Халықаралық несие нысаны


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Халықаралық несие нысаны »
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Бөлім І. Халықаралық несиенің теориялық негіздері
1. 1 Халықаралық несие экономикалық категория ретінде . . . 5
1. 2 Халықаралық несиенің түрлері . . . 7
1. 3 Халықаралық несиені беру шарттары . . . 14
Бөлім ІІ. Халықаралық несиенің қаржылық және несиелік ұйымдары және ҚР-да халықаралық несиенің дамуы
2. 1 Халықаралық несиенің қаржылық және несиелік ұйымдары, функциялары . . . 19
2. 2 ҚР-да халықаралық несиенің дамуы . . . 23
2. 3 ҚР-да халықаралық несиенің алуының мәселелері . . . 26
2. 4 ҚР-да халықаралық несиенің перспективалары . . . 36
Қорытынды . . . 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 44
Кіріспе
Қазақстанның әлемдік экономикаға сай ойдағыдай жүргізу - елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі.
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам байімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар жаһандық экономикаға кіргізуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық - географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресуртарымыздарға сүйенеді. Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық «серпілісті» әлемдік экономикаға кіргізудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын. Біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай - газ, көлік саласында және машина жасау мен метталургиядағы, химия мен өнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек.
Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысумен биотехникалық орталықтар: өңірлік ІТ - орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен қызметін әлемдік рыноктарға жылжытатын мамандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерттеліп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз керек.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;
Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір - бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай - ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін.
Халықаралық несие - несие капиталының халықаралық экономикалық қатынастар аясында қозғалуы нысаны, мемлекеттер, халықаралық банкілер, қаржы ұйымдары, жеке банкілер мен фирмалар, басқа да заңды және жеке тұлғалар халықаралық ынтымақтастық барысында мерзімділік, қайтарылым және пайыз төлеу шартымен беретін несие. Несие санаты түрлерінің бірі болып таілатын Халыкаралық несие нарықтың басқа да экономикалық санаттарымен (пайда, баға, ақша, валюта, валюталық бағам, төлем теңгерімі) He экономикалық заңдарымен байланысқан. Халыкаралық несие көздері кәсіпорындардың уақытша бос ақшалай капиталы, мемлекеттің және жеке сектордың ақшалай қорланымы, сондай-ақ банкілер бірқатар елдерден тартатын капиталдар.
Бөлім І. Халықаралық несиенің теориялық негіздері
1. 1 Халықаралық несие экономикалық категория ретінде
Халықаралық несие - валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
ҚР - ң жетекші халықаралық қаржылық ұымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Халықаралық валюта қорымен 185, 6 млн. СДР (арнайы қарыз құқығы ) сомасын « стенд - бай » несиесі шеңберіндекелісімге қол қойылды.
«Стенд - бай » - резервтік несие - кредитор қажет болған жағдайда және көрсетілген талаптар орындалған кезде (бұл жағдайда сөз Қазақстандағы экономикалық реформалардың бағыттары бойынша ХВК - мен келісімнің шарттары орындалуы туралы болып отыр) ақшалай қаражаттың белгілі - бір сомасы келісілген уақыт аралығында несиеге берілетіні туралы келісім.
Келісімнің әрект етуінің барлық кезеңі бойында ХВҚ миссиясымен « стенд - бай» бағдарламасының жүзеге асуының нәтижелеріне талдау жасалынды және кредитор зайымның кезекті траншын бөлу туралы шешім қабылданды.
Қысқа мерзімді бағдарламаның жетістікті орындалуы ХВҚ - ның 1996 - 1997 жылдары орта мерзімді бағдарламасы туралы келісім жасауға мүмкіндік береді.
1993 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкімен 1993 жылғы құрылымдық реформалардың үкіметтік бағдарламасын қолдауға бағытталған 180 млн. АҚШ доллары сомасында медеттік займ бөлу туралы және Қазақстанның экономикалық қаржылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сияқты секторларына техникалық көмек көрсетуге бағытталған 38 млн. АҚШ доллары сомасында тезникалық көмек қарызын бөлу туралы келісімге қол қойылды.
Еуропалық Халықаралық қайта құру және даму банкі « Қазақстанғда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту » бағдарламасына 100 млн. ЭКЮ сомасында несие бөлді. Бұл бағдарлама экономиканың төмендегідей секторларындағы жобалар кіргізілді: қонақ үй шаруашылығы, алтыны бар рудаларды қайта өңдеу, диірмен құрылысы, косметика өндірісі, құрылыс және медицина саласындағы жобалар.
Жапонияның экспорт - импорт банкі ХҚДБ - мен қатар қоса қаржыландыруға заем бөлді.
Азияның даму банкі мен ҚР арасында 1994 жылы 40 млн. АҚШ доллары сомасында арнайы көмек займы туралы келісімге қол қойылды.
Халықаралық займдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктер де белсенді қолдануда.
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі - банк өз қарыз алушыларына несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20% - ті құрайды, ал, қалғаны - тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар) .
Осы несие формасының екінші ерекшелігі - шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк саудаға береді.
Банк несиенің үшінші ерекшелігі - банк ақшалай қаражатты саудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда аладыәрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие - несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен, және сомасымен шектеліп қалған.
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталына арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемдерін және т. б. төлеуге болмайды.
Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма - қол ақшасыз түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға, еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма - қол ақшамен беріледі.
1. 2 Халықаралық несиенің түрлері
Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі түрлері әр алуан. Олар заемдық қаражаттарды пайдаланудағы дүиежүзілік шаруашылық қажеттіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздеріне қарай жіктеледі. Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен, инвестициялық объектілерінің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызмеггерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер - бір жағынан, экспорттық және қаржы несиелері мен займдары ретінде, екінші жағынан, жеке және мемлекетаралык несие түрінде қарастырылған.
Енді осы екі несие түрлерін жеке қарастырамыз. Халықаралык сауданы экспорттық несиелеудің ерекшелігі - оның кредитор елінен экспорттық жабдықтауымен өзара байланысты болып келуі, бұл несиеиерді халықаралық несие нарығындағы ерекше категория ретінде бөліп қарауға негіз болады. Бұл жерде импортер мем экспортерлер де өздерінің шетелдік контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрсетуші банктерден тікелей несие алады, Несиенің берілуі сыртқы сауда контрактісінің жасалуымен байланысты. Несиенің көлемі, оның мерзімі паиызды төлеу және қайтару шарты экспортер мен импортер еліндегі экономикалық және саяси жағдайларға, тауардың түріне, екі жақтың өзара қарым-қатынасына тәуелді.
Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады. Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері де өзгеруде. Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операцияға қатысушылар құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі жетілдірілді, кейбір қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді.
Импортерлерге өнім жабдықтаушыларының беретін несиелері, сондай-ақ импортерлердің ұзақ мерзімді несиелерді коммерциялық банктерден тікелей алуы (коммерциялық несиені) салыстырмалы түрде қарағанда сирек болатын құбылыс. Ең бастысы, сыртқы сауда операциялары кейде қолма-қол ақшаға, кейде кысқа мерзімді есеп айырысу формалары негізінде жүзеге асты.
Экспортты қысқа мерзімді қаржыландырудың (6 айға дейін) басты құралы сауда векселі болды. Бұл мәмілелер экспортер мен импортер арасындағы несиелік қатынастар-дың болуын қаламады және олар сыртқы сауда контрактілерінде көрсетілмеді. Несие беру негізінен ірі банктер арқылы жүзеге асты, олар экспортерлердің тауарды жөнелту туралы күжаттарына қарсы алған тратталарын есепке алып, тауарды сатушыларға тратталарды ақша нарығында сатуға келісім береді. Несиелік операциялар импортер банкі мен вексель бойынша кепіл ролівдегі келісім беруші банк арасында корреспонденттік қатынасқа негізделіп, экспортер үшін жабдықталуына мүмкіндік береді. Сол уақыттарда экспортерлердің банктері ұзақ уақыт бойы өздерінің қаражаттарының қозғалыссыз қалуынан қашып, сыртқы сауда мәмілелерінде жанама қатысушы ретінде ғана қалып отырды.
Экспортты несиелеу 50-жылдардан басталды. Оған сату нарығындағы күрестің шиеленісуі ықпал етті. Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыруға арналған жеке капиталдардың ұлтгық нарығында шетелдік ұзақ мерзімді займдарды орналастыру несие беру құралының көзі регінде соғысқа дейінгі ролін қалпына келтіре алды. Бұл негізінен, соғыс жылдарындағы инвесторлардың мұндай операцияларға деген сенімсіздігінің өсуіне себеп болды. Дамушы елдердің экономикалық және саяси тұрақсыздығы инвесторларды ондай бағалы қағаздарды сатып алудан бас тартуға итермеледі. Мұндай займдарға кредитор-елдердің үкіметінен және сауда-өнеркәсіп тарапынан қолдау болмады, сондықтан да оларды алушыларға сол елдің тауарларын сатып алуға мүмкіндік туғызды.
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландырудағы қажеттілік халықаралық коммерциялық несие берудің басқа да формалары есебінен қанағаттандырылды:
- шетелдік сатып алушыларға тауарларын шығаратын өндірушіге тікелей берілетін фирмалық несиелер;
- экспортталатын бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерді жабдықтаушылары мен сатып алушыларына берілетін банктік несиелер әр түрлі мемлекетаралық келісімдер шегінде берілетін несиелер.
Экспортты фирмалық несиелеу 60-жылдардан бастап тез қарқынмен дами бастады. Осы кезде фирмалық несиелер машиналар мен құрал-жабдықтар экспортын қаржыландырудың негізгі әдісі болды. Коммерциялық несиені фирмалық және банктік деп бөлу, импортердің несиені кімнен алатынына қарай: жабдықтаушы-фирмадан немесе банктен алады. Егер сыртқы сауда контрактісінде жабдықталатын тауар уақыты кешіктіріліп төленетін болса, онда несие фирмалық болып саналады.
Экспортер мен импортердің арасындағы несие шартында тауарды жабдықтау туралы жасалатын келісім бойынша міндеттеме формасы несие беру мерзіміне, мәміленің көлемі мен сипатына, екі жақтың өзара қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты. Тұрақты сауда қатынасы мен тауарды үнемі жабдықтау барысында несие ашық шот шартыменен беріледі де, соған сәйкес экспотер импортерге сатқан және жөнелткен тауарының құнын жазады, ал импортер көзделген мерзімде қарызды қайтаруға міндетті. Бұл жерде банктер сауда контрагенттерінен есеп айырысуда таза техникалық делдал қызметін атқарады.
Фирмалық несие берудің ең көп пайдаланылатын қаржылық құралы борышқормен акцептелінген вексель болып табылады. Экспортер сатып алушыға контрактіде қанша төлем көрсетілсе, сонша тратталарын береді. Борышқордың немесе банктің акцептелген талабының болуы, экспортерге өзіне қызмет көрсететін банкте осы талапты кепілге беріп немесе оны есепке алу жолымен қарыз алуға мүмкіндік береді.
Батыс елдерінде аккредитивтік есеп айрысу формасы көмегімен фирмалық несиелерді қаржыландыру жиі қолданылады. Бұл жерде коммерциялық несиені беруге байланысты операцияға импортер мен экспортер банкі қатысады, себебі олардың арасындағы жасалынатын келісім негізінде экспортерге тауарды жөнелткендігі туралы құжатты беруіне қарсы аккредитив ашылады.
Фирмалық несиені беру туралы контрактіде сатып алушының қаншама мөлшерде қолма-қол ақшамен қатынасу үлесі айтылады, сөйтіп ол, өзінің алдағы мәмілеге катынасына кепілдеме береді. Бұл сома әдетте контракт құнының 15-25%-ын құрайды. Несиені өтеуге борышқордың міндеті жай ғана вексель формасына ауысады. Банктер вексельді есепке алғаны үшін базалық есеп мөлшерлемесін және қызметі үшін бір мәрте алым алады. Егер вексельдерді есепке алу банк жағынан экспортердің алдын ала міндеттемесі негізінде жүргізілсе, онда банк несие сомасының 0, 1-0, 25% мөлшерінде бір мәрте алым алады. Мұндай шығыстарды, сондай-ақ сақтандыру құнын экспортер тауар бағасына қосу арқылы сатып алушы есебінен оларды компенсациялайды. Фирмалық несие беру көбіне 2 жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі, бірақ қазіргі кезде оның мерзімі 5, кейде 7-8 жылды құрайды.
Фирмалық несиелеу жүйесінің дамуы тұсында айрықша қиындықтар болған емес. Ірі экспортер-фирмалар өздерінің резервтік қаражаттарын пайдаланса, ұзақ және біршама қаржылық қатынасына тұрақты фирмалар банкіндегі овердрафт бойынша (ағымдық шоттағы сомадан асатын мелшерде алатын қарыз) қаражатты қаржыға алуы немесе ақша нарығында қысқа мерзімді талаптарды сатып алушыға сату арқылы қаржыландырылды. Фирмалық несиелер тауарды сатуды қаржыландырумен тікелей байланысты қамтамасыз ете отырып, экспортерлерге сатып алушының міндеттемесін қайта каржыландыруы бойынша шығындардың орнын жабуға мүмкіндік жасады.
Шетелдік сатып алушылардың несие көлемі мен шартына қойлатын талаптардың артуына, сыртқы сауда нарығындағы бәсекенің күшеюіне байланысты фирмалық несие берудің шектеулі мүмкіндігі көбірек айқындалады. Кейбір фирмалар меншікті қаражаттары есебінен сатып алушыны ірі сомада және ұзақ мерзімге несиелеуге қабілетті болды. Банктерден импортер векселін кепілге бере отырып немесе оларды есепке алу жолымен ұзақ мерзімді несие алу белгілі бір қиындықтарға әкеліп соқтырды. Банктер өз несиелерін 3 жылдан жоғары мерзімге бергісі келмеді, оның себебін қарыз алушылардың несиелік қабілеті туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі, олардың міндеттемелерінің өтімділік дәрежесінің төмендететіндігімен түсіндірді. Сонымен бірге, банктік қарыздар тауарды жөнелткеннен кейін бірден берілмей, оларды сатып алушыны акцептегеннен кейін берілді.
Фирмалық несие берудің даму ауқымына оны ұйымдастырумен байланысты техникалық қиындықтар кедергі болды. Ең қиыны бұл несие бойынша жауапкершілікті бөлу еді.
Экспорттық қаржыландыру тәжірибесінің дамуымен экспорттық несиелерді мемлекеттік сақтаундыру жүйесі жетіліп, жабдықтаушының несиесі бойынша сақтандыру мөлшері өсе түсті (қазіргі уақытта еліне және мәміле шартына байланысты несие сомасы 80-нен 90%-ға дейін сақтандырылады) . Мұндай жағдайда экспортерге қайта несиелеу және несиенің қалған бөлігі бойынша тәуекелден сақтану үшін қосымша қаражаттар іздестіруге тура келеді. Мемлекет тек қана саяси тәуекелдерге кепіл беруі жөнінде өзіне міндеттеме алғандықтан да экспортер немесе оны қаржыландырушы банк коммерциялық тәуекелдер бойынша жауапкершілікті өздеріне алуға мәжбүр болды.
Осы міндеттемелердің барлығы 50-60-жылдардағы экспортты қаржыландырудың жаңа әдістерін дамытуға жол берді, оның ішінде алдыңғы орын шетелдік сатып алушыларды тікелей банктік несиелеуге тиді. Осыдан банктер мен фирмалық несиелер арасында қызметтер бөліне бастады. Банктік несие ең бастысы кредитор елдің өнімдерін сатып алушыларға орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді берумен аз сомада қысқа мерзімді несиелік мәмілелер қалады. Англия және Франция сияқты елдерде орта және ұзақ мерзімді несиелеудің жалпы көлеміндегі фирмалық және банктік несиелердің өзара қатынасы 2:1 теңеседі, соңғы жылдары тікелей банктік несиелердің (сатып алушыға берілетін несиелер) үлесіне сондай мерзімді экспорттық несиелерді 3-тен астамы келеді.
Импортерлерді тікелей банктік несиелеудің кеңеюі осы шеңберде мемлекеттік қызметтің белсенділігімен байланысты жеделдетілді. Экспорттық несиелер бойынша мемлекеттік кепілдемелер беретін несиелер көлемін қысқа мерзімде ұлғайтып, қарыз алушылар үшін олардың әлсіз құнын қамтамасыз етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz