Мал шаруашылығын өркендету



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында
бордақылау

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны

І КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ірі қараны бордақылау алаңдарында
бордақылау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 13
2.2. Бордақылаудағы малды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
2.3. Мүйізді ірі қараны
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...31

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
3

І КІРІСПЕ БӨЛІМ

Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына
негізделеді. Берік азық қорынсыз шаруа қожалықтағы мал басының өсіп-
жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы
қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес.
Сондықтан, мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан
бастайды.
Жем-шөп қорын нығайтуды ондағы азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар,
қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық тұрғыдан
тиімді жұмсай білу керек.
Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен
қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбін
жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық
қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету – малға берілетін азық
мөлшері мен сапа-сала тікелей байланысты келеді.
Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы
және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп,
күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру
тұрғысынан құнарлылығын білу қажет.
Өсімдікті немесе жануар, микро тектес азықты дайындағаннан бастап
малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялық өзгерістер
өтеді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып
келгенде қоректілігі өзгереді. Өзгерушілік көлемі көптеген жағдайларға, ен,
алдымен жемшөпті дайындау кезеңі мен сақтау технологиясына
байланысты. Ондағы орын алатын биохимиялық өзгерістер барысында азық сапасы
жақсарып, қоректілігі жоғарылауы да немесе, керісінше, бір жағынан қоректік
заттары ыдырап, ал екінші жағынан қажетсіз, тіпті зиянды, улы заттары
жиналып, қоректілігінің күрт төмендеуі де ықтимал.
Мал өнімділігі, оның ішінде сүттілігі, ең алдымен оны дұрыс және
құнарлы азықтандыруға байланысты. Өйткені, мал өнімділігінің тұқымдық ішкі
мүмкіндігінің жетіліп, іске асуына сыртқы ортаның, ең бастысы қоректену
факторлыраның, оңтайлы жағдайы туғызылуы қажет. Ондай оңтайлы жағдайлар
тудыру үшін малдың ас қорыту ерекшеліктерін жете білу керек.
Мүйізді ірі қара мал басқа да күйіс қайыратын мал сияқты жеген
жемшөбін алдымен төрт камерадан тұратын асқазанның алдыңғы камералары - таз
қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдын-ала өңдеуден өткізеді. Күйіс
қайыру барысында шайналып, мол сілекейленіп, қайта жұтылған азықпен ауыз
қуысынан таз қарынға көп мөлшерде сілекей құйылатындықтан, ондағы
микроағзалар тіршілігіне қолайлы сілтілік орта орнайды. Қараңғы, яғни
микроағзаларға қауіпті сәулелер өтпейтін, жылы, жемшөпқоректік заттарына
бай ортада таз қарын микрофлорасы қаулап өсіп, өз ретінде, олармен
қоректенетін микрофауна көбеюіне де жағдай туғызылады. Олар азық азотымен
қатар карбамид сияқты химиялық қосындылар азотын да игеріп, мүйізді ірі
қара малға құнды микробиологиялық ақуыз жеткізеді.
Эволюция барысындағы күйіс қайыратын мал макроағзасы мең оның ас
қорыту жолдарындағы микроазғалардың бір-бірінің тіршілігіне себептесіп,
пайда келтіруің синергистік биоценоз деп атайды. Соның нәтижесінде қарын
жыны биотүзуде басқа аминқышқылдарымен орны толықтырылмайтын, яғни
ауыспайтын аминқышқылдарымен және де бірқатар К мен В тобының
витаминдерімен байытылады. Демек, алдыңғы қарындардағы микробиологиялық
процесті неғұрлым өрістете алсақ, соғұрлым ағзаны сапалы ақуыз және маңызды
витаминдермен қамтамасыз ете аламыз.
Қазіргі кезде жемшөп кұрамын тек зоотехникалық зерттеумен жүргізу
жеткіліксіз. Ол азықтың сол кездегі құрамын ғана көрсетеді. Ал мал
өнімділігін жоғарылату үшін азықта өтетін биохимиялық өзгерістерді мал
организмінде жалғастырып, зат алмасуына қажетті бағытта ықпал еткізуді
кездеу қажет. Ол үшін азық құрамындағы жалпы және қорытылатын протеинді
біліп қана қоймай, оның аминқышқылдарын, түрлері мен дисперсілігін, түрлі
қызмет атқаратын топтарын анықтайды. Ірі жемшөптегі құрылыстық және
энергетикалық көмірсулар арқатынасын, олардың физико-химиялық қасиеттерін
зерттейді. Мал маманына малға берілген азықтағы жалпы каротин мен қатар
оның игерімді түрі — бетакаротиннің қаншалықты екенін білу қажет. Сондай-
ақ, дайындалған азықтың ферменттік, ингибиторлық, фитогормондық және де
басқа маңызды биологиялық пәрменді қасиеттеріне жете үңіліп, анықтау керек.

Әдебиетке шолу
А.Ә.Төреханов,Д.Қ. Найманов., Н.Ә. Жазылбеков (2006) зерттеулерінде
кәсіпорындағы бұқалардың құрамын асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардан
келетін жас аталықтармен толықтырып отырады. Олардың таңдаулыларын
мүмкіндігінше кеңінен пайдалану үшін, ал нашарларын жарамсыздар тобына
шығару үшін немесе олардың ұрпағының көбеюін шектеу үшін бұл малдың қандай
асыл тұқымдық қасиеттері бар екенін ертерек анықтаудың маңызы зор. Тұқымдық
бұқаларды олардың ұрғашы ұрпағының өнімділік және басқа қасиеттеріне қарай
тексеру және бағалау жұмыстарын жоспарланған тұқымның малы өсірілетін
шаруашылықтарда және фермаларда жүргізеді. Мұндай шаруашылықтар мал
азығымен жақсы қамтамасыз етіліп, жұқпалы аурулардан таза болуы тиіс,
олардағы зоотехниялық және асыл тұқымды мал өсіру есебі жақсы жолға қойылуы
қажет. Бір жыл ішіндегі сауылатын сүттің орташа мөлшері 3000кг-нан кем
болмауы тиіс. Табынды толықтыратын 12 айлық өгізшелерді, сондай-ақ шығу
тегі жөнінен бағалы әрі пайдаланылып отырған, бірақ бұл уақытқа дейін
ұрпағының қасиеті бойынша тексеруден өтпеген аталықтарды сынауға қояды.
Алдағы уақытта бір аталықты таңдап алу үшін тиісті жоспарлы аталық ізге
жататын кемінде 3-4 өгізшені сынауға қою ұсынылады. Әрбір бақылау
шаруашылығында немесе фермада бірдей жағдайларда өсіріліп, сауылатын
ұрпағын салыстыру арқылы бір мезгілде кем дегенде үш бұқаны бағалау керек.
Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында тексерілетін әрбір аталыққа кемінде 60,
ал қатардағы өндірістік шаруашылықтарда — кемінде 100 сиырды (таңдамастан),
оның ішінде 20 тайыншаны бекітеді. Мұнда жақын туыстардың шағылысуына жол
беруге болмайды. Аталыққа жұптастырылған аналықтардың тұқымы, шығу тегі,
жасы мен өнімділігі жөнінен өзара ұқсас болғаны жөн. Тексерілетін
бұқалардың бәрін бір мезгілде пайдаланады: ай сайын олардың әрқайсысының
спермасымен аз уақыттың ішінде бірдей мөлшердегі сиырлар мен тайыншалар
ұрықтандырылады.
А.Б. Байжұмановтың (1987) деректерінде ірі қара малының Бордақылайтын
малдарды, тұқымына, жынысына, жасына, қондылығына қарай бірнеше топқа
бөледі. Арық өгізшелерді семіртудің алдында жоғары сіңірімді белоктық
азықтармен қамтамасыздандырады. Бордақылаудың алдында малдардың салмағын
өлшейді, өрі қарай малдың салмағын ай сайын өлшейді. Жоспарлы үстеме салмақ
қоспайтын (привес) малдарды жеке азықтандырады. Бордақылау дегеніміз - ет
малын аз уақыт ішінде мейлінше азықтандыра отырып, салмағын көтеру жөне
етінің сапасын жақсарту. Жайылымдық жері мол аймақтарда мал семірткен
тиімді. Бұл кезде мал тәулік бойы жайылады. Жайып семіртілгсн мал 4-5 айда
100-150кг-ға ауырлайды, ол жас малдың бұған дейінгі салмағының 60-70
пайызы, ал сақайған мал 30-50 пайызға ауырлайды. Мал дұрыс жайылып
семіртілсе күніне 1000г-дай қосымша салмақ қосады. Жайылымда семірмеген
малды қосымша 1-2 ай бордақылау керек.Мал бордақылауға пайдаланылатын
негізгі азықтар: сыра, шарап өндірісінің қалдықтары малға жақсы
тамақ болады, бидайдың сабанында болатын дән сабағы, жүгерінің,
арпаның, бидай кебегінің жармалары, пішеннің түрлері, шалғын
шөп, қызылша қалдығысығынды, ащы сығынды, жаздық бидайдың сабаны,
сірне - азықтық сірне, крахмал сірне өндірісіндегі, дәнді астық
тұқымдастарынан дайындалған пішен, арпаның кебегі, жүгерінің
сүрлемі, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілер, дәннен
дайындалған жем, аралас құрама азықтар, күнжара майынан алған дән
қалдығы. Сығындыны малға беру үшін 5-12 күннің аралығында малды үйретеді.
Егер бордақылаудағы мал сығындысы, оңды жемесе, дәмдеп дәмін келтіріп
беру керек. Бордақылаудағы мал үшін рационда қыс кезінде: 40-50%
жемдік азық, 25-30% - ірі азық, 20-40% - шырынды азық. Ал
жаз кезінде, 35-40% - жем, 15-20% - ірі азық, 35-45% - көк шөп
т.б.Азықтандыру түрі рацион құрылысына байланысты: пішендік, сүрлемдік,
жемдік, сүрлем пішендік, сүрлем тамыр жемістілер, сүрлем сығынды,
сүрлем пішендеме жемдік, шөптік+шөптік сүрлем, шөптік жемдік
т.б.Минералдық азықтар: ас тұзы ұсақталған күйінде немесе қатты
түз түрінде бордақылаудағы мүйізді ірі қара малға 40-60 сиырға 50-60г,
сақа шошқаға 30-40г, жылқыға 20-40г, тайға 10-15г беріледі.
Алимжанов Б.О. (1961) мағлұматтары бойынша мал азығы, жемшөп - мал
азығына, яғни жемшөп қорына, мал жайылуына пайдаланылатын табиғи және екпе
жайылымдар мен мал азықтандыруға жұмсалатын, яғни жемшөп қорын
толықтыратын, табиғи және екпе шөп шабыстар, сонымен қоса мал азығын
дайындауға пайдаланылатын азықтық дақылдар мен олардан дайыңдалатын азықтар
мен түрлі азықтық қалдықтар мен қосыңдылар жатады. Жайылым оты (шөбі)
оларға малды жайғаңда немесе орып, алдарына салынып көк азық түріңде
пайдаланылса, шөпшабыс көгі шабылып, пішенге кептіріліп, жиналып, сақталып,
қысқы ірі, яғни қатайып іріленген азық ретінде пайдаланылады.
Арғынбаев X. (1969) деректері бойынша ірі қара өсіру қоңыржай
белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман,
орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі
қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын
дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және
етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда
да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл
шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе
қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында
таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал
шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына
АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
Арзуманян Е. А., Бегучев А. П.,Соловьев А. А., Фандеев Б.В. (1984)
зерттеулерінде сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен
халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік
Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт
өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше
көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті
болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі
қара саны өте аз. Оның басты себебі — ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын
цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу
өсіріледі. Ірі қара тұқымдары негізгі өнім түрлеріне байланысты ірі қара
тұқымдарын сүтті, сүтті-етті және етті бағытқа бөледі.
Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы (2011) деректерінде қолдағы сиырдың
сүттілігі алдымен оның дұрыс азықтандырылуына байланысты. Әрбір литр сүт
түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан өтеді екен. Ал
тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін тамырлары
арқылы 5-6 мың литрден астам қан өтетінін өсептеу қиын өмес. Осы қан
құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар
жеткізілуге тиіс қой. Ал олар қайдан алынбақ? Қан құрамына малдың ас қорыту
жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі. Сондықтан қан
мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жаңты толықтырылған
азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыруқажет.
Б.П.Завертяев (1986) деректері бойынша сауын сиырларға қызылшаны
тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Яғни
олардың жылдық қоры сиыр басына — қызылшаныкі 10—15 ц, ал картоптікі 5—10
ц. Тек қант қызылшасын қолданғанда ескеретін жайт — оның тәуліктік мөлшерін
сиырдың сүттілігіне орай бірнеше рет бөліп беру керек. Өйткені сиыр
организмінде лактаза ферменті азығынан қанттың көптеген мөлшері ыдырап
үлгермей, ашьш, көптеген іш газы пайда болады. Қызылшаны арнаулы қорада
(температурасы — 1-2°С) немесе әдөйі қазылған орда сақтайды. Тамыр-түйнек
жемістілер құрамында су көп болғандықтан (70—90%) олар жоғары температурада
нашар сақталып, ал —2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе ұрылып-соғылған,
қабығы түскен тамыр-түйнек жемістілер тез бұзыла бастайды. Сондықтан
сақтауға тек дұрыс қазылып алынған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-
түйнектілерді құмнан, батпақтан тазартып, сыртын кептіріп барып салады.
Малға берер алдында оларды тазартьш, турап, ал жас малға ыстың суға, буға
бөрттіріп береді. Көк азықтардың қоректік қасиеттерін қыста сақтап қалудың
тиімді жолы — сүрлем салу.
Байжұманов А.Б. (1990) айтуы бойынша іpi қарамалдың биологиялық
ерекшеліктері мен шаруашылыққа, экономикаға пайдалы белгілері. Сүтті, етті
және қос бағыттағы ipi қарамалдар экстерьерінің, интерьерінің және
конституциясының ерекшеліктері. Жекелеген дене мүшелерінің дамуы мен
интерьерлік ерекшеліктердің ішкі органдар қызметімен және өнімділігімен
байланысы. Дене құрылысының типі мен конституциясын бағалауды оқып үйрену
әдістері. Сүтті және eтті бағыттағы ipi қарамалдардың экстерьері мен
конституцияларына қойылатын қазіргі талаптар. Малдарға ен салу. Ipi
қарамалдың жоғары нерв жүйсі және оның эталогиядағы маңызы. Ipi қарамалдың
мінез-құлық әрекеттері.
Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.А., Байжұманов А.Б. (2006) тәжірибелік
жұмыстарында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағытындағы
мемлекет саясатының түрлі тиімді несиелер мен субсидиялау көрінісіндегі
қолдауы мал шаруашылығын дамыту мен асылдандыруға тың серпін беріп,
шаруашылық құрылымдарының ілгерілеуіне септігін тигізіп отырғандығын
анықтады.
Борисенко Е.В. (1984) ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру
бағдарламасының мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері жөнінде айтты.
Тауарлық табынды тұқымдық түрлендіру, еліміз бойынша шетелдік асыл тұқымды
ірі қара өсірумен шұғылданып жатырған шаруашылықтардың озық тәжірбиесі,
жетілдіру жолдары сөз етілді. Мал шаруашылығындағы тарқалмаған түйіндердің
бірі бруцеллез ауруымен күрес жолдары көрсетілді. Асыл тұқымды табынды
ұдайы өсіру, олардан төл алу, шаруа қожалықтарының қаржылық моделі, асыл
тұқымды ірі қара өсірудегі біздің табиғат өзгешеліктерімізге бейімдеу
мәселелерін зерттеді.
В. Ф. Зубрянов (1963) деректерінле малға азық дайындау кезінде азықтың
құрамында минералды заттар кальий сонымен қатар, Д витаминіне мұқтаждығын
қамтамасыз ету шарт екендігін айтты. Қазіргі кезде барлық витаминдердің
химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға
химиялық атау берілді, мәселен, А витамині — ретинол (ол жалғауы
молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді) деп аталады. Д витамині —
кальциферол деп аталады, яғни "кальций ионын, тасымалдайды" деген мағынаны
береді. Сол сияқты витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың
атымен атау кабылданған. Ол кезде "анти" деген қосымша жалғанады. Бұл
қосымша сәз болып отырған витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады
және одан сақтандырып жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині
антирахит витамині (рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-
құлаққа қарсы) витамин деп аталады т.с.с
Востриков Н.И., Бельков Г.И., Туников Г.М. (1988) деректерінде Сиырды
дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн.
Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт
камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары — үлкен қарын, жалбыршақ
және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді.
Всяких А.С. (1984) зерттеулерінде сиыр азықтандыруда мерзімдік азық
үлестерін жетіспейтін қоректік элементтер мен қуаттар бойынша теңестіру
мақсатында сондай ақ төл өсіру кезінде табиғи сүтті аздап немесе толық
алмастыру үшін арнайы таңдап алынған көптеген бөліктерден тұратын
зауыттарда дайындаған қоспалар құрама азықтар пайдаланады.
Д. А. Кисловский (1959) жүргізген тәжірибелерінің мәліметтері бойынша,
Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара бұзауларын 8 айлығына дейін
енесінен айырмай, орташа қарқынмен өсіргенде (тірілей салмағының тәуліктік
өсімі 750-800- ден 1000г-ға дейін), оларға жұмсалған құнарлы азықтар
енесінен айырғандағы тірілей салмағының 100кг-на шаққанда 0,8-0,85-тен 0,9-
1,2 центнерге дейінгі мөлшерде болған.
Д.Г. Прохоренко ( 1969) көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде, ет
бағытындағы ірі қара шаруашылығында төлді ерте көктем айларында алудың
тиімді екені, мұның емізулі сиырлардың жайылымға шыққан бойда-ақ
сүттілігінің 15-20%-ға артуына ықпал ететін, сонымен бірге N айлық
бұзаулардың тірілей салмағын 25-30кг-ға арттыратын көк азықты барынша көп
пайдалануына мүмкіндік беретіні белгілі болды. 8 айлығынан 18 айлығына
дейінгі ұрғашы баспақтар. Өсіп-жетілу кезеңінде ұрғашы баспақтар орташа
қондылықта болуы тиіс. Ағзасы арықтаған кездегідей, майдың шамадан тыс
жиналуы да ішкі органдар мен тіндердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Орташа тәуліктік салмақ өсімін 650-800г деңгейінде алу мақсатында, мал
басын толықтыруға арналған ұрғашы баспақтарды өсіру технологиясы мен
Қазақстанның табиғатын, сондай-ақ ауа райы ерекшеліктерін ескере отырып,
ҚазМШТҒЗИ ғалымдары Н.Ә.Жазылбеков., Қ.Қ.Құсайынов, (1997) оларды
азықтандыру үшін қажетті қуат, протеин, фосфор және күкірт мөлшерлерін
жасаған болатын.
Дүйсембаев К.И., Бегімбетова Г.С., Жүнісов A.M. (1995) бұрын
Қазақстанда ірі қараның басым көпшілігі жергілікті қазақы мал болды да,
солтүстік облыстардың кейбір аудандарында ғана қырдың қызыл сиыры, Жетісуда
және оңтүстік облыстарда швиц тұқымы мен қара ала тұқым малы өсірілді.
Қазақстанда отызыншы жылдардың басында герфорд, швиц, симментал, қырдың
қызыл сиыры және қара сиыр тұқымы көптен әкелінді де, олармен жергілікті
ірі қараны будандастыру кеңінен жүргізілді. Мал өнімділігі бірнеше
жағдайларға байланысты келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан тегі
оралады. Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды. Содан кейін тұқымдық
қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы
жағдайларға ең алдымен жас кезінде азықтандырып, күту жатады. Міне, осы
жайттарды ескере отырып, малдың шыққан тегі мен сырт пішініне қарап-ақ оның
келешектегі өнімділігін болжауға әбден болады. Сиырдың сүттілігін байқайтын
біршама ерекшеліктері болады. оны болашақ сиыр иелері жақсы білуге тиіс.
Сиырды сатып алардан бұрын оның шыққан тегін анықтап алу керек. Таза
тұқымды, мол өнімді малдан көбіне мол өнімді төл туады. Сонымен қатар, осы
малдан ілгерілікте туылған төлдің өсіп-жетілу барысын, өнімділігін, оның
азығын да ескергеннің артықтығы жоқ. Егер олар мол өнімді болса бұл бұқа не
сиырдың өз өнімділік қасиеттерін төліне жақсы дарытатындығын көрсетеді.
Қара малдың денсаулығы мен өнімділігі әр организмдернің өзіндік құрылысына
тән конституциялық ерекшеліктеріне байланысты келсе, сол ерекшеліктер оның
сыртқы дене пішіні мен тұлға ерекшеліктері – экстерьермен, сонымен тығыз
байланысты ішкі құрылыс ерекшеліктері – интерьерімен белгіленеді.
Изилов Ю.С. (1988) тағы басқа шет ел оқымыстыларының жүмыстары
дәлелдеп берді. 1896 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен
тамақтанатын адамдардың "бери-бери" ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған
немесе жартылай ақталған күрішпен тамак- тандырылғанда адамдар ол аурумен
ауырмайтынын байқады. Кейіннен Гопкинс (1906 жылы) күріш дәнінің сыр- тқы
қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың
болмайтындығын анықтады. 1912 жылы поляк оқымыстысы К.Функ ашытқыдан
витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл
затпен полиневрит аурымен ауырған көгершінді емдеп жазды.
Искакбаев Б.Б. (1996) ірі қараға жүргізген тәжірибесінде енесі
неғұрлым үлкен, эмбриондық уақыты ұзақ болған малдан ірі бұзау туады деген
тұжырымға келеді.
К.Ж.Каримов., А.Ә Төреханов., Ш.Д.Дәленов., Н.Ә.Жазылбеков. (2005)
зерттеулерінде асыл тұқымды мал зауыттары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары,
мал тұқымын асылдандыру станциялары мал тұқымын асылдандыру базалары болып
саналады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының басты міндеттеріне малдың
өнімділік және тұқымдық қасиетін жақсарту, өздерін және басқа өндірістік
шаруашылықтарды қамтамасыз ету үшін сапалы тұқымды мал өсіру жатады.
Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. (2006) зерттеу жұмыстарының нәтижесіне
қарағанда аудандастыру жоспарын жасағанда үш қағида басшылыққа алынады: 1)
халық шаруашылығына қажеттілігі; 2) мал тұқымының биологиялық және
өнімділік ерекшеліктері; 3) аймақтың табиғи-климаттық және экономикалық
жағдайы. Өзге тұқымдарға араластырмай, таза күйінде өсірілген малдың бағалы
қасиеттері сақталады.
Л.К.Эрнст.,Н.А. (1987) мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты
келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан тегі оралады. Бұл тұқымның
асылдығына келіп саяды. Содан кейін тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте
дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы жағдайларға ең алдымен жас
кезінде азықтандырып, күту жатады. Міне, осы жайттарды ескере отырып,
малдың шыққан тегі мен сырт пішініне қарап-ақ оның келешектегі өнімділігін
болжауға әбден болады. Ірі мал азығына орылып, дәні алынған сабан, топан да
жатады. Көк жүгері, күнбағыстың шырынын, яғни сөлін сақтау үшін оларды
сүрлемге, ал қиын сүрлемделетін бұршақ тұқымдастар (жоңышқа, беде, т.б.)
көгін пішеңдемеге салады.
Лобанов ВТ. (1988) мәліметтерінде Алатау сиыры ХХ ғасырдың 30—50-
жылдарында жергілікті сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен
ұрықтандыру арқылы алынған. Сиырларының басы үлкен, тұмсығы сүйірлеу,
кеудесі ауқымды, жалпақ, арқасы біртегіс келетіндігі анықталды.
Н. Ф. Растовцев И. И. Черкащенко. (1971) мал азығының қоректілігін
сипаттағанда тірі организмде зат пен энергия сақталу заңдылықтарының орын
алатынын ескеру қажет. Бұл заңдылықтарға сүиене отырып малға жегізілген
жемшөп қоректік заттар жоғары дәрежеде өндірілетін өнім қосындыларына
айналдыруға болады. Жоғарыды келтірілгне мал азығының қоректілігі
көрсеткіштерінің әрқайсысы азық қоректілігі мен құнарлылығының жеке
қырларын сипаттайды.Олардың әрқайсысының қоректенудегі өзіндік маңызы зор.
Н.В.Басовский., Н.В. Дмитрев. (1988) сүт өндіру бағытындағы ірі қара
өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған.
Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде
жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және
Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін
өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның
тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз.
П.Н.Кулешов ( 1890) ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді
көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы,
орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур . Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын
Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің
биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді.
Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында
біржола жойылып кеткен. Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала
маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен
Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға
қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа
елдері ерекше көзге түседі.
С.А.Рузский. (1997) қазіргі нарық экономикасы Қазақстанда өсірілетін
ірі қара малдың тұқымдық құрылымына ,олардың таралуына, бас санына және
өнімділік параметрлеріне белгілі бір талап қояды, олардың мемлекет
экономикасының құрылымындағы рөлін және мәнін өзгертеді. Тұқымды емес аз
өнімді мал саны елеулі көбейіп, біздің республикада шығарылған және ауа
райға бейімделген тұқымдар саны азайып бара жатыр. Республикадағы
бағытталған ғылыми және асыл – тұқым жұмысының нормативті базасының жоқтығы
және соған байланысты асыл тұқымды малдардың өнімділігінің төмендегендігі,
сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың өнімділік параметрлерін
анықтау тәсілдері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу актуалдығы мен
қажеттілігін тудырады. Ет және ет өнімдерінде адам ағзасына керекті көп
заттар бар. Олар: ақуыз, липидтер мен майлар, көмірсу минералды заттар,
витаминдер т.б., осы көрсетілген компоненттер адам ағзасына тез сіңіріледі.

Садықұлов Т.С., Ким Г.Л., Жазылбекова Р.А. (1997) зерттеу жұмыстарында
асылдандыру технологиясы сиырлардың аналық жасушаларын ұрықтандырумен
қатар, оны шексіз уақытқа сақтайды. Мал шаруашылығы мен ветеринария ғылыми-
зерттеу орталығының бас директоры Айбын Төрехановтың сөзіне сенсек,
қазірдің өзінде асыл тұқымды деген түліктің 6 миллион доза ұрығы сақтаулы
тұр. Қажет болған жағдайда ұрықтандырылған жасушаларды - эмбриондарды кез
келген қашарға салуға болады.
Сәтімбеков Р., Байжанов А., (2003) мәліметтерінде мал басын
асылдандыру үшін сырттан сиыр малын сатып алу қажет болмай қалатын түрі
бар. Өйткені ондай асыл тұқымды малды өз елімізде өсіре бастаймыз. Отандық
мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу орталығының мамандары ірі
қараны асылдандыруды эмбрион трансплантациялау технологиясы арқылы
жүргізуді қолданысқа енгізді. Аталмыш технология дамыған елдерде көптен
бері бар.
Төреханов А.Г., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. (2005) зерттеулерінде мал
тұқымын асылдандыру барысында аса бағалы асыл тұқымды мал алынып, белгілі
бір тұқымдық топқа жатқызылады. Тұқымдық мал зауыттарында, станцияларында
жаңа желілер, аналық ұялар, жаңа тұқымдар шығарылады. мал тұқымын
асылдандыру жұмысында, мұнымен қатар, шағылыстыру гибридтеу әдістері
кеңінен пайдаланылады.
Ф. Р. Кивкуцан (1963) деректерінде асылдандыру — малдың тұқымдық
сапасын жақсартуға, өнімділігін арттыруға бағытталған шаралардың біртұтас
жүйесі. Ол малды зоотехникалық тұрғыдан бағалау, тиімді белгілеріне қарай
таңдау, сұрыптау, жұптау, төлді дұрыс өсіру сияқты басты-басты жұмыстардан
тұрады. Тұқым жақсарту ережелері биологиялық әсіресе генетика
жетістіктеріне негізделеді. Mал тұқымын асылдандыру жұмысын жетілдіруге
бағытталған мемлекеттік шаралар тұқымдық мал көрмесін ұйымдастыру және мал
тұқымдарын әр түрлі аймақтар мен облыстар бойынша аудандастыру болып
табылады.
Я. Л. Глембоцкий Г. Я. Копиловская (1972) сияқты ғалымдардың пікірі
бойынша, ірі қараны арнайы ашық аланда бордақылап семіртуге болады. Мал
бордақылауға қойған кезде 1кг өсу салмағына шығындалатын еңбек шығыны,
жабық аландағымен салыстырғанда 2,5-4 есе азайып, өнімнің
өзіндік құны 60-65%-ке төмендейді. Бордақылауға 1-1,5 жастар бұқаларды
кәрі бұқаларды өнім бермейтін кәрі сиырларды, малдың тобын толтыруға
жарамайтын, бұзаулауға жарамайтын төлдерді бордақылауға қояды.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ірі қараны бордақылау алаңдарында бордақылау

Мүйізді ірі қара малдарды арнайы ашық алаңда бордақылап семіртуге
болады. Мал бордақылауға қойған кезде 1кг өсу салмағына шығындалатын еңбек
шығыны, жабық алаңдағымен салыстырғанда 2,5-4 есе азайып, өнімнің өзіндік
құны 60-65%-ке төмендейді.
Бордақылауға 1-1,5 жастар бұқаларды кәрі бұқаларды өнім бермейтін кәрі
сиырларды, малдың тобын толтыруға жарамайтын, бұзаулауға жарамайтын
төлдерді бордақылауға қояды.
Бордақылау малдардың – тұқымына, жынысына жасына, қоңдылығына қарай
бірнеше топқа бөледі. Арық өгіздерді семіртудің алдында жоғары сіңірімді
белоктық азықтармен қамтамасыздандырады. Бордақылаудың алдында малдардың
салмағын өлшейді, әрі қарай малдың салмағын ай сайын өлшейді. Жоспарлы
үстеме салмақ қоспайтын (привес) малдары жеке азықтандырылады.
Бордақылау дегеніміз – ет малын аз уақыт ішінде мейлінше азықтандыра
отырып, салмағын көтеру және етінің сапасын жақсарту.
Жайылымдылық жері мол аймақтарда мал семірткен тиімді. Бұл кезде мал
тәулік бойы жайылымда болады. Жайып, семіртілген мал 4-5 айда 100-150кг-ға
ауырлайды, ол жас малдың бұған дейінгі салмағының 60-70 пайызы, ал сақайған
мал 30-50 пайызға ауырлайды. Мал дұрыс жайылып – семіртілсе күніне 1000г-
дай қосымша салмақ қосады. Жайылымда семірмеген малды қосымша 1-2 ай
бордақылау керек.
Мал бордақылауға пайдаланылатын негізгі азықтар: сыра, шарап
өндірісінің қалдықтары малға жақсы тамақ болады, бидайдың сабында болатын
дән сабан, жүгерінің, арпаның, бидай кебегінің жармалары, пішеннің түрлері,
шалғын шөп, қызылша қалдығы – сығынды, ащы сығынды, жаздық бидайдың сабаны,
крахмал-сірме өнімдеріндегі, дәнді – астық тұқымдастарынан дайындалған
пішен, арпаның кебегі, жүгерінің сүрлемі, тамыр жемістілер мен түйнек
жемістілер, дәннен дайындалған жем, аралас құрама азықтар, күнжара майынан
алған дән қалдығы. Сығындыны малға беру үшін 5-12 күннің аралығында малды
үйретеді. Егер бордақылаудағы мал сығындыны, оңды немесе, дәмдеп дәмін
келтіріп беру қажет. Қосымша қоспа азықтар, жем, тұз қосылады. Сақа
сиырларды бордақылауға қою 60-90 күнге, ал төлдерді бордақылап семірту 120-
150 күнге созылады.
Мүйізді ірі-қара мал бордақылауды – семіртуді жеткілікті түрде,
пішінделмеген, сүрлемеген, жеммен де т.б. азықтармен ұйымдастыруға болады.
Малды берілген азық мөлшеріне қарай әр жерде сүрлеммен, жеміс
түбірлерімен, картоппен, көк қалдықтарымен бордақылайды. Кейде жайып та
семіртеді. Бордақылау мерзімі малдың жасына, берілетін азығына байланысты.
Жас мал 100-120 күнде, сақа мал 80-90 күннің ішінде семіреді.
Бордақылаудағы мал үшін рационда қыс кезінде: 40-50%-жемдік азық, 25-
30% - ірі азық, 20-40% - шырынды азық. Ал жаз кезінде, 35-40% - жем, 15-20%
- ірі азық, 35-40% - көк шөп және т.б.
Азықтандыру түрі рацион құрылысына байланысты: пішендік, сүрлемдік,
жемдік, сүрлем-пішендік, сүрлем-тамыр жемістілер, сүрлем-сығынды, сүрлем-
пішемдеме, жемдік, шөптік – шөптік сүрлем, шөптік жемдік т.б.
Малдың тірілей салмағын, қоңдылығын еркін жемдеу арқылы тез арада
жоғарлату. Бордақылау ұзақтығы малдың жасына, қоңдылығына байланысты.
Бордақыланған мал денесінде бұлшық ет және май көбейіп, сойыс шығымы
жоғарлап, еттің дәмділігі жақсарады. Әдетте ұрғашы бұзауларды тұқымға
қалдырып, еркек бұзауларды бордақылайды.
Егерде бордақылау 6-12 айлық аралығында өте жақсы азықтандырылған ірі
қара еті өте дәмді және жеңіл қорытылатын болып келеді.
Егер бұл кезеңде азықтандыру деңгейі төмен болса мал денесінде сүйек
шығымы ұлғайып, еті сіңірленіп кетеді. Ірі қараны бұндай жағдайға әкелмес
үшін, жазғытұрым қоректік заттарды көбінесе арзан жайылым отымен-ақ
қамтамасыз ету керек.
Жасыл жайылымда ертелікешкі салқынды пайдаланып жайса, бордақылаудағы
ірі қара тәулігіне 30-35кг көк балауса жеп, оған қосымша күнделікті 1,0-
1,5кг жем берілсе, жақсы тойынып, салмағы артады. Жақсы жайылым отына малды
дұрыс жол білсе жас мал 130-150 тәулікте салмағын 50-60%, ал сақа мал 100-
120 тәулікте 30-40% ұлғайтады. Табиғи жайылым оты тек ең арзан азық қана
емес, сонымен қатар мал организміне өте бай, биологиялық құндылығы жоғары
азық болып та табылады.
Жайылым отына семіртілген мал етінің өте дәмді келетіні сондықтан.
Жайылым өнімділігіне байланысты әрбір бақа 2-5гектар жер бөлінеді. Қажетті
мөлшерде ас тұзы жеткілікті беріледі. 6 айдан асқан бұқашықтар піштіріледі.
Қажетті жағдайда түнгі салқынмен жайған дұрыс. Жайылымда жеткілікті
салмақ қоспаған малға қосымша жем беріп бордақылайды. Әсіресе 18 айға
толмаған ірі қараның тек жайылым отына семіре қоймайтынын ескеру керек.
Оларға қосымша құнарлы азық ретінде арпа, сұлы, жүгері жармаларын, құрама
жем беріледі.
Ұзақ мерзімде (7-8 ай) бордақылауға қойылған ірі қараны етке 2,0-2,5
жасында салмағы 450-500кг жеткенде өткізіледі немесе сояды. Олардың еті
майлы, жоғары калориялы болып келеді.
Етке арналған ірі қараны Қазақстан жағдайында келесі рацион құрамымен
азықтандыруға болады: 6-9 айлықтарында бір басқа тәулігіне 9-10кг жүгері
сүрлемі, 2,5кг пішен, 1,3-1,5кг дән қалдықтары, 30г ас тұзы, 60г
үшкальцийфосфат; 9-12 айлықтарында – 14-15кг жүгері сүрлемі, 2кг пішен, 1кг
сабан, 1кг дән қалдықтары,, 40г ас тұзы, 80г үшкальцийфосфат; 15-18
айлықтарында – 25-26кг жүгері сүрлемі, 1кг пішен, 4кг сабан, 1,2кг дән
қалдықтары, 45г ас тұзы, 100г үшкальцийфосфат.
Бордақылаудың басқа уақытындағы алғашқы кезеңде малды бордақылау
рациондарына үйретіп, бордақылау жүргізілетін негізгі азықты көптеп жеуге
бейімдейді.
Азықтандыруды дұрыс жүргізбеуден ас қорыту жүйесінің анатомиялық
құрылысы мен жекелеген мүшелерінің қызметіне зақым келтіруі мүмкін. Олар
түрлі механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық себептерден туады.
Айталық, азықпен бірге енген бөгде заттармен (сым, шеге, әйнек, шыны, құм,
тас, т.б.) ас қорыту жолы зақымдануы мүмкін. Бұл бөгде заттар кейде ұзақ
уақыт ас қорыту жолында жатып қалып, кейде бірден тақия қарынды,
жалбыршақты, диафрагманы немесе басқа бөлімін зақымдауы мүмкін.
Топырақ, құммен ластанған азықтың сапасы күрт төмендеп, тіпті
азықтандыруға қолдануға жарамай қалуы мүмкін. Ластанған жемшөп асқорыту
барысын бұзады, қоректік заттар қорытылымын төмендетеді. Жемшөппен көп
мөлшерде енген топырақ пен құм ірі қара алдыңғы қарынының шиырылуын бұзып,
геомбыршықтан өтпейді де, малдың тәбетін, күйіс қайырылуын нашарлатпайды,
қарнын кептіріп, сүттілігін төмендетеді. Кейде тіпті малды өлімге
соқтырады.
Ірі қара ауыз қуысын ірі азықтық сабағы, астық тұқымдастардың
қылтанағы зақымдайды. Олар біраз тереңдеп кіріп, іріңді жара пайда болуы
мүмкін. Одан азық желінуі кеміп, мал өнімділігі төмендейді. Асқынған
жағдайда актиномикоз ауруына соқтырады. Оның емдеуі күрделі. Сондықтан
қатты сабақты немесе қылтанақты азықты алдын-ала өңдеуден кейін малға
жегізу керек. Мысалы, топан аралас сабанды кальцийлендіріп немесе көк
азықпен бірге сүрлемге салып (30% дейін) жұмсартады. Оларды комбайыннан
өткізіп, буландыруға да болады. Қылтанақты дақылдардан пішендеме дайындап
немесе оларды түйіршектеуге болады.
Біздің Алматы облысы Шелек ауылындағы Сарбұлақ мал бордақылау
кешенінде жүргізілген зерттеулеріміз қатайып кеткен ірі азықтарды (қамыс
пішені, сабан, т.б.) гидротермиялық әдіспен өңдеп жұмсару арқылы, ірі
қараны актиомикоздан сақтандыруға болатынын көрсетіп отыр.
Малды азықтандырудағы жарақаттардан сақтандыру үшін оларға берілетін
жемшөпті алдын-ала тазартып, жұмсартады. Топырақ шаң-тозаңнан оларды
желдетіп, тазартса, металл қосындыларынан магниттік қондырғыдан өткізу
арқылы тазартады. Өңешке, қарынға енген металл қалдықтарында магниттік зонд
арқылы алуға болады. Онымен алынбаса руменотомия жүргізеді. Ең негізгісі –
Мао азығын таза дайындап сақтауда. Азық сақталатын және мал жайылатын
жерлерді қоқыстандырмау қажет. Жемшөпті бууға, қаптауға қолданылған
заттарды мұқият жинап алады.
2.2. Бордақылаудағы малды азықтандыру

Бордақылаудағы малды байлап, тәулігіне 3-4 рет азықтандырады. Күніне
тәбетін көтеру үшін серуендетіп тұрады. Бордақылау орны құрғақ болуы керек.
Асты сызданса бордақылаудағы малдың салмақ қосуы 25-30% төмендейді.
Сондықтан оларға берілетін азық мөлшері қажетсіз көбейеді. Малды
бордақылауда олардың өсуінің биологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. 1,5
жасқа дейінгі жас малдың бұлшық еттерін ұлғайту энергиясы өте жоғары
келеді. Осы кезеңді пайдаланып, ұшаның бағалы жерлерінің – арқа, бел,
жамбас, сан бұлшық еттерін өсіруге тырысу керек. Кейіннен олардың өсу
энергиясы бәсеңдеп, денеде байланған май мөлшері ұлғая түседі. Май
негізінен тері астында емес, бұлшық ет аралығына байланса ет дәмді
мраморлы яғни, бір ет, бір май болып келеді.
Ірі қара малының әрбір килограмм салмағына 10-12 азық өлшемін
жұмсайды. Оның үстіне салмақ қосу деңгейінде жоғары калориялы май байлану
дәрежесі басым екенін ескерсек, оларды өте тез – 80-90 тәулікте бордақылау
қажеттігін байқаймыз. Ірі қара мал етінің калориялығы жоғары болғанмен, жас
малдың етімен салыстырғанда белогы аз болады. Етін жұмсартып дәмділігін
арттыру үшін бордақылау үстінде берілетін негізгі азық көлемін соңғы
кезеңде 20% азайтып, орнына түрлі құнарлы азықтар (жақсы пішін, дәмді азық)
қосады.
Жазғы уақытта ірі қара бордақылау керек болса, көк азықтар – жас
жүгері паясы, беде, жоңышқа, бұршақ, сұлы, күздік, беде, жоңышқа, бұршақ,
сұлы, күздік қара бидай және т.б. пайдаланылады.
Ірі қара малын өсіп-жетіліп, одан мол өнім алынуы үшін оның дұрыс
азықтандырылуы басты шарт. ол үшін сиыр организміне қандай қоректік заттар
қаншалықты мөлшерде қажет екендігін білу керек. Себебі, бұл қажетті
қоректік заттар малдың жасына, өнімділік бағытына, тұқымына байланысты.
Сиырға берілетін азықтарды олардың қоректілігіне, құнарлығына және
басқа қасиеттеріне қарай ірі, шырынды және жем азықтар деп бірнеше топқа
бөледі.
Ірі азықтарға организмге сіңуі біршама қиын, құрамында клечаткасы көп
пішен, топан сияқты азықтар жатады. Шырынды құрамында көк шөп, сүрленген
шөп, тамыржемістілер мен тамыртүйнектілер және т.с.с. жатады.
Жемазықтар қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Жемге: сұлы, қара
бидай, арпа, тары, жүгері, т.б. дәндері жатады. Өндіріс қалдықтарынан:
кебек, күнжара, кептірген жом, т.б. жатады.
Соңғы кездері құрама жем өте маңызды орын алып келеді.
Бұл бірнеше азықтардан, әсіресе, әр түрлі жемдерден аралстырылып,
дайындалады.
Ірі қара малына жем-шөп бергенде тұз, бор, сүйек ұны және сол сияқты
минерал азықтарды да қосып береді.
Азықтың қоректік бағы оның құрамындағы кездесетін заттардың мөлшеріне
байланысты болады. мал азығының құрамына: қоректік заттардан белок, май,
минералдық заттар, углеводтар, витаминдер кіреді.
Кейбір азықтардың құрамындағы су 75-80%-ке дейін жетеді. Азық
құрамында су көп болса, оның қоректік құндылығы кем болады.
Белок – мал азығындағы қоректік заттардың ең бастысы. Белок малдың
тіршілігіне, жас малдың өсуіне, ірі малдың ет құрауына қажет. Белок
жетімсіздігін басқа қоректік заттардың ешқайсысы алмастыра алмайды. Ал
малға азық бергенде белоктың организмге сіңірілген мөлшері ғана яғни
қорытылатын протеин мөлшері ғана есепке алынады.
Май – мал азықтарында, сондай-ақ жануар организмінде де болады.
Жемшөппен бірге қабылданған малдарды мал өз денесінің, сүтінің майына және
белгілі мөлшерін жылуға айналдырады. Бірақ, мал азықтарында май аз, тек
майлы дақылдарда ғана көп болады.
Минералдық - үстеме азықтар (ас тұзы, кәдімгі және йодталған тұз,
сүйек ұны, микроэлементтер тұздары және т.б.) жануар организмнің түзілуіне,
әсіресе, сүйектің түзілуіне жұмсалады.
Углеводтар – құрамына қант, крахмал, клечатка кіреді. Жануар
организмінде углеводтар мен май жылудың пайда болуына жұмсалады. Крахмал,
қант, әсіресе, картопта, қызылшада, т.б. көп болады. Пішенде, сабанда да
клечатка басым келеді.
Витаминдер – мал азықтарында өте аз болады. Осыншалық аз болуына
қарамастан малдың өсуіне, денсаулығына, төлдеуі үшін қажет. Егер малдың
жеген шөбінде витаминдер болмаса мал ауруға шалдығады. Витаминдер
организмге жеткілікті болу үшін малды жазда, өрісте көп жаю керек, өйткені
көк шөпте витаминдер мол болады. Қыста, мал қолда тұрғанда, жақсы сапалы
пішен, шырынды азықтар беру керек.
Азықтарды түр-түріне бөліп, олардың қоректік құндылығына қарай
жіктеумен қатар, олардың қоректік құндылығына қарай жіктеумен қатар,
олардың сапасына да баса назар аударылады. Сабан. Сабанның қоректілігі
қандай дақылдың сабаны екендігіне және сақталу жағдайына байланысты.
Әсіресе, сұлы, арпа, жүгері, т.б. дақылдардың сабандарының қоректігі жақсы
деп есептеледі. Жаздық егін дақылдары сабандарының, күздік егіндердің
сабандарына қарағанда белогы көп, клечаткалары аз болады. Сабан неғұрлым
ірі және қатты болса, ол малға соғұрлым жағымсыз келеді. Жақсы сабанның
түсі ақшылдау, ажарлы және жылтыр болады.
Топан сабанға қарағанда қоректілігі жақсы азық ретінде белгілі.
Әсіресе, сұлының топаны бағалы деп есептеледі. Топан көп жатып қалмағаны
жөн. Жауынды күндері жиналған егіннің топаны су сіңді болып қалады да, тез
бұзылады.
Шөптің сүрлену сапасын оның иісіне, реңіне және түріне қарап
бағалайды. Жақсы сүрленген шөптің нан ашытқысының иісіндей ашыған хош иісі
болады. Сүрленген шөптің бастапқы түрі мен түсі көп өзгермей сақталады.
Бұзылған, нашар сүрленген шөптің түсі қарауытып мұрын жарып кетерліктей
ашыған иіс болады.
Тамыржемістер мен тамыртүйнектер шырынды азықтарға жатады.
Тамыржемстер құрамында су мол, белок аз болады. ол малға сіңімді азық
ретінде белгілі.
Тамыржемістерден әсіресе пайдасы мол азығына арналған қызылша, сәбіз
және басқалар жатады. Малға берілетін тамыржемістер мен тамыртүйнектердің
шірігендері, көгергендері болмауы тиіс.
Азық түрлерінің бірі астық дәндері мал азығының ішіндегі ең құндысы.
Жем есебінде астық дәні берілетін боса, онда:
а) дәннің толықтығын ескеру қажет;
б) иісі бұзылғандығын білдіреді;
в) дәннің реңіне, жылтырлығына назар аудару керек. Дән жылтыр емес ала-
құла дақты болса, бұлар да оның бұзылғандығының белгісі.
г) тазалығына қарау керек. Құм, топырақ, шаң, тас, кесек, шөп-шалаң
болса, жемнің сапасын, құндылығын төмендетеді.
Кебек – жем есебінде малға өте жақсы азық. Таза дәннің өзіне қарағанда
кебектің түсі ақ немесе күрең болып келеді. Түсі қарайып, қоңыр тартқан,
дәмі ашқылтым, нашар иісті болса, кебектің бұзылғандығы.
Ет бағытындағы ірі қара шаруашылығындағы барлық жемшөп шығынының 45-
50%-ы аналық бастардың үлесінде. Сондықтан да, бүл саланың, тұтастай
алғанда пайдалы болуы көбінесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік шаруашылығының негіздері
Тыңды жаппай игеру жолындағы бүкілхалықтық күрес
Табиғат қорларының кешенді пайдалануы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1990ж.)
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанда халық шаруашылығы мен мәдениеті
Аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы
Минералдық қорлар
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің тарихы
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабай Шаяхметов
Пәндер