Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды
өткізудің әдістемелік ерекшеліктері
1.1 Биология пәнінен зертханалық және практикалық
сабақтардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Биология пәнінен зертханалық, практикалық сабақтардың айырмашылығы
2.1 Биология пәнінен зертханалық, практикалық сабақтар өткізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Биология әніненп зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің тиімді тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Биология ғылымы - эксперименталдық ғылым. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық және практикалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық, практикалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық, практикалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймыз. Қазіргі таңда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің жалпыға бірдей қабылданған жан-жақты әдістемесі жоқ екендігін айта кеткеніміз жөн. Дегенмен, іс жүзінде шағын жинақты мектепте зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге толық жағдай жасалмағандықтан, оларды ресурстық орталықтарда өткізу ге мүмкіндік жасалып отыр.[1]
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесеқушылардыңо іс -әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес. Зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу кезінде бұрыннан келе жатқан сабақ жоспарының модельі сақталғанымен, сабақ барысында әр ұстаз өзінің шығармашылық даму деңгейіне қарай мүмкіндігінше түрлендіріп отырады. Практикалық жұмыстар оқушылардың әртүрлі проблемаларды шешу жолдарын іздестіруіне үмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады.
Практикалық жұмыстар коммуникативтік, ақпараттық және проблемаларды шешу сияқты түйінді құзіреттіліктерді шешуді қамтиды. Сондықтан практикалық жұмыстарды өз мәнінде ұйымдастыру оқушы білімінің сапасын көтеруге көмектеседі және шығармашылықпен, ғылыми жұмыстармен айналысатын оқушылардың дараланып шығуына ықпал жасайды. Биология сабақтарында практикалық жұмыстарды орындатуды түрлендіріп өткізуге әртүрлі бағытта ұйымдастыруға болатындығын баса айтқым келеді.
Биология пәнінен оқытуда зертханалық және практикалық сабақтардың маңызы өте зор. Жүйелі жүргізілген практикалық жұмыс оқушының ойлау қабілетін дамытып, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.
Биология пәні нен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу барысында МЖББМС (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Жаратылыстану білім саласы п әндерінің оқу бағдарламаcы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген), жалпы білім беретін мектептер туралы нормативтік құжаттар, Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыру Ережесі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылдың 17 қыркүйегіндегі №375 бұйрығы) басшылыққа алынады [1-3]. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін барлық бақылаулар мен зерттеулер жүйелі және жоспарлы түрде жүргізіліп, жұмыс мақсаты нақты және оған қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек. [2]
Зерттеу жұмысының мақсаты: Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесімен танысу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемелік ерекшеліктеріне сипаттама беру;
oo Биология пәнінен зертханалық, практикалық сабақтардың айырмашылығын анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

сабақтардың маңызы
Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітілген. ШЖМ оқушылары үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) 3 - 10 күннен (сессия) тірек мектептерінде білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектепте оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Тәжірибе көрсеткеніндей, ресурстық орталықтарда биология пәнінің 4 мұғалімі зертханалық, практикалық сабақтарда зерттеу әрекеттерінің түрлі формаларын шебер үйлестіре білуі маңызды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
1. Жануарлар мен өсімдіктерге бақылау жүргізу, ағзалардың тіршілік функцияларын оқып үйрену;
2. Ресурстық орталық жанындағы тәжірибелік - практикалық жұмыстар;
3.Табиғатта жүргізілетін бақылаудың көмегімен жергілікті биоценоздардың флорасы мен фаунасын оқып үйрену;
4. Фенологиялық бақылау жүргізу;
5. Түрлі тақырыптар бойынша көрнекіліктер әзірлеу;
6. Ойындар, ертеңгіліктер, кештердің тақырыптық жоспарларын құру;
7. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
8. Тәжірибенің жаңа нұсқасын әзірлеу;
9. Тәжірибенің қойылу әдістемесіне өзгерістер енгізу;
10. Жаңаларды қолданып биологиялық оқу жобасын құру;
11. Практика, зертханалық тәжірибелерінің мультимедиялық презентацияларын сабаққа көрнекілік ретінде әзірлеу;
12. Күрделі биологиялық және экологиялық үрдістерді компьютермен модельдеу;
13. Компьютерлік программалар арқылы саяхаттау кезіндегі кездейсоқ жағдайлардан шығуға түрлі ойындар әзірлеу;
14. Оқулықпен жұмыс: жаңаны үйрену, кестелермен жұмыс;
15. Үйлестірмелі материалдармен жұмыс;
16. Қосымша әдебиеттермен жұмыс;
17. Өтілген тақырыптар бойынша тірек-сызбалар әзірлеу;
18. Сабаққа қосымша материалдардардан хабарламалар әзірлеу;
19. Ғылыми практикалық конференцияларға, семинарларға баяндамалар әзірлеу. Мұғалімнің мақсаты: биология бөліміндегі зертханалық, практикалық сабақтарды жоспарлап өткізу. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық және практикалық сабақтың оқушы үшін тиімділігі төмендегідей:
1. Оқушы тақырыпқа байланысты ауызша алған түсінігін тәжірибе жасау арқылы толық меңгереді.
2. Алған білімін іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
3. Мұғалімнің түсіндіруі арқылы алған біліміндегі маңызды құбылыстардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап мәнін терең түсінеді.
4. Зертханалық жұмыс істеу тәсілдерімен әдістерін игереді.
5. Сабақта танысқан өсімдіктердің ішкі құрылысын, дене бөліктерін толық ажыратуға дағдыланады.
6. Зертханалық, практикалық сабақ барысында оқушылардың биология ғылымының салаларына деген қызығушылығы артады.
7. Зертханалық, практикалық жұмыс кезінде пайдаланатын құрал - жабдықтармен жұмыс жасау тәртібімен танысып, үйренеді.
8. Зерханалық, практикалық жұмыс барысында оқушылар еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді және әсемдік тәрбие беріледі. [6]
9. Бақылау сұрақтарына жауап береді.
Зертханалық сабақтардың жүру барысы:
1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.
2. Керекті құрал - жабдықтар.
3. Жұмыстың барысы.
Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп, оларды сабаққа қалай пайд алану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша түсінік береді.
4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі туралы айтады.
5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.
6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді. Практикалық сабақтың кезеңдері:
1. Жұмыстың мақсатын ескертетін мәселе қою;
2. Техникалық және ұйымдастыру жөніндегі инструктаж;
3. Жұмысты орындау (анықтау, бақылау, тәжірибе қою);
4. Нәтижесін бекіту;
5. Қойылған мақсатқа сай қорытынды;
6. Есеп немесе өз жұмысы туралы хабарлама. Әрбір практикалық жұмыста мынадай кезеңдерді атауға болады:
1. Алдын - ала зерттеу сипатындағы жұмыстар.
2. Практикалық түсінікті бекітетін ары қарай істелетін жұмыстар.
1.2 Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру
Биология әніненп зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру - өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады . Биология оқу - биосфераны қорғау азаматтың тіршілік етуі ғана емес, бүкіл тіршіліктің (оның ішінде адамда бар) сақталуы және дамуы үшін аса қажет жағдай екенін сезінуге әсерін тигізеді.
Білім мазмұны жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымызда Қазақстан Республикасының жалпы орта білім және білім мазмұнының тұжырымдамаларын, жаңа базистік оқу жоспарын құрастыру кезінде орталықтан басқарылатын білімнен бас тарту және оның үрдістік және дамытушылық жағына, өз бетімен білім алу тәсілдеріне басымдылық беру көзделген [1]. Осы стандарт негізінде әзірленген Биология пәніннің оқу бағдарламасында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми көзқарасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай көңіл бөлінген. Оқу пәнінің білім мазмұны Жалпы биологияны оқытуға бағытталған бөлімдер мен тақырыптырды, практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында, қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтау мәселелері негізінде зертханалық жұмыстар берілген. [6]
Биология пәнінің оқу бағдарламасында зертханалық және практикалық жұмыстардың тақырыптары әр сыныпқа анық көрсетілген. Атап айтсақ:
6-сыныптағы базалық білім мазмұны келесі зертханалық және практикалық сабақтардан тұрады.
Зертханалық жұмыстар:
1. Споралы және тұқымды (ашық тұқымды және жабық тұқымды) өсімдіктермен танысу: көкек мүгі, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, қызанақ;
2. Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу; Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепаратын даярлау; Осы микропрепараттарды ұлғайтқыш құралдар арқылы, қарап өсімiдік жасушасының құрылысын зерттеп білу;
3. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу;
4. Түрлі өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың). Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау. Тамырдың түрөзгерістері;
5. Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы. Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу. Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түр өзгерістері. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды табу. Тамырсабақтың түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау;
6. Гүлдің құрылысы мен танысу. Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру;
7. Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу;
8. Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы. Мүктердің сыртқы құрылысы. Қырықжапырақ тәрізділердің сыртқы құрылысы. Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы. Қылқанжыпырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу. Шаршыгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Лалагүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Пияз тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Астық тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы;
9. Пішен таяқшасы бактериясын микроскоп астында қарап, сыртқы құрылысымен танысу. Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын микроскоп астында қарап құрылыс ерекшеліктерімен танысу;
10. Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу. үтікшеліТ және қатпарлы қалпақты саңырауқұ лақтардың жемісті денесінің құрылысы. Қабық (қаспақ) тәрізді қынаның жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу. Қыналардың екі-үш өкілдерінің құрылыс ерекшелігімен танысу.
Практикалық (сарамандық) жұмыстар:
1. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемдегі жұмыстары;
2. Мектептің тәжірибе учаскесі үшін тұқымдар таңдап алу және көшеттер өсіру;
3. Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде және мектеп айналасында өсімдіктер бірлестігін құрастырып, оны жабдықтау бойынша жүргізілетін көктемгі жұмыстар. Бөлме өсімдіктерін өктемгі күтіп -баптау жұмыстары. Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар. Жылдың күзгі мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі.[6]
7-сыныптағы зертханалық жұмыстар.
Зертханалық жұмыстар:
1. Ашық су қоймасынан не аквариумнан алынған су тамшысын микроскоп астында қарап, қарапайымдардың өкілдерін табу;
2. Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеп білу және салыстыру. Тоспаұлудың (немесе жүзім ұлуының) қозғалу ерекшелігін, сыртқы тітіркендіргіштерге жауапқайтару реакциясын бақылау. Бақалшағының пішінін, оның сыртқы және ішкі қабаттарының құрылысын қарап зерттеу. Әртүрлі тұщы су және теңіз ұлуларының бақалшақтарын салыстырып зерттеу;
3. Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы. Жеміс шыбыны дрозофиланың дернәсілін және ересек дарағын қарап, оның құрылыс ерекшеліктеріне назар аудару. Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянкес бунақденелілерді ажырата білу;
4. Сулы ортадағы тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысына назар аударып зерттеу.Қабыршақтарындағы дөңгелектеу келген сызықтарға қарап балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын қарап зерттеу. Балықтың ішкі құрылысына қарап мүшелерін анықтап табу, олардың орналасуына назар аудару;
5. Тірі бақаларға бақылау жүргізу. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеп білу. Қаңқасының ерекшелігіне назар аудару. Даяр ылғал препараттан бақаның ішкі құрылысына қарап мұқият зерттеу;
6. Тірі кесірткенің қозғалысын, басқа да тіршілік әрекеттерін бақылау (улы емес жыландарды немесе тасбақаларды бақылауға болады). Олардың сыртқы құрылыстарына назар аударып зерттеу. Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру;
7. Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы, қауырсындарының әртүрлі типтері. Құстардың қаңқасы, ішкі құрылысы (ылғалды препарат). Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу;
8. Аңдардың тіршілігін бақылау. Сыртқы құрылысын, қаңқасының құрылыс ерекшелігін зерттеп білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын қарап танысу.
8-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық жұмыстар.
Зертханалық жұмыстар:
1. Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе Ұлпалардың құрылысы атты электрондық нұсқаны көріп танысу;
2. Тізе рефлексін зерттеу. Терінің тітіркенуі кезінде жолақтардың түзілуін бақылау: вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерінен терідегі қан тамырлары тарылып теріде ақ жолақтар көрінеді, ал одан кейін байқалатын қызыл жолақтардың парасимпатикалық бөлімнің әсерінен қан тамырларының кеңеюіне байланысты жүреді. Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және оның тежелуі;
3. Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау. Соқыр дақты табу. Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау. Саусақтардың ұшындағы төмпешіктердегі және сыртқы бетіндегі сезімталдықты анықтау;
4. Кальцийсіздірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу. Омыртқа жотасының иілгіштігін, бұлшық еттер мен сүйектерінің орналасуын анықтау. Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау;
5. Адам қанын микроскоп астында қарап, құрылысымен танысу;
6. Жарақаттанған саусақты қатты қысып байлау себепті веналық қақпақшалар жабылып, қолды төмен түсіргенде саусақтың веналық қан тамырларында қан айналым тоқтайды. Тамырдың соғуын қолдың білезігінен кәрі жілік артериясын саусақпен басып өлшейді. Жүрек қан-тамырлар жүмысын тексеру үшін адамды 20 рет отырғызып-түрғызудың алдындағы және одан кейінгі тамыр соққыларын салыстырып анықтайды;
7. Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсерін байқау;
8. Тамыр соғуының санына сәйкес шамамен энергия жұмсау мөлшерін анықтау. Тамақтану мөлшерін анықтау, тамақ рационын құру;
9. Еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін бағалау;
10. Қолдың алақанын және сыртқы бетін ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қарап зерттеу. Терінің терморецепторларын (суық және жылу), жанасу рецепторларын табу. Майлық қағаздың көмегімен беттің түрлі учаскелеріндегі терінің майлылығын анықтау.
Практикалық (сарамандық) жұмыстар:
1. Тыныс алу тоқтап қалған кезде алғашқы көмек көрсету.
9-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық жұмыстар.
Зертханалық жұмыстар:
1. Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі;
2. Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз. Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы. Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу;
3. Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық сызығын құрастыру. Организмдердің өзгергіштігі; Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері;
4. Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері;
5. Организмдердің мекен ортасына бейімделуі. Өсімдіктердегі ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар.
Практикалық (сарамандық) жұмыстар:
1. Қарапайым генетикалық есептер шығару, Өз ататегіңе шежіре құрастыру.
10-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық жұмыстар (қоғамдық-гуманитарлық бағыт).
Зертханалық жұмыстар:
1. Эукариоттық (өсімдік, жануар,саңырауқұлақ) және прокариоттық (бактериялық) жасушалардың құрылысы;
2. Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық (бактериялар) жасушалар;
3. Өсімдік фенотиптерін зерттеу.
Практикалық (сарамандық) жұмыстар:
1. Генетикалық есептер шығару.
11-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық жұмыстар (қоғамдық-гуманитарлық бағыт).
Зертханалық жұмыстар:
1. Мәдени өсімдіктердің іріктемелерінен өзгергіштікті, қолдан сұрыптаудың нәтижесін, түр критерийлерін зерттеу;
2. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу.
10-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық жұмыстар (жаратылыстану-математикалық бағыт).
Зертханалық жұмыстар:
1. Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық (бактериялар) жасушалардың құрылысы;
2. Пияз эпидермисінің жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарын бақылау;
3. Өсімдік жасушаларындағы цитоплазманың қозғалысын бақылау;
4. Өсімдіктер мен жануарлардағы өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру;
5. Өсімдік фенотиптерін зерттеу;
6. Шежіре құру.
Практикалық (сарамандық) жұмыстар:
1. сарамандық жұмыс, генетикалық есептер шығару.
11-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық жұмыстар (жаратылыстану-математикалық бағыт).
Зертханалық жұмыстар:
1. Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың нәтижесін,түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу;

Ескерту: Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады . Зертханалық, практикалық сабақтар мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіру бағытында жүргізіледі, егер оған сағат бөлінбеген болса, тарауды қорытындылау кезінде өткізуге болады.
Биология пәнінің басты міндеттерінің бірі - оқушыларға материалистік көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастыру. Себебі пәннің мазмұны тіршіліктің пайда болуы, дамуы және мәні заңдары негізінде берік моральды , өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды қылықтар мен әрекеттерге төзе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Тек биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру арқылы ғана, дұрыс ұйымдастырылған нақты мақсатты сабақтар өткізу, сабақ әдістерін жетілдіру нәтижесінде терең де дәйекті түрде адамның табиғаттағы рөлін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өмірлеріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар - оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, оқушылардың ойын дамытады,өз бетінше іздеп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқушыны өз бетімен жұмыстандыру идеясы сонау ерте заманнан -ақ Аристотель, Сократ, Платон сияқты философтардың еңбект ерімен талданған . Ары қарай дамуына Я.А. Коменский, В.Г. Белинский, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде жалғасын тапты. Өз бетімен жұмыс түрлерінің бірі - зертханалық, практикалық жұмыстар.
Зертханалық сабақ пен практикалық сабақтар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық және практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі.[10]
Практикалық (сарамандық) жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушыларға теориялық білімді терең меңгеріп, эксперимент жасау дағдыларын дамыту. Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау - анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы. Бұл сабақтар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты өткізіледі. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінде қолданылады.
Практикалық жұмысқа оқушылар алдымен теориялық білім алғаннан кейін ғана кірісе алады. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.
Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе ұппенж орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары практикалық және зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады . Практикалық жұмыс мектеп шеберханаларында, оқу тәжірибе учаскілерінде өткізіледі. Ал, зертханалық сабақтар биологиялық кабинеттер мен зертханаларда жүргізіледі.
Оқу-тәжірибе учаскісінде оқушылар өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізіледі, одан алынған мәліметтерді күнделікке жазып отырады. Тәжірибе жұмысы аяқталғаннан кейін күделікті биология кабинетіне тапсырады. Күнделік мәліметтері ботаника сабақтарында пайдаланады. Оқушылар практикалық жұмыстарды толық қамтылған ресурстық орталықтың базасындағы арнайы зертханалық сыныптарда немесе компьютер арқылы виртуалды зертханалардаүрліт тапсырмаларды орындайды. Мәселен, өсімдіктердің көбеюі, тозаңдануы және т.б.
Биологиялық білім берудің мақсатын, тіршілік турасындағы осы білімнің құрылымын және жекелеген пәндерге жіктелуін (ботаника, зоология және т.б.), ғылыми білімге тұтастық пен жүйеліліктің не беретінін біліп алмай оны (биологиялық білімді) жетілдіру жолдарын іздестіру мүмкін емес. Ғылым мен мәдениеттің өзара әрекеттестігі белгісіз болса, онда биологиялық білімнің (білім берудің) бетін қазіргі мәдениетке қарай бұру мүмкін емес.
Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру үшін теорияның, әдіснаманың, әлем бейнесінің байланыс жолдарын, олардың өзара әрекеттесуі формалары мен тәсілдерін білу маңызды.
Оқыту практикасында оқытудың әртүрлі әдістері қалыптасты. Негізгі белгілеріне қарай, оларды:
1) Оқушының білімді алатын көзі;
2) Мұғалім әрекетінің сипаты;
3) Оқу процесіндегі оқушы әрекетінің сипаты.
Осы 3 белгі оқыту мен оқудың біртұтас процесс екенін көрсетіп, мұғалім мен оқушының өзара байланысын қамтамасыз етеді. Ал білім көзі екеуінің өзара әрекетіне байланысты.
Әдістердің негізгі белгілеріне сүйене отырып әдістер тобын талдап алуға болады. Осы әдістер тобынан оқытушылар оқушыларға білім көзін жеткізетін әдістерді таңдайды. Зертханалық және практикалық сабақтарда әдістердің түрлері:
- Білімді берудің негізгі көзі - көрсету. Оқытушының зат пен құбылысты демонстрациялап көрсетуі болады, екінші орында - бағыттап түсіндіру.
- Білімнің негізгі көзі - байқауда. Бұл жерде оқушының әрекеті демонстрациялайтын объектіні не процестіөріпк қабылдауға бағыттайды.
Оқушы өзінің жауабында нені байқағанын айтады. Кейде өсімдік пен жануарларды демонстрациялап, не таблица қылыар әңгімелеп айтады. Бұл жерде сөз түріндегі тыңдағаннан көрі өте қысқа болады.
- Ең соңында білімді жеткізудің практикалық - әдісті пайдалану арқылы беріледі. Оқушылар нұсқау арқылы өзбетінше тұқымның, жемістің құрылысын қарайды немесе қоршаған ортаны ластаушы механикалық бөлшектерді микроскоппен қарап, фракцияларға бөліп: тозаң ба? өсімдік қалдығы ма? я тұздар ма? түрі анықталып, мөлшері белгіленеді.
Әртүрлі жағдайда жұмыс жүргізе отырып жаңа білім, білік алады. Олар кейін автоматты түрдегі әдетке айналады.
Оқушылардың практикалық әдіс кезіндегі әрекеті зерттейтін (пинцет, лупа, микроскоп, жабын әйнек және т.б.) және өндірістік еңбекті пайдаланылады.
Оқытушының сөзі бұл жерде: жұмыстың мақсатын түсінуге, қандай теориялық білімді пайдалануға болатындығына нұсқаулар беруге қажетті.
Кейбір жағдайды практикалық жұмыстарды жүзеге асыру үшін мұғалімнің айтуы, нұсқауы мен әдебиеттерді (анықтамаларды т.б.әдебиеттерді) негізгі білім көзіне пайдалануға болады.
Сонымен білім көзінің қай түрінің сипаты негізгі болуына қарай, оқытушы мен оқушының әрекетіне қарай негізгі оқыту әдістері 2 топқа немесе туысқа бөлінеді:
1. Көрнекілік әдіс.
2. Практикалық әдіс.
Көрнекілік әдісте білім көзі: көрнекті объект, оқытушы көрсету арқылы білім береді. Оқушының меңгеруі байқау арқылы жүзеге асырылады. Ал, практикалық әдісте білім көзі практикалық жұмыс, оқытушы нұсқау арқылы білім береді. Оқушының меңгеруі жұмыс жасау арқылы жүзеге асырылады.
Бұл топтағы бірбірімен туысқан әдістердің де түрлері бар. Натуралды объектілер, тәжірибелерді демонстрациялау сондайақ бейнелеу көрнекілік құралдарды (кино, таблица, схема). Көрнекілік әдістің ең жақын түрлерін құрайды.
Практикалық жұмыста оқушылар объектілерді тану, анықтау, дербес жүргізілетін тәжірибелерді байқау, эксперимент қою сияқты мұғалімнің қойған тапсырмаларын орындау практикалық әдістің әртүрлі жақын түрлері.
Барлық әдістерде де оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруды көздейді. Мәселен, көрнекілік әдісте өткен тәжірибені демонстрациялау, ал практикалықта олар жүргізетін тәжірибелердің варианттары ұсынылады, жұмыстың нәтижелері қарастырылады. Барлық әдістерде кітаппен жұмыс жасалады.
Мұғалімнің биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудегі әдістері өзгермейтін, статистикалық емес. Оқу материалының мазмұнына оқушының жас ерекшелігіне сәйкес бір әдістің өзіне оның түрлері әртүрлі дәрежеде күрделенеді.
В.Ф. Шаталовтың ұсынған әдістемелік үрдісінде тірек-сызба белгілерін биология сабақтарында қолдану мектеп мұғ алімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр. Бұл оқытудың көрнекілік принципін қолдану болып есептеледі. Тірек-сызба белгілерде сабақтың мазмұны түйінді, жинақы беріледі.
Тірек - сызбаның оқушыға тиімділігі мынада:
1. Оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі.
2. Оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді.
3. Тандап алған танымдық - білімдік үсініктерді бір - бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;
4. Оқулықпен және басқа материалдармен жұмыс жасауға дағдыланады;
5. Өзіндік деңгейін біледі және өзін - өзі бағалауды үйренеді.
Тірек - сызба белгілерді жаңа сабақты түсіндіруге, қорытуға, қайталауға пайдалануға болады.
Сонымен тірек - сызба белгілерін өсімдіктер дүниесінен бастап, жануарлар дүниеснің құрылысын қалыптастыру мақсатында жалғастыру жөн.
Жануарлар дүниесінің өзіне тән ерекшеліктерін қалыптастыруға тірек - сызба белгілердің мәні зор.
Көрнекілік әдісте де оқушылар білім алуында көрнекілікті құралдарды пайдалану біртіндеп күрделенеді. Мұғалім әдістерді пайдаланғанда, оқушының ойын дамыту және қандай қорытындыға келетінін алдынала білуге тиіс, бирақ қандай нәтиже шығатынын сездірмеу керек.
Зертханалық және практикалық сабақтардағы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - оқушылардың білімін өзінше өмірге пайдалана білуге жеткізу. Мектепті бітіргенде қушыо өз бетінше ойлауға, өз бетінше практикалық жұмысқа дайын болуы керек. Кезкелген жаратылыстану курсында бір сабақтың өзінде, сабақтың мазмұнының бөліктеріне қарай бірнеше әдістерді пайдалануға болады.
Биология әніненп зерт ханалық және практикалық сабақты өткізуде пайдаланылатын көрнекіліктің мынандай түрлері бар:
1. Табиғи (натуралды) көрнекілік (табиғат объектісі тірі және препарат түріндегі тұлыптар, кеппе шөптер, ылғалды препараттар) келеді.
2. Бейнелеу түріндегі (таблица, схема, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz