын жалпы білім беретін пәндер
негізінен 12 жылдық мектепте оқытылатын болады.
1.3. Оқушы тұлғасы және білім берудегі мұғалімнің рөлі
Оқушының өзін тануы үшін ғылыми және өмірлік проблемаларды шешудің
бірден бір тәсілі - өзін-өзі рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Білім
беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім
кезеңінен –ақ демократиялық қарым-қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін
оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге
өзіндік түсінік пен танымдық қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен
қарай алу;
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге
ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын
табу.
Баланың өз білімі мен тәжірибесін, қоршаған ортаны зерттеу
әрекеттері арқылы қалыптастыруды: мысалы, тақырып бойынша түрлі сызбалар,
үлгілер құрастыру, сарамандық тәжірибе жасап, одан түйін шығару, даулы
мәселелерге жауап іздеу, т.б. бұлардың барлығы да танымның индуктивтік
әдісіне, жекеден жалпыға өтуде жатады және педагогикалық концепция ретінде
инструменталдық педагогика деп аталады.
Оқытуды өзектілендірудің әдістемелік тәсілдері:
- мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны
шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;
- қайшылықты практикалық іс-әрекетте көрсете білу;
- бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;
- құбылысты әртүрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;
- мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен
салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;
- нақты сұрақтар қояды;
- тапсырмаларды бірігіп орындайды.
Оқушы тұлғасын басты орынға қоя оқыту педагогикалық үрдіс
субъектілерінің өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім туралы
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың негізгі сатылары
Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламалары
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту
Білім берудің кәсіби деңгейінің төмендігі
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
12 жылдық білім беру жүйесі
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
ЖМП дәрісші шеберлігі
Пәндер